id
int64 1
25.9k
| content
stringlengths 88
24.4k
| category
stringclasses 1
value | language
stringclasses 1
value |
|---|---|---|---|
25,301
|
Студенттік спортты дамыту және студенттік спорт командаларын дайындау үшін табысты жағдайларды қалыптастыру спорттың әр түрі бойынша кәсіби құрамаларды күшейтуге ықпал етеді. Қазіргі кезеңде қазақстанда спорт саласындағы саясат көп жағдайда бұқаралық, соның ішінде жастар спорты саласына бағытталған. Бұл, ең алдымен, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру арқылы ұлтты сауықтыру мақсаттарымен және дене шынықтырумен айналысумен, осылайша, зиянды әдеттерден бас тартумен байланысты. Осы бағыттағы жұмыстардың жандануына тестілері лайықты үлесін қосуда. ЖОО білім алушылардың бойында күшті, төзімділікті, жылдамдық пен ептілікті көрсететін дене шынықтыру жаттығуларының түрлері белгіледі және оған басшылық жасау мен бақылауды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдарға жүктеді [2]. Алайда, республикалық және халықаралық жарыстарда лайықты нәтиже көрсете алатын жоғары дәрежелі спортшылар қатарына жататын студенттік спорт клубтарын дамытуға үлкен көңіл бөліп, ұлттық құрамаға резервке айналуға жақындату қажеттігін атап өту керек. Бұл тек кәсіби спорттық дайындығы бар жоғары оқу орындарына ғана қатысты емес. Жоғары жетістіктер спортын қолдау студенттер арасында Универсиада, Әлем және Еуропа чемпионаттары сияқты ірі халықаралық жарыстарды өткізу, сондай-ақ студенттер өкілдерінің Олимпиада ойындарына, Әлем және Еуропа чемпионаттарына қатысуымен даусыз байланысты. Бұқаралық спортпен қатар жоғары жетістіктер спорты немесе үлкен спорт бар. Үлкен спорттың мақсаты жаппай мақсатқа сай. Бұл ең ірі спорттық жарыстарда мүмкін болатын спорттық нәтижелерге немесе жеңістерге қол жеткізу. Студенттік спорт клубына келіп, жас спортшы-студент жаңа әлеуметтік салаға түседі: жаңа ұжым - жаңа жаттықтырушылар - әлеуметтендірудің жаңа агенттері, тәрбие мен білім беруге, мәдени нормалар мен мінез-құлық үлгілеріне жауапты нақты адамдар, жаңа әлеуметтік рөлді тиімді игеруді қамтамасыз етеді [3]. Университет жанындағы спорт клубында әлеуметтендіру жедел қарқынмен өтуі мүмкін, өйткені оқу орнында оқу мерзімі шектеулі. Спортшының әлеуметтік сатысын спорттық қызметке қосу арқылы жіктеуді оның спорттық мансабын қалыптастыру кезеңдерімен байланыстыруға болады. Егер бұл қағиданы қабылдасақ, әлеуметтендірудің келесі сатыларын атап көрсетуге болады; ә) мамандандырылған оқу-жаттығу топтарында және спорттық жетілдіру топтарында сабақтар; в) спорттық мансапты аяқтау және басқа мансапқа көшу. Студенттік спорттың әр түрлі аспектілерін қозғай отырып, мәдени немесе әлеуметтік болсын, тарихи оқиғалар туралы ұмытуға болмайды, себебі жалпы тарихи фактілер қандай да бір құбылыстың қалыптасуының толық көрінісін жасауға және болашаққа даму бағытын анықтауға көмектеседі. Студенттер спортының тарихы 1905 жылы АҚШ-та студенттер арасында алғашқы халықаралық жарыстар өткен болатын. Халықаралық студенттік спорттың дамуы тұрақты негізде Француз білімінің көрнекті тұлғасы – байланысты. Оның күш-жігерінің арқасында 1919 жылы құрылған Халықаралық студенттер конфедерациясында екі жылдан кейін спорттың бірнеше түрінен бірінші студенттік әлем чемпионатын өткізу туралы шешім қабылданды. 1923 жылы Парижде алғашқы халықаралық университеттік ойындар өтті, бұл ойындарды болашақ Универсиаданың бастамасы деп атауға болады. Бір жылдан кейін Варшавада бірінші студенттік әлем чемпионаты өтті, онда еуропалықтардан басқа ешкім қатыспады және оған тек жеңіл атлетика түрлері кірді. Бұл турнир университет спортының тарихында елеулі кезең болды [4]. Бір жылдан кейін жаңа құрылымы - Халықаралық студенттер конфедерациясы (ХСК) ұйымдастырылды. ХСК-ның 1939 жылға дейін қызмет еткен кезеңде оқушылар арасында тағы сегіз жарыс өткізілді. Барлық жарыстар Еуропа аумағында өткізілді. Батыс және Шығыс елдер блогы, ҰОС-тан кейінгі бөлініс, студенттік спорттың дамуына әсер етпей қоймады. 1947 жылы Халықаралық студенттер одағы (UIE) құрылды. Бұл ұйым өткізетін жарысқа Батыс елдерінің өкілдері қатысқан жоқ. UIE қолдауымен өткен соңғы ойындар Хельсинкиде 1962 жылы өтті. Халықаралық студенттік спорт федерациясы (FISU), Халықаралық студенттер конфедерациясының құқықтық мұрагері болды. FISU және оның президенті доктор 1947 жылы Парижде ұйымдастырған алғашқы ойындар "университеттік спорт апталығы" болды [5]. Қазіргі уақытта, Халықаралық студенттік спорттық ынтымақтастықтың негізгі үйлестіруші орталығы FISU болып табылады, ол іс жүзінде өздерінің ұлттық спорт ұйымдарының ассоциативті мүшелері болып табылатын жоғары оқу орындары құрған. FISU студенттердің академиялық сабақтарына қосымша жарыс жаттығуларының тәжірибесін дамыту және көтермелеу мақсатында құрылды. Қазіргі уақытта тұрақты отырыстарында, барлық континенттерден ұлттық университет федерацияларын, қауымдастықтарды, одақтар мен комитеттерді біріктіреді. FISU бастамасымен әлем студенттері арасындағы басты Халықаралық спорттық жарыс - Универсиада өткізіледі. Универсиада - кешенді жарыстар болып табылатын дүниежүзілік спорттық студенттік ойындар. – бұл планетаның басты спорттық жастар форумы. Бүгінгі таңда өткізу құқығына ие болу өте құрметті, ол тек спорттық оқиға болудан қалды. осының бәрі осы іс-шара өткізілетін аймақта тұратын қоғам өмірінің барлық жақтарында оң ілгерілеулер үшін Универсиаданың зор маңызы бар екенін көрсетеді. Сондай-ақ, спорттық жарыстардың барлық процесін ұйымдастыру аясында әлеуметтік тәжірибені жинақтау фактісі маңызды: оқиғаны өткізуден бастап оған спорттық команданың да, жанкүйерлердің да қатысуы [6]. XХVIII Дүниежүзілік қысқы өтуіеліміздегі студенттік спортқа аса назар аударуда үлкен рөл атқарды. Аталған әлемдік додада өз спортшы студенттеріміздің табыстары да аз болмады. Универсиадада жүлделі орындарға ие болып, еліміздің студенттік спортын насихаттауға лайықты үлестерін қосқан жеңімпаздарымызды біз мақтанышпен айта аламыз. Олар: командалық сындаалтын медальді жеңіп алған фристайл акробатика шеберлері мен ; шаңғыдан 5 шақырымдық «классикалық стильде» үшінші орынды иеленген ; фристайл (акробатика) сайысының күміс жүлдегері және қола медаль . Универсиада-2017-де екі дүркін жеңімпазы атанған (параллельді және жеке могул бойынша) Қазақстандық фристайлшы еңбегін ерекше атап өтуге лайық. қаласында өткізілген ХХІХ Дүние¬жүзілік жазғы универсиада ойындарында дзюдо күрес түрінен алтын жүлдені иеленсе, күміс жүлдені келесі спот түрлерінен: спорттық гимнастикадан - және ; жеңіл атлетикадан ; таэквондодан ; стендтік атудан - иеленсе, сондай-ақ спорттың осы түрінен қоланы иеленді.
|
TEXT
|
kaz
|
25,302
|
Студенттік ортаның өз ерекшелігі бар. Еліміздегі қазіргі заманғы студенттік спорт жағдайының барлық қырларын анықтау және бар мәселелерді шешудің мүмкін жолдарын анықтау үшін зерттеу жүргізілді. Студенттер спортының мәселелерін зерттеу үшін сапалы сипаттағы әдіс, атап айтқанда терең сұхбат таңдап алынды. Бұл әдістеме құзыретті адамдар арасында студенттік спорт мәселелеріне нақты қатысты ерекшеліктерін анықтауға, студенттік спортты дамыту мәселесінде жеке тәжірибелік пікірді анықтау кезінде ой ағымын қадағалауға, студенттік спорт командаларымен жұмыс істеу механизмдерін кеңінен анықтауға, сондай-ақ келешекте студенттік спорт қоғамдастығының қызметін табысты іске асыруды ұйымдастыруды анықтауға мүмкіндік береді. Студенттермен спорт мәселелері бойынша сарапшылармен бірқатар сұхбат жүргізілді. Сұхбат бірнеше бағытты қамтитын, алдын ала әзірленге жоспар бойынша жасалды. Респонденттер саны, студенттік спорт командаларының жоғары дәрежелі жаттықтырушылары, сондай-ақ республикалықжәне халықаралық деңгейде жақсы нәтижелерге қол жеткізген жоғары дәрежелі спортшылардан тұратын, 11 адамды құрады. Олардың арасында, мысалы, XХVIII ойындарының жүлдегері: шорт-трекспортынан,қолажүлдегері ( ); каратэден Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы ( ); тоғызқұмалақ спорт түрінен спорт шебері Азия чемпионы ( ); шорт-тректен ерлер құрамасы қатарында (эстафета 5000м) қоланы иеленген (Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті) және т.б. жоғары дәрежелі спортшылар мен жаттықтырушылар болды. Сұхбат жеке әңгімелесу, сондай-ақ интернет желісін пайдалану арқылы онлайн түрінде өткізілді. Жеке сұхбаттар Көкшетау облысы, Бурабай демалыс аймағында да жүргізілді, өйткені дәл осы кезеңде онда оқу-жаттығу жиындары мен жарысқа іріктеліп алынған респонденттер болды. Әрбір сұхбат 30-дан 60 минутқа дейін созылды. Бетпе-бет әңгімелесулерді өткізу кезінде жауап жазу қолмен жүргізілді. Зерттеу қатаң түрде берілген сұрақтар бойынша емес, алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізілді. Жұмысты зерттеудің жалпы тақырыбы аясында қызығушылық тудыратын тақырыптардың блоктары жасалды. Респонденттің спортқа келуі туралы жалпы блок, спорттық команданы жинау және ұйымдастыруға қатысты сұрақтарды қамтитын блок, спортшыларды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуге арналған блок, әдістемелерді пайдалану және жаттығу процесін ұйымдастыру блогы,жастар арасында спорттың танымалдығы туралы, сондай-ақ респондентке студенттік спорт командаларымен жұмысты жақсарту жолдары туралы көзқарасты өзі ашуды ұсынатын блок. Сұхбат барысында ілеспе сұрақтар жиі туындады,өйткені әңгіме жүргізудің шағын жоспары ғана белгіленген еді. Бірінші блоктыңсұрақтарыжалпы спортқа келу тарихына, соның ішінде студенттер қатарына түсу, спорттық мансаптың дамуы мен жетістіктеріне, өзінің спорт түріне деген қарым-қатынасына және жалпы спорттық командалармен жұмыс істеуге қатысты болды. Екінші блок мәселелерінің бағыттары команда жинауына қатысты, атап айтқанда жастар арасында талантты спортшыларды қалай іздеу, топтың бастапқы саны, кейін топта қалғандардың және жоғары нәтижелерге қол жеткізгендердің пайызы, спортшылардың сабаққа ынтасы, ұжым болып жұмыс жасау. Үшінші блок - материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету. Мұнда спорт түрімен айналысуға және жарыс қызметін, тиісті дайындықты, сондай-ақ медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру қаншалықты қымбат екендігі, қаржыландыру көздері, демеушілік бағдарламалары туралы сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, спортшы-студенттердің жалақысы мен әр түрлі сыйақы төлемдерін алу туралы, яғни студенттік спорт ұжымдарында спорттық қызметті кәсібилендіру туралы пікірді білу қызықты болды. Келесі блок жоғары нәтижелерге қол жеткізу жолдарына қатысты болды. Әдістеме бойынша дайындық бағыттары анықталды: қалай дұрыс қолдану, қаншалықты жиі жаңарту керек. Сондай-ақ, негізгі спорттық командаға, іріктеу өлшемдеріне, басшылықтың қазіргі стиліне және оның қаншалықты тиімділігін талдау жүйесі назардан тыс қалған жоқ. Студенттер арасында спорттың танымалдығы және біздің елімізде студенттер спортының беделі туралы сұрақтарға жауап беру, студенттік спорт – әуесқой немесе кәсіби болуы тиіс деген пікір қызықтырды. Қорытынды блок-студенттік спорттың жағдайын жақсарту жолдары, жоғары дәрежелі студенттік спорт командаларын дайындау процесін оңтайландыру бойынша ұсыныстар. Сұхбатты толық өткізгеннен кейін материалды өңдеу, атап айтқанда нәтижелерді түпкілікті талдау және топтау жүргізілді. Материал қойылған сұрақтардың және алынған жауаптардың ретімен баспа құжатына сәйкестендірілді. Одан кейін әр респонденттің блоктар бойынша жауаптарының салыстырмалы нәтижелері талданды, сондай-ақ сұхбат арқылы сипатталған қазіргі ұйымдық құрылым мен олардың жарыстарда нәтижелері арасындағы себеп-салдарлық байланыс жасалды. Студенттік спорт командаларын дайындаудың табыстылығы ұйымның көптеген факторлары мен шарттарына байланысты. Жалпы, әр түрлі қалалар мен университеттерде бір қарағанда айырмашылығы жоқ бірқатар факторлар бар. Алайда, бұл ұқсастықтар спорт нәтижесіне әсер етуі мүмкін өздерінің өзгешеліктері бар. Дайындықтың белгілі бір аспектілерін сұхбат сұрақтарына жауап берушілердің жауаптарынан көруге болады. Респоденттердің көпшілігі мектеп жасынан бастап спортқа келген, балалар жасөспірімдер спорт мектептері (БЖСМ) және олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептері (ОРМБЖМ) базасында дайындықтан өткен, осы уақытқа дейін оқушылар немесе осындай спорт ұйымдарының өзге де өкілдері болып табылады. Бұл қазіргі университеттік спорт мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт ұйымдарымен ынтымақтастығысыз табысты дами алмайтынын көрсетеді. Бірігу және тараптардың тығыз ынтымақтастығы неғұрлым табысты команда құруға көмектеседі. Респонденттердің жауаптарына сүйене отырып, толықтырудың және жинақтаудың екі бағыты бар: алдыңғы спорт ұйымдарының базасында спортшылардыкүшейтілген дайындықпен оқуға және ЖОО-на түсуге қызығушылығы (оның ішінде оқуға түсуге көмек көрсету) және онда өз бетінше келіп түскен студенттер арасынан (бұрын алғашқы даярлықпен немесе жақсы дене дайындығы және физикалық деректері бар талантты жас спортшыларды іріктеу арқылы)команда құру. Екі жағдайда да спортшылардың жоғары спорттық нәтижелерін көруге болады. Бірақ пайыз бірінші бағыт өкілдерде жоғары. Университеттердегі команда жинағын ұйымдастыруға қарамастан жоғары нәтижелер алуға болады деген қорытынды жасауға болады, алайда ынталандыру және команданы басқару әдістері көбінесе жоғары тиімділікке жету үшін ерекшеленетін болады. Спорт командаларын қаржыландыру жүйесі арасында айырмашылық жоқ. Барлық жағдайда университеттен көмек студенттік спортты дамытуға жұмсалады, бірақ көп жағдайда бұл университетке тиесілі нысандарды ұстауға шығыназ, көбісі жаттықтырушылардың еңбекақысына қатысты. Спортта жоғары жетістіктері болғанымен, қаржы көлемі көбінесе команданы қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Студенттік спорт командаларының қызметін қамтамасыз ету көп жағдайда облыстық бюджеттің қаржы көзі мекемелері (мысалы, Дене шынықтыру және спорт жөніндегі департаменттер), мамандандырылған спорттық дайындық орталықтары, спортшылар үшін жоғары спорттық шеберлік мектептері елеулі нәтижелерге қол жеткізген. Алайда, шығын топтардың басым бөлігін университет басшылығы өзі қаржыландыратын командалар бар. Демеушілердің көмегі спорт командасының мұқтаждықтарына арналған шығындарды арттыру жолдарының бірі ретінде пайдаланылады, бірақ көп жағдайда оған қол жеткізу мүмкін емес. «Қаражат болу үшін, нәтиже қажет» деген сөз тіркесін жиі естуге болады. Алайда, нәтиже үшін де қомақты қаражат қажет екендігі анық, бұл шексіз шеңбер және қаржыландырудың нәтижегежәне нәтиженің қаржыландыруға тәуелділігі туралы белгілі бір қорытынды жасауға мәжбүр етеді. Сұхбат барысында спорттық клубтардың өздерімен спорт бөлмелерін жалға беру немесе ақылы қызмет көрсету арқылы қаражат табу мүмкіндігі туралы сұрақ қойылды. Іс жүзінде, барлық жағдайларда мұндай жоспарларды іске асыруды құқықтық реттеудің күрделілігіне байланысты бұл мүмкін болмай отыр. Айта кетерлігі, кейбір ЖОО-да спортшылар мен жаттықтырушылардың жаттығуы үшін материалдық-техникалық базасы жоқ. Спорт нысандарын сол балалар мен жасөспірімдер спорт ұйымдарыменжиі бөлісуге тура келеді. Әр түрлі ЖОО-да белсенді спорт қызметі үшін бонустар алуға келетін болсақ, әдетте, бұл стипендияға үстеме. Медициналық қамтамасыз етуді төлеуге келетін болсақ, мұнда барлық ЖОО-да бірдей жағдай бар: жеке қолдау жоқ, алайда шығыстардың қосымша бабын өтіп жатқан сметаларға немесе бюджеттерге енгізу мүмкіндігі бар. Жалпы, респонденттер команданы медициналық қамтамасыз ету туралы сұрақтарға тез жауап беріп, аз ақпарат берді, бұл осы мәселе бойынша жоғары дәрежелі спорт командаларын ұйымдастырудағы жағдайдың лайықты емес екенін көрсетеді. Осы орайда, студенттік спорт қозғалысын ұйымдастыру мен жетілдіру мәселелеріне «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңында: Дене шынықтыру және спорт ұйымдары халықтың әртүрлі топтары, соның ішінде жастар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, спортшыларға, жаттықтырушыларға және дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға жаттығу жасау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етілетіні туралы (10-бап) нақты атап көрсетілгенін айта кету керек [7]. Сұхбат барысында команданың жаттығу үрдісін ұйымдастыруға әртүрлі көзқарастар анықталды. Атап айтқанда кейбір ЖОО командасында дайындықтардың жаңа компоненттерін аз қамту, КСРО дәуірінен келе жатқан ескі әдістемелерді қолдану, сондай-ақ, ең көп таралған дайындық жүйесімен жүргізу орын алған, кейбір жағдайда ЖОО орталықтандырылған мамандандырылған спорт командасы жоқ. Сондай-ақ командалардың аралас типтері құрылады: бастапқы және одан да терең дайындығы, жаттығу үрдісінде жеке де, бірлескен де дайындығы бар. Команданы басқару стилін таңдағанда бәрі ең қолайлысы ретінде демократиялық стильге тоқталады. «Жаттықтырушы мен спортшы арасында сенім болғаны маңызды». Мұнымен келіспеуге болмайды, себебі спорттық қызметтегі табыс-бұл физикалық және психологиялық жағдайдыңдұрыс болуы арқасында ол өзінің спорттық талантын көрсете алады. Мұндай талантты сыртқа шығару үшін жаттықтырушыға студенттің жеке ерекшеліктерін білу, онымен жұмыс істеу тәсілін табу қажет, бұл белгілі бір өзара оң және сенімді қарым-қатынассыз мүмкін емес. Біздің елімізде спортпен және студенттік спортпен шұғылданудың танымалдығы мен беделділігі туралы мәселелер де тарапымыздан тыс қалмады. Барлық респонденттер өзінің таңдаған спорт түрінің танымалдылығы өсіп келе жатқанын атап өтті. Бұған елімізде спортпен айналысудың үлесін арттыруға бағытталған мемлекет саясаты ықпал етеді. Студенттік спорт командаларын ұйымдастыру және дайындау жағдайлары мен факторларын жақсарту бойынша ұсыныстар студенттік спортты дамыту Жастар спорт ортасында спорттық нәтижелердің «өнеркәсіптік өндірістің» қазіргі тәртібінің кемшіліктерін түзеуге қабілетті. Тиісті инфрақұрылымы бар сауатты қалыптасқан спорттық орта, сондай-ақ дене белсенділігінің белсенді сабақтарына арналған орта базасында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі:
|
TEXT
|
kaz
|
25,303
|
Студенттік спорттың аталған міндеттерді тиімді шешу үшін: а) тиісті материалдық-техникалық және кадрлық базаға ие болуы; ә) икемді сабақ кестесі, тұратын жері мен тамақтанудың сапалы жағдайларын жасау, сондай-ақ спортшы-студенттердің өз бетінше жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы таңдаған мамандыққа оқытумен кәсіби шұғылдануды оңтайландыру; б) оқу жүктемесі ерекшеліктерін ескере отырып, спорт жарыстарының неғұрлым қолайлы күнтізбесін әзірлеу; в) командаларға үздік спортшыларды іріктеу үшін әділдік принципін қалыптастыру, іріктеу мен жылжытудың ашықтығына негіз жасалуы тиіс.. Әрине, жоғары дәрежелі студенттік спорт командаларын дайындаудың табысты жүйесін құру-қысқа мерзімде шешілмейтін іс. Алайда, осы қоғамдық маңызы бар феноменді жаңғырту жағына қарай жылжу үшін бірінші кезектегі шаралар жоспарын белгілеу қажет. Осы ретте ұсынымдық сипатқа ие келесі ережелерді ұсынуға болады: а) білім беру мекемелерінде құрылатын спорт ұйымдарының қызметін қаржылық және салықтық ынталандыруды және дамытуды қажет етеді; ә) ЖОО-ның спорт жүйелерін өзге мамандандырылған спорттық дайындық және спорт бойыншабілім беру мекемелеріменбіріктіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ осы жүйелердің сабақтастығын қамтамасыз ету; б) ЖОО-да студенттік спортты басқарудың оңтайландырылған жүйесін ұйымдастыру; в) ғылыми білім мен әзірлемелерді студенттік спортты технологиялық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесіне қосу, жаттығу процесін сүйемелдеу үшін университет пен оның базасын тарту; г) студенттік жастар арасында қоғамдық спорттық нұсқаушылар жүйесін дамыту; ғ) студенттерді спортпен белсенді айналысуға тарту, осы мақсатта тұрақты негізде жұмыс істейтін спорттық жетістіктер саласында ағарту жөніндегі ақпараттық-насихаттау бағдарламасын қалыптастыру; з) спорт кешендері базасында студенттерге дұрыс тамақтануды ұйымдастыру, медициналық, косметологиялық, спорттық аксессуарлар, киім, атрибутика сияқты ілеспе қызметтер көрсетуді құру. Ұсыныстар өткізілген сұхбат барысында алынған жауаптар, сондай-ақ нәтижелерді салыстырмалы талдау және әр түрлі университеттерде спорт командаларын ұйымдастыру негізінде студенттер спортының талданған мәселелерін ескере отырып жасалғанын атап өту қажет. Қорытынды жоғары дәрежелі студенттік спорт командалары алдағы жылдары елімізде жоғары жетістіктер спорты үшін мықты резерв құруға тамаша негіз бола алады. ЖОО-да білім алушылардың санын ескере отырып, өз тәжірибесін және шет елдердің табысты тәжірибесін назарға ала отырып, студенттік спорт дамудың жаңа, неғұрлым жоғары сатысына көтеруге болады. Алайда, ол үшін студенттік спорт клубтарының жұмыс істеу жағдайлары мен факторларын жақсарту қажет.Студенттік спорт командаларының жұмыс істеуі үшін нормалар мен қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін материалдық-техникалық базаның болуы, даярланған кадрлық базаның болуы, мамандық бойынша бірлескен оқыту жүйесі мен жаттығу процесінің оңтайлы жұмыс істеуі, әртүрлі деңгейдегі дайындықты есере отырып, оңтайлы спорттық күнтізбенің болуы, әділ іріктеу қағидатының басым болуы міндетті болып табылады. Сонымен қатар, болашақта оқу және спортпен айналысуды біріктіруге дайын студенттік спорт клубтарының және жасөспірім жасындағы спортшылармен жұмыс істеу жөніндегі ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау қажет. Бұдан басқа, университеттік спортты дамытуға экономикалық тарап - спорттық ұйымдардың өздерінің де, қолдау көрсететін ұйымдардың да негізгіқаржылық және салықтық ынталандыру көзі болатынын есте сақтау қажет. Тағы бір перспективалы бағыт-оқу процесін сүйемелдеу жүйесіне ЖОО-ның ғылыми базасын тарту болып табылады. Студенттер спортын дамыту бағыты « дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында»: Мемлекет білім беру ұйымдарында оқу мақсатына арналған дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары кешенін, жабдықтардың үлгілік жиынтығын, дене шынықтыру мен спорт саласындағы түрлі бейіндегі мамандарды даярлауға арналған мамандандырылған спорт ғимараттарын және мүкәммалын қамтитын материалдық-техникалық базаны нығайтуға мүдделі, осы салаға мамандар даярлайтын оқу орындарында студенттерді оқыту және жаттықтыру жүзеге асырылатыны туралы (40 бап) жеке жазылған,бұл оның маңыздылығы мен басымдылығын көрсетеді [8]. Халықаралық спорттық жарыстардағы жеңістер-бұл әлеуметтік-экономикалық дамуды, ұлт бірлігін дамытудың элементі, салауатты өмір салтына және өскелең ұрпақ үшін спортпен шұғылдануға бағдар. Студенттердің спорттық жетістіктері олардың жеке жетістіктеріне ғана емес, сонымен қатар жалпы университеттің беделіне үлес қосатын жоғары оқу орнының игіліктеріне де айналуда.
|
TEXT
|
kaz
|
25,304
|
Қазақстан тарихында тарихының зерттелуі тарихи тұрғыда кең ауқымды маңызды мәселелердің бірі болып . Моңғолдар мен түркілердің елдерінің саяси, әлеуметтік және мәдени дамуына қатысты баға беруі ұзақ жылдар бойы тарихи тартысты мәселелердің біріне айналды. Осы тұста тарихын зерттеуде келесі саяси мәселелерге назар аударылды: мемлекеттің құрылымы, басқару жүйесі, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері, құқық негіздері және көрші елдермен саяси-дипломатиялық қарым-қатынастары. Айта кету керек, XIII-XV ғғ. Алтын орданың империя ретіндегі тарихы отандық тарихнамада жан-жақты зерттеліп, жүйеленбеген. Аталған мемлекет жер көлемі бойынша ортағасырлық мемлекеттердің ішінде ірісі болып табылады, оның иеліктері Азияда ғана емес, Еуропаға дейін созылды. әскери-саяси күші алыс және жақын көрші мемлекеттер үшін ұзақ уақыт бойы елеулі геосаяси фактор болып есептелінді. Алайда, осы уақытқа дейін отандық тарихнамада саяси, әлеуметтік, тұрмыстық өмірінің тарихына қатысты түрлі қарама-қайшы пікірлер орын алып келді. ХІІІ-ХV ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер туралы тұжырымдар отандық тарихнамада ерекше көңіл аударылған мәселе еді. Соңғы жылдардағы «» тарихы бойынша зерттеулер бірнеше топқа бөлінеді, сондай-ақ, олар зерттеу тақырыбы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Мәселен, біріншісі – тарихы мен археологиясының жалпы мәселелеріне арналған еңбектер. Екінші – терминологиясына арналған ғылыми жұмыстар. Үшінші топ – Қазақ хандығының тарихымен байланысын көрсетін еңбектер. Бұл аталмыш тарихи үдерістің тарихы мен деректерінің көбейіп және зерттеу ауқымдылығының кеңейіп, Отан тарихы үшін маңыздылығы артып, күннен-күнге өзекті болып келе жатқанын білдіреді. Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты – қазіргі отандық тарихнамада қалыптасып келе жатқан тарихнамасына талдап, объективті баға беру.
|
TEXT
|
kaz
|
25,305
|
Мақала жазу барысында салыстырмалытарихи, хронологиялық тәсілдері қолданылды. Бірінші, салыстырмалытарихилық саралау қарастырылып отырған мәселені отандық тарихнамадағы ерекшелікті анықтауға, зерттеу заңдылықтарын саралауға, пікір өрісінің кеңеюіне мүмкіндік береді. Аталған методологиялық тәсіл мақаланың маңыздылығын, қарастырылған еңбектердің мазмұнының жазылу ерекшелігін барынша дұрыс талдауға мүмкіндік береді. Екінші, хронологиялық тәсілді пайдалану арқылы тарихын зерттеуде кезеңдік тарихнамалық білімді терең жинақтауға мүмкіндік туғызады. Тарихи дәуірдің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жаңсақ тұжырымдардан алшақ болуға жол ашады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,306
|
Отандық тарихнамада тарихы туралы зерттелген көптеген еңбектер бар. Осы жылдарда тақырыпқа байланысты жаңа еңбектер де көптеп жарық көре бастады. Тәуелсіздік кезеңіндегі тарихнамасын екі кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең, 1990-2000 жылдар аралығында тарихнама. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Отан тарихының басқа өзекті мәселелерімен бірге тарихына деген көзқарасты өзгертуге талпыныс жасалды. Алғашқы тарихшылар легі тақырыпқа байланысты ғылыми мақалалар мен еңбектерді жариялай бастады. Сол кездегі еңбек шығарған алғашқы тарихшылардың бірі, белгілі шығыстанушы болды. Оның «Переход власти к племенным биям и неизвестной династии Тукатимуридов в Казахских степях в XIV в. (к проблеме восточных письменных источников, степной устной историографии и предыстории Казахского ханства)» [1] еңбегінің жариялануы осы тақырып бойынша отандық тарихнамаға зор серпін берді. Осы жылдарда тарихшы «Тимур в : план и направление похода 1389 г.»[2] атты еңбегі жарияланды. 1997 жылы «Казахстан и : политические, международные и культурные связи (XV-XVII вв.)» тақырыбында докторлық қорғады [3]. Әбусеиітова осы тақырыпты жалғастырып, ғылыми жұмысын «Письменные источники по истории и культуре Казахстана и в ХІІІ - ХVІІІ вв» [4] монография етіп шығарды. Ең үлкен еңбек ретінде Тарих және этнология институтының шығарған жаңа академиялық 5 томдық «Қазақстан тарихы» жинағын айтуға болады. Кітаптың 2 томында тарихына арналған бөлімінде құрастырушылар бұрынғы кеңестік зерттеушілердің еңбектеріне көптеп сілтеме берілгені байқалады. Бұл дегеніміз, моңғол шапқыншылығының өлкенің әлеуметтіксаяси, этникалық дамуына теріс әсер етті деген кеңестік идеологиядағы тұжырымдардың көптігіне назар аударған жөн. Айтып өтуіміз керек, бірінші кезеңде жарияланған отандық зерттеушілердің еңбектерінде кеңестік тұжырымдамадан алшақтау аз болғаны байқалады. Мәселен, «Қазақ хандығы ұлысының географиялық, әулеттік жағынан мұрагері болып есептеледі. Қазақтардың өздері көшпелі өзбектерден шыққан» деген пікірлер орын алды. Екінші кезең, 2000-2020 жылдар. тарихына көзқарас өзгере бастады, халықтың ерекше қолдауымен және ғалымдардың жаңа тұжырымдарды ұсынуына байланысты тақырып мемлекеттік дәрежеге көтеріле алды. Мәселен, 2014 жылы 25 тамыз айында төрінде берген сұхбатынан кейін тарихының мәселесі назарға ілікті. Соған орай, зерттеушілердің қатары көбейді. Оның ішінде отандық көрнекті тарихшылар , , , , , бар [5]. Бұл кезде, жарияланған зерттеушілердің еңбектері белгілі идеологиядан тәуелсіз болуға тырысты, дерек қорларының көбейді, жан-жақты және объективті баға беруге ұмтылғаны көрінеді. Қазіргі уақытта отандық тарихшылар Қазақ хандығының сабақтастығы туралы тезисті еңбектерінде келесідей негіздеді:1) географиялық тұрғыдан алғанда аумағының 40% - дан астамы, және жартысы территориялық тұрғыдан қазіргі Қазақстанның аумағына кіреді; 2) этникалық ру-тайпалық тізімдегі кірген 92 тайпадан 20-сы қазақтар құрамында өмір сүрді, қалғандары бұрынғы басқа түркі халықтарының құрамында болды. Осылайша, Қазақстан тарихи, географиялық тұрғыдан да мұрагері болып есептеуге болады деп көзқарас орын ала бастады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,307
|
өткен тарихтың белгісі ғана емес, сонымен қатар отан тарихнамада алатын орны ерекше. Жоғарыда қарастырылған отандық тарихнамаға талдау жасай келе, – орталықталынған мемлекет болып табылады деген тұжырымға келеміз. 2019 жылы деген атпен белгілі ортағасырлық мемлекет туралы зерттеулер ғылыми ортада басты тақырыпқа айналды. Себебі, 2019 жылы құрылғанына 750 жылдық мерейтой жоспарлануымен отандық тарихнамада үлкен талқылаулар болды. Әлбетте, Еуразияның көптеген халықтары үшін мен оның саяси мұрагерлері тарихта белгілі бір орынға ие болды. Тарихи деректерге сүйенсек, билік етуші қазақ хандары ұрпақтары болып есептелінді, оның сол қанаты Сырдария бойындағы Сығанақ орталығы болды, қазақтардың арғы тегі сол мемлекеттің әскери билік қызметін атқарды. Шыңдығына келгенде, қазақ тарихы тікелей тарихымен байланысты болып келеді. Сол себепті отандық зерттеушілер осы тақырып айналасуы өте орынды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Жошы империясы тарихын зерттеуде бірегей тұжырымдамалық парадигма жоқ. Егер кезінде біз бірегей «тарихты материалдық түсінік» негізінде қарастырсақ, қазір жаңа теориялық идеялар мен принциптердің вакуумы пайда болды. Жалпы, қазіргі отандық тарихнамада зерттеу нысаны өркениетті – мәдени бағытқа негізделеді, себебі, тарихында мәдениетті зерттеу байланыстырушы тақырыптың бірі болып есептелінеді. тарихы әрдайым тарих мамандарының, біздің елімізде, шет елде де қоғам назарындағы тақырыптардың бірі болып табылады. символикалық ата-бабасы ретінде таңдау Қазақстандағы халықтың түрлі топтары үшін тиімді. Қазақстан қоғамының ұлттық-патриоттық бөлігі ретінде ұлттық мақтаныштың нақты негізіне айналады. Бұл ретте Қазақстанның ортағасырлық тарихының ұсынылып отырған « (Жошы ұлысының) мұрагері» деген жаңа тұжырымдамасы теңдессіз бұрын болған парадигмасынан гөрі ғылыми дәрежесі жоғары. Болашақта, отандық зерттеушілердің тарапынан бұл жұмыс әлі де жалғасын табады деген үміттеміз.
|
TEXT
|
kaz
|
25,308
|
Аннотация**. Тараз қаласы өзіндік ерекшілігі бар ежелгі қалалардың бірі. Сан ғасырларға толы тарихтың сырын бойына жиып жатқан осы . Сол деректерде қаланың атауы «Тараз», «Талас», «Банки», «Ианги» немесе «Ианки» деп кездеседі. Бұл . Бұл жерде б.э. I ғасырында көшпенді халықтар өмір сүрген. Әйгілі ғалым зерттеуіне сүйенсек, Тараздың іргесі б.э.д. қаланған екен. Сырдария мен Талас өзендерінің маңында б.э.д. I ғасырда 600 000-нан астам қаңлы тайпасы қоныстанған. үйсіндермен жауласып, нәтижесінде ғұндармен бірігіп одақ құрған. Бұл оқиғаға белгілі ғалым «.жылдағы Таластағы соғыс» дерегі дәлел болады. Чжи- бойында қалып, ұлы кент құрады. Екі жыл бойы соғылған . Дуалы екі қабаттан тұрды. Оның сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған.
|
TEXT
|
kaz
|
25,309
|
Соңғы 50 жылда Арал теңiзiнiң су массасының көлемi 14 еседен астамға азайды. Бiр кездерi өзiнiң биоалуантүрлiлiгiмен танымал Арал маңында осы жерде өсетiн өсiмдiктер саны айтарлықтай төмендедi. Бұл жұмыс Landsat-5/8 серiгiнiң Жердi қашықтықтан зондтау деректерiне негiзделген Арал теңiзi аймағында өсiмдiктердiң өзгеруiн зерттеуге арналған. Зерттеу барысында өсiмдiктер 2011 және 2017 жылдарға арналған орташа рұқсат етiлген суреттер негiзiнде бақыланды. Оның нәтижесiнде Арал теңiзiнiң кейбiр аймақтарында өсiмдiктердiң ауданның ұлғаюы байқалды. Түйiн сөздер: қашықтықтан зондтау, өсiмдiк индексi, қалыпты салыстырмалы өсiмдiктер индексi, спектральды арналар, фитосалмақ, AQUA серiгiнен алынған деректер
|
TEXT
|
kaz
|
25,310
|
Зерттеу жұмысының нәтижелері көрсеткендей, «Хабар» аудиториясының медиаталғамына, ақпаратқа қолжетімдік және қоғамдық көзқарастарына қатысты бұқаралық ақпарат көздерін пайдалану рейтингісі және сенімділік деңгейі анықталатынын дәлелдеді. Зерттеу жұмысының нәтижелері БАҚ аудиториясын және әлеуметтік журналистика мәселелерін зерттеуде практикалық маңызды.
|
TEXT
|
kaz
|
25,311
|
Цифрлық трансформацияның медиа нарыққа енуі телеарналар мен телекоммуникация арасында бәсекелестікті күшейтіп, жаңа үндеулер әкелді. Цифрлық трансформация деңгейі мен даму ырғағы технологияның жылдамдығына тікелей тәуелді. Осынау ауқымды міндеттерден ақпараттық ағынды тасымалдаудың цифрлық арналарына үлкен міндеттерді жүктеді. Ақпараттық алмасуды ұйымдастыру әдістері жаңа медианың нарыққа енуіне батыл басымдық берді. Қазақстан цифрлық өзгерістерді батыл қабылдаған мемлекет ретінде танылады. «» мемлекеттік бағдарламасы медиа мен экономиканың, ақпараттық-коммуникациялық технологияның кеңінен қолданысына ықпал етті [2, 7 б.]. 2019 жылы 15 қаңтардағы дерек бойынша, Қазақстанда 3328 БАҚ тіркелген. Соның 2790 баспасөз, 128 – телеарналар, 70 – радио, 340–ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдар. Нарықта үлесіне қарай дәстүрлі баспасөз: 2790 газет, 990 журналға тиесілі (83,8%). БАҚ тізімдемесінде 225 шетелдік телеарна және радиостансалаыр тіркелген [3]. Қазақстандағы телеарналардың цифрлық трансформациясын жылдамдату өткір мәселе. Әлемдік нарықтағы көшбасшы медиамагнаттардың басты даму жолы – осы. Цифрлық қоғам төртінші өнеркәісіпті революцияға қадам басты. 2017 жылы жер шары тұрғындарының 50%-ы толықтай жылдам Интернетке қосылуы дамудың нақты шегін анықтап берді [4]. Бизнес және экономикалық зерттеулер McKinsey Global (MGI) Institute компаниясы зерттеулерінде, цифрлық мүмкіндіктері жоғары медиакомпаниялар жасанды интеллект әлеуетін қолдануға көшкен [5, 21 б.]. Қазақстандағы көптеген медиакомпаниялар digital transformation процесіне батыл көшті. «» бағдарламасының орындалуы нәтижесінде елдің рейтингте біршама саты жоғарылауына серпін берді. Ақпараттық және технологиялық дүмпу қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық саласын қамтыды. Ақпараттық қоғамда мықты медиақпараттық орта, ақпараттық ағындардың тасымалын қалыптастырушы жергілікті топтар қалыптаса бастады. Бұл стратификация, әсіресе, түрлі сипаттағы медиаталғамы артқан әлеуметтік ортада ерекше байқалды. Цифрлық медиа трансформацияның адамның күнделікті өміріне ықпалы артты. «Сандық бұлақ», «Сандық кеніш» бағдарламаларының бенефициарлары барша қазақстандықтарға таныс. алғашқы заманауи ірі медиа индустрия – «Хабар» агенттінің фокусында тұрғындардың медиаталғамы мен медиа белсендігін зерттеу өзекті.
|
TEXT
|
kaz
|
25,312
|
Цифрлық медиа мен коммуникацияға қатысты көптеген іргелі жұмыстар жаңа ойлау стилі мен медиа дамуының жаңа моделіне негізделген цифрлық трансформация мәселелерін ұсынды. еңбектерінде медианың бизнес моделі ұсынылды. Автордың пайымдауынша, цифрлық медиа дәстүрлі медиаға қарағанда бәсекеге қабілеттігі жоғары. Сондықтан цифрлық медиа дәстүрлі медиа нарықты жоймастан, керісінше оны жетілдіруде [7, 63 б.]. Массачусетс технология институты Ақпараттық технологиялар орталығы Менеджмент мектебінің ғалымдары , «Цифрландыру медиа тұтынушыларының экожүйесін қалыптастырады» деген тұжырым жасайды [8, 211 б.]. Ақпарат тұтынушылардың цифрлық өлшемі туралы ресейлік ғалымдар , еңбектерінде атап өтеді [9, 13 б.]. Медианың жасанды интеллектісі мен архитектурасы туралы зерттеулерінде аудиторияны зерттеу мен басқару мүмкіндіктері аталады [10, 3 б.]. пен медиаландшафт туралы зерттеулерін атауға болады. Авторлар цифрлық оқу мен қабылдаудың әлеуметтік салдарын талдайды [11, 9 б.]. Қазақстандық ғалымдардың іргелі еңбектерінің қатарында осыдан отыз жыл бұрын телевизияның онлайн-журналистикамен қатар дамуы туралы гипотезасы медиашынайылыққа айналды. Бүгінгі көрерменнің медиаталғамын дөп басқан еңбектердің зерттеушісі [12, 16 б.]. Зерттеу нәтижелерінің талқылануы. Қазақстандық телеарналардың, атап айтқанда, «Хабар» агенттігі арналарының сегментациясы – тұтыну стилі мен талғамының ерекшеліктері анықталды. Қазақстанның барлық өңірлері телеарналарға қосылу мүкіндігіне қарай екіге бөлінді: бірінші топта – ауылдық өңірлердегі телевизияға қолжетімді тұрғындар; екінші – урбанизациялық дамуы жоғары облыстар мен қалалар. Телекөрермендердің апталық белсендігі тең түсті. Агенттіктің 4 арнаға бағытталған жаңалықтар үлесі – контентті пайдалануы жоғары. Агенттіктің үлесі отандық арналардың жалпы жаңалықтар көрсетілімінің бестен бір бөлігін қамтиды. Тұрғындардың медиа талғамы «Хабар» арнасының бағдарламаларын (өзіндік өнімдерін) көреді. Көрермендер ақпараттық және спорт сипатындағы контентке басымдық береді. Медитатұтыну үлесіне қарай «Хабар» арнасының (аутсорсингте өндірілген) бағдарламаларын көреді.
|
TEXT
|
kaz
|
25,313
|
Қазақстан бойынша зерттеу аудиториясының портреті 1-суретте сипатталған. Таңдау квотасы 2234 респондентті қамтыған әлеуметтік зерттеулерге қатысқан азаматтардың жас ерекшеліктері: 18-24 – 13%, 25-34 – 46,4%, 35-44 - 23%, 45-54 – 10,4%, 55+ жоғары – 7,2% құрады. Қала тұрғындарының үлесі – 54,5%, – 45,5%. Тұрғындардың телевизия көру жиілігі: күн сайын – 54,2%, аптасына 1 реттен жиі – 24,7%, аптасына 1 рет сирек – 21,2% үлеске ие. Яғни, азматтардың телевизия көруінің апталық жилігі тең түсіп отыр. Әлеуметтік демография жағынан 34-24 жастағы тұрғындар белсенді медиа аудиторияны құрап отыр. Зерттеу міндеттерінің бірі – арналар бойынша жаңалықтардың танымалдылығын анықтау болды. № 2 суретте көрсетілгендей, төрт арнаға бағытталған барлық жаңалықтар контентін пайдаланудың көрсеткіштері мынадай. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 75%-ын қамтыды. Бұл агенттік үлесіндегі (Хабар, Хабар 24, Kazkah TV) отандық арналардың жалпы жаңалықтар көрсетілімінің бестен бір бөлігін қамтиды. Сонымен қатар, ауқымдылығы жағынан елдегі барлық өңірлерді жаңалықтармен қамтудың басымдықпен 3/4 үлесін құрады (2-сурет). Арналар бойынша жаңалықтардың танымалдылық үлесі мынадай: КТК – 24,4%; ПКЕ – 20,7%; 31 арна – 16 %; Хабар – 10,8 %,; Qazaqstan – 6,9%; Хабар 24 – 4,9%; Astana TV – 4,7%; Kazakh TV – 4 %. Әлеуметтік зерттеулер фокусында «Хабар» арнасындағы жаңалықтардың телекөрмермендер арасындағы медиатұтынуы мен медиаталғамын анықтауға арналды (3-сурет). «Хабар» арнасы бағдарламаларының аудиториясынан мынадай картина сараптауға болады: Көрмеймін – 42,6 %; Жаңалықтар – 24,9%; Спорт – 14,9%; «Халықтық бақылау» – 9,1%; «Давайте говорить» –4%; «Таңғы хабар» – 2,5 % ; «Білу маңызды» – 1,5% ; «Онлайн» – 0,6%. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, 10 респонденттің 6-ы «Хабар» арнасының бағдарламаларын (өзіндік өнімдерін) көреді. Көрермендер ақпараттық және спорт сипатындағы контентке басымдық береді. Нақты тележобалар студияны безендіру сапасының жоғары бағалануына қарамастан (8 және 10 балл бағалану – 62,3%), эфирдің дизайнын (8 және 10 балл бағалану – 59,5%), жүргізуші жұмысы (8 және 10 балл бағалану – 81%) арнаның көрермендері арасында сұранысы аса жоғары емес.
|
TEXT
|
kaz
|
25,314
|
Аудиторияның талғамына қатысты келесі зерттеу нәтижелері көрермендердің аталған бағдарламаларға қызығушылығы жобаның жанрына емес, орындалуына қатысты деген тұжырым жасауға болады (4-сурет). «Миллион кімге бұйырады?» – 21,9% жобасының аудиториясы «Зерде» – 2,5% аудиториясынан 10 есе асып түседі. «Жұлдызды жекпе-жек» – 12,1% көрермендер арасында «Топжарған» – 3,1% жобасына қарағанда 4 есе танымал. Сондықтан соңғы аталған жобалардың форматы жақсы болғанымен, мазмұнын жақсартуды қажет етеді. Тұрғындардың телебағдарламаны көру құрылымына қарай зерттеудің келесі бағытында бірнеше жобалардың аудиториясы анықталды (5-сурет). «Миллион кігме бұйырады?» бір жобасын атады, бағдарламаның көру үлесі жоғары. Бағдарламаны көрмейтіндер үлесі – 7%; Жаңалықтар көреді – 44,2%; ТОП 10-дыққа енбеген бағдарламаны көреді – 48,8%. Аудиторияның телевизия бағдарламаларына қызығушылығы төмендігідей байқалды. Телекөрермендердің жартысына жуығы тұрақты түрде «Жаңалықтарды» көреді. Сонымен қатар, респонденттер арасында Агенттік арналарының бағдарламаларын білмейді. Телевизиялық жобалардың көп болуы телекөрермендердің арасында олардың танымалдығы мен еске сақталуына әсері болғандықтан деңгейі төмен. Арна аудитория үшін жаңалықтар таратумен танымал. Елдегі 18 жастан асқан тұрғындардың телеарналардағы жаңалықтарға сенім деңгейі №6 суретте сипатталған. Сенім деңгейі бойынша ТОП арналар үлесі төмнеен жоғары қарай аталған: КТК – 0,4%; Еуразия – 0,5%; 31 арна – 3,4%; Хабар – 3,4%; Qazaqstan – 6,7%; Хабар 24 – 7,3%; Astana TV – 8,7%; Мир – 14,5%; ABC TV – 17,7%; KAZAKH TV – 29,5%. Сондай-ақ азаматтардың елдегі жаңалықтарға сенім деңгейі – 92,3%; Көреді және сенеді –92,3%; Көрмейді – 2,9%; Сенбейді – 3,8%. Респонденттердің жаңалықтарға сенімі ең үлкен басымдықпен үлесі жоғары болуы, соның ішінде Kazakh.TV арнасының жаңалықтары үлесі көшбасшы. Қазақстандық мадианарықта ақпараттарды шұғыл және сапалы телеарналардың алатын үлесі мен маңызы ерекше. Визуалды және мультимедиалық технологиялар отандық телеаудиторияның талғамына сай өнім дайындауды ұсынғаны рас.
|
TEXT
|
kaz
|
25,315
|
Отандық ТОП арналар арасы көрермендері жас ерекшеліктері мен аудиторияның орташа жасы үлесі мынадай: 18-24 – %; 25-34 - 46,4%; 35-44 –24,7%; 45-54 – 10,4%; 50 – 7,2%. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 25-34 жас арасындағы жастар ең белсенді аудитоория саналады (7-сурет). Арналардың танымалдығы көрсеткіші келесі деректерде: КТК – 16,5%; Еуразия – 15,7 %; 31 арна – 14,3 %; Хабар – 10,3%; Qazaqstan – 8,5%; 7 арна –7,7%; Хабар24 – 7,2%; Мир – 5,4%; El Arna – 5,1%; KAZAKH TV – 4,5%; ABC TV – 1,4%. Қазақстандық телеарналардың танымалдығы бойынша мақсатты топтың басым бөлігі үш көшбасшы арнаны атады. «Хабар» арнасы алғашы үштікте. «Хабар 24» арнасы тәулік бойы жаңалықтар қызметін таратын елдегі бірден-бір арна. Телекөрмермендер белсендігі мен медиаталғамына қатысты зерттеу нәтижелерін 8-суретте көрсетілген. Арнаның қандай бағдарламаларын білесіз деген сауалға: Жаңалықтар – 48,9%; Жауап беруге қиналамын 42,4%; Hi-Tech 1,2%; Қалай жасалған? – 1,2%; Драйв – 1,2%. Телевизиялық жобалардың көп болуы телекөрермендердің арасында олардың танымалдығы мен еске сақталуына әсері болғандықтан деңгейі төмен. Арна аудитория үшін жаңалықтар таратумен танымал. Телекөрмендердің төрттен үшеуі жаңалықтардан басқа эфирде өтіп жатқан бағдарламаларды көрмейді. Сұрау салғандардың 13%-ы бағдарламалар атауын еске алуда қиналды. Арнаның әрбір он көрермені нақты жобаларды атады. Мақсатты аудитория арнаның қандай бағдарламаларын көресіз деген сауалға жауап бергенде келесідей нәтиже көрсетті: Қалай жасалған? – 1,2%; Үлкен спорт – 1,2%; Art Global – 2%; Жауап беруге қиналамын – 12,9%; Көрмеймін – 18,4%; Жаңалықтар – 53,4%. «Хабар 24» бағдарламалары аудиториясы жартысынан астамы Жаңалықтар қызметінің тұрақты көрермені. «Хабар 24» арнасының көру белсендігі мен уақыты және арнаны көруге қолайлы уақытын таңдаған ресопнденттердің медиа талғамы 9-суретте сипатталды. Телекөрмермендердің көру бенлдігінің үлесі мынадай: таңертең – 12,9%; күндіз – 11,3%; кешке –75,8%. Респонденттер жауабы көрсеткендей, 19.00 мен 22.00 аралығында көрермендердің белсендігін қосқанда (респонденттердің 66,7%) кешкі уақыт арнаны көру қолайлы.
|
TEXT
|
kaz
|
25,316
|
Қазақстандық телеарналардың, атап айтқанда, «Хабар» агенттігі арналарының сегментациясы айқындалды. Телекөрмермендердің тұтыну стилі мен талғамының ерекшеліктері анықталды. Қазақстанның барлық өңірлері телеарналарға қосылу мүкіндігіне қарай екіге бөлінді: бірінші топта – ауылдық өңірлердегі телевизяиға қолжетімді тұрғындар; екінші – урбанизациялық дамуы жоғары облыстар мен қалалар. Телекөрермендердің апталық белсендігі (тепе-тең келу) мен парйм-тайм уақыты (кешкі уақыт – 66,7%) нақтыланды. Агенттіктің 4 арнаға бағытталған жаңалықтар үлесі мен визуалды, мультимедиалық контентті пайдалану үлесі жоғары екендігі дәлелденді. Агенттіктің үлесі отандық арналардың жалпы жаңалықтар көрсетілімінің бестен бір бөлігін қамтиды. Тұрғындардың медиа талғамы араның өзіндік өнімдеріне ерекше мән беретіні айқындалды. «Хабар» арнасының өз өнімдерінің көрермендер аудиториясы артуы байқалды. Көрермендер ақпараттық және спорт сипатындағы контентке басымдық беруі арнаның таяу арадағы стратегиясына жаңа бағыт ұсынды. Еліміздегі «Хабар» Агенттігі» АҚ – шұғыл, сапалы және объективті контент дайындау мен таратуда басты медиакомпания болып табылатынын зерттеу нәтижелері дәлелдеді.
|
TEXT
|
kaz
|
25,317
|
Прагматика тілде сөйлеуші мен тыңдаушының ниеті сияқты факторлардың тілге әсер етуін және олардың арасындағы қатынасын қарастырады. Басқаша сөзбен айтқанда, прагматика қоғамның немесе белгілі бір адамдардың психикасына (ойына, сезіміне, еркіне) әсер ету мақсатында қолданылатын тілдік құралдарды, олардың ерекшеліктері мен тілдік заңдылықтарын зерттейді.
|
TEXT
|
kaz
|
25,318
|
Прагмалингвистикадағы семантика мен прагматиканың ара жігін ашып көрсетудің маңыздылығына келер болсақ, қазіргі кезде лингвистикада прагматика мен семантиканы қарама-қарсы қойып зерттейтін және екеуін бір-біріне байланыстыра отырып зерттейтін екі бағыт бар. . өз еңбегінде сөз мағынасының семантикасы мен прагматикасының аражігін ашып көрсететін негізгі постулат ретінде: семантика «Сөз нені білдіреді?» деген сұраққа жауап берсе, прагматика «Осы сөзді қолдана отырып сөйлеуші не айтқысы келді?» деген сұраққа жауап береді, яғни семантика екі жақты қарым-қатынасты зерттесе, прагматика мағынаны үш жақты қарым-қатынас ретінде зерттейді деп атап көрсетеді [1, 61]. Дегенмен, біз семантика мен прагматиканы қарама-қарсы қойып зерттейтін бағытты емес, осы екі бағытты бір-бірін толықтырып тұратын, бір-бірімен тығыз байланысты деп қарастыратын бағытты ұстанамыз. Мақала объектісі ретінде неміс тілінің 2017 жылғы **wortwarte.de** сайтында тіркелген аффиксті жаңа сөздеріне (туынды сөздерге) прагматикалық талдау жасалды. Мақалада «жаңа сөз» термині қолданылады себебі аталған сайтта тіркелген жаңа сөздердің барлығы «неологизм» атауына сәйкес келе бермейді. Мақала материалы ретінде неміс тілінің аффиксті тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің прагматикалық ерекшеліктері қарастырылады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,319
|
Жаңа сөздердің өзіндік прагматикалық ерекшеліктері болады, орыс халқының көрнекті ғалымы тұжырымдамасы бойынша жаңа сөз прагматикалық тұрғыдан 4 рет ерекшеленеді: 1) өмірге жаңа сөзді келтіретін себеп-салдар жиынтығында прагматикалық ынталандыру едәуір рөл атқарады; 2) жаңа сөздің пайда болу үдерісіне мәнмәтіннің прагматикалық маңызы бар параметрлері, оның ішінде ең алдымен жаңа сөзді жасаушы адамның жеке тұлғасы қатысады; 3) қоғамдағы жаңа сөздің әдеби тіл нормасына еніп, тұрақталу (конвенционализациялануы) үдерісінде жаңа сөзді қабылдаушы жеке тұлғаларға қатысты прагматикалық факторлар өзіндік рөл атқарады; 4) жаңа сөз тілге ене отырып, өздері қолданылатын мәнмәтіндердің жаңа, маңызды прагматикалық қасиеттеріне, жаңа мәнмәтіндік сиппаттарына ие болады [2, 112 б.]. Осы тұжырымдаманың алғашқы 3 жағдайы сөздердің сыртқы прагматикалық ерекшеліктерін қарастырады деп ұйғарылса, соңғы тармағы сөздердің ішкі прагматикалық сипаттарын саралайды деп түйіндеуге болады. Ұсынылып отырған тұжырымдаманың соңғы тармағына сүйене отырып, осы мақалада wortwarte.de сайтында неміс тілінің аффиксті тәсіл арқылы жасалған жаңа сөздерінің (2017ж.) ішкі прагматикалық сипаттары қарастырылады [3]. еңбегінде прагматиканы тілдік бірлікте (лексема, аффиксте, граммемада, синтаксистік құрылымда) бекітілген мазмұн деп түсінуді ұсынып: 1) Сөйлеушінің шындыққа көзқарасын жеткізуші; 2) сөйлеушінің берілген хабарламаға көзқарасын жеткізуші; 3) сөйлеушінің адресатқа көзқарасын жеткізуші; деп қарастыру қажеттігін жеткізеді [4, 4-6]. Осылайша, көрнекті ғалым прагматикалық ақпараттың тіл жүйесінің барлық деңгейіне тән екендігін нақты атап көрсете отырып, прагматикалық ақпарат тек сөз деңгейінде ғана емес, сонымен қатар аффикстерге де тән екендігін нақтылайды. Прагматикалық мағына тұрғысынан белгілі бір аффикс жаңа жасалынатын сөзге жалғана отырып, сөз мағынасының интенсионалды, импликационалды және эмоционалды компоненттері бар прагматикалық жаңа сипатына ие болуына сеп болады. Мақалада сөздің лексикалық мағынасының ғалым ұсынған [5, 31-43] және ғалым ең алғаш жаңа лексиканың прагматикалық аспектісін талдауда қолданған құрылымына сүйенеміз. Осы еңбекке сәйкес сөз мағынасы құрылымында 1) интенсионалды (мағынаның ядросы); 2) импликационалды (денотатқа қатысы бар барлық стереотиптік ұғымдар); 3) эмоционалды-бағалаушылық элементтер болады деген ойын тұжырымдай отырып, сөз мағынасын 3 топқа бөліп қарастырады.:
|
TEXT
|
kaz
|
25,320
|
Бірінші топқа интенсионалды компоненті бар, табиғатынан атауыш (анықтауыштық) сөздер, яғни гетеросемалық бірліктер кіреді. Бұл сөздер мағынасында сол сөздерді анықтайтын денотат белгілері эксплицитті түрде берілген. Әдетте мұндай сөздер кәсіби параметр бойынша аясы тар, нақты қызмет салаларында қолданылуға бағытталған. Жаңа лексикалардың екінші тобына мағынаның эмоционалды компоненттері бар сөздер енеді. Бұл топтағы сөздер әдетте моносемалы болып келеді және бірінші топтағы сөздерден айырмашылығы нақты референттік сәйкестігі жоқ, бір ғана белгіге ие сөздер. Бұл әдетте эмоционалды реңк сипаттағы сөздер болып келеді. Үшінші топқа прагматиканың импликационалды компоненті бар сөздер енеді. Бұл сөздерді дұрыс қолдану оқытылып отырған шет тілінің еліне, дәстүріне, мәдениетіне байланысты білімді қажет етеді. Импликационалды компоненті бар сөздер атауыш немесе предикатты сөздер бола алады. Бұл топқа әлеуметтік мәртебесі бойынша сөйлеушінің жасы, этносы және жыныс айырмашылығына байланысты шектеулі сөздер кіреді. Кей кездері екінші топ пен үшінші топ сөздерінің прагматикалық компоненттері бір-бірімен қиылыса отырып, бір-бірін толықтырып отырады. Сонымен қатар, бір сөзде түрлі прагматикалық компоненттердің болатындығын ескеруіміз қажет [2, 89 б.]. Сөздің лексикалық мағынасы құрылымын келесі диаграммадан көруге болады: Мақалада неміс тіліндегі wortwarte.de сайтында 2017ж. тіркелген жаңа сөздердің ішіндегі тек аффиксті тәсіл арқылы жасалған туынды сөздерді осы 3 топқа бөле отырып қарастыру ұйғарылды.
|
TEXT
|
kaz
|
25,321
|
Неміс тілі жаңа сөздерінің импликационалды компоненті бар прагматикалық мағынасы негізінен Extra-, mega-, hinein-, horror-, hyper-, über-, ent- сөзалды жұрнақтары мен сөзалды терминбөлшектері және -schwach, -faul, -intensiv, -bonus, -aktiv, -lastig сөзтудырушы қосымшалары арқылы жеткізіледі. Alltagsaktiv жаңа сын есімінің Alltags сөзіне -aktiv сөзтудырушы қосымшасы жалғана отырып, туынды сөздің мағынасы «күнделікті белсенді ететін» деген мағына береді. Бірақ та сөйлеуші осы сөзді қолдана отырып, сөздің прагматикалық мағынасының импликационалды компоненті бойынша бұл сөзді тағамтану саласында, «тағамды тұтынған жағдайда құрамында күнделікті белсенді ететін қоспасы барлығы» жайлы білімі болуын қажет етеді. Assetlastig туынды сөзіндегі тілдегі бұрыннан бар «asset – актив» сөзіне -lastig сөзтудырушы қосымшасы жалғанып, прагматикалық мағынасы жағынан осы сөзді қолданушы экономика саласындағы «көп пайда әкелетін, арзан актив» екендігін білуі қажет. der Verspätungsbonus туынды сөзіндегі тілдегі бұрыннан бар «die Verspätung» сөзі «кешіктіру» деген мағынаны білдірсе, терминбөлшек «-bonus» жалғанып, туынды сөздің прагматикалық мағынасы «уақыты өтіп кеткен (билет) затты» білдіріп, импликационалды компонентін басымырақ етіп тұр. Horrortripartig туынды сын есіміндегі «trip» сөзінің алдына қойылған horror- сөзалды қосымшасының көмегімен осы сын есімнің импликационалды компоненті бұл сөздің медицина саласындағы «операция алдындағы қорқынышы басым дайындық пен операция залына өтетін қысқаша «саяхат» екендігін білуді қажет етеді. Herzensfaul жаңа сын есіміндегі тілдегі бұрыннан бар «herzen(s)» сөзіне жалғанған сөзтудырушы қосымша –faul бұл сөзге «жүрек ақылсыздығы» сияқты жаңа мағына беріп, сөйлеушінің белгілі бір адамның іс-әрекетін теріс бағалағандығын білдіріп, бейресми мәнмәтінде қолданылуға бағытталған импликационалды компонентін басымырақ етіп тұр. Сөйлеуші белгілі бір адресатқа осы сөзді қолданар болса, онда ол адресатқа «тіл тигізгендігін» және ол екеуінің арасындағы диалог бейресми түрде болып жатқандығынан хабар береді. Entmännlichen туынды етістігі мысалында тілдегі бұрыннан бар «männlichen» етістігіне жалғанған Ent- сөзалды қосымшасы «ер адамнан бастау алатын «» сияқты діни мәтіндердегі ер адам бастамасын жою» деген импликационалды компоненті бар прагматикалық мағынада қолданылады. Hypereskalieren туынды етістігіндегі тілдегі бұрыннан бар «eskalieren» етістігінің алдына қойылған «Hyper-» сөзалды терминбөлшегі жаңа сөздің прагматикасын «белгілі бір оқиғаны немесе әңгімені гипер-өте кең ауқымда өршіту» деген мағынадағы импликациялық компонентін басымырақ етеді. Hacklastigen туынды сын есіміндегі «кесу, шаншу» мағынасындағы «hack» етістігіне «-lastig» және «-en» сөзтудырушы жұрнағы жалғанып, тағамтану саласында «толық спектрлі» тағам түрлерін ұсынушы болып, импликацияланады. Ал, das Wohlfühlhäuschen мысалындағы «Haus» зат есіміне тіркелген «-chen» сөзтудырушы қосымшасы бұл зат есімнің прагматикалық мағынасын «өзін жақсы сезінуге болатын кішкентай үй» деп, сөйлеушінің бұл зат есімге деген эмоциясын, яғни сүйіспеншілігін анық көрсетіп тұр, сондықтан да бұл зат есім эмоционалды компоненті басым прагматикалық мағынаға ие сөз болады. Жоғарыдағы мысалдардан көріп отырғанымыздай, барлық жаңа сөздерде тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағынасынан бөлек, аффикс жалғанған жағдайдағы туынды сөздердің прагматикалық мағынасында интенсионалды, импликационалды және эмоционалды компоненттері болады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,322
|
Алдағы уақытта неміс тілінің жаңа мағыналы туынды сөздерінің прагматикалық мағынасын пропозиционалды модельдерімен байланыстыра қарау жоспарланып отыр. Осы жоспарды жүзеге асырған жағдайда, аффикстердің нақты қандай түрі сөзжасамда өнімді екендігін анықтап, сол өнімді аффикс қандай прагматикалық мағынаға ие екенін көруге болады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,323
|
Қаралы ту. Қазақта жыл бойы «қара жамылып» отыру деген сөз бар. Оның мәнісі қашан марқұмға жыл өтіп, ас берілгенше сеп жиналған, белдеуіне қаралы ту ілінген үйде бес мезгіл дауыс айтылып, бес мезгіл марқұмның аруағына арналған дұға оқылып отырылған. Жоғарыда қаралы үйдегі қаралы ту туралы айттық. Бұл біздің қазіргі түсінігіміздегі жалау (флаг) емес. Ол адамның жасына қарай, сұлтандар мен төрелердің нәсілдеріне орай қолдан жасалатын, сырық, найза басына байланған әр түрлі түсті ту. Егер қайтыс болған адам бала болса, онда тудың түсі *ақ,* егер үлкен адам болса – *қара*, егер орта жастағы адам болса, жаңағы тудың бір жағы *ақ,* бір жағы *қара* болады [15, 144 б.]. Біздің қаралы ту деп жүргеніміз осы. Өлікті жөнелтудің рәсімі туралы «Абай жолы» эпопеясында тамаша баяндалған, содан қысқаша тарихи дерек келтірейік: «Тобықтының белгілі үлкендерінің бірі Бөжей қайтыс болғанда, Бөжейдің өз үйінің жанына,осы өлкедегі ең үлкен үй – Сүйіндіктің сегіз қанат аппақ үйін әкеліп тіккізген. Үй тігіліп болысымен, ішіне бөтен жасау-жабдық кіргізбей, тек есіктен төрге дейін кілем ғана жайғызды. Оң жаққа үлкен сүйек төсек кіргізді. Үстін көмкерумен қара кілеммен тегістеп болып, сол төсекке Бөжейдің сүйегін әкеп салғызды. Сүйекті орналастырып болысымен, сол өлік үстіне тіккен ақ үйдің оң жақ белдеуіне өз қолымен әкеп қара тікті». Тудың түсі өліктің жасына байланысты деп жоғарыда айтып өттік [19, 177 б.]. Найзаның басына қаралы ту тігу, өліктің артын жыл бойы қара жамылып күту деген мағынаға ие болды. Жауынгер бас киімінің көп тараған түрінің атауы – *«дулыға»*. Ол соғыста қорғаныштық қызметін атқарады [5, 149 б.]. Ертеде көшпелі халықтарда соғыс кезінде батырларды бір-бірінен айыру мақсатында, дәрежелік белгілері тағылған, яғни ол тек қорғаныштық қызмет атқарып қоймай, әлеуметтік статусын айыру белгісін де қоса атқарған [20, 130 б.]. Бұл туралы мәліметтер жоғарыда атап өткен ХІХ ғасырдағы орыс авторларының жазбаларында айтылады. Жалпы қазақ халқы бас киімді үнемі кие тұтып, оны тек биікке қойған. Қазақ халқының салт-дәстүрінде өзіндік ұстанатын әдет-ғұрыптары, ырым-тыйымдары көп. Бұл тыйымдарды қолданудағы негізгі мақсат, қоғамда тәртіп орнату. Адам баласының өміріне тек жақсылық тілеу, біреуге зиян келтірмеу сынды нақты қағидаларға бағытталады. Сол ырым-тыйымдардың ішінен тақырыбымызға қатысты мысал келтірейік: Жүкті әйелге суық қару санатына жататын пышақ, ара, қайшы, басқа да қару түрлерін кеземейді. Егер кезенетін болса, ол шошынып мерзімінен бұрын босанады деген ырым бар [21, 165 б.]. Екі қабат әйел ұл туғысы келсе, еркектің қару-жарағын, қыз туғысы келсе, жүзік, сырға, моншақ, қызыл түсті матаны жастығының астына қойып жатады. «Халық айтса – қалт айтпайды» түс және оны жору, қазақ халқында ең ізгі тілекпен теңдесуші ырымдар санатына жатады. Түсінде қару немесе мылтық көрсе, дәулеті артып, мол табысқа кенеледі. Аяғы ауыр келіншек, түсінде қару көрсе ұл босанады. Түсінде пышақ қайраса, қауіп-қатер болады деп жатады. Дегенмен, түсті тек жақсылыққа жору керек және түс жорушы адам ең жақын, өзіңе тілеулес, қамқор жан болуы тиіс. Өйткені түсті қалай жорысаң, өңіңде сол жорығаныңмен тұспа-тұс келесің деген сенім басым. Қазақтың салт-дәстүрі тұнып тұрған тарихы бар, ерте заманнан қалыптасқан айрықша мәдениет. Бұл халық қаруды өмір бойы кие тұтқан. Оның күшін тек соғыста ғана қолданып қоймай, күнделікті тіршілікте де мықты қаситін ескеріп, оны құрметтеп тек биік жерге іліп қоятын болған. Жоғарыда келтірген тарихи-этнографиялық деректеріміз мұның дәлелі болары хақ.
|
TEXT
|
kaz
|
25,324
|
Символдардың бүгінгі және өткен шақтардағы ақпараттық-коммуникациялық және ұйымдастырушылық қызметін саралау – олардың жалпы табиғатын ашуға мүмкіндік береді. Символдарды қолдану арқылы қандай да бір зат пен құбылысқа жаңа мән беруге де болатындығын көптеген зерттеушілер жан-жақты зерттеп, түрлі гипотезалар ұсынды. Соларға сүйене отырып, символдардың өзіндік ерекшеліктеріне, ақпараттық-коммуникациялық қызметіне, ұйымдастырушылық қызметіне, тұтынушыға ықпалына, ақпарат жеткізудегі жылдамдығына ғылыми тұжырымдамалар жасадық.
|
TEXT
|
kaz
|
25,325
|
Дыбыстық тілдесу мен ым қағысу тілдің пайда болуында бірдей маңызға ие болғандығы сөзсіз. Мұндай вербальды және вербальды емес коммуникация ең алғашқы символдық белгілердің пайда болуына ықпал етті. Замандар ауыса келе коммуникацияның бұл екі түрі екі айырық жолға түсті. Бірақ бұл екі жол бір-бірімен үздіксіз қиылысып жатты. Бұл жерде адам үшін аң аулауға қажетті құралдар мен еңбек құралдарын жасаудың аса маңызды рөл атқарғандығы түсінікті. Құрал жасау мүмкіндігіне ие болған адамның қолы кейін адамды неолит дәуірінің суретшісі деңгейіне дейін жоғарылатты. Көзбен көргенін сызықтар мен бояудың көмегімен кескіндей алу қабілетіне ие болған адам кескіндеу өнері арқылы қоршаған ортаны образды түрде көре алу қабілетіне де ие болды. Ал тарихи дамудың келесі бір кезеңінде дыбыстық тіл – шынайы өмірдің абстрактылы, символдық схемасын жасаудағы таптырмайтын құрал болып шықты. Символ – қоршаған ортадан келетін ақпараттарды қысқа да нұсқа түрде жеткізудің ең тиімді амалы және ақпараттарды тез қабылдауға мүмкіндік беретін әдіс. Бірақ бұл үдеріс құбылыстың өзіндік ерекшелігі мен жеке тұлғаның оны қандай да бір мағына немесе ақпарат ретінде қабылдауына тікелей байланысты болады. «Қоғамды жоқ қылып жіберіңізші, адам, әрине, өседі, бірақ сөйлей алмайды, яғни, нақты қоғамның дәстүрлі жүйесіне өз идеясын жеткізе де, білдіре де алмайды. ...Яғни, адам өз қоғамдық ортасының барлық символдық атрибуттарын бойына сіңіріп барып, қоғамдық ортадан өз орнын табады. ...Көзге көрінетін визуалды үдерістің бәрін ми бақылауға алады және есте сақтайды. ...Осылайша адамзаттың өмір жолында сан рет қайталанған көріністердің ішіндегі ең танымалдары символдар қатарын құрайды [2, 3-10 бб.]. Символ өзiнiң коммуникативтiк қызметiнде өзi бейнелейiн деп тұрған образына сырттай қарағанда ешқандай да қатысы жоқ болып тұрады. Соған қарамастан кез келген нақты образ болсын, қиял-ғажайыптық образ болсын – ол өзінің шынайы мәнін біздің ұғымымызда біржола жоғалтпайды да, өйткені адамның санасы жоқтан бар жасай алмайды. Символ қандай образды да тек бар нәрсенің мазмұнына орап алып шығады. Бірақ бұдан болмыстың шындығы түсініксіз болып, теріс бұрылып кетпек емес. Символды зерттеуші ғалымдар оның адам өміріндегі, қоғамдық қатынастардағы рөліне ерекше мән беріп, оған жан-жақты зерттеулер жүргізді. Түрлі гипотезалар ұсынды. «Кең мағынасында алғанда символ – таңбалылық-белгілілік аспектісінде алынған образ, ол барлық образдың көпмәнділігіне негізделген [3, 607 б.]. Уорнердің тұжырымы бойынша «басқа нәрсені белгілеп және басқа нәрсеге сілтеме жасап тұратын, ...жеке индивидтің білімінің белгілі бір шегінде ойлана алу және сезіне алу деңгейінде жүзеге асатын» образ [4, 1 б.]. «Сөз де, іс-қимыл да символ ретінде белгілі бір адамдар қауымында қабылданған және оларға түсінікті болатын түрлі ақпараттарды жеткізеді. Символдар ұғым, дәстүр, құндылықтар туралы ақпарат жеткізуші фактор» дейді Charles [5]. «Символдарды іс-әрекет үстінде орнымен қолдана білу – дәл сол сәтте жоқ зат немесе оқиға туралы ойлауға және айтуға мүмкіндік беретіндігіне» баға береді [6, 37-38 бб.]. Бұл саланы терең зерттеген «Нақтылықпен ойлау кезінде ой қашанда символикаға сүйенеді» дей келіп, «Қандай да бір ұғыммен байланысып тұрған белгі арқылы сол ұғымның өзінің өмірі ұзара түседі, өйткені белгі нақты бір ұғым арқылы кең идеалды мәнге сәйкес келеді» деп тұжырымдайды [7, 24-25 бб.]. Яғни, символ символ болмастан бұрын нақты бір заттың атауы немесе сол заттың өзі болды да, кейін жалпы көпшіліктік ұғымның символына айналды. Яғни, нақтыдан жалпылық ұғымға ие болды. Мысалы, бүркіт биікке ұша алатын, әрі шапшаң, әрі аса күшті құс. Яғни, нақты нәрсе. Оның кескіні символдық категорияға ауысқанда күштіліктің, батылдықтың, шапшаңдықтың мәніне ие болады. Мысалы, ол Қазақстанның ұлттық Туында белгіленген. Бірақ біз оған бүркіт ретінде қарамаймыз. Біз оны қуаттылық туралы ұғым ретінде қабылдаймыз.
|
TEXT
|
kaz
|
25,326
|
Символ зат пен құбылыстың шынайы түп-тамырын ішкі заңдалықтары арқылы айқындаушы ретінде *дүниетанымдыққа ықпал етуші қызметін* атқара алады. Дүниетанымдық дегеніміз – шынайы өмірге деген көзқарастар жүйесі және сол шынайы өмірдегі адамның орны мен адамның өзінің қоршаған ортаға және өзіне өзінің қарым-қатынастарының жүйесі. Символ қандай да бір заттың о бастағы атауы немесе идеясы болу арқылы, танымдыққа жол ашады. Болмыстың шындығын оның ішкі заңдылықтары арқылы танытып, заттың, құбылыстың, үдерістердің өте алыс тереңдіктегі мәндік негіздерін білдіре алады. Оның бұл қызметінің ерекшелігі мынада: бұл шындықтың бір ұғымға жинақталған көрінісі ғана емес, сонымен қатар, оның белгілі бір деңгейде жан-жақты әрі кешенді түрде танылуы. Мысалы, жол белгілеріндегі белгілер қандай да бір терең мағына беріп тұрған жоқ. Өйткені олар символ емес. Олар – тек ап-айқын белгілер ғана. Символ өзінің символ ретінде пайда болған кезінен бастап-ақ өзінің мағынасын ап-айқын етпей, құпиялап ұстайды, сөйтіп, адамның ой-қиялына қанат бітіріп, сансыз интерпретацияларға, мән-мағынаға жол ашады. Символдардың қоғамдық ортада *ұйымдастырушылық қызмет* атқаратындығының мәні де тереңде. Қандай да бір қоғамдық ауқымды жағдайдың кезінде оны шешіп, реттеуді қысқа мерзім ішінде ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік ортаның мотивациялық сезімін оятатын визуалды-концептуалды қолданыстардың ежелгі дәуірде де маңызды болғанын тарихтан білеміз, ол бүгінгі таңда да белсенді. Әсіресе, визуалды символдардың барлық тілде бірдей түсінікті болатындығымен, жас ерекшелігіне қарамастан тез ұғынықты болатындығымен, түсіндірмелік сөздердің қажет етілмейтіндігімен ерекшеленеді. Тек визуалдық қана емес, дыбыстық символдардың да ұйымдастырушылық қызметі жұмыла, әрі тиімді, өнімді іс-қимылды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал шығармашылық адамдары үшін ондай сигналдық-символдар жаңа идеяларға жол ашады. Музыкатанушы психолог дыбыстық символ-сигналдардың ықпалы туралы «Жоғары сезімталдықтарының арқасында шығармашылық адамдары қоршаған ортадан жететін әлсіз сигналдардың өзінен шабыт алып, өздеріне тән қабілеттіліктің арқасында жаңа іске кіріседі. ... Сол істі қалайда жүзеге асыру үшін ауыр да, бейнетті еңбектен де бас тартпай, керісінше сондай еңбектен ләззат алады» деп ғылыми тұжырымдама береді [10, 75 б.]. Адам санасы қандай да бір нәрседен немесе іс-қимылдан әсер алған кезде ол әсер санада синтезделіп, белгілі бір кескінді түзеді. Осындай кескінді тудыратын зат немес іс-қимыл жиі қайталанса, ол адам санасында сол зат туралы немесе сол іс-қимыл туралы белгілі бір образ түзе бастайды. Ол образдар вербальды немесе болжалдық-сілтемелік болуы мүмкін. Бұл образдар когнитивті, яғни, қандай да бір мәселе туралы хабар жеткізіп тұратын кескінге айналып, ол бірте-бірте адамның мінез-құлқына, ұстанымына айналады немесе белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Мұндай образдар күнделікті тұрмыстық және мәдени тәжірибелердің жинақталуы арқылы жетіліп, уақыт өте келе белгілі бір форма болып қалыптасып, осы ұстанымдағы адамдардың ұжымдық ұғымындағы нақты бағытқа айналады. Мұны зерттеуші «әлеуметтік капитал қалыптастыру» деген терминмен түсіндіреді. Яғни, белгілі бір символға қатысты ұжымдық ұғымның қалыптасуының өзі әлеуметтік капитал ретіндегі ықпалға ие болады. «Бұл термин өзіміздің әлеуметтік қарым-қатынастарымыз арқылы, ресурстарымыз бен қандай да бір топтарға мүше болып немесе желілік қарым-қатынаста болуымыз арқылы бір-бірімізбен тез тіл табыса алу деген ұғымды білдіреді» деп түсіндіреді автор [11, 104 б.]. Олардың «тіл табыса алуына» ықпал ететін әлеуметтік капитал ретіндегі символдар сөздік, кескіндік, ұғымдық, ұстанымдық түрде болуы мүмкін. Символдардың осындай ұйымдастырушылық қызметін *уақытпен шектелмейтін* және *белгілі бір мерзімдік* қызмет деп екіге бөліп қарастыра аламыз. Уақытпен шектелмейтін ұйымдастырушылық қызметіне мемлекеттік рәміздерді атай аламыз. Мемлекеттік рәміздер – отаншылдықты, рухты көтеруді, елдік бірлік пен татулықты сақтауға шақыратын символдар. Олар белгілі бір уақытпен шектелмейтін, әр мемлекеттің тарихымен, халқымен бірге жасасатын және үнемі белсенділікте ұсталатын символдар.
|
TEXT
|
kaz
|
25,327
|
Таразы ұстап тұрған көзі таңулы әйел бейнесі «заңдылық пен әділдік жолындамыз» деген ұғымды білдіретін, жалпы қоғамда белгілі бір мерзім аралығында ғана емес, дамудың барлық кезеңінде әділдікті ұстануға шақырып тұратын әлемдік деңгейдегі символ. Әрбір адамның заңмен қорғалатындығына деген сенімін орнықтыратын, әр индивидтің жанына жақын ең танымал символдардың бірі. Жалпы халықтық деңгейде ғана емес, жекелеген ұйымдар мен компаниялардың да өзіндік ұйымдастырушылық қызмет атқаруға шақыратын символдары болады. Кейінгі жылдары пайда болған осындай символдар қазіргі таңда, тіпті, көбейе бастады. Оған себеп болып отырған – бәсекелестіктің артуы. Тез қабылданатын ақпаратты кім неғұрлым жылдам тарата алса, сол бірден көзге шалынады. Тез қабылданатын ақпараттың өзекті болып кетуіне әсер етіп отырған жағдай, зерттеуші сөзімен айтқанда, «қазіргі таңдағы социумның трансформациялануының барлық үдерістерінің жылдамдағандығында» [13, 30 б.]. Социум ұзақ сөйлемді жарнамаларды оқымайды. Олар жылдам қабылданатын, тез шешім қабылдауға ыңғайлы ақпараттарға назар аударды. Осындай мысалдарды негізге ала отырып, символдардың ұйымдастырушылық қызметінің мынадай ықпалдылықтар арқылы жүзеге асатындығын екшеп айта аламыз: Символдардың *белгілі бір мерзімдік* ұйымдастырушылық қызметі де көптеген маңызды мәселелерді тез арада шешуге ықпал етеді. Әр кезеңдегі әр оқиғаларға байланысты пайда болып, белгілі бір уақыт аралығында өзекті мәселені тез реттеуде ұйымдастырушылық қызметімен көрінген символдар адамзат тарихында аз емес. Солардың ішінде-
|
TEXT
|
kaz
|
25,328
|
Көне тарихтан білетініміз – гректің антикалық театрларында әртүрлі образдарды кескіндеу үшін арнайы маска кигендігі. Жылап тұрған немесе күліп тұрған маскалар сахнадағы образдың жандүниесінің жағдайын, адамдардың типін білдіруге қызмет еткен екен. Бір қызығы, ол кезде бұл атрибуттар «маска» деп емес, «просопон» деп аталыпты. Ол «көз алдыңызда осыны көріп тұрсыз» деген мағына берген. Енді қазіргі індеттің кезіндегі маскалы адамдардың көрінісінен де соны ұғынуға болады, яғни, «көз алдыңызда індетті көріп тұрсыз» деген мағынаға келеді. Ал оның астарында «сақтан және басқаларды да қорға» деген мағына жатыр. Орта ғасырда Еуропада тырысқақ ауруы тараған кезде дәрігерлер құбыжық түріндегі маска киіпті. Бұл маскалар жұқпалы вирусты қорқытатын, аластайтын символ ретінде қабылданған. Львов қаласында COVID-19 пандемиясы кезінде белсенді жастар осындай маскалар киіп шығып, жұртшылыққа оның мәнін түсіндіріп, маска киюдің маңыздылығын айтыпты. АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі ұлттық эксперті, доктор өзінің CNN телеарнасына берген сұхбатында, маска киіп тұрып: «Мен өзімді және басқаларды қорғағым келеді және мен мұны символға айналдырғым келеді. Ондағы мақсатым – біздің америкалықтардың да басқалардың денсаулығын сақтау үшін және өзін сақтау үшін дәл осылай жасау керектігін ескерту және соған сілтеме жасау» деген еді [15]. 1918-1919 жылдары әлемге тарап кеткен «испан тұмауы» індеті кезінде маска денсаулық символы ретінде ресми түрде қабылданған екен. Cөйтіп, бір ғана маска символ ретінде денсаулық сақтауды халық болып ұйымдастырудың символына айналды.
|
TEXT
|
kaz
|
25,329
|
Аз ғана уақыттың ішінде әлемнің бет-әлпеті күрт өзгеріп, жер шары маска киіп шықты. Тіпті, бұл сән әлемінің негізгі аксессуарына да айналып үлгерді. Маска үміттің, әлеуметтік жауапкершіліктің, вирусқа қарсы күрестің символына айналды [17]. Ал маркетологтар интернеттегі түрлі ақпараттық иконкаларға, көшедегі ескерткіштерге, картинкаларға, тіпті ыдыс-аяқтарға дейін маска кигізіп қойды. Сөйтіп, мұның бәрі маскаға «Жыл символы» мәртебесін беруге болатындай деңгейге келтірді. Бұл – қамқорлық символы, қол ұшын беру символы.
|
TEXT
|
kaz
|
25,330
|
Юнгтің ұжымдыққа негізделген символдардың пайда болғандығына ерекше назар аударуы – символдардың коммуникативтік қызметінің белсенділік алғанына берген бағасы. «Ұжымдыққа негізделген символдар белгілі бір бағытты нұсқаушылық қызмет атқарды, бұл символдар белгілі бір өлшемде, пропорциялы және симметриялы болып келетіндігі» [18, 58 б.] бүгінгі коммуникация үшін аса маңызды.
|
TEXT
|
kaz
|
25,331
|
Әдеттегi никель-кадмий, никель-металгидридтi және қорғасын-қышқылды жүйелермен салыстырғанда меншiктi сыйымдылықтың жоғары мәндерi литий-иондық батареялардың негiзгi сипаттамалары болып табылады. Қазiргi уақытта литий-ионды аккумуляторлар әскери, медициналық, тұтынушылық және өнеркәсiптiк электрондық құрылғыларда кеңiнен қолданылатын энергия көздерiне жатады. Жоғары меншiктi көрсеткiштерге қарамастан, бiрқатар өтiнiштер тiптi одан да жоғары сипаттамаларға қол жеткiзудi талап етедi, себебi энергияның жеткiлiксiздiгi батареяны зарядтау сәттерi арасындағы құрылғылардың жұмыс iстеу мерзiмiнiң төмендеуiне әкеледi. Мәселенi шешу жаңа материалдарды әзiрлеу және электродтардың микроқұрылымын оңтайландырумен байланысты. Осыған орай, бұл жұмыс синтезделген және модификацияланған наноқұрылымды көмiртектi қоспалардың литий-ионды аккумуляторлардың функционалдық сипаттамаларына әсерiн зерттеуге арналған. Жұмыс барысындағы нәтижелер көрсеткендей, коммерциялық көмiртектi нанотүтiкшелердiң орнына Хаммерс әдiсiмен модификацияланған көмiртектi нанотүтiкшелердi қолдану литий-ионды аккумуляторлардың меншiктi көрсеткiштерiн айтарлықтай арттырады. Түйiн сөздер: литий ионды аккумуляторлар, көмiртектi өткiзгiш қосымшалар, графен оксидi, катодтық материалдар, суда еритiн полимерлер, өткiзгiш қосымшалардың синтезi.
|
TEXT
|
kaz
|
25,332
|
. Осы жұмыста қатты радиацияның күштi ағындарын пайдаланып, фосфор синтездеуге әрекет жасалды. Алынған YAG: Ce керамиканың беткi құылымы, элементттiк құрамы және люминесценттiк қасиеттерi зерттелдi. Керамика гетерогендi құрылымға ие. Алынған керамиканың негiзгi фазасы YAG болып табылады, ол үлгiлердiң жалпы көлемiнiң 72-91% құрайды. Үлгiлердiң қалған көлемi Al 2 O 3 және CeO 2 фазаларынан тұрады. Синтезделген керамика YAG:Ce, YAGG: Ce люминофорларының сипаттамаларына тән. Сканерлi электронды микроскоптың көмегiмен синтезделген керамика бетi мен бетiнiң күйi зерттелдi. Синтезделген керамикалық үлгiлердiң рентгендiк талдауы дифрактометрде жүргiзiлдi. ТОПАС-4.2 бағдарламасында сандық фаза тәуелдiлiгi анықталды. Үлгiлердiң беттiк қоздыру кезiндегi люминесценттiк спектрлерiнiң өлшеу нәтижелерi келтiрiлген. Түйiн сөздер: ақ жарық диодтары, иттрий- алюминий гранат, люминофор, керамика, радиация өрiсiндегi синтез. Karipbaev Zh. 1 , 1 , 2 , 3 , 4 , 1 , 5 , 1 , 1 , 1 , 6 , 1 , Nur-Sultan, University, Tomsk, Institute of Nuclear Physics SB RAS, Novosibirsk, University, Tomsk, Russia Al- University , Almaty 6 Institute of Nuclear Physics, Nur-Sultan, Kazakhstan
|
TEXT
|
kaz
|
25,333
|
Қазіргі дүрбелең заманда, аймақтық сахнада держава болуға ұмтылған елдердің қатарында Иран да бар. Кез-келген мемлекеттің әлсіз де күшті тұстарын анықтауда, алдымен халықтың сонау ғасырлардан бері бастау алатын түпкі тарихы мен мәдениетіне, оның ішінде халықтың ішкі рухани мәдениеті мен этнопсихологиясына назар аударамыз. Адамның өзі ішкі қайшылықтарға толы тіршілік иесі, сол сияқты, адамдардан құралған қоғам да үнемі қарама-қайшылыққа, талас-тартыс пен бәсекеге толы. Бір-бірінің осы ерекшеліктерін біліп, өзара түсіністік негізде әріптестік еткенде ғана, арада кикілжің туындамайды. Енді осы тұрғыдан алып қарастырсақ, елдің, халықтың, этностың мәдениетін тану халықаралық қатынастарда зор көмегін тигізбек. Этнос сәйкестігі үдерісінде оның материалды және рухани мәдениеттік компоненті өте маңызды болып табылады. Бұл - дәстүрлік және тұрақтылық сипаттағы, яғни әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мінез-құлық нормасы, дін және т.б. сипатындағы мәдени құбылыс. Этникалық қауымның мәдени бірлігі өз кезегінде әрқашан олардың психика ерекшелігімен, оның ішінде өзіндік құндылықтар бағдары, талғамы, артықшылығы және т.б. реңктегі адамдар сипатымен толығып отырады. Ең соңында, этнос өзін басқа осындай қауымнан ажыратылатын, ерекше біріккен адамдар екендігін түсінеді. Өзіндік сана-сезім қауымның аймағы, оны құраушы адамдардың шығу тегі мен тарихи тағдыры туралы көрініске негізделеді. Этнос санасезімі өзінің жеке санасына және барлық басқа қалыптасу айырмашылығына негізделеді. Этникалық топтың жеке артықшылығы сол, өмірлік құбылыстарды қабылдау және бағалауда оның салт-дәстүрлері мен құндылықтары әсерімен қарайды [1, 20]. көзқарасы бойынша, мәдениет пен саясаттың арасында айтарлықтай ажырамас байланыс бар. «Мәдениет ұлт және мемлекетпен тығыз байланысты, өйткені ол «бізді» «өзгелерден» ерекшелендіреді және бұл ерекшелік ұлттарды немесе мемлекеттерді бір-бірінен айрықшаландырып, мемлекет пен ұлттың арасына жақын байланыс орнатады» [2, 7]. Тарихы тереңнен бастау алатын, мәдени құндылықтарға бай Иран елінің мәдениетімен жақынырақ танысу, парсы халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мінез-құлық нормасы, дін және т.б. сипатындағы мәдени құбылыстарын тану – Иранмен қарым-қатынас жасаушы әрбір мемлекет үшін қажет. Ендеше, ирандықтардың мінез-құлық нормасына, оның ішінде «этикет үлгісіне» және қарым-қатынас жасаудағы басты құрал тіл болса, сол тілдің ерекшеліктеріне назар аударайық. Барлық мәдениеттерде «этикет үлгісі» деп аталатын ортақ элемент бар. Этикет ұғымына сөйлеу стандарты мен адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасындағы жүріс-тұрысы жатады. Адамдардың қарым-қатынасы ортақ әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, барлық халықтардың мәдениетінде тұрақты этикет үлгілері бар. Бұл этикет үлгілері сол халықтың құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне тікелей байланысты болады. Осы орайда айта кетерлігі, барлық қоғамдарда мойындалған жалпыға ортақ этикет пен жеке халық мәдениетінде ғана көрініс алған этикет қарастырылады. Осы негізде этикет бірнеше ғылымды: антропология, мәдениеттану, әлеуметтану, лингвистика мен әлеуметтік психологияны қамтиды. Иран мәдениетінде негізгі жалпы этикет үлгісінің бірі - «та'ароф» (فراعت (болып табылады. Бұл сөздің түбі араб тілінен «арафа» (فرع (яғни «білу», «білімді алу» деген сөзден алынған, бірақ сөздің ішкі мазмұны толықтай ирандық мазмұнға ие. «Та'ароф» ұғымының қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде аудармасы жоқ. Ең жақын эквиваленті «комплимент» болып табылады. Ирандық комплименттер туралы айтылған теориялардың бірі - биліктің тең емес әлеуметтік қарым-қатынастарының құрылымы туралы теория. Бұл теорияны американдық антрополог «Ирандағы тіл, әлеуметтік жүйе мен билік» 1986 ж. (نابز، هاگیاپ یعامتجا و تردق رد ناریا (атты кітабында зерттеп, қарастырды. Бимэн «Иран қоғамы мен өркениетінің ғалымдар мен қарапайым адамдардың назарын өзіне аударғанына көптеген ғасырлар өтті, және ол қызығушылық ешбір азаяр емес. Көңіл аударатын мәселе Иранның өнері, архитектурасы, парсы әдебиеті мен саяси-әскери тарихы туралы барлық жазылғандардың ішінде адамдар арасындағы әлеуметтік қатынас тақырыбы шетелдік ирантанушы зерттеушілер үшін ең маңызды мәселе болып табылады» -дейді. [2, 10]. Иранға барып жатқан барлық туристер мен саяхатшылар ирандық мәдениеттің осы бір ерекшелігін бірден байқайды. Бұл - сыпайылықпен алмасу жоралғысы, күнделікті қарымқатынаста қолданылатын еш жерде жазылмаған этикет кодексі, қонақжайлылыққа арналған ережелер жиынтығы. Мұндай ерекше құбылыс (феномен) жапон және үнді мәдениеттерінде де байқалады. Алайда олар ирандық «та'арофтан» айтарлықтай ерекшеленеді [3, 1]. «Та'ароф» Иранда коммуникативтік байланыстарды орнату құралы ретінде өте маңызды рөл атқарады. Ирандықтардың бір-бірімен қарым-қатынасы осы «та'арофтан» басталып, «та'арофпен» аяқталады. Өзара сыпайылық пен құрмет таныту, тіпті жағымсыз адаммен кездескенде де сыпайылық пен қарапайымдылықты көрсету, бірнәрсені қайта-қайта ұсыныс пен өтініш жасағанда ғана алу және т.б. «Та'ароф» Иран мәдениетінің жалпы ұстанымдары мен ұлттық құндылықтарын анықтап қана қоймайды, сондай-ақ, «та'ароф» стратегиясы арқылы бір-бірімен қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірінің «жеке шекараларын» анықтайтындығы байқалады [3, 2]. «Та'ароф» тілі мәнерлеп, әсірелеп сөйлеумен, ақындық әспеттеумен айрықшаланады. Көптеген сөздер метафора, аллегория мен гипербола болып табылады. Мысалы, «Ғорбане шома» (نابرق امش» (Мен сіз үшін өлемін, Сіз үшін құрбан болайын» немесе «Фадате шома» (تادف امش» (Сіз үшін жаным пида», «Ғадаме шома руйе чешме ма» (مدق امش یور مشچ ام (тура аудармасы: «Сіздің қадамыңыз біздің көз алдымызда/мағынасы: Келіңіз, Сізге қызмет етуге әзірмін», «Ғорбане садағе берам» (نابرق هقدص مورب» (Садағаңыз болып кетейін», «Дар хедмате шома хастам» (رد تمدخ امش متسه» ( қызметіңіздемін/ Сіздің ықтиярыңыздамын», «Хедматгозаре шома хастам» (رازگتمدخ امش متسه» (Сіздің қызметшіңізбін» және т.с.с. Мұндай асыра әсірелеуді басқа елдер, әсіресе еуропалықтар бұл сөздердің рәсімдік және символдық сипатын ескерместен, шынайылық емес, фальшь деп қабылдайды. Бірте-бірте уақыт өткен сайын кейбір «та'ароф» рәсімдерінің бұрынғыдай емес, мазмұны да айтарлықтай өзгеруде. Мысалы, бұрын бөтен ер адам әйел бар үйге кірерде «!» деп кіретін болса, бүгінгі күні үлкен қалаларда дәстүрді ұстанған діни отбасыларында болмаса басқа жерлерде сирек кездесуде. Дегенмен де шағын қалалар мен өңірлерде бұл рәсім сақталынған. «Та'ароф» - әлеуметтік және күнделікті өмірдегі қарым-қатынастардың күрделі де көп қырлы жүйесі. «Та'арофтың» сақталмауы – әлеуметтік, мәдени және этикеттік нормалардың бұзылуы болып саналады. Ондайға жол берілмеу керек деп есептелінеді. «Та'арофтың» негізгі принциптерін білмесеңіз, парсы тілінің ерекшеліктері мен парсы мәдениетінің ерекшелігін түсіну мүмкін емес. Парсы мәдениетінде сыпайылық дегеніміз - адамға құрмет көрсету және ықылас аудару болса, орыс мәдениетінде сыпайылық таныту – ол адамның ішкі сезімінен туындайтын нәрсе, ол бәріне бірдей емес, тек сол құрметке лайық деп санаған адамға ықылас таныту [4, 135]. Осы екі пайымдаумен толықтай келісеміз. Иран мәдениетіндегі сыпайылық көбінесе формальды, этикалық және әдептілік негізде жүзеге асырылады. Оны келесі мысалмен түсіндірейік. Иранда әңгімелесуші өзімен сұхбаттасып тұрған адамды ұнатпаса да, тіпті араларындағы қарым-қатынас аса шиеленіскен болса да, сыпайылықты сақтау қажет. Мұндай сыпайылықты «сыпайы екіжүзділік» деп айтуға болады, шын мәнінде жағымсыз қасиет. Ирандағы сыпайылықтың екінші бір түрі – «сыпайылық-цензура». Мысалы, бір адам екінші бір адамның мазасын алса, екінші тарап өз наразылығын білдірмей, «бәрі дұрыс» деген кейіп танытады. Бұл мысалдан көретініміз Ирандағы сыпайылық объектіге басымдылық берсе, қазақ, орыс мәдениетінде субъектіге басымдылық беріледі [4, 138]. Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің филология ғылымының кандидаты сыпайылықты үш түрге бөліп сипаттайды: «Сондай-ақ, ирандық этикет жүйесінде шартты түрде бөлек қарастырылатын, бірақ күнделікті тәжірибеде қатар қолданыста болатын «сыпайылық-шынайылық» (шынайы ниет білдіру), «сыпайылық-екіжүзділік» (шектен тыс ресмиленген қарым-қатынас/предельно формализованное общение), «сыпайылық-цензура» (мінез-құлқы мен сөйлеуде өзін-өзі тежеу қажеттілігінен туындайтын сыпайылық) бар» [5, 6]. Осындай мысалдардан Иран мәдениеті мен біздің мәдениетіміздегі тағы да бір екі айырмашылыққа тоқтала кеткен жөн. Біріншіден, ирандық сыпайылық әлдеқайда ресмиленген және дәстүрлі сипатқа ие болса, қазақ мәдениетінде ресмилік пен этикет нормаларын қатты ұстанудан гөрі шынайылық, шындық, шыншылдық жоғары бағаланады. Екіншіден, қазақ мәдениетінде сыпайылық жалпыға ортақ қабылданған мінез-құлық ережелерін сақтауды білдірсе, парсы мәдениетінде жан-жағындағы адамдарға құрмет мен ерекше назар аударуды белсенді түрде көрсетуді білдіреді. Ирандық және орыс сөйлеу мәдениетіндегі сыпайылықтың ұлттық ерекшеліктерін жанжақты қарастырған мақаласында 2014 жылдың қаңтар айында Тегеран университетінің «Шет тілдері» факультетіндегі «Орыс тілі» мамандығы бойынша оқып жатқан 20 мен 30 жас аралығындағы 3 және 4 курс студенттерінен (Кесте 1) сауалнама жасау арқылы тәжірибелік зерттеулер жүргізгенін айтады. Сауалнама төмендегі нәтижені көрсетті:
|
TEXT
|
kaz
|
25,334
|
Мен өзімді сыпайы адам деп есептеймін, өйткені .... Кестеден көріп тұрғаныңыздай, Иран студенттері өзін сыпайы адам ретінде басымды түрде сөйлеу мен іс-әрекет деңгейінде құрмет көрсету факторын (75,4%) белгілейді. Сауалнамаға жауап берушілердің шамамен осындай пайызы (61,4%) сыпайылыққа мінез-құлықтық нормаларды сақтауды жатқызады. Ал басқа критерийлер, атап айтқанда сөйлеудегі дауыс интонациясы өте төмен пайызға (10,5%) ие болды. Назар аударатын нәрсе: егер адам қаншалықты дұрыс айтып тұрса да, ақиқат соның жағында болса да, ол қатал дауыспен, қатты үнмен сөйлесе, бұл оның дұрыстығын ирандықтардың алдында азайтады. Сауалнамадан байқалатыны, сыпайылықтың негізгі критерийі ретінде «та'ароф» аталады. Сауалнамаға жауап берушілердің жартысынан көбі ирандық сыпайылықтың ажырамас бөлігі болып табылатын кешірім сұраудың маңыздылығын айтады. Дәлірек айтқанда, парсы сөйлеу мәдениетінде кешірім сұрау сөздерінің жай ғана қолданысы емес, оның өз уақытында қолданылуы маңызды болып табылады. Мысалы, көптеген ресми және бейресми сұхбаттың басында, өтініш білдірерде немесе қонақ болған үйден қоштасып шығарда, «бебахшид» (دیشخبب» – (кешіріңіз» немесе «бебахшид ке бехетун захмат дадим» (دیشخبب هک نوتهب تمخز میداد (тура аудармасы: «Кешіріңіз, сізге қиындық тудырдық!» деп айтылады. Дүние жүзіндегі адамдардың сыпайылықтың жалпы мағынасы туралы ой-пікірлері әртүрлі, әр мәдениетте әрбір қоғамда айырмашылық бар. Жалпыға бірдей сыпайылық тұжырымдамасы (мәдени әмбебап құрал ретінде) зайырлылық тұрғысынан да, діни тұрғыдан да жүзеге асырылады. Сыпайылықты сақтау әлемдегі барша мұсылман қаумының діні Ислам дінінде аса маңызды орын алады. (صلى الله عليه وسلم (адамзат үшін ең көркем мінезді жан еді. Ол жайында былай дейді: «Сендер үшін Алланың елшісінде көркем өнегелер бар» (Ахзап сүресі, 21-аят). Тағы бір аятта: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» (Қалам сүресі, 4-аят) [6, 1]. Пайғамбарымыз (صلى الله عليه وسلم (сөйлеген кезде барлық сахабалар үнсіз қалып, бастарын иіп тыңдайтын. Көпшілік бір нәрсеге күлсе, ол тек күлімсіреп қоятын. Егер бөтен біреу оған құрметсіздік жасап, дөрекі сөйлейтін болса, Пайғамбарымыз (صلى الله عليه وسلم (оны сабыр етіп, үнсіз тыңдайтын. Пайғамбардың (صلى الله عليه وسلم (көркем мінез туралы айтқан хадистері: «Мен үшін сендердің ең жақсыларың - көркем мінезділерің» (Бухари) «Иман келтірушілердің ең иманы толығы – көркем мінезділері. Сендердің ең жақсыларың – әйелдерің үшін жақсы мінезді болғандарың» (Термези) Ирандықтар ислам дінінің шиизм ағымын ұстанушылар болғандықтан, олардың мәдениеті мен әлеуметтік өмірінде, адамдардың өзара қарым-қатынасында шиизмнің ықпалы аса зор екендігін көреміз. Шииттер (араб.: ةعيش — топ, ағым) - Мұхаммед пайғамбардың өлімінен кейін пайда болған ағым. Шииттер (шиғалар) Әли ибн кейінгі билікке ең лайықты адам санап, алғашқы халифтерді мойындамайды. Олар билікке тек Әлидің ұрпағы лайықты деп санайды. Олардың ойынша Әлидің ұрпағынан 12 имам шығып, оның он екіншісі қазір «ғайыпта». Ирандықтардың мәдениетіндегі ерекше құбылыс «та'арофты» зерттей отырып, оның қалыптасуының себептерінің бірі дін, оның ішінде шиизм деп айтуға толық негіз бар. Оны төмендегі мысалдардан көруге болады. Бір күні Хусейн әкесі (صلى الله عليه وسلم (мінезі жайында айтып беруін өтінеді. Сонда хазірет (صلى الله عليه وسلم (мінез-құлқын былайша сипаттап береді: «Пайғамбарымыз күлімсіреген жүзді, мінезі жақсы, нәзік жүректі еді. Ешқашан дөрекі немесе сыңаржақты емес еді. Аузынан ешқандай да жаман сөз шықпайтын. Өзгелердің қимылы мен әрекеттерін сынамайтын немесе жамандамайтын. Ұнатпаған бір әрекетті байқаса ештеңе айтпайтын және оған көңіл бөлмейтін. Егер сондай қылық көрсеткен адам өз әрекетін дұрыс санайтын болса, ол адамды айыптамастан, жүрегін ауыртпастан ол әрекеттен бас тартатын. Немесе ондай жағдайда ештеңе айтпай астарлап сөйлеп, ұнатпағанын жеткізетін [6, 1]. «َ َ ْلا ِفر َشلا ُل َض ْفا** ізгі Ең) «аст адаб шарафат Бартарин (- **تسا بدا تفارش نیرترب « ُبَدا** қасиет – әдеп» Адаб – (**تسا مدمه نیرترب و روای نیرتهب ،کین بدا « ٍنیر َق ُل َض ْفَا َو ٍرِزاو ُم ُر ْی َخ ِبَدَالا ُن ْس ُح»** ник, бехтарин иавар ва бартарин хамдам аст) «Әдеп –жақсылық, ең жақсы көмекші және ең жақсы серік» деген екен. [7, 5085]. Иран халқында «тавазo'» («عضاوت» («қарапайымдылық, ұстамдылық/бойұсынушылық» деген ұғым кең таралған. Оның «та'арофтың» пайда болуына тікелей байланысы бар екендігін төмендегі мысалдардан көруге болады. «عضاوت «дегеніміз этикалық ғылымда - бойұсынулық мен кішіпейілдік дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, адам өзін өзге адамдардан ешқандай артықшылығы жоқ, сондықтан олардан өзін жоғарымын деп санамау керек, ол өз іс-әрекеті мен сөз сөйлеуде өзгелерге зор құрметпен қарап, оларды жоғары төмен өзін -» ،یسفن هتسکش ینتورف ،ل ّلذت ،شیوخ نداهنورف» - мағынасы» عضاوت» .қояды түсіру, кішіпейілділік, қарапайымдылық [8, 6211]. былай деген: «عضاوت هتشاد دیشاب) «Тавазo' доште башид) Мағынасы: «Қарапайым бол. Өзгелерден өзіңді төмен ұста». мен одан кейінгі имамдардың хадистерінде «тавазo'» туралы көп айтылған. Ал, діни уағыздар мен хадистерді бала кезден естіп өскен ирандықтар өз мәдениетіндегі ерекше құбылыс «та'арофтың» пайда болып, оның күнделікті тіршілігінде кең қолданысқа енгенін, халықтың этно-психологиялық ерекшелігіне айналғанын байқамай да қалды. Жергілікті халықтың діни құндылықтарға назар аударуы жалпы дәстүрлі этникалық мәдениеттің туындау аспектілерінің бірі болып табылады [1, 20]. Сыпайылық нормалары мен қағидалары халықтың түрлі философиялық мектептерінде және имамдардың сөздерінде де бекітілген. Сыпайылық пен әдепке қатысты мақалмәтелдер де парсы әдебиетінде баршылық: «یگرزب هجیتن بدا تسا، اب بدا شاب ات گرزب یوش) «Бозорги натидже-йе адаб аст, ба адаб баш та бозорги шави) «Сыпайы болыңыз, өйткені сыпайылық – ұлылықтың нәтижесі», «بدآ بآ تایح یناگدنز تسا) «Адаб аб-е хайат-е зендегани аст) «Әдептілік – өмірге нәр беруші», «اقح هک بدا جات رس نادرم تسا) «Хагган адаб тадж-е сар-е мардан аст) «Шындығында, әдеп – ерлердің басындағы тәжі» және т.с.с. [9, 58]. Сыпайлықтың маңыздылығы зайырлы мәтіндерде, мысалы Хафиз поэзиясында (XIV ғасыр) көрініс тапқан, бұл жерде де бұл тезис діни-догмалық сипатқа ие. Хафиз: «Құдайды мистикалық тану жолында жүрген жан үшін ең бірінші шарт – сыпайылық ережелерін сақтау» - дейді. Бұл ойды Парсы елінің монотеист алғашқы пайғамбары Заратуштраның (б.з.ғасыр) басты ілімінен де көре аламыз: «Жақсы сөз, жақсы ой, жақсы амал». «Та'арофтың» пайда болуының бір жағынан діни себебі бар деп пайымдасақ, екінші жағынан ежелгі парсы әдебиеті мен поэзиясы тарихына үңілсек, падишахтың өз сарайында арнайы ақындарды жинап, сол ақындардың падишахты ұлықтап, түрлі теңеулермен дәріптептеуі де «та'арофтың» қалыптасуына өз үлесін қосты деп пайымдаймыз. Осылайша, сыпайылық қағидаттарының діни негізі - ирандық сөйлеу мәдениетінің басты ерекшелігі болып табылады, оны еуропалықтардың парсы тілін үйрену мен коммуникативтік рәсімдерді сақтау кезінде сөзсіз ескеруі қажет. Және керісінше, ирандықтарды қазіргі замануи еуропалық (оның ішінде қазақ, орыс) сөйлеу этикасы жүйесімен таныстырғанда, оның догматикалық қағидаларын емес, зайырлылық сипатын және оның көбінесе прагматикасы мен әлеуметтік-ситуациялық сәттерін ескеру қажет. Жалпы алғанда, сыпайылық пен этикет әртүрлі елдерде және әртүрлі тілдерде көрініс тапқан, тек сыпайылықты білдіруде әр тілдің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, жапон және корей тілдерінде сыпайылықтың лексико-грамматикалық категориясы бар. Әлемдегі көптеген тілдер сияқты, орыс және парсы тілдерінде арнайы грамматикалық көрсеткіш жоқ, бірақ сыпайылықты білдірудің көптеген тәсілдері бар. Мысалы, лексикалық тұрғыдан «افطل) «лотфан) «Өтінемін», «تبحم دینک) «Мохаббат конид) «Өтінемін, сүйіспеншілік танытыңыз». сыпайылықтың рөлі және оның сөйлеу этикетімен байланысы туралы былай деп жазады: «Сыпайылықты вербализациялау рөлін сөйлеу этикетіне жатқызуға болады, бірақ бұл жердегі байланыс күрделірек: сөйлеу этикеті де, сыпайылық та адамдардың бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасауы үшін қабылданған ережелерді жүзеге асырады. Дегенмен де сөйлеу этикеті коммуниканттардың бір-бірімен қатынас орнатуына, оның сақталуы мен үзілуіне негізделеді. Сондықтан да сөйлеу этикетінің басты атқаратын қызметі - қабылданған әлеуметтік қатынастар мен иерархиядағы жоғары/төмен/ тең және өзінікі/бөтен деген статус аясында қарым-қатынас орнату болып табылады [8, 126]. Сөйлеу этикетінің жоғары/төмен/тең және өзінікі/бөтен деген статус аясында қарымқатынас орнату қызметі парсы тілінде кең көрініс тапқан. «Та'ароф» дегеніміз адамның өз халқынан алып, бойына сіңіретін қасиеті және ол қасиетті өзіне сіңіруінің себебі: тәрбиелеуші халықты кішіпейілдік пен ақкөңілділіке үндейді және дөрекілікке тиым салады. «Та'ароф»- бұл ізгі ниетті сөз сөйлеу мен игі істер, жақсы іс-әрекеттер, қарияларға құрмет көрсету мен кішілерге сабырлылықпен қарау [11, 10].
|
TEXT
|
kaz
|
25,335
|
Ғылыми мақалада «Үш аймақ» көтерілісіндегі партизандық қозғалыстың жетекшісі болған Тәкіман батырдың жетінші полкті құрудағы ролі, Гоминьдан үкіметіне келіссөз барысындағы саяси ролі деректер негізінде қарастырады. Отаршылдар әскерімен шайқасып жергілікті халықты таңқалдырған Мұзды асуды асқан қазақтың қаралы көшінің жетекшісі, ұлт болашағы үшін қанды қырғында басын тіккен Тәкіман батырдың өмірбаяндық тарихы батырдың әмбебаптық қырлары сипатталады. Қазақ диаспорасының тарихындағы бұл тарихи кезең ақтаңдақ тұстарын ашу мақсатында әлеуметтану ғылымындағы биографиялық зерттеудегі нарративті сұқбат әдісі, хронологиялық, салыстырмалы-тарихи (компаративті) әдістермен ұштастырылып қолданылды.
|
TEXT
|
kaz
|
25,336
|
Үш аймақ көтерілісіндегі жетінші атты полкті құрудағы Тәкіман батырдың да үлесі зор. Жетінші атты полктің хатшысы қызметінде болған өзінің естелігінде: *«...Бұл жетінші атты полк 1945 жылы маусымда Нылқыда құрылған. Полк үш эскадроннан құрылған, 350 әскері бар. Полк командирі – , орынбасары – Қанапия, комиссары - болған. Негізі бұл полктың құрылуы Нұрбай, Қалибек, Тәкіман, бала Хамза есімдерімен тікелей байланысты... Алтай мен Іледе болып жатқан қарулы күрестің хабарын естіп ішкі жақтан ұйымдасып, Гоминьданға қарсы күрес дайындалып жатқанда әскерлерінің ішіндегі қазақ-ұйғыр болып 13 әскер - Сопахунның бастауымен Гоминьданнан бөлініп, Нұрбайға келіп Ілеге баратын жолды сұрайды. жол көрсетуге інісі Мұхамадиді жібереді. жансыздары жеткізіп, Гоминьдан үкіметке қарсы адам деп Нұрбай ауылын қоршауға алады. Батырлықпен қарсы шыққан Нұрбай оқтан қайтыс болады. Гоминьдан әскерлері Нұрбайдың жетпіс жастағы анасын, төрт жастағы баласын қинап өлтіріп, отыз жеті адамын тұтқынға алады..Гоминьдан әскерлері Нұрбайды өлтіргеннен кейін, көп өтпей алпыс жастағы Қабдолланы, оның екі ұл, бір қызын және немере келінімен қосып бірге атып тастайды...»* [1, 168 б.] №2 респондент, Ахлима апа (Салихлы ):
|
TEXT
|
kaz
|
25,337
|
Тарихта белгілі Шың шы цай үкіметі халықтың өзіне қарсы шығуынан сақтану үшін 1939 жылдың қазан айынан «мылтық жинау» және қазақтар ішіне қытай жансыздарын енгізу әрекеттері мен қатары жоғарыда сипатталған Нұрбай батырдың отбасына байланысты оқиғалар Манас – Сауандағы, яғни Қызылөзен қазақтарының Гоминьдан үкіметіне өшпенділігін күшейтеді. Қызылөзен қазақтары 1945 жылдың мамыр айынан бастап халық ұйымдасып Гоминьдан үкіметінің сол арада тұрған әскерлеріне шабуыл жасайды. Жау әскерлерінің біразының көзін жояды. Жоғарыда деректе келтірілген тарапынан 350 жасағымен қарулы көмек алған Сауан, Манас қазақтары партизандық соғыс жүргізе отырып, жетінші полк болып құрылады. «....Тәкіман батырлар осы жетінші атты полктің құрамында Қызылөзен партизандары құрамында Манас, Сауан қарулы қазақтары көтерілісінің басшысы ретінде Гоминьдан әскерімен жеті шайқас нәтижесінде 1945 жылы қыркүйектің 18-і күні Сауан ауданы азат болады. Аудан әкімдігіне –Қалибек, орынбасары ретінде – Дәулет, сақшы басшысы ретінде – Тәкіман батыр болды...[1, 174 б.] №1 респондент, ақсақал (Шиху ауданының сақшы басшысы болған, Тәкіман батырдың қызметтес әріптесі):
|
TEXT
|
kaz
|
25,338
|
Бұл кезеңде тарихта белгілі, 1946 жылдың қараша айында батыр, өзінің Алтай уәлиі міндетін тастап, Сарысүмбе қаласынан кеткен болатын. Қазақтар арасында беделі зор Оспан батырдың «Орыстың жасанды қуыршақ мемлекеті» деп атаған кешегі мемлекетінен алыстауы Манас - Сауан өңіріне, Қызылөзен мен Бортыңке еліндегі Қалибек хәкім, Тәкіман батырларға да қатты әсер етеді. Осы тақырып төңірегінде ғылыми, мағлұматы мол зерттеу ретінде Түркиялық, Стамбул университетінің доценті докторлық диссертациясын атап кету керек [2, 162 б. ]. 1947 жылы Қызылөзен мен Бортыңкедегі «Қалибектің елінің» Үрімжімен байланысы нығая түсуін байқаған « үкіметі» болып өзгерген, бұрынғы мемлекеті жағы да Қызылөзен мен Бортыңке елін сол жаңа беталысынан қайтаруға тырысқан әрекеттері де жиілей түсті. №1 респондент, ақсақал (Шиху ауданының сақшы басшысы болған, Тәкіман батырдың қызметтес әріптесі):
|
TEXT
|
kaz
|
25,339
|
№3 респондент, Бейсенбай ұлы Серғазы естелігі (Қытайдан оралған қандас, Алматы қ.тұрғыны ): *«...Тәкіман батырды естідік...туыс руымыз болмағандықтан егжей-тегжейлі сұрамадық. Өте батыр, жау жүрек болған деп отырады .... Қалибектің елі тау бөктерлеп көшкенде Тәкіман батыр үлгере алмай Қызылөзен сайын өрлей көшкен екен. «Ел ойлаған Тәкіман елі қырылып қалды» деп, бірақ бірнеше күн Мұзтауды асып келіп алдыңғы кеткен көшке қосылған, әкем қайран қалып отыратын...».*
|
TEXT
|
kaz
|
25,340
|
Тәкіман батыр елінің, қоршауда қалған жауынгерлерімен Мұз тауды «түйелі көшпен» өтуі, бұл аталған жерлерді жақсы білетін жергілікті халық үшін американдықтардың айға барып қонғандығы сияқты ерекше оқиға болған деп еске алуы батырдың жер бедерін жетік білгендігінің дәлелі. Осы көш жолында Тәкіман батыр бастаған жауынгерлер Қайыңды сайдың басындағы асуда «Үш аймақ» әскерлеріне ерекше тойтарыс береді. Шайқас болған асу халық арасында «Тәкіман әскер қырған» деген атау алған. №5 респондент, Көксеген ақсақал (Қалибек хәкім көшіндегі 17 жастағы бала, Салихлы ) *«...Тәкіман батыр Жыланды асуында ерекше батырлық көрсетті, ерекше мерген еді...».* №3 респондент, Хайни әженің сұқбатында және **«**Елім-айлап өткен өмір» естелік кітабында Қайыңды сай асуындағы Тәкіман батыр сарбаздарымен «Үш аймақ» әскеріне тойтарыс бергені жайлы деректер келтіріледі. Бұл қанды шайқастарда Тәкіман батыр жағынан да «Үш аймақ» жағынан да адам шығыны көп болған. Өкініштісі, екі жақта да қаза тапқандардың басым көпшілігі қазақтар. Қайыңды сай асуындағы шайқас соңында қазақ тапқандарды да бөліп жармай Тәкіман батыр молдалығы болғандықтан сол жерде жаназа шығарған. Бұл оқиға бір қазақ ұлтының бірі-біріне қару кезеңуі, отаршылдық саясатының құрбаны болғанының бір көрінісі, қазақтарды өзара араңдату саясаты Оспан батырдың күрес жолында да байқалады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,341
|
Тәкіман батырдың қарулы көтерілістің жетекшісі ғана емес ағартушылық жолында орта мектептерде ұстаздық қызметі және ислам діні бойынша сауаттылығы, шарапатты молдалығы жайлы зерттеу барысында сұқбатқа тартылған респонденттер тарапынан айтылды, яғни батырдың осы бір қыры жайлы арнайы мұрағаттық құжаттармен үйлестіруге сұраныс бар. Жер бағдарын білетін тәжірибелі шолғыншы, көшті қудалаған әскердің бетін қайтаруда ержүрек батыр, мерген болған Тәкіман батыр өмірбаянын тарихи, саясиәлеуметтанулық тұрғысынан ғылыми жүйелі зерттеу қажет.
|
TEXT
|
kaz
|
25,342
|
Жалпы жаңалықтардың қоғам үшін пайдасы қандай? Осы бағытта алдымен бірнеше аргументтерді ашып алсақ: Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктер: медициналық жетістіктер, жаңа емдеу және медициналық зерттеулер туралы жаңалықтар қоғамдық денсаулықты жақсарту және өмірді сақтау арқылы қоғамға пайда әкелуі мүмкін [1]. Экологиялық бастамалар: климаттың өзгеруіне, ластануды азайтуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күш-жігер туралы жаңалықтар табиғи ресурстардың тұрақты дамуы мен сақталуына ықпал ету арқылы қоғамға пайда әкелуі мүмкін [2]; Әлеуметтік әділеттілік және теңдік: теңдікке ықпал ету, кемсітушілікті азайту және адам құқықтарын қорғау бастамалары туралы жаңалықтар барлығына әділеттілікті насихаттау арқылы қоғамға пайда әкелуі мүмкін [3]; Білім және инновация: білім беру, технология және инновация саласындағы жетістіктер туралы жаңалықтар оқу нәтижелерін жақсарту, шығармашылықты дамыту және экономикалық өсуді ынталандыру арқылы қоғамға пайда әкелуі мүмкін [4]; Қоғамдық бастамалар: жергілікті қоғамдастықтың жобалары мен бастамалары туралы жаңалықтар еріктілікке, қоғамдастықтың қатысуына және әлеуметтік келісімге ықпал ету арқылы қоғамға пайда әкелуі мүмкін [5]; Яғни қоғам үшін жаңалықтың пайдасы – бұл адамдарға қоғамның игілігін арттыратын жағымды әрекеттерді жасауға мүмкіндік беретін, үйрететін және беретін кезкелген контент. Кез келген елдің республикалық, облыстық, аудандық, аймақтық тіпті шағын ауылдарында да өзінің жеке арналары мен басылымдары болады. Бұл БАҚ тікелей күнделікті әрі апталық, айлық жаңалықтарды беріп, халықты болып жатқан оқиғалармен таныстырады. Журналистика теориясы кез келген ғылым сияқты өз заңдарына ие және зерттеу материалдарын жіктеуге тырысады. Егер зоологтар, мысалы, жануарларды сыныптары, түрлері және кіші түрлері бойынша жіктесе, ал лингвистер зерттелетін тілдің барлық компоненттерін сөреге қойса, онда материалдарды талдаумен айналысатын журналистика теориясының мамандары оларды бөліктерге бөліп қарастырады. Журналистика теориясындағы жанрлар ұқсас мазмұндық формалармен сипатталатын жарияланымдардың тұрақты түрлері ретінде түсіндіріледі. Жанрлық ерекшеліктерді білу журналистке өз жұмысының мақсаттарын жақсырақ көрсетуге, материалдарды мақсатты түрде таңдауға және сәйкес ұсынуға мүмкіндік береді. Жанрлық ерекшеліктерді білу оқырман мен көрерменге өзін қоғамдық жұмыстар әлемінде орналастыруға, қызықты материалдарды табуға және жарияланымдардың әртүрлі түрлері туралы ақпаратты анық көрсетуге көмектеседі. Қазақ баспасөзі қалыптасып, даму жолына түскеннен бастап әлем жаңалықтары барлық дерлік басылымдарда, радиода, телеарнада беріліп келеді. Тәуелсіздік жылдары әлем жаңалықтарын берудің саны ғана емес, сапасы да артты. Атап айтқанда, әлемнің әр түкпірінде меншікті, жергілікті тілшілері хабар таратып, тікелей эфирде арнайы репортаждарды ұсынуды қолға алды.
|
TEXT
|
kaz
|
25,343
|
үшін БАҚ-қа басқаша жаңа түсінікпен қарау туралы тақырыптарды жүйелі жеткізген. Яғни, Түркия журналистикасын негізге ала отырып, медиаға жаңа бағытта даму, жаһандану үдерісіне ілесіп отыру керектігі айтылады. Деректерді өңдеудің қағидалары мен технологиясы, телекоммуникациялық ортаға анықтаманы «Ақпаратты тарату желісі мен жүйесі» кітабында жан-жақты айтып өткен. Ақпаратты дереккөзден тұтынушыға дейін жеткізу екі тәсіл арқылы жүзеге асырылады:
|
TEXT
|
kaz
|
25,344
|
Республикалық деңгейде аптасына үш рет жарық көретін «Айқын» газетінің редакциясына хабарласып, шығарушы редактор сөйлестік. «Айқын» газеті аптасына 3 рет жарық көреді. «Айқын апта» кезінде ғана газет 16 бет болып шығады. Газетте негізінен Қазақстандағы тыныс-тіршілік, мемлекеттік, үкіметтік ұйымдардың жұмыстары, мәдени-рухани және танымдық бағыттағы жаңалықтар жарық көреді. Дегенмен «Жаһан» деп аталатын айдар айына 2-3 рет беріліп отырады [11]. Оның өзінде онда сараптамалық материал негізінде шығады. Яғни газеттегі материалдың күнделікті телеарна, радио мен сайттарға қарағанда әлем жаңалықтарын жиі бермеуіндегі басты себеп – газеттің оқырмандары аймақта. Яғни аймақтардағы оқырман газет арқылы әлемде болып жатқан жаңалықты ғана оқып қоймай, ол туралы мамандардың пікірін оқуына, талдау жасалған тілшінің еңбегін көруіне, эксперттердің пікірлерін ұғуына мүмкіндік жасаймыз», - дейді редактор. Күнделікті жаңалықты таратуда сайт алдыңғы орында болған. Қазір әлеуметтік желідегі БАҚ ретінде жұмыс істеп жатқан парақшалар бірінші орынға шықты. Мәселен, әлем жаңалықтарын тұрақты беріп отыратын Tengrinews секілді сайттардың телеграм арналары ең бірінші әлемде не болып жатқаны туралы ақпаратты оқырманға беріп үлгереді. Арада бірнеше сағат өткен соң барып ол туралы сюжетті телеарнадан көруге болады. Ғылыми мақала барысында әлем жаңалықтарын беру бойынша талдауға ақпан айында Түркияда болған табиғи апат – жер сілкінісін телеарна, сайт және газет қалай бергенін басты назарға аламыз. Ақпан айының 7 күні Түркия мен Сирияда 7,8 баллдық жер сілкінісі болды. Бұл жағдайды бүкіл әлемдік БАҚ жазды. Әр минут, сағат сайын ақпарат легі толастаған жоқ. Әсіресе, зілзаладан қайтыс болғандар, үйінді астында қалғандар жайында тұрақты ақпарат беріліп отырды. Таңғы сағат 9:59-да «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында «Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айтты» [12] деп аталатын ақпарат жарық көрді. Ал «» газетінің ресми сайтында есімді студентінің «Түркиядағы жер сілкінісі: Әлемнің күші бірлікте» атты мақаласы жарық көрді [13]. «Айқын» газетінде «Түркияда жер сілкінді» [14] атты мақаласы жарияланды. 07.02.2023 жылы жарық көрген Түркиядағы зізала туралы жаңалықтардың саны:
|
TEXT
|
kaz
|
25,345
|
Қазақстандағы БАҚ-тың ХХІ ғасырда әлеммен байланыс орнатуға толыққанды мүмкіндіктері бар. Жоғары технологияның арқасында ақпаратты лезде алу, лезде жариялау секілді жұмыстары толық атқарылып келеді. «» телеарнасының Түркиядағы зілзаланы берудегі тәсілі – тікелей эфирде меншікті тілші арқылы эфир дайындаумен ерекшеленді. Жер сілкініп жатқан аймақта журналистік міндетін адал атқарған тілшілердің ерліктерін де атап өтуге болады. Мәселен, дәл зілзала болып, тағы да қайталанып жатқан тұста ұлттық арнаның Түркиядағы меншікті тілшісі тікелей эфирде хабар таратты [15]. « таңғы сағат жетіден асты. Бұл түн түркиялықтар үшін ең ауыр, әрі ең ұзақ түндердің бірі болды десек артық айтпаймыз. Апат болған аймақта құтқарушылар түні бойы дамыл таппай жұмыс істеді. Ақпараттар сәт сайын жаңарып жатыр. Түнде тағы бірнеше ғимарат құлаған. Мамандар жер дүмпулерінің тағы да қайталануы мүмкін екенін айтады. Ең соңғы түскен ақпаратқа сай жер сілкінісінен қаза тапқандар саны екі мың тоғыз жүз жиырма бір адамға жеткен, ал жараланғандар он алты мыңға жуықтады. 10 облыста алты мыңдай ғимарат жермен-жексен болған»[16], - деп эфирге шықты тілші. Ал «Айқын» редакциясы «Түркиядағы жаңалықтарды беруде қандай мүмкіндіктерге иек артасыздар?» деген сұраққа жалпы редакция ұжымы бас редактор нұсқаулығы бойынша жұмыс істейтіндерін атап өтті. Тілшілердің айтуынша, газет бас редакторының Түркиядағы БАҚ-пен қарым-қатынасы тығыз болғандықтан тұрақты түрде байланыста болып, тек сараптамалық материалдарға баса назар аударып отырған. Бұқаралық ақпарат құралдары әдетте шұғыл жаңалықтарды күнделікті бағдарламаларын үзу немесе веб-сайтында, әлеуметтік медиа аккаунттарында шұғыл хабарлама жариялау арқылы ақпарат таратады. Соңғы жаңалықтар туралы ескертулер аудиторияның назарын аударуға және оларға маңызды дерек немесе жаңа болған оқиғаның дамуы туралы хабарлауға арналған (Түркиядағы зілзала да осыған жатады). Теледидардағы ақпарат тарату жағдайында шұғыл жаңалықтар туралы ескерту керемет дыбыстық эффектпен бірге жүруі мүмкін. Содан кейін жүргізуші мәліметтерді жариялау үшін әдеттегі бағдарламаға ауысады. Сандықплатформалардасоңғыжаңалықтартуралыескертулерәдеттевеб-сайттанемесе қолданбада көрінетін жерде орналастырылған push хабарландырулары, электрондық пошта ескертулері немесе баннерлер арқылы жеткізіледі. Хабарландыруларда әдетте қысқаша тақырып пен жаңалықтарға сілтеме бар, бұл оқырмандарға көбірек ақпарат алуға мүмкіндік береді. Жаңалықтар туралы есеп берудің жылдамдығы мен дәлдігі бұқаралық ақпарат құралдары үшін өте маңызды, өйткені олар жаңалықтарды өз аудиториясына бірінші болып жеткізу үшін жарысады. Дегенмен, соңғы жаңалықтар туралы хабарлар қосымша ақпарат келген сайын өзгертілуі мүмкін екенін ескеру маңызды. Сондықтан жаңалықтар негізінде қорытынды жасамас бұрын немесе шешім қабылдамас бұрын сюжетті қадағалап, бірнеше көздерден алынған ақпаратты тексеру маңызды. «» телеарнасының шеф-редакторы телеарна мүмкіндіктері мен тәсілдерін толық пайдалана отырып, өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында 07.02.2023 күні жазба жариялап, ақпарат берумен ғана шектелмей, қазақстандық БАҚ-тың одан әрі деректі нақты әрі сапалы беруі үшін бөлек жауапкершілік алды. Нақтырақ айтқанда: «Түркияға 100 шақты киіз ? Зілзаладан үйлері қирап қалған халық ашық далада отыр. Сүйегі жеңіл, құламайтын киіз үй — шошынып отырған бұқараға психикалық қатерсіздік көңіл күй сыйлар еді…» деген жазбасы Facebook әлеуметтік желідегі жазбасы 1,1 мың лайк, 169 пікір жинаған. Ал дәл осы жазбаны 365 адам бөліскен. Яғни, ұлттық арна тілшісі тек жауапкершілік алып қана қоймай, арнаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Түркияға аттанды және өз жазбасын үздіксіз жүргізіп отырды. Әлемдегі соның ішінде Түркиядағы жағдай туралы жедел ақпаратты халық тек ұлттық арнадан ғана емес, арна тілшісінің әлеуметтік желідегі парақшасынан да қарап, біліп отыра алды. Дәл осы мәселе, дәл осы үрдіс қазақ журналистикасындағы ерекше көріністердің бірі болғанын да атап өту керек. Жалпы жаңалықтарды беруде сайт пен телеарналардың ғана емес, газеттердің де өзіндік рөлі бар екенін білген жөн. Газеттер жаңалықтар индустриясында шешуші рөл атқарады, қоғамға әсер ететін оқиғалар, проблемалар мен тенденциялар туралы терең және жан-жақты ақпарат береді. Олар оқырмандар үшін сенімді ақпарат көзі және жаңалықтар индустриясының негізі.
|
TEXT
|
kaz
|
25,346
|
Халықаралық жаңалықтар сюжеттерін аудару: қазақстандық журналистиканың ақпараттық сюжеттерін BBC, CNN немесе Reuters сияқты беделді халықаралық деректер көздерінен қазақ тіліне аудара алады. Бұл оқырмандарға әлемнің түкпір-түкпірінен келген жаңалықтарға ана тілінде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Халықаралық БАҚ-пен ынтымақтастық: қазақстандық журналистер жаһандық оқиғаларды жариялау үшін халықаралық БАҚ-пен ынтымақтаса алады. Мұны серіктестіктер немесе журналистерге бірлесіп жұмыс істеуге және ресурстарды бөлісуге мүмкіндік беретін алмасу бағдарламалары арқылы жасауға болады. Әлеуметтік желілер: Facebook және Instagram сияқты әлеуметтік желілердің платформаларын қазақстандық журналистер нақты уақыт режимінде жаһандық жаңалықтар оқиғаларын жариялау үшін пайдалана алады. Әлеуметтік медианы халықаралық жаңалықтар көздеріне сілтемелер алмасу және соңғы жаңалықтар туралы жаңартулар беру үшін де пайдалануға болады. Подкасттар: қазақстандық журналистер жаһандық оқиғаларды талқылайтын және аналитикалық материалдар мен түсініктемелер беретін подкасттар жасай алады. Ақпаратты жан-жақты аша алатын, әрдайым ізденісте жүретін, салалық журналистиканы меңгерген журналист медианың мүмкіндіктерінен бөлек, Youtube желісінде арна ашып, тақырыпқа сай мамандарды шақырып ашық әңгіме стильінде сұхбат жүргізу арқылы подкасттар түсіреді. Бұл тыңдаушыларға мобильді құрылғыларында және олар үшін ыңғайлы уақытта жаңалықтар мен ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Тікелей трансляциялар: қазақстандық теле және радиостанциялар сайлау, табиғи апаттар немесе халықаралық саммиттер сияқты ірі жаһандық оқиғалардың тікелей трансляцияларын көрсете алады. Бұл көрермендер мен тыңдаушыларға нақты уақыт режимінде көруге мүмкіндік береді. Жалпы, қазақстандық журналистикада әлемдік жаңалықтарды жеткізудің бірнеше тәсілдері мен мүмкіндіктері бар. Осы әдістердің үйлесімін пайдалана отырып, қазақстандық журналистер өз аудиториясына жаһандық оқиғаларды уақтылы, дәл және жан-жақты жариялауды ұсына алады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,347
|
Енді өзіміз жиі жұмыс істейтін В2, яғни ортадан жоғары деңгей тақырыптарына тоқталсақ, қолданып жүрген оқу-әдістемелік кешенімізден аса бір айырмашылықты байқамаймыз. Мәселен: «Бірінші тақырып аясы жеке тұлға ретінде өзекті болып табылады. «Адам және оның өмірі», «Отбасы», «Жұмысы», «Демалысы», «Әйел және ер адам», «Ата-ана және балалар», «Саяхат», «Бос уақыт», «Қызығушылығы». Екінші тақырып аясы әлеуметтік-мәдени сипатта: «Адам және қоғам», «Адам және саясат», «Адам және ғылым», «Адам және өнер». Үшінші тақарып аясы гуманистік мәселелермен байланысты: «Адам және табиғат», «Жер – біздің ортақ үйіміз», «Адамның рухани дамуы», «Адам және әлемдегі өзекті мәселелер» [1, 7]. Осы стандартты пайдаланып ОӘК-ден кейбір тақырыптарды шегеріп тастау жөнінде ақылдасуға болады. Мысалы, қазіргі оқу-әдістемелік кешен мазмұны «ҚР қарулы күштері», «»... сынды т.б. тақырыптардан тұрады. Аталған тақырыптардың білім алушылар арасында қаншалықты сұранысқа ие екені белгісіз. Әр факультетте, түрлі мамандықта білім алатын жастардың болашақ кәсібі бағытына айтылған тақырыптар сәйкес келе бермейді. Сондықтан олардың талғамы мен сұранысытіл үйренуде де, мамандыққа даярлықәлеуетін арттыруда да ескерілгені жөн.
|
TEXT
|
kaz
|
25,348
|
Жоспарымыздың бірінші бөлігі бойынша айтып өттік. Тақырып белгілі әрі құзіретті құжаттар мазмұны мен талабына сәйкес іріктелуі керек. Көлеміне келсек, ол мәтінге ғана емес, монолог, диалог құрамына қойылатын талаптарғада қатысты саналады. Олардың ішінде қанша сөз немесе қанша бірлік болуы тиіс екендігі жоғарыда аталған еңбекте көрсетіледі. Мәселен, мемлекеттік стандарты ортадан жоғары В2 деңгейі үшін 200-300 сөзді қамтитын диалог пен монолог болуын міндеттейді. Ал сол тілдік деңгейде таныс емес сөздер жиынтығы 10% дан аспауы тиіс. Ортадан жоғары деңгейдегі оқылым үшін ұсынылатын мәтін көлеміне «250-400 сөзге дейін, таныс емес сөздер санына 10%, жылдамдығын зерттей оқуға минутына 50-60 сөз, ал жалпы қамти оқуға минутына 100-120 сөз» [1, 8] ұсынады. Бұл көрсеткіштерді университет әдістемелік кешендері мұқият ескеруі тиіс. Ал материал мазмұнына қойылатын талаптардың бірі – лексикалық минимум. Оның мақсат-міндеті белгілі бір тілдік деңгей меңгеретін сөздік қордың нормасын қалыптасырудан тұрады. Ұсынылып отырған лексикалық минимум шет тілін үйренудің әлемдік және еуропалық стандарттарының принциптеріне, сонымен қатар, қоғамдық-әлеуметтік ерекшеліктеріне сәйкес орындалады. «Қарапайым деңгейде лексикалық минимум 800 бірлікті, базалық деңгейде 1783 бірлікті, орта деңгейде 2229 бірлікті, ортадан жоғары деңгейде 3954 бірлікті, жоғары деңгейде 5060 бірлікті құрайды» [2, 4]. Оқу-әдістемелік кешенді әзірлеушілер үшін осы көрсеткіштерді есепке алу аса маңызды. Себебі мәтін тіл үйренушілердің деңгейінен немесе шамасынан тыс сөздер мен бірліктерден тұратын болса, ол тақырыпты игерту, есінде қалдырып, бекіту қиынға соғады. Сондықтан да таңдаған мәтінімізді білім алушының тілдік деңгейіне, сөздік қорына сай артық сөздерден арылтып, орнына лайықты ұғымдар ұсынып, бейімдеуіміз керек. Немесе оны басқа ықшамдалған дайын мәтінмен алмастыруымыз қажет. Заман талабына сәйкес талаптар өзгеріп отыруы мүмкін. Дегенмен, қай кезде болсын оларды ретке келтіретін дереккөздерге, бағдарламалар мен стандарттарға арқа сүйеріміз анық. Жұмысымыз тек мәтінмен немесе диалогпен шектелмейді. Тіл оқытудың алуан түрлі әдісі бар. Алайда оқу-әдістемелік кешендер мазмұнын қайта қарастырып, талдауға қатысты осы ұсыныстарды айтуды жөн көрдік. Тілді екінші тіл ретінде немесе шет тілі ретінде оқыту тек қазақ тілінде ғана емес, әлем тілдерінде де – күрделі де жауапты мәселе. Оны лайықты шешу үшін әдістеме комиссиялар немесе арнайы семинар мен конференциялар мұны күн тәртібіне шығаруы қажет. Евдокимова «Тіл негіздерін оқытпайтын ЖОО-да өзге тілді оқытуды бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу мәселелері» мақаласында: «Не секрет, что часто размещенных готовых учебно-методических материалов в этой среде занимает время, вполне сопоставимое с тем, котороеушло на их разработку. Не говоря уже о том, что у творческого преподавателя постоянно возникает потребность в корректировке написанного, что сопряжено с пойском старого файла, его извлечением, исправлением содержания, переименованием, возвращением отредактированного и преименованного файла на прежнее место», - дейді [3]. Cондықтан тілдік бағдарламалар, кешендер әзірлеуде әр оқу орны білім алушылардың мүмкіндігі мен сұранысын есепке алғаны дұрыс. Мәтіндерді оқудан емес, аудиожазба тыңдатудан бастасақ та, білім алушы оның мазмұнына сай сөздермен танысып, сұрақтарға жауап береді немесе тест тапсырмаларын орындай алады. Ал сол мәтінді әрі қарай қалай жазу дағдысына пайдаланамыз? Сабақ барысында мәтінді екі рет тыңдатып тыңдалым мен жазылым тапсырмаларын қатар орындатуға болады. Әрине, тілдік дағдыларды қалыптастырудың түрлі жолы бар. Дегенмен, оқу-әдістемелік кешендеріміздің дені мәтіндерден тұратындықтан, бұл жұмыс нәтижелілікке, бірізділікке бағытталғаны жөн. Мұғалім болсын, оқытушы болсын қол астындағы білім алушының еңбегін бағалау арқылы жұмысының сапасын көре алады. Ал сол сапаға қол жеткізу үшін бағалау, тексеру жұмыстарының бірнеше түрін қолданамыз. Мысалы, тыңдалым әдетте глоссарий құрастырудан бастау алады. Сөздерді аударып бергеннен гөрі, олардың сөздік қорын тексеруге арналған жаттығулар орындату қолайлы, әрі табысты. Содан кейін сұрақ қоямыз, соңынан мүмкін мазмұндатамыз. Тыңдалым арқылы да сұрақтар қойып, оларды тест түрінде өткізуге болады. Тест алу лексика-грамматикалық жаттығуларға ғана емес, оқыту формаларының барлық түрлеріне қолдануға тиімді. Тыңдалымға жоспар құрғызып, сол жоспар негізінде мазмұндама жаздырып, жазу дағдыларын да қалыптастыруға болады. Онлайн емтихан кезінде жазылымның ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы - «Қазтест» ұсынған нұсқасын қолдану тиімді деп ойлаймыз. Мысалы, бұл жүйе жазылымды тіл үйренушінің деңгейін анықтауға арналған тест тапсырмалары арқылы жүзеге асырады. Ал біз қолданатын ауызша емтихан жағдайында белгілі бір тақырыпқа аудиожазба мәтінін тыңдатып, жазбаша мазмұндама талап етуге болады. Әрине, ол үшін аудиторияда бала саны 10-13-тен аспағаны жөн. Себебі көп адаммен бұл тәсіл уақыты ұзаққа созылары белгілі. Тіл оқытуда уақыт ұтымдылығын ескеретін болсақ, онда бізге алдын ала құрастырылған, жүйеленіп әзірленген ОӘК-нің көмегі ұшан-теңіз екендігін мойындаймыз. Өйткені ОӘК сабақ үстінде жүйелі жұмыс жасауымызға мүмкіндік туғызады. Сабақ тақырыбына сай нақты міндет қоя білуімізге көмектеседі. Дегенмен, ОӘК мазмұнында жиі кездесіп жүрген мәселелер де бар. Олар:
|
TEXT
|
kaz
|
25,349
|
Оқыту материалын таңдауда ескеретін талаптардың ең маңыздысы алынып отырған мәтін ішінде мағыналық байланыстың, яғни жоғары тілдік көрсеткіштерге жеткізетін нәтижесінің болуы қажет. Мәтінде аяқталмаған ойдың, лексика және абстракті ұғымдардың көп болмауын қадағалау маңызды. Бұндай келеңсіздікті неге болдырмауымыз керек? Қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған кезеңде айтылып отырған мәселелер білім алушылар тарапынан да, тілшілер қауымы жағынан жасынға ұшырауы әбден мүмкін. Бұл жағдайларды ескеру – педагогтік міндетіміз, әрі заман талабы. ОӘК мазмұнындағы тілді толықтай меңгеруге өз үлесін қосатын лексикалық тақырыптарға сәйкес берілген сөз орамдары, тірек сөздер, мәтіндер, қызықты фактілер, мақалалар, нақыл сөздер, тілдік қағидалар мен құрылымдардың қоғамдық өмірде қолданысқатүсуіне қол жеткізуіміз қажет. Осы тұрғыда ақын, бірнеше оқулық авторы «Өмір кітапқа қарай емес, кітаптар өмірге қарай бейімделіп жазылуы керек»деген ұстанымын [4, 74] басшылыққа ала отырып, ОӘК-нің мазмұнына, сапасына, алға қоятын міндеттеріне мынадай ұсыныстар айтар едік. Олар:
|
TEXT
|
kaz
|
25,350
|
Жаһандану дәуірінде халқымыз рухын жаңғырту, асқақтату арқылы ғана ұлттық болмысын сақтай алады десек, бұл мәселелер тілдік саясатта, мәдениетте, жалпы руханиятта, қоғамдық өмірде көрінуі тиіс. Себебі онда рухани құндылықтар бар. Олай болса, ғасырлар бойы қалыптасқан халқымыздың фольклоры мен дәстүрінің, құндылығы мен ұстанымдарының тағылымы айтарлықтай дей аламыз. Рухани мұраларымыз – бүгінгі ұрпақ үшін тек тарих куәгері ғана емес, сонымен қатар, қазіргі мәдениетіміздің берік тұғыры ретінде жалғаса береді. Ұлт фольклоры мен ақын-жазушылардың шығармалары – жас ұрпақты адамгершілік қағидаларына, туған жерін қадірлеуге, отансүйгіштікке, бауырмалдылыққа, мейірімділікке, адалдыққа баулитын тәрбие құралы. Ол жәдігерлерімізде айтылған ақылой -үлгі-өнеге, бұлжымас қағида болып келеді. Тағылымдық, тәрбиелік маңызын ескере отырып, тыңдалым, оқылым бөлімдерінде немесе аудиториядан тыс оқытуға арнайы лексикалық минимум ретінде «Қосымша» яки «Қоржын» танымдық бөлімін енгізуді ұсынамыз. Мәселен, арнайы минимум ретінде бір қатар ертегілерді, мақал-мәтелдерді немесе белгілі ақын-жазушылардың шығармаларынан нақты тапсырмаларды оқуға беріп, белгілі бір уақытта тексеруге арналған тест тапсырмаларымен немесе олардың сөздік қорын тексеруге арналған жаттығулар мен мазмұны бойынша сұрақтар қою арқылы олардың бұл танымдық материалдарды қаншалықты оқып-меңгергенін анықтай аламыз. Мемлекетімізде қабылданған және жалғасын табатын ұлттық құндылықтарды қайта қарап жатқан қазіргі заманымызда академик : «Этностың шын мәнісіндегі болмысы мен дүниетанымы оның тек тілінде ғана сақталады» деп айтқандай [5], қағидаға сәйкес ұсынылатын материалдарды тілдік деңгейге сай нақтылап, лексикалық минимумын анықтап, бір жүйеге түсіруді ақылдаса отырып шешкен жөн. Сонымен, қай кезеңде де оқулық, оқу-әдістемелік кешен, оқыту - өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі жаңа технология мен ақпараттандыру ғасырында тілді оқытудың жаңа әдістерін енгізіп, жан-жақты қолдану – заман талабы. «Емлені бұрынғысынан артық болғандай етіп өзгертуде мағына бар, бұрынғысынан төмен болғандай етіп өзгертуде мағына да, мақсат та жоқ» деп атап көрсеткендей [6], барымызды бұрынғысынан да сапаландырып, оқу-әдістемелік кешендеріміздің мазмұнын байытсақ, білім алушыларымыздың да сұранысын қанағаттандырамыз, тіл үйретудіңде деңгейін жаңа сатыға көтереміз.
|
TEXT
|
kaz
|
25,351
|
Бұл мақалада аралық жылу тасушысы бар гелийлi жылу өңдеу кезiндегi темiрбетон құрылымында жүретiн жылу және масса алмасу процестерi және олардың темiрбетон құрылымдарының физика-механикалық қасиеттерiне тигiзетiн әсерi қарастырылған. Сонымен қатар өзiнiң жоғары экологиялылығы және қауiпсiздiгiмен ерекшеленетiн гелиотехнологияны қарастырамыз. Гелиотехнологияның құрылыста қолданылу өнiмдiлiгi және бұл технологияның экономикалық тиiмдiлiгi суреттелген. Гелиотехнология қолданылатын барлық елдерде ол екiсатылы негiзде құрылады; алдымен күн энергиясымен су немесе май қыздырылады, содан соң қыздырылғын сұйықтықтар құбыр желi арқылы бетонды қыздыруға немесе қандай да бiр басқа мақсаттарға берiледi. Энергетикалық тiзбекке аралық жылутасымалдағышты қосу технологияның ПӘКiн төмендетедi (50-70% -дан кем емес), көптеген қосымша жабдықтарды қажет ете отырып, өндiрiстiк желiнi қиындатады және термоөңдеу құнын қымбаттатады. Күн энергиясын пайдалану құрғақ ыстық климат жағдайларында бетондарды жылумен өңдеудiң келешегi үлкен әдiсi болып табылады, оның мүмкiндiктерi әлi көп. Бүгiнгi таңда гелиотермоөңдеу әдiстерiн, жаңа әзiрленiмдердi дамытуға және оларды өндiрiске енгiзуге мүмкiндiк беретiн ауқымды зерттеулер қажет және бетондардың әртүрлерiне арналған жабық цехтарда аралық жылутасымалдағышты пайдалану арқылы гелиотермоөңдеу әдiстерiн дамыту өте маңызды. Түйiн сөздер: жылумен өңдеу, жылу алмасу, масса алмасу, темiрбетон конструкциялары, градиент.
|
TEXT
|
kaz
|
25,352
|
Жұмыстың өзектiлiгi. Қазiргi заманда, яғни, органикалық отындар қоры шектеулi, ал оларды әрмен қарай пайдалану мүмкiндiгi тұтыну қарқынымен анықталатын уақытта, күрделi құрылыстың одан әрi дамуы өнiмнiң жоғарғы сапасын қамтамасыз ете отырып, экологиялық таза технологиялық процесттер жүргiзу кезiнде энергия көздерiн үнемдеу тәртiбiн одан әрi нығайта түсумен тығыз байланысты. Жылы күндердiң саны 300-ге жететiн, ал күн радиациясының көлденең бетiне жыл сайын келуi 1700 – 1900кВт/сағ болатын жаз мезгiлiнде құрама темiрбетонды жылумен өңдеу кезiнде отын-энергетика ресурстарын үнемдеудiң тиiмдi және нақты әдiстерiнiң бiрi - күн энергиясын пайдалану [1]. Соңғы жылдары жылу энергиясын қолдану мен темiрбетон бұйымдарын жылумен өңдеудiң әртүрлi әдiстерi әзiрленiп, өндiрiске енгiзiлдi. Бұл аймақтарда 6-7 ай iшiнде ыстық климатқа жол берiп, дәстүрлi бу мен пештен толықтай бас тартуға мүмкiндiк бердi. Тәжiрибеде көрсеткендей, өндiрiске гелиотехнологияны кеңiнен енгiзу арқылы гелиополигондарды жыл бойғы пайдалану мақсатында оның мүмкiндiктерiн кеңейту мәселесi өте маңызды орын алады. Демек, дәстүрлi энергия көздерiн күн энергиясымен бiрге, бiрлесiп пайдалануды көздейтiн өнiмдердi бiрiктiрiлген гелиотермиялық өңдеу технологиясын жасау керектiгi туындады, соңғылары болса, күн радиациясының жылуының жоқтығын өтейдi. Аралас гелиотермиялық өңдеу кезiнде қосымша жылу көзi ретiнде басқа дәстүрлi энергия көздерiмен салыстырғанда артықшылықтары айқын көрiнетiн электр энергиясын пайдаланған дұрыс [2-3]. Сонымен қатар, жылу энергиясының қосымша жылу көздерiмен және олардың кеуiп жатқан бетонға әсер етуiмен күн энергиясының тиiмдi ұштасуы термоөңдеу процесiн автоматтандырусыз жүзеге асырылмайды. Мақаланың мақсаты жылу энергиясының қосымша қайталанатын көздерiмен, ұтымды комбинациясымен және құрғақ өндiрiс циклiмен өнiмдердiң жоғары сапасын қамтамасыз етуiмен, күн энергиясын жыл бойы пайдалануға мүмкiндiк беруiмен,темiрбетон бұйымдарының энергия үнемдеу мен экологиялық таза жылуөңдеудi дайындау болып табылады. Мақалада жаңа құйылған бетонды жылу оқшаулағыш және жылу жинақтағыш гелиокамераларда гелийэлектрлiтермияөңдеу кезiнде жүретiн физика-химиялық процестердiң нәтижелерi қарастырылған. Жаз мезгiлi үшiн ауа температурасы жоғары (28-30 ◦ С жоғары) және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен (50-55% төмен) болатын ұзақ ыстық жаз (жылына 100 күннен астам) тән екенi белгiлi. Сондықтан, жазғы шарттағы бетонның дәстүрлi технологиясы кезiнде негiзгi назар жаңа құйылған бетонды күн радиациясы мен желдiң керi әсер етуiнен қорғау сияқты факторларды бейтараптандыру кезiне аударылуы тиiс [4-6]. Алайда соңғы жылдары жүргiзiлген зерттеулер жаз мезгiлiндегi климаттық факторлардың әсер ету мәселесiне басқаша қарауға және темiрбетон бұйымдары мен құрылымдарын өндiру кезiнде олардың кең қолданылуын ұсынуға мүмкiндiк бередi. Осыған байланысты мақалада бұл факторлардың құрамалы темiрбетон өндiру кезiнде ықтимал қолданылу классификациясы жасалған және соған сәйкес күн радиациясын да, ауаның жоғарғы температурасын да әр түрлi технологиялық қайта бөлулерде толықтай қолдануға болады [7]. Бұйымдар мен құрылымдарды жылумен өңдеу күн радиациясы мен қоршаған ортаның жоғарғы температурасы ең тиiмдi қолданылатын негiзгi технологиялық қайта бөлулердiң бiрi болып табылады. Себебi бұл, сонымен қатар, құрамалы темiрбетонды өндiрудегi ең көп энергия жұмсалатын процесс болып келедi. Жаңа энергия көздерiн iздеу ең маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Өйткенi, планетамыздың барлық елдерiндегi өнеркәсiптiң барлық салаларының ары қарай дамуы осыған байланысты [8-9]. Көмiрсутегi көздерi – мұнай мен газдың орны қайта толмайды және осы жүзжылдықтың соңына қарай олардың қоры жер бетiнде сарқылуы мүмкiн. Ең қарапайым және көп шығынды қажет етпейтiн тәсiлдердiң бiрi күн энергиясын пайдалану болып табылады. Көптеген техникалық дамыған елдерде зерттеулер қызу жүрiп жатыр және де энергияның бұл түрi Еуропада тұрғын және әлеуметтiк-тұрмыстық ғимараттарды жылыту үшiн қолданыла бастады. Қазақстанда және Ресейде күн энергиясын қолдану бойынша мұндай зерттеулер өнеркәсiптiк және азаматтық салада, әсiресе құрылыс индустриясында, оның iшiнде құрастырмалы темiрбетон өнеркәсiбiнде кеңiнен жүргiзiлуде. Ыстық әрi құрғақ ауа райы бетон технологиясына елеулi қиыншылық енгiзiп, көптеген келеңсiз салдар туғызады. Сондықтан құрғақ ыстық ауа райы жағдайларында қарқынды сусыздану салдарынан бетонның пластикалық шөгуi жүруi кезiнде туындайтын деструктивтi үдерiстердi блокадалауға бетонды тиiмдi күтiп-баптау арқылы қол жеткiзiледi. Бетон құрылымының қалыптасуына оның бастапқы қатаю кезеңi ең көп ықпал ететiнi белгiлi, онда түрлi физика-химиялық және физикалық үдерiстер қарқынды өтедi [17]. Бетонның сусыздануына ықпал етуге, дәлiрегi тәулiктiк ығал жойылу мен соған байланысты бетон құрылымының қалыптасуына пластикалық шөгу көлемi мен берiктiгiне көптеген еңбектер арналды. Осы еңбектердiң талдауы жоғары температуралар мен қоршаған ортаның салыстырмалы төмен ығалдылығы жағдайларында бетонның қатаюы кезiндегi құрылымы қалыпасуының негiзгi критерийлерi деп зерттеушiлер бетонды жылытып кеңейту, оның пластикалық шөгуi мен ылғал жоғалту көлемi тәрiздi физикалық үдерiстердiң өту көлемдерi мен сипаттарын алғанын көрсеттi. Гелиотермоөңдеу кезiнде жаңадан төселген бетонда болатын физикалық үдерiстердiң iшiнде оның сусыздануы айрықша орын алады. Гелиотермоөңдеу технологиясы бұзылса немесе бетон дұрыс салынбаса құрғақ ыстық ауа райында алғашқы тәулiктер iшiнде 50-70% бастырылған су жоғалтады, бұл жерде оның негiзгi бөлiгi қатудың алғашқы 6-7 сағатында бетоннан шығып кетедi. Жаңадан салынған бетонға қоршаған ортамен сыртқы массаалмасудың өзiндiк сипаты тән екендiгiн зерттеулер көрсетiп отыр. Қатырылған бетонға қарағанда жаңадан салынған бетоннан шығатын ығалдың қарқындылығының екi қағидатты әртүрлi кезеңi бар: бастапқы және түпкi. Бетонның қату шарттарын, яғни дайындалатын темiрбетон құрылымдарының сапасын қанағаттандыру үшiн ортаның ылғалдылығы маңызды мәселе болып табылады. Әдетте iшкi масса тасымалдаушының қоршаған ортамен масса алмасуының әсерiнен бетон қату кезiнде тез жылу жоғалтады және бұл кейiн берiктiлiктiң жетiспеушiлiгiне әкелiп соғады. Бұл, әсiресе, қалыптандырылған бұйымдарды жазғы шарттарда ұстау кезiнде айрықша бiлiнедi. Жүргiзiлген зерттеулер қарапайым, бiрақ тиiмдi шешiм табуға көмектестi. Ол – аралық жылу тасымалдаушысы бар гелио камераларын жабық цех шарттарында қолдану. Бұл тәсiл бойынша дайындалған темiрбетон бұйымдары өзiнiң жоғары берiктiлiк көрсеткiштерi және төзiмдiлiгiмен ерекшеленедi. Барлық жағдайларда бетонның құрылымы мен қасиеттерi (сығусозуға берiктiлiгi, серпiмдiлiк модулi, аязға төзiмдiлiгi) қалыпты температуралық-ылғалдық жағдайда 28 күн қатқан бетондардың көрсеткiштерiнен асып түстi. (1-сурет) [10-11]. Сурет 1 – Темiрбетонконструкцияларынкүнсәулесiэнергиясымен (гелиоколлектормен) өндiретiн цех. Теориялық қағидалар мен тәжiрибелiк зерттеулердiң негiзiнде күн радиациясымен және қосымша энергия көзiмен жылумен өңдеу арқылы жабық цехтарда құрамалы темiрбетон бұйымдарын жыл бойы өндiру технологиясы жасап шығарылды. Бетон қоспасы бетонараластырғыштан зауытқа берiледi, тығыздалып, бетi тегiстеледi де бiрден қалыптандырылған бұйымға оның шеттерiне тығыз жанасатын жабын орнатылады. Күн энергиясын тиiмдi пайдалану үшiн бұйымдарды қалыптандыруды таңғы сағат 8-ден бастаған жөн. Бұл жағдайда күннен келетiн радиация ағыны тәулiк iшiнде бетонға көбiрек жылу бередi, яғни, оның тез қатаюын қамтамасыз етедi (сурет 2) [12]. Сурет 2 – Бетон үлгiлерi – қалыңдығы 20 см плиталарды жылытқан кездегi температураның шiлде және қаңтар айларындағы өзгеру ерекшелiктерi (ендiк градус - 42): а – шiлде айындағы жылыту (7,53кВт•сағ/м); б – қаңтар айындағы жылыту (1,69 кВт•сағ/м); 1 – жоғарғы беттен 5 мм қашықтықта; 2 – үлгiнiң ортасында; 3 – төменгi беттен 5 мм қашықтықта. Технологияны жасауда бұйымдарды қалыптан шығарғанға дейiн ұстаудың ұтымды режимiн анықтауға үлкен мән берiлдi. Зерттеулер бетонның берiктiгi бiр тәулiк iшiнде жобадағының 50-60%-ына, ал ерекше ыстық күндерi 70-75%-ына жететiнiн көрсеттi (кестелер 1, 2), сурет 3. Қатқан бұйымдар қалыптан шығарылады да, қоймаға қатар-қатар қойылады. Одан соң брезентпен немесе полиэтиленмен жабылады да, бетон жобадағы берiктiктiң 70-80%-ына жеткенге дейiн сол күйiнде бiр тәулiк жатады (сурет 2). Бұйымды полигонда ұстаған кезде олардың қатарларын брезентпен жапқан дұрыс және де оған әр 2-3 күн сайын күндiзгi уақытта су сеуiп тұру керек [13-14].
|
TEXT
|
kaz
|
25,353
|
Кесте 1 – Гелиоөңдеу кезiндегi бетонның берiктiлiгi Ескерту. Сызықтың үстiнде – бетонның берiктiгi, МПа; сызықтың астында – 28 күндiк жасында бетонның қалыпты қатуынан пайыздық көрсеткiшi, %. Кесте 2 – Әр түрлi жағдайда қатқан бетондардың аязға төзiмдiлiгiн зерттеу нәтижелерi
|
TEXT
|
kaz
|
25,354
|
Сурет 3 – В22,5 (М300) классты бетонның сығуға берiктiгiнiң уақыт бойынша өзгеруi: 1 – қалыпты қату; 2 – гелиоөңдеу Жүргiзiлген зерттеу жұмыстары қалыптандырылған бұйымдарды гелио камерасында ұстау ыңғайлы екенiн көрсеттi. Суық мезгiлдерде гелио жүйесiндегi суды жылыту үшiн бұйымдарға қосымша жылу жеткiзiледi. Күн радиациясына мұндай қосымша жылу беру бетонның берiктiгiн бiр тәулiктiң iшiнде жобадағыдан 75-80%-ға жеткiзуге мүмкiндiк бередi. Мұндай технологияда бетонның бетi жұқа қабық жасайтын сұйықтықпен жабылады. Ол 20-30 минуттан кейiн қалыңдығы 100 микрон болатын көрiнбейтiн қабықша болып қатып қалады да, бетонды ылғалды жоғалтудан нық қорғайды. Бұл жағдайда бетонды қосымша жылыту үшiн 1 м 3 бетонға 20-дан 60кВ-қа дейiн электр энергиясы жұмсалады. Бұл бумен немесе электрлiк жылыту кезiндегiден әлдеқайда төмен. Бұйымдар бетонның бетi мен қоршаған ауаның температураларының айырмашылығы 20 ◦ Сдан жоғары болмаған кезде ғана қалыптан шығарылады [15-16]. Гелиотехнология жоғары экологиялық тазалығы және қауiпсiздiгiмен ерекшеленетiнiн айта кеткен жөн. Бетонның қатуын одан әрi қарқынды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн нарықта пайда болған жаңа тез қататын байланыстырғыш және химиялық қоспаларды пайдалану негiзiнде гелиотехнологияның тиiмдiлiгi едәуiр жоғарылайды. Техника-экономикалық есептер гелиотехнологияны қолданған кезде бiршама дәстүрлi энергия қоры үнемделетiнiн көрсеттi[17]. Белгiлi болғандай, 1 кг шартты отын 7000 ккал жылу алуға мүмкiндiк бередi, 1 кг бу 600 ккал, 1 м 3 газ жағу кезiнде 8500 ккал бередi. Құрамалы темiрбетон өнеркәсiбiнде қалыптандырылған өнiмдердi жылумен өңдеу үшiн негiзiнен бу қолданылады. 1 м 3 темiрбетон үшiн 400-1200 кг бу шығындалады. Буды тiптi орташа 500 кг шығындағанның өзiнде 1 м 3 темiрбетон бұйымдарын жылыту үшiн 300000 ккал жылу бөлiнедi және бұл 1 м 3 бұйымды жылытуда газды 35 м 3 -тен көп шығындағанға сәйкес келедi [18]. құрама темiрбетон өнiмдерiн шығару 2013 ж –2364974 м 3 , 2014 ж – 2905787 м 3 , 2015 ж – 1332145 м 3 , ал 2016 ж 9 айдың iшiнде 833056 м 3 құрады. Егер жыл сайын гелиотехнология бойынша жылы мезгiлде 200000 м 3 құрамалы темiрбетон бұйымдары шығарылатын болса, онда газға қайта есептегенде 6 млн м 3 отынды үнемдеуге болады.Ал егер де суық мезгiлдерде аралас гелиотехнология бойынша жылына тағы 100000 м 3 бұйым шығарылатын болса, отынды бумен жылытумен кезiндегiмен салыстырғанда 1,6 млн м 3 үнемдеуге болады (есеп жүргiзуде аралас әдiс кезiнде шартты отын шығыны газға аударғанда 16 м 3 болады деп алынған). Осылайша, бумен жылытумен салыстырғанда бетонды гелио жылыту кезiнде шартты жылуды үнемдеу газға аударғанда 8,6 млн м 3 -тi құрайды.
|
TEXT
|
kaz
|
25,355
|
Мақала инновациялық конструкциялы құйынды жанармай құрылғысының тәжiрибелiк зерттеулерiн сипаттайды. Эксперимент жүргiзу әдiстемесi толық сипатталған. Нәтижелер келтiрiледi. Алынған мәлiметтер анализденген. Осындай түрдегi құрылғының жұмыс қабiлеттiлiгi негiзделген. Құрылғыдағы жану температурасының қол жеткiзiлген деңгейi шамамен 1500 ◦ С отынды тиiмдi жағуға және жабдықты жылу генераторы ретiнде пайдалануға мүмкiндiк бередi. Камерадан шамамен 160 м/с жоғары жылдамдықта шығу жақсы қоспа түзудi қамтамасыз етедi. Түйiн сөздер: құйынды жанармай құрылғысы, сүйық отын, эксперимент, жану камерасы, термиялық кернеу.
|
TEXT
|
kaz
|
25,356
|
Солардың ішінде, қолданылатын бастапқы шараның бірі – (политкорректность), яғни саяси ізеттілік. Осы түсінік бастапқы кезде Америкада қолданылды. Бұл мемлекетте осы түсінік – ұран ретінде қарастырылды, себебі осындай ұран АҚШ-тың ымырашыл саясатын белгілеу үшін пайдаланылды. пікірінше, саяси ізеттілік ұраны Америка қоғамының азшыл топтарын (ұлттық, сексуалдық) атау үшін пайдаланылған. Оларға төзімді болуды шақырған, мәселен, *негір* сөзінің орнына «афроафриканец» деген сөзді, ал *сал, жарымжан* деген сөздердің орнына «демеуді қажетсінушілер» тіркесін қолдануды жөн көрген [1]. -Минасова саяси ізеттілікті евфемистік тәсілдердің түріне жатқызған. Ғалым осындай тәсілдерді «тілдік тәсілдер» деп санайды. Олар адамдардың намысына тиетін, жеке түлғаның қадір-қасиетін таптайтын, адами құқықтарына шек қойғызатын әдепсіз сөздерді қолдануға тыйым салуға әсерін тигізеді, себебі әдепті сақтамай басқа ұлтқа жататын адамдарға, егде жастағы қарттарға, әлеуметтік мәртебесі төмен қоғам мүшелеріне, ғаріптерге намысына тиетін, кемсітетін сөздердің орнына пайдаланып, адамдарды қорғауға арналған [2]. Басқа ұлттың өкілдерін, қоғамдағы әлеуметтік жағдайы төмен мүшелерін, ғаріп адамдарды кемсітуге болмайды. Әрбір қоғам оларды кемсітетін, намысына тиетін сөздерді, лақап аттарды қолдануға тыйым салады. Сонымен қатар, этникалық тысқары пікірлерді де қолдануға болмайды. -Дейк осындай пікірлерге ұлттық нышан бойынша кемсітетін сөздерді жатқызады. *Мысалы, аққұлақ, қара, макарон жейтін, бақа жейтін, фриц, негір және* т.б. [3]
|
TEXT
|
kaz
|
25,357
|
Қазіргі халықаралық қоғамдастықтарда жаңа мәдени норма қалыптасты. Сол әдептер ұстанымында адамдардың арасындағы әртүрлілікті байқамау, оған назар аудармау, оларға мойынсұну, ережесі бекітілді. Сонымен қатар, әрбір адамның даралыққа құқықты екені ескерілді. Қоғам мүшелерінің ерекшеліктерін, соның ішінде, білім саласындағы өзгешеліктерін мойындауға назар аударылды [4]. Алайда, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін толық жағдай жасалуда. Мемлекетімізде басқа мемлекеттермен қатар халықаралық құқықтық актілерді бекітумен қатар, БҰҰның «Мүгедектердің құқығы туралы» (2016) «Білім саласындағы кемсітушілекпен күресу» Конвенциялары (2017) да мақұлданды. Осы шаралар мемлекеттің әр мүшесін кемсітуге ұшыратпауға, сапалы білім беруге бағдарланған. Әр қоғам мүшесінің құқығын қамтитын еліміздің саяси ерігін білдіреді [4]. Мәселен, зертеушілер , айтуынша, Қазақстанда, біріншіден, мүмкіндігі шектеулі субъектілер үшін арнайы ұлттық психологиялық-педагогикалық көмек жүйесі құрастырылды; екіншіден, мемлекетімізде ғаріп адамдарды, ерекше білім беру қажеттілігі бар қоғам мүшелерін жебеу үшін «әлеуметтік жәрдем жүйесі» құрастырылды [5]. Осы жүйенің негізгі жұмысы ғаріп адамдар тобына көмек көрсетіп, қолдауға арналған мемлекеттік саясаттың ұстанымдарын білім, медицина, әлеуметтік салаларда қолдап, жергілікті мекемелерде жүзеге асыру. Осындай жүйенің жұмысы 5 деңгейде өткізілетін болып жоспарланды. Әлеуметтік қолдау жүйесі жұмысының бірінші деңгейін жүзеге асыру барысында қоғам мүшелерінің ғаріп адамдарды кемсітетін, жәбірлейтін қатынастарын жоққа шығарып, жоюға жағымсыз қатынастарды болдырмауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету қажеттілігін сезінетін, жебеп, жағымды қатынастарды көрсетуге бағыттау. Қазақстанда шектеулі мүмкіншіліктері бар адамдарға деген ерекше көзқарастар пайда болуы мүмкін. Осы көзқарастардың негізі – діни ұстанымдар. Мұсылмандық тағылымдар бабынша, мүгедектік – күнә үшін берілген жаза, себебі мүгедек адам – күнәһар. Сондықтан да халықтың көпшілігі (діни ұстанымдарды сақтайтындар) мүгедек адаммен қарым-қатыныста болғысы келмейді, өйткені оны кемтар деп санайды. Ал кемтарлық – адамның психикасының немесе дене құрылысының кемістігі. «Оның мүкістігі құдай кінәсі үшін берген жазасынан», – деген пікір орын алуы мүмкін, «сондықтан ондай кемтарлармен қатынасты үзу қажет, әйтпесе сол күнә басқаға көшуі мүмкін», – дейді. Сол ебепті кемтар адамдардан қорқады. Олардан қорғану үшін сақтандыратын тетіктер – қолданылған когнитивтік таптауырындар. Олар кемтарлықты ата-аналардың күнәһар өмірді сүргені үшін балаға берген жазасы деп түсіндіреді. Шыңғысханның «Жасақ», «Білш», «Жасы» заңдар жинақтарында (1206) бірінші рет әлеуметтік әділеттілік жүзеге асырылды. Шыңғысханның енгізген ережесі бойынша рудағы адамдардың бәріне тең құқықты қатынасты көрсету керек. Осы талапты қадағалау жөн [6]. Ғаріп адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету жүйесінің екінші деңгейі ХIII-ХVIII ғғ. мерзімінде жүзеге асырылды. Осы мерзімде шетелдіктер ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік көмекті жетім сәбилер баспаханасы немесе сопылық монастырлер қабырғаларында көрсете білген. көзі көрмейтін және құлағы естімейтін балаларға арналған бірінші мектептер тек ХIХ ғасырдың басында ғана ашылды. Қазақ жерінде ғаріп балаларға арналған мектептерді ашу мәселесі, тіпті, жолға қойылмады. Қалған үш деңгейде ерекше қажетсінулері бар балаларға көмек беру шаралары инклюзивтік мектептерді ашуды ұйымдастырып, оның жұмысын қадағалап қолдаумен байланыстырылады. Инклюзия оқушылардың әртүрлілігін ескеретін әдіс, осы әдісті қолдану барысында оқу жоспарлары мен мақсаттары оқушылардың мүмкіншіліктеріне және қажеттіліктеріне орай ретке келтіріледі [7]. Әлеуметтік педагогтың ғаріп балаларды қоғамға бейімдеу жұмысының екінші түрі – оларға инклюзивтік білім беруді ұйымдастыру. Оны ұйымдастыру үшін қажетті шараларды қолдану қажет. Ондай шаралардың бірі – «инклюзивтік оқу» туралы түсінікті «ғаріп баланың» ата-анасына, мектептегі мұғалімдер ұжымына, оқушыларға қолжетімді деңгейде жеткізу, себебі қоғамда әлі де болса ғаріп балаларды арнайы мектептерде немесе жеке түрде оқыту қажет деген теріс пікір әлі де болса кең таралған. Ал «инклюзия» адамның құқығын сақтауға кепілдеме беретін Конституция заңына негізделген қөзқарастар жүйесі. Дамуында ақауы бар балалар өздерінің дені сау, ақыл-есі дұрыс құрдастарымен бір ұжымды болуына құқылы екенін құптайтын қөзқарас. Ғаріп балалар өздерінің шамасына қарай білім алып, ойын, ақыл-есін өрістету мүмкіншілігіне ие болады, соның арқасында келешекте қоғамның өміріне қатыса алады [8, 204]. Қазақстанда білім жүйесіне инвестицияларды салуға көп көңіл бөлінсе де, сапалы деңгейдегі инклюзивтік білімді, , БҰҰ-ның мүгедектердің құқықтары бойынша баяндама жасаушының пікірінше, тек шамалы ғана ғаріп балалар алып жатыр. Ал зертеуші Республиканың бес қаласындағы (Алматы, Астана, Қостанай, Қызыл-Орда, Шымкент, Талдықорған) бес инклюзивтік мектептерде, төрт арнайы түзету – өрістету мектептерінде болып, сол инклюзивтік мектептердегі ғаріп балалардың жағдайларын сипаттаған. Олардың айтуынша, инклюзивтік мектептерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға әлі де толық жағдай жасалынбаған. Инклюзивтік оқу үдерісін ұйымдастыру үшін әлеуметтік педагог жұмысын алдын-ала жоспарлап, ақпаратты, мәліметтерді газет, радио, теледидар арқылы жинақтап, жанжаққа таратады. Сонымен қатар, педагог ғаріп балаларды мектептерге орналастыру үшін білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау істеріне жауапты мекемелермен тығыз байланысты болуы керек. Тағы бір назар аударатын жәйт: 1) инклюзивтік сыныпта істейтін мұғалімдердің оқу-тәрбие бағдарламаларын тексеріп, қадағалау арқылы барлық оқушылар үшін оқу-тәрбие бағдарламасы қойылатын талаптарға сай жасалуын және оны ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін оңайлатып, жеңілдетуді ескеруі тиіс. Мәселен, келесі жағдайды ескертеді: «Инклюзивтік оқу үдерісі келесі жағдайда ойдағыдай жүзеге асырылады, егер дені сау, ақыл-есі дұрыс балалармен оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қажеттері толық қанағаттырылса» - дейді [9]. Сол қажеттердің ішінде тапсырмаларды жеңілдету жұмысына назар аударады. Себебі ғаріп балалар шаршап, мезі болмағаны жөн. ЦПД-ы бар балалар өз қимылдарын жақсы үйлестіре алмайтындықтан, сөзі бұзылғандықтан оларға орындайтын тапсырмаларды толық көлемде бермейді. Қажет болса, осындай балаларға карточкалар және тестілер таратылады. Сонымен қатар, емтиханды да олар жеңіл түрде тапсырғаны жөн, себебі олардің психикасының ерекшелігін ескеру қажет: оларға шаршағыштық, көңілінің ауытқушылығы тән. Сондықтан оларды емтихандарды тапсыру кезінде аяушылық жасап, көмек көрсеткен жөн. Инклюзивтік оқу үдерісін ұйымдастыру барысында әлеуметтік педагогтың тағы бір ескеретін жағдайы, ғаріп балалар оқитын мектептер мен оқу бөлмелерін олардың ыңғайларына орай қайтадан жарақтандыру қажет, себебі ЦПД-ы бар балалар үшін кедергісіз ортаны жабдықтаған жөн, өйткені олар оқу мекемесінің барлық бөлмелерінде еркін қозғалу керек. Ғаріп балалар отыратын үстелдер мен парталардың жанында бос орын көлемі жеткілікті болғаны дұрыс, өйткені бұндай балалар еркін тұрып партадан шығуы үшін қоршайтын кеңістік кең болғаны дұрыс. Үстел үстінде жататын оқулықтар мен оқу құралдарын емін-еркін ауыстыру, қозғау үшін де кең орынды қалдыруды жоспарлаған жөн. Балаларды инклюзивтік мектепте оқыту үшін оларды келесі өлшемдерге сәйкес таңдап алу қажеттігін де ұмытпау керек: баланың ақыл-есі кем төмен деңгейде болмау керек; көзі көріп, сөзі қатты бұзылмағаны, құлағының да мүкісі тым аздау болғаны жөн. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сіңірі де құрысып, тартылып қалмауын ескерген жөн. Сонымен қоса, бұндай бала өзіне-өзі қызмет ете алатын болу керек. психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысының келесі міндеттерін көрсетеді. Оларға келесілерді жатқызуға болады: 1) оқу үдерісінің компоненттерін және құралдарын психологиялық экспертизадан өткізу; 2) оқу үдерісіне қатысы барлық адамдардың психологиялық компетенциясын арттыру; 3) оқушылардың психологиялық мәселерін алдын-ала біліп алып шешуге тырысу; 4) балаға технологиялық көмегін беру, қоғамды әлеуметтендіру ісін жүзеге асыру [10]. Психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік сүйемелдеу жұмысының төмендегі түрлерін сипаттап, олардың келесі түрлерін атап көрсетеді:
|
TEXT
|
kaz
|
25,358
|
Семичева да психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысының негізгі міндеттерін сипаттап, түрлерін көрсетеді. Зерттеушінің пікірінше, әлеуметтік педагогтар ғаріп балалардың ата-анасымен де қоян-қолтық араласқаны жөн. Ерекше қажетсінулері бар балалармен істейтін жұмысты «психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» деп атайды. Осындай жұмысты әлеуметтік педагог орындау барысында алдын алатын жұмысты баланың ата-анасымен де жүргізеді: оларға консультацияларды ұйымдастырады, анасына баланың психикалық хал-жағдайын бақылау тәсілдерін үйретеді, баламен эмоционалдық қатынасқа кірудің әдістерін де көрсетіп, психокоррекциялық сабақтарға қатысуды ұйымдастырады. Баланың отбасымен өткізілетін әлеуметтік-психологиялық жұмыстың мақсаты – кешенді көмекті ұйымдастыруда, ал негізгі міндеттері мынадай:
|
TEXT
|
kaz
|
25,359
|
Мысалы, да ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен келесі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысының 4 түрін міндетті түрде өткізудің қажеттілігіне назар аударады. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысын ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолданылатын әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлардың кешенді жүйесі деп белгілеген [12]. Осындай жүйе жалпы білім беретін мекемелердің жағдайында бірнеше қызметтерді атқарады: 1) Өтемділік қызмет. Бұл қызметтің мақсаты: ғаріп балаларды дені сау балалардың қатарынан қалмай дамыту үшін ерекше жағдайларды жасап, олардың ынтасын оятып, қызығушылығын арттыру. 2) Ынталандыру қызметі: бұл қызмет ғаріп балалардың ынтасын, жігерін арттыруға бағыттаған; 3) Өрістетуші қызмет. Ол ғаріп балалардың дені-сау балалардың ортасында дамуын қамтамасыз етеді. 4) Түзету-өрістетушілік қызмет баланы психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтиды. Инклюзивтік білім ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың өмірін жақсартып, өмірден үмітін үзбей, келешегі жарық екеніне сендіруге мүмкіншілік тудырады. Инклюзивтік оқудың тағы бір түрі – мейнстриминг стратегиясын жүзеге асыру [13]. Бұл жағдайда ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар өздерінің құрдастарымен бірге оқудан тыс уақытта араласады: мейрамдарда, фестивальдарда т.б. Осындай мерекелік шараларға қатысу, ғаріп балалардың әлеуметтік ортаға бейімделу дағдыларын арттырады. Осындай жұмыс түрлерінің негізгі принципі – инклюзия философиясы принципі негізінде ұйымдастырылады. Сондықтан сүйемелдеу жұмыстарының түрлері төмендегі ұстанымдық тағылымдарды қамтиды. Ондай принциптерді былай жіктеуге болады:
|
TEXT
|
kaz
|
25,360
|
Зерттеуші ғалымдар: , , сүйемелдеу жұмысын ұйымдастыратын принциптерді сипаттаумен қатар, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысының моделін де ұсынады. Сол модель инклюзия философиясы принципіне негізделген. Авторлар өз мақаласында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды дамыту және әлеуметтендіру моделін көрсеткен. Бұндай модельді құруда келесі мақсат көзделген: балалардың жаңа әлеуметтік даму жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысын қамту [14]. Қазақстандағы ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін бүкіл әлемде қабылданған осы модель қолданылады. Бұл модель *«Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау және бағалаудың әлеуметтік-педагогтық моделі»* деп аталады. Осы модельде келесі ұстанымдар айқындалған: отандық оқу білім жүйесі кемеліне жетілмегендіктен, оқушыладың әртүрлі қажеттіліктерін ескеріп, дайын болмағандықтан ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар талай қиындықтарға шалдығады. Берілетін баға адамның қажетілігін ескеру негізінде қойылады, ал оқу үдерісі – оқу барысында қолдау және қоршаған ортаға бейімдеу факторлары негізінде құрастырылады [15].
|
TEXT
|
kaz
|
25,361
|
«Туған жер» ұғымының астары адам баласының өзі мекендеген кеңістікті игеру амалдары мен сол кеңістікте ұйымдастыратын тіршілік түрлерін талдап-таразылау арқылы ашылады. Дүниеге келу және өмірмен қоштасу циклдеріне қатысты ғұрыптар этнос қоныстанған жер аумағымен тығыс байланыста жүзеге асады. Бұл ұғымға этностық даралық тән және басқа тілдерге сөзбе-сөз аудару оның ішкі ұлттық мазмұнын толық қамтитындай ашып бере алмайды. Көшпелілер мәдениетін қарастырған кезде туған жердің мифтік-поэтикалық бейнелеріне ден қоюдың маңызы зор. Олар өз ата-бабаларынан қалған қонысқа ру-тайпаның ортақ игілігі ретінде қараған. мен көшпелі халықтарының дәстүрлі мәдениетінде жер меншігіне қатысты экономикалық және заңдық көзқарас үстемдік етпегенін әркез еске салып отырады. Олардың туған топырақпен қарым-қатынасы рухани байланысқа негізделген. Көшпелілердің өздері мекендеген жерлерді оп-оңай тастап, орын ауыстыра бергені туралы жалған стереотипті пайымдардың тым біржақты екенін қазір салиқалы ғалымдардың баршасы бір ауыздан мойындаған. Бабаларымыз кеңістікті *топофильді* (жағымды) және *топофобты* (жағымсыз) деп бөліп тастап, туған жерін әрдайым көтермелей сипаттаған. Соның нәтижесінде түркі халықтарының эпостық шығармалары мен ертегілік прозасында атамекен бейнесі өте шұрайлы көрініс тапқан. «Туған жер» ұғымы түркі, сондай-ақ моңғол халықтарында, біріншіден, адамның кіндік қаны тамған қоныспен, екіншіден, ата-бабасының сүйегі қойылған, бейіті соғылған жермен, үшіншіден, ру-тайпа үшін киелі мәні бар (*«әулиелі»*) орындармен байланыстырылады. Осы түсінікке табан тірегенде ғана адам ұшпаққа шығып, бақша-мұратына жетеді деп есептелген. Қазақтың батырлық жырларының сюжетінде жауды жеңген қаһарман түптің түбінде міндетті түрде туған топырағына қайтып оралады. Мақал-мәтелдерде де осы бағыттағы ой желісі орнығыпты: *«Ит – тойған жеріне, ер – туған жеріне», «Жат елдің жақсысы болғанша, өз еліңнің сақшысы бол», «Туған жердің күні де ыстық, күлі де ыстық»*, т.б. Халықтың санасына ертеден бері этикалық норма ретінде сіңген бұл қағидатты тұтынған қаламгерлер түрлі ситуацияны алып, өз шығармаларында соған сәйкес көркемдік шешім іздестіреді. «Масғұт» поэмасындағы: Ендігіге не сұрау бұл жалғанда? Ақыл-ой, ар-намыс жоқ еш адамда. Өлген мола, туған жер жібермейді,*
|
TEXT
|
kaz
|
25,362
|
Ұлт менталдығының бастапқы сатысында *архетиптер*, әйтпесе *идеал-концепт* (), немесе *символ* () тұрады. *Архетип* **-** *адам жанының түкпірінде бедерленген ілкі бейнені, түпкі пішінді, әуелгі бітімді білдіреді*. Осындай алғашқы бастау-белгілерді ойшылдар түрлі терминдермен ишаралаған. Мысалы: -Брюльде – «*representations collectives*», яғни ұжымдық түсініктер; – «*ой-қиял ұғымдары*»; – «*қарапайым ойлар*»; – «*әлемдік рух*»; – «*ұлттың жаны*». Ұжымдық бейсаналық архетиптерді зерттеуде швейцариялық ғалым айрықша еңбек сіңірді. Оның пікірінше, архетиптер адамзаттың тарихи дамуы барысында туған психикалық құрылымдарға жатады. Адам баласы айнала қоршаған болмыс құбылыстарына өз тиесілі мәдени орта тұрғысынан көз салады. Әрбір этнос өкілі үшін оның жан дүниесін белгілі бір әсерге бөлейтін, сезімге орайтын идеялар мен бейнелер болады. Ми қатпарында сәулеленген архетиптердің жаңғыруы сананы руханилықтың байырғы кезеңдеріне қарай жетелейді; өткеннің ғана өлшемі болып қалмай, болашаққа бағдарланған ойларға азық береді. Олар мифологиялық, фольклорлық мұраларда көрініс тауып, көркем шығармашылыққа, оның ішінде кәсіби сөз өнеріне түрткі салады; жаңа дүниетанымдық ізденістерге негіз қалайды. Әр этностың өмірінде өзіндік мәдени архетиптер бар; бұларда халықтың дүниетанымының, мінезінің, шығармашылығының, тарихи тағдырының ерекшеліктері таңбаланған. Солардың бірі – жалпы адамзатқа ортақ, сонымен қатар әр қоғамдық ортада өз ерекшелігін байқататын *«Жер-Ана» архетипі.* Көшпелі түркілер өркениетінде «Жер-Ана» бейнесінің дара бітімі бар екені белгілі. Ол өз төркінін көне бітіктастағы *«-Су»* («-Су») ұғымынан алады. Түрлі трансформацияға ұшыраған «Жер-Ана» архетипі бергі замандағы қазақ ақындарының суреткерлік психологиясында тұрақты нышан танытты. Қасиетті қара жерді ана ретінде қабылдаудың ескі сорабы жоғалып кеткен жоқ. «Дала» поэмасында бұл түсінік: *Көктен төгіп нұрын Күн,*
|
TEXT
|
kaz
|
25,363
|
Одан кейінгі кезең қазақ ақындарының ішінде туған өлке мен ана тақырыптарын жиі жырлаған шығармашылығында осы екі бейне бара-бара өзара кірігіп кетті. Оның туындыларындағы «Жер-Ана» бейнесінің ара-тұра бір емес, үнемі ұшырасып отыратыны – қаламгердің дүниетаным тұтастығының және саналы суреткерлік ұстанымының белгісі. Мысалы, ақын «Жер мен әйел» атты философиялық пайымға толы өлеңінде [5, 75 б.]: *«Жер демекші, о да ару, ол да ана, // Әйелге тең теңеу болса, сол ғана»*, -деп, сонау , бері қарайғы тіршіліктің құрсағы – Жердің сұлулық сипатын, жаратушылық күшін, жарылқағыш мінезін, тылсымдық құдіретін әйел затымен салыстыра суреттейді. Өлеңнің: *«Мен әйелге тәңірімдей табынам...»* деген алғашқы тармағындағы тұжырымның астарын осындай қарым-қатынас арқылы ашады, яғни: әйел де – тәңірі, жер де тәңірі. *«Жер деп Көкше жерін айт»* атты өлеңінде Жұбан семантикалық егіздеудің сырын перзенттік сезіммен жайып салады: Мен үшін қазақ жерінің Жаманы және жаты жоқ. Мен үшін қазақ жерінің Анадан өзге аты жоқ!* [5, 201 б.]. Ал, оның «Таңырқаймын шыңдарына таулардың» атты шығармасындағы *«Дала! Дала! Дала! – емсіз ғашығым»* [5, 203 б.] деген жолдарды оқығанда, ақынның алдыңғы екі өлеңімен таныс оқырманның санасында *«Дала-Ару»*, *«Дала-Ана»* ұғымдары өзара шарпысады. Ендеше, патриот ақын Жерді бірде ғашық аруға, бірде ғазиз анаға теңестіру арқылы өзгеше көркемдік өрнек қана емес, елдің туған топыраққа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеудің тартымды тәсілін де тапқан. 1960 жылдар поэзиясының көрнекті өкілдері (), , поэзиясында жолығатын «Жер-Ана» бейнесі де өзінше суреттелген. «Маған болу керек еді...» деп басталатын өлеңіндегі ұлы Отанының *«көк орманы», «қыр гүлі», «тау суы», «бұла таңы»* болып жаратылмағанына өкінетін лирикалық қаһарман сөзінің соңында *«О бастан-ақ анам – Дала, әкем менің – Күн екен,// Осы мені ата-анамнан бөліп алған кім екен?!»* [6, 22 б.] деген риторикалық сауал тастайды. табиғат лирикасына жататын өлеңінің атын «Ұқсастық» деп қойыпты. Образға орап айтпағы да сол: *босанған Ана* мен көктемде *бусанған Даланың* арасындағы *ұқсастық.* Ұл тапқан жас ана біресе тұла бойы тершіп, біресе шөлін шаймен қандырып жатса, ақын қиялында Дала да осының бәрін бастан кешіреді. Ананың адал жары қалжасын даярласа, даланың серігі диқан да қам-қарекет үстінде – «тәй-тәй саусағын жаяр» көк егінді күтулі. Автор өлеңін:
|
TEXT
|
kaz
|
25,364
|
«Салмақ туралы» атты өлеңі [8, 11-13 б.] – кеңсенің ұсақ тірлігінен космостың ұлы тынысына дейінгі аралықты жалғап жатқан адамзат өмірінің мың-мың түрлі белгі-бедерін суреткерлік қиял құшағына қаусырып, бір ғана құдіретке – туған жерге табынуды дәріптейтін толғақты дүние. Содан болар, ақынның Жер-Анасы әмбелік – жалқы да, жалпы да мазмұнға ие: Салмақсыздық, меніңше, барлық заңға жат болар, ұлдарының Жер-Ана алыс жолға аттанар оралсын деп тезірек салмақтарын ап қалар... .................................................................................. Сенде менің бөлінбес күллі ырысым, күллі есем, -Ана, не ойласам – ораласың тілге сен. Жапырағыңмен сыбырлап отырмасаң күнде сен, Мен өнерде өзімнің салмағымды білмес ем! ....................................................................................... Саулығымды ал, Санамды ал, Туған жерден тек мені – салмағымнан айырма!* Осылайша жыр әлеміндегі дәуірі ортақ үш ақынның туған жер тақырыбын жырлау тәжірибесіне жүгіне отырып, «Жер-Ана» ұғымының әрқилы идеялық-көркемдік мақсатта жұмсалғанын аңғаруға болады. Тарих басқа жаулаушы жұрттың қол астына қараған кез келген өміршең этнос өзінің тамыры тереңде жатқан таным-түсініктерінен оңайлықпен қол үзе қоймайтынын растайды. Елдің тынысы мен тұрмысының ең ділгер, ең дертті жайттары жөнінде қазақ ақындары туған жер тақырыбы арқылы тұспалдаған. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайларды және әдебиеттің ішкі даму заңдылықтарын ескере отырып, кеңес қазақ поэзиясындағы туған жер тақырыбының идеялық-көркемдік эволюциясын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады:
|
TEXT
|
kaz
|
25,365
|
Қазақтың өлең өнеріндегі аталмыш тақырыптың ажарын ашуда ұлттық жаратылыстың мәйегін жинақтаған «дала» мен «ауыл» ұғымдары алтын арқауға айналды. Нұрғалиев: «*Алтай мен Атырау, Сібір мен Самарқан арасын ғасырлар бойы жайлаған қазақ халқы аспанмен тілдескен зеңгір таулардың сай-саласын, көк толқынды телегей-теңіз жағасын, шетсіз-шексіз құм қойнын тұрақ еткенмен, оның негізгі мекені, сүйген топырағы – Дала, болды*» [9, 83 б.], - деп жазса, әдебиеттанушы : «*Дала – халықтық болмыс, ұлттық рухтың символы болса, ауыл – оның тіршілікке, мазмұнға толы және бір жанды, төл көрінісі. Дала – ауыл... Шынына келсек, поэзиямыз үшін тақырып жөнінен бөліп-жарып, жіктеп-жіліктеуге келе бермейтін тұтас ұғым: туған жер. Халық әуезіне құлағы түрік, көңілі сергек, кіндігі осынау алтын қазыққа байлаулы кім-кімнің де жүрек тереңінде сақтаған қазыналы алтын сандығы*» [10, 82 б.], – деп, бұл ойды толықтыра түседі. шығармашылығының арқасында «Дала» сөзі шын мәнінде ұлттық символға айналып, әр алуан ассоциацияларға жетелейтін дәрежеге жетті.
|
TEXT
|
kaz
|
25,366
|
Өкінішке қарай, , , , , , т.б. талантты ақындардың туындыларында белгі берген жемісті тенденцияны 1940- 1950 жылдардағы «ұлтшылдыққа» қарсы күрестің кезекті науқаны бірсыпыра уақытқа тежеп тастағаны мәлім. Қазақ ақындарының ішінде туған жер тақырыбына қалам тартпағаны жоқ; бірақ оны өз шығармашылығында саналы түрде бүтіндей бір идеялық-поэтикалық концепцияға айналдырғандары көп емес. Сондай көрнекті ақындардың бірі – . Оның үш томдық шығармалар жинағына алғы сөз орнына жазған «Қадырдың қадірі» атты мақаласында академик : «...*Әрбір шын мәніндегі суреткер секілді Қадырдың да кешегі жыры – Адам туралы болатын, бүгінгі жыры да – Адам туралы, ертеңгі жыры да – Адам туралы болмақ. Ал адам, оның тағдыры мен тіршілігі әдеби шығармада әрқашан белгілі бір уақыт пен кеңістікте көрсетілуі шарт. Демек, Қадырдың адамы да мезгіл-мекенсіз әлдебір абстракциялық нәрсе емес. поэзиясында үзілмейтін өзекті желі боп тартылып, жан-жақты ашыла суреттеліп, жинақтала тұлғаланып келе жатқан бір күрделі образ бар. Ол –– қазақ даласының образы*» [11, 8 б.], - депті. Оның ең алғашқы – «Ой орманы» жинағында (1965) *«Уа, далам! Кеңдігіңе тамсандым көп, // Айта алман бәрін жазып тауыса алдым деп. // Сен – алып пластинка дөңгеленген, // Инең боп тұрады ылғи ән салғым кеп!»* деген метофоралық-декларативті шумақпен аяқталатын «Дала» атты өлеңі мен табиғат тамашаларын суреттейтін лирикалық миниатюрлары («Шалғын», «Шілде», «Көл», т.б.) басылған. Бұлардан ақынның көп сөйлегеннен дөп сөйлегенді қалайтын стилі (лаконизм), суреткерлік көзі мен көңілінің байқампаздығы, қиырдағыны қиыстыратын тапқырлығы секілді қасиеттері сезіледі. Әр әдеби туындыға баға бергенде оның жарыққа шыққан дәуірінің ерекшеліктерін ескерген жөн десек, ұлттық таным мен талғамның айшықтарына сусаған 1960 жылдардағы қазақ оқырманының шын мәніндегі рухани-тарихи әліппесіне айналған келесі – «Дала дидары» (1966) кітабында Қадырдың тығыз тұтастықтағы ақындық және азаматтық өресінің қауырт өсіп-өрлеуі ажарланды. Бұл жинақта автор ілгерідегі тоталитаризм тұсында әбден қасаң қағида болып қалыптасқан – бұрынғы дала мен бүгінгі даланы бітіспес қарама-қарсылықта алып суреттеу әдісінің қабырғасын қақыратты. Бағзы заманның айтылып-айтылып құлақ сарсытқан жаманшылықтарымен қатар, «жұп-жұқа оқулыққа» кірмей қалған қалың-қалың жақсылықтары да болғандығын жинақтың «Көне заман көріністері», «Тарихпен тілдесу», «Шоқ жұлдыз» атты бөлімдерінде көркемдікпен кестеледі. Ақын әуелде «Жар-жар», «Бесік жыры», «Бата» үлгісіндегі стилизацияларға жүгінсе, келесі ретте көкпар, қазақша күрес, қыз қуу секілді ұлттық ойындардың өз көкірегінде қорытылған бейнесін көз алдымызға келтіреді, басқа бір тұста халықтық мінез, жұрттық болмыс, елдік тағдыр турасындағы толғаныстарын түйіндейді, ақыр соңында тарихи ұлы тұлғаларымыздың әсерлі портреттерін жасайды. Кітапқа кірген өлеңдерде қазақтың өткен өмірін әсіресе әспеттеу (идеализациялау) көп деген сыни байыптамалардың да біраз айтылғандығы белгілі. Бір қарағанда, мұндай пікірлердің жаны бар сияқтанғанымен, ақынды ақтап алу да қиын емес: біріншіден, әлгідей көріктеу тәсілі – поэзия табиғатына о бастан тән нәрсе; екіншіден, бұл – отаршылдық құрсауындағы қазақтың отаншылдық сезімін ояту, тарихи санасын жаңғырту мақсатындағы ақынның өзіндік амалы. Қадырдың өлеңіндегі кішкентай деталь, шағын штрихтың өзіне ұлттық астар арқалатуы да сол себепті болатын. Ақынның «Дала дидарынан» кейінгі «Бұлбұл бағы» (1967), «Ақ отау» (1968), «Домбыра» (1971), «Жерұйық» (1976), т.б. кітаптарында Дала образы басқа да мән-мазмұнмен және мінездемелермен үздіксіз байытылып, ол келе-келе Ұлт образы деуге болатын бүтіндік пен биікке көтерілді. Қазақ поэзиясында бұрыннан бар сағыныш мотивін уыздай уылжыған күйінде ерекше ынтықтық пен ынтызарлыққа орап, алабөтен іңкәрлікке бөлеп ұсынған талантты ақын туған жер туралы толғаныстарында да басқаша бояу танытты. Оның ішінде әсіресе «Аруана бауыр дүние» атты өлеңі [12, 80-81 б.] – ақын кеудесінде атойлаған нар идірер алапат күй мен саумал таза сезімнің, тайпалған желмая сарын мен керуенбасы ойдың кіршіксіз, керемет үйлесімі. Тұңғыш болып Төлеген түп тамыры ноғайлы дәуіріне тарататын дәстүрдің талып жеткен дауысын жаңаша жаңғырықтырды. «Қарға бойлы Қазтуған» жырында жат жердің суынан жеріген бозмая бауырында боздаған ботасына қарамастан, төл топырағы – Жем бойына қарай желе жөнелетін. осы тәрізді ситуация эпостағыдан да өткір коллизия арқылы көрсетіледі: Аруана жаудың қолына түссе, ботасын шайнап өлтіріп, Қаралы мойнын қайтадан артқа бұрмастай халге келтіріп, Жеріне тартып отырады екен моншақтап жасы боздаумен Омырауын шерге толтырып. Апталап, айлап таңдайын мейлі тасбауыр шөлдер құрғатсын, Қазығын таппай тоқтамайды екен мәңгілік тіпті күн батсын...* Сөзбен сездіруге, тілмен түсіндіруге қиын мұндай құдіретті құбылыс ақынның жан-жүрегін еріксіз жаулап, оның өзі де сол адамнан зият жануардың кейпіне кіргендей болады:
|
TEXT
|
kaz
|
25,367
|
Шетсіз-шексіз қазақи кеңістік көкжиегіне тартылған сүрлеу-соқпақтай созылып жатқан өлең тармақтары кей тұста шорт кесіліп, шолақ қайырылады *(«...Жетер ме адам сөзі оған!», «...Тауға да керек астана, Тасқа да керек астана», «... Сен мұны менен бетер ұқ!»)* да, көп кідіртпестен келесі сәтте-ақ ары жалғаса желіп кете береді. Бұл да жайдан-жай емес: лекіп-лақылдап төгілген ақжарма жырдың әлқисса-әңгімесі секілді, алқындыны басып, ақылды байырқалатар мезеттік аялдамаға барабар. Міне, шын поэзиядағы мазмұн мен пішіннің «самородный сары алтын» (Абай) құймасы осы. Өлеңнің мәресіне қарай – *«жүрегін тоқсан пәршалаған»* сағыныштан *«сарғайып, сабылып ұшқан» лирикалық «меннің»* соншама асыққан маңдай тірер мекені қайсы екен деп құмарта, қызыға бастағанда да ақындық болмыстың ірілігі қайран қалдырады. Оның *«жетіп-жығылатын»* жері әдеттегіше – әлдебір құм қойнауындағы *алақандай ауыл, үлкен жолдың үстіндегі * болып шықпайды. Ақынның ардақ тұтар аңсары, арманы – еншісі бөлінбеген тұтас Ел.
|
TEXT
|
kaz
|
25,368
|
Сөйтіп, 1960-1980 жылдардағы қазақ поэзиясында туған жер культі жаппай тұрақ тепті деуге болады. Осы аралықта жарық көрген жыр жинақтарын топонимикалық тұрғыдан түгелдей бір тексеріп өтсе, республиканың түпкір-түпкірінде орналасқан үлкенді-кішілі мекендердің аттары аталмай қалғаны некен-саяқ болып шығар еді. Қазақ поэзиясында елдің жағрафиялық шет-шегін – күнгейі мен теріскейін, батысы мен шығысын тұспалдайтын поэтикалық сөз-символдар да қалыптасты. Мысалы, Ілияс өзінің «Дала» поэмасында Қазақстанның төрт тарабын Алатау, Атырау, Сыр, Ертіс образдары арқылы бейнелесе, Мұқағали сәл-пәл өзгешелеп – Алатау, Алтай, Арқа, Атырау ұғымдары арқылы жинақтайды. Осылай ойлау машығы дәстүрлі поэзиямыздың арнасынан алшақ жатпағаны айқын.
|
TEXT
|
kaz
|
25,369
|
Сонымен бюджет дегеніміз не? Аталған терминнің түсінігін анықтау үшін «қаржы» түсініге мән аударайық. Қаржы дегеніміз орталықтандырылған және орталықсыздандырылған қаржы құралдарын құру, бөлу, қайта бөлу процестерінде қалыптасатын императивті ақша қатынастарының жүйесі. Сондықтан, бюджет деп бюджет қоры қалыптасатын және пайда болатын процестерден туындаған императивті ақша қатынастарының жүйесін айтуға болады. Бюджеттің пайда болуы мемлекеттің дамуы мен оның қаржы ресурстарына деген сұранысының артуымен тікелей байланысты. Бюджет – орталықтандырылған ақша қорының құралу көздері мен жұмсалу бағыттарын сипаттайтын экономикалық категория, ақшалай кіріс пен шығыстың балансы. Кодексінің 3-бабы 12-тармақшасына сәйкес, бюджет дегеніміз мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Орталықтандырылған ақша қорының құрылуы және жұмсалуы бюджеттің кірісі мен шығысының тиімді жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын «кіріс» жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылған қордан бөлінетін қаржы «шығыс» болады. Бюджет кірістері – ол мемлекеттік функцияларды орындауға қажетті елдің бір ортаға топталған қаржы ресурстарының бөлігін және заңнамаларға сәйкес билік органдарының әр деңгейлеріне иелік етуге ақысыз және қайтарылмайтын тәртіппен түсетін ақша құралдарын көрсетеді. Олар ақша құралдар қоры қалыптасу процесінде пайда болатын экономикалық қатынастарды әлпеттейді. Бюджет кірістері түсінігі мемлекет кірістері түсінігінен біршама қысаң, бірақ олардың республиканың мемлекеттік кірістер құрылымында шешімді мәні бар[2, 244б.]. Бюджет кірістерінің басты материалды көзі – ол Ұлттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мемлекет кірістері мен мемлекеттік бюджет кірістері көлемінің тұрақты ұлғаюын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік кірістердің айтарлықтай бөлігі – ол өндіріс пен айналым салалары мен әр түрлі меншік формаларының кәсіпорындарында жасалынған қоғамның таза табысы. Сонымен бірге, мемлекет жалпымемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіптік іс-әрекетпен және өндірістік пен өндірістік емес салаларда шұғылданатын азаматтардың табысының бөлігін өз кірістеріне алады. Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындаған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі. Бюджет түсімдерінің негізін салықтар мен алымдар түрлерінде жұмылдыратын төлемдер құрайды. Республика аумағында орналасқан меншік және шаруашылық формаларынан тәуелсіз барлық заңды тұлғалар мен азаматтар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бюджетке салықтар, алымдар және міндетті төлемдер төлеуге тартылады. Салықтар, алымдар мен төлем төлеушілер, яғни заңды және жеке тұлғалар оларды бюджетке төлеудің басқа төлемдерден басымдылығын қамтамасыз ету мен әрекеттегі заңнамаларға сәйкес оларды уақытымен және толығымен төлеуге жауапкершіліктері тағайындалады. Мемлекеттік бюджет кірістері салықтық түсімдерге, салықтық емес түсімдерге, негізгі капитал сатудың кірістеріне, ресми трансферттерге, мемлекетке ақысыз негізде берілген ақшаларға бөлінеді. Республикада бюджет кірістерінің құрылымында ең үлкен үлес салмақты салықтық түсімдер құрайды. Салықтар, алымдар, баж салықтары арқылы экономиканың басымдылық салалары мен бөлек экономикалық аумақтарды жетілдіруге немесе олардың дамуын баяулауға, тұрғындардың бөлек топтарының табыстарын реттеуге, белгілі бір экономикалық іс-әрекетті ынталандыруға не болмаса одан бас тартуға мүмкіндік жасауға болады[3, 17б.]. Мемлекеттің функцияларын іске асыру мүмкін, егерде олар материалдық құралдармен қамтамасыз етілсе, себебі мемлекеттің іс-әрекеті мемлекеттік құралдардың тікелей шығыстарымен байланысты. Шығыстар нақты шығындардың көлемін көрсетеді. Сондықтан, бюджеттердің барлық деңгейлері бойынша мемлекеттік шығыстардың бір-бірімен өзара байланысты нақты түрлерінің жиынтығы әрбір мемлекеттің бюджет шығыстар жүйесі болып табылады. Шығыстар жүйесін құруқұралдардың арнаулы бағыттау, үнем режимі мен мемлекеттік құралдарды жұмсаудың қайтып оралмас принциптеріне негізделеді. Мемлекеттік бюджет шығыстары жүйесі бірнеше факторлармен шарттанады, олардың ішінде негізгі болып мемлекеттің табиғаты мен функциялары, елдің әлеуметті-экономикалық даму деңгейі, мемлекеттің әкімшілік-аумақтық жайластырушылығы, бюджеттік құралдар беру формалары саналады. Мемлекеттік бюджет шығыстарының құрамы мен құрылымы олардың экономикалық мазмұны және жалпы ішкі өнімді бөлу жөніндегі мемлекет алдында тұрған мақсаттармен анықталады. Бюджет шығыстарының ел экономикасындағы рөлі мен мәнін анықтау мақсатпен олар әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі. Бюджет кодексінде бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бойынша әрекеті бар бюджет шығыстарының жіктеуі тағайындалған. Мемлекеттің барлық шығыстары негізінде мемлекеттік бюджетте шоғырланған құралдар арқылы қаржыландырыланады. Бұл шығыстарды қоғамдық қайта өндірістегі рөліне байланысты келесі екі топқа бөлуге болады:
|
TEXT
|
kaz
|
25,370
|
Бірінші топқа – мемлекеттік бюджеттің экономиканы қаржыландыруға бағытталған шығыстары жатады. Екінші топқа – әлеуметті-мәдениеттік шараларды, білім беруді, ғылым, қорғаныс пен мемлекетті басқаруды қаржыландыру үшін арналған бюджет шығыстары жатады. Осы екі топ арасындағы арақатынас бюджеттің тиімділігін анықтайды. Экономиканың бәсеке қабілеттігі дамуға бағытталған шығындардың деңгейі қаншалықты жоғары және бюджеттің тұтынушылық шығындары соған сәйкес төмен болса, соғұрлым бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі жоғары болады. Әрине, бюджет құралдарын пайдалану тиімділігі бұл арада мемлекеттік бюджеттің шығыстарын қалыптастыру әдістеріне, мемлекеттің жүргізіп жатқан әлеуметтік саясатына және елдің бүгінгі күнгі әлеуметті-экономикалық ахуалына байланысты [4, 45б.]. Бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастыру ерекшеліктері олардың арнаулары маңында жатыр. Сондықтан бюджет түрлері бойынша шығыстарды қалыптастырғанда келесі негізгі факторларды есептеу қажет:
|
TEXT
|
kaz
|
25,371
|
Осыған сәйкес, бірақ тиісті әкімшілік аумақтарға арналған шығыстар бағыттары төмен тұрған бюджеттер деңгейлері бойынша да қалыптасады. Жергілікті бюджеттер шығыстарын қалыптастыру Бюджет кодексімен, нормативті-құқықтық актілермен және тиісті маслихаттар шешімдерімен реттеледі. Биліктің жергілікті органдарына аумақтардың экономикалық және қаржылық базаларын пайдалану жөнінде өкілеттік берілген. Әрбір бөлек әкімшілік-аумақтардың экономикалық базасы ретінде жергілікті тұрғындардың әлеуметті-экономикалық мұқтаждықтарын қамтамасыз ету үшін қажетті кірістер көздері болатын меншікті мүлік пен оларға берілген объектілер саналады. Ал қаржылық база болып меншікті бюджеттік құралдар мен жоғары тұрған бюджеттерден берілетін ресми трансферттерден қалыптасатын қаржылық ресурстар табылады[5, 26б.]. Бюджет жүйесінің әрбір деңгейінің шығыстар құрамы мен қалыптасуы әрекеттегі заңнамалық актілермен, тиісті аумақ бойынша қаржыландыруы қажет нақты объектілер және олардың ісәрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті шығындармен анықталады. Мемлекеттік бюджет кез келген мемлекеттің қаржылық жоспар жүйесінде негізгі болып табылады, себебі мемлекеттің қаржы қатынастарын қаржы жүйесінің әртүрлі салаларымен ағымдағы жылға анықтап бір жүйеге біріктіреді. Бюджетті ең маңызды қаржы жоспары деп бекіту, оның ұлттық кірістерді қайта бөлудегі маңызды орнын сипаттайды, қоғамдық өндірістегі ерекші рөлін көрсетеді. Мысалы, мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық кірістің 50%, яғни көптеген елдердің ақша құралдарының ¾ бөлігі. Бұл мемлекетке жалпымемлекеттік қажеттіліктерді ғана емес, сонымен қатар қоғамның барлық өміріне активті түрде әсер етеді, мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Бюджеттің қоғамдық өмірдегі дәрежесі оған заң күшін береді. Сондықтан кез келген елдің бюджеті жоғары заң органдарымен бекітіледі – парламент, ал оның кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы бюджет процесі қатысушылары үшін міндетті болады. Сонымен, мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды механизмдердің бірі – қаржылық механизм, оның маңызды буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекет дәл осы қаржы жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға жүктелген функцияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, орталықтандырылған ақша құралдарын құрады және орталықтандырылмаған ақша қорларының қалыптасуына әсер етеді. Бюджет жүйесі – мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. кодексінің 3-бабының 12-тармақшасына сәйкес, бюджет жүйесi - бюджеттердiң және қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы. Бюджет жүйесінің тарихына тоқтала кетсек. 1991 жылдан бастап бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сиякты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкелік бюджеттер де камтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды[4, 31б.]. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 50-52 % тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды[5, 28б.]. 1991 жылдың 17 желтоқсанында Қазақстанның бюджет құрылысын анықтаған «Бюджет жүйесі туралы» бірінші заңға қол қойылды. Оның негізгі идеясы бюджет жүйесінің бөліктеріне республикалық және жергілікті бюджеттер дербестігін беру еді. Әртүрлі деңгейлер бюджеттерінің бірлік қағидаты әлі заңмен белгіленбеген болатын. Нарытық экономикаға көшумен байланысты экономикалық және саяси сфералардағы өзгерістер, 1995 жылғы 30 тамызда жаңа Конституцияны қабылдау, 1995 жылы жаңа салық заңнамасын енгізу сонымен бірге Қазынашылық органдарын құру 1996 жылғы 24 желтоқсанда «Бюджет жүйесі туралы» заңын дайындауға себеп болды. Заңда бюджет жүйесінің кағидаттары ескертілді, бюджетті жасаудың, қараудың, бекітудің, атқарудың және атқарылуын бақылаудың тәртібі регламенттелінді. Субвенциялар, субсидиялар, ресми трансферттер, мемлекеттік кепілдер, қарыздар, қарыз алу және борыш, үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтері сияқты жаңа ұғымдар енгізілді. Мемлекеттік бюджеттің кірістері жалпы мемлекеттік салықтар, алымдар, төлемдер және жергілікті салықтар мен алымдар болып бөлінді. 1998 жылдан бастап Ұлттық банктен тура қарыз алу тоқтатылды. 1997 жылы кірістер мен шығыстардың жаңа бюджеттік сыныптамасы енгізілді, ол бюджеттің шығыстарын бағдарламалардың орындалуымен өзара үйлесуіне жағдай жасады. 1999 жылдың сәуірінде «Бюджет жүйесі туралы» үшінші заң кабылданды. Жергілікті бюджеттердің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірлер үшін кірістерді бірыңғай бөлу енгізілді және бюджеттік алынымдар мен субвенциялардың механизмі белгіленді. Түсімдердің түрлері бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында кіріс бөлігін бөлу жүргізілді; тиісінше республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттің функциялары шектелінді. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер арасында ресми трансферттердің ұзақ мерзімді мөлшерлері негізінде жергілікті бюджеттердің теңгерімділігі жүзеге асырылатыны анықталды. Мемлекеттік бюджетте мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар шоғырландырылды. 2002 жылы Стратегиялық жоспарлау агенттігін, Экономика және сауда министрлігін, Мемлекеттік кірістер министрлігін, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін Қаржы министрлігін қайта ұйымдастыру бюджеттік үдерісті реформалауда маңызды кадам болды. Сонымен бірге бюджетті жоспарлау мен оның атқарылу функциялары бөлінді. 2009 жылы қолданысқа енгізілген бюджет жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді[5, 33б.]. Оның негізінде бюджет процесіндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың рөлі, нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру үлгісіне көшуге сәйкес бюджет бағдарламаларын қалыптастыру, қызмет нәтижелеріне қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жауапкершілігін арттыру, нәтижелерді бағалау, мемлекеттік қаржылық бақылауды жандандыру сияқты шешуші салаларды қамтитын үш жылдық бюджет жасалынды. кодекс бюджет процесі сатыларындағы барлық операцияларды – стратегиялық бағыттар мен мақсаттар негізінде бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру мезетінен – әрбір мемлекеттік орган қызметінің нәтижелерін кешенді бағалауды жүргізуге дейін регламенттейді. кодексінің нормалары бюджеттік қаражаттар мен мемлекеттік активтерді пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызуға жетелейді. Бюджеттік заңнама бюджеттік, бюджетаралық қатынастар, бюджет жүйесінің жұмыс істеуінің, бюджеттік қаражаттардың құралуы мен пайдаланылуының негізгі кағидаларын және механизмдерін, сонымен бірге қорының қалыптасуы мен пайдаланылуын белгілейді. Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. Бюджет процесінің негізінде бюджет жүйесіне тән принциптер жатыр:
|
TEXT
|
kaz
|
25,372
|
бөлінуін белгілеу және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын айқындау, осы Кодекске сәйкес мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз, қосымша шығыстар жүктеуге жол берілмеуі;
|
TEXT
|
kaz
|
25,373
|
Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бір-бірін толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және өзге де заңдар мен заңнамалық актілерде көрсетілген. Сонымен қатар, бюджет процесінің барлық сатылары, яғни, бюджеттің әзірленуі, бекітілуі, атқарылуы және бюджет деңгейлері егжей-тегжейлі көрсетілді. Оның дәлелін келесі нормадан көруге болады: Кодексінің 6-бабына сәйкес, келесідей деңгейдегі бюджеттер бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады.:
|
TEXT
|
kaz
|
25,374
|
Осы аталған бюджет деңгейлерінің ішінде, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады. белгіленген жағдайларда, төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін. талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджет, облыстардың бюджеті жасалады. Заңнамада бұл бюджет түрлеріне келесідей анықтамалар берілген. Өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып мемлекеттік бюджет табылады. Шоғырландырылған бюджет деп өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілмей, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, қорының түсімдері мен шығыстарын біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын айтамыз. Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады. Зерттеудің әдіснамалық базасы мен әдістері: мақаланы жазу әдіснамасы зерттеу тақырыбын объективті және жан-жақты танудың негізгі әдісі ретінде шындықты танудың диалектикалық әдісіне негізделген. Бұл зерттеуде жалпы мынадай ғылыми зерттеу әдістері пайдаланылды: формальдылогикалық (индукция, шегеру, талдау, синтездеу, гипотеза, ұқсастық), сондай-ақ, арнайы құқықтық әдістер: салыстырмалы-құқықтық және де формальды-құқықтық. Бұдан мынадай қорытындыға келуге болады: Бюджет заңнамасы бойынша бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып табылады. Бюджет жүйесінде орталық орынды сәйкесінше қаржы жылына бекітілетін республикалық бюджет алады. бюджет жүйесінің дербестік принципі мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығын береді. Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың нақты деңгейіне Бюджет кодексімен сәйкесінше бюджет деңгейі бекітілген: республикалық бюджет, Астана және Алматы қалаларының бюджеті, облыстық және облыстық маңызы бар қалалардың бюджеті, аудан бюджеті[7, 101б.]. Оған қоса, мемлекеттік реттеу аясындағы бюджетаралық қатынастардың негізгі мақсаты болып барлық бюджет деңгейлерінің бюджеттік қамтамасыздандырылуын тегістеу және атқарушы билікпен Қазақстанның барлық аумағында мемлекеттік қызмет деңгейлерінің біріңғай берілуі табылады. Аталған мақсатқа жету тек жеке аудан мен облыс мүдделерінің мемлекетке бағынуына негізделген орталықтандырылған түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістер мен шығыстарды бөлуде мүмкін. Біздің елімізде бюджетаралық қатынастарды осылай реттеу механизмі бар, яғни, республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер түрлері мен мемлекеттік қызметтің барлық бағыттары бойынша шығыстардың жүзеге асырылуы заңмен анықталған.
|
TEXT
|
kaz
|
25,375
|
Бұл жұмыста құс фабрикаларының ағынды суларының сипаттамасы менқұс сою кезiнде отетiн технологиялық үрдiстердiң өзгеше ерекшелiктерi берiлген. Ақмола облысының құс етiн өңдеумен айналысатын құс фабрикаларының сою цехтарының ағынды сулар құрамы зерттелген. Зерттеу нәтижелерi бойынша физикалықхимиялық көрсеткiштерi бойынша бөлшектеу цехының ағынды суы ең лас деп танылды, бұл әрине заңды құбылыс. Құс шаруашылығы кәсiпорындарының нақты өндiрiсi немесе шаруашылық бiрлiктерiнiң технологиялық операцияларын орындауға байланысты ластау көздерiнiң бiртектiлiгi тәулiк iшiнде шығатын ағынды суларға құс басына орташа немесе одан да көп ластануға әкеп соқтырады. Аппараттар сияқты құстың жасы да ағынды сулардың биохимиялық құрамына айтарлықтай әсер етпейдi. Осыған байланысты құс фабрикаларының сойыс канализациясының жалпы физика-химиялық және бактериологиялық сипаттамасы берiлген. Зерттелген ағынды сулардың жеке көрсеткiштерi су объектiсiне ластаушы заттардың рұқсат етiлген шығарындыларынан айтарлықтай асып түседi. Түйiн сөздер: құс фабрикасының сою цехының ағынды сулары құрамы, ластағыш заттар, технологиялық үрдiс.
|
TEXT
|
kaz
|
25,376
|
Ғылымның антропоөзектік бағыты өзекті екі мәселені шешу қажеттілігін тудырды: біріншіден, адамның тілге әсер етуі, екіншіден, тілдің адамға, адамның ойлау жүйесіне, мәдениетіне әсер етуі. Бұл мәселені шешу үшін біз дискурсқа жүгінеміз. Қазіргі лингвистикалық ғылыми ортадағы «дискурс» терминінің дефинициясы сараланып, заңгерлік дискурстың қоғам өміріндегі әлеуметтік қатынастарды реттеу және бақылау функцияларына негізделген сипаты анықталады. Заңгерлік дискурс концептілерінің қоғам мүшелерінің белгілі бір мәдени құндылықтарымен байланысты болатыны әрі тілдің семантикалық кеңістігінде түрлі концептілік құрылымдар арқылы тұрақталған концептілер жүйесіне негізделетіні сараланады. Қазақ заңгерлік дискурсындағы «Қылмыс» концептісін лингвомәдениеттану аспектісінде зерттей отырып, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтары жүйесіндегі орны және лингвомәдени ақпараттық мазмұны анықталады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,377
|
Лингвистикалық зерттеулерге шолу жасау барысында «дискурс» терминінің әртүрлі түсінікке ие, ең көп мағыналы ұғымдардың бірі екенін байқаймыз. Дискурс ұғымы берілген дефиницияларда *сөз түрі, мәтін, мәтін типі, байланысты мәтін, байланысты сөз мәтіні* ретінде танылады. «Дискурс (франц.discours, сөз, сөйлеу) – прагматикалық, мәдени-әлеуметтік, психологиялық т.б. экстралингвистикалық факторлармен, шындық өмір оқиғасымен байланысты нақты мәтін [1, 81]. Лингвистикада дискурс ұғымы мәтінмен байланысты қарастырылғанымен, өзіндік ерекшелігі анықталған. Дискурс тілдік қатынастың уақытқа тәуелді болатын динамикалық сипатымен, ал мәтін, көбінесе, статикалық нысан, тілдік қызметтің нәтижесі ретінде белгіленеді. Аталған лингвистикалық ұғымдардың өзіндік белгілерін анықтауда зерттеушілер түрлі негіздерге сүйенеді. Арутюнованың анықтауынша: «Дискурс – оқиға аспектісінде алынған мәтін; мақсатты әлеуметтік іс-әрекет ретінде қарастырылатын сөз; адамдардың өзара ісқимылдарына және олардың санасының (когнитивтік процестерде) механизмдеріне қатысатын компонент; экстралингвистикалық (прагматикалық, әлеуметтік-мәдени, психологиялық және т.б.) факторлармен жиынтықтағы жүйелі (связной) мәтін... Дискурс – «өмірге енгізілген» сөз ... мәтінге қарағанда дискурс нақты өмірмен байланыс тікелей қалпына келтірілмейтін ежелгі және басқа мәтіндерге қатысты қолданылмайды» [2, 136-137]. мен атап көрсетуінше «дискурс ретінде нақты сөз өндірумен (речепроизводство), тілдік шығарманы білумен байланысты когнитивтік процесті түсінуіміз керек, ал мәтін белгілі бір аяқталған (және бекітілген) формаға айналатын тілдік қызмет процесінің ақырғы нәтижесі болып табылады» [3, 19 б.]. Демек, дискурс нақты сөз өндірумен байланысты құбылыс ретінде анықталады, ал мәтін белгілі бір аяқталған және бекітілген формадағы сөз өндірудің өнімі ретінде танылады. Мәтін – тіл жүйесі мен лингвистикалық құзіретке қатысты коммуникативтік іс-әрекеттің нәтижесі, дискурс – сөзге және тілдік әрекетке қатысты мәтінді тудыру процесі. Бұндай нақты сөйлеуді оның нәтижесімен салыстыру арқылы мәтін оны қабылдаушы жеке адамның санасына түсіп қабылданған кезде дискурс ретінде түсіндіріле алатындығына көз жеткізуге болады. Дискурс пен мәтіннің лингвистикалық табиғатын тануда, біздің ойымызша, зерттеуші пікіріне назар аударуға болады. Ғалымның тұжырымы бойынша: «адам тәжірибесі мен оны пайымдау фрагментін белгілемейтін мәтін болмайды. Мәтіннің бұл қасиеті оны концептуалдық және когнитивтік сараптау нысаны етіп алуға, яғни бұл мәтінде қандай ғалам бейнесімен таныстық, не және қандай себептен біздің назарымызды аударды, онда қандай білім және бағалау фрагменті бекітілген деген сауалдарға жауап алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге соңғы нәтижесінде дискурстық болып табылмайтын, яғни коммуникативтік қызметке әлеуметтік бағдарланбаған мәтіндер де болмайды. Бұл айтылғандардан мәтін мен дискурсты ажыратып тануға болатындығы, олардың мүлде бірбіріне қарама-қарсы ұғымдар емес, яғни бір-бірін жоққа шығармайтындығы туралы қорытынды жасауға болады» [4, 38]. Қазақ тіліндегі көп пропозициялы дискурстың құрылымдық негіздеріндегі мәтін түзу мәселесін зерттеген : «дискурс – өмірдегі, яғни шынайы уақыттағы нақты оқиғалардың тілге көшкен тізбегінің ағымы болса, мәтін – дискурс үзігі, ол жанр заңдылықтарына сай рәсімделеді немесе тіпті арнайы рәсімделмеуі де мүмкін. Сонымен қатар дискурс шынайы уақытта туса, ал мәтіннің өз ішінде сақтап қалған уақыты болады. Таратып айтсақ, шынайы уақытта белгілі бір дискурс нәтижесі болған мәтін ішіндегі уақыт шынайы уақытқа сай түспейді» – деп, бұл жайтты мәтін мен дискурстың басты ерекшелігін танытатын негізгі белгінің бірі деп санайды [5, 11]. Есенова дискурсты прагматикалық тұрғыдан талдауға қатысты мынандай пікір білдіреді: «біздіңше, дискурсты прагматикалық тұрғыдан талдағанда коммуникативтік ситуацияға және оған қатысушыларға байланысты экстралингвистикалық, этномәдени факторлар, сондай-ақ коммуниканттардың мақсат-ниеттері басшылыққа алынуы тиіс. Қандай да бір ақпаратты алғанда оқырман автордың сол мәтінді дайындаған сәттегі қиялдүниесін елестетуге тырысады. Басқаша айтқанда, дискурсты түсіну бөгде адамның ойлау дүниесіне еріксіз және ерікті түрде ену деуге болады. Ал өз кезегінде адресант сол дүниені керекті нұсқада жасау үшін тілдегі семантиканың барлық мүмкіндіктерін пайдаланады» [6, 36]. Қазіргі тіл біліміндегі дискурс пен мәтінге байланысты теориялық дереккөздерді талдау нәтижесінде дискурс ұғымы мәтінді түсінумен тығыз байланысты болатыны анықталып, дискурс пен мәтін арасындағы айырмашылықтың негізінде лингвистикада *дискурс* және *мәтін* термині қалыптасқан. «Дискурс» ұғымының ауызша тілдесімге қатысты жиі қолданылатындығы, ал «мәтін» ұғымының жазбаша шығармаларға қолданылатындығы олардың арасындағы айырмашылықтарының тағы бір қыры болуы мүмкін деген пікірлер айтылғанымен, ол көзқарастарды «дискурс пен мәтін ауызша да, жазбаша да шығармаларды толықтай қамтиды» деген пікірлер жоққа шығарады. Олай болса, зерттеушілер *мәтін* мен *дискурс* ұғымдары бір-бірімен байланысты, бірақ теңбе-тең ұғымдар емес, олар бір-бірінен ұғымдарының көлемі мен зерттеу аспектісі бойынша ажыратылады деген пікірге тоқтайды. Сонымен дискурс – мәтіннің көлемді түрі, бірнеше мәтіннің байланыстылығы. Дискурс – бір уақытта тілдік әрекет процесі және оның нәтижесі, яғни мәтін. Тілші-ғалым * пікіріне сүйенсек:* «Дискурс – шынайы өмірде нақты бір коммуниканттар арасында, нақты уақытта, белгілі бір орында орындалған сөйлеу әрекеті. Яғни, сөйлеу қарым-қатынасына қатысушылардың әрқайсысының шынайы өміріндегі оқиғалардың тізбектеліп тілге көшуі мен сол арқылы дискурс нәтижесі мәтінге айналып, тілде сақталуы» [7, 10]. 1 Тақырыптық байланыс, яғни бір тақырып – дискурс төңірегіндегі мазмұнның жиналуы; 2 Жағдаяттылық, коммуникативтік қарым-қатынас саласына сай, дискурс нақты мәселе төңірегінде құрастырылады; 3 Жылдамдылық, кейбір жағдайда тақырып өзгеріске ұшырай алады; Дискурстың мазмұндық толықтығын коммуникативтік жағдаят пен тақырыптық байланыс орындаса, вербалсыз сигналдар, атап айтқанда, мәтіннің аяқталғаны, үзілістер, басқа тақырыптарға көшу арқылы білінеді. Сондықтан да дискурсты коммуникациялық қарым-қатынастан тыс талдау мүмкін емес [7,11]. Демек, дискурс ауызша тілдесім арқылы көрініс тауып, мәтін арқылы сақталады әрі бір тақырып аясындағы мәтіндер жиынтығы арқылы құрылым күрделілігімен анықталады, белгілі бір әлеуметтік бағыттылығымен ерекшеленеді. Дейктің дискурс туралы пікірлерін пен саралай отырып, мынандай анықтама береді: «Дискурс дегеніміз – мәтінмен қатар, мәтінді түсінуге қажетті экстралингвистикалық факторлардан (адресаттың ғалам туралы білімі, пікірі, ұстанымы мен мақсаты) тұратын күрделі коммуникативтік құбылыс» [8, 8 б.]. Біздіңше, бұл анықтама дискурсқа қатысты айтылған пікірлерді жүйелеп тиянақтайды. Дискурс ұғымына бұл тұрғыдан келудің маңыздылығы лингвистиканың тіл, сөз, тілдік қызмет және дискурс сияқты іргелі ұғымдары арасындағы белгілі бір айырмашылықтың айқындалып, зерттеушілердің аталған ұғымдарды жалпылық және даралық тұрғысынан сипаттауымен дәйектеледі. Егер сөз тілдік қызмет пен дискурсқа қатысты ұғым ретінде түсіндірілсе, тілдік қызмет сөзді қабылдау мен жасау процесі, тілдік қабілеттерді жүзеге асыру және тілдік дағдыларды жетілдіру шарты ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтік және қоғамдық қатынастарды реттеу сипатына қарай заң дискурсының өзіндік ерекшелігін саяси дискурспен салыстыра анықтауға болады. Саяси дискурстың параметрлері: а) қызмет ету саласы – саясат; б) негізгі уәжі мен тақырыбы – билік үшін күрес; в) коммуникативтік бағыттылығы – қоғамдық сананы манипуляциялаудың жоғары дәрежесі (саяси дискурста бұқараның санасына әсер ету іске асырылады); г) жалпы когнитивтік ерекшелігі – нақты деректерден құндылықтардың артықшылығы, ақпарат беруден әсер ету мен бағалаудың және эмоционалдылықтан рационалдылықтың басымдығы [9, 137]. Шейгал көрсеткен саяси дискурстың өлшемдеріне сүйене отырып, заңгерлік дискурстың категориялық құрылымындағы типтік ерекшеліктерін анықтаймыз: а) қызмет ету саласы – заңнама саласы (заңгерлік дискурс құқықтық мәселелер талқыланатын барлық жерде байқалады); б) негізгі уәжі мен тақырыбы – заңның мазмұны және қарастырылып отырған оқиғаның заңға сәйкестігі; в) коммуникативтік бағыттылығы – әлеуметтік қатынастарды реттеу (заңгерлік дискурста бұл функция заңның үстемдігі принципіне негізделіп орындалады); г) жалпы танымдық ерекшелігі – нақты деректердің құндылықтардан артықшылығы (тарихи қалыптасып дамыған жеке және ұжымдық құндылықтар), объективті ақпарат беру, рационалдылықтың эмоционалдылықтан басым болуы). Заңгерлік дискурстың тілі – қазақ тілінің кәсіби салада жұмсалуын қамтамасыз ететін тіл. Ол қоғамда құқықтық реттеуді жүзеге асыру құралы ретінде қызмет етеді және кез келген дискурс тілі сияқты қазақ тілінің негізгі корпусымен тығыз байланысты болады. Заңгерлік дискурс демократиялық қоғамда институтаралық және мәдениетаралық ортада қалыптасады да, саясат, дін және экономика сияқты мәдени институттардың құндылықтары мен қағидаттарына негізделеді. Демек, заңгерлік дискурстың маңызды сипаттамаларының қатарына оның құндылық жүйелерімен байланысын жатқызуға болады. Заңгерлік дискурстағы «Заң», «Сот», «Билік», «Кінә», «Қылмыс» және т.б. әмбебап концептілердің тіл тұтынушысы – халық санасында ғасырлар бойы қалыптасқан лингвомәдени мазмұнмен астасып жатуы да аталған концептілердің құрылымдық ерекшелігін танытады. Заңгерлік дискурста арнайы коммуникативтік міндеттер шешілетінін ескерсек, аталған концептілердің прокурордың айыптау сөзінде бұл сотталушының кінәсінің дәлелі ретінде, ал адвокаттың ақтау сөзінде соттың немесе алқабилердің сотталушының кінәсіздігіне, оның кінәсін жеңілдететін мән-жайлардың бар-жоғына немесе кем дегенде, одан әрі сот ісін жүргізуді орынсыз деп тануға мүмкіндік беретін жағдайларда интерпретацияланады. заңгерлік дискурсты ерекше феномен, мәдени код ретінде қарастырады: «Заңгерлік дискурстың тілі – институционалды ортада дәстүрлі түрде қолданылатын ерекше кодтардың бірі. Оның бірегейлігі концептуалды-семантикалық тілдік құралдарды (терминдерді), клишелер мен . Заңгерлік дискурстың барлық тілдік және стилистикалық құралдары, сондай-ақ мәтін түрлері, сөйлеу актілері жеке адамдар арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру мақсатында жұмсалады. Заңгерлік дискурс арқылы біз құқықтық бекіту (легитимация), қоғамдық қатынастарды реттеу және бақылауға бағытталған белгілі бір тарихи және әлеуметтік-мәдени кодтармен (дәстүрлермен) реттелетін мағына тудырушы және қалыптастырушы қызметті анықтаймыз [10]. Заңгерлік дискурстағы концептілердің иерархиясын анықтау үшін концептілердің терминдік бекітілу деңгейінде аксиологиялық негізде семантикалық абстракция критерийінен басқа ақпараттық қанықтылық өлшемі де басшылыққа алынады. Абстракция және ақпараттық қанықтылық – салыстырмалы категориялар. Кез келген абстракция белгілі бір көлемдегі ақпаратты жинақтайды. Сөз семантикасының ақпараттық қанықтылығы сөздің кумулятивті қызметімен байланысты.
|
TEXT
|
kaz
|
25,378
|
Заңгерлік дискурстың негізгі концептілерінің бірі – «Қылмыс» концептісін талдауда мына теориясын пайдаланамыз: «Түсіндіріп, талдап берудің (интерпретация) фундаменталдық принципіне» сәйкес тілдік айтылымды түсіну, оның мағынасын игеру интерпретаторлар немесе анализаторлар ретінде қарастырылатын мағыналар құрылымын құруды білдіреді [11, 102]. Концептуалдық жүйенің қалыптасу үрдісіндегі тілдің рөлін қарастыра отырып, ғалым «табиғи тіл өзінен өзі концептуалдық жүйе болып табылмайды, бейнелеп айтсақ, ол бұл жүйеге «қоса өрілген (вплетен)», ол белгілі бір концептуалдық жүйенің мазмұнын одан әрі қарай құру және символды түрде көрсету үшін қызмет ететіндігін» анықтайды [11, 117]. Автордың пікірінше, тілдік айтылымдардың мағыналарын талдау концептуалдық жүйе факторына негізделуі тиіс. «Түсіндірудің фундаменталдық принципі» нәтижесінде түсіндірілетін объект басқа концептуалдық жүйелермен интегралданатын концептінің құрылымына айналады. «Нақты жүйедегі объектілердің бұндай түсіндірмесі дегеніміз... онда белгілі бір әлем туралы ақпарат құру болып шығады» [11, 210]. Басқаша айтсақ, «Қылмыс» концептісін талдау үшін сөздіктердегі анықтамаларды тілдік айтылымдар ретінде танып, пайымдау үшін белгілі бір «концептуалдық жүйені» құрудың мүмкіндігі туралы мәселе ретінде қарастырылады [11, 207]. «Қылмыс» концептісін талдау үшін қазақ тіліндегі «Қылмыс» концептісінің өзегін айқындап аламыз. Ол – «қылмыс» лексемасы. «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» бұл сөзге келесідей анықтама берілген: ҚЫЛМЫС зат **1.** *Қоғамдық құрылыс пен жеке бастың мүддесіне қарсы бағытталған іс-әрекет*. Олар түгелге жақын не солдаттық қызметтен қашқандар, не қылмыс жасап, жазадан қашқандар (, Аққан жұлдыз). Жабысқан екен бір бәле, Өсетін өндір жасыңда. Қылмыспен қашқан ер болса, Мен айтпаймын жасырма (, Дастан.).
|
TEXT
|
kaz
|
25,379
|
қолданыстағы заңдарының заң терминдері мен ұғымдарының сөздігінде «қылмыс» сөзі былай сипатталған: ҚР Қылымыстық кодексінде жазалау қатерімен тыйым салынған айып, қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік). Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді. (1997 жылдың 16 шілдедегі №167 ҚР ҚК 9-бап) [13]. Көріп отырғанымыздай, «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» «қылмыс» сөзі үш түрлі мағынада жұмсалған. Негізгі мағынасы «қоғамға немесе жеке тұлғаға қарсы әрекет» болса, екінші аталымдағы терминдік мағынасы қолданыстағы заңдарының заң терминдері мен ұғымдарының сөздігіндегі мағынасымен ұқсас. Жазаланатын, тыйым салынған айып, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Ауыс мағынасы жат қылық, күнә ретінде танылып, діни мағыналық бояуы қоса берілгенін байқаймыз. Сөздік қорда бұл сөзге келесідей анықтама берілген: ҚЫЛМЫС – *қылмыстық заңнамамен қарастырылатын, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік)* [14]. «Криминологиялық терминдердің түсіндірме сөздігі» мен «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» берілген терминдік мағынасы бір-біріне жақын. Демек, қылмыс қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік әрі ол қылмыстық заңмен жазаланады. ҚЫЛМЫС–зат. *Қоғамға қауіп тудыратын іс-әрекет; күнә, айып.* Айбар да өзі қатысқан қылмысын жасырмай мойындады (4,53). Мұз құрсаған түнде де үні естіледі біреудің: «Жауыз жандар, қылмыстарың бастан асқан білемін, Сол үшін де тамұқтың ең шыңырауына жіберді» (5, 159)» [15]. Концептілер пәнаралық категория болғандықтан әлеуметтік ғылымдар сөздігінде берілген анықтамасын да сараласақ: ҚЫЛМЫС– Заңды немесе азаматтық жазаға тартылатын әрекет» [16]. Берілген анықтамалардан терминдік мәнге ие пайымдауларға концептуалдық талдау жасаймыз:
|
TEXT
|
kaz
|
25,380
|
– Ақтөбеде ерлі-зайыптылар жалған ПТР анықтамаларын сатқаны үшін жауапқа тартылады. арадағы мемлекеттік шекарадан өтпек болғандарға қолдан құжат жасаған. Бұл жөнінде Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры хабарлады («Жалған анықтама бағасы – 7500 теңге» ) [17]. Берілген сөйлемдегі «Қылмыс» концептісі қоғамға қауіпті әрекет мәнімен репрезентацияланып, «жалған ПТР анықтамаларын сату» сөйленісі арқылы интерпретацияланады да, оның қоғамға қауіптілігі «індеттің таралуына себеп болу, қоғамға қауіп төндіру» семантикасы коммуникаттардың аялық біліміне, жағдаяттық мәнмәтін мазмұнына байланысты ашылады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,381
|
Тергеу органдары кодекстің 366- бабы 2-бөлігі (пара алу) бойынша айып тақты. Ал құрылыс компаниясының директорына Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігі бойынша (пара беру) және оның танысына Қылмыстық кодекстің 368-бабы 1-бөлігі бойынша (парақорлыққа делдал болу) айып тақты («Шенеуніктер сотталды» ) [18]. Мысалда «Қылмыс» концептісі «Қылмыстық кодекстің 368-бабы 1-бөлігі бойынша (парақорлыққа делдал болу) айып тақты» сөйленісі арқылы интерпретацияланады. Берілген тілдік бірліктің ақпараттық мазмұны «Қылмыс» концептісінің матрицасында «айып» мәнді бөлшегінің ҚР Қылмыстық кодексі арқылы қоғамдық қатынастарды реттеуші жоғарғы заң шығарушы органы қабылдаған, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері мен жағдайын белгілейтін, қандай іс-әрекеттің адам, қоғам және мемлекет үшін қауіпті қылмыс екендігін және қандай жаза түрлері мен қылмыстық құқықтық сипаттағы өзге шарттардың болатындығын анықтайтын нормативтік құқықтық актімен байланыстылығы ашылады. Бұл заң дискурсындағы «Қылмыс» концептісінің ақпараттық аясының кеңдігі және семантикалық мүмкіндігінің ерекшелігімен анықталады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,382
|
Мемлекеттік айыптаушы соттан 4 жыл, 2 жыл, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады. ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағанын ескеріп, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады ( «Шенеуніктер сотталды» ) [18]. Бұл мысалда «Қылмыс» концептісінің тағы бір семантикалық қыры ашылады, яғни кез келген қылмыстың жазалануы әрі оның заңнамада қарастырылған мазмұнына сай іске асырылатыны ашылады. Бұл дискурстағы тағы бір назар аударатыны – «ауыр қылмыс» семантикалық компоненті, ол «Қылмыс» концептісінің құрылымының күрделілігін анықтайды. Қазақ әдеби тілінің сөздігінде бұл сөзге келесідей анықтама берілген: **Ауыр қылмыс.** құқық. *Қылмыстық құқықта көрсетілген жеке адамға, қоғамға не мемлекетке қарсы күрделі әрекет.* «Қылмыс» концептісінің концептуалдық жүйесінің қылмыс түрлерімен астасып жатуы – талдау нысаны болып отырған концептінің құрылым күрделілігінің дәлелі [12, 537] . «Қылмыс» концептісінің семантикалық жағынан «қоғамға қауіпті әрекет», «айып», «жаза» тілдік бірліктері арқылы ашылуы концептуалдық талдауға қатысты пікірімен анықталады: «Элементтері бір ұғымды әртүрлі таңбалайтын негізгі метафоралық модельдер жиынтығы арқылы көрінетін» концепт өзегін бөліп көрсетумен байланысты болып келеді. Бұндай бөліп көрсетудің нәтижесінде бір-бірімен қиылысатын метафоралық модельдерден тұратын ассоциативтік-вербалдық желі пайда болады. ...бұл модельдердің сипатын ғана емес, сонымен бірге олардың арасындағы байланыстарды есепке алуымыз керек, себебі дүние санада сол модельдердің торы (сетка) арқылы «сүзіліп», трансформацияланады, категорияланады. Зерттеуші ғаламның көркем бейнесінің үзігін «когнитивтік-тілдік карта» деп атайды да, шын мәнісіне келгенде бұл дегеніміз – зерттелінетін құбылыстарды репрезенттейтін және одан әрі зерттеу міндеттерін шешуге қажетті, когнитивтіктен тілге, жалпылықтан жекелікке, формадан ойға, тілден мәтінге біртіндеп қозғалуды тұспалдайтын мәтіннің ассоциативтік-мағыналық өрісі дейді [19, 229]. «Қылмыс» концептісін талдауда «қоғамға қауіпті әрекет», «айып», «жаза» тілдік бірліктеріне негізделген когнитивтік-тілдік карта түзу концепт мазмұнының көлемі мен семантикалық категориялануын анықтауға мүмкіндік береді.
|
TEXT
|
kaz
|
25,383
|
Заңгерлік дискурс аясында зерделенген «Қылмыс» концептісін талдау үшін тіл біліміндегі дискурс мәселесі жан-жақты зерделенді. «Қылмыс» концептісінің «қоғамға қауіпті әрекет», «айып», «жаза» сияқты когнитивтік құрылымдары анықталды. Концептінің дефинициясын тірек ете отырып, біріншіден, жиі қолданылатын сөз контекстерін бейнелейтін, екіншіден, сөз семантикасында өзгерістер жүріп отыратын барлық бағыттарды белгілейтін және ең ақырында сөз мағынасына толық лексикографиялық түсінік беретін «концептуалдық карта» жасауға талпыныс жасалды.
|
TEXT
|
kaz
|
25,384
|
Мақалада жаһандану үрдісінің теориялық тәсілдерінің зерттелуі қарастырылған. , Робертсон, Гидденс, Аппадураи секілді негізін салушылардың эзірлеген жаһанданудың әртүрлі модельдері көрсетілген. Мәдениеттің жаһандану) туралы негізгі тұжырымдарды талдау барысында жаһаңданудың позитивті үрдістерін талқылауға әрекет жасалды. Авторлар мәдениет жаһандануының қазіргі теориясы айқын түрде идеологиялық сипатқа ие екендігі туралы қорытындыға келеді. Егер глобалистер жаһанданудағы мәдениетті сөзсіз болатын үрдіс және адамзат даму тарихының жалғыз позитивті жолы деп білсе, скептикалық тұрғыдағы авторлар жаһандану мәдениеті болмайтынын көрсетеді, оның себебі, лаколизация феноменінің (глокализацияның) пайда болуында, яғни батыстық жаһандық модернизациядан бас тартуына байланысты. Түйін сөздер. Глобализация, гегемония, мәдениет, жаһандық мәдениет, мәдениет, мәдени империализм.
|
TEXT
|
kaz
|
25,385
|
Жаһандану теориясы қазіргі әлеуметтану ғылымындағы өзекті тақырыптың бірі. Жаһандану қазіргі замандағы маңызды әлеуметтік аспектілердің өзгерісін қамтиды және бүкіл әлемдік қауымдастықтың тұтас дамуының теориялық сценариін жасайды. Бұл теорияларды әлеуметтану ғылымы жаһандану және модернизация парадигмалары арқылы қарастырады. Жаһандану сөзі алғаш рет 1950 жылдары (to globalize) [1] жаһандандастыру етістігінде қолданылды. Аталмыш терминді 1981 жылы американдық әлеуметтанушы Дж. Маклин «жаһанданудың тарихи үрдісінің қалыптасуын мен әлеуметтік қатынастарға түсініктеме беру» тұжырымдамасын зерттеуге шақырды [2]. 1983 жылы ағылшындық социологР. Робертсон алғашқырет өзінің бірінде globality терминін қолданса, 1985 жылы ол жаһандану ұғымын толық түсіндірді, 1992 жылы «Жаһандану, әлеуметтік теория және жаһандық теория» атты зерттеуінде жаһандану тұжырымдамасының негіздерін анықтаған. Сол уақыттан бері «жаһандану» термині халықаралық экономикалық қатынастарға қатысты кеңінен қолданылды. «Жаһандануға» арналған барлық ғылыми зерттеулердің басым бөлігі 1990-шы жылдардың басында ғана пайда болып, бұл тақырыптың төңірегінде кітаптар мен мақалалар қарқынды түрде өсті [3]. 1983 жылы «» зерттеу мақаласында трансұлттық корпорациялардың өндіретін жекелеген өнімдер нарығын біріктіру үрдістерін талдау барысында қолданған [4]. Әлеуметтанушылар айқындаған жаһанданудың анықтамалары мен сипаттамалары көп болса да, ғылымда әлі күнге дейін жалпыға ортақ қабылданған теориясы жоқ, оны мен [5] зерттеу тұжырымдарынан көруге болады. Онда жаһандану обьектілік зерттеуден тұтас ғылыми көрініске айналған. Бастапқыда, жаһандану батыстың әсер етү салдары ретінде қарастырылса, пост дәстүрлі қоғам бірінші жаһандық қоғам ретінде сипатталған. әлемдік жүйелік талдау тұжырымдамасының алғашқы нұсқасында, ыдырағаннан кейінгі АҚШ-тың жаһандық артықшылығы туралы мәлімдемесі болатын [6]. ұстанымы бойынша жаһандану плюралистік үрдіс, оның пікірінше, жаһандануды тек Батыстың ерекше даму нәтижесі ретінде ғана емес, сонымен қатар батыс елдерінің басқа әлеммен экономикалық, әскери-саяси, сауда-технологиялық, мәдени, діни, басқа салалардың өзара әрекеттесу нәтижесінде орын алған. Робертсонның пікірінше, жаһандану көптеген өзгерістердің үлгісін біріктіреді және әлемнің плюралистік дамуының нәтижесі болып табылады[4]. «Модерннің салдары» кітабында жаһанданудың бес негізгі ерекшелігіне талдайды және кейінгі модерн қоғамын талдауда жаһандану мәселесіне көп көңіл бөліп, жаһандануды күнделікті өмірде және әлемдік әлеуметтік қатынастарда орын алатын құбылыс екенін жазады [7-63 б.]. жаһандануды бүкіл адамзаттың «жарқын болашағы» әрі қосмополитті коғамды құрудың алғышартыретінде қарастырады [8-190 б.]. пікірінше жаһандану «бір-біріменшектеспейтін күнделікті әрекеттердің экономика, ақпарат, экология, азаматтық қоғамның транс мәдени қақтығыстардың әртүрлі өлшемдері ...» [9-44 б.]. «жаһандану» терминін XVIII ғасырдың соңында пайда болған «интернационализация» ұғымымен салыстырады [10]. Ал, ресейлік ғалым ғалымдардың жаһандануды интернационализация ұғымымен шатастыратының айтады [11]. Жалпы интернационализацияға антика дәуірінде пайда болған мемелекеттердің жақындасуын, ХV ғасырдағы географиялық жаңалықтардың ашылуын жатқызуға болады. Ғалымның пікірінше жаһандану Кеңес үкіметі ыдыраған уақытта пайда болған [1] және ол ( және ) неолиберализм теоретикасына негізделген. «Сындарлы он жыл» кітабында [12] жаһандану феноменін керекті дәрежеде түсінбейінше, геосаяси және тарихи бағалы субъект ретінде бірде-бір қадам жасауға болмайтынын ескертеді. Жаһандану түралы ғылыми зерттеулерді үш негізгі топқа бөлуге болады. Біріншісі глобалистердің жұмыстарымен ұсынылған, онда жаһандық үдерістер адамзат тарихындағы жаңа кезең ретінде қарастырылады. Глобалистер үшін бүкіл әлем бойынша батыстық либералды демократияның таралуы ұлттық мемлекет шекараларының жойылуына ортақ экономикалық, әлеуметтік және саяси стандарттарға негізделген жаһандық өркениеттің қалыптасуын білдіреді. ХХ ғасырдың 80-ші жылджары АКШ пен Ұлыбритания лидерлері және нарыктық еркін экономика идеологиясында нарықтық қатынастардың қарапайым таралуы кедейлікті жойып, түрлі мемлекеттердің мәдениетін біріктіруді насихаттаған. Жаһандану феноменін зерттеушілердің екінші тобы - скептиктер олар экономика мен халықаралық қатынастарға көңіл бөлген. «Жаһандану немесе өтпелі кезең? Әлемдік жүйе траекториясының ұзақ мерзімді көрінісі», Дж. Гелбрейт «Жаңа индустриалды қоғам», «Постэкономикалық қоғам концепциясы», «Ақпараттық қоғам: экономика, қоғам және мәдениет», , , . және басқаларының еңбектерінде қарастырылған. Олардың пайымдауларынша, жаһандану адамзат дамуындағы жаңа кезеңді қалыптастырмайды, керсінше ол экспансияның жалғасы, ол батыстық үлгідегі капитализмнің жалғасуына ал халықаралық тәртіп әскери және геосаяси тұрғыда күшті мемлекеттердің үстемдігімен жүрмек, әсіресе АҚШ - тың. Скептиктердің қарастыруға болады. Неоколониализм - әділетсіз саяси, экономикалық байланыстар арқылы, бұрынғы отарлаушы әлемнің қалаған елдерге әскери күшпен монополиялық әрекеттері арқылы ХҚҰ (Халықаралық қаржы ұйымы) және ТҰК (Трансұлттық корпорациялар) негізделген жүйені енгізуі. Жаһандық жүйе барысында еңбек бөлінісі қалыптасады, бұрынғы колониалды мемлекеттер экономикалық қаражат орталықтарын иеленіп, әлемдік қаржы – саясат жүйесін бақылауда ұстап, қалған (отарланған) аймақтарды аграрлы – шикізат пен қамтамассыз ететін орталықтарға айналдырады. Жаһандық еңбек бөлінісі жүйесіне айналған мемлекеттердің жағдайында, олар өз тәуелсіздіктерінің біраз бөліктерінен және протекционалды саясат жүргізу мүмкіндіктерінен айрылып, нәтижесінде индустриалды қоғамға дейінгі және индустриалды қоғамның жағдайына енеді. Яғни, жаһандану арқылы, батыстандыру және «алтын миллиард» концепциясының мақсатын (экономикасы мықты дамыған елдердің азаматтарына ерекше жағдай жасауға арналған) жүзеге асыру. «Алтын миллиард» концепциясы трансұлттық корпарациялар арқылы жасалады. Американдық зерттеуші Хомский: «Мықты елдердің әсіресе, АҚШ ұкіметі корпорациялардың сауда операциялары мен басқа да келісімдерін жеңілдетүге және аталмыш ұлттың өкілдеріне ешқандай міндеттемелердің болмау жолдарын іздестіреді» [13]. Жаһанданудың саяси салдары 3. Бауман «Жаһандану. Адам мен қоғам үшін салдары» «Жаһандану дегеніміз не?», 3. Бжезинский «Таңдау: Әлемдік немесе жаһандық көшбасшылық», және басқалардың еңбектерінде қарастырылған. Үшінші топ трансформация көзқарасын ұсынады, онда қоғам мен әлемдік тәртіп өзгеріске ұшырайды. Бұл бағытта жаһандағы жағдайындағы мәдени өлшем мен мәдени аралық, өркениет аралық, глобальді мәдениет, мультимәдениеттің қалыптасуы зерттелген. 1990 жылы жетекші теоретиктер , , , және басқаларының «Жаһандық мәдениет»[14] атты мақалалар жинағы жарық олардың пайымдауларынша жаһандану жағдайында экономика мен саясатқа қарағанда мәдениет саласы маңызды әрі негізгі роль атқарады. Себебі қазіргі әлем динамизмі, өзара тәуелділік, қарама-қайшылық және конфликтілік үрдістермен ерекшеленеді. Бүгінде олардың алатын бірынғай жолдарыда жок. Жалпы адамзаттық құндылықтар, келісімге келу мүмкіндіктеріне тек мәдениет қана ие. Мәдениет миссиясы ұлттық проблемалармен шектелмейді, ол бүкіл адамзат өмірінің негізгі бағыттары мен мағынасын айқындайды. 2013 жылғы еуропалық дағдарысты көптеген елдердің көшбасшылары мен ғалымдары, объективті түрде әлеуметтік-мәдени сипатта екенін мойындады. Жалпы қоғамның әлеуметтікмәдени өміріне қатысты мәселелерді алғаш рет 1960 жылдары Франкфурт мектебінің өкілдері қарастырды. Х. , , , , жұмыстарында бұқаралық қатынастың қоғамының трансформациялануына, әлеуметтік қарым-қатынастарға әсері зерттелген. Қоғамдағы өзгеріс факторлары американдық әлеуметтанушы зерттеуінде [15] көрініс тапты. Оның пайымдауынша жаһандану барысында «жаһандық мәдениет ағымы» қалыптасады, ол бес мәдени-символикалық кеңістік-ағымдарға бөлінеді: этнокеністік (ethnoscape) келушілердің. босқындардың, 1. гастарбайтерлердің ағымы арқылы қалыптасады;
|
TEXT
|
kaz
|
25,386
|
Бұлар тұрақсыз өзгермелі үрдістер болғаннан кейін гомогенизация емес гетерогенизацияға жақын. Әлеуметтік - мәдени өзгерістерді зерттеуде үлкен үлес қосқан. Ол мәдени жаһандану тұжырымдамасын едәуір кеңейтіп оны, мәдени гомогенизация, унификация және глокализация тұрғысынан қарастырып, әлемнің жаһандық белгісіздік кезеңіне өткенін жариялаған. жаһанданудың екі бағытын анықтады: 1. Жаһандық институционализация әлемі ол күнделікті локальді өзара әрекеттесуді және әлемдік деңгейдегі макроқұрылымды тікелей әлеуметтендіру әсері ретінде түсіндіріледі. Бұл әсер үш фактордың әрекетінен орын алады: капитализм экспансиясы, батыс империализмі, жаһандық БАҚ жүйесінің дамуы. Бұл факторлардың әсері «жалпы адамзат құндылықтарын» экспансиялауға айналады, стандартты эстетикалық және мінез-құлық үлгілерінің символдарын жаһандық желілер арқылы таратады (мысалға, CNN және МТV) және ТҰК (Соса-Соlа және General Motors); 2. жаһандық локализация – басқа мәдениеттерді тани отырып қоғамдастық құру [16, 15 б.]. Бұқаралық мәдениетті 3. Бжезинский, «АҚШ-тың геосаяси басымдықтарын қамтамасыз ететін төрт факторлардың бірі ретінде анықтайды» [17, 36 б.]. Ал, Американдық зерттеуші : «Біз жаппай бұқаралық ойын-сауық және бұқаралық өзін-өзі қанағаттандыруға негізделеген мәдениетті қалыптастырдық... Мәдени белгілер Голливуд пен Макдональдс арқылы бүкіл әлемге таралады және басқа қоғамдардың негіздерін бұзады... басқа жеңімпаздарға қарағанда, біз басқалардың бағынуына қанағаттанбаймыз: біз өзімізді имитациялауды талап етеміз» деп жазады» [18]. Бұл көзқарастар мәдени империализм концепиясы деп қарастыруға болады. Мәдени империализм концепциясы (, ) индустриалды дамыған елдердің басқа елдердің бірегейлігіне әсер ету барысында халықаралық жиындар мен ақпараттық технологияны барынша пайдаланады. Халықаралық жиындарға жаһандық мағынаға ие болған демалыс аймағында ағылшын тілінде өтетін әлемдік бизнес жиынын және тек, Еуропа мен АҚШ-та орналасқан адам құқығы, экология, феминизм, мүльтимәдениет, толеранттылық, зайырлылық мәселелерін ғылыми теория, идеология арқылы қарастыратын «мәдени интеллектуалдар клубы» жатады. Жаһанданудың қазіргі әлемдегі ақпараттық және коммуникациялық үрдістерге әсері «Жаһандану және танымал Америка мәдениеті», «Бұқаралық мәдениет – қазіргі заманның әмбебап парадигмасы», «Үшінші толқын» және басқаларының еңбектерінде зерттелген. Жаһандану барысында ұлттық мәдениетті сақтау жолдарын глокализация терминінен табуға болады. Глокализация жаһанданудың екі бағыты жаһандық және локальдінің, гомогенизация мен гетерогенизация өзара байланыстарымен қарым-қатынастарынан үйлесуінен пайда болған [19, 15 б.]. Глокализацияның терминдік мағынасы жапон тіліндегі dochakuka сөзінен енген. Глокализацияның жаһандық және локальды тенденциялары «бірін – бірі толықтырып үнемі байланыста болады, кей жағдайда араларында қақтығыстарда орын алады» [19]. Оның себебін глокализация мен қатар жүретін гробализацияның салдарынан табуға болады. Гробализацияның басты қозғаушы күштері капитализ, америкаландыру және мақдональдтандыруды басқа географиялық аймақтарға таныстыру барысында орын алады. Дж. Ритцердің зерттеуінде гробализация (nothing) мәнсіздікті таратады [20]. Гробализация гибридизация терминімен байланысты себебі екеуі де біртұтастыққа қарама-қайшы жаһандық және жергілікті мәдениеттің бірегей қоспалары әсерінен әртүрліліктің артуына баса назар аударады. анықтамасы бойынша глокализация «әділетті децентрализациялық әлем» сценарине сәйкес, жаһандық мульти мәдениет өркениетінде қалыптасқан жергілікті мәдени жетістіктердің жаңару үрдістері жатады [21]. Орыс ғалымы : «Ғылым және технология саласы әлсіз дамыған елдер үшін қиын болмақ. Трансұлттық нарық, жалпы бәсекелестік барысында өзінің жағдайын сақтап, өзі құрған конфигурацияларының өзгеру мүмкіндігін шектейді» [22] деп, ақпараттық технологияға ерекше назар аудармаған елдердің отарлануы әрі қарай жалғасатынын айтады. Дамыған елдер ақпарттық технология мүміндігімен ғаламтор арқылы мәдениетті барынша таратып тіліндегі «жарым адам», «надан адам», «ез адам», «көзқамандарынан» қорқынышты жаңа мәдени топтардың қалыптасуын көздейді. пікірінше көзқамандар мәнгүрттерден де қауіпті. Себебі мәнгүрттер өз мәдениетін білақ білуге тырысады және мәдениетін білмегенге олар кінәлі емес, оған отарлаушылардың саяси, мәдени, психологиялық қаруды зорлыктен пайдалануында, Бұл көзқарастар . нәсіл және отаршылдық теорияларында зерттелген. Ал көзқаман ол білімді басқа елдің тілін, тарихын біледі бірақ, өзінің тарихын мәдениетін білуге талпынбайды, керсінше одан ұялады [23]. Сондықтан олар кез – келген уақытта өз ұлтын сатуға дайын тұрады. Дамыған елдердің ғаламтор арқылы тарататын гедонистік (симулякр өзінің бастапқы шынайлығынан айрылған мәдениет) сипаттағы жарнамалары адам психологиясына әсер етпей қоймайды себебі, ғаламдық интернет желісі бастапқыда әскери технологияларды дамыту нәтижесінде пайда болып тек милитаристік мақсаттарға арналғанын ұмытпауымызда қажет. Жаһандану жағдайында ұлттың болмысын сақтаудың жолы ол өткен тарихты тануда жатыр. Тарихты тану, білу шығармасындағы «космополитизм мен фундаментализм» арасындағы конфликтіні тоқтатады. Гидденстің шығармасындағы фундаменталист өзінің тарихын, мәдениетін білмегеннен кейін Абайдың тіліндегі: «Көп айтса көнді, Белгісі надан адамның» дегендей образда кіммен не үшін өштесіп жүргенін білмей де қалуы мүмкін. Ұлттық болмысты жаһанданудың негативті тұстарынан сақтаудың тағы бір тетігі ол ұлттық қана емес әлемдік мәдениет бірлігінің бөлінбес бөлшегіне айналған құнды шығармаларын және өзіміздің ұлтымыздың хандық дәуірге дейінгі, хандық дәуір, зар-заман әсіресе , , секілді хакімдердің адамға қатысты туындыларын барынша пайдалануымыз қажет. Басқа мәдениеттермен байланыс орнатпаған және олардың әсерін сезінбейтін мәдениет әлемдік мәдени дамуда артта қалмақ. Жаһандық әлемге кірмейтін қоғамдар өздерінің жергілікті идентификациясының әлсіреуіне, мәдениетіне деген қызығушылықтарының жоғалып, рухани белсенділігі төмендеуіне алып келеді. Мәдениет ( бойынша) әрдайым басқа да мәдениеттер мен дәуірлермен шекарада «жатады». Сондықтан бір халықтың мәдени ерекшелігі басқа халықтардың ерекшелігінен ажырамайды. Мәдениет қоғамның негізгі жағдайы ғана емес, дамудың ресурсы да болып табылады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,387
|
Ұлытаудың мәдени-тарихи ландшафтын ревитализациялау үрдісі 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының басын қосқан алғашқы Құрылтайдың қатысушылардың сапарынан бастау алады. Отандық белгілі аймақтанушы пікірінше, бұл қазақ руларын көне атамекенге қайта жұмылдыруға, біріктіруге мақсатталған тарихи оқиға (Кан, 2011:231). Құрылтайда дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылған қандастарды қайтару, қазақ халқының тағдыры мен ата-баба мұрасы саналатын тіл мәселесі жайында сөз қозғалғаны кездейсоқ емес. Жандандырудың екінші үрдісі қазақ халқының тәуелсіздік пен бірлікке ұмтылған арманмүденні айшықтайтын Елбасының 1993 жылы «Қазақстан мемлекеттілігінің тұтастығы мен халықтар бірлігі» монументін қоюмен байланысты. Мұндай түрлендіру егемендік таңындағы ребрендинг нәтижесі саналып, аз уақыттың ішінде Елінің нышаны айналуына ықпал етті (Ермаганбетова, 2019:76). Аталған екі тарихи оқиға Кенес үкіметі тұсында өткізілген салтанатты жиындар пішімінен өзгерек. Күн тәртібінде бұрын-соңды айтылмаған ұлт құрылысына қатысты сұрақтар талқыланды. Сондықтан, ертеден нақыш сөзге айналған «Ұлытау – ұлт ұясы» дегеніміз – егеменді елде барша қазақ ұлтының арқа сүйер іргесінің, бас қосарлық жерінің барын білдіруі. Ұлытаудың өзіндік киелі кеңістік ретінде танымал болуына ықпал еткен тағы бір маңызды фактор – Н. алаңында ақ кигізге көтеріп «Алаш ханы» етіп ұлықтау. Бұл мақалада Ұлытаудың мәдени ландшафтының жандану үрдісінің қалай болғанын, оған кімдер қатысқанын, ең белсенді акторлар мен реципиенттердің кім болғандығын қарастырғым келеді. Ол үшін Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы, ескерткіш орнату, сапар орталығын салу тәрізді идеологиялық оқиғаларды талдауды сыртқы кенеп ретінде қолдандым. Сонымен қатар, одан бөлек, тарихи және ұжымдық жады арасындағы күрделі қатынастың бір мезгілде өзара байланыстылығы мен қарама-қайшылығы қарастырылған.
|
TEXT
|
kaz
|
25,388
|
Мақаланың әдіснамалық негізіне коммеморация-жады теориясының классиктері пен еңбектері алынған. Автор аталмыш жұмыста «Қазақстандағы естелік тәжірибесі мен орындары» атты авторлар тобымен әзірленген естелік концепциясына қатысты теориялық зерттеулерге сүйенеді. Сонымен қатар, мақала тақырыбының теориялық және практикалық мәнін ашу барысында мұрағат, бұқаралық ақпарат құралдары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген әдебиеттер мәліметтері қолданылған. Ғылыми-теориялық ізденіс нәтижелерінің репрезентативтілігін дәйектеу мақсатында Ұлытау өңірінде мемлекеттік қызметші, ғылыми-зерттеу институтының маманы, мұражай зерттеушісі және жергілікті жекеше экскурсия жетекшісінен тереңдетілген сұхбат алу арқылы жинақталған эмпирикалық деректермен толықтырылған. Мақалада автормен 2020, 2022 жылдары далалық зерттеу жұмыстары барысында түсірілген фотосуреттер қолданылған.
|
TEXT
|
kaz
|
25,389
|
Ғылыми-зерттеу қоғамдастығының және билік басындағылардың қазақ елінің көне ордасы танылатын Ұлытау мекеніне қызығушылығы өткен замандардан бастау алады. Бір жағынан бұл өңір Қазақ хандығының құрылуына негіз салған Бұланты шайқасының жеңісімен мәнді болса, екінші жағынан тарихи маңыздылығы бар ескерткіштерімен ынталандырады. Үйреншікті кеңестік сарындағы Ұлытау метталургиялық қазба байлықтары арқасында танымал болғанымен, сол кезеңнің өзінде бұл жердің елдік нышаны ретінде танылуын «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегінде жазған. таулары қазақтардың ежелгі саяси орталығы ретіндегі маңызының көрсеткіші – бір кездері «қазақ» тектілігін құраған барлық негізгі тайпалар аумақтары Ұлытау тауларынан тарағандығында. Ұлытауда қазақтардың ежелгі саяси орталығының болғанын осы өлкедегі материалдық мәдениет ескерткіштері де растайтындығын айтады (Кожамсейітов, 2014:7). Ұлытау ланшафтын халқының жаңа тарихи санасының және дүниетанымының қалыптастыру саясаты ретінде қабылдану үрдісі 1993 жылдан бастау алады деп нық айтуға болады. Бұл жылы мемлекеттік стратегиялық маңызы бар екі бірдей оқиға Ұлытау өңірінде өткізіліп, Тәуелсіздік таңындағы тарихи жадыда мәңгі сақталып қалды. Біріншіден, Н. алаңында ақ кигізге көтеріп, «Алаш ханы» етіп ұлықтау оның 1993 жылғы 15 қыркүйектегі Ұлытауға сапарында өткізілсе, екіншіден, осы күні ол «Қазақстан мемлекеттілігінің тұтастығы мен халықтар бірлігі» монументі ескерткішінің белгі тасын орнатады (Тлеубаев, 2001:6). Дәл осы жылдың аяғында Елбасының «Қазақстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» мақаласы жарыққа шығып, мұнда идеологиялық платформаны құру қажеттілігі жөнінде айтылғаны кездейсоқтық емес. Сонымен қоса, өз сөзінде Қазақстанда тұрып жатқан азаматтарды теңдігін тек қазақ халқының және қазақ тілінің біріктіруші рөлін арттыру негізінде ғана іске асыру мүмкіндігіне ерекше көңіл бөлді (Назарбаев, 1993:24). Атап айтқанда, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ұлттық идеологиялық басымдықтарды еңсеруде Ұлытаудың символикалық географиясы кеңінен қолданылды. Тіпті бұл өңір мемлекеттің әкімшілік орталығы атану мәселесі де қарастырылған: *«1993 жылы өңіріне келгенде осы аймақты астанаға ауыстырмақшы болды, біраз қарап, саралап көрді. Ұлытау қаншалықты киелі жер болса да, елорданы құруға келмейтінін түсінді, себебі су тапшы, таулы аймақ, көлік жолдарына да ыңғайсыз» (мемлекеттік қызметші).* Қазақ жерінің кіндігі болып табылатын Ұлытау өңірі мемлекеттің ресми назарына 2014 жылғы сапарында туындаған «Ұлытау төріндегі сұхбатынан» кейін алына бастады. *«Әрине, Ұлытауды мемлекет деңгейінде жаңадан ашуға, жаңадан ұлықтауға түрткі болған Елбасының 2014 жылы берген мақаласы. Қазақ жұртына Ұлытауды билік тарапынан дәріптеудің екі толқынын атап өтуге болады: біріншісі – 2014 жылғы Елбасының сұхбаты, екіншісі – 2019 жылы Қ- форумдағы сөйлеген сөзі. Бірінші толқын Қазақ хандығының 550-жылдығын өткізуге түрткі болса, екіншісі – 750 жылдығын атап өтуге ықпал етті» (мемлекеттік қызметші).* сұхбатта Ұлытаудың ұлт тарихында алатын орнынан бастап бүгінгі күннің даму жоспары, экономика, тіл, дін, мәдениет секілді мәселелерге тоқталып өтеді. Ол өз сөзінде қазақ даласының төрт бұрышындағы киелі жерлерді атай келе, «дегенмен Ұлытаудың орны бір басқа» деген ұйғарымға тоқтаған. Сонымен қатар, жағасындағы сұхбат соңында Ұлытау даласын ата-бабалар жолымен және идеясымен тоғыстырады (Туған тіл, 2014: 4). қатысты құндылықтық бағдарларды стратегиялық идеологиямен үйлестіруін оның ұлттықмемлекеттік құрылыстың ерекше нышаны ретінде қабылдауы деп тануға болады. 2014 жылғы Елбасы сұхбатының жариялымынан соң әр сала мамандары Ұлытау өңірі жайында көптеген зерттеулерін жарыққа шығарды. Оларды сараптау барысында Ұлытау этимологиясына қатысты бірнеше пікірді қалыптастыруға мүмкіндік берді. Алғашқы пікірді философ ғалым термині «ұлықтау» сөзінен пайда болған деседі: «біздің қазір «Ұлытау» деп атап жүрген өңіріміздің атауы тікелей Жошы ханға және одан тараған хандардың ұлықтауына қатысты, сонда «Ұлытау» деп жүргеніміз тауға емес, хандарды ұлықтауға қатысты мәселе» (Есім, 2014: 10). Бұған қатысты екінші пікірді отандық жазушы Пайғамбар заманнындағы тарихи аңызбен байланыстырып, Ұлытау – бұл топан су астынан төбесі қилтиған таулардың бірі болғандықтан Ұлы жер атауы берілген деседі. Ал археолог пікірінше, Тұмар патшайым бастаған парсыларға қарсы шайқас Ұлытау етегінде өткендіктен осы мекенді Ұлт ұясы, атақоныс ретінде қабылдап кеткен делінген. Мемлекеттік қызметші 2010 жылы Ұлытаудың символикалық мәнін қайта реттеу үрдісі жүргізілгендігін айтады: *«Бұл орайда үш символ басты назарға қойылды: хандық – билік – халық. Қазір алаңда Қасым ханның прототипі тұр, таңбалы тасты қойдық, осылайша туристтер келгенде бұл жер болғандығын сезінуі керек. Мәселен, бірегей діни орталығы, қай жеріне аяқ баспасаныз діни мазмұндағы жасалған заттарды, байланыстығын көресіз. Сол секілді, Ұлытау да өз архитектурасымен, дизайн жобасымен, аббатандыру жұмыстары толығымен хандық концепциясымен қатарлас жүруі қажет. Ұлытауға тарихи мәртебесін көтеру үшін тарихи келбет беру мақсатында жасанды балбал тастар, Қасым хан алаңы, батырлардың макеттері жасалып қойылды».* Осылайша, Ұлытау мемлекеттілік пен хандық билік институты құрылуының бастауы ретінде қабылданып, келешек ұрпаққа елдік нышаны ретінде дәріптелу тиістігі анықталды. Алайда, сарапшының пікірінше, Ұлытау төңірегіндегі өзгерістер саясаттандырылмай, тек экономикалық тұрғыда қарастырылғаны жөн: *«Билік тарапынан Ұлытауға көңіл аудару үрдісін «десоветизациядан» гөрі «деруссификацияның» бастауы деп айтуға болады. Себебі, бұғанға дейін заманында тақырыбы жайында сөз қозғалмайтын. негативті қабылданды, басқыншы, Русь жерлерін жаулап алған моңғолдар ретінде танылатын. Бірақ, Тоқаев өз сөзінде Ұлытауды саясаттандырмай, тек экономика, туризмді дамытуға, қазақ тарихын насихаттауға басымдылық танытады. хан Шыңғыс ханның үлкен ұлы екенін, оның осында жерленгені жайында біле қоймайды. Егер де біз Жошы хан құндылығын халықаралық деңгейге көтерсек, келушілер ағыны да ұлғаяды. негізін қалаушы ретінде мақтаныш тұтуға толық қақымыз бар, киелі жер ретінде барша әлемге паш етуге мүмкіндік туып отыр» (мемлекеттік қызметші).* Ауданға халық қызығушылығын арттыру, туристтерді тарту және оларға қолайлы жағдай жасау жолдары жергілікті ортаны көріктендіру арқылы жүзеге асатындығы белгілі. Ал ол өз кезегінде қыруар қаржыны, жұмыс күшін талап етеді. Осы орайда Ұлытауды көркейту мәселесі тек билік тарапынан ғана емес, мүделлі тараптар есебінен шешілетіні анықталды: *«Көбінесе инвестиция арқылы, қазір басқа жақта тұратын осы жақтың тумалары да бар, облыс әкімі де көмектеседі – спонсорлықтың біраз бөлігі Ұлытауға бөлінеді, «Қазақмыс»*
|
TEXT
|
kaz
|
25,390
|
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, Ұлытау өңірінің инфрақұрылымын жандандыру, тарихи маңызы бар ескерткіштерді орналастыру үрдісін, бір жағынан, неміс әлеуметтанушысы мен неміс психологы «Шынайылықты әлеуметтік құрылымдау» теориясына жанастыруға болады. Ғалымдардың зерттеуінше, жеке институционалды іс-әрекет жалпыға бұрмалану арқылы таралып, дәл уақыттағы шынайлық бұрыңғы түсініктерден әлдеқайда жақынырақ қабылдана бастайды (Бергер, 1995:81). Басқаша айтқанда, мүдделі топ жалпыға жаңа шынайылықты орнатып, әлеуметтік ортаны жаңадан құрылымдайды. Екінші жағынан, француз философы «Ұжымдық және тарихи жады» еңбегіндегі тұжырымдамасымен сәйкес келеді. Оның айтуы бойынша, қандай да бір оқиғалар ағымында ұжымдық санада бұрыңғы естеліктердің беті ашылып тарихи жадыға ұласады. Ал ол өз кезегінде жаңа оқиғалар мен онымен байланысты жаңа естелік орындарын ашуға мүмкіндік береді (Хальбвакс, 2005:12). Сонымен қатар, мәдени ландшафтты жандандыру мен көркейту жұмыстарының қарқындылығы, біріншіден, руластық қатынастардың бекемділігі; екіншіден, жершілдік сезімдердің басымдығынан; үшіншіден, жергілікті әкімдік басқарушысы беделдігінің деңгейіне байланыстылығы мәлім болды.
|
TEXT
|
kaz
|
25,391
|
Тарихи хронологияға үңілетін болсақ, қазіргі Қазақстан аумағында орналасқан жәдігерлерді мамлекет қорғауына алу алғышарттары 1949 жылдан басталған. 1949 жылғы 17 ақпанында Қазақ КСР «Мәдени ескерткіштерін қорғауды жетілдіру шаралары туралы» №133 қаулысы шықса, кейін 1974 жылғы 7 маусымында «Мемлекеттік қорғауға енетін Қазақстанның сәулет ескерткіштері туралы» №338 қаулысы жарық көреді. Ұлытау атауы алғаш рет 1982 жылғы 26 қаңтардағы «Республикалық маңызы бар Қазақ КСР тарихы мен мәдениет ескерткіштері туралы» №38 қаулысында қолданылған (Қазақ КСР 1982 жылғы 26 қаңтардағы №38 қаулысы, 1982). Мұнда аталған ауданда орналасқан тоғыз археологиялық, сәулет құрылыстары – Бесқамыр қалашығы, Жошы хан, Алаша хан, Дүзен, Лабақ кесенелері, Домбауыл салттық ғимараты, Айранбай күмбезі, Мақат сағанасы, Кетебай күмбезі мемлекет қорғауына алынған. Қазақстанның зайырлы мемлекет аталуының қарсаңында 1990 жылы 29 қарашада Қазақ КСР №466 қаулысымен «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны құрылады (Ермаганбетова, 2017:41). Осылайша бүгінгі күні қорық-мұражай құрылымы 25 кешен орналасқан жалпы көлемі 147246 мың гектарды құрайтын аумақты алады. Ұлытау өңірінің аумағында әртүрлі уақыттағы ресми тіркелген 337 ескерткіш бар, оның 282-сі «Ұлытау» қорық-музейінің тарихи-мәдени картасында көрсетілген (Қарағанды облысы (Ұлытау), 2019:184). Соңғы мәліметтер бойынша бүгінгі күні Ұлытау өңірінен жалпыұлттық деңгейдегі тізімге 12 нысан кіреді: 1. Айранбай (Бескүмбез) кесенесі, XIX ғасыр; 2. Аяққамыр кесенесі, XI-ХII ғасырлар; 3. Алаша-хан кесенесі, XI-ХII ғасырлар; 4. Жошы хан кесенесі, XIII ғасырдың І-ші жартысы; 5. Дүзен кесенесі (Жүзден), 1863-1866 жылдар; 6. Домбауыл салт-жоралғы құрылысы, VIII-IX ғасырлар; 7. Лабақ кесенесі, XIХ ғасыр; 8. Кетебай кесенесі, 1898 жыл; 9. Болған-ана кесенесі, XII-ХIII ғасырлар; 10. Басқамыр қалашығы, IX-XII ғасырлар; 11. Мақат кесенесі, 1923 жыл; 12. Ақмешіт әулие кешені, ХІV-ХV ғасырлар ( және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 88 бұйрығы, 2020). Бұл тарихимәдени маңызы бар нысандар 2017 жылдан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жоба аясында зерделеніп тізімге алынған. Осы ретте ғылыми-зерттеу институты маманымен кездесу барысында алынған сұхбатқа сүйенсек, *«жалпыұлттық тізімге енген орындар – бұл тұтас халықпен толықтай мойындалған, көпке мәлім болған, еш талассыз, сөзсіз киелі деп танылатын ұлттық құндылығы жоғары жерлер»* делінеді. Ғылыми маманның айтуынша, киелі орындарды зерттеу, іріктеу кезінде халық арасында көптен таралған аңыз-әңгімелерге сүйенген: *«Себебі, біріншіден, бұл саяси бағдарлама; екіншіден, әр ғалым әртүрлі талқылайды, өз зерттеу тақырыбын жазады, бірақ ортақ пікір жоқ. Ал аңыз-әңгіме деген қарапайым жұртшылыққа түсінікті және жеңіл қабылданады, туризмді және кіші өлкенің ішкісыртқы туризмін дамытуға септігін тигізеді. Маңызы бар орындарды халық анықтайды, оны ешбір әкім де, президент әкімдігі де шешпейді, тек халықтың таңдауы арқылы іріктеледі».* Әрине, халықтың көпшілігімен ұсынған нысандарға қатысты ауызекі аңыз-әңгімелер тарихи деректермен, шежіремен байланыстылығын Институт жанындағы Ғылымисараптамалық топ дәйектеп қорытындылайды. Маманның баяндауынша, жобаның мақсаты ұмытылған тарихты, халық жадысын қайта жандандыру болғандықтан комиссияға келіп түскен барлық ұсыныстар қаралады. Осылайша жоба аясында халық естеліктерінің арқасында ұлттық тарихимыз жаңадан жазылып, жаңадан қарастырылып жатыр. Түптеп келгенде, киелі жерлер субъективті бір адамның немесе мүдделі топтың шешімі арқылы таңдалмай, ортақ объектівтік принцип және репрезентативтік заңдылық арқылы таңдалғандығы анықталды. Халықтық жадыда сақталған естеліктермен тарихты жаңғырту үрдісі француз ғалымы бойынша ұжымдық жады мен тарихи жады арасындағы шекара өте нәзік, әрі сезімтал екендігін тағы да айқындайды (Хальбвакс, 2005: 22). Философтың айтуынша, тарихи жады біріңғай цифрлар, құрғақ деректер мен әрсіз тұлғаларға толы. Тарихи оқиғаның болған орны мен нақты сюжеті, оған қатысты ірі ерлік істер баяндалғанымен, оқырман әсерленіп, көз алдына елестету қиындыққа соғады. Ал ұжымдық жады алып тұлғалардың қимыл-әрекет бейнесін, тың мінезін, көптін ортасында тараған «тірі» әңгімелерін баяндау арқылы тарихи деректерде кездеспейтін мағлұматтарды қайта жаңартады. Осылайша, ұжымдық және тарихи жады бір-бірін толықтырып, кейде бір-біріне сіңісіп, кейде керісінше қарама-қайшы келеді. Ұжымдық сана сол тарихи кезеңнің маңыздылығын танып, оны келесі ұрпаққа аманат етуге тырысады. Сондықтан ұжымдық сана ақпарат иелерінің бірізділігіне қарай шектеулі мерзімде ғана өмір сүруі мүмкін. Сол себепті, «» бағдарламасы кіші топтарда, ұжымдарда ғана белгілі нысандардың шекті шеңберлерін үзіп, көпшілікке масштабтау және тарихи санада бекітуге мақсатталған. Сонымен, Қарағанды облысында 23 киелі орындар орналасқандығын ескеретін болсақ, бұл жалпы бөліністен Ұлытау еншісіне жартысынан көп үлесі түссе (52,2%), барша 250 республикалықтан 4,8% енеді. облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне 1538 нысан енсе, оның 358-і (23,3%) немесе төрттен бір бөлігі Ұлытау ауданында орналасқан (сурет-1) (Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 73/01 қаулысы, 2020).
|
TEXT
|
kaz
|
25,392
|
Жоғары аталған деректерге сүйене келе, Ұлытау өңірі Қарағанды облысы шеңберінде ғана емес, барша мемлекет дәрежеде ерекше орын алатындығы және қазақ жұрты елділігін сақтап қалуына елеулі үлес қосқандығын атап өтуге болады. Айта кететін жайт, Ұлытау 2014 жылы қабылданған мәдени саясатының тұжырымдамасына сәйкес алты негізгі туристтік кластерінің бірі - «Табиғат пен көшпенді мәдениетінің бірлігі» кластеріне енетіндіктен, бұл аймақ дала өркениетінің бір бөлігі ретінде саналады ( 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 жарлығы, 2014). Кейін, 2017 жылы аталған кластер тізіміне «Ұлытау» ұлттық тарихимәдени және табиғи музей-қорығы, Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи қаумалы туристік қызығушылық тудыратын орындар қатарына қосқан ( 2017 жылғы 30 маусымдағы № 406 қаулысы, 2017). Осылайша, Тәуелсіздік жылдарында Ұлытау аумағындағы маңызды нысандарды түгендеу, сараптау және саралау жұмыстарының нәтижесі 2016 жылғы 24 тамызда QazaqGeography ұйымы мен ҚР Үкімет мүшелері «Жошы хан» тарихи-мәдени орталығы құрылысының бастауына ұйытқы болады (Ағымдағы жылдағы бірінші кездесудің нәтижелері QazaqGeography және Ұлытау қорық-мұражайы, 2017). - қатысуымен өткен «Ұлытау 2019» халықаралық туристік форумының қорытындысы Ұлытаудың туристік әлеуетін одан әрі арттыруына жол салады (Мемлекет басшысы «Ұлытау 2019» халықаралық туристік форумының жұмысына қатысты, 2019). Бүгінгі күні Сапар орталығының құрылыс жұмысы толық аяқталған және салыну барысы бірнеше жағдаяттарға толы: *« Мәдениет және спорт министрлігінің үлгілік жобасы болғандықтан оның құрылыс әдісі, түр-келбеті Қазақстандағы салынған Сарайшық пен Тамғалы тас жанындаңы ғимараттарға ұқсас. Алайда, құрылысқа тапсырыс беруші қорық директоры болғандықтан, ол Ұлытауды басқаларынан өзгеше етіп көрсететін өзіндік бір идеяларын ұсынды» (мұражай зерттеушісі).* Сонымен қатар, мұндай ғимарат салынуына да ғалымдар тарапынан және халық арасында талай дау-дамайлар кезкескендігі байқалады: *«Құрылыс енді басталғанда Орталыққа қатысты әртүрлі ой-пікірлер болды. Олардың ішінде қарсы пікір айтқандардың бірі археологтар. Ұлытаудың ең қасиетті деп саналатын, жалпыұлттық тізімге кірген – бұл Әулиетау шыңы. Оған ең жақын объект - осы Сапар орталығы. Мәселен, археолог «тарихи жерлерде мұндай ғимараттар салынбауы тиіс, себебі олар шынайы келбетін, өзіндік қасиеттілігін жоғалтады» деген пікір қалдырады. Екіншіден, жергілікті халық келушілер санының артуына байланысты Ұлытау*
|
TEXT
|
kaz
|
25,393
|
Ұлытау өңірінің киелі жерлеріне зиярат жасауға сұраныс артуына байланысты және оның мемлекеттілік белгісін дәріптеу мақсатында туризм инфрақұрылыс деңгейін дамыту қажеттілігі жылдан жылға өзекті болып келеді. Материалдық базамен қатар тиісті туристтік бағдарлар, жолнұсқа мен арнайы экскурсия жетекшілерін даярлау, қызметтер топтамасын әзірлеу білікті мамандар тартылуын қажетсінеді. Ұлытау кешенінің аксиологиялық қағидаттарын халықтың сол жерге киелі мүддесіне икемдеп, өзіндік дара символикалық маңыздылығын құру керек. *«Ұлытаудың әр объектісіне қарасты өзіндік жағдаят нарығы бар. Мысалы, Теректіге балалы бола алмай жүргендер сәбилі болуын сұрайды, жанұя жағдайын жақсарту ниетімен келеді. депутаттар, үлкен басшылар келіп жатады, олар тағын сақтап қалу үшін немесе қызмет жолым ашылсын, беделім артсын деп тілеп жатады. – әмбебап орын, оның шыңына көтерілу біраз күш пен шыдамдылықты қажетсінетіндіктен барлық тілектер орындалады деп сенеді» (мұражай зерттеушісі).* хан кесенесінің жанына осы уақытқа дейін зират салу практикасы орын алып келеді. Республикалық маңызы бар нысандар мемлекет қорғауына алынса да, кей ру ұрпақтары (Киікбай, Жауғашты) осы аймақты ел арасында шартты түрде иемденіп, жерлеу рәсімдерін өткізіп жүр (1,2 сурет).
|
TEXT
|
kaz
|
25,394
|
Сарапшының айтуынша, тарихи орындар, объектілер қорықтың территориясына кіретіндіктен, мұндай үрдіске жергілікті әкімшілік тарапынан халыққа айтылып, тыйым салынып отырады. Бірақ, заң жүзінде немесе қандай да бір құжатқа жанастырып, зират салмауға түпкілікті қарсы тұра алмайды. Дегенмен, киелі орындар маңына зират салу практикасының жақсы жақтары да бар. *«Мұндай практика Жошы ханның тарихта алатын орнын, оның қасиеттілігін, құндылықтық келбетін жоғалтпайды, еш зиянын тигізбейді. Егер кесене маңына қоғамдық ғимараттар салынса, әрине, ол сол жердің тарихилық образына нұқсан келтіруші еді. Бір жағынан, зираттар салынғанның арқасында, аруақтарға бата жасап келушілердің арқасында кесенелер вандализмнен аман қалған шығар» (мұражай зерттеушісі).* Жоғарыда айтылғанға және келушілердің расымен де тарихи-мәдени нысандарға нұқсан келтіргендігін көрнекі түрде мысал келтіруге болады (3 сурет).
|
TEXT
|
kaz
|
25,395
|
Сол себепті «Ұлытау» кешенінің жанынан сапар орталығы ашылғандықтан қасиетті нысандар мемлекет деңгейінде мұқият қадағаланып, толықтай қорғауға алынуы тиіс. Алдағы уақытта сапар орталығының, «Ұлытау» қорығы мамандарының алдына қойылған міндеттер мен мақсаттар көп. *«2018 жылы кей ұлттық салт-дәстүрлер, мәселен, «Қымызмұрындық» ЮНЕСКОның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енген болатын. Енді ауқымды жоспарлардың бірі – бұл Ұлытау мәдени ландшафтын ЮНЕСКО материалдық мұра тізіміне кіргізу. Екіншіден, туристтік бағыттар дайындап, оған қатысты барлық қажетті жағдайды жасау, арнайы гидтерді даярлау. Үшіншіден, тарихимәдени орындарды қорғау бойынша жобалар әзірлеу: ақпараттық тақтайшалар қою, абаттандыру жұмыстарын жүргізу, қосымша қайта өңдеуден өткізу» (мұражай зерттеушісі).* Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, Ұлытау аймағында орналасқан республикалық маңызы бар нысандарды ру немесе адам есімдерімен таңбалау, жанынан зират салу практикалары жергілікті әкімшілік пен тұрғылықты халық арасында түсініспеушілік бар екендігін дәлелдейді. Сонымен қатар, бұл - халық тарапынан тарихи-мәдени орындардың қорғауға тұрарлық киелілі мен қасиеттілігі жайында хабардарлығының төмендігін және құндылықтық деңгейін мойындамауын көрсетеді.
|
TEXT
|
kaz
|
25,396
|
Ұлытаудың туризм әлеуетін арттыру мәселесі Қазақ хандығының тарихы мен мәдениетін қайта жаңғыртумен тікелей байланысты. Осы орайда 2013 жылғы 5 маусымда іргесінде өткен Ұлттық тарихты оқыту бойынша ведоствоаралық комиссияның кеңейтілген отырысында бұрыңғы Мемлекеттік хатшы *«XII-XIV ғасырларды қамтитын Шыңғыс хан империясы мен оның мұрагерлері жүйесіндегі Қазақ даласының тарихы барынша мұқият зерделеуді қажет етеді»* деп басып айтқан болатын (Из выступления Государственного секретаря , 2013). Кейін тарихшылардың Қазақ хандығы ізін басушы мұрагері ретінде жаңаша дәріптеп, оның құрамына енген 92 рудың 20-сы қазақ ұлтына тиесілі екендігі тұжырымдалды (20). Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу жолын терең зерделеу мақсатында 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойды да Ұлытаудан бастау алды. Тарих тағылымындағы мұндай бетбұрыс мүдделі топтар арасында Ұлытауда орналасқан Шыңғыс ханның ұлы Жошы хан кесенесінің танымалдылығын арттыра түсті. Жекеше экскурсия жетекшісі Жошы хан, Алаша хан мен Домбауыл кесенелері халық арасында әрқашан сұраныста болғандығын және COVID-19 пандемия зардабынан шет елдерге шығу мүмкіндігі шектелген кезеңдерде келушілер ағынының есейлегенін айтады. Өлкетанушы кесенелерден бөлек соңғы бес жылда Ақмешіт әулие шыңы (Әулиеата тауы) тек қазақстандықтар арасында ғана емес, шетелдіктердің қызығушылы артқанын белгілейді: *«Мен жүргізген экскурсияда Белоруссия, Украина, Ресейден келген саяхатшылар болды. Соған қарағанда Әулиетау қасиеттілігі жайындағы әңгімелер шет ел асқандығын білдіреді. Таудың шыңына көтеріліп, шатыр тігіп, бір түн түнеп қайтады. Әулиетау туралы аңызәңгімелер өте көп. Бірақ халық арасында тарап, көпшілік арасында өзекті саналатыны – бұл жергілікті бақсы түсіне кірген аяндары желісінен тараған аңыздар» (жекеше экскурсия жетекшісі).* Әдебиеттерде кеңінен таралған аңыздардың бірі бойынша Әулиетау басында Зердеш бабаға (Заратустра) Жаратушыдан аян түскен және құдай жолына түсуге шақырған (Шуптар, 2016: 44). Тағы бір аңыз сарынында Асан қайғы іздеген жер жаннаты Жерұйық осы Ұлытау өлкесі танылып, таудың биік шыңында жерленген. Енді бір халықтық қиял-ғажайып мысалдарында Әулиетау шыңы – аспан мен жердің ұштасатын орны болғандықтан, Жаратушымен сырласып, рухани тазаруға мүмкіндік алатындығы айтылған (Қазақ халқының тарихи тұлғалары, 2011:138). түсіне енген аян бойынша тау басында жеті сопышипагер: Сапар әулие, Гүлсара ана, Мұрат ата, Тана ана, Қали ата, Ырза ана, Тұрсын бақсы жерленген екен. 1997 жылы жергілікті халық қолдауымен Б. жеті әулиеге белгі тастар орнатқан (4, 5 сурет) ( тау, 2018).
|
TEXT
|
kaz
|
25,397
|
Демек, Әулиетау туралы аңыз-әңгімелер біздің заманымыздағы емші, бақсы арқылы жаңашаланып, оның даңқын жергілікті халық өздігімен, өз күшімен жаңғыртқандығы байқалады. Кейін аталмыш таудың танымалдылығы Ұлытау өлкесінен барша Қазақстанға таралып, мемлекет тарапынан ресми түрде аббаттандыру шарасы өткізіледі. 2007 жылы тау шыңына көтерілетін жалғызаяқ жол жасалып және әулиелердің дене топырақтары тастармен қоршалып, Едіге шыңында қабір тастары орнатылады (6-сурет) (( тау, 2018).
|
TEXT
|
kaz
|
25,398
|
Әрине, аталған жеті сопылардың, Едіге әмір мен Тоқтамыс хан сүйектері дәл сол Ұлытау таулы сілемінде жатқандығы жайында нақты тарихи деректер жоқ. Бірақ, жергілікті халықтың өзіндік салты бойынша нық сеніммен айтатын ауызекі аңыз-әңгімелері көпшілікке тарап, «тірі» естелік ретінде қабылданады. Жергілікті мүдделі тұлғалардың жасанды түрде ұжымдық естелікті қалыптастырып, оған халықты сендіріп, киелі жерге зиярат ету практикасы француз тарихшысы «Естелік орындары» жобасына сәйкес келеді. Нораның анықтамасы бойынша естелік орындары өздерінің символдық мағынасы бойынша үстемдік ететін (доминируемые) және үстемдік етуші (доминирующие) орындар деп екі қарама-қарсы элементке ие (Нора, 1999:39). Бірінші жағдайда бұл ұлттық немесе әкімшілік билікке қатысты салтанатты және таңғаларлық орындар және көбінесе салтанатты немесе ресми рәсімдер үшін қолданылады. Адамдар мұндай орындарға белгілі бір тұлғаларға ресми құрмет көрсету немесе мемлекеттік маңызы бар іс-шараны өткізу үшін өздерінің еркінен тыс келеді. Екіншісі – паналау орындары, «ұжымдық жадының» киелі жерлері, ұлттық мұраның мәні бар орындар, үнсіз зияраттар. Бұл орындар жеке қауымдастықтардың жүрегінде «тірі» естелікке ие және заманауи тәжірибеде ең үлкен құндылыққа ие. «Естелік орындары» зерттеу жұмысында өткен оқиғаларға емес, оларды бейнелеуге қызығушылық танытқанын анық көрсетеді. Ол үшін есте сақтау орны физикалық, топографиялық орын ғана емес, сонымен қатар жекелеген қауымдастықтар мен азшылықтардың жады мен оны қабылдауындағы символдық мәнді көрсететін барлық заттар мен құбылыстар. Мұндай орындардың басты мақсаты – «уақытты тоқтату, ұмыту жұмысын тоқтату» (Нора, 1999:41). Осылайша, Әулиетау кеңістігін физикалық элементтер (қабір тастары) және символикалық (аңыз-әңгімелер) мағыналармен толтырып, зиярат жасаушылар санының артуы – бұл үстемдік етуші орынның белгісін білдіреді. ордасы (Алаша хан қалашығы), керісінше, халық сұранысына қарай соңғы бес жыл аралығында үстемдік ететін орын мәнінен үстемдік етуші орынға ауысқаны байқалады. Себебі, гранит тастан соғылған хан тағы 2015 жылы Қазақ хандығының 550-жылдығына орай орнатылысымен сол жерге зиярат етушілердің легі толастамайды: *«Ұлытауға келушілердің арасында бару сұранысы кесенелерден кейін екінші орында деп айтуға болады. Бұл жерге адамдар арнайы дайындықпен келіп, біраз уақыт*
|
TEXT
|
kaz
|
25,399
|
Кейінгі жылдары Ұлытау аймағына қарасты билік пен ғалымдар, мүдделі тұлғалар мен жергілікті халық тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарды саралау; арнайы сарапшылар тобынан алынған тереңдетілген сұхбат пен ғылыми-теориялық зерделеу нәтижесінде келесі қорытынды тұжырымдарды түйіндеуге болады:
|
TEXT
|
kaz
|
25,400
|
Ұсынылған жұмыста жыртқыш-олжа жүйесiнiң «бiрлесiп қорғану» әсерi жүзеге асатын Лотка-Вольтер моделiнiң түрленуi қарастырылады. Популяцияның саны белгiлi бiр мөлшерге жеткен кезде жыртқыштық қарқындылығы және жыртқыштар санының өсуi азаяды деп болжанады. Жұмыста параметрлердiң әр түрлi мәндерi кезiндегi модельдiң динамикалық режимi көрсетiледi. Лотка-Вольтер қағидаларына негiзделiп өзара әрекеттесу динамикасы сипатталады. Олжалар популяциясында бiрлесiп қорғану әсерi пайда болған кездегi жағдайы үшiн Лотка-Вольтер моделiнiң түрлену қатарын талдауы осы әсердiң әрекетi жыртқыштар санының азаюына және олжалардың көбеюiне рас әкелетiнiн көрсетедi. Сонымен қатар, параметрлердiң белгiлi бiр қатынасы кезiнде модельде динамикалық режимдердiң пайда болуы мүмкiндiгi қарастырылады. Бұл мақала белгiлi бiр мөлшерге жету кезiнде популяциясында пайда болатын бiрлесiп қорғану әсерiнiң әрекетi Лотка-Вольтер моделiн құруға және талдауға арналған. Түйiн сөздер: Лотка-Вольтер моделi, мальтузиандық параметр, популяция, өзiн-өзi реттегiштiк, дифференциалдық теңдеу, жыртқыш-олжа жүйесi.
|
TEXT
|
kaz
|
Subsets and Splits
Kazakh Alphabetic Frequency Analysis
Calculates the frequency and percentage of each Cyrillic letter in the dataset, revealing patterns in text composition.