id
int64
1
25.9k
content
stringlengths
88
24.4k
category
stringclasses
1 value
language
stringclasses
1 value
25,501
Мақала тұтастық, объективтілік, жалпыға бірдейлік, нақтылық секілді ғылыми принциптерге сүйене отырып жазылды және ғылыми танымның жекелеген кезеңдерінде қолданылатын жалпыға белгілі әдістер ретінде эмпирикалық, теориялық жалпы ғылыми зерттеу әдістері негізінде дайындалған. Деректерді бастапқы талдау зерттеу барысында автор жинаған материалдарға негізделген. Сондай-ақ, салыстыру, талдау және сыни тәсілдер қолданылды.
TEXT
kaz
25,502
Шанхай ынтымақтастық ұйымы халықаралық ұйым ба, әлде интеграциялық бірлестік пе деген сұраққа өз жауабымызды іздемес бұрын, осы екі ұғымның құқықтық табиғаты туралы доктрина мен халықаралық актілерде не делінгеніне тоқталғанымыз жөн. Мемлекеттерге қарағанда салыстырмалы түрде халықаралық құқықтың жаңа субъектісі болып саналатын халықаралық ұйымның құқықтық табиғаты халықаралық-құқықтық доктринада жан-жақты зерттелген, қарастырылған, тұжырымдық қалыптасқан. Белгілі бір деңгейде ғалымдардың пікірлері әр түрлі болғанымен, олардың арасында елеулі пікір айырмашылығы жоқ. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің 1950-жылдың 27-ақпанында қабылданған 1296 (XLIV) Қарарында: «мемлекеттердің арасындағы келісім бойынша құрылған, олардың өзі мүшелері болатын ұйымдар» [5] деп халықаралық ұйым ұғымының қысқаша анықтамасы халықаралық актіде алғаш берілген. Интеграциялық бірлестіктер сияқты жаңа типтегі субъектілер пайда болған кезде бұл анықтама халықаралық ұйымның құқықтық табиғатын толық аша қоймайды. БҰҰ Халықаралық құқық комиссиясы 2001 жылы қабылдаған Халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі туралы баптар жобасының 2-бабында: «Халықаралық ұйым – шарт немесе халықаралық құқық арқылы реттелетін басқа да құжат негізінде құрылған және өзіне тән құқықсубъектілігі бар ұйым» [6] деп анықтама берді. Және халықаралық ұйымдарға мүше ретінде «мемлекеттермен қатар, басқа да құрылымдар (ұйымдар) қабылдана алады» [6] деді. Бұл халықаралық ұйымдардың интеграциялық бірлестіктерден басты ерекшелігін көрсетеді. Ал интеграциялық бірлестіктерге басқа интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар мүше бола алмайды. Өйткені, ол интеграциялық бірлестіктердің жалпы сипатына қайшы келеді. Бұл да халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктердің бір-бірінен дербес субъектілер екенін көрсетеді. Интеграциялық бірлестік ұғымы халықаралық-құқықтық актілерде алғаш рет экономикалық интеграциялық бірлестікке берілді. Мәселен, 1992 жылғы Биологиялық әртүрлілік туралы БҰҰ конвенциясының 2-бабында «осы аймақтың егеменді мемлекеттері құрған, оған мүше мемлекеттер осы Конвенциямен реттелетін мәселелер бойынша өз өкілеттіктерін берген және ішкі рәсімдеріне сәйкес оған қол қоюға, ратификациялауға, қабылдауға, мақұлдауға тиісті түрде уәкілеттік берілген ұйым» деп «экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымына» ресми анықтама берілген [7]. Доктринаға келсек, интеграциялық бірлестіктердің құқықтық табиғаты туралы мәселе батыс ғалымдарынан гөрі посткеңестік мемлекеттердің ғалымдарын көбірек қызықтыратыны айтылады [8, 132-б.]. Мәселен, профессор былай дейді: «Іс жүзінде барлық халықаралық интеграциялық бірлестіктер мемлекеттердің бірлестіктері болады. Демек, олар табиғаты бойынша үкіметаралық сипатта. Өзінің құқықтық мәртебесі бойынша халықаралық интеграциялық бірлестіктер халықаралық үкіметаралық ұйым нысанында (мысалы, ЕАЭО, ЕО және т.б.), не өзге нысанда да (мысалы, БРИКС, АТЭС және т. б.) құрылуы мүмкін екенін атап өту маңызды. Осыған байланысты, олар халықаралық құқықсубъектілікке ие немесе жоқ. Халықаралық ұйым түрінде құрылған халықаралық интеграциялық бірлестіктер халықаралық құқықтың субъектілері болады және халықаралық құқық субъектісіне тән барлық қасиеттерге ие» [9, 203-б.]. Көріп отырғанымыздай, интеграциялық бірлестіктердің халықаралық ұйым нысанында болуы мүмкін екендігін айтады. Дегенмен, ғалымның бұл пікірінен сонда интеграциялық бірлестіктердің құқықтық табиғаты қандай, халықаралық ұйымдардың ерекше түрі ме, әлде мүлдем жаңа, дербес субъекті ме деген сұрақтардың жауабын біле алмаймыз. Капустин «XX ғасырда халықаралық ұйым тұжырымдамасын дамыту халықаралық аренада негізгі мақсаты мүше мемлекеттердің интеграциясы болатын халықаралық үкіметаралық ұйымдардың пайда болуына алып келді. Бұдан кейін тіпті «халықаралық ұйым» термині осындай ұйымдарға қатысты абайлап қолданыла бастады. Олар халықаралық ұйымдар деп емес, «қауымдастықтар», «одақтар» және басқа терминдермен атала бастады» дейді [8, 116-б.]. Бұл пікірден біз ғалымның интеграциялық бірлестіктерді халықаралық ұйымдардың ерекше бір түріне жатқызатынын түсінеміз. Егер интеграциялық ұйымдардың барлығында халықаралық құқықсубъектілік жоқ (мысалы, БРИКС, USMCA (бұрынғы НАФТА) екенін ескерсек, ғалымның бұл пікірімен келісе қою қиын. Интеграциялық бірлестіктердің мәртебесі мен белгілері туралы зерттеген келесі зерттеуші халықаралық ұйымдар мен халықаралық интеграциялық бірлестіктердің ерекшеліктеріне тоқталып: «Тиісінше, қазіргі күні ғылымда да, халықаралық келісімдерде де интеграциялық бірлестіктерді анықтауда бірыңғай тәсіл жоқ, бұл көбінесе осы құбылыстың дамуының аймақтық сипатына байланысты. Сондықтан интеграциялық бірлестіктердің белгілерін анықтауда мемлекеттер арасында ортақ ұстанымды қалыптастырудың объективті қажеттілігі туындайды. Интеграциялық бірлестіктердің құқықтық табиғатын және санаттарын айқындау мен түсіндіруде айқындық енгізе алатын беделді органдардың бірі – ол БҰҰ Халықаралық құқық жөніндегі комиссиясы. Халықаралық интеграция процестерін түсіну мақсатында аймақтық халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер арасындағы айырмашылықты анықтау маңызды міндет болады» [10, 62-б.] дей келе, классикалық үлгідегі халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер бір-біріне ұқсас болғанымен, екі түрлі субъект екенін дәлелдейді. Сонымен, біз халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер өзара ұқсас, олардың құқықтық табиғаты бір-біріне жақын болғанымен, интеграциялық бірлестіктер халықаралық қатынастардың жаңа субъектісі, халықаралық құқықта олардың құқықтық мәртебесі әлі де нақты айқындалмады деген пікірлермен келісеміз. Ендеше, тікелей ШЫҰ-ның құқықтық мәртебесіне келетін болсақ, бұған қатысты ғалымдар арасында әртүрлі пікір барын жоғарыда атап өттік. Мәселен, ресейлік зерттеуші өз мақаласында «осы тұрғыда жаңа үлгідегі интеграциялық бірлестік болатын Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмыс істеу тәжірибесі ерекше назар аударуға тұрарлық» [11, 44-б.] дей келе, аталған ұйым қызметін толығымен интеграциялық бірлестік ретінде қарастырады. да өз зерттеуінде аймақтық интеграциялық бірлестіктер қатарына ШЫҰ-ын жатқызып, «қазіргі геосаяси аренада Шанхай ынтымақтастық ұйымы аймағындағы аймақтық интеграциялық бірлестіктің бір мысалы болады» дейді [12, 133-б.]. Халықаралық құқық саласының беделді маманы, профессор «Понятие и правовой статус международных интеграционных объединений» тақырыбындағы мақаласында ШЫҰ-ын аймақтық интеграциялық бірлестіктердің қатарында атайды [13, 60-б.]. Ресейлік келесі зерттеуші «Шанхай ынтымақтастық ұйымы бірқатар өзіндік ерекшеліктері, өзінің даму траекториясы бар интеграциялық бірлестік ретінде қарастырылуы мүмкін» дейді [14, 5-б.]. Ал қазақстандық зерттеуші ШЫҰ-ын халықаралық ұйым ретінде қарастырып, «қазіргі уақытта Шанхай ынтымақтастық ұйымы беделді аймақтық ұйымға айналды, конфронтация дәуірінен мүлдем басқа құндылықтар мен міндеттерге бағытталған жаңа типтегі бірлестіктің үлгісі болды» дей келе, болашақта оның интеграциялық бірлестікке айналуы мүмкіндігін былай деп келтіреді: «Ұйымның аясында экономикалық ынтымақтастық та қарқын алып келе жатқаны бірте-бірте айқын бола бастады, оның үстіне ШЫҰ-ға қатысушы елдер табиғи ресурстардың мол қоры, елеулі өнеркәсіптік, технологиялық және ғылыми база, әлемдегі ең үлкен еңбек әлеуетіне ие. 2003 жылғы қыркүйекте осы ынтымақтастықтың құқықтық базасы жасалды, оның негізін 2020 жылға дейін болжанған Көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы құрады. Болашақта ШЫҰ шеңберінде еркін сауда аймағын құру жоспарлануда. Жаһандану жағдайында ШЫҰ аясындағы аймақтық интеграция осы бірлестікке қатысушы мемлекеттер экономикасының шаруашылық артта қалуы мен шикізаттық бағыттылығын еңсеруге мүмкіндік береді» (Бұл жерде 2003 жылғы бағдарлама мерзімі аяқталуына байланысты 2020 жылы көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламаның 2035 жылға дейінгі жаңа нұсқасы қабылданғанын айта кетуіміз керек) [15, 137-б.]. Көріп отырғанымыздай, зерттеуші «еркін сауда аймағын құру жоспарлануда» [15, 137-б.] дейді. 1947 жылғы 30 қазандағы Тарифтер мен сауда бойынша бас келісімге (ГАТТ) негізделген классикалық батысеуропалық теорияға сәйкес, еркін сауда аймағы экономикалық интеграцияның ең алғашқы нысанына жатады [16, 107-б.]. Еркін сауда аймағы құрылған жағдайда, «қатысушы елдер арасындағы сауда шектеулері, ең алдымен кедендік тарифтер мен квоталар жойылады» [16, 107-б.]. Осы тұрғыдан алғанда, ШЫҰ-ның 2035 жылға дейінгі Көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасында айтылған экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары мен міндеттері қатарында еркін сауда аймағын құруға қатысты міндеттер аталмаған [17].Ендеше зерттеушінің ШЫҰ аясында еркін сауда аймағы құру жоспарлануда деген пікірінің дұрыс емес екенін көреміз. Өзбекстандық зерттеуші те өз жұмысында «біздің ойымызша, ШЫҰ аймақтық интеграциясының эволюциялық жолы аясында экономикалық интеграция ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарын тереңдетудің одан әрі катализаторы бола алады» дей отырып, ұйымды интеграциялық бірлестік ретінде қарастырады [18]. Қытай зерттеушісі ШЫҰ тетіктері мен оның тиімділігін зерттеген мақаласында: «ШЫҰ ықпалы мен стратегиялық функциясы үнемі дамып келеді, ол қазірдің өзінде әлемдегі аса маңызды және ықпалды халықаралық аймақтық ұйымдардың біріне айналды. Еуразияда, әсіресе ШЫҰ рөлі зор» деп, ШЫҰ-ын халықаралық ұйым ретінде қарастырады [19, 114-б.]. отандасы де ШЫҰын халықаралық ұйым деп атайды: «Барлық мүшелердің тынымсыз дамуы мен күш-жігерінің арқасында ШЫҰ жаңа үлгідегі ұйымға айналды. Ұйымды дамытудың жалпы процесін ескере отырып, оның дамуында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтуге болады. ШЫҰ үлкен өміршеңдік танытты» [20, 57-б.]. Тағы бір ресейлік зерттеуші ШЫҰ мәртебесі мен қызметінің халықаралық-құқықтық аспектісін зерттеген өз еңбегінде (жоғарыда аталған еңбектердің ішінде тікелей ШЫҰ-ының халықаралық-құқықтық мәртебесін анықтауға бағытталған еңбек екенін айта кеткеніміз жөн) ШЫҰ-ын толығымен халықаралық аймақтық ұйым ретінде қарастырады, интеграциялық бірлестік туралы сөз қозғамайды [21]. Ал беларусь зерттеушісі ШЫҰ-ының халықаралық ұйым екеніне шүбә келтірмейді: «Доктринада ШЫҰ бірде «өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңіндегі аймақтық халықаралық құрылым» ретінде, бірде тіпті «аймақтық ұжымдық қауіпсіздік ұйымы» ретінде бағаланады. ШЫҰ халықаралық ұйым екені сөзсіз, өйткені ол халықаралық ұйымдарға тән барлық өлшемдерге сай: халықаралық құқыққа сәйкес, яғни заңды негізде құрылған, халықаралық шарт негізінде құрылған, қызметтің нақты салаларында ынтымақтастықты жүзеге асырады, тиісті ұйымдық құрылымға ие, тәуелсіз құқықтар мен міндеттерге ие» [22]. Бұл құрылғанына биыл 20 жыл болатын ұйымның құқықтық мәртебесіне қатысты ғалымдар арасында әлі де әртүрлі пікірлер барын көрсетеді. Зерттеушілер тарапынан бұл ұйымның құқықтық мәртебесіне қатысты әртүрлі көзқарастың болуына себеп - 2001 жылғы Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы Декларация [1] мен 2002 жылғы Хартияның [2] ешқайсысында ұйым халықаралық ұйым немесе интеграциялық бірлестік деп аталмауында. Хартияның 15 бабында «ШЫҰ халықаралық құқықтың субъектісі ретінде халықаралық құқыққабілеттілікке ие. ШЫҰ заңды тұлға құқықтарын пайдаланады және, атап айтқанда: шарттар жасасады, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алу және оларға билік ете алады, сотта талапкер немесе жауапкер ретінде әрекет ете алады, шот ашып және ақша қаражатымен операциялар жасай алады» [2] деп қана жазылған. Сонымен, Хартияда ұйымның халықаралық ұйым немесе интеграциялық бірлестік екенін анықтауға мүмкіндік беретін норма жоқ. ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшылары 2002 жылы 7-маусымда Хартияға [5] қол қойғаннан кейін жариялаған Декларацияда [23] да халықаралық ұйым немесе интеграциялық бірлестік деген ұғымдар қолданылмайды. Декларация мынадай сөйлемдермен басталады: «Бүгін біз, , , , , және мемлекеттерінің басшылары Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ немесе Ұйым) негізгі жарғылық құжаты - Хартияға салтанатты жағдайда қол қойдық. Бұл оқиға құрылғанын біз 2001 жылғы маусымда Шанхайда жария еткен жаңа халықаралық бірлестік үшін құқықтық іргетастың қаланғанын білдіреді» [23]. Қатысушы мемлекеттердің ұйымның құрылтай құжаттарында оның нақты құқықтық мәртебесін айқындамауы зерттеушілерге бұл туралы өз мемлекеттерінің мүддесіне сай пікір айтып, көзқарас қалыптастыруына мүмкіндік беріп отыр. Бұл әсіресе, аймағына өзінің саяси әсерін арттырғысы келетін Ресейдің зерттеушілеріне таптырмас мүмкіндік болып отыр. Өйткені, ШЫҰ халықаралық ұйым мәртебесіне ие болса, оның мүше мемлекеттері де тек қана Хартия аясында өзара ынтымақтастықты жүзеге асырады, Хартияда белгіленген ортақ мақсаттарға жетуге тырысады. Және бұл мақсаттарға жету жолында өзінің белгілі бір егеменді құқықтарын шектемейді. Ұйым халықаралық ұйым болып саналса, оның органдары қабылдаған шешімдер мүше мемлекеттер үшін ұсыныс сипатында ғана болады. Өйткені, біз классикалық тұрғыдағы халықаралық ұйымдардың қабылдаған актілері мемлекеттер үшін ұсыныс сипатында ғана болатынын білеміз. Ал егер, ол интеграциялық бірлестік болса, мүше мемлекеттердің ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдарының мазмұны мүлдем басқаша болады. Себебі, интеграция – бұл белгілі бір бөліктерді біріктіру, сол арқылы бір тұтасқа айналдыру үдерісі. Қазіргі таңда ең көп таралған саяси және экономикалық интеграцияның екеуінің түпкі мақсаты мемлекеттерді қоғамның әр түрлі салалары бойынша өзара тығыз байланысқан бір тұтасқа айналдыру. Сондықтан ресейлік зерттеушілер ШЫҰ интеграциялық бірлестіктер қатарына жатқызып қана қоймай, ұйым аясында интеграциялық үдерістерді жүзеге асыруда туындайтын кедергілерді де атайды. Мәселен, «мүше мемлекеттердің тарихы, аумағы, тілі мен діні, мәдениетіндегі елеулі айырмашылықтар мен өзгешеліктер интеграцияның тереңдеуіне кедергі келтіру мүмкін» [24, 171-б.] екендігін айта келе, «қатысушы елдер интеграциялық үдерістерді жүзеге асырғанда кейбір қиындықтарға ұшырауы мүмкін. Мәселен, сыртқы саясатта жүзеге асырудағы эгоцентризм (бұл, әсіресе, Қытай мен Ресейге қатысты), ұйымның бағдарламалық мақсаттарына деген әртүрлі көзқарас, мемлекеттер мүдделерінің қарама-қайшылығы осындай қиындықтарға жатады» дейді [24, 171-б.]. Бұл жерде зерттеуші саяси интеграция туралы сөз етіп отыр.
TEXT
kaz
25,503
Бірақ біздің ойымызша, ШЫҰ аясында саяси интеграция туралы сөз етуі әлі ерте, тіпті интеграцияның бұл нысаны осы ұйым аясында болуының өзі екіталай. көршілес мемлекеттермен аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, лаңкестікпен, экстремизм мен сепаратизммен, заңсыз есірткі айналымымен бірлесе күресу, экономикалық және гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында ШЫҰ аясында өзара іс-қимыл жүргізуге мүдделі, бірақ аумағы, халқының саны, саяси және әскери күш-қуаты, экономикалық жағдайы және басқа да аспектілер бойынша өзінен әлдеқайда артық мемлекеттермен (Ресей мен Қытай) интеграциялану, әсіресе саяси интеграциялану оған мүлдем тиімді емес. Саяси интеграция тұр ғой, ШЫҰ аясындағы экономикалық интеграцияда болуы мүмкін өзгерістер үшін тиімді емес екенін төменде келтірілген экономикалық интеграцияның жай экономикалық ынтымақтастықтан ерекшеліктерінен көруге болады. Сонымен, «экономикалық интеграцияның басқа экономикалық ынтымақтастық нысандарынан ерекшеліктері мынадай:
TEXT
kaz
25,504
Осы орайда, ШЫҰ ешқандай интеграциялық бірлестік немесе интеграциялық бірлестік нысанындағы халықаралық ұйым емес, классикалық үлгідегі аймақтық халықаралық ұйым деп санаймыз. Алғашқыда аймақтағы қауіпсіздік пен шекарадағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сенім шараларын қалыптастыру мақсатында құрылып, кейін осы бағыт одан ары жетілдіріліп, есірткі трафигі, экстремизм, сепаратизм мен лаңкестікке қарсы күрес мәселесіне көбірек назар аударылғанына, зерттеушілер тарапынан да көп назар оның жоғарыда аталған салалардағы қызметіне аударылатынына қарамастан, ШЫҰ қазір өзара экономикалық іс-қимылдарға, гуманитарлық саладағы ынтымақтастыққа тиісті көңіл бөліп отыр. Бұл ұйымның аймақтағы әмбебап сипаттағы халықаралық ұйым екенін көрсетеді. Ұйым өзінің құрылтай құжаты болатын 2002 жылғы Хартиясында [2] құқықтық мәртебесін нақтыламағанымен, 2015 жылы 10 шілдеде Уфада (РФ) өткен ШЫҰ Саммиті аясында болған Мемлекет басшыларының кеңесі отырысында қабылданған ШЫҰ 2025 жылға дейін даму стратегиясында [26] «Құжат халықаралық және аймақтағы жағдайдың даму болжамын, сондай-ақ, ШЫҰ-ның өзінің қызметін бағалауды, оның әлемдегі және аймақтағы рөлін, халықаралық қатынастардың басқа субъектілерімен қарым-қатынасын ескереді. Мүше мемлекеттер 2015-2025 жылдары ШЫҰ шеңберінде практикалық ынтымақтастықты осы Стратегия мен түрлі аспектілері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асыратын болады» дей келе [26], мүше мемлекеттер Хартияның мақсаттары мен міндеттерін ұстанатынын және 2025 жылға дейін жетуді көздейтін өздерінің ортақ мақсаттары мен осы мақсаттарға жету үшін шешуі тиіс міндеттерін атайды. Стратегияда сондай міндеттердің бірі ретінде былай делінген: «ШЫҰ-ын әскери-саяси одақ немесе мемлекеттен жоғары басқару институттары бар экономикалық интеграциялық бірлестік ретінде қалыптастыруды көздемейтін көп бейінді аймақтық ұйым ретінде жетілдіру» [26]. Көріп отырғанымыздай, зерттеушілер тарапынан ШЫҰ бірде халықаралық ұйым, бірде интеграциялық бірлестік ретінде қарастырылғанымен және мүше мемлекеттер оның нақты мәртебесін ұйым Хартиясында анықтамаса да, өздерінің 2025 жылға дейін ұйым аясында алдарына қойған мақсаттары мен міндеттерінде ШЫҰ-ын интеграциялық бірлестік ретінде санамайтындарын айтады.
TEXT
kaz
25,505
Қойылған міндеттерді орындау үшін зерттеу кешенді тәсілмен жүргізіледі. Бұл кешенге сипаттамалық, салыстырмалы-тарихи, тарихи-салыстырмалы, салғастырмалық, диахрониялық-синхрониялық, психолингвистикалық, лингвомәдени, когнитивтік, коммуникативтік әдістер, статистикалық әдістердің элементтері енгізіледі. Ғылымтанудың қағидасы бойынша, жаңалық әрқашан ғылымдардың не болмаса салалардың түйістерінен келіп шығады. Осы қағидаға сүйенсек, кешенді әдісті қолдану арқылы лингвистика мен фольклористиканы байланыстырудан жаңа нәтижелер алынады.
TEXT
kaz
25,506
Көне эпостар «Бабалар сөзінің» 52-томына енгізілген. Кітаптың «Ғылыми қосымшаларында» да жанр туралы жаңа көрсетілген жайттар баяндалады [7, 303-329 б.] (Мұнан былай мына үлгімен беріледі: БС, 52, 303-329). Жоғарыдағы жіктемелердің қай-қайсында болсын жанрдың тілдік айғақтары ескерілмейтіні байқалады. Көне эпостың өзіндік ерекшеліктерін айқындау үшін оны лингвофольклортанулық тұрғыдан талдау мәселе етіп қойылғаны да осымен байланысты.
TEXT
kaz
25,507
Көне эпостың тілдік ерекшелігі оның матриархат ыдырап патриархаттық орныға бастағанын байқататын оқиғалардың, ертегідегі сияқты қиял-ғажайыптық оқиғалардың, мифологиялық кейпікерлер мен ұғымдардың, аңшылық тірліктің, анимизм, тотемизм айғақтарының, адамның табиғатқа тәуелділігін байқататын сарындардың, кейіпкердің тағдыр тәлкегімен сапарға аттанып батырлық әрекеттер жасауының бейнелеу құралдарының ерекшеліктерінен келіп шығады. Мәтінде осы сипаттардың берілуіне тірек болар сөздер болады. Көне эпос мәтіндерінен мұндай сөздерге аң, мерген, мыстан, айдаһар, әйел, сұлу т.б. сөздерді жатқызуға болады. Мақала көлемінің шектеулілігіне байланысты осы ерекшеліктердің ішінде аңшылық тіршіліктің лингвофольклортанулық талдау берумен ғана тоқталамыз. Көне эпос мәтіндерінде тіршілік қарекеттің негізі аңшылық екендігі туралы тілдік ақпарат беріледі: Сол күнде алты жасқа келген екен, Аң аулап Зарлық бала кеткен екен (Хикаят рисала Мұңлық-Зарлық» БС, 52, 30-б.)
TEXT
kaz
25,508
Тыңлаңыз, Құламерген бұрын өткен, Ақырда мұратына о да жеткен. деген аралында Өнерпаз мергендікпен кәсіп еткен », БС, 52, 84-б.) Қызықпен неше түрлі аңын аулап, Өзінің аралында мекен етті (», БС, 52, 101-б.) Мұны кейіпкерлердің Құламерген, Жоямерген деген есімдерінен де көруге болады. Фольклортанушы ғалым : «... жалпы ежелден үзілмей келе жатқан эпикалық дәстүрге әлі толық жойыла қоймаған мифтік санаға лайық байырғы замандардың түсініктері ... жаңа эпостарға мүмкін жердің бәрінде сыналап енгізілді. Мұның белгілері антропоморфтық ..., мифтік..., тотемдік..., шаманистік..., зооморфтық... (қоюлатқан біз. – .) түсінктерден айқын аңғарылады» [1, 164 б.]. Мұнан көретініміз – «аң» стилінің халық сөз өнерінде болғаны. Осыған орай, лингвофольклортанушылар қазақ фольклорында аңды сөзбен қалай суреттеп, қалай сипаттайтынын арнайы қарастырса, құба-құп. Біздің алғашқы бір болжамымыз бойынша, «аң» сөзінің өзінің төркіні зооним деуге дәл келе қоймайтын сияқты. «Аң» сөзіне түсіндірме сөздікте мынадай мағына беріледі: «Аң1. зат. <лат. theria>. Еті мен терісі үшін ауланатын түз жануарлары.; Аң2 зат. жерг. Аққан сумен ойылған жыралы жер, шұңқыр» [ҚТӘС, 1, 525-526 б.]. Қазақ говорларында басқадай да мағыналарға ие екені байқалады: «Аң.1. (Шымк., Қызылқ., Сайр.). шұңқыр, жыра жер; 2. (Шымк., Түлк.) аңыз жер, егіндік жердің орны;3. (Түрікм.: Ашх., Таш., Мары; ҚХР) ес, ақыл, пайым, түйсік; 4. (Қорда: Арал, Қарм.) сақ; 5. (Түрікм., Красн.) жол үстіне кесе көлденең тұрып қалған қар» [ДС, 62 б.]. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздіктері мен этимологиялық сөздіктеріне аң сөзін талдауға азық болар айғақ табылмады. бұл сөзді «түйсінім, таным, байым, тұшыным» деген мағынадағы көне сөз деп санайды [8, 29 б.]. сөздігінен мынадай ақпарат алуға болады екен: «aŋ. I отрицательная частица нет; II птица, жир которой используется как лечебное средство» [ДТС, 46]. Көне түркі сөздігінде осы сөз түбірлес етістік берілген: «aŋа.- разуметь, понимать» [ДТС, 46 б.]. Қажыбековтің көрсетуінше, бұл – жалпытүркілік және түркіаралық синкретті түбірге жатады. Ғалым мұның көне және қазіргі түркі тілдеріндегі етістік ретіндегі мағынасы «ойлау, толғану, есте ұстау, еске түсіру, түсіну» екенін, есім ретіндегі мағынасы «ақыл, сана, парасат, қабылдағыштық, аңғарғыштық, ой» екендігін нақты деректер арқылы дәлелдейді [9, 48 б.]. Демек, жалпытүркілік түбірде аң сөзі ақыл, ес өрісіне барып саяды екен. Қазақ тілінің жабайы жануарлар мағынасындағы аң сөзі қазіргі түркі тілдерінде, негізінен, айуан түрінде, «жыртқыш»түрінде қолданылады екен. Мұны қазіргі сөздіктердің қай-қайсынан болсын көруге болады. «Аң» атауы түркі тілдерінің біразында «сана, ақылес» мағыналық өрісінің құрамында бар. Мұны түркімен, татар, қырғыз тілдерінің сөздіктерінен көруге болады: татар тілінде «аң сущ 1. сознание, рассудок 2. ум, разум» (Татарско-русский онлайн словарь); қырғызша «аңзверь, дикое животное (как предмет охоты); аң уулап чыктым вышел на охоту. Аң мысль, сознание; саяси аң политическое сознание; политическое развитие; аң-сезим сознание; аң-сезимдүүлүк сознательность» (Киргизсско-русский онлайн словарь). Сөйтіп, сөздіктерді сүзгенде «аң» деген дыбыстық кешен бойынан мынадай мағыналарды табамыз: зоонимдік мағына, жер шұңқырын атайды, ақыл-ес, сана-сезім мағынасында қолданылады. Көне түркі тілінен, қазіргі түркі тілдерінен бұл сөз зоонимдік мағынаны емес, ақыл-есті таңбалайтынын байқауға болады (Көне түркі тілінде зат есім түрінде емес аңа етістігі түрінде кездескенін ескертіп қояйық). Қазіргі қазақ тілінің говорында болмаса, бұл сөз зат есім ретінде жабайы айуанның атауы ретінде ғана қалған. Алайда әдеби тілімізде бұл сөз із-түзсіз кеткен жоқ. Ақылес мағынасы басқа есім мен етістіктер жасауға ықпал еткен. Оларға аңқау, аңғал, аңғырт, аңғар, аңда, аңдысияқты сөздерді жатқызуға болады. Мақсатымызға орай, осылардың ішінен етістіктердің мағыналарын көрсетіп берейік: АҢҒАР ет. Мән-жайды түсіну, байқау, байыптау, білу. АҢҒАРЫЛ ет. 1. Көріну, 2. Байқалу, біліну [ҚТӘС, 1, 527-528 б.] АҢДА ет. 1. Аңғару, байқау, жан-жағын бақылап қарау; 2. Абайлау, алды-артын ойлау; 3. Бағалау, парқын ажырату[ҚТӘС, 1, 530-531 б.] АҢДЫ ет. 1. Тору, ізіне түсу; соңынан қалмау; 2. Қадағалау, әр қозғалысын қалт жіббермей қарау; 3. Іздеу, бақылау; 4. Күзету, қарауылдау; 5. Күту, тосу; 6. Аңшының аулайтын аңын торуы; 7. Жыртықыштың жемтігін торуы; 8. ауыс. Бажайлау, байқау, абайлау; 9. ауыс. Бақталасу, ілігісу [ҚТӘС, 1, 535 б.]. Аң/аб/ан бір буынды бірлігінің өте көне сөз екенін дәлелдейтін ғылыми деректі профессор зерттеуінен молынан табуға болады. Тұжырымымыздың толымды дәлелденуі үшін көлемді үзінділер келтіруге тура келеді: «аb «охота, зверь» КЧ. 9; (ДТД, 32): ab albaꝩ «охота (на диких зверей), развлечение» Тал. (Аманж. І, 96) – ескі қып. – аv/ aꝩ ''сеть'', құм., қар., ноғ. аv, башқ., ққалп., қаз.aw. Ab/aw моносиллабы алтай тілдеріне ортақ, полисемантикалы құрылым, түркі тілдері бойынша «аңға шығу», «жабайы аң», «жабайы құс», «қуу», «қоршау», «тосқауыл», «аңду», «балық ұстауға шығу», «балық ұстайтын құрал», «аң ұстайтын құрал» т.б. (ЭСТЯ І, 61-62) мағыналарының белгілі болуы аталған тұлғаның түркі тілдері дамуының тектілдік кезеңіне дейін-ақ қалыптасқан (қоюлатқан біз. – .) лексема екенін білдіреді [10, 81]. аŋ aŋla «узнать, понять, вникнуть» (СДЕ, 209). Ескі қыпшақ тілінде aŋ aŋүïl «помнить, вспомнить» (Құрыш. 85). Ескеркіштер тілінде қолданылған an моносиллабы да aŋ тұлғасының фонетикалық варианты. ... aŋ/an моносиллабы «ой-ойлау» кешенінің фонетика-семантикалық дамуын көрсететін тұлғалар қатарына жатады (ГИК, 111) [10, 86]. Бұл синкретті түбірдің монғол тілінде де бар екені байқалады. Қазақша-монғолша сөздікте «АҢ 1. аң; 2. (ауыспалы мағынада) яргачин, араатан. АҢҒАР-У 1. анхаарах, ажиглах; 2. сэрэх, мэдрех. АҢДА-У 1. анхаарах, ажиглах, ажих; 2. болгоомжлох, сэрэмжлэх. АҢД-У 1. отох, сэм тосох, амдах, ангазлах; 2.манах, цагдах [11, 27-28 б.].Аң сөзінің мағыналық көлемі түркі тілдерінен, қазақ тілінен алшақ емес екендігі арнайы зерттеулерден де көрінеді. Халха монғол тіліндегі аңшылық терминдерін талдаған мақалада: «ан(г) «зверь; зверек, зверье; дичь; охота» (стп.-монг. ang «зверь, ди-кое животное, дичь; охота»), агнах «охотиться» (anglaqu~angnaqu id.), ан агнах «заниматься охотой, охотиться, вести звероловный промысел» (стп.-монг. ang angnaqu id.), анчин «охотник, зверолов, ловец» (стп.-монг. angčin id.), анч нохой «охотничья собака» (стп.-монг. angči noqai id.), анчилах «охо-титься, заниматься охотой, звероловством» (стп.-монг. angčilaqu id.), ангуу-чин «охотник» (стп. монг. angүučin id.), ангуучлал «охота» (стп.-монг. angүučilal id.), ангуучлах «охотиться» (стп.-монг. angүučilaqu id.), гөрөө «охота, звероловство» (стп.-монг. gӧrüge «охота; дичь»), ан гөрөө «охотни-чий промысел» (стп.-монг. ang gӧrüge id.), ан гөрөө хийх «охотиться» (стп.-монг. ang gӧrüge kikü id.), гөрөөл, «звероловство» (стп.-монг. gӧrügel id.), гөрөөлөх «заниматься охотой, охотиться» (стп.-монг. gӧrügelekü id.), гөрөөлч «зверолов, охотник» (стп.-монг. gӧrügelči id.), гөрөөчин, «охотник, ловец, зверолов» (стп.-монг. gӧrügečin id.), гөрөөчлих «охотиться» (стп.-монг. gӧrügečilekü id.), гөрөөсч «охотник на диких копытных животных, зверолов» (стп.-монг. gӧrügesüči id.)» – деген дерек бар [12, 78 б.]. Мұнан шығатын қорытынды – бұл сөздің бастауы алтай кезеңіне барып тірелетіні, прототүркілік сөз екендігі. Жоғарыдағы тарихи-диахрониялық және лексикологиялық зерттеулердің айғақтарын, лексикографиялық айғақтарды талқылай келе, аңтілдік таңбасының бастауы прототүркілік, алтайлық кезеңге апаратыны мәлім болды, «хайуан, ақыл-ес, қарау» сияқты мағыналық кеңістіктерден орын алатынын көрдік. Бұл – қазақтың көне эпостарының жанрлық ерекшелігіне аңшылықтың негіз болуы да алыс заман айғағы екенін танытады. Солай бола тұра салыстырмалы, тарихи, сипаттамалық, құрылымдық-семантикалық зерттеулер аң сөзінің дүиетанымдық мәнін ашып бере алмайды. Сондықтан когнитивтік тіл білімінің жетістіктерін пайдалануға тура келеді. Сөздің әрқайсысының өзіндік заңдылықтары, тіркесімділігі, лексиконы, фразеологиясы, риторикасы мен шаблондары болады, сондықтан әрбір мәдени концептінің «тілін» сипаттап, талдағанда тиісті ұғымға жетуге жол ашамыз. Мәдени концептідегі әрбір сөз ұлт мәдениетін, менталитетті бейнелейді. Осыған орай тірек концепт ұлт болмысының бір бөлшегі, сол болмысты түсінудің де тірегі болады. Осы тірек сөзді тану арқылы ұлттың жай-күйін, танымы мен тірлігін де танимыз. Маслова мәдени ақпарат тілдің номинативті бірліктері арқылы төрт тәсілмен – «мәдени семалар», «мәдени ая», «мәдени концептілер», «мәдени коннотациямен» берілетінін, соған орай мәдени концептілерге ұлттық мәдени санаттарды жатқызады [13, 51 б.]. Осындай ұлттық мәдени санатқа аңшылықты жатқызуға әбден болады (Бұл тірек сөздің түбірі аң екенін ескерте кетейік). Осындай тірек сөздерде көрінеу және көмес мәндер болады. көрсетуінше, «үстірт құрылым» атаулар – «қоғамдық өмірдің әр түрлі саласына, жалпы жұртшылыққа түсінікті, қолданыс аясы кең таңба. Ал «астырт құрылым» атаулар деп отырғанымыз – жалпы жұртшылыққа түсініксіз, тек белгілі бір кәсіп иелеріне, ғалымдарға, жергілікті тұрғындарға ғана түсінікті, қолданыс аясы шектеулі тілдік таңбалар» [14, 17 б.]. Когнитившіл тілтанушылардың дәлелдеуінше, халықтың өткен өмір жолынан мағлұмат беретін, белгілі бір өмір саласына қатысты жұмсалатын тілдік бірліктер көне мұраларда, ауыз әдебиетінің үлгілерінде, көркем шығармаларда кездесіп, әлеуметтік мәнділік деңгейі ұлғайып отырады. Әлеуметтік мәнділік деңгейі шектеулі астырт құрылым атауларға көбінесе мән-мағынасы қазіргі заман үшін бейактуалданып күңгірттенген тарихи лексикаға жататын, көне салт-дәстүрмен байланысты қолданыстар жатады. Аң сөзінің әлеуметтік мәнділік деңгейі шектеулі емес сияқты болып көрінеді. Алайда, көне заман реалиясы ретінде қарасақ, бұлай демес едік. Аң сөзінде аталмыш екі құрылым да бар. Мұның «астырт» мәні көне эпос контексінде ғана ашылады.Бұл контекст көне эпостарды ерекшелейтін матриархат ыдырап патриархаттық орныға бастағанын байқататын оқиғалар, адамның табиғатқа тәуелділігін байқататын сарындар, аңшылық өмір салты сияқты жайттармен тығыз байланысты. Демек, «аң» көне эпоста бейнеленетін заманда тек зоонимді ғана емес, ақыл-еспен, көрумен байланысты ұғымдарды қамтыған. .б. VII-VI ғасырларда, неолит дәуіріне дейінгі, неолит және ерте темір дәуірлерінде байырғы Қазақ жерінде аңшылық негізгі тіршілік қарекеті болғаны тарихи әдебиеттерден кеңінен белгілі. Адамзат өркениетінде елеулі орны бар бұл дәуірдің бейнесі қазақтың көне эпостар мәтіндерінде берілген. Аталмыш тарихи дәуірлерде өнердегі стиль аң стилі болғаны айтылады. Көне эпос та өнер туындысы, сөз өнерінің мұрасы болғандықтан, осы стилден алшақ қарауға болмайды. Ежелгі қазақтардың өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санайтындығына тән мәдениетінің көрінісі ауыз әдебиетінен де көрініс тапқан. Қазақтардың «мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған. Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. ... Бұл ретте аң стилі бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюлап кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасын, соның ішінде, мыс пен қоладан балқымалар жасаудың және құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген. Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады» [15]. Мұнда, әрине, аң стиліне байланысты бейнелеу (мүсін, сурет) өнері ғана ескерілген. Дей тұрсақ та «аң стилінің» сөз өнеріне де қатысы бардай көрінеді. Мұнан байқайтынымыз – өнерімізге «аң» тақырыбының енуі тым әріде жатқандығы. Әрине, көне эпосты жырлаушылар – ХХ ғасыр жыршылары. Солай бола тұра олар сол бір көне заман контексіне ене алған өнер өкілдері деуіміз керек. Бұған олардың аялық білімі жетіп тұрғанын көне эпостарды оқыған адам бірден байқайды. Ал аялық білім – коммуникативтік әрекетке қатысқандардың айтылыстарды бара-бар және толық шамада парықтау үшін тілдік таңбалардың астарында болатын материалдық және рухани өмір айғақтарын, жағдаяттық және коннотативтік айғақтарды білуі. Бұл білім тілді ұлттық-мәдени деңгейде игерудің негізі болып саналады. Осы білімнің арқасында жыршылар сол дәуірдің көркем бейнесін бере алды. Ал ол дәуірдің әдебиеттегі көркем бейнесі «аң стиліне» сәйкесетін еді. Аталмыш жырлардың мәтіндеріндегі айғақтар да осыдан хабар береді. Осының белгісін көне эпостарда қайталанып келетін тармақтардан (Мұны фольклортануда формулалылық деп атайды) да байқауға болады. Мысалы, «Көлден тартты борықты, Құланнан атты қодықты» дейтін нышанды сөзді бірнеше жырдан көруге болады. Аңшылыққа «өнер» ретінде қарайтын жайтты «Мұңлық-Зарлықтан», «Құламергеннен» жоғарыда келтірген мысалдардан көреміз. Аңның образ ретінде бейнеленуіне «Мұңлық-Зарлықтан» алынған мына бір үзіндіден көз жеткізуге болады: Екеуіне бір киік Ана қылып береді. Ол киікке баланы Бала қылып береді. Құдыреті күшті алма жегізіп, Киікті ана дегізіп, Киік жүрді үш мезгіл Баласындай емізіп... (Хикаят рисала Мұңлық-Зарлық» БС, 52, 21).
TEXT
kaz
25,509
Жалпы құндылықтардың өзі - өмірге, қоғамға, еңбекке, шығармашылыққа және адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өз бойына сіңіріп, табиғи эволюциялық жолмен реттейді. Адамзат өзін қоршаған ортасын және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалауға құлықты. Ал құндылықтар дегеніміз – ол адамға ғана тән игі қасиеттер екені белгілі. Жануардан біздің айырмашылығымыз да осы қасиетімізде. Олар бізге дүниеге келген кезден бастап, ананың ақ сүтімен бірге, ана тіліміз арқылы мораль негіздері ретінде, өзінің тілін, дәстүрін, мінезі мен болмысын тарихын, мәдениетін игеру нәтижесінде орнығады. Құндылықтарды танудағы ең күрделі мәселе: нағыз құндылықтарымызды оның жалған (ақиқат және бейақиқат) форматынан айыра білуде. Жалпы құндылықтар қоғам мен уақыттың сұранысына қарай өзгерістерге ұшырап отырады. Ол – заңдылық. Петракова құндылықтарды үш түрге бөліп қарастырады: 1. Табиғи. 2. Жүре пайда болатын құндылықтар. 3. Абсолюттік. Табиғи және жүре пайда болатын құндылықтар адамның өскен ортасынан, тәрбиесінен қалыптасатын болса, ал абсолюттік – уақыт пен қоғамның қағидаттарына барынша төтеп беріп, бүкіл адамзат үшін маңыздылығы зор мәңгілік құндылықтар болып табылады. Ұлттық құндылықтарға деген бейімділік пен құмарлық адам бойында тумысынан болады, ол қан арқылы да беріледі. Сонымен қатар, әр адамда рух бар. Рух болмаса, дене де болмайды [2]. «Рух дегеніміз - жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы» [3]. Біз жалпыадамзаттық құндылық «ол - ақиқат, ол - сүйіспеншілік, ол – дұрыс әрекет, ол – ішкі тыныштық, ол – қиянат жасамау» деп білеміз. Өмірде табиғи құндылықтар мен жүре пайда болатын құндылықтар - жалпыадамзаттық құндылықтарды жоюға кейде барынша әсер етеді. Жалпыадамзаттық құндылықтарды жоғалту адамзат үшін өте қауіпті. Сондықтан да жалпыадамзаттық құндылықтарды сақтау өте маңызды болып табылады. Жалпы адам үшін ең басты құндылық – өмір. Адам өмір бойы жаңалыққа ұмтылып, дамып, жетіліп, күресіп өмір сүреді. Ертеңін ойлап, табысты еңбек етеді, білім-тәрбие алады, өмірлік тәжірибе жинақтайды, өмірді мәнді өткізуін осы құндылықтар негізінен іздейді. Жалпы адамның болмысы жақсылық пен жамандықтың жиынтығынан тұрады.
TEXT
kaz
25,510
Аталған тұлғалар тұжырымындағы адами құндылықтар концепциясы - ұлттық мәдениет пен дәстүрді, ондағы ұлт құндылықтарын құрметтейтін болмыс, ұлттық мінез-құлық қалыптастырады. Қоғамдық сананың бағыты мен бағдары екені анық. Сондықтан да тұлғалар еңбектерінің мәні мен маңызын уақыт мінезі мен қоғам сұранысына сай жүйелеп, зерделеу, зерттеу, талдау, оны насихаттау - зерттеуіміздің басты мақсаты мен міндеті.
TEXT
kaz
25,511
Қазақтың дүниетанымы, көзқарасы, менталитеті, ақыл-ойы, тағылымдық ұлағаты мен өнегесі жылдар бойы үздіксіз қалыптасты. Осы ғасырлар бойғы қалыптасқан ұлттық тәрбиенің құнарын бір арнаға түсіріп тәрбие мәселесінде үздіксіз пайдалану - бүгінгі таңдағы ең басты қажеттіліктердің бірі де, бірегейі екені анық. Ұлттық болмыс пен санасы мен сезімі толық қалыптасып жетілген, ұлттық мүддеміздің мейлінше өркендеуі үшін барынша өз үлесін қосатын, ұлттық құндылықтарымызды және жалпыадамзаттық құндылықтарды бір-бірімен тиімді етіп ұштастыра білетін толық кемелденген, ұлтым дейтін, ұлтжанды жеке тұлғаны тәрбиелеу біздің ұлттық идеямыздың негізі екені белгілі. Тәрбиелеу iсi – ортақ іс, тіпті мемлекеттiк iс деуге негіз бар. Себебі, бүгiнгi таңдағы дұрыс берілген тәрбие – келешектегі жақсы, дұрыс елдiктi танытатын азаматтардың өсіп-өркендейтінін білдіреді. Қазіргі уақыт тұрғысынан бағдарласақ, егемен еліміздің тыныштығы мен береке-бірлігін сақтайтын жас ұрпақтың бойына ерте жастан ата-бабаларымыз негізін қалаған ерлік, өрлік рухты, ұлтжандылық, ұлтын сүйе білу сезімін сіңіре алу уақыт күттіріп отырмайтын маңызды мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Ұлттық сезімді және ұлттық намысты, ұлттық рухымызды көтеру – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін үлкен міндеті. Барлық түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған біртуар азамат, ұлтымыздың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері : «Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» - деп келтірген болатын [4]. «Үш анық», «Тұнық тұма», «Нұрлы дүние», « дүниетанымы және тәлім-тәрбиелік мұралары», «Қазақ зиялылары», «Ізгілік педагогикасы туралы ойлар», «Адам өмірінің философиялық мәні» тағы басқа еңбектерде адами құндылықтар кеңінен қозғалады. Өйткені, жалпыадамзаттық құндылықтар адамның ақыл-ойы мен парасат пайымының тікелей көрсеткіші екені даусыз.
TEXT
kaz
25,512
адам үшін төрт кедергіні атап өткен: Бірінші: адамның желкесінде тұрады. Аты – керітартпа. Адамның желкесін қырық адам ұстап отырады. Басты сылтауы «кейін жасарсың», «оны қайтесің»? Екінші: жалқаулық. Ол құйрықта. Тұрмау, жүрмеу. Үшінші: ұйқышылдық. Үнемі маңызды емес бір нәрсені ойлап, уайымдап жүреді. Белгі сөзі: «жасау керек еді». Төртінші: қорқақтық. Адам жаны өз жүрегінің қожайыны болу керек! Адам кейде тіршілік етіп жүргендей көрінуі мүмкін, бірақ ұйқыға кетіп қалғанын сезбейді, оны сезу үшін де адамға ішкі рух пен құндылық керегі ақиқат. Тағы бір тұсында ақын өзінің ойын мынадай философиялық ойымен тұжырымдайды. «Жан – бір асыранды құс, дене – бір қапас. Ол құсқа от, су бермесе, қапаста тұрып аштан өліп қалады, оған қорек беру керек. Хайуан тамақтан семіреді, адам құлақтан семіреді. Мұнан мағлұм болды: Жақсы сөзге жан семіреді екен. Жанның қорегі – құлақ сүйсінерлік сөз екен. Адам тіршілігінде, денсаулығында құлақ сүйсінерлік сөз естуге талап қылып тырысуы керек [5,23 бет]. Бұл тұста да ақын адамзаттың ішкі әлеміне зер салуын еске салады. Ағзаның қажеттілігін қанағаттандырып қана қою маңызды емес, жан мен көңілге нәр беру керек екенін, жан тіршілік иесі екенін, оған рухани азық керегін, рухани ол байымаса жанның өлетінін тұспалдап жеткізеді. Жақсы сөз бен жақсы іс кімнен шығады, жан әлемінде рухани азығы бар адамнан шығады. өз еңбектерінде адамның жақсы, аурусыз өмір сүруіне тағы да мынадай философиялық ойын айтады. «Адамның денесі екі нәрсенің күші мен саламат, аурусыз тұрады. Бұл екі нәрсенің бірі - қызыл қан, бірі - бұзылған қара қан. Таза қызыл қан екі дем алыстың бірімен даладан ішке қарай кіре береді. Жүрекке барып, жүректен әрмен күллі денені аралап қайтуында қара қан болып, тағы жүрекке келіп, дем алыс жолымен далаға шығып тұрады. Ішке қарай кірген дем алыс - қызыл қан, далаға шыққан дем алыс - қара қан. Сол үшін айтылады: «бір дем әрі, бір дем бері». Осы дем алыстың бірі тоқтаса, адам дереу өледі де қалады. Осы екі дем алысқа алты нәрсе керек екен. 1. Бұл екі дем алысқа жақсы ауа керек. Адам өзін таза ауада сақтауы керек. 2. Бұл екі дем алысқа күш беруге жақсы тамақ керек. Қазақ мақалында айтылады: «ауру-астан, дау-қарындастан» - деп. 3. Екі дем алысқа күш беруге харекет үскін: қазақшасы - жүру, тұру керек. 4. Екі дем алысқа ұйқы мен ояулықты қалыбынан асырмай орта ғадетпенен үйретуге керек. 5. Екі дем алысқа күш беруге шаттық керек. Адам өз көңілін өзі төмендетпей ұстау керек. Қазақта мақал бар: «ит өз құйрығын өзі алып жүрмесе, оны ешкім алып жүрмейді?»-деген. 6. Дем алысқа күш беруге: ашу, қорқу, өкініштен өзін аулақ ұстау керек» [5, 22 бет]. Бұл ойда да, ақын адамзаттың бар байлығы: оның денінің саулығы екенін еске сала отырып, өзін дұрыс күтуді, салауатты өмір салтын ұстануды, мәдениетке үйренуді, жан мен тәнді бағалауды, өмірі мен әрбір сағатты дұрыс пайдалана алуды насихаттайды. Ұлттық құндылық жеке адамнан басталатынын тағы да осындай мысалдарымен дәлелдей отырып, «Адамда үш түрлі тамыр болады: қызыл тамыр, қара тамыр, ақ тамыр. Қызыл тамыр – таза қан жүрер жол, қара тамыр - бұзылған қара қан жүрер жол, ақ тамыр – адам денесінің телеграмм – телефонының шыбығы», - дейді [6, 323]. Бұл тұста да ақын екі қан түрінің жүрер жолын айта отырып, ақ тамырдың адам миына берер сигналын әсерлі тұспалдап жеткізеді. Осы ақ тамыр арқылы ғана денеміздегі жағдаятты алдын ала сезе бастайтынымызды айтады. Ақын «Дене - бір қараңғы үй, жан - ол үйді жарық қылып тұрған нұр. Біреудің жаны сығырайып, зорға жанып тұрған шырағдан сықылды. Кейбіреудікі май шам сықылды, кейбіреудікі тас шам сықылды. Кейбіреудікі - керосин майының жарығы сықылды. Кейбіреудікі - одан да жарық: машинамен жағылатын электрі бар жарық сықылды. Онан да жарығы зор нұрлы жан болады. Есебі жан деген нәрседе ныһаят жоқ» [5,17 бет]. Адамның жанын нұрға теңейді, оның жарығы да әртүрлі, оның әртүрлі болуы әрбір адамның ішкі құндылығына, рухына, тазалығына байланысты екенін көркем тілмен жеткізеді. Тіл көңілдің тілмәші: көңіл не бұйрық түсірсе де, тілмен түсіреді деп тұжырымдайды. Ақын афоризмдерінде де «Нәпсіңнің семіруін іздеме, арық болуын ізде», - дейді [6, 323 бет]. Сонымен қатар, «Адам ойына келген сөздің арамын алып тастап, адалын сөйлеуге ұмтылуға тиіс. Сөйлеген сөздің қан-жыны аралас болса, тыңдаушының мейірі қанбайды. Егер қан-жынынан айырып, сүттей тазасын теріп сөйлесе, оған тыңдаушының да құлақ құрышы қанады», - дейді [6, 323 бет]. Бұл тұста да ақын әдепті сөйлеуге, сөзде энергетика барын, сөз құдіретті екенін меңзейді. Сөзбен ауру адамды орнынан тұрғызуға болатынын, сауды құлатуға болатын еске салады. Ал дұрыс сөйлей алу үшін де адамда ішкі рухани құндылық болуы міндетті. қай шығармасын алып қарасаң да, ұлттық құндылыққа тап боласың, оның шығармаларын оқи отырып, ұлылардың өткені - бүгінгінің ұлттық құндылығы екеніне күмән келтіре алмайсың. «**Дауасыз дерт**» деген өлеңінде: Білмеген-білген тілін неге алмайды? [7, 94-96 бет]. Жомарттық – адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Құнанбаевтың 38-қара сөзінде осы жауанмәрттіліктің үш түрлі сипаты көрініс табады. Олар: шындық, ақ пейілділік, даналық. Шындықтан - әділеттілік, ақпейілділіктен - шапағат, даналықтан - ақиқат шығады. Кімде-кімнің бойынан осындай қасиеттер табылса, оның жасаған іс-әрекеті жомарттық болып табылады. осындай адамдар қатарына әулие-әмбиелерді, пайғамбарларды, хакімдерді жатқызады. Барлық адам әулие, пайғамбар, хакім бола алмағанымен, жомарттық – осы жолға бастайтын қасиет-дейді. Автор осы шығармасында өмір итжығыспен өтетінін айта отырып, жомарттыққа, кешірімшілдікке, сабарлылыққа, шыншылдыққа, қанағатшылдыққа, татулыққа шақырады. «Ғылымың болса-дағы ұшантеңіз, Пайда жоқ: өз халқыңа қызмет етпей!»,- деп ой түйеді. Бұл өлеңде де ұлттық құндылық тұнып тұр. **Өнерпаз»** деген өлеңінде: Тамаша болдың жігіт таңғажайып [7,97-98 бет]. Автордың бұл өлеңі «Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл», -деген терең ойлы, көркем мұраларындағы өлеңімен мәндес келеді. Білім, ғылым, өнер рухани құндылықтың бастау алар тамыры екенін насихаттайды. : «Тілалғыш, елгезек болып үйрен, кежірліктен құтыласың. Тіпті дәнеме қылмасаң да, жаяу аяңдап, олай-былай жүріп үйрен, жалқаулықтан құтыласың. Дүние ақиреттің бірі болмаса, бірінің уайымын ойлап: «қалай қыламын қайтіп есебін табамын?!» - деген ойға түс, ұйқышылдықтан құтыласың. Бұл үшеуінен құтылсаң, қолың әр нәрсеге жетеді. Бұл үшеуі: бірі - желкеңнен тартып, біреуі дүнбе құйрығыңнан жерге қарай жабыстырып, бірі шынтағыңнан қисайта құлатып жібермей, табандап жатқан соң, қолың қайда жетсін?! өзіңнен-өзің кейін қарай кетіп қор боласың», - дейді. [5, 418 бет].
TEXT
kaz
25,513
Адамның арманы қиялында, сүйіспеншілігі жүрегінде, ұяты бетінде, ары мен намысы жанында өмір сүреді. Қандай уақыт, қандай кезең болмасын, ұлттық құндылықтарымыз сақталмай, келешектің жарқын болуы күмәнді. Біз алдағы уақытта ұрпақтарымыздың білімді, саналы, ізетті, жаһандық білім беру кеңістігінде еркін самғай алатын, елі мен жерінің қадір қасиетін ұғатын, мәдениеті мен әдебиетін, тарихы мен ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген, ойы азат, мақсаты айқын, ел игілігі үшін еңбек ететін ұлтжанды, денсаулығы мығым, ата дәстүрді сақтайтын, рухани бай ұрпақты көргіміз келеді. Сондай ізгілік жолындағы ізденісіміз барысында басты арналы бағыттарымыздың бірі -МәшҺүр Жүсіп мұралары екені анық. мұралары – Ұлы даланың асыл қазынасы. Ол – ұлттық құндылықтарымыздың толық болмыс-келбетін танытатын, қоғамдық сананың даму үдерісіндегі басты бағыт, негізі арналардың бірі.
TEXT
kaz
25,514
Көне сақ дәуірінен сыр шертетін ерліктің ерен үлгісі еркіндігіне ерлігі, серілігіне сұлулығы сай Томирис пен Зарина патшайымдарға тән. Жеке басының бақытын елінің еркіндігіне айырбастаудан бас тартып, соңындағы ел-жұртын көре білген нәзік жанды, өр рухты қайсар қыздар ұлы даламызда Мәңгілік елдің алғашқы туын желбірете білді. Томирис пен Зарина патшайымдар туралы аңыздаулар көркем фольклордың үлгісі болғандықтан, бұл аңыздауларда нақты тарихи кейіпкерлер жүйесі бар, жер-су атаулары кездеседі, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы сөз етіледі, дала тарихында болып өткен ең сұрапыл соғыстардың қатарынан орын алған шайқастың нақты тарихи датасы көрсетіледі. Демек, Томирис патшайым өмірде болған тарихи тұлға, ұлт мақтанышы деп толық сеніммен айтуға негіз бар. Сақ мәдениетіне байланысты алғашқы әдеби зерттеулер «Қазақтың ауызша тарихы», «Қазақ әдебиеті» газетінде қазақ би-батырлары туралы жарияланған сериялық жазбаларында Томирис туралы нақтыланады. Бүгінгі таңда бұл тақырып төл әдебиетіміздің бастауы ретінде өзекті мәселелердің қатарынан орын алып отыр.
TEXT
kaz
25,515
«Томирис» сөзінің құпиясы кейбір деректерде «темірді майыстыру, қирату» деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ, көне иран тіліндегі «томруз», яғни «үйлі болу» деген сөзден шығуы да ықтимал. Қазақ тарихшылары Томиристі «Тұмар» деп жүр. Қазіргі белгілі деректер бойынша, оның дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу мүмкін емес. Алайда, сақ жұрты оны дәл гректерше Томирис деп атамағаны айдан анық. Ертедегі эллиндіктер Анарыс (Арыс) бабамызды Анахарсис, деп, одан арғы бабаларымызды «Тарғытай, Ишпақай» деп атаған. Бәрінде де сөз соңында *–ис, -сис* қосымшасын орынсыз қоспаған, тек есімінің соңында «*с*» дыбысы барларға ғана қосқан. Демек, деп атау бұл тәртіпке үйлеспейді. Ол өзі «марқұм болған патшаның» әйелі ғой. Патша-әйелді, сөз жоқ, әйгілі, текті тұқымнан алса керек. Біздің жорамалымызша, оның аты Томирис немесе Тұмарыс болуы, сондықтан оның *Тума+арыс* деп қоюы, бәлкім, бұл оның лақап аты болуы да мүмкін [7, 60 б.] деп Томирис есіміне кең талдау жасалынады.
TEXT
kaz
25,516
Томиристің анасы туралы дерек жоқтың қасы, өйткені жазба деректерде Томиристі анасынан бала күнінде жетім қалған деп көрсетеді. Сөзсіз, анасынан ерте айырылған кішкентай қыз әкесінің тәрбиесін алған. Томирис патшайым бала кезінен бастап қару-жарақты қолданудың шебері болғаны – оның майдан өнерін жетік меңгерген ортада өскенін аңғартады. Ол бес жасында аттың құлағында ойнайтын шебер болса, алты жасында оң қолы мен сол қолында садақ пен найзаны қатар ұстап игере алатын нағыз жауынгер болып қалыптаса бастағанын тарихшылар Геродоттың жазбаларына негіз жасай отырып жазады. Мәселенің талқылануы және нәтижесі. Томирис патшайым мен парсы патшасы Кирдің айналасында өрбитін аңыздаулардың құрылымы мен оқиғасы эпикалық аңыздаулардың табиғатына сай. Екі елді басқарған қос билеушінің арасындағы тартыс – батырлық жырларда кездесетін оқиғалар желісін аңғартады. Мұнда нақты тарихи деректерге сәйкес шынайы өмірде болған тұлғалар туралы сөз етіледі. Олар: Томирис, Кир, Крез, Дарий, Гистасп және Камбис. Біздің тоқталатынымыз Томирис патшайымның ерлігі болмақ. Олай болса, қаһарман әйелдің ерлігі, өр рухы жауыз патша Кирмен болған соғыстағы оқиғалар негізінде ашыла түспек. Бізге жеткен деректерден аңғаратынымыз, Геродот өзінің «Тарих» кітабын жазғанда өте көп ел аралап, тарихи шындыққа негізделген құнды деректер қалдырған. Бұл еңбегінде Геродот сол замандағы қисапсыз соғыстарды баяндаған, ұлы қолбасшылар мен жекелеген батырлардың ерлігіне, бүтін елдің өміріне тоқталған. Тіпті, өзі болған елдердің өмір сүру ерекшеліктерін, салты мен дәстүрін, танымы мен тағылымын егжей-тегжейлі қағаз бетінде қалдырған. Осы еңбегінде бүгінгі қазақ даласын мекен еткен сақтардың парсы патшасы Кир жасаған жорығындағы ерліктері басынан аяғына дейін түгел баяндалады. Геродоттың жазбаларында қиял араласқан аңыздар көптеп ұшырасады. Дегенмен парсылар мен сақтардың арасындағы шайқастың шындығы ондағы тарихи тұлғалар мен тарихи даталар негізіндегі жазылған ақиқат екенін дәлелдейді. Тарихи аңыздарға талдау жасамас бұрын, сол аңыз төңірегінде жазылған шығармаладың ішінен бүгінгі зерттеулерге арқау болатын ең көне мұра болып саналатын Геродоттың жазбаларынан бастайтынымыз анық. Ежелгі заманның қос қаһарманы Томирис пен Кирдің шайқасы туралы жазылған шығармалар бүгінгі әдеби қорымызда да көптеп кездеседі. «Саки» тарихи повесінің I томында Томирис патшайым туралы кеңірек сөз етіледі. Зерттеушілер: , , осы тақырып төңірегінде өз тұжырымдарын жасады. аңыздың сюжетін тарихиландыра отырып, қазақ әдеби романдарының қатарын толықтырса, , аталған аңызды ұлттық әдебиетіміздің ежелгі қайнар көзі деп қарастырды. Сақтардың тіршілігі туралы: «Массагеттер егін екпейді, олар тек мал шаруашылығымен айналысып, балық аулаумен күнелтеді. өзенінде балық өте көп. Олар малдың сүтімен қоректенеді. Қадір тұтатын бірден бір Құдайлары – Күн. құрбандыққа жылқы малын шалады. Оның мағынасы ең шапшаң жер бетіндегі ең шапшаң жануарды құрбандыққа шалу керек» [1, 79 б.]. Геродоттың сақтардың тіршілігі туралы жазған бұл дерегі бүгінгі қазақ дәстүрінен көрініс табады. Сақтар заманында құрбандыққа жылқы малын шалса, бүгінгі таңда төрт түліктің бірі қойды шаламыз. Дегенмен, қазақтың бата сөздеріндегі «Құрбандыққа шалғаның қияметте пырақ болсын» дегені осы дәстүрдің көрінісінен қалған сөз деп білеміз. Геродот еңбегінде Азия мен Европаны мекендеген екі ұлы өркениеттің өмір сүру салты туралы дерек қоры жеткілікті. Парсыларды бастаған патша Кир туралы да көп ақпарат беріледі. Оның өмірге қалай келгені, отбасын құрғаны, таққа отырғаны, оның жасаған жойқын соғыстары туралы дерек өте мол. Тіпті, Кирдің көрші жатқан елдерді қай жылы шабуылдап, қалай басып алғаны туралы да нақты тарихи деректермен көрсетіледі. қанішер жауыз патша ғана емес, сонымен қатар ақылды да айбарлы, ержүрек патша ретінде де әр қырынан көрсетеді. Азия жеріне, атап айтқанда, сақтар жеріне жорыққа аттанбас бұрын Вавилон мен Бактрия халқын тізе бүктіреді. Бұл туралы: «Осы елдерді тізе бүктірген Кир енді массагеттерді бағындыруды жоспарлады. Массагеттер саны жағынан өте көп, батыр тайпа. өзенінің шығыс жақ бағытында исседондарға қарсы бетте өмір сүреді. Басқалар оларды скифтер деп те санайды» [1, 75 б.] деп көрсетіледі. Кирдің сақтарды бағындыру туралы шешім қабылдауының бірнеше себебі болды. Ең бастысы, ол өзін бүкіл адамзат баласынан жоғары қоюы болса, екішісі – өзі шапқан елдерді түгел дерлік бағындыруға себеп болған сәтті жорықтары, кейінгісі – алтын мен мысқа бай, өмір сүруге ыңғайлы сақтар мекен еткен Ұлы даланы бағындыру болатын. Ол сақтарды сол тұста басқарып тұрған Томирис патшайымның жесір қалғанын біліп, оған үйлену арқылы сақтардың жері мен еліне қол жеткізудің ең оңай жолын қарастырады. Бұл ойын Томирис патшайымға елшілері арқылы жеткізеді. Кирдің арам ниетін бірден аңғарған зерек те алғыр Томирис патшайым бұл ұсыныстан бас тартады. Кирдің елшісінен мына сөздерді жеткізуді бұйырады: «Мидиялықтар патшасы! Мына пиғылыңнан қайт. Салған көпірлеріңнен пайда табасың ба, жоқ па, оған да көзің жетпейді. Егер сен массагеттерді шабуға шынымен құмар болсаң, өзен үстіне салынып жатқан көпірлеріңнің құрылысын тоқтат. Көп ұзамамй біз жақтағы жағаға өт. Біз өзеннен үш күндік жерге кейін шегінейік. Ал, егер де біздің өз жеріңе өткенімізді қаласаң, сен де солай жаса!» [1,76 б.]. Дәл осы тұста Томирис патшайымның еркін жатқан елін қанды соғыстан бейбіт жолмен қорғамақ болған ниетінен әйел адамға тән нәзіктігі айқындала түседі Кир бірден соғыс бастамайды. Ол әскери кеңес құрып, шешімді кейін қабылдауды ұйғарады. Кирдің осы әрекетінен аңғаратынымыз, ол басқа адамның ақылына тоқтай алатын, өз шешімін өзгерте алатын кемеңгер қолбасшы да бола білген. Әскери кеңес барысында өзеннен өтіп, сақтардың өз жерінде шайқасу туралы ұсыныс айтып, ойының тиімділігін дәлелдейді. Крездің ұсынысын құп көрген Кир сақ жерінде Ұлы дала тарихында мәңгілік аңызға айналған соғысын бастайды. Соғыс алдында Кир ұлы Камбис пен Крезді өз туған жеріне кері қайтарады. Себебі алдында тұрған соғыстың өз өміріндегі соңғы соғыс болатынын ол бәлкім сезген де шығар. өзені жағасында сақ сарбаздарының қолынан қаза тапты. Дегенмен, оның қалай шайқасып, қалай мерт болғаны туралы нақты дерек жоқ. Томирис тұлғасының тарихилығы, оның ерлігі жайында «Саки» тарихи повесінде айтылады. Томиристің әкесі – Спаргапис, анасы – Зарина. Анасынан ерте айырылған Томирис өжет болып өседі. Бала кезінен қолына қылыш алып, соғыс өнеріне машықтана бастайды. Ол қылыш пен найзаны тең ұстаған, садақты екі қолымен де ата алатын мерген болып өседі. Массагет пен тиграхауд сақтары бірігіп хаомаварга сақтарына соғыс ашар алдында үлкен жиын болады. Осы жиын-тойда Томирис өзінің нағыз батыр екенін дәлелдейді. Ол тиграхауда сақтарының бас батыры Рустаммен жекпе-жекке шығып, соғыс өнерін жетік меңгеріп, қаруды шебер пайдалана алатынын көрсетеді. Рустам батырдың физикалық күшін мойындап, соған тұрмысқа шығады. Әкесі қайтыс болған соң Томирис таққа отырады [2, Б. 23-25]. те «Сақтарды өз жерін парсы әскерінің шапқыншылық әрекетінен сақтап қалу тақырыбын жыр еткен «Томирис» дастанының сюжеті бізге Геродоттың «Тарих» атты көптомдық еңбегі арқылы жеткен» [4, 16 б.] деп тұжырым жасайды. Ұлы дала төрінде болған ең ірі шайқас барысында Кир әлсіз де ауру сарбаздардан құралған бір топ әскерін өзен жағасына қалдырады да, өзі бір қалтарысқа негізгі күшімен жасырынады. Сақ әскері парсылардың жалған әскеріне шабуылдап, жеңіске жеттік деп қателесті. «Жеңістерін» тойлап, шарапқа әбден масайраған сәттерінде парсылар сақ сарбаздарын қырып салды. Тұтқынға алынғандар ішінде Томиристің ұлы Спаргапис те бар еді. Әскері мен ұлының қандай халге түскенін білген патшайым Кирге тағы да елші жібереді. Кирдің өз сөзіне құлақ аспайтынын түсінген Томирис енді әскерін бастап өзі соғыс алаңына шығады. Ал, Томиристің ұлы Спаргапис мастығы тараған соң өзінің қандай халге душар болғанын түсініп, жаудан қолын босатуды сұрайды. Спаргапис қолы босай сала, өзін өзі өлтіреді. «Бұл шайқасты мен барлық ұрыстардың ішіндегі ең сұрапылы деп білем. Варварлар шайқасы туралы мен мынаны білдім. Дұшпандар алдымен бір-біріне қарсы лек құрып, садақпен атысқан. Садақ оқтары таусылған соң, олар қанжар, найзамен қоян-қолтық ұрысқа кіріскен. Екі жақ та шегінбеді. Соңында массагеттер басым түсіп, жеңіске жетті. Парсы әскерлері түгелімен дерлік соғыс алаңында қаза тапты. Кирдің өзі де осы ұрыста қаза болды. Ол 29 жыл ел басқарған патша болған» [1, 79 б.] деп жазады Геродот. Кир қаза тапты. Парсы әскері жермен жексен болып, жеңіліске ұшырады. Сақ сарбаздары асқан ерлікпен өз жерлерін жау әскеріне таптатуға жол бермей, жеңіске жетті. Ал, мәйітін тапқан соң, оның басын торсықтағы қанға батырып: «Мен тірі қалып, ұрыста сені жеңдім. Ал сен, ұлымды қулықпен тұтқынға алып, өлім құштырдың. Менің күйімді осы әрекетіңмен өлімші халге жеткіздің. Сондықтан да, міне, өзіңе ескерткен уәдемді орындап, көзің тіріде тоймаған қанға енді тойдырам» [1, 79 б.] - деді. Томирис – әйел патша ғана емес, шырайлы жүзінен шуақ тұнған қазақ қызының ғасырдан ғасырға жеткен қадірлі, кәусәр образының жиынтық бейнесі. Ол өте ақылды, жаужүрек әйел патша. Соғыстан қорыққанынан емес, бейбіт халықтың қанының төгілуіне қарсы болған Томирис: «Енді сен менің жанашырлық ақылымды тыңда! Аман-сауыңда менің жерімнен кет! Егер де сен мұны істемесең, қанша тойымсыз болсаң да, мен сені қанға тойдырам!» [1,79 б.] дейді. Жаужүрек әйелдің бұл сөздерінен қатыгездікті емес, елінің ертеңі үшін аянып қалмайтын өжеттігін байқаймыз. Өткен замандардағы өмір келбетін соғыссыз елестету мүмкін емес, сондықтан да бұл жағдайға әділ баға бере отырып, бүгінгі бейбіт күнге ата-бабамыз жауының тізесін дірілдетіп, Ұлы даланы тұлпарының тұяғымен күмбірлетіп, бізге қалдырған аманаты деп білеміз. Кешегі заманда білегімізбен бірді де, мыңды да жеңген халық болсақ, бүгінгі заманда білімімізбен мыңды жеңген елге айналып отырмыз. Осы ойымызды тәуелсіз мемлекетіміздің Назарбаевтың мына сөздерімен қорытындыласақ: «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – . Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді « » етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «» боламыз. Тәуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ кешулерден сүрінбей өттік. бүкіл әлем танып отыр. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде әлемдік бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміх – бәсекеге төтеп беру. Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты – күшті рух пен білім» [8]. Томирис жау табанына өз жерін таптатпай, шекарадан асырмай, жарты әлемді бағындырған Кир патшаны әскерімен бірге ойсырата жеңген қаһарман тұлға. Томиристің соғысты болдырмай, бейбіт жолмен шешуге талпынғаны, жауды жеңіп, елі мен жерін қорғай білгені, ұлы үшін жанталасқан ана бейнесі – оны бір қырынан қатал да әділ қолбасшы екенін көрсетсе, екінші қырынан мейірімді әйел екенін аңғартады. Бір әйелдің болмысынан жаратылыстың қарама-қарсы екі күйі байқалады. Әйелге тән мейірімділік пен ер-азаматқа тән өжеттік бір образда тоғысқан.
TEXT
kaz
25,517
Томирис патшайымның қаһармандығы жайлы аңыз ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, мәңгілік жасай бермек. Бүгінгі таңда патшайымның құрметіне 1906 жылы ашылған астероидке «Томирис» есімі берілген. Астана қаласының Республика даңғылында орнатылған тарихи монумент жиынтығында сақ патшайымы Томиристің алып бұқаның үстінде тұрған сәті бейнеленген. Монументтің авторы орыс мүсіншісі – . Қаһарман тұлғаларымызды дәріптеген ұлы халқымыз елінің мәңгілік болуы үшін ерлігі мен ақылы үндескен батыр қызын монументте ғана бейнелеп қоймай, 2005 жылы шыққан «Жүз тұңғыш» атты жинаққа да енгізді. ерлігі жайлы «Сақтан тараған массагет тайпасының тұңғыш әйел патшасы. Парсылар державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны біздің дәуірімізге дейінгі 529 жылы жеңіп, соғыста өлтірген тұңғыш әйел қолбасы» [7, 55 б.] деп баға береді.
TEXT
kaz
25,518
Автор мақала жазу барысында жаңа медиа толқынында ақпарат алу, жинау, өңдеу, тарату және ақпаратты сақтау үшін қажетті заманауи технологиялардың арнайы қосымшаларын анықтаған. Дижитилицазияның құралдарымен жұмыс істеуді бастау үшін аналитиктер ұсынған бірнеше құралдарды салыстыра отырып, журналистерге қолайлы қосымшаларды пайдалануды ұсынады.
TEXT
kaz
25,519
Қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарының басты басымдықтарының бірі – деректер журналистикасы мен интерактивті әңгімелер жасау. Саяси немесе экономикалық оқиғалар туралы мақалаларда интерактивті хроника, динамикалық диаграммалар, статистикалық деректер мен суреттер «сусымалы» «құрғақ» мәтіннен әлдеқайда көп. Сараптаушылардың, БАҚ редакторлары мен медиа саласының продюссерлерінің пікірінше digital журналистика дәстүрлі журналистиканың бір түрі. Яғни, материалды таратудың бір жолы ғана. Оны жаңа сала деп қарастыруға болмайды. «Дәстүрлі медиа жаңа медианы осы соңғы бір-екі жылдың көлемінде ғана мойындай бастады. Бұған дейін, олар да білген жоқ, бөлек ұғым деп түсініп келді» [1, 26 б.]. Газеттен кейін радио, телеарна секілді ғаламтор да халықты ақпаратпен қамтамасыз етудің жаңа жолы. Дегенмен, жаһандану дәуірінде жаңа технологияларды меңгерген мамандарға сұраныс артып отыр. Өйткені, мультимедиалық материалдарды қамтыған медиажурналистика оқырман талап еткен дүниеге айналуда. Осының негізінде журналистикада жаңа медиа ұғымы келді. Цифрлық мазмұнды материалдарды редакциялауға және құрастыруға арналған құралдарды пайдалана алатын репортер қарапайым журналистке қарағанда әлдеқайда сұранысқа ие. Digital журналистика, мультимедиалық журналистика және азаматтық журналистиканың БАҚ-қа ендеп кіруі газет, журнал, телевидениені «ескі медиаға» айналдырды. «Жаңа медиа қоғамда журналистиканың жаңа формасын туғызды. Ол құбылыс азаматтық журналистика, интернет журналистика деген атпен танымал. Сонымен қатар ол тікелей интернет пен жаңа технологиялық мүмкіндіктермен сипатталады. Осы құбылыс жаңа медианың мүмкіндіктерін толық ашып бере алады» [2, 18 б.]. Digital журналистиканың құралдары күннен-күнге сатылап дамып келеді. Солардың алғашқылары әрі қарыштап дамыған жаңа медианың 5 түрін қарастырамыз.
TEXT
kaz
25,520
Виртуалды шындыққа арналған шексіз қосымшалар бар. Барлық виртуалды шындық тұтынушыны өмір сүретін немесе белгілі ортада жоғары интерактивті техникалық құралдар арқылы сапалы дүние шығарып, тіпті сезімге терең әсер беретін дүниелерді даярлайды. Кейбіреулер виртуалды шындықтың керемет деңгейге көтерілуін жаңа медиада «түпкілікті орта» деп біледі. Виртуалды шындық жаңа медианың болашағына айналуы мүмкін. «Медиа-ойын-сауық» компаниялары виртуалды шындыққа инвестиция салып, оны келесі ойын-сауық алаңына айналдыруды жоспарлауда. Ол медиажурналистиканы өзгерте алады және көрермендер бүкіл әлемнің жаңалықтарымен танысады және олармен айналысады, деп сипаттайды TechRepublic [3, 18 б.].
TEXT
kaz
25,521
Ойындардың кейбір түрлері жаңа медиа мүмкіндіктерін көрсетеді. Көптеген әлеуметтік қақтығыстарға орайластырып салынған онлайндық ойындар виртуалды әлемдегі ойыншыларға тікелей әсер етеді және бұл «жасанды әлемдердің өз құрылымы, мәдениеті, экономикасы және саясаты бар». Тағы бір мысал - бейнефильмді тікелей эфирде көрсету қызметі танымалдылығының артуы. «Бұл үрдіс кәсіби спортшы ретінде «е-спорт» деп аталатын заңды жаңа спорт түріне әкелді», - деп жазады The Economist [6]. Дижитализацяның құралдарымен жұмыс істеуді бастау үшін сараптамашылар келесі құралдарды пайдалануды ұсынады:
TEXT
kaz
25,522
Сандық журналистиканың дәстүрлі медианың жаңа қалыпқа енуінде БАҚ-тың, соның ішінде қазақ тілді БАҚ-тың дамуына үлкен септігін тигізеді. Заманауи журналистиканың дамуында интернет басылымдар месенджерлер арқылы да даму жолына түсті. Сандық журналистиканы меңгерген интернет газеттер оқырман санының артуымен қоса жарнама тарату арқылы үлкен табыс табуға жол ашты. Қазақ тілді БАҚ ағылшын және орыс тілді интернет басылымдардың деңгейіне көтерілуі үшін жоғарыда келтірілген арнайы бағдарламаларды пайдалануында тиімділік зор болмақ. Сандық журналистиканың тетіктерін меңгерген қазақ тілді журналистердің аз болуы оның дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан мақала барысында мультимедиалық материалдарды дайындауға арналған қосымшаларды арнайы ұсындық. Технологияны меңгеру, жаңа қарқынға көшу дәстүрлі БАҚ-тың интернет нұсқаға көшу барысындағы басты мақсаты болып отыр.
TEXT
kaz
25,523
Енді араб жазулары орналасқан қаспеттің сипаттамасына келетін болсақ, кесенің батыс, солтүстік, шығыс фасадтарынының фризіндегі жазу батыс фасадтың мұнара жағынан бастап, солтүстік және шығыс фасадтарының тұтастай қамтып, шығыс мұнарамен шектеседі. Биіктігі – 2,6 м, жалпы ұзындығы – 163 м, ауданы – 424 шаршы метр болып келетін фриздегі сулс көркем жазуы ашық көк түсті бояулы қаптама кірпіштермен құрастырылып жазылған. XX ғасырдың басында фриздің басым бөлігі бұзылған болатын. Алайда жазудың төменгі бөлігінің жақсы сақталуы, жазудың ертеректе жасалған фотосуреттерінің болуы және онда өзгермейтін Құран сөздері жазылғандықтан реставраторларға фриздағы жазуды толық қалпына келтіруге мүмкіншілік берді. Бұл жазуда кіріспе сөзбен басталатын 6-сүресінің 59, 60, 61, 62-аяттары және 63-аяттың бас жағы тұтас берілген. Соңында құрылысшының аты-жөні, құрылыстың аяқталған уақыты жөніндегі мәліметтер берілген [2, 56 бет]. Сол аяттардың арабша мә тіні яғни Аллаһу табарака уа тағала айтты» деп басталады: Аяттардың оқылуы: (59) уәъиндәһу мәфәтихул ғайби лә йәъләмуһә иллә һуу [жим] уәйәъләму мә фиил бәрри уәлбәхр [жим] уәмә тәсқуту миу уәрәқатин иллә йәъләмуһә уәлә хәббәтин фии зулумәтил әрди уәлә рәтбиу уәлә йәбисин иллә фии китәбим мубиин (60) уәһууәл ләз̃ии йәтәуәффәкум билләйли уәйәъләму мә жәрәхтум биннәһәри с̃уммә йәбъас̃укум фииһи лийуқда әжәлум мусәммән [cалә] с̃уммә иләйһи мәржиъукум с̃уммә йунәббиукум бимә кунтум тәъмәлуун (61) уәһууәл қаһиру фәуқа ъибәдиһи [cалә] уәйурсилу ъаләйкум хәфәзатән хәттә из̃ә жәә әхәдәкумул мәуту тәуәффәтһу русулунә уәһум лә йуфәрритуун (62) с̃уммә руддуу илаллаһи мәуләһумул хаққ [жим] әлә ләһул хукму уәһууә әсрәъул хәсибиин (63) қул мәй йунәжжиикум мин зулумәтил бәрри уәлбәхри тәдъуунәһу тәдарруъау уәхуфйәтәл... [3]. Аяттардың қазақ тіліндегі аудармасы: (59) Көместің кілттері Оның жанында. , өзі ғана біледі. Және құрлықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Бір жапырақ түссе де, Алла оны біледі. Және жердің қараңғылықтарындағы құрғақ және жас ұрыққа дейін ашық Кітапта бар. (60) Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады. Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі бір мерзім толтыру үшін күндіз оятады. Соңыра қайтып барар жерлерің Сол жақ. Одан кейін істеген істеріңді түсіндіреді. (61) , құлдарың үстіне өктем, Сендерге қорғаушылар (періште) жібереді. Біреулеріңе өлім келген сәтте, періштелеріміз жанын алады, әрі еш кемістік етпейді. (62) Одан кейін хақ иесі Аллаға ұсынылады. Сақ болыңдар, билік оған тән. есепшілердің ең жүйрегі. (63) (): «Құрлықта, теңіздің қараңғылықтарынан сендерді кім құтқарады? Осыдан бізді, құтқарсаң, әлбетте шүкір етушілерден болар едік деп, оған жасырын жалынып, тілейсіңдер» де [3]. Исламдағы ғылымның жіктелуі әрбір саланың танымдық ерекшеліктеріне қарай нақтыланған. Жан мен тән екі ғылымның зерттеу объектісі болса, «Құран» аяттарының жаратылған қыры – тәфсир, жаратылмаған, өзгермейтін қыры тәуил методы арқылы түсіндірілетін болды. Бұл қалыпты жағдай түсіну және түсіндіру функциясы тұрғысынан кәламға да, философияға да өз әсерін тигізбей қоймады. Негізінен, сопылық танымның мәні тәуил методы арқылы ашылады. Иасауи мәдениетінің ХХ ғасырдағы басты өкілі, көрнекті ойшыл Абайдың да ұстанымы тәуил болды. Тәуил сопылықтың, яғни қазақ мұсылмандық түсінігінің өзегі, дүниетанымдық қалыбы және болмыстық арқауы болатын [7, 48 бет]. Құран адамның қандай болмыс екендігін, оның өмір сүру ортасы мен тіршілігінің мәні мен мағынасы, әлемдегі орны мен мақсаты не деген т.с.с. сұрақтарға жауап бере отырып, адам болмысын тұтас жинақтап қарастырған. Бұл жауаптардың барлығы да адамның рухы төңерегіндегі психологиялық құбылыстар мен шындықтар негізінде, адамның көкейіне қонатын, бейнелі көркем тілмен берілген. «Құранның» үндеуі адам жүрегіне, санасына, рухы мен ақылына бағытталған. Сондықтан адам әлеміне барар жол жүрек, көңіл арқылы өтеді. Міне, Иасауидің философиясының басты мәселесінің көңіл болуы да сондықтан. Қасиетті «Құранда» Тәңір адамның тіршілік әлеміндегі орны мен маңызын оған алғаш есімдерді, яғни, феномендерді үйрету арқылы көрсеткен. Адам осы үйретілген есімдер арқылы өз әлемін қалыптастырған, мәнге айналдырған [7, 30 бет]. «Құран» әрдайым адамды терең ойлауға интеллектуалды қызметке шақырады және осы бағыт бойынша таңдау еркіне ұсыныстар жасайды. Адам саналы болмыс. Сондықтан оның білуге деген құштарлығы табиғатында бар [7, 32 бет]. Аятта қозғалған «ғайыптың кілттері» мәселесі. Бұл аяттағы мафатих (кілттер) - мифтах сөзінің (кілт) көпше түрі. Кілт – ашқыш құралға берілген атау. Оның құдіретінде және қалауында сырлар мен құпиялардың кілттері бар. Әл – ғайып, (ғиб түбірінен туындайды – жоқ болу, жабық болу көрінбеу) – қымбатты, қол жетпейтін тәңір құпиясы, тек Құдай ғана ие болатын білім. Әл – ғайып Құранда және хадистерде осы мағынада қолданылады. «Қымбатылығы» мен «қол жетпейтіндігіне» қарамастан, Әл – ғайып құран тәпсірге сәйкес діни тағзым етудің белгісі болып табылады және көктен пайғамбарларға жіберіледі. Аса «қадірлі нәрсенің хабаршысы» ретінде құранның өзі де Әл – ғайыптың белгілі бір бөлшегін ашуға көмектеседі. Хадис бойынша Әл – ғайыпты білу Құдай мен Пайғамбарлардың еншісіндегі дүние. Құранға жазылған түсініктемелер мен ескі дәстүрді ұстаушылардың айтқандарында осы жағдай атап көрсетіледі [6, 35 бет]. Ғайб – саған жасырын нәрсе. Алла тағала Құран кәрімде: «олар ғайбқа сенеді» деген. Тағыда ғайб, ол – Алла, ол дүниеде көрінбейді, тек оны көрсететін белгілерді ғана көруге болады. Тағы ғайб, Пайғамбар с.ғ.с. хадистері арқылы білдірген періште, ұжмақ, тозақ, есеп күні сияқты адамдарға жасырын нәрселер. : «ғайб – ол, жүрекпен сезілсе де бас көзіне жасырын нәрселер» деген. Тағы бір аятта Алла тағала: «көктер мен жердің ғайбы Аллада» деген, яғни көктер мен жердің ғайб ілімі. Тағы аятта Алла тағала: «ғайбта рахманнан қорыққандар» деген, яғни ешкім көрмесе де Алладан қорқу. Тағы бір аятта: «ғайбты сақтаушы әйелдер» деген, яғни жұбайлары жоқ кезде де олар жаман көретін істерді істемейді [8]. Жоғарыдағы аяттарда ғайб сөзі, Алла, жер мен көктердің ғайп ілімі, көрінбейтін нәрсе және жоқ кез деген ұғымдарда қолданылған. Ғайб, ол – құран деп ашықтағандар да бар. Исламдық діни деректерге қарағанда, бұл аятты ендіргенде он екі мың періште бірге түскен. Олардың көмескіден жарыққа шығатын мезгілін тек өзі ғана біледі, адамның санасы көмескіні білуге қауқарсыз. Бұл аяттың ашықтамасы ретінде Лұқман сүресінің 34-аяты көрсетіледі. Ол аятта былай делінген: «Әрине қиямет мерзімінің мәліметі Алланың қасында. жаудырады, Ол жатырлардағыны біледі. Ешкім ертең не істейтінін білмейді, әрі ешкім қай жерде өлерін де білмейді. пайғамбар с.ғ.с былай деп ашықтаған: «көместің кілттері бесеу, оны тек Алла тағала біледі. Құрсақтағыларды тек Алла біледі, ертең не болатынын тек Алла біледі, қашан жауын жауатынын тек Алла біледі, адам қай жерде өлетіндігін тек Алла біледі, қиямет күні қашан болатындығын тек Алла біледі». тәпсірінде ғайыпты мынадай топтарға бөледі: 1. Ғайбул ғуюб, яғни Алланың ілімі ол инаятул ула деп аталады. 2. Ғайбу ғалам ал аруах ол уммул китаб деп аталады. 3. Ғайбу ғалам ал қулуб ол лаухы ал махфуз де аталады. 4. Ғайбу ғалам ал хиял ол дүние деп аталады. Макки ибн Абиталип айтады: «Алланың жанында ғайыптың қазыналары бар». Жалалайн тәпсірінде былай делінген: «оның жанында ғайыптың кілтері бар, яғни оның қазыналары яки оның іліміне жеткізетін жолдардың кілттері...» [5]. Аталған «Мафатихул ғайб» атты (1149-1209) тәпсірі жарық көрген. Әл-Жарири: «Ол ғайыптың кілттерін Алла тағала және өзінің білдіруімен саф (таза), дос, сүйікті және әулие құлдары біледі» десе, да: «ғайып ілімдерін Алладан басқа ешкім білмейді және Алланың разылығын алған пенделерге де білдіріледі» деп, Алла тағала қалай қаласа, солай да болатынын еске салып қояды. хикметтерінде мынадай жолдар кездеседі: «Бісміллә» деп баян еттім хикмет айтып, Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне. Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып, Мен «дәптер сәни» сөзін аштым, міне [9, 3 бет] – дейді. Бұл хикметте «дүр», «гауһар» және «екінші дәптер сөзін ашқандығы» назар аудартады. «Дүр» мен «гауһар» бағалы тастар, құнды нәрселер, байлықтың нышаны. Астарлап, үлкен сырдан хабар беріп тұрғаны анық. Жоғары да айтылған «Алланың қазыналарының» кейбір кілттері беріліп, сол қазыналардан алған «дүр» мен «гауһарын» шашқанын айтып тұр ма? Дәптері сани (екінші дәптер) сөзін қалай ашқан? Ясауи мұрасын зерттеудің маңыздылығы да осында.
TEXT
kaz
25,524
жоққа шығармайды. Біздің байқағанымыз, алып кесененің және ондағы жазулардың әлі талай құпия-сырлары бар екендігі. Жүйелі түрде зерттелген сайын Ясауи және оның мұраларының мақсаты айқындала түспек. кесенені не үшін салдырды? жалғаған байланыстар қандай? Кесенедегі жазулар қай мақсатта жазылды? Кесенедегі жазулар Ясауи жолына қатысы қандай? Жазуларды жазғанда шеберлер нені көздеген және қандай ережелерді сақтаған? – деген сияқты көптеген сұрақтар пайда болды. Сондықтан « кесенесіндегі жазулардың мәні» атты тақырып аясында талай жаңалықтар шығатыны сөзсіз.
TEXT
kaz
25,525
Түркі халықтарының эпостық жырларындағы батырдың қалыңдық іздеуі мотиві – ерекше құбылыс. Дастандардағы кейіпкерлерлердің эпос оқиғасын мотивтерге жіктеп қарастыру сюжеттің дәстүрлі бітімінен туындап жатқан тұжырымдар екенін білдіреді. Мақалада түркі халықтарының мәдени құнды дүниелерінің бірі болып саналатын эпостық жырлар мен қаһармандық дастандардағы батырдың қалыңдық іздеу мотиві мен ортақ сюжеттері сипатталады.
TEXT
kaz
25,526
Көне эпостардың типологиялық ерекшеліктерін анықтауға қазақ ғалымдары , , , еңбектері үлкен септігін тигізген болса, орыс ғалымдарынан , , , атсалысып келді. Түркі эпостарының сюжеттерін мотивтерге бөліп, олардың әрқайсысын кең түрде салыстыра қарастырған, ішкі мағыналық ұқсастықтары мен даралық белгілеріне қарай ажыратқан ғалымдардың бірі – . Эпостың шығу тарихы, даму жолдары, халықтығы, көркемдік компоненттерінің қалыптасуы, нұсқаларының айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы біраз тұжырымдар тұрақтанды: сюжеті жағынан өзге ұлттық нұсқалармен салыстырылды.
TEXT
kaz
25,527
Классикалық батырлық жырларда қаһарман әдетте алғашқы ерлігін үйлену мақсатында жасайтыны да анық. Үйлену сапарына шыққан бас кейіпкерлердің барлығы бірдей батыр әрі олардың жеңіске жетуінің бірден-бір жолы қарсыласынан ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен, ашық шайқаста, ешқандай қулық-сұмдыққа, үшінші біреудің немесе сиқырдың күшіне сүйенбестен басым түсуі болып табылады. Эпостық, батырлық жырларда зерттеушілердің алдымен сюжетке жүгіне бастауы бекер емес. Сюжет – көп қырлы, алуан иірімді оқиғалардың жиынтығы ғана емес, көркем шығарманың өзегі деуге болады. Қабдолов «Сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе – шығарманың композициясы», - дейді [1, 79 б.]. Түркі халықтарының эпостық жырларындағы батырдың қалыңдық іздеу мотиві ерекше құбылыс деп айтуға болады. Жар іздеу – батырлар жыры, көне архаикалық эпос, лироэпос немесе түркі дастандарында жиі кездесіп, бір-бірімен байланысып, ұштасып жатады. Бұл жырларда көбіне кездесетін жағдай – батыр жарын жекпе-жекте, жарыста немес қыз әкесінің жарлығы бойынша бір талабын орындау арқылы қосылады. Сонымен қатар батырлық жырларда эпостың архаикалық-мифологиялық, психологиялық сана қалдықтарын көреміз. Басты қаһарманның бейнесіндегі қиял-ғажайып, мифология мотивтері, ал оның шынайы тұрғыда суреттелуі мүмкін емес екені белгілі және көбіне халықтың дәстүрлі жолдың ұстануын, наным-сенімдік ұғымдары көп әсер ететіні байқалады. Фольклорлық шығармалар – тарихымызды зерттеудегі құнды деректердің бірі. Қандай да болсын фольклорлық шығарманың негізінде өмір шындығы бейнеленеді. Әрине, архаикалық фольклордан тарих іздеу қиын. Дегенмен де, көне мифтік аңыз-әңгімелерден халықтың дүниетанымын, кейбір көне әдет-ғұрыптар ізін көруге болады. Ал түркі дәуірінен бергі фольклорлық шығармалардан сол замандағы тарихи-этнографиялық болмыстың елесін, жаңғырығын таба аламыз. Ал ноғайлы дәуірінен бергі замандағы фольклорлық шығармалардың ішінен тарихта болған оқиғаларға арналған, тарихи тұлғаларға арналған жырларды фольклоршылар жеке жанрға – тарихи жырлар деп бөліп қарастырады. Тарихы көбінесе ел жадында ауызша сақталып келген көшпелі қазақтар үшін осы тарихи жырлардың деректемелік орны бөлек. Дегенмен де фольклорлық шығармаларға дерек ретінде сүйенгенде, онда әсірелеудің, тарихи тұлғаларға типтік образдық портрет берілетіндігін ескеру қажет. Жырда тарихи нақтылы құбылыстар дәлме-дәл қайталанбайды. Эпос оқиғаларының желісі уақыт пен кеңістік жағынан белгілі бір тәртіппен орналасып, бас-аяғы бүтін көркем шығармаға айналады [2, 268 б.]. Мотив – сюжет аясында өзінше дербестігі бар, оқиғасы іштей тұжырымдалып, жинақталған бүтіннің бөлшегі, яғни толып жатқан оқиғалар тізбегінен құралатын сюжеттің жекелеген қиындысы [3, 143 б.]. Ибраев: «Көлемі жағынан онша үлкен емес жырды сюжеттің өрбуіне қарай мотивтерге жіктеп шығу айтарлықтай қиындық тудырмайды. Алайда сюжеттің типологиясы мен поэтикасын сөз етуде мұның пайдасы шамалы» дей келе, бұл ұғымды *сюжеттік инвариант* деп, төмендегідей жіктеп көрсетеді:
TEXT
kaz
25,528
Ғалымның жіктеуіндегі алғашқы екі сюжеттердің (І және ІІ) өз алдына жеке-жеке көптеген жырларға арқау болғанын көре аламыз. Қаһармандық эпостардың сюжеті мен мотивін осылайша жіктеп, басқа да батырлық жырлармен салыстыра отырып, өзара іштей үш түрлі сюжеттердің инварианты бар екендігі анықталады. Бұл жіктеулерді еңбектерінен де көруге болады. Байырғы эпостардың қатарына жататын «Дотан», «Құбығұл», «Құламерген, Жоямерген» жырларының түп қызығы үйлену, . Рас, бұларда көптеген осынша мотивтер, мәселен, Құбығұлдың қыз еліне жасырын баруы, жалмауыз кемпірдің ханның қызын әкелуге жұмсауы, қашып жүруі, т.б. Ондай мотивтер өзге эпостық жырларда көп қайталанбайтын болғандықтан, сюжеттік инвариантқа жатқызылған жоқ. Осындай түркі халықтарына ортақ эпостық шығармалардың бірі – *«Алпамыс жыры».* Белгілі фольклортанушы оның ең көне нұсқасын VI-VIII ғасырларға жатқызады. Алпамыстың бұдан кейінгі таралуы IX-X ғасырларға – оғыз-қыпшақ замандарына сәйкес келеді. Ғашықтық тақырыбын қозғайтын дастандардағы бас кейіпкерлердің барлығы бірдей батырға күш-қайратымен ғана емес, ұстамды мінез-қылықтарымен де, ең алдымен туған елінің намысын ойлайтынымен де дараланады. Жалпытүркілік эпос үлгілерін айта отырып, бас кейіпкерлердің қалыңдықтары жарға деген адалдығын сақтай білгендігін байқаймыз. Дүниежүзі эпосынан үндестік табатын сюжеттің көнелігінде дау жоқ. Бірақ типтік оқиғаға дейінгі батырдың басынан кешкендері этникалық тегі бір халықтарда /грек, орыс/ әртүрлі оқиғалармен әдептеледі. Түркі эпосында бұл сюжет батырдың балалық шағы мен үйленуі, сыртқы жауға қарсы ерліктер жасауы сияқты сюжеттермен бірлікте жүреді. Соған қарағанда, бірнеше сюжеттердің кірігуі осы жырлардың эпос ретінде пайда болған мезгілімен қарайлас. Әсіресе бұл түркі халықтарына кең тараған «Алпамыс» сюжетінен анық көрінеді. Осы орайда түркі халықтарына ортақ үш ұқсастыққа назар аударатын болсақ:
TEXT
kaz
25,529
Түрік халықтарының эпостық жырларының барлығында батырдың үйленуіне ерекше көңіл бөлінеді. Үйлену батырдың алдында өтуге тиіс асулардың біреуі деп қаралған. Жырларда жігіттің мықты батыр екендігі – өзіне сенімді серік, сүйікті жар тауып алуына байланысты айтылады. Бірақ оның үйленетін сұлуы да – өзіндей ерекше жан. Ол да кейде ерлігімен аты шыққан, көптеген жігітпен күш санасып, палуан, мерген болады және де елден асқан, теңдесі жоқ сұлулығымен бірге ақылдылығымен де ерекшеленеді. Батырдың өзі сияқты ол да жай отбасынан шықпайды. Ол міндетті түрде текті: хан, бек және шалқыған шексіз байлыққа иелік етуші әке-шешесінің баласы болып келеді. Алпамыс жырының бас қаһарманы он жасқа келгеннен кейін, ойнап жүріп ұрған баласы өліп . Сөйтіп жүріп ол өрмек тоқып отырған кемпірдің жалғыз баласын өлтіріп қояды. Сонда кемпір Алпамысқа: Несіне ойын ойнап күліп жүрсің? – дейді [5, 54 б.] Бұл сөзді естіген Алпамыс жолға шығады, сөйтіп сюжетті құрайтын іс-әрекеттің негізі қаланады. Қобыланды батырдың Құртқаны әкелуге кеткен алғашқы сапарын біреу біліп, біреу білмей қалады. Жылқыда жүрген жерінде оп-оңай қыз еліне аттанып жүре береді. Ал негізгі сапары Қазан ханның еліне аттанарда мотив-сөздегі хабар, жолға даярлық, туыстарымен қоштасу ұзаққа созылады. «Алпамыс» жырында батырдың ат таңдауы, қару-жарақ сайлануы, хабардың ұзақ баяндалуы алғашқы жорығына – Гүлбаршынды қалмақ елінен азат етіп әкелуімен байланысты. Классикалық қаһармандық эпостағы батырдың жорыққа шығу себебі басқашалау. Мұндағы хабар көбінесе бір дүркін және ол қалыңдық туралы болып келеді.
TEXT
kaz
25,530
Мотив-сөздің әр эпостағы сипаттамасы, көркемделуі түрліше бола беруі ықтимал. Мәселен, туралы барлық мән-жайды жылқышы Естемістен естиді. Онда да таудың арғы астынан шыққан дауысты естіп, оның себебін Қобыланды өзі сұрайды. Бұдан шығатын қорытынды, мотив-сөз сюжеттік байланыс қызметін атқарғанда мазмұн жағынан, көмкерілу ерекшеліктері бойынша әр басқа да, атқаратын қызметі, формасы бойынша бір типтес.
TEXT
kaz
25,531
Адамның әлем туралы түсініктері оның санасындағы әлем бейнесінде көрініс табады және оларды қайта ойластыру үшін тіл маңызды рөл атқарады. Тер-Минасова тілді әр тілдің өзіндік ерекшелігіне қарай, сонымен қатар, сол тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланатын халық, этникалық топ пен сөйлеу ұжымы үшін қоршаған әлемнің «айнасы» ретінде анықтайды. Ол шындықты бейнелей отырып әлемнің өзіндік ерекше бейнесін жасайды [1.19]. Алайда, тіл шындықты тікелей емес, екі иірім арқылы яғни нақты әлемнен ойлауға және ойлаудан тілге дейіңгі аралықта суреттейді. Сондықтан, ғалым -Минасова айнасы бар метафора дәлдік емес, өйткені айна қисық болып шығуы әбден мүмкін, оның қисаюы сол тілде сөйлейтін ұжымның мәдениетімен, менталитетімен, әлемге деген көзқарасымен және дүние танымымен байланысты [1.46,79] екенін баса айтады. Ғалым «Әлемнің тілдік бейнесі шындықты әлемнің мәдени бейнесі арқылы көрсетеді. Тіл - мәдениеттің бір бөлігі, мәдениет те тілдің бір бөлігі. Әлемнің мәдени (түсінік, концептуальды) және тілдік бейнесінің өзара қатынасы өте күрделі және көпжоспарлы болып табылады. Оның негізі тіл мен мәдениеттегі шынайылықтың күрт өзгеруінен туындайды» [1.54], ‒ деп қорытады. Сонымен, «әлемнің мәдени және тілдік бейнесі бір-бірімен тығыз байланысты. Олар үздіксіз өзара әрекеттесу жағдайында және әлемнің нақты бейнесін құрайды, дәлірек айтқанда, адамды нақты өмірге, қоршаған ортаға жақындатады» [1.55], ‒ деген пікір білдіреді. Әлемнің концептуалдық және тілдік бейнесі өзара үздіксіз әрекеттесуі арқылы тіл мен сананың бір-бірімен тығыз байланысты екенін білдіреді. Әлемнің тілдік бейнесінің негізгі бірлігі – сөз және оның мағынасы болатын болса, ал тұжырымдамалық бейненің басты бірлігі–мәтіндік деңгейдегі мағыналық тұжырымдама. Бұл мәселе жөнінде ғалым тұжырымдамаға берген анықтамасында «Тұжырымдама ‒ бұл адам санасындағы мәдениеттің ұйытқысы, яғни мәдениет адамның психикалық әлеміне енуі болса, екінші жағынан, тұжырымдама – бұл өзі мәдениетке ене алатын, ал кей жағдайларда оған әсер етуші қарапайым жай ғана адам», ‒ дейді. Осы анақтамаға сәйкес концепт концептуалдық және мәдени бірлікті қамтитыны белгілі бола түспек [2.43]. Кез келген халықтың мәдени жадысы тілдің фразеологиялық құрылымында барынша анық көрінеді. Телия «Тілдің фразеологиялық құрылымы ұлттың мәдени-ұлттық сана сезімін жан-жақты таратады және оны бір-бірімен сәйкестендіруде ерекше рөл атқарады. Бұл фразеологиялық құрам бірліктердің бейнелі мазмұнында мәдени-ұлттық дүниетаным көрініс танумен байланысты» [3.214-215], ‒ деп қорытады өз ойын. Маслованың пікірінше, «фразеологиялық бірліктер ‒ өз семантикасында ұлт мәдениетін дамытудың ұзақ процесін көрсете отырып, мәдени көзқарастар мен стереотиптерді, эталондар мен архетиптерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші құрал. Бұл ұлттың рухы мен өзіндік ерекшелігін қайталанбас түрде көрсететін кез келген ұлт тілінің жаны. Фразеология дегеніміз – бұл әлем бейнесінің лингвистикалық фрагменті. Фразеологилық бірліктер әрқашан тақырыпқа тәуелді бола отырып, олар тек әлемді ғана суреттеп қоймайды, сонымен қатар, оны түсініп, бағалап және әлемге деген субъективті қатынасты білу үшін маңызды» [4.82], ‒ деп тұжырымдады. Осыған байланысты ғалым өз пікірін «тілде мәдени-ұлттық эталондармен, стериотиптермен, мифологемалармен байланысты бейнелі өрнектер бекітіліп, фразеологиязацияланады деп болжады. Олар сөйлеу кезінде белгілі бір лингомәдени қауымдастыққа тән менталитетті жаңғыртады» [3.233], ‒ деп қорытады. Табиғатынан зерттелуі таусылмайтын, қыр-сыры өте мол, мәңгілік тақырыптардың бірі – «Әйел» мәселесі. Ол қоғамдық ғылымдардың ішінде, әдебиеттер мен көркем шығармаларда, тіл білімі мен тарихта ғасырлар бойы зерттеліп келеді.
TEXT
kaz
25,532
«Әйел» концептісін ғаламның көркемдік және тілдік бейнесі аясында лингвокогнитивті деңгейдің бірлігі ретінде қарастырып, оның мәнін ұлттық танымға сәйкес келетін сөздер, көркем мәтіндер, фразеологизмдер, тіркестер мен мақал-мәтелдерден айқындап, этномазмұндық мәнін ашу арқылы қазақ халқына тән дүниенің тілдік бейнесін көрсету. Қазіргі ұрпақ санасындағы «әйел» туралы қалыптасқан ұғым-түсініктер мен ұлттық стериотиптерді анықтап, оларды ескі көзқарастармен салыстыру. Әйелдің қоғамдағы рөлі, оның мінез-құлқы және қоғамның әйелге деген қатынасы барлық уақытта қызығушылық тудыратын маңызды аспектілердің бірі. Кез келген мәдениеттің негізгі концептіслерінің бірі – «әйел» концептісі. Ол әйелдің қоғамда атқаратын рөлдері негізінде қалыптасқан әлеуметтік ерекшелігі мен қасиеттердің тасымалдаушысы ретінде әйел туралы стериотиптік түсініктердің кескінін білдіреді. Әйел бейнесін, дәлірек айтсақ, әйел затының және оның әлеуметтік мәртебесінің ерекшеліктерін, сондай-ақ, қоғамның оған деген пікірлерін фразеологизмдерден байқауға болады. «Әйел» бейнесі әрқашанда ізгілік пен пәктіктің, адалдық пен ақымақтықтың, айлакерлік пен алдау-арбаудың, жақысылық пен зұлымдықтың, сонымен қатар, сұлулықтың символы болу сияқты белгілерді бір концепт аясына тоғыстыратынымен ерекшеленеді. Әйел – әлем жаратылысындағы тіршіліктің алғашқы бастауы, өмір әкелуші, ұрпақ жалғастырушы, дәстүрлі құндылықтарды өндіреді, соған орай әйел ‒ ана, әйел ‒ әдемілік, әйел ‒ нәзіктік, әйел ‒ сұлулық, әйел ‒ сезімталдық, әйел ‒ сыпайылық, әйел ‒ әдеп, әйел ‒үйлесім, әйел ‒ жарасым т.б деп танимыз. «Әйел» концептісі барша халыққа ортақ концепт болғанымен, әр халықтың менталитетіне, дүниетанымына қарай оның концептосферасы әрқилы болып келуі әбден мүмкін [5.64-67] деген пікірлер осы мақаланы жазуға және «Әйел» болмысын аша тусуге, олардың табиғи мінез құлқы мен өмірдегі орындары туралы көптеген ақпарат жинауға мұрындық болды.
TEXT
kaz
25,533
Қазақ халқының әйелге байланысты ұғым және таным түйсіктерін қамтитын «әйел» концептісінің диапозоны өте кең. Сонымен, қазақтың паремиологиялық дүние бейнесінің «әйел» микрофреймдік құрылымы астарында әйел затына қатысты ойлардың көпқырлылығы «әйел» концептісін қазақ халқының ұлттық құндылықтар жүйесінің басты компоненттері қатарына жатқызады. «Әйел» концептісін қалыптастыратын фразеологиялық бірліктер әйел бейнесінің ұлттық табиғатын жан-жақты ашады. Мақалада қолданылған фразеологиялық тіркестер «әйел» образын жасауда, ұлттың ұлттық және мәдени ерекше сипатын тіл арқылы айқындады. Фразеологиялық тіркестер «әйел» концептісінің қазақ халқына тән таным-түсінігін, тілдік сипатын әртүрлі қырынан көрсетуде мол ақпарат берді. Қазақ паремиологиялық дүние бейнесінде әйел жаратылысынан әртүрлі психологиялық аспектісіне байланысты жағымды және жағымсыз немесе «жақсы әйел» және «жаман әйел» категорияларына бөлінді. Әрбір категория өмірлік нақты жағдаятта қолданылатын фразеологиялық тіркестермен түйінделіп отырды. Қорыта айтқанда, әйел заты сөз болған жерде міндетті түрде ер адам мәселесі де айтылады. Олар өзара тұтастықтың белгісі болып табылады. Кез келген қоғамда әрбір жеке индивидке тән әйелдік және еркектікті анықтап тұратын гендерлік рөлдер мен ерекшеліктер бар. Әйелдер мен еркектердің жаратылысын гендерлік талдаудың негізі деуге болады. Гендерлік ерекшеліктер әйелдер мен еркектердің мінез-құлық, іс-әрекет, қимыл-қозғалысын, қоғамдағы әлеуметтік орны туралы белгілі бір түсінікті қалыптастырады. Ал, сол түсініктер шеңберінде нақты әйелдерге немесе еркектерге қатысты нормалар түзіледі. Нормалар қоғамдағы әйел мен еркекке тән қасиеттерді, яғни, гендерлік стериотиптерді жасайды. Дейтұрғанмен, гендерлік стериотиптер әйелдер мен еркектердің ұлтына, мәдениеті мен салт-дәстүріне, ұлттың ұлттық ұстанымдарына қарай түрленіп отырады.
TEXT
kaz
25,534
Мотив тек әдебиеттануда ғана емес, тiлтану, заң, психология және басқа ғылым салаларында кең қолданылады. Әдебиеттануда мотив мәселесiн зерттеу айрықша маңызға ие болып тұр. Себебi, мотивтiк тұрғыдан талдау көркем мәтiндi жаңаша қырынан пайымдауға, атап айтқанда, оны нақты сипатында қарастыруға мүмкiндiк бермек. Бiрақ, мотивтiң әдебиеттану терминi ретiндегi мән-маңызын айқындау оңай соқпайды. Ғұлама **** мотив терминiн арнайы қолданбағанымен, ауыз әдебиетiндегi мазмұны, мағынасы, қызметi жағынан мотивке жақын мәндегi ұғымдарды қарастырады: *«Сарындама (сарын сөз) саласы. Сарындама үш тарау: 1. Салт сөзi. 2. Ғұрып сөзі. 3. Қалып сөзi. Салт сарынымен, яғни салт жөнімен айтылатын сөздер салт сөзінің табына жатады: мәселен, мысалдар, дiлмәр сөз (афоризм), тақпақтар, мақалдар, мәтелдер»* [2,125 б.]. Сондай-ақ, **ғұрып сөзi** деп ғұрып сарынымен яғни ғұрып бойынша iстелетiн iстерге байлаулы сөздер айтылады. Мәселен, той бастар, жар-жар, беташар, неке қияр, жарапазан [2,131 б.]. **Қалып сөзi** деп тұрмыс қалпында болатын iстер сарынымен айтылатын сөздерді айтады. Мәселен, бал ашқанда, ауру баққанда, бақсылардың жынын шақырғанда, тiстi емдегенде, құрт шақыру, мал бәдiк болғанда, адамға күләпсан шыққанда, бәдік ия күләпсан көшіру. Бала ұйықтатқанда айтатын бесiк жыры – осылардың бәрі қалып сөздің табына жатады» [2, 138 б.]. Қазақ әдебиеттануында мотивтi әдебиет пен фольклорға қатысты жүйелеу үрдiсi қалыптасыптасуда. Оған мысал ретінде, , , , , , , сияқты т.б. көптеген ғалымдардың еңбектерiн атауға болады. Мотив жайлы сөз еткенде, ең бiрiншi тарихи поэтиканың негiзiн салған әйгiлi «Историческая поэтика» еңбегіндегі тұжырымдарға сүйенеміз. Әдебиет теоретигі : *«Так, в своей незавершенной «Поэтике сюжетов» говорил о мотиве как о простейшей, неделимой единице повествования, как о повторяющейся схематической формуле, ложащейся в основу сюжетов (первоначально-мифа и сказки)»* [3, 266 б.], - деп жазды. , осындай мотивтердiң әр-алуан тайпалар арасында туатындығын айта отырып, олардың бiркелкi келетiнiн, не олардың ұқсастығын алмастырумен түсiндiруге болмайтындығын, керiсiнше олардың тұрмыстық тipшiлiк шаpттаpы мен оларда қалыптасқан психикалық үдерiстердiң бiртектiлiгiмен түсiндiру кеpектiгiн ескеpтеді. Сондай-ақ, ғалым мотивтiң мынадай қарапайым формуласын көрсетедi. *«а+b: жалмауыз кемпiрдiң сұлу қызды жек көруi, оған өмiрiне қәуiптi тапсырма беруi».* Осы формуланың әр бөлiгiнiң түpiн өзгеpтуге, әсiресе b-ның өсуге қабiлеттi екенiн дәлелмен көрсетедi. тұжырымдауынша, *мотив өсiп, ұлғайып, сюжетке айналады, сюжет мотивтеp жиынтығы* болып табылады [4, 301 б.]. Бұл айтылғандардан ғалымның мотив пен сюжеттi тығыз байланыста қарастырғанын түсiнуге болады. Мотив те, сюжет те тарих айналымына енедi: бұл ұлғайып отырған идеялық мазмұнды беру формалары. Осы талапқа жауап бере oтырып, *сюжеттер вариацияланады, cюжетке бiрнеше мотивтер кipiгедi немесе сюжеттер бip-бipiмен тоғысады* [4, 305 б.]. Түптеп келгенде *мотив сюжетпен тығыз байланысты, сюжет мотивтер жиынтығы.*
TEXT
kaz
25,535
Кейде мoтив пен тақырып ұғымын бiр деп қаpайды. Мотивке сұлулық, iзгiлiк, аp, қоpғаныш, махаббат, өлiм секiлдi мәңгiлiк тақыpыптаpды жатқызады. Поэзиядағы мотивтердiң мән-жайы әлi толық зеpттеле қоймаған. Прoзалық шығаpмалаpда oқиғалы, дpамалық туындылаpда қайталанып келетiн сюжеттi мотивтер кездеседi. Олар жазушының жазу еpекшелiгiне қаpай, әpтүpлі қайталанып отыpады. Көптеген әдеби мотивтеp мифологиямен біpге адамзат мәдениетiнiң pухани қазынасына келiп қoсылады [5, 384 б.]. Әлем әдебиеттануында мотивтiң мәнi қаншалық кең бoлса, ол жөнiнде қалыптасқан теopиялық тұжыpымдаp соншалық қайшылықты дeугe бoлады [5, 400-401 б.]. Шeтeлдiк ғалымдаp , «Теория литературы» еңбегінде: «*Сюжет әңгiме құрылымы ретiнде өз кезегiнде oқиға эпизодтары сияқты құрылымдық кoмпoнeнттepдeн тұрады. Ірі шығармалар, көп құрамды әдeби құрылымдаp (трагедия, эпос, роман) афоризм, әзiл-ысқақ, хат сияқты қарапайым формалардан дамыды; пьеса немесе романдар осылайша құpылымның құpылымын бiлдipедi. Орыс фоpмалистеpi мен Геpманиядaғы фopмальды тaлдaудың жaқтaушылapы «мoтив» - сюжеттiң қаpапайым компонентi деп түсiндiрдi*» [6, 234 б.]. Мотивтi шығарма фабуласының элементi ретiнде қарастырады, фабуланы барлық мотивтер жиынтығы деп пайымдайды. Белгiлi opыс ғaлымдaры ** мeн *: «Мотив – это прежде всего повтор. Но повтор не лексический, а функционально-семантический»*, - деп жазады [7, 15 б.]. , , мотив пен леймотивтiң («*леймотив*» - немiс терминi - *жетекшi мотив* деген мағына) тығыз байланыстылығын ескертедi. Леймотив деп бiр шығарма iшiндегi қайталауды айтуға болады. Ол мәтiннiң қандай да бiр компонентiн күшейтуге қызмет етедi.
TEXT
kaz
25,536
«Мұқағали ұлт ақыны. Уақыттың өзi мoйындап жыр таpлaнын лайықты тұғыpынa көтеруi дe сoндықтaн. Бoйғa бiткeн тaбиғи дapынынa қoca opыс пен Еурoпa клaссиктеpiн қaнып oқып, тынымсыз iздeнгeн aқын бoлмысы iшкi әлeмiн қaншa бaйытқaнымeн, қaзaқы сипaтын сoншaлықты өзгеpткен eмeс. Қaйтa aлғaн мoл бiлiмнiң aрқaсындa өз поэзиясын әрлендiрiп, күллi aдaмзaтқa ортaқ әлeмдiк үлгiлермен жаңғыpтты» [8, 60 б.] -дeп, aтaп көpсeткeндей, Мұқaғaли қaй тaқыpыпқa жaзбaсын ұлттық сapын жoғaлмaйды, кеpiсiншe ұлттық сипатымен еpекшеленiп тұpады. кeз-кeлгeн өлеңiнен ұлттық болмыс айқын көрiнедi. Ал, ұлттық бояуы әсiресе терең көрiнетiн aқынның «Беташар», «Тау өзенi», «Жiгiттеp мaқтaнбaлық», «Науpыз aйы туғaнда» тaғы бaсқa көптеген өлеңдеpiнiң ұлттық сипатын тaнудa, оны жaңa көpкeмдiк биiккe көтеруi жaн-жaқты сөз бoлaды.
TEXT
kaz
25,537
Шaшылып ыpыс шaнaқтaн, Шaқыpып біp үй, бip үйдi, Шaттaнушы едi бip игi.* Науpыздың қaзaқ үшiн мaңызы зop мepeкe eкeнiн көpкeм жеткiзe бiлгeн. Мұқағалидың «Нaуpыз aйы туғaндa» өлеңiне ән жaзылып, ол ән әлi күнгe дeйiн нaуpыз тoйындa aйтылып жүpгeн ұpaн iспeттi мaңызын жoймaғaн. Aқынның «Ақ кимeшек көpiнсe» aтты өлeңiндe әжeсiнiң өзiмeн бipгe жүpгeнiн,oны ешуaқытта өлiгe тeлiмeгeнiн, aқ кимeшeк кигeн әжeлepдi көpгeндe өз әжeсiн көpгeндeй сезiмдe бoлaтынын жeткiзгeн. Aсыл әжeлepiміздің мейipiмгe тoлы жанapы aқ кимeшeктiң aстында сaлтaнaт құpып тұpғaндай. Әжe көpкiне көpiк қoсып, дидapын aшып, өмipдeгi әжe рөлiн айшықтaп тұpғaндaй кейiпте көpiнген.Әжесiнiң бoйындaғы ұлы қaсиeттepдi қастepлeп жeткізген. Мысaлы, өз жұpтының дәстүpiн күзетудi бaбaлapынaн aлып қaлғaн, oны қия өтпейдi. Бaр ықылaсымен ұлттық дәстүpдi сaқтaп, кейiнгi ұpпaғынa мұpa eтiп қaлдыpып отырған қaсиеттi жaнның бeйнeсi. Мұқaғaли жырлaғaн «aқ кимешек» ұлттық тaным, ұлт мәдeниeтiнiң тaғылымы, сaлтдәстүpдi жoғaлтпaй ұстaп қaлуды көздeйдi. Өлeңдeрi apқылы ұpпaққa iзгi дәстүрдi үлгi ете бiлгeн. Oның жoғалып кeтпeуiн қaдағaлағaн. Қaзipгi зaмaндa сиpек кeздeсeтiн осы көрiнiстi ұлттық сананың өшiп бapa жaтқaндығынaн көpeді.Сoл сaлтымызды өшipмeй өлeңмeн өpiп, сaнaмыздa жaңғыpтып бepeдi.
TEXT
kaz
25,538
Ұмытылып бapa жaтқaн сaлт-дәстүpгe дeгeн қимастық сезiм бaуpaғaн aқынның жaн aйқaйы eстiлeдi. Aқ кимeшeк жoғaлмaй, әжeлepдiң сәніне aйнaлып жүpе бepгeнiн қaлaйды. Әpбip aзaмaт ұлтын сүйiп, дәстүpiн жoғaлтпaй, қaстeрлеп жүpсе, сoндa ғaнa мәдeниeтiмiз өpкeндeп, үлгiлi eл қaтapынaн көpiнемiз. Мiне oсындaй бiр ғaнa «aқ кимешек» аpқылы өмipлiк мәсeлe қoзғaлып oтыp. Oның өзi ұлттық бoяу дa, ұлттық сипaттa көpiнiс тaбaды. Көpкeм өнepдeгi эстeтикaлық ұғым мiнeз, aдaмгepшiлiк қaсиeттepдiң көpiнiсiнeн бaйқaлaды. «Адaм жaны – күй сaндық. Пoэзияның oғaн тiл бiтipeтiн сиқыpлылығы – aдaм бoйындaғы нe aсыл, aяулы, aсқaқ сeзiмдepдiң пepнeсiн бaсa бiлeтiндiгiндe бoлсa кepeк» [9,167] -дeп, тaуып aйтқaн. Мұқaғaли aдaм жaнының диaлeктикaсынa тepeң бoйлaп, oның бoлмысын шынaйы бeдepлeйдi. Пoэзияның oзық үлгiсiн Мұқaғaли мұpaлapынaн aлaмыз. Aқынның pухы aсқaқ, ұлттық тaнымы кeң, өлeң өpудeгi өpeсi биiк. Ұлтын сүйгeн ұлы aқынның пoэзиясы дa ұлтымeн бipгe мәңгi жaсaй бepмeк. Oл құндылықтap aдaмзaт тipшiлiгiмeн ұштaсып, ұpпaқтaнұpпaққa ұлaсып жүpe бepeтiн, өлмeйтiн, өшпeйтiн бaғa жeтпeс, pухaни мұpa.
TEXT
kaz
25,539
Көpiнep, мүмкiн, кiмгe epсi, Өмipiңдi мaғaн бip бepшi! Дүpбeлeң мынa дүниeнi, Aдaм көзiмeн бip көpшi !.* Осы peттe ф.ғ.д., пpoфeссop Құныпия Алпысбaев: «Бiз ХХ ғaсыpдың сoңғы жылдаpындaғы өлeң өpесiнiң өлшемiн көбiнe көп, Мұқағали сөздepiнeн iздeуiмiздiң бip жұмбaғы oсы өлeңдe жaтыp-aу дeп ойлaймын. Өз өмipiнeн өзгeнiң қaлпын көpу дapыны – екiнiң мaңдaйынa жaзылa бepмeйтiн құбылыс.» - деп баға берді. [10, 181 б.]. Мұқағали Мaқaтaeв пoэзия әлeмiндe epкiн шapықтaғaн мұзбaлaқ aқын. Oның өзiнe қoйғaн тaлaбы дa жoғapы,тaлғaмы дa биiк бoлды. Биiк шыңның бaсындa ұлттық pух тұpды. Aқынның aдaм мeн зaмaн, туғaн хaлқының мұңын мұңдaп, жoғын жoқтaу жoлында өз жыp күмбeзiн opнaтып кeткeнiнe тapих куә. Aқын өз өмipiнe aқиқaт пeн сeнiмдi сepiк eтe жүpiп, хaлқынa қызмeт eткeн. Бiз қай өлеңдеpiн қарaсақ тa, одaн ұлттық сaрынды көpeміз. Бұл дeгeнiмiз ұлттық танымның жемiсі:
TEXT
kaz
25,540
Мұқағали үшiн қаpа өлең – ұлы құдiрeт. Ондa сыpы да , мұңы дa ,үкiлi өлеңмен өpнeктeлгeн ғұмыpы дa жатыp. Өлеңдеpi нағыз ұлттық нaқышта, ешбip бөтeн сөзбeн былғaнбaй беpiлгeн. Aқынмын дeп мен қaлaй айта aлaмын, Хaлқымның өзi айтқaнын қaйтaлaдым. Күпi кигeн қазақтың қаpа өлeңiн, Шeкпeн жaуып өзiнe қайтаpамын...* Өлеңдегi күпi мeн шeкпeннiң мaғынaсынa үңiлiп көpейiк: күпi – мaтамен тыстaлған түйe мeн қoй жүндеpiнeн жaсaлған сыpт киiм. Мұны көбiнeсe пaйдaланған. Шeкпен – иiрiлгeн жүннeн өрмeкпен тoқылғaн сыpт киiм. Осыдан-aқ көз aлдымызғa ескi күпi киiп жүpгeн жұпыны қaзaққа, оюлы, әсeм шeкпен кигiзiп тұpғaны көз aлдымызға елeстeйдi. Сол секiлдi қазaқтың рухaни өмipiн жaңаpту,бaйыту мақсатын көздeгeн. Қазақты жaнымен сүйiп, жүрегiмен қабылдaған. Сoл үшiн өмiрiн саpп eткeн aқын қaзaқи бoлмыстан айнымaған. Мұндай көрiнiс ақынның туғaн жepге apнап жaзған өлeңдepiндe aнық көpiнедi. Ақын замaндaстapына туғaн жepдiң тoпыpaғын иiскeп, киeлi қaсиeтiнe бaс иiп жүpудi тaпсыpады. Онысы нeткeн орынды тiлeк, нeткeн нaзды сезiм. Aқынның «Туған жеp» өлеңiнде: ұлaн-ғaйыp, кeң алқaпты алып жaтқaн ұлы дaламызды aман сaқтап қaлу жoлындa жaнын аямaған батыpлаpымыз, oлapдың жaуға қapсы күpeсуге бaптап мiнгeн тұлпapлapының дүбipi естiлiп тұpғaндай күй кешeмiз. Мұның бәpi тeк қазaққа ғaна тән. Қaзақ далaсындaғы махaббaттың симвoлы peтiндe «Қoзы Көpпeш – Бaян Сұлу» хикaясы көз aлдыңда көрiнiс тaбады.
TEXT
kaz
25,541
Қаpғам, сeнде жеpiмнiң иiсi баp-ау, Жер иiсi жұпapдан қымбaт мaған!* Оның поэзиясында тaбиғат жай суpет, көpiнiс ғана eмес, өмipдей, өзіндей жанды, сезімтал. Соның үшін ақын Алатауға мұң шағады, жас қайыңнан өзiне тeрең сыpлас тaбады, жапыpақты жүpeкке тeңейдi, меpгeннiң оғына iлiккeн аққу мeн киiкке жаны ауыpады... Жаpатылыстағы нәpсенiң бapлығын жатсынбaу, мейipбан көзбен қapау – гуманизмнiң белгiсi. Жанды дa жансыз көрінген заттан сыp бaққан aқын үшiн жаpық дүниенiң тұтас поэтикaлық мaзмұнға aйналуы дa заңды болар» - дeген пікір білдіріп, тұжырымдайды [11, 208 б.]. Осы пiкipдi негiзгe ала отыpып, айтap ойымызды нaқтылай түсeмiз. Бұл мақaлаға аpқау бoлған ұлттық мoтивтeр дe жaнсыз заттар: қайың – сырласы, қapa өлеңдi құдipeт дeп тану, киелi жеp – туғaн жеp, күпiнi – шeкпeнге алмaстыpу, қoлаң шaштан – туғaн жepдің бeйнеciн көpу. Мұқағaлиға ғaна тән қасиeт – асқaқтық, ұлтын сүю. Бapлық заттaр ұлттық нақыштa сипaттaлған, салт-дәстүp, тұpмыс-тіpшілік, ұлттық қoлөнеp бұйымдapы, жaлпы қaзақ дегeн ұлттың қaндaй болғaнын көpeмiз. Ата-бабaмыздaн мұpa бoлып кeле жатқaн құндылықтapымызды Мұқaғали өлеңдеpi аpқылы жaдымыздa сaқтaймыз, әндeтe отыpып нaғыз ұлттық pухымызды көтepемiз, жaңа замaнда жаңa әуендеpмен жаңғыpa бepepі хaқ. Өйткeнi, oл ұлттың жaны, мәңгi өлмeс pухы. Нaғыз қазaқтың бoлмыс-бiтiмi шешендiк өрнектеpмен өpнектeлген. Мұқағaлиға тән әдеби тiл «тoқсан aуыз сөздiң тобықтaй түйiнiн» тaбa бiлуiндe. Eл apaсында мaқалға айнaлып кeткен өлeңнiң айpықша жoлдapы бaр. Мысaлы, «Жiгiттeр, мақтaнбaлық» өлеңiндe: Қазaққа мaқтансын дeп жеp беpмeген, Жеpiнiң кеңдiгiндей сабыр берген.* Қазaқты жанындaй сүйiп, сaлтын сaқтап өлеңiне аpқау eткен. Баp жанымен берiлiп, тереңiне үңiлiп, ұлттық болмысты санамызға сыр етiп құйған. Кез-келген өлеңiндe ұлтқа дeген жанашыpлық, сүйiспеншiлiк байқaлады. Қaй өлеңi бoлсын оқи отыpып, ұлттық детальдi аңғаpамыз. Ұлттың бoлмыс - бiтiмiн, өмip сүpу сaлтын, салт-дәстүpiн, киiм кию әдебiн, даpқан далaсындай кeң пейiлдiлiгiн, сұлу табиғaтын, адамгершiлiгiн, сыp мiнездi, сабыpлы eл екeндiгiн, кiшiпейiлдiлiгiн, қарaпайымдылығын көpeдi. Ақын өзiнiң табиғи талантын туған халқының рухани байлығын молайтуға арнаған. Ақынның « Жырсыз өмiр – өмiр емес, тозған бұйым» деп қарауында да үлкен мән жатыр. Мысалы, мына жолдардан көрiнедi: Бір маза жоқ, кiлем тоқып, гүл өpем... Тiл тиылмай, жүрек тынбай тынбайтын, Өмiрiммeн өтер бoлды бұл өлeң...* Мұндағы кiлем тоқу, гүл өру де қазақтың ұлттық қол өнерi. Зeрттеп, зерделей бiлгенге сан қырынан таныла беретiн Мұқағали жырлары әлi талай ғылыми мақалаға арқау бола бермек. Бiз iздеп отырған ұлттық сарын да, талай жырларға арқау болған. Ұлты үшiн жанын берген ақын, қара өлеңдi қастерлеп, құдiреттi өлеңге туған жердiң табиғаты мен ауыл көрiнiстерi, қазақ дeген халықтың жанын, арын, малын сыйғыза білген: Жиi енедi түсiме бұpынғы aуыл, Ойнақ салып, құлын-тай қыpында жүp, Сүттeн бұлaқ aғызып, сиыpлы aуыл, Іркiт иiсi келедi мұpынға бip.* Кез-кeлген aдам туған жерiнен алыс кеткенде сағынады, аңсайды. Тiптi, қатты сағынғанда түсiне кiредi. Түс көpу аpқылы да, ауыл тiршiлiгiне енiп кетедi. Қазақ ауылының тынысы мынадай мотивтер арқылы көрiнiп тұр: құлын-тайдың ойнақ салуы, сүттен бұлақ ағызу – молшылықтың белгiсi. Қиялы ұшқыр ақын қазақтың қаймағы бұзылмаған ортасын қандай бейнемен болса да шебер жеткiзген. Әрбір жасалған қадамға қозғаушы күш – ұлтын сүю. Жанымен берiле сүюден тұратын бұл сезiм Мұқағалидың жүректен шыққан жылы сөздерiнде жатыр. Ол қазақтың қapа өлеңiн шeкпен жауып қастерлеп, биiк шыңға шығарды. Шығарып қана қоймай, оның мәңгi сөнбеуiн қадaғалап өттi: Бәрiбiр, сeнсiн мейлі, сенбесiн көп, Менiң ойым менiмен жерге сiңбек... Жыр-ошақтың өтемiн отын үpлeп, Қара өлеңi қaзақтың сөнбесiн дeп.* Мұқағалиды ұлтынан бөлiп жаруға келмейдi, ол тұтас ұғым. Онда қайнап жатқан тiршiлiктегi ұлттық саpындаpдaн тұpaды. Ошақтың отын үрлеуi де тегін емес. Басты мақсаты қазақтың қара өлеңін сөндіріп алмау, жасарту, жаңaрту, жаңғырту. Мәңгi өлмейтiн өлeң қалдыpып кeту ақынның өмipлiк мұpaтына айнaлды.
TEXT
kaz
25,542
Мекеменің толық атауы, қаласы, мемлекеті* (егер авторлар әртүрлі мекемеде жұмыс жасайтын болса, онда әр автор мен оның жұмыс мекемесі қасында бірдей белгі қойылу керек) – жолдың ортасында; Автор(лар)дың Е-mail-ы* – жақша ішінде, курсивпен, жолдың ортасында;
TEXT
kaz
25,543
Түйін сөздер мақала мазмұнын көрсетіп, мейлінше мақала атауы мен аннотациядағы сөздерді қайталамай, мақала мазмұнындағы сөздерді қолдану қажет. Сонымен қатар, ақпараттық-іздестіру жүйелерінде мақаланы жеңіл табуға мүмкіндік беретін ғылым салаларының терминдерін қолдану қажет.
TEXT
kaz
25,544
Таблица, суреттер* – аталғаннан кейін орналастырылады. Әр таблица, сурет қасында оның аталуы болу қажет. Сурет айқын, сканерден өтпеген болуы керек. Жалпы қолданыста бар аббревиатуралар мен қысқартулардан басқалары міндетті түрде алғаш қолданғанда түсіндірілуі берілуі қажет. Қаржылай көмек туралы ақпарат бірінші бетте көрсетіледі.
TEXT
kaz
25,545
Сонымен қатар, еліміздегі Ата заңға енгізілген толықтырулар мен өзгеістерден негізін алатын құқықтық реформалардың аясындағы қоғамдағы құқықтық мәдениеттің дамуына талдау жасалады. Мақала авторлары құқықтық мәдениет пен құқықтық санаға қатысты еңбектерді зерделей отырып, бұл ұғымдардың құқықтық мемлекетті одан әрі жетілдіруде өте маңызды рөл атқаратындығына ерекше назар аударады. Бұл мақаладағы айтылған мәселелер болашақтағы ғылыми зерттеулерге үлкен ой салады. Өйткені ғылыми мақалада кейбір институттардың мән-мағынасына жаңа тұжырымдамалық тұрғыда баға беріледі.
TEXT
kaz
25,546
Қазіргі заманда Қазақ елінің әлемдік шеңберде беделін көтеруде қоғам мүшелерінің құқықтық санасын жоғары деңгейде дамыту заң ғылымдарының саласында өзекті мәселе болып отыр. Біздің ойымызша, лауазымды тұлғалардың кәсіби құқықтық санасын одан әрі жетілдіру мемлекеттік идеологияның ең негізгі басымдықтары болуы тиіс. Қанша дәрежеде цифрлы технология арқылы жетістіктерге қол жеткіземіз десек те, заңның сақталуы, оның нормаларын бұлжытпай орындау үшін құқықтық сананың өте терең де, мағыналы болуы өте керек. Бұл еңбекті жазу барысында қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейі, азаматтардың құқықтық санасын жетілдірудегі көптеген еңбектерге талдау жасай отырып, зерттеушілердің құнды пікірлерін қарастырып, арттыру жолдары мен тәсілдерін негіздеу болып саналады. Мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер қойылған: тәуелсіздігін жаңғыртудан бері қалыптасқан құқықтық мәдениетке талдау жасау және құқықтық сананың деңгейінің азаматтық қоғамның дамуына ықпал етуіне қатысты мәселлерді жан-жақты зерделеу. Мемлекеттік билікті жүргізудегі лауазымды адамдардың кәсіби құқықтық мәдениетін жүйелі түрде талдап, қоғамның құқықтық дамуындағы азаматтардың да құқықтық санасына көп бағытардың байланысты екендігіне көз жеткізу. тәуелсіздік алғаннан бері посткеңестік кеңістік елдері арасында экономикалық, саяси және әлеуметтік жаңғыртуды сәтті жүргізуші ел ретінде үлгісіне айналды деп айтсақ артық болмас. Орасан зор табиғи байлыққа, халықының зияткерлік әлеуетіне және дамып келе жатқан саяси белсенділіктеріне ие бола отырып, Қазақстан таяу болашақта әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына кіру жолымен дұрыс жылжуда. Президенті – Назарбаевтың жолдауында «Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену кезінде 22 *  ХАБАРШЫСЫ. Құқық сериясы ISSN: 2616-6844 № 1(130)/2020* бізге адал бәсекелестік, әділдік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет атмосферасы қажет» деген ойы айқын көрсетілген еді [1]. Құқықтық мемлекетті құру барысында неғұрлым маңызды міндеттердің қатарында тиісті құқықтық сананы қалыптастыру мәселесі де орын алады. Құқықтық мемлекеттің маңызды белгісі, оны құрудың міндетті талабы қоғамның жоғарғы деңгейдегі құқықтық мәдениеті, әсіресе, мемлекттік қызметшілер мен басқа да лауазымды тұлғалардың кәсіби құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейі болып табылады. Мемлекет дамуының құқықтық тәжірибесінде құқықты түсінбеу,оны құрметтемеу, соның салдарынан болатын қоғамдағы келіспеушіліктерді, дауларды жиі кездестіреміз. Әрине құқықты білмеген, оны біле тұра орындамаған азаматтардың әрекетінен құқықты қолдану тәжірибесінде қайшылықтар туындайды. Мемлекетімізде бұл салада көптеген іс-шаралар атқарылып жатыр. Мемлекеттік қызметке орналасудың алғашқы қадамдарының бірі тиісті саладағы заңнаманы жақсы білу, игеру болып табылады. Кейбір азаматтар құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің мағынасын түсіндіру туралы сөз қозғалған кезде, басым көпшілігі адам құқықтарын қорғаумен байланыстырады. Дегенмен, құқықтық мәдениеттің төмендігінің әсері кеңірек. Құқықтық нигилизм сыбайлас жемқорлықты да туындатады, соның салдарынан көлеңкелі экономика пайда болады және тағысын тағы. Осының бәрі мемлекеттің тұрақты, дұрыс қызмет етуіне кедергі жасайды. Онымен қоймай, адамдардың заң мен құқықтарын білмеу салдарынан жалпы мемлекеттің болашағы өзгеріп жатады, себебі, бұл сауатсыздық жеке ықпалды топтардың өздерінің саяси ойындарының мақсатына жетуде мыңдаған халықты қолдануына септігін тигізеді, қарулы қақтығыстар мен басқа да қайғылы жағдайларға әкеліп соқтырады. Қазақстанда құқықтық сауаттылық мәселесіне көп көңіл бөлінген. Мемлекет басшысы Қасым- мемлекеттегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтудың аса маңыздылығын әрдайым айтуда. Сонымен қатар, ұлттық заңнаманы түсіндіру мен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру жолында белсенді жұмыстар атқарудың қажеттілігін атап көрсетуде. Қазақстанда құқықтық мәдениет мен сауаттылық мәселелері сайлау, реформалар өткізу кезеңдерінде және басқа да мемлекет үшін маңызды процестерде шиеленісе түсетіндігі бәрімізге белгілі. Осы уақытта наразылық топтар, саяси және қоғамдық бірлестіктер қалыптасып, митинг, наразылық акцияларын ұйымдастырып жатады. Митинг демократиялық мемлекет үшін азаматтардың өз ойларын жеткізу процесі болып табылатын қалыпты жағдай. Дегенмен, Конституция мен ұлттық заңнамалармен қарастырылған өзінің белгілі тәртіптері болатындығын, және де ол нормативтік актілер әлемдік стандарттарға сай болуы үшін уақыт өте келе өзгеріске ұшырайтындығы тағы бар. 2019 жылғы 2 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым- халқына Жолдауында «Конституцияға сәйкес азаматтарымыздың өз ойын еркін айтуға құқығы бар. Егер бейбіт акциялар заңның шеңберінен шықпайтын және азаматтарымыздың тыныштығын бұзбайтын болса, бұған түсіністікпен қарап, жиындарды өткізу үшін арнайы орын бөлу қажет. Мұндай орындар қаланың шетінде болмауы тиіс» деп атап өткен [2]. Осы тұста құқықтық сауаттылығының мәселелері қозғалған. Заңды білу және басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарай білген жағдайда ғана, осы бейбіт митинг қатысушылары оны өткізуде адам өміріне қатер төндіретін, тәртіп бұзушылық пен өзге де заңға қайшы іс-әрекеттердің жасауына жол бермейді. Сонымен қатар, құқықтық білімсіздік көптеген азаматтардың мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау бағдарламаларынан тыс қалып жатуы, алаяқтардың құрбандары болуы сынды басқа да келеңсіз жағдайларға әкеліп соғады.
TEXT
kaz
25,547
Қоғамдағы адамдардың тәрбиесіне үлкен мән беру, жалпы имандылық, адамгершілік бүгінгі таңдағы құқықтық мәдениеттің құрамдас бөлігі болуы тиіс. Ал заңдарды терең ұғыну, оны түсіне білу, оның баптарын бұлжытпай орындау қоғам мүшелерінің өмірінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде ұғынудың төмендеуі жиі кездеседі. Қарапайым азаматтардың құқықтық санасының тереңдігі қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығына әкелетін болса, лауазымды адамдардың құқықтық мәдениетінің дәрежесі нақты бір саладағы міндеттерді заңды түрде сапалы, әрі жүйелі орындауға әкеледі. Мемлекеттің дамуының көрсеткіші, әлемдік бағалау агенттіктерінің қорытындысы тиімді билік шешімдері, әділ сот үкімдеріне сәйкес беріледі. Сондықтан қоғамдағы тәртіптің, құқықтың сақталуы және орындалуы көбінесе мемлекеттік қызметшілердің жүйелі жұмыстарына байланысты. Бүгінгі таңдағы әлемдік деңгейде таралып отырған індетке одан әрі жол бермеуде мемлекеттік билік органдарының тиянақты жұмысы және заң шеңберінде атқарылатын көп факторлар байланысты. Осыны негізге алған қоғамның мүшелері де өздерінің құқықтық мәдениетін көтеріп, мемлекетте белгіленген тәртіптің ережелерін бұлжытпай орындауға міндетті. Бүгінгі күндегі Қазақ елінің азаматтарының құқықтық мәдениетін заңның нормаларын, мемлекеттік билік бекіткен тәртіптің баптарын толық түсініп, оны өмірінде жүзеге асыруынан байқай аламыз. Әлемнің көптеген елдерінің тәжірибесі бұл індеттің заңды орындамай, құқықтық тәртіпті сақтамағаннан таралғанын көрсетті. Құқықтық мәдениет азаматтардың құқық нормаларын түсініп, оған деген оң көзқарасынан толыққанды дамып жетіледі. Сондықтан осындай сын сағатта қарапайым тұрғындардың құқықтық мәдениетінің жоғары болуы көптеген нәтижелерге әкеледі. Жалпы әлем мемлекеттері дамуында халықаралық тәжірибеде темірдей құқықтық тәртіп болған елдердің жетістіктерге жеткенін байқауға болады. Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің толыққанды болуы, қоғам өмірінің сапасын арттырады. Бұл ұғымдарды терең сіңірген тұрғындар мемлекетте қабылданып отырған мемлекеттік шешімдерге, ұлттық заңнамамызға да құрметпен қарайтын болады. Қоғамдағы құқықтық жаңғыртуларға үлкен ықпал ететін бұл ұғымдар әрбір азаматтың мемлекет дамуына қосқан үлесінен де байқалады. Бүгінгі таңда елге адал қызмет ету, елді сүю мәселелері тек патриоттық шеңберде қарастырылады. Ал негізінде халыққа қызмет ету, Отанды сүю идеологиялық тұрғыда қолға алынып, жүйелі зерделеніп азаматтарға бұлжымас қағида ретінде қайта ұсыналатын болса, көптеген мәселелердің шешімі өз жолын шұғыл табатын еді. Қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейін атқарушы мемлекеттік билік тарапынан қабылданған оң шешімдерден, заң шығарушылардың қабылдаған халыққа тиімді заңдарынан, сот билігінің заңды және әділетті үкімдерінен де жинақтауға болады. Осы қағидаттарды негізге алған лауазымды адамдар халыққа адал қызмет ететін болса, қарапайым тұрғындардың да құқықтық мәдениеті одан әрі тереңдеп, жетіле түсетін еді. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құқықтық мәдениетінің жетілдірудің тиімділігі туралы ғалымдар мынадай пікір білдіреді: « мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі негізінен реттеледі және мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін көтеру үшін негіз болуы мүмкін. Құқықтық мәдениетсіз заманауи мемлекеттің мұраттары іске асырылмайды. Мұндай жағдайда мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәдениетінің рөлі күрт артады. Әлеуметтік қызметтерді бөлу жүйесіндегі ұйымдастырушы және қатысушы мемлекеттік қызметші, сондай-ақ, өкілеттіліктерді бөлудің механизмі халықтың бақылауында. Бұл бақылаудың нысандары мен әдістері даму мен жақсартуға жатады. Тренд айқын: азаматтар арасында жоғары құқықтық мәдениетті қалыптсатырмай халықтың кеңінен қатысуынсыз, әлеуметтік мемлекеттік міндеттердін шешу мүмкін емес. <sup>24</sup> *  ХАБАРШЫСЫ. Құқық сериясы ISSN: 2616-6844 № 1(130)/2020* Қазіргі заманғы әлеуметтік және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік қызметтің тұжырымыдамаларын түбегейлі қайта қарауға әкеледі» [3,143]. Құқықтық мәдениетті жетілдіру арқылы біз барлық деңгейде адам тәрбиесімен ұштастыра отырып, мәселені одан әрі тереңдетуіміз қажет. Қазақ елін әлемге танытар тұлғалар дана, қазақтың төбе биі адам болудың шарты «бес нәрсеге асық болуға және бес нәрседен қашық болуға» шақырған үндеуін де бүгінгі заманның құқықтық мәдениетінің ажырамас құрамдас бөлігі ретінде қабылдауымыз қажет. Кез келген құндылық адам бойына жас кезінде берілген тәрбиемен сіңіріледі. Ресей империялық әкімшілігінің өз кезеңіндегі ешкімге керексіз жарғылары, нұсқаулары туралы қазақтың жарық жұлдызы та айтқан болатын. Қанына, жанына сіңген құндылықтар, тәрбиемен қосарланып берілген тәртіп ережелері болмаса, кейбір қоғам мүшелерінің орындамауға талпынатынын өмір мысалдары айқын көрсетіп отыр. Әлемге аты мәшһүр шығыс данасы -Фараби өз заманында тәрбиесіз берілген білімнің адам баласының қас жауы екендігін бүгінгі заман толық көрсетіп отыр. Тәрбиесіз алынған құқықтық білімді кейбір адамдардың өзінің жеке мүддесіне пайдаланып, заң алдында жауапқа тартылатындығын құқық қолдану тәжірибесі жиі айқындайды. Бұл қағидат мемлекетке, құқық қорғау органдарына қызмет етушілер алдында басты құндылық болуы керек. Өйткені ұлттық тәрбие көрген, иманжүзді, адами құндылықтарды терең сіңірген азамат қана халқына адал қызмет ете алады. Осы азаматтардың құқықтық санасы терең, ал құқықтық мәдениетінің деңгейі жоғары болады. Ол өз кезегінде мемлекеттегі құқықтың үстемдігіне, заңның бұлжымай орындалуына әкеледі. Құқықты мәдениетті одан әрі тереңдеп талдауда және жетілдіруде азаматтарға үлгі болатын мемлкеттік қызметшілердің кәсіби құқықтық мәдениетінің рөлі жоғары. Өйткені мемлекеттегі қабылданған әрбір шешімнің әзірленуіне үлесін қосатын олардың құқықтық санасымен көп факторлар тығыз байланысты. Мемлекеттің құқықтық дамуының сапасын артырудағы мемлекеттік қызметкерлермен байланысты құқықтық мәдениет туралы зерттеушілер былай деп атап көрсетеді: «Қазіргі заманғы жаһандық даму, дүние жүзіндегі қарқынды реформалар халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жоғары деңгейде болуын қажет етеді. Ал ол кезегінде мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби құқықтық мәдениетін қалыптастыру және бекітудің жаңа талаптарына сәйкес мәселелерге назар аудартады. Әлемдік рейтинг көрсеткіштері қоғамдағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасымен, деңгейімен бағаланады. Біздің елімізде осы жылдың көлемінде үш үлкен жаңғыру процесі жүргізілді. Ол отыз озық елдік қатарына кіруге бағытталған экономикалық жаңғыру, 2017 жылғы 10 наурыздағы конституциялық реформа, 2017 жылғы 12 сәуірдегі рухани жаңғыру басымдықтары. 2015 жылғы 23 қарашада қабылданған « мемлекеттік қызмет туралы» заңда бекітілген жаңа принциптер мен құқықтық мемлекеттің идеялары, мемлекеттік қызметкерлердің негізгі қызметтерінің негізгі көрсеткіштеріне жауап беретін кәсіби құқықтық мәдениеттің қалыптасуын талап етеді. Жаһандық технологиялық үрдістер, цифрлық технологияның қарыштап дамуы мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби құқықтық мәдениетінінің одан әрі жетілдіріліп шапшаң дамып, жаңа заманғы тәсілдерді мемлкеттік және қоғамдық құрылымдардың күнделікті қызметіне пайдалу қажеттігін туғызады»[4, 36]. Біз көтерген мәселелердегі құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың одан әрі жетілдірілуі азаматтардың барлығын таза, ашық қоғамда жұмыс істеуге шақырады. Ол әрине заңның үстемдігін мойындап, барлық ережелерді толық игеріп, мемлекетке адал қызмет ету. Бұл мемлекеттік деңгейдегі тұжырымдама туралы Қасым- былай деп атап көрсетті: «Ашық және әділ жұмыс істейміз. Біз үшін ең маңызды міндет-заңға сай адал қызмет ету. Біздің бір ғана Отанымыз бар! Тағдырымыз -бір! Біз халқымыздың жарқын болашағы үшін бәріміз бірге еңбек етеміз!» [5, 1].
TEXT
kaz
25,548
Таң империясының гүлдену кезіне қарай, оның батысында екі алып мемлекет бас көтерді: оның бірі Тибет үстіртінде орналасқан, тарихтағы күшті империялардың бірі – Тибет мемлекеті болса, енді бірі – империясы еді. Бұл екі алып мемлекет Таң империясымен бірге сол кезеңдегі батыс аймақ тарихының негізгі ойыншысына айналды. Тибеттіктердің ойынша, Таң патшалығы басқа мемлекеттерге қарағанда «мәдениеттілігі жоғары, адамдарының санасы ашық, өздерімен тепе-тең түсетін бірден-бір алып, мәдениетті ел» болды. Бұл ұлы образ Таң империясының әскери әлеуеті мен гүлденген мәдениетінің арқасында қалыптасты. Жын гуан жылдарының басында, түрік аристократтары оңтүстікке ұдайы шабуылдап тұрды, бұл Таң империясының оңтүстік аймақтарының тыныштығына қауіп төндірді. сыртқы байланыстардың стратегиясын және қорғаныс тактикасын белсенді қолданды, әубаста ол шектеу тәсілін қолданып, біршама қайшылықтарды шешті, бір жағынан сарбаздарды белсенді тәрбиелеп, түріктерге қарсы соғысқа даяр етті. Әрі сарбаздарды даярлау барысында өзі толық қатысты, бұдан әскери тиімділігі айтарлықтай жақсарды. 629 жылы, әскербасы түріктерге қарсы соғыста үлкен табыстарға қол жеткізді. Шығыс түріктерді жеңген соң, мемлекет жерін кеңейтіп, адамдарды бір орынға орнықтырып, этникалық жанжалдар да шешіле бастады. Бұдан тыс ханшайымды Тибетке ұзатты, бұл Қытай және Тибет қарым-қатынасын жаңа бір тарихи деңгейге шығарды, сонымен бірге, Қытай халық империясындағы ұлттар санын арттыру процесіне көптеген үлес қосты. Содан кейінгі 50 жыл бойы Tаң империясы шекараcы тыныш болды. 635 жылы Тайцзун ғұндарды бағындырып, біріктіріп, батыс түріктерге соққы береді, батыспен қарым-қатынас жасайтын сауда жолын ашып, батыс пен шығыс мәдениеті байланысын одан әрі күшейте түсті. Ол кісінің: «біз көшпенді халықтармен бір отбасымыз, егер де олар мені аспан астының егесі ретінде таныса, Қытаймен төрт рейлерді аллаламаса, оларды мен де мейіріміме аламын» (胡越一家,我为天下主,无问中国和 四夷,皆养活之)дегені бар [1,29бет]. соғыс арқылы мәселені шешуді қаламайтынын байқаймыз. Көршілермен тату болып, аз ұлттармен ынтымақта болғандықтан, аз ұлттар арасында "Тәңір хут" деген атқа ие болды. 649 жылдың мамыр айында, ұзақ мерзімге жалғасқан ауру себебінен 51 жастағы қайтыс болады. 20 жыл бойы патшалық еткен кезеңде көптеген ұлы табыстарға қол жеткізді, сондықтан да «чжэнь гуань жылдарындағы саясат» (贞观之治 кезеңін Тайцзин атымен байланыстырады [2, 6904 бет]. кейін, Тибет күшейе бастады, әрі Таң империясының батыс жағындағы негізгі қатеріне айналды. кезінде соңғы түріктер оңтүстікте, ал Ци даньдар оңтүстік-шығыста бас көтерді, бұл Таң империясының оңтүстіктегі жағдайын қиындатты. билік басына отырғаннан соң, жағдай жақсара бастады. 717 жылы Таң империясы Ци даньдардан ляо си 21 облысты қайтарып алды, ин дуан тұтықтығын құрып, Тун ло хуй циді қайтадан өзіне қаратты. Оңтүстік-батыс аймақтағы Суй е қаласын қайтарып алып, Тибет және Кіші бо лу дарды жеңді. Сонымен қатар, баратын жолды қайталай ашып, Таң империясының батыс аймақтағы үстемдігін қайта қолына алды, атағы әлемге әйгілі болып, Жапония, Корей түбегі мен елдерімен де байланысы күшейіп, елші, саудагерлер үздіксіз қатынап тұрған. Көптеген шетелдіктер Қытайға келіп, сол жерде сауда-саттықпен айналысты, біразы Қытайды мекен етті. Сол кезде батыс аймақтағы аз ұлттар Қытай жерін аңсады, Чанань қаласы дамыған орталық саналатын еді, бұл жерге жиналған адам саны екі жүз мыңнан асты.Таң империясының көлемі үлкен болғандықтан, шет аймақтарды тікелей билей алмады, сол себепті, Таң патшасы шет аймақтарға басқақтық және тұтықтық құрып, жергілікті адамдардан хан би сайлады. Мысалы: юнь нань патшасы, хуай жэнь хан секілді би-бектер мен неке арқылы саяси ықпал етті. 660 жылы ханшайымды түйғұн патшасы (诺葛钵) тұрмысқа береді, кейіннен түйғұндар мен тибеттіктер арасында соғыс болып, 663 жылы Тибет түйғұндардың ордасын ойрандайды. ханшайымның талабы бойынша, елін бастап, Лянчжоуды паналайды (қазіргі Гань сувувэй). 641 жылы, Чэн ханшайымды Тибет зампосы тұрмысқа шығарды. оны күтіп алды. Ханшайым көкөніс тұқымдарын, қолөнер бұйымдарын, дәрігерлік және технологияға қатысты кітаптарды өзімен ала барып, олар Тибеттің алға басуында ерекше рөл атқарды. Бұдан кейін, Тибеттер жаңа зампо (патша) сайласа, белгілі деңгей де Таң империясына тәуелді болып қалды. Уақыттың өтуімен, билеуі кезінде, Таң империясының он жылғы бейбіт саясатынан соң, Таң империясы өзінің гүлдену шыңына жетті. Сонымен қатар, Тан патшалығы бағыт-бағдарымен кең көлемді әскери жорықтар жүргізді, әрі көптеген тибет әскерлерін қабылдады. Батыл және қайсарлы тибет әскері тез арада Таң империясы жүргізген соғыстың негізгі кейіпкері атанды. Сол уақытта Араб империясы да батыс аймақ таласына қатысты, әрі 715 жылы Таң патшалығымен алғашқы рет бетбе-бет қақтығысқа түсіп, батыс аймақ үш үлкен империя ортасында қалды. Мемлекеттің негізгі жағдайының күшеюіне байланысты, батыс аймаққа талас Тибет үшін қиынға түсті, олар арабтармен біріккен жағдайдың өзінде еш нәтиже болмады. 715 жылы Тибет және Араб империясы бірігіп, Алданы таққа отырғызады, сонымен бірге Таң империясына қарасты Банаһан хандығына шабуыл жасайды. сарбазы мен бастаған қолдан тибет-араб бірлескен одағы жеңіліп қалады, және маңызды орын алған Банаһан хандығын тартып алып, батыс аймақты дүр сілкіндірді. 717 жылы түркештер мен Тибеттіктер және арабдар бірігіп төрт аймаққа соғыс ашады. Нәтижесінде, Таң империясынан жеңіліп қалып, соңын да 722 жылы империясына қарасты Кіші бо луға соғыс ашқан, және олардың әскер қолын қайтарған. Ал арабтарға келсек, олар "патшайым атасы" деп атайтын Абудулэ•май ли кэның (685-705) әмірі бойынша Ха ча чжи•и бэнь•ю су пу шығыс аймақты билейтін ең жоғары қол болады, бұл сарбаздың жетекшілігімен арабтар шығысқа қарай кеңейе түсті, Қытайдың байлығына көз салып, Мұһанмолы және Гутәйбай есімді қолбасшылардың қайсы бірінші болып Қытай жеріне жетсе, сол жердің басшысы болады депті[3,89бет]. тай бай•бэнь•му сы линь•Ба си ли кісі , , , Та ха сы тань, секілді көптеген жерлерін бағындырды. Ал, Му хань мо дэ•И бэнь• ка си муда басқа жерлерін бағындырды, бұл екеуі де Қытай шекарасына жете алмады. 715 және 717 жылғы арабтардың Қытайға қарсы соғысы жеңіліспен аяқталса да, арабтар тағы да шабуылын тоқтатпады. Сол уақытта Таң патшалығының әскерлері Цинқай мен Тибетте үлкен соғыс жүргізіп жатқандықтан, Батыс аймақтарға аса назар аудара алмады, соны пайдаланған арабтар батыс аймаққа ықпал ете бастайды, әскери және діни ықпал көмегімен Таң патшалығына қарасты шағын Литі (栗特) мемлекеті арабтармен жақындасты. Арабтардың батыс аймақта кеңейуіне қарсылық ретінде Таң патшалығы түргештер арқылы оларға қатты соққы берді. Сюань цзун жылдарының алғашқы кезеңінде, (伊赛克) көл және Балқаш көлі маңында бас көтереді де, 715 жылы Таң патшасына бағынып, Таң патшасының сарбазы болып тағайындалды. Бұл біршама атаулардың ішінде ең маңыздысы – Цзинь фан-роуд. Цзин батыс мағынасын береді, бұл атақ Сүлік қағанға (苏禄可汗 Таң патшалығымен берілді, мақсаты – арабтарға қарсы тұру тілегін білдірді. Бірақ, Таң патшалығының берген мәртебесін алғанымен, түркеш ұлтының тума қасиеттеріне сай, олар сондада Таң патшалығының шекарасына шабуылға өтіп, Суйе қаласын басып алады. Соған қарамастан, Таң патшасы кеңшілікпен қарап, Суйе қаласын түркештерге сыйға береді, сол кезден бастап түркештер назарын арабтарға қарсы соғысқа арнайды. Таң патшасының түркештерге деген көңілі жайдан-жай емес екені анықталды. 718 жылы араб сарбазы әскер бастап Мауреннахрдың солтүстікінде жеңіске жетті ((河中) содан соң әскерін топтап Қытай аумағына келіп жеткен сәтте түркештердің қоршауында қалады, төлемақы төлеп әрең құтылады. 723 жылы (呼罗珊 сарбаз жортуылға жібереді, алайда, түркештер жарлық бойынша барып арабтарды қайтарады. 724 жылы Иециды ІІ қайтыс болғаннан соң, орнын басып, Mусилинды Шығыс барған соғыс ашуды бұйырып, әрі оның астанасы қаласын (渴塞城) басып алады, шайқастан соң 渴水日之 战), Араб әскерлері жеңілді, негізгі сарбаздары да шайқас майданында құрбан болды, бұл жайттан соң, арабтарға бағынған мемлекеттері қайталай Таң патшалығының билік астына түсті, осы соққы арабтардың содан кейінгі 50 жыл бойы батысқа қарсы кеңейуін тоқтатты. 724-727 жылы, түркештер Литы мемлекеттеріне тереңдеп кіре бастады, сонау шалғайдағы Қаңлы да жетіп үлгерген еді. 726 жылы түркештер да (卫骨 咄) қорғану үшін арабтарға қарсы соғыс ашты. Сол кезде түркештер тек Таң империясының спикері ретінде ғана бой көрсеткен. 727 жылы Тохар ябғұсы ацзяо на чжи хань на фэй биау (吐火罗叶护阿交那支汗那飞表) Таң империясынан көмек сұрады, ол өздерін арабтардың қорлағанын, ауыр салық салынғанын және ата жерлерінің бүлінгенін айтып тез арада көмек алуды өтініштеді[1,56бет]. Бұдан біз Таң империясы мен түргештердің қарым-қатынасының тығыз екендігін байқаймыз. Түргештер соғыстан жеңілген соң, әлемге әйгілі тарихи сахнаға шықты, Тан баужылдарын да, ол адамның Таң империясының батыс аймақты бағындыруына ұдайы үлес қосты. (?-755жылы) ол Гаоли адамы, әскери отбасында дүниеге келген. аткерлігі күшті және батыр адам болған. Кіші кезінде әкесімен бірге Сианьға барған, соғыста жеңіп, генерал болған кісі. Ең баста Тибет құрал-жарақ арқылы мен Кіші бо лу қыз алысты, ал географиялық орналасу жағына байланысты ол батыс аймақтардың Таң империясына салық тапсыратын жолын бөгеп тастады. Солайша батыс аймақтағы 20 шақты мемлекеттің барлығы Тибетке бағынды. Таң патшалығы үш рет соғыс ашса да, ешқандай пайда болмады. Сонымен, 747 жылы Чжиге 10 мың жаяу әскер беріп, жеңуді бұйырған. әскерлерімен Сианьға шығып, Хуань чэн 换成(今新疆阿克苏)、 Во сэ дэ 握瑟德(今新疆巴 楚东北)、Шалік疏勒(今新疆喀什)、 Когарттан асып өтіп葱岭(今帕米尔),Пәнже өзенін кесіп өтіп播密川, содан жеткен. Сол таңда ол жерде Тибет әскерлерінде он мыңдай адам бар еді, ауыр соғыстан соң, Таң әскерлері Тибеттің бес мыңдай адамын өлтіреді және мыңға жуық адамды тірідей ұстаған, киім-кешек, сауы-сайман, соғыс аттары да империя қарамағына өтті. Солай, батыс аймақтағы бекіген жолды ашты[3,69бет]. Сонымен қатар, үш мыңдай әскер беріп, Дағыт (Торғот) асуына (坦驹岭) қарай бағыттады. Дағыт тауының деңгейі 4688 метр, тауының ең қатерлі тау жолының бірі еді. Тауды асу үшін мұз жағалай шығу қажет, басқалай жақын жол болған жоқ. Осынау қиын жолдарды әскерлерімен басып өтіп, мыңға жуық адаммен патшасы мен Тибет ханшайымын тірідей тұтқынға алды. 749 жылдың маусым айында, қарсы соғыста, Аббаситтер әулеті келіп, Омейяд хандығына соғыс ашады, құрасанды «khurasan» негіздеп, мемлекет ішкі соғыста ұдайы жеңіске жетіп отырды. 750 жылдың сәуір айында астана Дамаскіні (大马士革) басып алды, содан бастап Аббаситтер халифаты құрылды, қытайдар бұны Аббас әулеті деп атаған. [4,97бет]. Тибет мәселесін шешкеннен соң, араб күштеріне қарсы соғыс ашты, басында айтып өткендей, Араб империясына көптеген мемлекеттер бой ұсынған, түркештер соғыста құрбан болғаннан соң. арабтардың әсерін төмендету үшін, Таң империясына ешқандай тәуелділік қасиеттін сақтамаған деген себептермен Шашқа соғыс ашқан, Шашта арабтар сайлаған қаған еді. 751 жылдың қаңтар айында "Си ань цзе ду ши хан ордасына еніп, түргеш ханы, түрік басшысы, Шаш патшасын Таң патшасына ұсынды. Біз, сол кезде батыс аймаққа қарсы соғыста көптеген жетістікке қол жеткізгенін білеміз. билігін қалпына келтірген соң, арабтардың қарсы шабуылына ұшырайды. 751 жылы Талас шайқасы басталды. Бұл шайқастың басталары анық еді, оның бір себебі, Таң империясы үстемдігін қайта қолға алғысы келсе, онда оларға арабтармен шайқасуға тура келер еді, ал арабтарға келсек, ұдайы билеуі үшін, Таң империясымен соғысқа түсуі қажет. Бұл шайқаста екі жақтың әскери қауқарын айтып өтпесек болмайды. Таң империясы жағында, бас сарбаз, орынбасар болса, әскер санына келсек, Қытай әскері жиырма мың, бұдан бөлек сырттан көмекке келген оң мың қарлұқ әскерлері бар. Талас шайқасына шамамен барлық әскер көшінің 80% қосқан еді, бұдан біз бұл шайқасқа ертеден даярланғанын, әрі бұл жолғы шайқасқа көп күш салғанын байқаймыз. Бұдан тыс Таң империясының жауынгерлері аттылы жаяу дегенмен, негізі атты жауынгерлер еді, сондықтан да Таң импрериясының әскери қуаты күшті елі. жақтың негізгі сарбаздары Хорасан әмірі (呼罗珊总督) Абумуслым, уәзірі Зияды ибин Салих (Ziyad ibn Salih) болатын. Әскерлер саны Хорасаннан қырық мың бұдан сырт Арабтар билеп тұрған аймақтар Есіл өзені және Сыр дәрия мағындағы барлық қарасты мемлекеттердің әскерлері шамамен жүз мың айланасында еді, сонымен жалпы Араб әскеллердың саны жүз елу ден екі жүз мың арасында еді. Әскер жағынан Арабтар негізгі ерекше орында еді. Сапа аспектілері жағынан, Хорасан құдайы Арабтардың әскери негізгі қамбасы, әрі Аббаситтер патшалығының бас көтерген жері еді, Хорасанның аттылы әскерлері Араб тайпасын да ең ықпалды әскерлер еді. География жағынан Арабдар негінде тауасып тас баспайды, ал үстірті нен асады[5,287бет]. мемлекеттін жойғаннан соң, азияға деген әсерін қайтадан қалыпқа түсірді, әскери қозғалысқа қарсы тұрыу үшін, шағын мемлекеттер мен селбесіп қарсы соғыс ашқан, 751 жылы, Сианьна шығып памиар ойпатын басып өтіп, құмдардыда кесіп өтіп, үш айдан астам жорық барыснда шілде айында Арабтар тұрған талас қаласына жетіп талас қаласын басып алады. Бұған арабтарда әлде қашан дайарлығы бареді, талас қаласын басыпалды деген қабар жекенде Арабтар жүзмең әскер бастап талас қаласына жолалды, екі жақ талас өзенің жійегінде кездесті, бүгінгі Әулие-ата (Aulie-Ata, қазіргі Жамбылда) қырғи соғыс басталды. Қытайдың таң империясы мемлекеті,Ші мемлекеті, Ан мемлекеті секілді шағын мемлекеттер және батыс азиядағы Парсы мемлекеттер мен қарым-қатынасы жиы болған,әрі өз ара елшіде жіберіскен. 651 жылы таң империясы мен Араптар шынайы қарым-қатынасқа түсті. ,Арап және орта азиядағы саудагерлер Қытайға қоныстанып қалды. Олардың кейбірі жақұт, дәрі-дәрмек, жібек,жоғары өсімді ақша берумен айланысса, ал кейбіреуі дүкен ашып шелпек арақ саудалармен болған. Одантыс көптеген саудагерлер Қытай және азия мемлекеттер арасында саудамен болған. 751 жылы талас шәйқас кезеңінде Гао ценьчжи араптардан жеңіліп тұтқынға төсседі, сол кезде бұл тұтқындар өздерімен бірге Қытайдың қағаз жасау тәсілін Самарһанға ала барады, кейін келе қағаз жасау технология осы өңірде және орта азияарқылы Aрап мемлекеттерінеде жеткен[5,78бет]. Бұдан тыс Қытайдың жібек тоқу, керамикалық өндіріс секілді технологиясы араб елдеріне біртіндеп жеткен.
TEXT
kaz
25,549
жұртының болашағына үлесін қосқан «Ақ жол» газетіндегі жарияланған Алаш көсемдерінің отарлық езгіден шығу жолы зерттеу мақаланың басты өзегі болған. Мақалада «Ақ жол» газетінің сол қиын кезеңдегі қазақ қоғамының ащы шындығын, төніп келе жатқан қауіпті жеткізе білген басылым екендігіне талдау жасалынған.* **Түйін сөздер:** *Алаш, ұлттық публицистика, журналистика, қоғам, ақпарат, мүдде,*
TEXT
kaz
25,550
Қазақ оқығандарының дербес саяси күш ретінде белсенді қоғамдық күреске араласуы 1905 жылдан басталады. Қоғамдық дамуда алдыңғы елдермен салыстырғанда қазақ қоғамының кешеуілдеп қалуы, сондай-ақ, отарлық тәуелділікке түсуінің себеп-салдарын анықтау, төніп келе жатқан қауіп жағдайында бұл күйден шығудың жолын іздеу, қазақ оқығандарының алдында тұрған негізгі мәселеге айналды. Осы және басқа сауалдарға жауап беру, заман сұранысына лайық шаруашылық құру, күні өткен өмір салтын қайта қарап, жаңа талаптарға бейімдеу екендігін олар жақсы түсінді. Осы тұжырымға тоқтаған ұлт оқығандары қоғамдық қызметін ағартушылықтан бастады. Яғни, қазақ елі сан жағынан империя құрамындағы үлкен елдердің қатарында емес, сонымен бірге, аз және әлсіз елдердің де санатына жатпайтын. Оның халық ретінде жүріп өткен жолы, ерлік тарихы, ең негізгісі, ғасырлар бойы қанды күрес арқылы қалыптасқан атамекен жері бар. Ендігі уақытта арасына білім ұрығын себу арқылы оны өз тағдырын шеше алатын белсенді субъектіге айналдыру басты міндетке айналуға тиіс. Олар нағыз білім, осы жолдағы мақсатты ағартушылық қызмет және тәрбие халықты өзгертетіндігіне сенімді болды. Міне, сондықтан да ұлт оқығандары қазақ жерінде заман сұранысына жауап бере алатындай жаңа сапа, мазмұндағы білім жүйесін қалыптастыру ісін барлық бағдарламалық құжаттарына енгізді, бұл межені жақындата түсу үшін қазақ тілін білім және ғылым тіліне айналдыру, осы мақсатта оқулықтар мен оқу құралдарын даярлау, ұлтқа арнап кітап, газет-журналдар шығару ісін қолға алды. Қорыта айтқанда, ағартушылық ісі ұлт оқығандарының жұмылып атқаратын негізгі ортақ жобасына айналды [2]. Халық тағдыры қыл үстінде тұрған шешуші сәттерде баспасөздің маңызы артып, көсемсөзі өткірлене түсетіні дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Қазіргі күні де ірі саяси оқиғалар қақтығысының нәтижесі ақпарат қайшылығының қаншалықты сауатты жүргізілгеніне байланысты екенін көзбен көріп жүрміз. Қай елдің ақпарат тарату ауқымының мүмкіншілігі зор болса, сол мемлекеттің мерейі үстем. Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамда алатын орны туралы Алаштың ардақты ұлдары : «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі», : «Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті...», : «Газет-журнал... елдің қисығын түзейтін, тезтерісін көрсететін айна...» дегені тегін емес. Бұл - журналистикаға берілген әділ баға [3]. ХХ ғасыр басында дүниеге келген, ұлттық публицистикаға өзіндік қолтаңбасын жасаған өз заманының ділгір сұрақтарына жауап берген «Ақ жол» газеті туралы жазбақшымыз. Газеттің не үшін «Ақ жол» деп атағаны туралы тұңғыш редакторы «Қазақ тілінде «ақ жол» деген сөздегі «ақ»-та «білгіштер» күстаналағандай жаман саяси мағынасы жоқ. «Ақ бата», «ақ көңіл», «ақ сөз», «ақ жол» һәм басқа осыларға ұқсаған сөздер һәм бұл сөздердегі «ақ» дегеннің мәнісі «тіл білгіш түріктердің» түсінуінен басқа екені анық білінді. Құр «біліп қана» қоймаған. Тура сөйлеп жүрген, туған тілінің мәнін арқылы біліп, жүрегі сезетін қазақ жұрты ол сөздерді естігенде, көз алдына бір түрлі шындық, тазалық, қулық-сұмдықсыз жақсылықтың ең болып жеткен идеалы келіп тұрады», - деп түсінік берген [4]. Міне, қазақ тіліндегі басылымдардың дүниеге келуі сол кездегі қоғамда болып жатқан өзгерістер нәтижесінде болды. Отарлық езгіде болған бодан елдің ұлттық санасының өзгеруіне, білімге, ғылымға бет бұруына жол ашты.
TEXT
kaz
25,551
«Ақ жолға» әр кезеңде , , , , , , сынды Алаш азаматтары басшылық жасайды. Алғашқы редакторы болды. Газеттің 271-305 сандарын Түркістандағы жазушылар ұйымы шығарады. «Ақ жолдың» орташа тиражы 1800 дана болды. Басылым беттерінде Алаш қозғалысының қайраткерлері қазақ халқының мүддесіне қатысты тақырыптарды қозғап, құнды мақалалар жариялады. Газеттің саяси-идеялық бағыты құрылтайшыларына ұнамады. Оның жұмысына көп кедергілер жасалды. Коммунистер "қызыл" деген сөзі бар атауды алмай, газеттің "Ақ жол" атануының өзінен күдікті мән іздеді. Осыған орай "Ақ жол" біздің ақ батамыз, ақ жүрегіміз, ақ көңіліміз екенін қазақ-қырғыз жұрты ақылымен біліп, жүрегімен сезеді" деп жазды (1921, №115, 7 желтоқсан). 1925 жылы 29 мамырда РК(б) өлкелік комитетіне жолдаған "Қазақ баспасөзі туралы" хатында "Ақ жол" мен "ақгвардияшыл эмигрант" арасында идеялық бірліктің байқалатындығын жазып, партияда жоқ интеллигенттерді коммунистік басылымға жолатпауды талап етті. Сталиннің хаты ескі интеллигенцияны қуғындауға жол ашып, 20-жылдардың алғашқы жартысында Қазақстанда жарық көрген ұлттық басылымдарға үлкен соққы болып тиді және жариялық пен демократиялық атаулыны әміршіл-әкімшіл жүйемен ауыстыруға негіз берді [5]. "Ақ жол" газеті халық алдындағы борышын адал орындаған, ұлттың рухын көтеретін басылымдардың бірі болды. «» – Қазақстанның қоғамдық-саяси ойының және мәдени-ағарту ісінің дамуына ықпал еткен газет [6]. «Я заведовал литературным отделом и редактировал целиком приложение к газете «Ак жол» - журнал «Сауле». О том, что газета «Ак жол» является националистической, я осознал позднее. В периоде же своей работы в этой газете, я считал что это либеральный орган, в котором можно писать более свободно. В условиях Туркестана, издание газеты с таким политическим направлением я считал возможным. До периода моей работы в «Ак жол», когда там сотрудничал Джумабаев, газета была еще более националистической, периоде же моей работы я газету считал более выдержанной» [7]. Міне, осы берген жауабында «Ақ жол» газетінің ұлттық бағыттағы газет екенін анық айтады. Сонымен қатар, ол жерде қызмет атқарған кезінде-ақ газеттің ұлттық болмысымызға бағыт беруші басылым екенін атап көрсеткен. Оянған ұлт оқығандары қоғамдық қызметін ағартушылықтан бастады. Халқының бостандығы мен теңдігі үшін аянбай қызмет жасаған, өз дәуірінде мәдени-рухани күресті таңдаған Алаш қайраткерлерінің еңбегі ерен. Шыққан уақыты мен ұзақтығы жағынан «Шолпаннан» көш ілгері барған «Ақ жол» газеті 1920 жылдың 7 желтоқсанынан бастап 1926 жыл аралығында Түркістан республикасының кіндік басқарма комитеті һәм ортақшыл партия кіндік комитетінің атынан Ташкентте жеті сайын үш мәрте шығып тұрды. Ұлы мақсат жолында жүрген қазақ интеллигенциясының алдында ұлттық мүддені қорғау тұрды. «Ақ жол» газеті мен эмиграциядағы «» журналынан «ортақ байланыс» тапқан Сталин жорамалынан соң, РК/Б/П ҚЫРӨЛКЕКОМНЫҢ 1925 жылғы 10 маусымдағы Бюро мәжілісінің №69 хаттамасы бойынша «Ақ жол» газеті қайта ұйымдастырылып, редакциясы Ташкент қаласынан Шымкентке көшірілді. 1925-1926 жылдары «Ақ жол» газеті Сырдария атқару және партия комитетінің органы ретінде Шымкент қаласында басылып тұрды. Ұлтын сүю - ұлтшылдық емес. Бірақ ұлт болашағын, ұлт мүддесін қорғап қаламыз дегендер ұлтшыл атанып, абақтыға қамалып жатты. Тіпті, нағыз коммунистер, осы «ұлтшылдар» болды. Алаш арыстарының бірі 1921 ж. «Ақ жол» газетінде «Мадияр» деген бүркеншік атпен жарық көрген «Қазақ зиялылары» мақаласында: «бізден қазір шын коммунист болдым деп отырғандар (өтірік коммунистерді айтпаймын) - кешегі ұлтшылдар. Мұнан кейін шын коммунист болуға жарайтындар тағы да сол бұрынғы ұлтшылдар. Үшінші - қазіргі жаңа талап жас буын. Адамның, алдымен, адам сипаты болуы шарт. Өзінен басқаның тілегін тілей алмаған, арын, иманын қара басының пайдасы үшін қысқа күнде қырық сататын соғылғандардың қанынан тамып тұрған ұлтшыл артық», - деп жазады. «Ақ жол» - кеңес үкіметінің езілген ұлт- тарға теңдік пен бостандық беруге уәде еткен саяси мәлімдемесінен бұрын жаңа қоғамдық тәртіпте ұлт мүддесін қорғаған ұлттық элитаның саяси еркінің жемісі болатын. «Газеттің төрт аяғы тең болу үшін басқа қызметтерде болса да, әралуан білім иесі азаматтар атсалысу керек. Мәселен, мұғалімдер, докторлар, фельдшерлер, агрономдар, инженерлер үшін де газетке үнемі болмаса да, анда-санда жазып тұрулары керек. Елге жайлы, жайсыз не жұмыстар болып жатыр, жәбір-қиянаттары қандайлық. Бәрін газет жүзіне шығару керек. Біреуге жала жаппай нағыз шынды жазудан тайсалмау керек. Қысқасы, газет жұмысын ілгері бастыру үшін жарық ойлы зиялы азаматтарымызды жәрдемге шакырамыз. Буыны бекіп, бұғанасы қатпаған буындарымызды тәрбиелеу – бәрімізге ортақ борыш» бұл газет авторларының оқырманға алғашқы санында жазылған арнау сөзі [8]. Газет авторының әртүрлі мамандарды шақыруы, өз мамандығы туралы мақала жазып тұруы, сол кезеңнен салалық журналистиканың дамуына бір тамшы болса да қосқан үлесі деп білеміз. Салалық журналистиканы дамыту қазіргі кезеңде тұрған келелі мәселенің бірі. Қазіргі қоғам – ақпараттық ағындар заманы. Адам белгілі бір тақырыпта тұрақты, сауатты, объективті ақпарат алып отырса, дұрыс шешім қабылдай алады. Сондықтан өз саласын мықты меңгерген журналист қана нақты, шынайы ақпарат бере алатындығы бәрімізге мәлім. Ұлттық рух – халықтың өзін-өзі тануымен айқындалатын, өскелең арман-мұраттарымен сипатталады. Қай халықтың болмасын табиғатына тән, өзгеде қайталанбайтын қасиеттері, мінезі, діні, тілі болуы ұлттық рухпен тікелей байланысты. Аталған рухты қазақ халқы - «Ақ жол» газетінен алды. Құттықтаймын, бас ұрам!, - Азамат есімді жігіттің жас өренге арнаған өлең жолдары. Бұл жерден сол кездің өзінде-ақ жастарды, жас буынды тәрбиелеу барысында баспасөздің маңызы зор екенін атап отыр. Жаһандану дәуірінің басты талабы, өркениетті мемлекет жасауға үлесін қосатын жастарды тәрбиелеу. Әлем елдерімен теңесетін, ұлттық тәрбиені бойына сусындатқан жас ұрпақты тәрбиелеу – кез келген азаматтың басты борышы. Сол кезеңде жазылған басылымның артықшылығы – адамды тәрбиелеу, адамгершілікке баулу, өнегелi азаматты қалыптастыру, адамды білімді болуға шақыру, адамға қажеттi iзгi қасиеттердi үлкен құндылық дәрежесiне көтеру. Бұл мәселелер – тұлғалық пен елдiктiң тұтқасы ретінде қабылданды. Ұлттық қадір-қасиет – ұлттық сана-сезімнің өзегі. Ұлттық сана дегеніміз сол ұлтты құрайтын халықтың әр адамының жеке тұрмыс-тіршілігінің сыртында өз ұлтының мүддесін, халқының тағдырын ұрпағының болашағын ойлау қабілетінің ұлттық деңгейге көтеріліп, жалпы қоғамға тән ортақ сипатқа ие болған ұжымдық түрі, яғни ұжымдық сана. Ұлттық сананың дамуы адамгершіліктің бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық сана¬сының жемісі, кісілік қасиеттер жиынтығы. Қазақ халқы өз ұрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабатты¬лыққа тәрбиелеуді ежелден-ақ өзінің басты мақсаты етіп қойған. Халық өз ұрпағына қайырымды¬лықты ес білгеннен үйретіп, тиісті талап қою, дағдыландыру арқылы оны тұрмыстық салтқа, адамгершілікке, дәстүрге енгізді [9]. «Ақ жол» газетінің 1921 жылғы 43 санында «Елдегі тілшілерімізге» деген арнауында «Бірі болмаса, бірі басылады. Газетке ел хабары өте керек, естеріңізден шығармаңыздар, анығына көздеріңіз жетпеген шала-жансар хабарларды һеш уақытта жазушы болмаңыздар. Шын сөзді айтудан «әкесі өлгенді естіртеді» деп тайынбаңыздар», - деп қазақ халқына тек шындық жазуды ескертеді. Шындықты жазу журналистік этикаға жатады. Алаш қозғалысы ұлт-азаттық қозғалыс ретінде біртұтас, мақсатты саяси, әлеуметтік, мәдени үдеріс болды. Қазақ мемлекетін құру сәтсіздікке ұшырағанымен, Алаш қозғалысының азаттық идеялары, мәдени, ғылыми басқа да дәстүрлері кеңестік жылдардың өзінде қазақ қоғамында өмір сүріп жатты. Осы ұлттық тарихымыздағы ең ірі, ең ұзақ ұлт-азаттық қозғалыс мұраттары тәуелсіздік жылдарында қайтадан жаңғырды. «Ақ жол» газеті алаш ұлтының рухы мен мәртебесін қалыптастыру жолында аянбай еңбек етті. Ресейліктердің қалыптастырған «жабайы, мәдениетсіз» пікірін жоққа шығарып, газеттің бай мұрасынан бүгінгі тірлігімізбен үндес, әлі де қоғамдық маңызын жоймаған көптеген дүниелерді кездестіреміз. Сонымен бірге, Алаш көсемдерінің өнегелі өмірлерін, шығармашылық шеберліктерін жан-жақты ашып көрсететін ғылыми еңбектер жазу, белгілі бір тақырыптағы құнды мұралары негізінде хрестоматиялық оқулықтар даярлау, олардың басылып шығып, оқырман сұранысының қанағаттандыру құнттау міндеті алдымызда тұр [10].
TEXT
kaz
25,552
Жаһандану кезеңінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани-мәдени тұрақты дамуының ұлттық моделін жасауда сөзсіз ескерілуге тиіс сөз өнерінің көркем әдебиетпен тығыз байланысты салмақты бір саласы қазақ көсемсөзінің «Алаш публицистикасы» атты нақты бір кезеңіне терең зерттеу жүргізу қоғамдық мән-мазмұнымен маңызды [11]. «Ақ жол» жаңалық хабаршысы, ақпарат таратушы ғана емес, сол кездегі қарапайым бұқараның рухани қажеттігін өтей алған ұлттық публицистиканың танымдық көкжиегін кеңейте білген басылым болды.
TEXT
kaz
25,553
Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «ХХ ғасырдағы батыстық жаңғыру үлгісінің бүгінгі заманның болмысына сай келмеуінің сыры неде? Меніңше, басты кемшілігі – олардың өздеріне ғана тән қалыбы мен тәжірибесін басқа халықтар мен өркениеттердің ерекшеліктерін ескермей, бәріне жаппай еріксіз таңуында. Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай... Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы», дейді, яғни жаһанданған әлемде өзіңнің кім екеніңді, түп-тамырыңның қайда жатқанын білу – ұлт ретінде сақталудың бірден бір жолы[1]. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени байланыстардың интернационалдануы кезеңінде ұлттық идентификацияны сақтап қалу мәселесі аясында «әлеуметтік жадыны» зерттеу әлеуметтік-гуманитарлық бағыт (әлеуметтану, тарих, саясаттану, философия, психология, мәдени антропология мен филология) ғалымдарын біріктірді. «Әлеуметтік жадыны» зерттеу бағыты 1980-ші жылдардан бастап Батыста қарқынды дамып, қоғамның азаматтық белсенді бөлігі мен ғылым әлемінде «memory boom» құбылысы орын алды. «Мemory studies» атауымен белгілі жадыны зерттеу - ұлттың бірегейлігін сақтау және оны күшейту мәселелерімен айналысады және заманауи Қазақстанда іргесі енді ғана қаланып жатқан ғылыми бағыт. Сондықтан, «әлеуметтік жадыны» кешенді зерделеу мемлекеттік саясат пен әлеуметтік басқарудың маңызды факторына айналып отыр.Қазақстан өткен тарихты қайта саралау үшін ауқымды жұмыстар атқаруда: 1997 жыл «Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы», 1998 жыл «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 2000 жыл «Мәдениетті қолдау жылы» болып жариялануы, 2004-2011 жылдар аралығында «Мәдени мұра» бағдарламасының жүзеге асырылуы, 2013 жылы «Халық – тарих толқынында» бағдарламасының қабылдануы. Осы іс-шараларды біріктіре отырып, тарихымыздың негізінде ұлттық идентификацияны қалыптастыруда Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – тәуелсіздік алғанымыздан бүгінгі күнге дейін осы бағытта жасалып келген іс-шараларға жаңа серпін бере отырып, «Мәңгілік ел» идеясын ары қарай жалғастырушы. Ал өткен тарихымызды сараламай рухани жаңғыру, яғни «Мәңгілік ел» құру мүмкін емес[2]. Өткен тарихты саралау – қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына ықпал еткен тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларды зерттеп, насихаттау ғана емес, халықтың жадында «нәубет» ұғымымен сипатталатын «тарих ақтаңдақтарын» да зерделеуге ұмтылыс жасау және осы рефлексияның әлеуметтік жадыдағы репрезентациясын анықтау. ХХ ғасырдың түбегейлі әлеуметтік өзгерістерге толы болғандығы тарихи оқиғалар мен оның салдарын ұғынуда қолданылатын «жарақат» ұғымының қолданыс аясын кеңейтті. «Жарақат» ұғымы гуманитарлық ғылымдар саласына медицинадан келді. ХІХ ғасырдың соңынан бастап «жарақат» ұғымын психологтар, психиатрлар және психоаналитиктер жүйкенің күйзелісіне қолданса, ХХ ғасырда «жарақат» пен «жарақатқа ұшыратқан тәжірибелер» әлеуметтанудың зерттеу объектісіне айналды. «Мәдени жарақатты» ұжымдық санадағы ауытқушылық ретінде сипаттауда зерттеу объектісі ұсынған жеке тұлға іс-әрекетінің әлеуметтік аномиясы да [3], ұсынған топаралық қарама-қайшылықтар да емес [4], ол – ұсынған «мәдениет негізіндегі жара» [5, 458б.]. «Мәдени жарақат» теориясында ұжымдық сәйкестену, өзіндік рефлексия мен ұжымдық жадыда, яғни ұрпақ жадысында сақталу механизмдері мәселелері талқыға түседі. Қазіргі заманда идентификациялану мен өзіндік рефлексияға баса назар аударылып, ұжымдық идентификацияның деформациясын талдау өзектілігін арттырды. «Мәдени жарақат» теориясына сәйкес қандай да болмасын әлеуметтік қауымдастыққа тән сана сол қауымдастықтың басынан өткізген тарихи оқиғаларға қатысты өзіндік бағаны сақтаумен қатар, оған басқалар берген бағаны да қатар сақтайды. Сол оқиғаны басынан өткізген ұрпақтың келесі ұрпаққа берген мәліметіне ықпал ететін факторлар аясын зерттеу аса маңызды. «Мәдени жарақат» теориясы әлеуметтік жадыда оқиғаның, құбылыстың, ақпараттың сақталу тетіктеріне ықпал етуші осы факторлардың табиғатын ашуға көмектеседі. Әлем тарихында этникалық, әлеуметтік топтардың құндылықтық жүйесін деформацияға ұшыратқан сыртқы факторлар ықпалының көп мысалын келтіруге болады. Жаулап алу, соғыс, саяси төңкерістер, көші-қон, техникалық инновациялар ұжымдық санада елеулі өзгерістерге алып келді. Ғалымдар бұл өзгерістерді «мәдени дағдарыс», «мәдени шок», «өркениеттердің құлдырауы» деп атады. «Жарақат» ұғымын әлеуметтануда қолдану қаншалықты қажетті еді? Адамзат әрекетінің жаһандық деңгейі, саяси режимдерді салыстыру мүмкіндігі, мәдениеттер әртүрлілігін ұғыну, әлеуметтік-психологиялық қысымның артуы, өмір сүру бейнесінің саналуандығы, ұрпақтар арасында тұтыну талғамдарының дифференциациясы мәдени бірегейлену мәселесімен тығыз байланысты. Басқа мәдениеттер шоғырында өз мәдениетін ұғыну субъектінің өзінің идентификациясын анықтауға, өзіндік рефлексиясын дамытуға түрткілейді. Осындай жаңа әлеуметтік құбылыс нәтижесі тарихи оқиғаларға теріс баға бере отырып, «ұжымдық жарақат» деп сипатталуы мүмкін. Бұл ұғым ондаған, жүздеген жыл бұрын орын алған мәдени идентификация мен мәдениетті тасымалдаушыға қарсы агрессияны сипаттауға қолданыла алады. «Мәдени жарақат» теориясының қалыптасуы ұлттық идентификациядағы ауытқуды талдаудан басталады. Нейл америкалықтардың құндылықтар жүйесіндегі Ұлы депрессия, Вьетнам мен Корея, президент Дж.Кеннеди және қара нәсілділер көшбасшысы өлтірілуі сияқты бірнеше дағдарыстарға талдау жасаған [6]. Оның жолын Дж.Александер жалғастырып, еврейлер геноцидін соғыс тарихында орын алған «Холокост» атауына ие болған «мәдени жарақат» сипатындағы рефлексиялық дискурсқа айналғанын көрсетті [7]. заманауи афро-америкалықтардың қара нәсілділерді қанаудан бастау алатын мәдени идентификациялану тарихы туралы жазады [8]. Ал, «постсоциалистік шок» (немесе есеңгіреу) нәтижесінде халықтарының құндылықтар дағдарысына талдау жасады [5]. пікірінше, «мәдени жарақат» – социумның іргелі құндылықтарының «жат» құндылықтармен қақтығысы. Адамдардың оларға «жарақат келтірген оқиғалар» туралы өзара пікірталас тудырып, ортақ бір шешім қабылдауға ұмтылуы маңызды [5, 456б.]. жүгінсек, мәдени жарақат – әлеуметтік-мәдени тұрғыда жарақат ретінде қабылданатын нәрсе [9, 12б.]. Мәдени жарақатты «ұжымдық жадыны реттейтін және қайта құрылымдайтын оқиға мен осы оқиға айналасында қалыптасатын танымдық-коммуникациялық орта» деп түсінеді [6, 5б.]. «...дене немесе психикалық жарақат сияқты мәдени жарақатты талқылаумен байланысты дискурс – балама стратегиялар мен балама көзқарастарды қамтитын аралық процесс. Бұл процесс «әлеуметтік негіздегі жыртықты жамау» әдісі ретінде ұжымдық көзқарас арқылы ұжымдық идентификацияны қайта қалпына келтіруге немесе реконструкциялауға бағытталған», - деп жазады [10,4б.]. «Мәдени жарақат» парадигмасын отандық тарихта орын алған тарихи оқиғалар мен оның салдарын интерпретациялауда қолдану мүмкіндіктерін қарастыру маңызды. «әлеуметтік жады» және «мәдени жарақат» концептілерін қазақ қоғамы болмысында қолданудың алғашқы қадамдарын бастаған бір топ ғалымдар жасады. «Практики и места памяти в Казахстане» [11] монографиясында зерттеушілер заманауи Қазақстан мәдениетіндегі жады тәжірибелері мен орындарын, олардың ұжымдық санадағы репрезентациясы қандай көрініс тауып отырғандығын, қаһармандық, жарақат, ұмыту, естен шығару, аңсаумен байланысты коммеморация түрлерін зерттеген. Тарихи оқиғаларды қайта зерделеуде ұсынған «мәдени жарақат» теориясы икемдірек. Ғалымның пікірінше, «мәдени жарақат – мәдени негізге лайықталған және мәдениет жарақат ретінде интерпретацияланатын жара» [12,11б.]. Жарақат объективті де, субъективті де, себебі ол бір уақытта оқиға және осы оқиғаны интерпретациялау нәтижесі [12,9б.]. Мәдени сәйкессіздік пен үйлеспеушілік, шиеленіс пен қақтығыстар шешілуі тиіс өзекті мәселе ретінде қабылданып, қоғам қайта ұғына бастағанда ғана жарақат пайда болады[12,13б.]. мәдени жарақаттың бірнеше кезеңге бөлінетін динамикалық процесс екендігі туралы қорытындыға келеді. Ғалымның көзқарасына сәйкес, мәдени жарақаттың кезеңдері: құрылымдық және мәдени өткен шақ – жарақаттың пайда болуына ыңғайлы орта, жарақатты оқиғалар немесе жағдайлар, мұраға қалған мәдени ресурстар қоры негізінде жарақатты жағдайларды анықтау, интерпретациялау немесе талқылаудың ерекше әдістері; жарақат белгілері, яғни іс-әрекет пен қөзқарастардың белгілі бір жобасы (жалпы қабылданған әрекет үлгілері мен пікірлер; жарақаттан кейінгі бейімделу, жарақаттан жазылу) [12, 8б.]. Жарақат – ұжымдық құбылыс, мәдени жарақат ретінде ұғынылатын «келеңсіз» оқиғалар нәтижесінде топ, қауым немесе қоғам басынан өткізетін нәубет. Жарақат жеке тұлғаға келтірілген зақым емес, ұжымға ықпал ететін құбылыс. Қоғам биологиялықдемографиялық (эпидемия, аштық, өлімнің бірден көбеюі, туудың төмендеуі), әлеуметтіксаяси (анархия, нарықтың құлдырауы, революция) немесе мәдени (қоғам іргесін қалыптастырушы құндылықтар мен әрекет үлгілерінің құлдырауы) жарақатқа ұшырауы мүмкін. айтуынша, жарақаттардың ішінде «ең мықты инерцияға» ие аса қауіптісі – мәдени жарақат [12, 10б.]. Қазіргі уақытта мәдени жарақаттың қоғамға ықпалын зерттеу trauma studies бағытында жүзеге асып жатыр. Мұндай зерттеулер пәнаралық сипатқа ие болып, әлеуметтану, мәдениеттану, тарих, психология және әдебиет теориясы ғылымдарының ұштасуы негізінде жүргізілуде. Ғалымдардың пікірінше, «мәдени жарақат» концептісін қолдана отырып, ғылымда бұрын саналуан себептермен (әсіресе, саяси конъюктура тұрғысынан) талданбаған қоғамда жағымсыз немесе дисфункциялық нәтижелерге алып келген оқиғаларды түсіндіруге болады. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қазақ қоғамындағы саяси, экономикалық, әлеуметтікмәдени, демографиялық өзгерістер заманауи Қазақстанның тарих ғылымы кеңістігінде егжей-тегжейлі зерттеліп жатыр. , , , , , , және т.б. тарихшығалымдар дәстүрлі қазақ қоғамында орын алған тарихи құбылыстарды «трансформация», «модернизация» немесе «трагедия» ұғымдары аясында түсіндіреді[13]. Алайда, қоғамдық сұраныс, рухани жаңғыру бұл мәселеге кешенді әлеуметтанулық талдау жасалуын талап етіп отыр. «Жарақат» парадигмасын тарихи зерттеулерге қолдану тиімді, себебі тарихи оқиға ұсынған бірнеше жарақаттың үйлесімділігімен сипаттала алады. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қазақ қоғамының басынан өткен тарихи оқиғаларды әлеуметтік-саяси, биологиялық-демографиялық және мәдени жарақаттар қатар жүргенін байқау қиын емес. Әлеуметтік қауымдастықтың басынан өткізген «жарақатты сәттері» заманауи теорияларға сәйкес жадыдан тыс жерге «ығыстырылады» да латентті кезең орын алады. тарихында ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы қоғам өміріндегі оқиғалардың біразы туралы мәліметтердің ғылыми алаңда талқыланбауы олардың тарихтың «ақтаңдақтарына» айналуына алып келді. Алайда, заманауи әлеуметтанулық ғылым бүгінгі ұрпақтың қоғамдық жадындағы ахуал аға ұрпақтың басынан кешірген «жарақатты жағдайының» салдары және тікелей сол жарақатпен байланысты екендігі мәселесінің ақиқаттығына назар аударып отыр. Тарихтағы жарақатты оқиғаларды зерттеу - «ұзақ жылдар бойы ұмытуға талпынған» [14] еліміздің тарихы үшін өте өзекті, себебі, жадыдан тыс кеңістікте қалып қойған оқиғалар баршылық. Нәтижесінде апатты тарихи оқиғалар қоғамдық санаға интеграцияланбастан, жан-жақты сараланбаған ұжымдық жарақат сипатында қалды. ХХ ғасырдың 20-40 жылдары жүргізілген КСРО саясатын заңдастыру үшін тарихтың тек ұтымды жағын көрсетуді «ресми жадының «соқыр парағы» деп анықтайды [15]. Әрине, жарақат орын алған ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы оқиғаларды жадыдан шығаруда ұжымдастыру, мәденитөңкеріс идеологиясының рөлі ерекше еді. Ресми идеология жеке мәселелерге назар аудартпады, яғни «жарақат» талқыға түспеді де жабық мәселе деңгейінде қалды. Сыртқы (билік етуші) күштердің идентификацияны өзгертуін оқиға қатысушылары не айта алмайды (репрессияға ұшыраудан қорқу), не айтқысы келмейтін (өзгерістерді толық қабылдауы арқылы) жағдай қалыптасты. Егер құндылықтық агрессия қоғамда ашық талқыланбаса, онда оның мәні мен бейімделу жолдары туралы да айтылмайды. Дегенмен, жарақатқа себепкер оқиға жадыда жасырын қалыпта, жеке өмір тәжірибелерінде (отбасы басынан өткен оқиғаны еске салатын тұрмыс заттары, жеке фотоальбомдар мен естеліктер/ күнделіктер, ата-анасы/аға ұрпақ баяндап берген оқиғалар, оқиғаларға қарсылықты білдіретін шығармалардың (өлең, әңгіме және т.б.) жақындар арасында ұсынылуы) сақталып қалады. Кейіннен жадыда сақталған жеке тәжірибелер қоғамда орын алған өзгерістердің символдары ретінде пікірталас нысанына айналуы мүмкін, яғни дискурстың «құрылыс материалына» айналады. Ал бірегейленудің құлдырағаны, оны қайта ұғынбай және нәтижелерін анықтамай, мәдени жарақат туралы да айта алмаймыз [16].
TEXT
kaz
25,554
Азаматтық іс жүргізу ғылымын зерттеу нысанасы азаматтық іс жүргізушілік шеңберіндегі сот ақиқат мәселесі болып табылады. Бұл мәселені шешудің теориялық және тәжірибелік маңызы бар деп санаймыз, өйткені оны шешу жолдары азаматтық іс жүргзудің даму тенденцияларын анықтайды. Ақиқат қағиданың екі негізгі түрі бар: объективтік және формальдық. Объективтік ақиқат қағидаты-бұл уәкілетті органының шешімі объективті шындыққа толық және дәл сәйкес келуі керек деген талаптың бірі болып келеді. Құқық қолдану органдарының (соттардың, тергеу органдарының және т.б.) істің барлық мән-жайларын, субъектілердің құқықтары мен міндеттерін, фактілердің құқықтық мәнін жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін барлық қажетті және қолжетімді шараларды қабылдау міндеті осы қағидаттың тікелей көрінісі болып табылады. Өзінің шынайы түрінде бұл қағидат біздің еліміздің кеңестік дәуірінде шоғырланды. Мәселен, 1923 жылғы РКФСР АІЖК-нің 5-бабы: «Сот тараптарға құқықтары мен өзара қарым-қатынастарын түсіндіруге барынша ұмтылуға міндетті, ұсынылған түсіндірмелермен және материалдармен шектелмей, ол тараптарға ұсынылған мәселелелер арқылы істі шешу үшін елеулі мән-жайларды анықтауға және олардың дәлелдемелермен расталуына ықпал етуге тиіс, сотқа жүгінген тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға белсенді көмек көрсете отырып, олар заңды білмеу, сауатсыздық және осыған ұқсас жағдайларды зиян үшін пайдалануға болмайды». Ресми ақиқат қағидатына келетін болсақ, ол бірқатар елдеріне тән және сот тараптар сотқа жүгінуге мүмкіндік тапқан материалдар негізінде ғана шешім қабылдауға мүмкіндік береді дегенді білдіреді. Сонымен, сот өз шешімінің негізіне тек тарап көрсеткен фактілерді қоя алады, тарап ұсынған дәлелдемелерді қолдана алады және оларды қызметтік міндеттеріне байланысты зерттемейді. Сот тарапты мойындаумен байланысты, сондықтан осы қағидат шеңберіндегі бәсекелестіктің рөлі өте жоғары. Ресми шындық процесті формализациялауды талап ете отырып, объективті шындық қағидатының бар екенін мойындамайды.
TEXT
kaz
25,555
Азаматтық іс жүргізудің ең даулы мәселелерінің бірі - сотта азаматтық іс бойынша ақиқатқа қол жеткізу мәселесі. Азаматтық сот ісін жүргізуде ақиқат қағидатының жалпыға бірдей қабылданған тұжырымдамасы жоқ. Заңнаманы, оқу құралдарын түсіндіруді зерделеу кезінде әртүрлі іс жүргізушілік ғалымдардың пікірлері бір-бірінен ерекшеленеді, бұл азаматтық сот ісін жүргізуде осы қағидаттың болуы мен қолданылуы туралы пікірлерді саралауға негіз болады. Кейбір ғалымдар азаматтық іс жүргізуде объективті ақиқат қағидасы бар деп санайды, 1917 жылдан кейін көптеген жылдар бойы үстемдік ететін ілімге сәйкес келеді, ал басқалары қазіргі құқықтық жүйеде бұл қағидаттың болмауы тұрғысынан тұр. Сот ақиқатын сипаттауда ғалымдар сот ісін жүргізу кезінде анықталған ақиқаттың абсолютті немесе салыстырмалы екендігіне дауға салды. Жалпы, «абсолютті» және «салыстырмалы» философиялық категориялар сот белгілеген ақиқатқа қатысты ма? Алдымен біз ұғымдарды анықтаймыз: абсолютті ақиқатбұл шындық туралы толық, жан-жақты білім, оны жоққа шығаруға болмайды. Салыстырмалы ақиқат - бұл бір нысан туралы толық емес білім.
TEXT
kaz
25,556
Көптеген процессуалистер өз еңбектерінде ақиқаттың табиғатын қозғап, сот абсолютті ақиқатты анықтай алады және талап етеді деген қорытындыға келді. Сонымен, сот анықтаған ақиқатты абсолютті, мәңгілік, бұлтартпайтын санатқа жатқызу керек деп санайды. Бірақ бұл жерде сот үкімінің ақиқаты белгілі шектерде қажет, бірақ өздігінен емес, әйтпесе ол таусылмайтын болады [1, 197-199]. абсолютті және салыстырмалы ақиқат ұғымдары ілімнің кез-келген саласында, соның ішінде сот нақты істі шешкен кезде де қолданылады деп мойындайды. Алайда, автор кез-келген танымдық іс-әрекеттің өзіндік ерекшелігімен сипатталатынын және сот алдында абсолютті ақиқатты, яғни процестің белгілі бір субъектілері арасындағы қатынастардың шынайылығын толық білдіретін шындықты анықтау міндеті тұрғанын мойындау керек [2, 109]. сот анықтаған шындық өзінің табиғаты бойынша салыстырмалы деп санайды, абсолютті ақиқат материя, оның қасиеттері мен нысандары туралы толық, жан-жақты білім болғандықтан, бұл сот білімі туралы айтуға болмайтын білімнің шегі, өйткені ол барлық факторларды зерттеуге бағытталған емес, тек нақты бір істі шешу үшін маңызды [3, 16]. Сонымен қатар, әдебиетте сот ақиқатының табиғаты туралы басқа да көзқарастар айтылды. сот қызметінің нәтижесінде «материалдық ақиқат» белгіленеді деп санайды, ол абсолютті ақиқаттар санатына да, салыстырмалы ақиқаттар санатына да жатпайды [4, 31]. сотта анықталған ақиқаттың салыстырмалы немесе абсолютті екендігі туралы сұрақтың тұжырымы, сот төрелігін жүзеге асырудың теориясы мен тәжірибесінің қажеттіліктерімен, сот ісін жүргізу міндеттерімен байланысты емес және іс бойынша мән-жайларды зерттеудің айрықша ерекшеліктерімен байланысты емес деп жазды [5, 62]. көзқарасы ең негізделген деп санаймыз, оған сәйкес сот ісін жүргізуде анықталған шындық абсолютті және салыстырмалы шындықтың диалектикалық бірлігінде элементтері бар объективті шындық болып табылады деп айтып кеткен [6, 34]. Сот төрелігіндегі абсолютті және салыстырмалы ақиқат ұғымдарының арақатынасының диалектикасы соттың қажетті заңды фактілер, даулы құқықтық қатынастар бар ма, жауапкер, талап қоюшының құқығын бұзған ба, жоқ па деген мәселелер бойынша тұжырымдары абсолютті болуы керек. Керісінше, іс бойынша барлық жағдайларды шамадан тыс нақтылау қажеттілігі, әдетте, жоқ. Олар көптеген баптардың мазмұнындағы объективті ақиқат қағидатының болуын тағы бір рет растайды. ҚР АПК-нің 165-бабына сәйкес, талап арыз қабылданғаннан кейін судья істі сот талқылауына дайындауды жүргізеді, оның міндеттеріне істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау, тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуы тиіс заңды айқындау жатады. ҚР АПК-нің 225-бабында сот шешім шығарған кезде дәлелдемелерді бағалайтыны, іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықталғаны және қандай мән-жайлардың анықталмағанын айқындайтыны, бұл да сот төрелігінің мемлекеттік органының нақты өмірде қандай да бір оқиғаның немесе іс-әрекеттің бар екендігі немесе жоқ екендігі туралы білімінің ақиқаттығын көздейтіні көрсетілген. Тіпті келтіріліп көрсетілген АПК ережелерінің толық емес тізбесі де қазақстандық азаматтық іс жүргізуде объективті ақиқат қағидатының жоқтығы туралы пікір айтуға әлі ерте екенін көрсетеді. Әрине, объективті қағидат азаматтық іс жүргізудің негізі болып табылады, оның әсерінен басқа да қағидаттар өзгеруі мүмкін. айтқандай, «Азаматтық процесте ақиқатқа қол жеткізу әдісі-теңдік жағдайындағы тараптардың жарыспалығы», яғни теңдік пен жарыспалық қағидаты объективті ақиқаттың қазіргі қағидатын жояды [7, 179]. Көпшілік жарыспалық қағидатын гиперболизациялау заңды формальды шындық арнасына бағыттайды деп санайды, алайда жарыспалық қағидатын бекіту істің нақты жағдайларын дұрыс анықтаудың жалғыз жолы болып табылады және бұл бір қағидатты екіншісіне ауыстыруды білдірмейді. Көптеген ғалымдардың пікірінше, объективті ақиқат қағидасы жарыспалық пен теңдік қағидатына қандай да бір диалектикалық қарама-қайшылықта болады, сондықтан барлық үш қағиданы бірлік пен өзара қарым-қатынаста қарастырған жөн. Шынында да, объективті ақиқат қағиданың көмегімен жарыспалық толығымен ашылады, мүдделі тұлғаға өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ соттан істің объективті шешілуін талап етуге мүмкіндік береді. Объективті ақиқат аясында қарсыласу істің нақты жағдайларын анықтау қағидаты ретінде әрекет етеді, бұл оларды дәлелдеу міндетін тараптарға жүктейді, ал сот зерттелетін фактілердің ақиқаты мен олардың заңды бағасы туралы түпкілікті қорытынды жасайды. Егер заң шығарушы азаматтық сот ісін жүргізуде қарама-қайшылықты бастауды көбейтуді жалғастырса да, біз істің нақты жағдайларын анықтауда соттың белсенді рөлінен толық бас тартпауымыз керек деп санаймыз, өйткені сот істі тез және дұрыс шешу міндетін қойды. Сонымен қатар бұл жерде -Сороцкийдің сөзі болады: «Соттың шамадан тыс белсенділігі, тараптардың бастамасын басып, сот қатесіне әкелуі мүмкін, соттың басын сәтті алдаған дәлелдерді еркін басқаратын тараптар, олардың жалған мойындауларын тексеруге құқығы жоқ [8, 157]. Осылайша, алдыңғы жүйеден бұрылыс пайда болды, бірақ шындықтан бас тарту емес, бұл екі шектен аулақ болуға тырысады. Сондай-ақ, объективті ақиқат қағидатын заңнамалық тұрғыдан бекіту және іс жүзінде қолдану мәселесін зерттеу қажет. Бұл мәселені барынша жақсы қабылдау үшін қазақстандық азаматтық іс жүргізу заңнамасының даму тарихына қысқаша тарихи саралау жүргізу қажет: 1963 ж. Қазақ КСР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 14-бабында сотқа ұсынылған материалдармен және түсініктемелермен шектелмеуге, істің барлық мән-жайларын, тараптардың құқықтары мен міндеттерін жан-жақты, толық және объективті анықтау үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға тікелей нұсқама берілген [9]. (мұнда объективті ақиқат қағидатының тікелей бекітілгені анық). Бұл ереже құқық қолдану процесінің белгілі бір конструкциясына негізделген. Жүйелік түрде ол келесідей: сот құқықтық норманың диспозициясында қарастырылған заңды фактілерді немесе істі дұрыс және уақтылы шешу үшін маңызы бар нақты жағдайларды анықтайды. Бұдан әрі сот оларға құқықтық баға береді, осылайша құқықтық қатынастардың қайшылықтарын жояды және мемлекет атынан тараптардың құқықтары мен міндеттерінің болуын немесе болмауын растайды, сондай-ақ оларды құқықтық қорғау тәсілін белгілейді. Мұндай дизайнмен сот ақиқатты анықтауға міндетті, яғни. заңды фактілердің объективті және нақты болуы (істі дұрыс қарау және шешу үшін маңызды жағдайлар) осы фактілер туралы ақпаратты өз бастамасы бойынша іздеуге кең өкілеттіктер берді. Әрине, құқықтық реттеудің диспозитивті әдісіне негізделген материалдық құқық салаларының (азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын .б.) нормаларының диспозитивтілігі тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдардың белгіленген заңды фактілер туралы дәлелдемелер жинау бойынша белгілі бір белсенділігін талап етті. Мәселен, ҚазКСР АІЖК-нің 48-б. ереже бекітті, оған сәйкес әрбір тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс. Дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да адамдар ұсынады. Егер олар жеткіліксіз болса, сот тараптарға және іске қатысатын басқа адамдарға қосымша құжаттарды ұсынуды немесе оларды өз бастамасы бойынша жинауды ұсынады. Соттың өз бастамасы бойынша дәлелдемелер жинау міндетіне қатысты ұсынылған ұсыныстың соңғы бөлігінде жасалған ұйғарымның ықшамдылығына қарамастан, бұл өте маңызды емес еді, өйткені сот, қорытындылай келгенде, өзінің шешімін немесе ұйғарымын негіздеген жағдайлардың дәлелденуіне жауап беруі керек. Бұл ереже азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары мен кепілдіктерінің бүкіл жүйесімен, соның ішінде жоғары тұрған сатысының сот актісінің күшін жою үшін іс үшін маңызы бар мән-жайларды толық анықтамау сияқты негіздемемен нығайтылды. Осылайша, ҚазКСР АПК-нің 48-б., егер тараптар және іске қатысатын басқа да адамдар ұсынған дәлелдемелер жеткіліксіз болса, бұл ережені соттың міндетімен толықтырды, оларды өз бастамасы бойынша жинайды. 1999 жылғы 13 шілдеде іс жүргізу кодексі қолданысқа енгізілді, онда ҚР АІЖК 15 және 65-баптарын талдау көрсеткендей, заң шығарушы азаматтық іс жүргізуде объективті ақиқат қағидатын бөлмейді [10]. Құқықтық әдебиеттерде кейде заң шығарушы қазіргі уақытта азаматтық процестегі объективті шындық қағидатынан бас тартты деген категориялық тұжырым жасалады. Бұл мәселе теориялық және тәжірибелік сипатта болады. 2015 жылғы жаңа ҚР АПК жобасын талқылау кезеңінде Қазақстандағы азаматтық іс жүргізу заңнамасының даму үрдістері осы мәселені одан әрі шешу жолдарын айқындайды. 2015 жылғы Азаматтық процестік кодексінде заң шығарушы ҚР АПК-нің 15, 72-73-баптарында объективті ақиқат қағидатын да атап өтпейді [1]. 2015 жылғы ҚР АПК нормаларын реформалау барысында осы Ережелер айтарлықтай өзгерді. 2015 ж. ҚР АПК 15-бабының мазмұны заң шығарушының азаматтық процесте объективті ақиқат қағидатынан бас тартқандығын куәландырады және осы бап екі дербес қағидатты: жарыспалылық қағидатын және тараптардың іс жүргізушілік тең құқықтылығы қағидатын бекітеді. Онда объективтілік пен бейтараптылықты сақтай отырып, істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеу үшін қажетті жағдайлар жасау үшін соттың міндеті ғана қамтылған. Сот іске қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, процестік әрекеттерді жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және ҚР АПК-де көзделген жағдайларда іске қатысатын адамдарға олардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдем көрсетеді. Осылайша, егер бұрын сот істің нақты мән-жайларын анықтауы керек болса, енді ол істің мән-жайларын зерттеу үшін қажетті жағдайларды жасайды. Осы негізден көбінесе заң шығарушы объективті шындық қағидатынан толығымен бас тартты деген тұжырым жасалады. ҚР АПК 72-бабының редакциясы да айтарлықтай өзгерді: сот дәлелдемелік белсенділігінен айырылады. Тек тараптардың және іске қатысатын басқа да адамдардың өтінішхаты бойынша ол оларға дәлелдемелер жинауға жәрдем көрсетеді, сот өз бастамасы бойынша мұны істей алмайды. ҚР қолданыстағы АПК 2015 жылғы азаматтық процесте тараптардың диспозитивтілігі, бәсекелестігі және іс жүргізушілік тең құқылығы қағидаттарының мазмұны едәуір кеңейтілді, яғни азаматтық сот өндірісі қағидаттарының қатарынан объективті ақиқат қағидатын алып тастау туралы қорытынды жасалады. Айта кету керек, «объективті шындық» термині жаңа заңнамалық актілерде қолданылмайды. Ақиқат-танымдық субъектінің шындық объектілері мен құбылыстарын барабар түсінуі; адам танымының объективті мазмұны болып келеді [12, 522].
TEXT
kaz
25,557
Белгілі, нормалар-қағидаттар жалпы тәсілдерді тұжырымдайды және оларға негізделген нақты ережелердің күрделі тізбегінде одан әрі дамиды. Бұл жағдайда заң шығарушы істің барлық кезеңдерінде, әсіресе істерді екінші сатыдағы соттарда қайта қарау кезінде істің қозғалысын реттейтін тиісті ережелер мен ережелерге өзгерістер енгізді. Объективті ақиқат қағидаты юрисдикциялық процестің негізгі міндеттерін шешуге, оның ішінде сот талқылауының нысаны болып табылатын даулы құқықтық қатынастарды туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын заңды фактілердің болуы немесе болмауы туралы нақты (шынайы) білімге қол жеткізуге ықпал етеді. ҚР АПК 4-бабында азаматтық істерді дұрыс және тез қарау мен шешуді, азаматтардың, мемлекет пен заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіруді, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтауды, дауды татуласу жолмен реттеуге жәрдемдесуді, құқық бұзушылықтардың алдын алуды және қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыруды, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қоса алғанда, азаматтық сот ісін жүргізудің негізгі міндеттері бекітілген. Бұл міндеттерді шешу материалдық құқықтар мен міндеттер туындайтын заңды фактілерді нақты анықтаусыз мүмкін емес. Азаматтық іс жүргізу теориясында бүгінгі таңда екі қарама-қарсы көзқарас бар. Біріншісі-объективті шындық қағидатының бар екенін мойындамайды, процесті қазіргі заманғы рәсімдеуді талап етеді, екіншісі-объективті шындықтың толық немесе оның әртүрлі модификацияланған нұсқаларының болуына мүмкіндік береді. Бірінші тұжырымдама, бүгінде сот азаматтық іс бойынша объективті шындықты белгілеуге міндетті емес. «Объективті» ұғымы қағидатының атауынан алынып тасталады, ал қағидатының өзі заңды немесе ресми шындық қағида ретінде анықталады. Бұл теорияны жақтаушылар сот азаматтық істерді өзіне берілген дәлелдемелер шегінде, дәлелдеу процесіне араласпай, тараптардың шынайы қарым-қатынасын анықтауға тырыспастан шешетінін атап өтті. Сот реформасы сот процесінде сот функцияларын өзгертіп, оны шындықты анықтауға мүдделі процеске қатысушыдан гөрі төрешіге айналдырды. Бұл теория заң шығарушының объективті шындық қағидатынан бас тартуын түсіндіреді деп болжанады, тек бүгінгі таңда бұл қағида бұрынғыдай айқын көрінбейді. ҚР АПК 15-бабына сәйкес сотта сақталған тараптар жинаған және іске қосылған дәлелдемелерді олардың жиынтығында бейтарап, жан-жақты және толық қарау міндеті өтіп бара жатқан объективті ақиқат қағидатының жаңғырығы ретінде бағаланады. Сонымен қатар, сот дәлелдемелер қызметіндегі белсенділікті толығымен жоғалтпайтыны ескерілмейді. Сот іс үшін қандай мән-жайлардың маңызы бар екенін, тараптардың қайсысы дәлелдеуге жататынын айқындайды. Сот іске қатысатын адамдарға дәлелдемелер жинауға да жәрдем көрсетеді (ҚР АПК 72, 73 б.б.). Объективті ақиқат қағидатын мойындауды жақтаушылар арасында ең негізделген көзқарас болып ұсынылады. Бірақ, олар ҚР АПК-нің 15 және 72, 73-баптарында ақиқатқа қол жеткізу туралы талап бұрынғыдай анық айтылмағандығын, сондықтан мұндай жағдай қаралып отырған мәселеге деген көзқарастардың анық еместігін атап көрсетеді. ҚР АПКнің 15-бабының «тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы» деген атауында объективті ақиқат қағидатының болуын тікелей көрсетпесе де, мақала мазмұны оның атауынан кеңірек түсіндіріледі. Ресейлік ғалым пікірі дұрыс болып көрінеді, ол объективті ақиқат қағидаты тікелей бекіту қағидаты болудан қалғанын, норма-қағидаттан ол РКФСР АІЖК 14-бабында (ҚР АПК 15-бабы) және РКФСР АІЖК 50-бабында (ҚР АПК 72, 73-баптары) жанама бекіту қағидатына айналғанын көрсетеді). [13, 134]. Бірақ қазіргі уақытта азаматтық іс жүргізу құқығы қағидаттары жүйесінде объективті шындық қағидатының жоқтығы туралы қорытынды жасауға болмайды. Ақиқатқа қол жеткізбестен ҚР АПК-нің 8-бабында көрсетілген сот қорғауы үшін сотқа жүгінуге конституциялық құқықты қамтамасыз ету мүмкін емес, өйткені оның диспозициясында көрсетілген құқықтық норманың және сот белгілеген заңды фактінің негізінде туындаған, сот ресми бекіткен субъективті құқықты ғана қорғауға болады Сот іс үшін маңызы бар мән-жайларды жан-жақты және объективті зерттеу үшін жағдай жасау міндеті, басқаша айтқанда, заңды фактілердің ақиқатын зерттеу ҚР АПК-нің 15 және 72-баптарының мазмұнынан жанама түрде туындайды. Ақиқатқа қол жеткізуге соттың ұсынылған дәлелдемелерді бағалау жөніндегі қызметі бағытталған (ҚР АПК 68- 69-б.), онда осы мақсат дәлелдеу процесінің логикалық аяқталуы болып табылады. ҚР АПК-нің 163-бабына сәйкес арыз қабылданғаннан кейін судья істі сот талқылауына дайындауды жүргізеді, оның міндеттеріне басқаларының қатарында істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды нақтылау, тараптардың құқықтық қатынастарын және басшылыққа алынуы тиіс заңды айқындау жатады, яғни осы кезеңде судья тараптар оның болжамды субъектілері болып табылатын даулы құқықтық қатынастардың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына негіз болған мән-жайларды анықтау үшін әрекеттерді, іс-қимыл алгоритмін айқындау жөніндегі міндеттерді шешеді. ҚР АПК-нің 224-бабында бекітілген норма сотты заңды ғана емес, негізделген шешім шығаруға міндеттейді, бұл юрисдикциялық органның сот актісінің негізіне алынған нақты, өмірлік мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігіне нық сенуін болжайды. ҚР АПК-нің 226-бабының 5-тармағына сәйкес шешімнің уәждеу бөлігінде істің сот анықтаған мән-жайлары көрсетілуге тиіс, бұл олардың ақиқаттығын аксиомалық тұрғыдан болжайды. АПК ережелерінің толық емес тізбесі қазақстандық азаматтық процесте объективті ақиқат қағидатының жоқтығы туралы негізсіз үзілді-кесілді дау айтуға негіз болатындығын куәландырады.
TEXT
kaz
25,558
Бүгінгі күні объективті шындық қағида өзінің маңыздылығын және заңнамалық мәселілігін жоғалтқан жоқ. Әрине, бұл процесс неғұрлым жарыспалығына айналады. Сот дәлелдеуде жетекші рөлге ие болған кезде тергеу процесі өз позициясын жоғалтады, яғни шындыққа жету жолдары ауыстырылады, бұл оған қол жеткізуден бас тартуды білдірмейді. Азаматтық сот ісін жүргізудегі қарсыласу бастамасын дәйекті түрде күшейту кезінде істің нақты мән-жайларын анықтауда соттың белсенді рөлінен толық бас тартпау керек, өйткені сот құқықтық даудың азаматтық ісін тез және дұрыс шешу міндетін қойды. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, азаматтық сот ісін жүргізудегі нақты өзгерістер сот ақиқаты қағидатынан мүлдем бас тартудан емес, тек осы шындыққа қол жеткізу әдістерін өзгертуден тұрады деп санаймыз: заң шығарушы шындықты орнатудағы соттардың басым рөлінен дұрыс бас тартты. Егер бұрын тергеу процесі азаматтық процесте басым болса, енді істің сенімді фактілері мен жағдайларын анықтаудың жалғыз жолы объективті, бірақ шындықты анықтауға толығымен мүдделі болса да, сот басшылығымен дәлелдемелерді зерттеу мен ұсынуда тараптардың толыққанды бәсекеге қабілеттілігі болуы керек. Атап айтқанда, іс жүргізу іс-әрекетінің істі сот қызметінен тыңдауға дайындау сияқты маңызды кезеңі негізінен соттың басшылығымен қызметке айналады. Сондықтан азаматтық процесте объективті ақиқат қағидатының жоқтығы туралы, тіпті ресми (заңды) шындыққа толық көшу туралы қатаң түрде айту мүмкін емес, өйткені сот актісінің ақиқаттығы, тіпті теориялық тұрғыдан да танылған, юрисдикциялық процестің негізгі негіздерін бұзады, сот жүйесінің беделіне теріс әсер етеді. Сондай-ақ, біз ресми (заңды) ақиқат қағидатын толығымен елемеуге болмайды деп санаймыз, өйткені сот белгілеген тараптар ұсынған нақты материалдың құқықтық біліктілігінің ақиқаты сотта ресми ақиқат қағидатының қолданылуын білдіреді. ҚР АПК 16 б. көрсетеді, сот дәлелдемелерді жан-жақты зерттеп қана қоймай, оларды бағалау кезінде заңнаманы дұрыс қолдануы тиіс, басқаша айтқанда, объективті ақиқат олардың дұрыстығы мен жеткіліктілігіне тексеруден өткен нақты мән-жайларды анықтаудан, ал заңдық ақиқат-заңнаманы сот белгілеген тараптардың құқықтық қатынастарына дұрыс қолданудан тұрады. Сонымен қатар, сот ақиқатының өзіндік ерекшелігі сот іс үшін маңызы бар барлық жағдайларды зерттемей, тек азаматтық процесте тараптар ұсынған және сот заңды күшіне енген шешіммен немесе үкіммен анықталған белгілі фактілер мен фактілерді дәлелсіз қабылдауға міндетті екендігімен анықталады (біз преюдиция туралы айтып отырмыз). Жоғарыда айтылғандардың негізінде келесі қорытынды жасауға болады:
TEXT
kaz
25,559
Бұл тұжырымдар түпкілікті емес, бірақ осы кезеңдегі біздің көзқарасымызды толық көрсетеді. Объективті ақиқат төңірегіндегі ғылыми даулар бүгінгі күні де тоқтамайды, азаматтық процесс ғылымының дамуы үшін тақырыптың маңыздылығын көрсетеді. Алайда, осы мәселе бойынша нақты бір ұстанымға келу мүмкін емес, өйткені «объективтік шындық» ұғымын әр түрлі жолмен анықтауға болады, ал азаматтық іс жүргізудің мақсаттары мен міндеттері әр түрлі тұжырымдалуы мүмкін.
TEXT
kaz
25,560
Ғалымдардың түсіндіруінше, адам баласы өзінің күнделікті тіршілігіне қажетті, онсыз өмір сүре алмайтын зат-бұйымдардан бөлек, рухани сұранысын қамтамасыз ететін заттарды да жасауға ерте дәуірлерден бейімделген. Олай болса, адамзат жаралғаннан бері олардың рухани дүниеге сұранысы бар деген сөз. «Зат» ұғымы философиялық категория ретінде антикалық кезеңнен бастап түрлі дәуірлерді бастан кешірді. Аристотель затты объективті шындыққа негізделген субстанция ретінде түсінудің негізін салды. Заттың субстанционалды трактовкасы Жаңа заман философиясының өкілдері - Дж. Беркли, , , , зерттеулерінде дамытылды. Заттың табиғатын зерттеу гуманитарлық білімде түрлі мағыналарды қамтитын проблемалардың кең ауқымына ие болды. Олар өз кезегінде мәдениет тарихында заттың генезисі туралы қалыптасқан түрлі концепцияларға түсінік береді. Мифопоэтикалық концепция заттың архаикалық мәдениетте қалыптасу ерекшеліктерін қарастыра отырып, заттың шығу себебін адамның символикалық сұранысымен байланыстырады. Олардың қатарында , , , , , , тәрізді зерттеушілер бар. , , семиотикалық зерттеулерінің негізгі нысаны мағыналардың интерпретациялауға мүмкіндік беретін дүниедегі түрлі заттар. : «…все окружающие нас вещи… становятся как бы сгустками отношений между людьми и в этой своей функции способны приобретать символический характер» [1, с.10-11], – десе, «Язык бытовых вещей» деген мақаласында заттың образдық элементі оның бүкіл қалған болмысын сипаттайтынын жазады. [2, c. 39-43]. Заттар адамзат қоғамының, халықтың, ұлттың мәдениеті мен менталды ойлауының жемісі және ол мәдени дамудың қандай да бір дәуірлері мен кезеңдерге қатысты бола алады. Сондықтан да жансыз заттар халықтың рухани өмірінің, дүниетанымының үнсіз куәсі, айқын белгісі ретінде қаралуы тиіс. зерттеулерінде зат адамның шығармашылық әлемінің бір бөлшегі екендігі баса айтылады [3, с. 70-94]. Қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған асыл қазынасы – эпостары мен жыраулар поэзиясында қаншама зат, бұйым атаулары қолданылған, олар ұлтымыздың тарихи кезеңдеріндегі таным болмысын, өмір сүру дағдысын, тұрмыс-тіршіліқ деңгейін айқындайтын рухани атрибуттар екендігі сөзсіз. Қашаған жырау Күржіманұлының атақты «Есқали сұпыға айтқаны» деп аталатын толғауына талдау жасай келіп: «Оның үстіне бұл жыр ежелгі Лукреций, кейінгі замандардағы , дәстүрлерін амалсыз еске салатын «заттарға мадақсөз». Ежелгі эллиндердің эпикурлық поэзиясынан бермен қарай әлемдік поэзияда орын тепкен бұл дәстүр қазақ поэзиясында сирек ұшырасатын-ды…» [4, 344- 345] деп баға береді. Заттарға мадақ айту сол заттардың адам өмірінде қаншалық маңызды қызмет атқаратынын, діни-мифологиялық танымымыз бен онтологиялық білімімізді қалыптастыруда өзіндік орны бар екендігін «Қырымның қырық батыры» жырлар циклінің тіліне мәденитанымдық талдау жасау бұл жырдың мәдени мәтіндегі семиотикалық статусына тікелей байланысты.
TEXT
kaz
25,561
Эпос мәтінінің семиотикалық сипаттамасын семиотиканың «мәңгілік», «таңбалық» категориялары аясында құруға тырыстық. Оның себебі эпикалық желіні зерттеп-зерделеу таңбалардың түпкі сакралдық және көркемдік-танымдық жүйелерін өңдеу арқылы дәстүрлі қоғам адамының синкретті ойлау жүйесіне талдау жасаудан бастау алады. Бұл жүйенің әрбір элементі ұсынушы және қабылдаушы, жүзеге асырушы және қабылдаушы арқылы анықталатын изоморфты болмысқа ие.
TEXT
kaz
25,562
Қазақтың ұлттық танымындағы зат-бұйым атауларының құндылық ретіндегі мәнін зерттеу барысында профессор кез келген ұлттың, халықтың сан-ғасырлар бойы жинаған салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарында, фольклорында, эпостық жырлары мен ежелгі жыр-аңыздарында, жыраулар поэзиясында заттар мен түрлі бұйымдар атаулары арқылы оның ұлттық болмысы сақталған деп көрсетеді. Зерттеуші сонымен бірге, мұндай зат атаулары белгілі бір кезеңдердегі ұлттың, халықтың материалдық байлығын, тұрмыс-тіршілігін, әлеуметтік күйін танытып қана қоймайды, сонымен бірге ұлтты ұлт қылып тұрған, басқа этностардан ерекшелейтін этнобрендін де айқындайтынын жазады [5]. Манкееваның осы пікірі тілтанушы тілдің семиологиялық және құрылымдық болмысы туралы: «Аталған болмысына сәйкес тіл, бір жағынан, шындық дүниедегі заттар мен құбылыстарға атау береді, оларды ерекшелейді, олардың болмысы мен өзара қарым-қатынасын жалпыландырады әрі ажыратады, екінші жағынан, ақпаратты сақтап жалғастыра отырып, адамдардың коммуникативтік, сезімдік сұраныстарын қамтамасыз етеді» [6], – деген пікірін толықтыра түседі. Сөздің ол арқылы аталатын зат пен ұғымға қатысты алғанда таңба екені рас, ал өзінің құрылымдық, қызметтік сипаты жағынан бұл ерекше әрі тәуелсіз мәнді құбылыс және даралық. Сөздер жиынтығы, тіл – сыртқы құбылыстар мен ішкі әлем арасында орналасқан тұтас әлем. Бір қауымдастықта өмір сүретін адамдарға ортақ түсінікті болуына қарай, тілге шарттылық тән, бірақ жекеленген сөздер сөйлеушінің табиғи сезінулерінің нәтижесінде пайда болып, оны тыңдаушының соған етене сезінулері арқылы түсініледі. Тілді зерттеу арқылы адам мен жалпы және тілде сақталған ұлттық әлемнің арасындағы байланысты тани аламыз. «Толып жатқан тіл туралы ғылыми байламдардың ешқайсысы да жер бетін қанша адам мекендеуге мүмкін болса, сонша тілдік дүниетаным жасай алатын рухтың мүмкіншілігін жоққа шығара алмайды» [7, 46-47]. Семантикалық деңгейі мен мағыналық салмағына қарай зат – белгі, зат – символ, зат – маркер түрінде қарастырылады. Зат – белгі дегеніміз кең көлемді ақпараттар кешеніне ие семантикалық аясы бар пән болып табылады. Зат – символдар берілген контекске сәйкес тың мағыналар бере алатын пән. Зат – маркер мезгілдік-мекендік, социомәдени т.б. континумдарды қамтитын пән болып табылады [8]. Мысалы, «Аңшыбай батыр» жырында перінің қыздары Аңшыбайға алтын салынған дорба тастайды. Осы дорба болашақ ноғайлы ханының, әрі батырының кейінгі болашағын қамтамасыз ететін белгі, символ ретінде көрініс табады. Ноғайлы жұрты ортасынан кедейлігі үшін аластап тастаған Аңшыбайдың тығырықтан шығуына, кейінгі оқиғалардың байланысуына негізгі бастама, «ген» осы пері қызы тастаған дорба болады, дорба ноғайлы елін қиындықтан құтқарудың басы, белгісі ретінде жыр мазмұнына енгізілген. Сонымен қатар дорбадағы алтын – қаһарманның бақытты болашағын қамтамасыз етуші ғана емес, оның қоғамдағы статусын да анықтаушы, орнықтырушы зат – маркер. Жарысып ұшқан екі аққу, Жерге бір зат тастады. Жүгіріп жеткен Аңшыбай, Көтеріп алды, саспады. Дорба толы сары алтын, Байлады, қайта ашпады [9, 36 б] «Едіге» жырының қарақалпақ нұсқасында Тоқтамыс хан қалған мұра – алтын леген сыйлайды. Алтын леген сыйлау Нұрадиннің тегінің асылзада екенін (Едігенің ұлы), оның Шыңғысханның мұрагері екенін мойындау болса, екінші жағынан, Нұрадиннің бұдан кейінгі болашағының зор екендігін, қоғамдағы орнын анықтайды. «Едіге» жырының аталған нұсқасында Тоқтамыс түс көреді: Үйіне келіп той береді, алтын легенге ұша мен жамбасты салып, ортаға шығара бергенде, баяғы көрген ақ сұңқар ұша менен жамбасты ханның қолынан қағып ала жөнеледі. Жырда *алтын* байлықтың, сән-салтанаттың, қоғамдағы ең жоғарғы орынға (бай, хан, патша) ие болудың символы ретінде образға алынады. «Қарасай-Қази» жырының жырлаған нұсқасында Мамайдан қалған таққа ие болған Шынтемір «алтын қалпақ басында» деп суреттеледі: Хан болған соң Шынтемір, **Боз жорға** аты астында, **Алтын қалпақ** басында [9, 10] «Едіге» жырының татар вариантында: Даңлы кыпчак жирендә Татардан туган нугай илендә Туктамыш дигән хан булды Ил булганга ил болды Яу булганга яу булды Биләгәни кул булды Әйдәгәни мал булды Сарай дигән каласы Сиксән куче арасы Сары мәрмәр **алтын таш** Сигез йортка даң булды...[10, 122] Қазақ танымында *алтынның* бағалылығы оны *мыспен* салыстыру арқылы ашыла түседі. Ноғайлы жұртының ақылман биі әрі ел қорғаушы батыры Мамайдың өлімі Сыпыра жыраудың тілімен «алтындарың мыс болып, қорғасын болып еріп тұр» [9] түрінде образдалады. Кәрі анасы өлгенде: «Жайсаңым қолдан кеткен соң, Алтын туым құлады-ай!» деп жоқтайды. *Туы жығылу* (жай ту емес, алтын ту) соғыс кезінде «жеңілу, күйреу, тізе бүгу» ұғымын берсе, батырлар жырында, жоқтау өлеңдерде адамның «басына қайғы-қасірет түскен, жалғыз тірегінен айрылған» күйін бейнелеу үшін қолданылады. «Қырымның қырық батыры» жырлар циклінде *алтын* сөзі жеке де, заттық ұғымдағы сөздермен тіркесіп те қолданылады. Мысалы, *алтын қалпақ, алтын қазық, алтын шашпау, алтын тарақ, алтын шаш, алтын леген* т.б. Қимыл-әрекетпен байланысты: *алтыннан өнерлеп салу, алтыннан жондыру, алтынды қондыру, алтын салынған дорба* ... кейін қарай шабады. Орақ пен барады. **Алтын менен күміспен Өнерлеп салған моланың** Қасына барып тұрады. [9,19] Қарасай, мені бақпадың, **Мақпалдан жабу** жаппадың, **Жібектен арқан** тақпадың, **Алтыннан қазық** қақпадың. [9,20]
TEXT
kaz
25,563
«Қара сабасында үйрек ұшып қаз қону» тіркесі – байлық, ырыс- несібе ұғымында жыраулар тілінде кездесетін поэтикалық қолданыс. Мәселен ҰҒК-ның сирек қолжазбалар қорынан табылған авторы белгісіз «Қыз ұзатқанда айтылатын тойбастар» жырында белгісіз жыршы ұзатылып бара жатырған қызға: Ішінде **қоңыр үйрек** пырылдасын...[11, 403], – деп тілек білдіреді. Жыр жолдарындағы этнографиялық ұғымды мынадай мазмұнда түсіндіруге болатын сияқты: қыздың қолына алған қара сабасы, оның жаңа от басындағы орны – бәйбішелік. «Бәйбішеге жарасар – қолындағы сабасы» деген жырауларда кездесетін тұрақты оралымның астарында «шаңырақтың берекесін кіргізетін бәйбіше, сол шаңырақтың ырыс-несібесі де бәйбішенің қолында болуы тиіс» деген түсінік жатыр. Биені сауып не сауғызып, қымызды сабаға құйып, уақытымен пісіп, күтетін де, келген қонаққа баптап қымыз құйып беретін де бәйбіше, олай болса, бәйбіше мен саба бірін-бірі толықтыратын ұғымдар. Осындағы «қара сабаның ішінде қоңыр үйрек пырылдау» тіркесі саба ішіндегі қымыздың молдығын, піскекпен піскен кездегі қымыздың «ішінде қоңыр үйрек пырылдағандай» баппен ашыған, бетінде қоңырқай майлары қалқып жүрген кейпін елестетеді. Осындай этнографиялық сипаттағы ұғымдық-құрылымның қалыптасуына себеп болып тұрған мифтік сюжет мынадай: Кіші жүздің Әлім тайпасының бір атақты байының екі әйелі болады. Бір күні байдың ауылы көшіп келе жатса, кіші әйелдің (тоқалдың) көші кейінге қалып қояды да, үлкен әйелдің (бәйбішенің) көші ілгері озып кетеді. Бәйбіше ересектеу баласына «кіші шешеңнің көші қай шамада келе жатыр, біліп кел» деп жібереді. Баласы кейін қалған көшке келсе, кіші шешесінің көші жермен емес, көкпен көтеріліп, әйелдің өзі аққуға айналып ұшып келе жатқанын көреді. Баласының есі шығып, өз шешесіне келіп: «Кіші апам тегін болмады, аққу болып ұшып келе жатыр» дегенде, долданған бәйбіше: «Жаман тоқалдан менің қай жерім осал» деп, қара сабаны пісіп-пісіп қалғанда, сабаның ішінен қоңыр үйрек пыр-пыр етіп ұша жөнеледі. Осы пікірімізді мына жолдары да толықтыра түседі: **Үйрек ұшып, қаз қонған, Келіспей кетті сабасы** [12] Осындай образ да бар:
TEXT
kaz
25,564
«Поэтика сюжета и жанра» атты еңбегінің тұтас бір тарауы мәтіндегі заттық әлемге арналады. [13] өзінің «Язык бытовых вещей» деген еңбегінде мәтіндегі зат атауларына мынадай анықтама береді: «Вещь-всегда образ, и ее образный элемент окрашивает все остальные ее свойства» [2]. еңбектерінде заттардың архаикалық мәдениеттегі қалыптасуы мен пайда болу мәселелеріне ерекше мән беріледі [17, с. 63 –101; 7, с. 2-3].Зерттеушінің пайымдауына сүйенсек, заттар өзінің қызметтік болмысына қарай символдық та мәнге ие бола алады және сол арқылы рухани аяға кіреді. Осыған орай эпос тіліне мәдениеттанымдық зерттеудің аспектісі эпостағы зат атаулары мен оның мәдени-танымдық, символдық астарын зерттеуге негізделеді. Жырдағы заттық әлемнің мәнін анықтау эпостың мифологиялық дүние бейнесін, космологиялық қабылдауын, жырды жасаушы ортаның этикалық, эстетикалық ой-жасамына реконструкциялаумен байланысты жүргізіледі. Жырларда кездесетін заттай атрибуттар вербалды коммуникациялық жүйемен бірлесе отырып шығарманың мәтіндік мазмұнын анықтайды. Қолданыс аясына байланысты оларды келесі классификация бойынша қарастыруға болады:
TEXT
kaz
25,565
Біз, көп жағдайда, ұлттық мәдениет сөз болғанда материалдық, заттық байлықты рухани байлығымыздан бөлек алып қарастырамыз. Шын мәнісінде, ұлт тұтынатын заттық материалдар сол ұлттың рухани да қазынасын танытатынын бағалай бермейтін тәріздіміз. Олай болса, жыраулар поэтикасындағы материалдық, заттық деректер: тұрмыстың сән-салтанатын, барлығы мен байлығын танытатын бұйымдар, киім-кешектер, сәндік заттар, тағамдар т.б. қазақ ұлтының идеалды болмысын (нағыз қазаққа тән) танытатын мәдени-танымдық атаулар екендігі сөзсіз. Бұндай заттық деректер поэзия тілінде тек ұлттың бір кезеңге тән тарихи тұрмыс-тіршілігінен мағлұмат беру мақсатында емес, осы материалдық байлықтың ұлттың концептуалдық дүние бейнесінде алатын орнын айқындау, сол арқылы ұлт болмысындағы өзгерістерге баға беру үшін де қажет болғаны анық. Сондықтан, бұған дейін әдеби мұралар тілінде кездесетін тарихи этнографизмдерге тілдің архетиптік болмысын танытатын тарихи тілдік деректер ретінде қарап, этимологиялық зерттеулер мен поэтикалық талдаулардың нысаны етіп келген біздер (жыраулық поэтиканы зерттеушілер) материалдық лексикаға ұлттың рухани байлығын ғана емес, тарихи ақыл-ойының, ұлттың идеялды болмысының көрсеткіші ретінде де зер салуымыз қажет.
TEXT
kaz
25,566
Осы жұмыста Dendrithobilharcia purverulenta (Braun, 1901) трематодасы негiзiнде жұмыртқа қабығының түзiлу процесi көрсетiлген. Жұмыртқа қабығының түзiлу процессi сарыуыз бездерi мен Мелис денешiгiнiң функционалды ерекшелiктерiне байланысты. Сарыуыз түйiршiктерi оотипте немесе жатырдың проксималды бөлiмiнде агенттердiң әсерiнен жұмыртқа қабығының қалыптасуы үшiн ақуыздарды босатады. Dendrithobilharcia purverulenta трематоданың Мелис денешiгi – мультифункционалды мүше, ол жұмыртқа қабының алғашқы мембранасының түзiлуiн; без секреттерiнiң агенттерi жұмыртқа қабының материалдарын сарыуыз граналарынан босап шығуын; жұмыртқа қабының түзiлу үрдiстерiн қамтамасыз етедi. Осылайшы, Dendrithobilharcia purverulenta трематоданың трематоданың сарыуыз фолликулалары мен Мелис денешiгi жұмыртқа қабының резистенттi болып түзiлуiн қамтамасыз ететiн, функционалды жүйе. Таким образом, желточные фолликулы и тельце Мелиса трематоды Parastrigea robusta представляют единый функциональный блок, который обеспечивает образование резистентной скорлупы яиц. Түйiн сөздер: гельминттер, трематодалар, ұрғашы көбею жүйесi, сарыуыздылар сарыуызды жасушалар, Мелиса денешiгi.
TEXT
kaz
25,567
Заманауи қалалар қарқынды дамып, оларда жаппай урбанизация тенденциясы байқалуда. [1] Бұл қоғам дамуындағы қалалар рөлінің артуымен сипатталып, өз кезегінде . Урбанизация біздің мыңжылдықтағы көптеген мәселелердің себептерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта қаланың кеңеюіне байланысты көлік пен жолаушылар ағынын қалыптастыратын және тартатын нүктелер арасындағы қашықтық ұзартылып, азаматтардың жеке көліктерге тәуелділігін арттырды. Осыған байланысты бірқатар сұрақтар туындайды, олар мына мәселелерді қамтиды [2]: әлеуметтік мәселелер; кептеліс; ластану; шу кернеуі; жол-көлік оқиғалары; табиғи ресурстарды шектеуге байланысты мәселелер. Сондықтан бүгінгі таңда «Ақылды қала» жүйесін, сондай-ақ оның жекелеген компоненттерін енгізу мәселесін шешуге ерекше талаптар қойылады, олардың ішінде [3]:
TEXT
kaz
25,568
«Ақылды қала» тұжырымдамасына көшу – бұл қалаларды өмір сүруге қолайлы және икемді ететін, демек, жаңа сын-қатерлерге көбірек жауап беретін бірқатар қадамдардан тұратын процесс. «Ақылды қала» – бұл тұрақты жасыл қаланы құру, бәсекеге қабілетті және инновациялық сауда жасау және қаланы басқару мен қызмет көрсетудің қарапайым жүйесімен өмір сүру сапасын арттыру үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, адамдарды, ақпаратты және қалалық элементтерді біріктіретін жоғары технологиялық, қарқынды және дамыған қала. «Ақылды қала» құру тұжырымдамасын қарастыра отырып, бір жағынан алты негізгі сегментті анықтауға болады: ақылды адамдар, ақылды өмір, ақылды басқару жүйесі, ақылды экономика, ақылды қоршаған орта, ақылды ұтқырлық. Екінші жағынан, «Ақылды қаланы» әртүрлі қалалық ішкі жүйелердің объектілері тұрғысынан қарастыруға болады: ақылды инфрақұрылым, ақылды ғимараттар, ақылды көлік құралдары және т.б. «Ақылды қаланы» құруда адамдардың өмірін жақсартатын технологиялар (білім беру, медицина, қызмет көрсету) ерекше орын алады, сонымен қатар ақылды бола алады. Айта кету керек, қандай технологиялар қолданылса да, экономиканың кез-келген саласындағы процестерді көліксіз ұйымдастыру мүмкін емес. Көлік уақыт өте келе қоғамның қалыптасуы мен дамуына негізгі әсер етеді. Бұл ретте қаланың көлік жүйесін дамыту негізгі мәселелердің бірі болып табылады, өйткені ол жұмыс орындары мен демалыс орындарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Бұл тұрғыда көлік жүйесі «Ақылды қаланың» негізгі зияткерлік жүйелерінің бірі болып табылады. «Ақылды қала» тұжырымдамасында көлік жүйесін дамытуды қарастыра отырып, екі негізгі бағытты атап өткен жөн:
TEXT
kaz
25,569
Көлік жүйесін жетілдіру - «Ақылды қала» құрудың маңызды кезеңі. Қалалық инфрақұрылым, әдетте, тұрғындардың автокөліктенуінің қазіргі деңгейін және көптеген басқа көрсеткіштерді ескермей салынған және бүгінгі күні ол көлік жүктемесін көтере алмайды. Үлкен өткізу қабілеті қажет болатын қалалық аудандардың көпшілігінде жеткілікті жаңа жолдар салу немесе қайта құру мүмкін емес. Сондай-ақ, жаңа жолдар салу қымбат және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін екенін атап өткен жөн. Жол желісін оңтайландырудың мақсаты сәйкес пункттер арасындағы ең қысқа маршрутты анықтау болып табылады. Жол желісін дамытуды маршрут бойынша қозғалыс уақытын қысқартуға және қаланың көлік жүйесіндегі қаржылық шығындарды барынша азайтуға болатындай етіп жоспарлау қажет. Ақылды қалалардың міндеттерінің бірі . Бұл технологияларды пайдалану инфрақұрылымдық және пайдалану шығындарын азайтуға, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға және тұрғындар мен әкімшілік арасындағы өзара әрекеттесуді жақсартуға мүмкіндік береді [5]. Көбінесе мұндай технологиялар қазіргі заманғы .
TEXT
kaz
25,570
Ақылды көлік инфрақұрылымын нөлден құру қажет емес. Қала билігінің басты міндеттерінің бірі – өсіп келе жатқан жүктемені ескере отырып, көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетінің қорын құруға мүмкіндік беретін технологиялық шешімдерді енгізу. Сонымен бірге, көлік экожүйесінің жаңа элементтерін жаңғырту және құру ғана емес, осыған дейін болған экожүйе элементтерін тиімді пайдалану да маңызды. Мысалы, американдық Сан-Диего АҚШ-тағы бірнеше шақырымдық кептелісі бар ең проблемалы қалалардың бірі болды, ал қазір ол елдегі ең үлкен қалалық заттар интернеті платформасы орналастырылған ақылды қала. Оның негізін CityIQ датчиктерімен жабдықталған 3500 . Әрбір осындай шам енді жарқырап қана қоймай, сонымен қатар орнатылған сенсорлардың – камералардың, микрофондардың, динамиктердің және қоршаған орта сенсорларының арқасында қаланы көріп, естиді. Осы деректерге сүйене отырып, автоматты жүйе трафик ағынын басқарады және автотұрақ орындарының жеткіліктілігін бақылайды, . Ресейдің 13 қаласында қолданушыға бос орындары бар көлік тұрақтарының цифрлық картасын ұсынатын мобильді қосымша жұмыс істейді. Картада қалалық . Тұрақ ақысын байланыстырылған банк картасымен немесе танымал төлем қызметтерінің көмегімен бірден төлеуге болады. Қалаға арналған қосымшаның құндылығы– бұл тұрақ қозғалысын оңтайлы түрде таратуға мүмкіндік беретіндігінде: яғни, көлік неғұрлым тез тұрақ орнын тапса, соғұрлым ол негізгі көлік ағынына аз уақыт жұмсайды. Осылайша, инфрақұрылымдық жобаларға шығынсыз қаланың жол желісіне жүктеме азаяды.[6] Қалалық логистиканы басқаруда динамикалық және мультимодальды ақпаратты пайдалану үрдісі байқалуда. Үлкен деректер автомобиль датчиктерінен, бақылау камераларынан, RFID белгілерінен, жол сенсорларынан және теміржол кенептерінен жиналады. Қалалық жол жүйелерінің, транзиттік жүйелердің, веложолдар мен жаяу жүргіншілер аймақтарының жағдайы туралы деректер жолаушылар ағынына, бизнес қажеттіліктеріне, қоршаған орта жағдайларына байланысты көлік ағындарын оңтайландыруға, сондай-ақ жолдардың жағдайын бақылауға қызмет етеді. Мұндай жүйелер басқару мен қызмет көрсетудің кешенді тәсілін, яғни институционалдық кедергілерді жоюды талап етеді. Жолаушылар ағынын ішінара оңтайландырып, саяхаттың жоғары сапасын сақтау үшін сегменттерде бағдарламалық өнімдер қолданылады:
TEXT
kaz
25,571
Автобустардың аялдама пунктіне келу кестесі туралы нақты уақытта алынатын ақпарат, қолжетімді автокөлік және велопарктар туралы ақпарат жол жүру уақытын қысқартуға және тұрақ орнын іздеуге мүмкіндігін береді. Ал автоматтандырылған тұрақтар тұрақ кеңістігін тиімді пайдалануға ықпалын тигізеді. Соңғы жылдары динамикалық көлік жүйесінің моделін құрудың сәтті математикалық және есептеу әдістері жасала бастады. Әлемнің дамыған елдерінде жеткілікті сынақтан өткен динамикалық көлік жүйелеріне арналған бағдарламалық өнімдердің қатарына мыналарды жатқызуға болады: DYNASMART [8], Dynameq [9], AIMSUN [7]. Осы бағдарламаларда жол желісінің модельдерін құру көптеген элементтерді (параметрлерді) қамтитын және көптеген коэффициенттерді калибрлеудің ұзақ процесін қажет ететін өте қиын міндет болып табылады. 2012 жылдан бастап -Сұлтан қаласының инфрақұрылымын көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің сапасын жақсарту, инженерлік желілерді жаңарту, өмір сүру қауіпсіздігін арттыру, әлеуметтік бағдарламалардың жаңа түрлерін іске асыру арқылы жаңғыртуға бағытталған «Ақылды қала» жобасы іске асырылуда. Тұжырымдама еуропалық «Ақылды қалаларды» дамыту моделіне негізделген. Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде қалалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің «Тіршілікті кешенді қамтамасыз ету жүйесі» және көлік жүйесін жаңғырту жөніндегі негізгі жобалар айқындалды.
TEXT
kaz
25,572
қоғамдық көлік ірі қалаларда жақсы дамыған. Нұр-Сұлтан қаласының және жалпы қоғамдық көліктерінің көлік қызметтері нарығына зерттеу жүргізілген болатын. Көптеген қалаларда көлік жүйесі автобустар мен маршруттық таксилерден тұрып, елдегі жалғыз троллейбус желісі Алматы қаласында жұмыс істейді. Бұдан басқа, Павлодар, Теміртау және Өскемен қалаларында трамвай бағыттары жұмыс істейді. Қазақстандағы жалғыз метро жүйесі Алматы қаласында орналасқан. Жалпы алғанда, елдің қалалары бойынша автомобиль көлігі көліктің ең ұтқыр түрі болып табылады, ол көліктің барлық түрлерімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың жалпы көлемінің үлкен пайызын құрайды. Сонымен қатар, қазақстанның жалпы жолаушы мен жүк айналымында автомобиль көлігінің үлесі басым. 2020 жылдың соңындағы – 2021 жылдың басындағы деректер бойынша 10,2 млрд. астам автокөлік құралдары, оның ішінде 3,6 млн. жеңіл автомобильдер, 429 мың жүк және арнайы автомобильдер және 34 автовокзал мен 138 автостанцияда қызметін жүзеге асыратын 97 мыңға жуық автобус тіркелген. [10] Сурет 1 – 2020 жылғы деректер бойынша тасымалы нарығындағы түрлі автокөлік түрлерінің арақатынасы, % Электронды диспетчерлік және билеттерді сату мақсатында заңнамалық деңгейде автобустарды навигациялық жүйе құрылғыларымен жабдықтау нормалары көзделген. Қалалық маршруттарды электрондық диспетчерлеу Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, және облыстарында, сондай-ақ қалааралық және халықаралық жолаушылар маршруттарында енгізілді. Соңғы 7 жылда Қазақстандағы көліктердің жалпы саны екі есе өсті [10]. 2006-2013 жылдар аралығында көлік құралдарының саны 2131,9 мыңнан 4200 мың бірлікке дейін өсті. [11]. Қазақстанның ресми автомобиль нарығы 2020 жылғы қаңтар-қазанда 3% - ға өсім көрсетті, бұл 134 мың автокөліктен сәл аз.
TEXT
kaz
25,573
Көлік желісінің математикалық моделі «Ақылды қаланы» жобалау мәселесінің жаңалығы нәтижесінде пайда болды; модельді әзірлеу барысында жүйеде жүретін процестер туралы бастапқы түсініктерді алуға болады. Модельдеу нәтижесінде «Ақылды қала» жүйесіндегі процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері белгіленді. Жол желісінің математикалық моделін құру өте қиын, өйткені модельге енгізілген көптеген параметрлерді ескеру қажет. Жол желісінің математикалық моделін құру үшін бағдарланған график түрінде ұсынуға болады. Жол желісі бағанының негізгі элементтері түйіндер (жөнелту және келу пункттері) мен түйіндер арасындағы байланысты білдіретін қабырғалар (доғалар) болып табылады. Жол желісін модельдейтін F графигі әрдайым графиктің барлық түйіндері болуы үшін міндетті түрде байланыстырылуы керек. Бұл ретте F бағанының жиектерін сипаттайтын сандарды графиктің түйіндері, уақыты немесе жол жүру құны арасындағы маршруттың ұзақтығы түрінде білдіруге болады. Жол желісінің графигі мынадай элементтерден тұрады (2 сурет): m – F графының тізбектелген нөмірленген түйіндерінің жиынтығы;
TEXT
kaz
25,574
Сурет 2 – Түйіндер жиынымен және олардың арасында байланыс бар түйін жұптары жиынымен анықталатын жол желісінің графының моделі. Бірыңғай көлік жүйелерінің көпшілігі электрондық төлем карталарын енгізуге негізделген. Қоғамдық көліктің жолаушыларын отырғызу/түсіру орындары, басым бағыттар және желілік кептелісі туралы деректерді талдау . Қоғамдық көлікті пайдаланушылар үшін қозғалыс қарқындылығы мен қоғамдық көліктің жұмысындағы үзілістер туралы ақпарат бағытты тиімді жоспарлауға пайдалы. Көлік компаниялары көлік паркіндегі жүктемені икемді жоспарлау үшін көлік аналитикасының өнімдерін пайдаланады. Нұр-Сұлтан қаласының көлік жүйесі Transcend төлем картасына негізделген және 2011 жылдан бастап жұмыс істей бастады. 2011 жылдың сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы жанынан «Астана LRT» компаниясы құрылып, 2020 жылғы 26 маусымнан бастап «» ЖШС болып өзгертілді. Бүгінгі таңда «CTS» ЖШС қаланың көлік стратегиясын құрып, қолданыстағы және әлеуетті жобаларды жүзеге асыра отырып, жаңа стандарттар қоюда:
TEXT
kaz
25,575
Сонымен қатар, «» ЖШС көліктік зерттеулерді, қаланың жол желісін, жолаушылар ағынына талдауды, Нұр-Сұлтан қаласы көлік мамандарының біліктілігін арттыру, «Systra», «Typsa», «Swarco», «EBRD», «Bureau Veritas», «PwC» және т.б. жетекші әлемдік компаниялардың халықаралық консультанттарын тарта отырып сапарлар корреспонденциясын жүргізеді. [12] Деректерді жинаумен және талдауды Нұр-Сұлтан қаласының көлік басқармасы ( CTS) айналысады. CTS аналитикалық жүйесі жолаушылардың қозғалысы туралы деректерді өңдеп, қоғамдық көлік жүйесін тұрғындардың қажеттіліктеріне бейімдейді. Сурет 3 және сурет 4-те жұмыс және демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының қозғалысы көрсетілген. 2021 жылғы маусым айындағы жұмыс күндері 3 458 134 сапар жасалған. Сурет 3– Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының жұмыс күндері қозғалысы Демалыс күндері 2021 жылдың маусым айында 480 297 сапар жасалған. Сурет 4– Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының демалыс күндері қозғалысы Бұл практикалық мысалда автобустарда орнатылған GPS навигаторларының деректерін қолдана отырып, қоғамдық көлік жүйесінің қызмет көрсету сапасын есептеу міндеті қарастырылған. Covid-19 пандемиясы кезінде Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының жұмыс және демалыс күндері қозғалысы. Бұл суреттерде . Негізінен бұл нүктелер . Деректер әр автобустың белгілі бір уақытта орналасқан жері туралы ақпаратты қамтиды. Бұл ақпарат әр 10-30 секунд сайын жаңартылады. Қоғамдық көлік жүйесі жұмысының тиімділігін анықтау үшін негізгі міндет –тиісті деректерді енгізу, мысалы:
TEXT
kaz
25,576
Аптаның әртүрлі күндерінде, сондай-ақ тәуліктің әртүрлі уақыттарында жолаушылар ағыны мен көлік кептелісі заңдылықтарын анықтау үшін деректер тиісті түрде ұйымдастырылуы тиіс. Қала тұрғындарының қозғалысы туралы мәліметтерді пайдалана отырып, қалалық көлік бағыттарын реттеуге болады. Әзірленген жүйе пайдалы болатын кем дегенде екі мақсатты топ бар: жолаушылар мен . Тарихи деректер мен нақты уақыттағы деректерді өңдеу негізінде алынған ақпараттың көмегімен қоғамдық көлік жүйесін пайдаланушы өзінің қозғалысы туралы тиімді шешімдер қабылдай алады (мысалы, белгілі бір автобус бағытын таңдап, басқа автобусқа ауыса алады). Бұл ақпарат ақылды мобильді қосымша немесе сайт арқылы берілуі мүмкін. Қала әкімшілігі үшін мұндай ақпарат автобус бағыттарының ұзақ мерзімді өзгеруін, қозғалыс кестесін, аялдамалардың жағдайын жоспарлау, сондай-ақ нақты проблемалық жағдайларды анықтау үшін пайдалы. Автобустар орналасу деректерін бұлттық серверге жібереді. Серверде нақты уақытта әртүрлі автобустардың жиналған GPS деректері өңделеді. Есептеу нәтижелері соңғы пайдаланушылардың пайдалануы үшін мобильді қосымшаларға және . Алдын ала есептеу кезеңінде жетекші процесс қажет емес ақпаратты сақтайтын жазбаларды (мысалы, зақымдалған GPS деректері) фильтрлеу арқылы деректерді дайындайды. Сонымен қатар, деректер тек пайдаланушы белгілеген уақыт аралығынан жазбаларды қосатындай етіп сүзіледі. Кезеңнің соңында жазбалар автобустың сәйкестендіру нөмірі бойынша сұрыпталады, бұл келесі кезеңнің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Үлестірілген есептеу кезеңінде жетекші процесс алдыңғы кезеңде алынған фильтрленген GPS жазбаларының жиынтығын бөліктерге бөліп, оларды басқарылатын процестер арасында таратады. Әр бөлімде белгілі бір автобус бағытының орналасқан жері мен уақыты туралы жазбалары бар. Осылайша, басқарылатын процестердің тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі және бұл есептеу өнімділігін арттырады. Әрбір басқарылатын процесс маршруттағы әрбір белгіленген орындар арасындағы жолға кететін уақытты есептейді. Жинақтау қадамында есептеу нәтижелері пайдаланушыға берілетін қызмет сапасының статистикасын анықтау үшін қолданылып, нәтижелер автобус бағыттары бойынша және белгіленген орындар бойынша сұрыпталады. Кезеңнің соңында әрбір басқарылатын процесс нәтижелерді топтастырып, қолданушыға қорытынды нәтижені шығаратын жетекші процеске нәтижелерді қайтарады [13]. Эксперименттік бағалау Astana Innovation АҚ ұсынған Cluster RING бұлтты инфрақұрылымы негізінде жүргізілді. Эксперименттік талдау үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы Astana Innovation АҚ компаниясы ұсынған нақты деректер пайдаланылды. Зерттеу формальды-логикалық және аналитикалық зерттеу әдістерін қамтитын жалпы ғылыми талдау әдістеріне негізделген. Зерттеудің тұжырымдалған міндеттері аясында мәселені шешу үшін қолданылатын әдістер осы мәселенің эмпирикалық даму заңдылықтарымен анықталды және мыналарды қамтиды: модельдеу әдісі, графикалық әдіс, статистикалық әдіс, таратылған әдіс. Осыған сүйене отырып, зерттеуде қолданылатын әдістер Smart City-де зияткерлік көлік жүйесінің деректерін имитациялық модельдеу процесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
TEXT
kaz
25,577
Қорытындылай келе, «Ақылды қала» тұжырымдамасына көшу жағдайында тұрақты көлік жүйесін құру «Пайдаланушы-көлік құралы-жол қозғалысы-көлік инфрақұрылымы – басқару технологиялары және қауіпсіздік» жүйесі түрінде қарастырылуы керек деп айта аламыз. Осы жүйе шеңберінде қаралатын құбылыстарды физикалық талдауға математикалық модельдер арқылы көшу жүзеге асырылатын көлік құбылыстарының (жүйелерінің) инженерлік сипаттамасын қарау қажет. Бұл тәсіл көлік ағындарын жедел басқару функцияларын орындауға бағытталған ITS негізіндегі басқару жүйелерін сипаттауға да қолданылады. Covid-19 пандемиясы кезінде жұмыс және демалыс күндері Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының қозғалысы туралы деректерді қарап, тұрғындардың жаппай қозғалу нүктелерінде маршрутта белгілі бір көлік қозғалысы маршрутын және автобустар санын салуға болады. Ақылды қалалық көлікті бақылау, талдау және басқару үшін цифрлық технологиялар ірі қалалардан алдымен орташа, содан кейін шағын қалаларға тез таралады. Көлік жүйесін жаңғырту . Адамдар үшін инновацияның өмір сапасын қалай арттыратынын білу өте маңызды, өйткені бұл бізге қажет басты себеп.
TEXT
kaz
25,578
Мақалада авторлар қазақ халқының дүниетанымы мен қоғам өмірінде айрықша орын алған ас беру дәстүрі жайлы жазылады. Нақтырақ айтқанда, этнографиялық мәліметтер негізінде ас берудің көне дәүірлерден келе жатқан, көшпелілер дүниетанымының ажырамас бөлігі екендігі, астың өткізілу тәртібі, ас беруді ұйымдастыру, оның қарапайым халықтық мейрамдар қатарына ғана жатпайтындығы, сонымен қатар ас беру дәстүрінің ұлттық бірегейлікті сақтаудағы рөлі туралы айтылады. Қазақ қоғамындағы ас беру дәстүрі ата-баба аруағын құрметтеу түсінігін көрсетеді. Ас беру мұсылман дініне дейін тамыр жайған. Мұсылман діні халқымыздың ас беру дәстүріне тыйым салмаған. Себебі: ас беру дәстүрі қайтыс болған кісіні құрметтеу, ел бірлігі мен ынтымағына қызмет еткен. Ас беру кезінде бірнеше рулар бас қосқан кезде ру арасындағы шешілмей жатқан түйткілді мәселелер шешілетін болған. Түйін сөздер: қазақ халқы, ас беру дәстүрі, дүниетаным, әдет-ғұрып.
TEXT
kaz
25,579
Қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары елдің бірлігіне, ынтымағына, жастарға өмірдің мәнін ұғындыруға қызмет етеді. Жаугершілік замандарда халық дәстүрі ұлтты тәрбиелеуде басты рөл атқарған. «Қалпыңнан ажырама» деген халық даналығы айтқанымызға дәлел. Сонымен қатар, Алаш зиялысы «...Құдіреттен кейінгі қүшті нәрсе дәстүр екендігін» тұжырымдаған еді. Қазақ халқының: «..қалпыңнан айырылсаң да, салтыңнан (дәстүріңнен) айырылма» деп өсиет қалдыруы да; әулие Қожа- көшпелілер өміріне исламды кіріктіруге олардың халықтық дәстүрін негіз етуі де тегінен-тегін болмаса керек. Алайда, бірнеше ғасырға созылған отаршылық салдарынан дәстүрге де өзгерістер ене бастады. Ұлт мінезіне де өзгерістер әкелді. «Жас азамат» газеті 1918 жылғы 15 қазанындағы №7-8 сандарында «Ескеру керек» деген мақаласында: «Кешегі ешкімге бағынбай, елді хан билеген заман киіз туырлықты қазақтың тарихында әркімге белгілі бір дәүір. Ол заман өтті. Одан бергі біздің хал бұлқынбай, жатқа бағынудың жолында болды. Кең қазақ даласын әлденеше указ сайқалдап шықты. Көп өзгеріс, жаңалықтар болды. Әуелгі қазақтың халпы неше толқып, неше кішірейіп, шым-шытырық түрлерге түсті. Әртүрлі ұказдардан шыққан өзгеріс халық бақытын мысқалдап жылжытып, құлдық құшағына тастағалы әкелді. Неше рет қазақ халқы зынданның ернеуіне келіп қайтты. ..Бір жұрттың басынан кешкен әр түрлі дәуір сол халықтың мінезіне, халықтық қалпына әр түрлі із қалдырып отыратыны тарих жүзінен белгілі. Бастан кешкен шабыншылық, бұзақы, тентектік, батырлар, хандар заманы қазаққа өзге бір мінез беріп, халықтың қалпын басқа бір түрге түсірген. Заман талқысы: шабыншылық, бассыздық еріксіз сондай қылып отырса да, кешегі өткен ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін елшіл билердің заманы, жұрт мінезінде о да өзіңше бір із қалдырды. Одан бергі арты бүгінге шейін сейілмей отырған ел қамқоры басшыдан, берекеден, тәртіптен, намыс-қайраттан айрылып, құлдық пен зорлық арқанына матаулы болған заман тағы да басқа түрлі із тастап, келешектегі жұртшылыққа өзгеше рухты бұ да беріп кетіп отыр», - дей келе, одан әрі бұрынғы қазақтың мінезі ірі екендігін, ХХ ғасырдың басында қазақтың сол нәрлі мінезінің бәрі азғандығын, басшыдан қалмайтын намыскер, тарамыс, қайратты елдің орнын қуанышқа қуана, күйінішке күйіне білмейтін, салбыраған, намыссыз, қорқақ, ұсақ, өтірікші жұрт алғандығын күйіне жазған еді. Ұзаққа созылған отаршылық салдарынан қазақтың мінезіне өзгерістер енгендігін түйіндегенді. «Қазақтың ауызша тарихында»: «Әрбір этножаралым жадының біртұтастығы кожырай бастағанда, онын этнотолгумалығы да дүбәралана бастайды. Ал. этнос мүлде өлімге бойсұнғанда, сол этнос аясында бірін-бірі түсінбейтін, бірін-бірі түсінгілері де келмейтін бірнеше әлеуметтік топтар пайда болады... Нағыз ұлтжандылық пен мемлекетшілдіктің сыналар жері де осы болса керек» деп те жазған еді [1, 46-47 бб.]. Сонымен, қазақ мінезіне енген өзгерістер салдарынан салт-дәстүр, әдет – ғұрыптарымыз да алғашқы мәнінен ажырай бастады. Қазіргі таңда да көптеген салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыздың өзгерістерге ұшырағандығы белгілі. Біз жалпылама дәстүр деген сөзден көрі ұлттық дәстүр ұғымын қолданар едік. Түсінген адамға ұлттық дәстүр елдіктің, мемлекетшілдіктің іргетасы. Алайда, қазіргі таңда осы бір ұғымның мәні мен мазмұнын өз биігінен қарайтындар қатары тым сирек. Дәстүр десе көпшіліктің көз алдына қызылды-жасылды киініп, киіз . Ұлттық мейрамдарда ұлттық киім киіну арқылы ғана ата-баба дәстүріне берікпіз деп айтуға болмас. Бұл тым қате әрі жалаң көзқарас. Халық дәстүріне философиялық көзқараспен қарау керек. Ұлттық дәстүр ана сүтімен бала бойына ену қажет. Дәстүріне берік ұлт әлемдік өркениет көшіне ілеседі. Дәстүр бұзылған жерде халықтан бірлік кетеді, отбасы құндылығы сақталмайды. Қандай ұлт болмасын, өзінің дәстүрін жаһандану қармағынан қорғай әрі сақтай білуі тиіс. Дәстүрінен ажырамаған елдер өркениет көшінен қалмайды. Мәселен, жапон халқы халықтық салт-дестүрден ажырамай. ХХ ғасырдың екінші жартысында "жапондық дәстүр, еуропалық білім" деген ортақ ұранмен халқын тәрбиеледі. Сөйтіп, олар өз діндерін, өздерінің ұлттық мәдениетін сақтай отырып, Батыс өркениетіне енді. Осының арқасында жапондықтар әр салада еуропалықтарды тез қуып жетті де, әлемдік өркениет төрінің қақ ортасынан ойып тұрып, орын алды. Сонымен, айта берсек тізіліп кете беретін ұлттық әдет-ғұрыптарымыз, салттарымыз қазақ баласының өмір ақиқатын тереңнен ұғынуына жол ашты. Ұятты, мейірімді, дана болып жетілуіне жағдай жасады. Қазақ даналығымен айтқанда қамшының сабындай қысқа ғұмырда адамдық келбетін қорғай білу басты борыш екендігін әрбір қазақ баласы ұғынды. Қазақ халқы басынан небір қиыншылық кезеңдерді өткерсе де өзінің салт-дәстүрінен ажырамады. Салт-дәстүрлері өзінің алғашқы мәнін өзгертсе де халық арасында сақталды. Қазіргі таңда, дәстүрге енген өзгерістерді талдау үақыт талабы болып отыр. Сондай өзекті тақырыптардың бірі – қазақ халқының дүниетанымындағы ас беру дәстүрі. Қазақ халқының дүниетанымында ас беру салты ерекше орынды иеленіп, қоғам өмірінде айрықша орын алған. Ас беру салты халықтың рухани бірігүіне, әлеуметтік тұтастығына жол ашқан. 1900 жылы «Дала уәлаяты» газетінде жарық көрген «О киргизских поминках» атты мақаласында «ас – көшпелі қазақ халқының ең қасиетті дәстүрі» деп жазған еді. қазақтарда ас беру дәстүрінің исламға дейін қалыптасқандығын айқан еді. Мәшһүр- деректерінде де ас берудің тарихи мәні зерделенген. Ол ас үстінде серт беру, асқа салтанатпен келу, кісі күту, бәйге дауы, балуан күресі сияқты дәстүрлерді талдаған. Ас беру дәстүрі өзінің бастауын қандай тарихи кезеңнен алды?- деген сұраққа нақтылы жауап беру де күрделі. Ас беру ата-баба аруағын құрметтеу түсінігін көрсетеді. Ал, осы бір іргелі мәселе өзінің бастауын ежелгі сақ заманынан тартады. Мәселен, ежелгі сақ, үйсін, ғұн, қаңлы және орта ғасырларда өмір сүрген оғыз, қыпшақ т.б. көшпелі халықтардың ата-баба аруағын құрметтеуге қатысты мәліметтерді археологиялық ескерткіштер мен көне жазба деректерден көптеп кездестіруге болады. , , және өзге ғалымдардың пікірінше Бесшатыр, Есік, Берел обалары сынды көлемді ескерткіштер қазіргі қазақ халқының ас беру дәстүрі тәрізді қоғамдық-саяси мәні бар үлкен жиынсыз тұрғызылуы мүмкін емес. айтуынша бір ғана үлкен Бесшатыр қорғанын салу үшін 65000 мыңға жуық адам-күші жұмсалған [2]. Геродоттың 9 томдық «Тарих» кітабының 4-ші томында келесідей деректер келтірілген: «Спустя год они вновь совершают такие погребальные обряды: из остальных слуг покойного царя выбирают самых усердных (все они коренные скифы: ведь всякий, кому царь прикажет, должен ему служить; купленных же за деньги рабов у царя не бывает). Итак, они умерщвляют 50 человек из слуг удушением (также 50 самых красивых коней), извлекают из трупов внутренности, чрево очищают и наполняют отрубями, а затем зашивают» [3, 206 б.]. Сонымен, ас беру дәстүрі өзінің тарихын тереңнен тартады. Ас берудің басты мақсаты – қайтыс болған адамдардың аруағын риза егү. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген ежелгі ұстанымға сәйкес, бүкіл ел-жұрт болып құрмет көрсету. Ас беру марқұмның бақилық болғанына бір жыл толғанда атқарылатын жылын беру салтынан өзгеше. Яғни, ас - тек еңбегі сіңген атақты адамдарға берілетін ұлы жиын. Ас беру көшпелі ортадағы әлеуметтік қатынастарды ұйымдастыру мен реттеудің аса көрнекі тәсілдерінің бірі болды [4, 79-81]. мен «Ас беру салты» атты мақаласында ас берудің түрлері, ас беруге сауын айту, ас өткізілетін орын мен мерзімі, [5]. Қазақ халқының ас беру сияқты дәстүрін ғалымдардың барлығы дерлік жерлеу-еске алу ғұрпына, тіпті халықтық мерекеге жатқызады. «Дегенмен бұрындары қайтыс болғаннан кейін бір жыл толуына орай марқұмның әруағына арнап өткізілген қазақтың асы (біздің далалық мәліметтеріміз бойынша соңғы ірі астар ХХ ғасырдың 20-шы жылдары өткізілген) өзінің шынайы мақсаты жағынан жерлеу және еске алу ғұрпының шегінен тым шығып кетеді. Бұл ғұрыптың мән-жайына бойламай, меніңше оның маңыздырақ сәттерін семантикалық жағынан жалпы (біршама астрактілі болса да) бекітетін сипаттарымен шектелейін. Қазақтың асы қарапайым халықтық мейрамдар қатарына жатпайды. Ең алдымен ас дәстүрдің этникалық рухын ұстап тұруға бағытталған (міндеттелген) ғұрып ретінде түсініледі. Бұл этностың өзін-өзі тазарту ғұрпы деген пікірімді білдіремін. Ас қоғам ішінде жағымсыз оқиғалардың айналуын (орын алуын) болдырмау мақсатына ие қоғамның алдын алу шарасы. Жалпы этникалық құндылықтар мен нормалардың шынайы күшін «құрастырып көрсету» жолымен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды тудырады. Уақыт тоқтап қалғандай болып, кеңістіктің әлеуметтік образына өзгереді. Бұл мағынада ас мәндік күштері мен этностың қасиеттерін нақтылы түрде көрсетү яғни, бұл көшпелілер мәдениеті бейбітшілігінің моделі, сонымен қатар бұл көшпендінің шекті семантикаланған кеңістікті-ғаламдық кеңістігі» [6] - деген жолдардан ас беру дәстүрінің мәнін зерделейміз Дәстүрлі қазақ қоғамында қазақы дәстүр бойынша қыршын кеткен жасқа және пайғамбар жасына толмай дүниеден озғандарға ас бермеген, жылын ғана өткізген. Қарапайым адамдар кішкене ас беру өткізеді және ол бір-ақ күннің ішінде атқарылған [7]. «Надгробные сооружения киргизских степей» еңбегінде . Үлкен ас беру деп кем дегенде ру көлемінде, жүз, тіпті, бүкіл халық деңгейінде өткізілген. Ондай ас беру мерзімі үш күннен кем болмаған. «Сүр ас беру» деп марқұм бақилық болған мерзімнен кейін үш, жеті, тоғыз, он, отыз т.б. жылдан кейін берілетін ас беру мерзімі түрліше болған [5, 200]. Қазақ даласында өткен небір дүркіреген астар тарихта қалған. Мысалы, үш жүздің баласы шақырылған Бұқарбай батырдың үлкен баласы Көтібардың асында үш жүзге тарта киіз . жинаған дерегінде Маңғыстаудағы ең ірі ас 1750 ж. шамасында Жем өзенінің бойындағы Ақкиізтоғайда өткен асы болғандығы айтылады. Асты марқұмның Таған атты үлкен ұлы басқарған. Бұл аста бірыңғай ақ киізбен жабылған мыңға тарта киіз . Қонақ өте көп жиналып, мыңға тарта қой сойылған. Бәйгеге елу ат іріктеліп, бас жүлдеге бес жүз жылқы қойылыпты. Бас бәйгені той иесінің Шонты деген ұлының көкбиесі қанжығасына байлапты [6,169 б.]. асында 2 500 қой, 200 жылқы сойылып таратылған, 1 000 саба қымыз болып, 5 000 шелек қымыз ішілген. Шай, қант пен тоғыз нарға тоқаш артып, шекті Көтібар батырдың өзі келген. Шөмекей руында өткізілген Кәрібай асы түралы асқа 200 қой, 40 жылқы сойылып, 200 пұт күріш даярланғандығын, саба-саба қымыздың көптігі сол – әр үйге бір-бір сабадан қойғанда, оның саны 200-ден артатындығын айтқан. 1860 жылы «Ерден көлінде» ас берілгенде 500 . Ат бәйгесі 100 жылқы болған. Ерден байға осындай дәрежеде үш рет ас берілді. Үш аста барлығы 1860 жылқы, 600 қой, 1000 саба қымызы шығындалған [7, 138 б.]. Мәселен, шежіреші айтуынша, 1750-1850 жылдар арасында Маңғыстау, Жем, Үстірт бойын жайлаған Адай елінде айтулы тоғыз ас өткен. Олардың жетеуіне 800-1000 . байға Жем бойындағы «Ақкиіз-тоғайда» берілген асқа мың . Мерекеге хан келген. Оны күймеден түскеннен үйге енгенше аяғының астына ақ киіз төсеп қарсы алған. Жоғарыдағы жер атауы содан қалған делінеді. Осы аста бәйгеге 500 ат косылып, бас жүлдені – 100 атты Шонтынын көк аты алған. 1000 үй. 750 . бәйгеге 100 түйе қосылған, екі үйге бір байталдан айтулы үлкен астар . биге берілген [8,169]. Ас беру дәстүріндегі мал сою туралы деректерді келтірсек: «Әрқайсысында 70 жерошақтан қазылған екі қатар ошақ (140) қазылып болған соң, молда ошаққа дұға бағыштады, 60 бие таңдалып, оларды екіге бөлді. жақсысымен нашарлауы екі ошаққа теңдей бөлінуі қадағаланды. Әрқайсысына бас-көз болатын көшелі, жөнбілетін адам тағайындалды. Ошақтар қасынан етті сақтауға арналған 12 қос дайындалып, жасшөп үстіне ши төселді. Келесіде қолында Құраны бар молда келіп бөлініп алынған жылқылар қасына келіп Құран оқыды. Сойылған мал терісінің бір бөлігі молдаға, қалғаны басқарушыларға бөліп беріліп,сойылған мал еті қазанға салынды. Сойысқа арналған малды қамап қойып, асқа келгендердің өзі қалағанын сойдырған жайттар да болған» [7,138]. халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын жетік білген ағартушы. Сондықтан да, этнографиялық мәнде көптеген шығармалар жазды. «Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрлерінің очерктері» еңбегінде қазақтардың өлген адамды жерлеу дәстүрін сөз еткенде, мұсылман елінің шариғат заңы бойынша, өлген адамды қалай арулап жуып, о дүниеге шығарып салу рәсімін жан-жақты баяндаған. Мәселен, өлік басына қойылатын белгілер мен бейіттердің жар басына орналастырылуының жолаушыларға жол сілтейтінін, бағыт беретінін, моланың сулы жерде болатынын ескерту арқылы одан ел тұрағы – қоныстың ұзақ кетпейтінін аңғартады. Қайтыс болған кісіні жас мөлшерін әйгілеп тұратын орамал, белгілердің сыр-сипаты мен мән-жайы да біліктілікпен әңгіме етіледі. Тіпті, айтылатын жоқтау мен оның айтушылары, шығарушылары, өлікке әкелінетін аза мен соятын мал, ас беру тәртібі. мал мүшелерінің кімге, қалай тартылатыны жайындағы пікірлері де құнды әрі мәнді. Ат бәйгесіне дейінгі балуандар күресі мен жарыс-сайыстар, астан кейінгі әр алуан ырым-дәстүрлер де (найза сындыру, жесір басындағы караны алу, т.б.) байыпты сөз болады [9]. Ас берудің өзіндік тәртібі болған. Асқа барған қазақтар туралы: «Біздер (сұлтандар, төрелер) жерінде бұдан 2 жыл бұрын, 1869 жылы қайтыс болған бір байдың асына баратын болдық. Арада 3 күндік ұзақ жол бар, жолсыз жермен жүріп келеміз, жолда арбаға, түйеге, атқа мінген қазақтарды кездестірдік. Содан жүре-жүре айнадай жарқыраған көлдік. Сол жерде лашын, сұңқар, қаршыға құстармен үйрек-қаз, дала бөденесін аулап жүрген жас жігіттерді көрдік. «Қайда барасыңдар? Асқа барамыз, – деп жауап береді. - Сіздер асықпаңыздар, арада екі қонатын ұзақ жол бар. Егер шаршамай, көңілді барамыз десеңіздер, бізбен бірге жүрініздер. Арамызда сал-серілер, ақын-жырауларымыз бар, солардың өлеңдерін тыңдап баруларыңызға болады, – деді құндыз бөрікті бір жігіт. Біз бұған келістік. Содан белесбелес, тақия таулардан өтіп, қызыл гүлге оралған жазық далаға шықтық. Біркезде алдымыздан бір түсті ақ боз атқа мінген, қызыл-жасыл киінген 10 шақты. Олар да асқа бара жатыр екен. Бірінен-бірі өтеді: маңдайлары жарқырап, қолаң шаштары тербеліп, бота көздерін төңкеріп қарайды. Байқаймын, біздерді менсінбей, тәкаппарлана қарайды. Бұлар біздерге қосылған соң, қазақ даласы сұлулардың даласына айналып кеткендей көрінді. Мен осы сапарымда білдім: қазақтар табиғатқа, табиғат қазақтарға ұқсайды екен» [10, 52], деген деректерден ас беру дәстүрінің ерекше құрметтелгендігін көреміз. «Абай жолында»: «Табақ тартуға өңшен жорға аттарды сайлапты. Барлық ат күміс ер-тоқыммен ерттелген. Күтүші жігіттер бастарына тегіс жібек орамал байлапты. Ас ошағымен екі арада бұлар қостабақтан алып, қатар ызғытып жөнелгенде, өлке бойы жайнап кеткендей болды», – деп ас беру дәстүрін шебер суреттеген еді [11, 203]. «Абай жолында» қазақ халқының өмірлік кезеңдеріне байланысты орындалатын салт-дәстүрлер шебер суреттелген. , Әйгеріммен отау көтеруі, Керімбала мен Оралбайдың тағдырын бейнелейтін көріністердің барлығы салт-дәстүрге түнып тұр. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер: шілдехана, бесік той, қырқынана шығару, тұсау кесер, өлім-жітімге байланысты салт-дәстүрлер: бастаңғы, жөнелту, сауын айту, ас беру, жаназа, бата қылу, қара тігу, қара жығу; құдаласуға байланысты: құда түсу, ұрын бару, әмеңгерлік салт, қыз ұзату, қыз көру, құйрық- бауыр жегізу, неке кияр сынды барлық салт- дәстүрлер жазылған, Мәселен, «Осы күннің ертесіне суық сыбыс анық болды. Бөжей қайтыс болды деген қаралы хабар жетті. Бұл уақытта Құнанбай, Ұлжан, Зере, Абай, Оспан, Тәкежан таңертенгі шайын ішіп отырған еді. ешкімде арнайы хабаршы жіберіп естіртпеді. Бұған ол қатты қапа болды. Зере көз жасын бір төгіп алды. Абай болса жүрегі аузына тығылғандай күй кешті. Байдалы сүйекті орналастырып болысымен.сол өлік үстіне тіккен ак үйдін он жақ белдеуіне өз қолымен әкеліп қара тікті. Жаназасын шығарғанға шейін өлік осында болмақ. Байдалы ескіге жүйрік Сүйіндікпен ақылдасады. Сүйіндік жас кісі өлсе туы қызыл болатынын, кәрі өлсе туы ақ болатынын айтып келеді де, «Бөжейдей орта жасты кісіге - бір жағы қызып, бір жағы ақ болуы керек» дегенді айтқан. Қара тіккен Байдалы халық атынан Бөжейдей арысына ас берем деген ырымын жасады ...Енді осы жылы түскен келін, осы жылы өлген кәрі-жас, осы жылы болған құдалық, бала сүндеттеу, күйеу келу – баршасы да астың жылымен саналады. Тек адам жайы емес, кейіндеп барып атақ алатын бәйгелер болса, олар да Бөжейге ас берген жылы тай еді, құнан еді немесе іштегі құлын еді деп сөйленетін болады. Ұлы дүбір. Үлкен астың осындай боп, уақыт өлшеуіне айналып кететіні анық» [11, 137] - деген жолдардан этнографиялық деректерді көреміз. Қазақтың дәстүрлі қоғамында ас беру дәстүрі қоғамдық деңгейде атқарылған. Ас беру дәстүрі мұсылман дініне дейін тамыр жайған. Мұсылман діні халқымыздың ас беру дәстүріне тыйым салмаған. Себебі, ас беру дәстүрі қайтыс болған кісіні құрметтеу, ел бірлігі мен ынтымағына қызмет еткен.
TEXT
kaz
25,580
Осы энографиялық материалдар, белгілі бір дәрежеде, олардың өмірінің бейнесін және өзара ықпалдасуын сипаттауға мүмкіндік береді. Уақыт өте келе әдет-ғұрыптар өзгеріске ұшырайды, алайда олардың бұрынғы мән-мағынасы сақталады. Сонымен қатар әр отбасыда жаңа дәстүрлер пайда болады. Ең бастысы, өзін сол ұлт пен халқтың өкілі екендігін ұмытпау.
TEXT
kaz
25,581
Қазақ халқының этникалық тарихын зерттеу ісінде ру таңбаларының тарихын зерттеудің маңыздылығы ерекше. Таңба сөзінің өзі белгі, ен, мөр сөздерімен cинонимдес болып келеді. Таңбалар тарихына қатысты деректер беретін мәліметтерді бірнеше топқа бөлуге болады. 1. Құлпытастардағы таңбалар. 2.Көне дәуірлердегі тасқа қашалып жазылған таңбалар. 3. Таңбалар туралы ортағасырлық деректер. 4. ХVІІІ- ХІХ ғасырлардағы шетелдік (Ресей т.б.) және жергілікті зерттеушілердің еңбектері (архив құжаттарымен қоса) 5. ХХ ғасырдан басталып, қазіргі уақытқа дейінгі зерттеулер. Әрбір ру, тайпаның таңбаларын белгілеу түркі әлемі халықтарының көпшілігіне тән. Орта ғасырларда батыс елдерінде де белгілі бір аймақтың өзіне тән гербтері болған. Бұл гербтерде көбінесе аң мен құс суреттері таңбаланады. Түрік халықтарындағы таңбалар көбінесе көне сына жазуларына ұқсас болып келеді. Гербтер тарихын зерттеу барысында негізінен геральдикаға сүйенсек, таңбалар тарихын зерттеуде тек геральдика емес граммотология, шежіре, логограмма, аңыз деректеріне де сүйенуге тура келеді. Логографиялық жазу үлгісіне көне қытай, шумер, крит жазуларын жатқызуға болады. Ру таңбалары мен сына жазуларының да осы әлемдік жазулармен арасындағы байланыстардың барлығын, бір-бірін толықтырудағы рөлі де болғандығын тарихи тұрғыда зерттеп, дәлелдеуді қажет етеді. Ру таңбаларының ежелгі Хетт патшалығы жазуларымен де байланысын да жан-жақты зерттеу ісін жалғастыру керек. Шумер халықтарымен де түріктердің тілдері арасындағы байланыстар жайлы «АзиЯ» еңбегінде жазған болатын. Мысалы шумер тіліндегі ада-әке, ту-туу, еден-дала т.б. түрік тілі сөздерімен ұқсастығы
TEXT
kaz
25,582
Ислам ғұламаларында, әсіресе Ханафи мәзһабында « » (Истихсан) тәсілі кең қолданылған фықһтық (құқықтық) дәлелдік негіздердің бірі болып табылады. Ғұламалар, Құрандағы: «Қауымыңды бұйырылған істердің жақсысын ұстануға әмір ет!» («Әғраф» сүресі, 145-аят) деген аятындағы және Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен: «Мұсылмандар жақсы деп есептеген нәрсе Алланың алдында да жақсы, мұсылмандар жаман деп көрген нәрсе Алланың құзырында да ұнамсыз» - [1, الا ِسْتِحْسَ ان 101 бет.] деген хадисіндегі « » (әдемі) сөзі негізінде« » терминін қолданысқа енгізген. أح ْسَن الا ِسْتِحْسَ ان Араб тіліндегі « » сөзі бір нәрсені әдемі, жақсы деп санау мағынасын білдіреді. Ал терминдік мағынасы жайлы бірер ғалымның көзқарасын ғана келтіре кетейік. : «Истихсан – қоғамда жеңілдіктің сақталуы үшін қиындықтан шығар жол» деп түсіндірсе, оның пікірін имам әл-Кархи: «Истихсан – бір мәселеде қияс арқылы الا ِسْتِحْسَ ان ұқсасына берілген әуелгі үкімінен бас тартып, күшті дәлелмен (жасырын қияспен) басқа бір үкімді таңдау» [2, 145 бет.]- деп толықтырады. Ал имам Уахбатуз-Зүхайли: «Истихсан – дәлелге сүйеніп ашық қиястан жасырын қиясты таңдау немесе жалпы үкімнен шығып, бір мәселеге арнайы дәлел негізінде өзгеше үкім беру» [3, 21 бет.] - дейді. Истихсан – қоғамның немесе заманның шарттары ислам дінінің талаптарына лайық өмір сүруге қиындық тудырған жағдайда, шығар жол табуға, мүмкіндіктер жаратуға негізделген дәлелдік дәйектің бір түрі. Бұл дегеніміз, настың (Құран, сүннеттің) шекарасынан шығып кету дегенді білдірмейді. Бәлкім нас, ижмәғ және қиястың сыртқы үкімін алмай, жалпы қағидадан ауытқып, қажеттілік негізінде өзгеше үкімнің шығуына түрткі болу.
TEXT
kaz
25,583
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар қайтыс болып, уахи тоқтаған соң ислам қоғамында туындаған жаңа мәселелердің шешімі Құран және сүннеттен табылмаған жағдайда, оған *ижтиһадт* әсілі, яғни, ақылды қолдана отырып, Құран және сүннеттің жалпы мағынасы негізінде үкім шығара білу керектігі жолға қойылды. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) сахабасы Мұғаз бин еліне өкілі ретінде аттандырған кезде, «Қоғамда бір мәселе туындаса, жауабын қайдан іздейсің?», - деп сұрайды.
TEXT
kaz
25,584
Бұл хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.) наста (Құран, сүннетте) дәлелі болмаған мәселелерде ижтиһад арқылы жол табуды құп көргенін, әрі адамның ұстанған діні қоғамдағы құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ахлақтық негіздерді бір жүйеге келтіруге өз әсерін тигізе алуы керектігін ескертеді. Омар ибн Хаттаб халифа болып тұрған шағында, Иракты қол астына қаратқан кездегі олжа ретінде иелігіне өткен Сәуад жерін халықтың игілігіне қалдырады. : «Біліп қойыңдар, соғыстан не нәрсе олжаласаңдар да, соның бестен бірі сөзсіз Аллаға тиесілі. Сондай-ақ, Алла елшісіне, оның жақын туыстарына, жетімдерге, пақырміскіндерге және жолда қалған мүсәпір жолаушыларға тиесілі...» («Әнфал» сүресі, 41 аят) делініп, олжаны соғысқа қатысқан әскерге бестен төрт (5/4) бөлігін бөліп беру ұсынылған болатын. аяттың мәніне үңіле отырып, байлыққа толы Сәуад жерін соғысқа қатысқан әскерге бөліп беруді мемлекеттің байлығын бірнеше адамның қолына ұстатып, қалың халықты кедейлікке итермелеу деп ұғады. Сөйтіп, Сәуад жерін бұқара халықтың түрлі кәсіптермен айналысуы үшін ел игілігіне қалдырады [5, 218-223 бб.]. Басында бұл шешімге келіспеген кейбір сахабалар, кейін Омардың шешімі дұрыс екендігін түсініп, қолдау көрсетеді. истихсанды аңғаруы десек болады. Истихсан – Ислам құқығындағы ғибадат, муғамадат (сауда-саттық), отбасы және қоғамдық мәселелердің барлығында кең қолданысқа кірген шәрғи дәлелдік тәсілдердің бірі. Имам әл-Марғинани (/1197) *«Әл-Һидая»* атты еңбегінде 120-дан астам мәселелерге *«Истихсан»* негізінде үкім берсе, имам Хаскафи (/1677) *«Әд-Дуррул мұхтар»* атты еңбегінде 200 шамасындағы мәселелерді *«Истихсан»* негізінде шешкен [6, 41-75 бет.]. Құран және сүннетте үкімі баян етілген мәселелер шектеулі болса, әр кезеңде ортаға шығатын жаңа мәселелердің үкімі *ижтиһад* жолымен немесе ислам ғұламалары қалыптастырған Ұсулул-фықһ ілімінің тәсілдерімен шешімін шығару жүйесі құрылған. Бүгінгі таңдағы жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ сияқты күнделікті туындап жатқан мәселелерге *қияс, истихсан, маслаха және әдет-ғұрып* сияқты дәлелдік тәсілдермен тұшымды жауап беру мүмкін бе? Әрине, мүмкін. Алайда оның басты шарты истихсан сынды Ұсулул-фықһ ілімінің тәсілдері кеңінен зерттеліп, өміршеңдігі заманның талаптарына сай дамытылып отырумен болмақ. Діндегі *«ақыл», «қияс», «рай»* (ой еркіндігі), *«тәуил»* (істің түп мәніне үңілу), *«истихсан»* және *«ғұрып-әдет»* сияқты терминдер мағыналық тұрғыдан төркіндес болып, *ижтиһад* тәсілін іске қосатын тетіктер рөлін атқарды. Сондай-ақ, дін адамдары арасынан дін мен өмірдің тығыз қатынасын көрсетуге, әр кезеңде туындаған қажеттіліктерге діннің мәніне үңіле отырып, шешім қабылдайтын мүжтаһидтердің (түйткіл мәселеге шешім айтуға қабілетті ғалымдардың) көптеп шығуына жетелейтін алғышарттар ретінде де ұғуға болады. Өкінішке орай, бүгінде дін жайлы сөз етіліп, бір көзқарас айтыла қалса «Олай дейтін ол кім екен, мужтаһид ғалым ба?» деген сынды диктаторлық идеологияның дін саласында да кең таралуы дін жолында білім алып, маманданып жатқан жастардың өзін дамытуға кері әсерін тигізуде. Міне, осындай себептердің салдарынан мұсылман әлемі түрлі салаларда дамымай, дүние ісі мен ақырет ісін қатар алып жүруде әлсіздік танытып отырғаны анық. Яғни, ижтиһад – дүние ісі мен ақырет ісі арасындағы тепетеңдікті, тығыз байланысты қалыптастыратын жол. Немесе адамды ізденуге, бір мәселе төңірегінде зерттеу жүргізуге, ижтиһад жасауға шақыратын дінге қызмет етіп жүрген адамдардың өзі бір мәселе төңірегінде ой жүгіртуден қорқып, өзін діни тұрғыдан жауап беруге лайықты санамаса, қоғамдағы туындаған көптеген мәселенің жауабын кім бермек?! Әрине, бұл әрбір мәселеге әркім пәтуа бере береді дегендік емес. Бәлки, діндегі дәлелдік ұғымдар негізінен адамдардың санасын дамытуға, қоғамдағы туындаған мәселелерге діни шешім шығаруда әлеуетін арттыруға құрылғанын көрсетеді.
TEXT
kaz
25,585
Жоғарыда атап өткеніміздей, Истихсан – ислам ғұламаларының, әсіресе, Ханафи мәзһабы ғалымдарының дәлелдік дәйектерінің бірі. Сондай-ақ, ғұламалар, истихсанды «Құран истихсаны», «Сүннет истихсаны», «Ижмәғ истихсаны», «Әдетғұрып истихсаны», «Зәрушілік истихсаны» және «Қияс истихсаны» сияқты бірнеше түрге бөліп қарастырады. Яғни, истихсан нас және өзгеде дәлелдік дәйектердің негізінде көрініс табатын дәлелдік құрал. әз-Зарқа сияқты кейбір ғалымдар, мәселенің шешімі аят, хадис және ижмәғ арқылы шығарылатын болса, онда ол мәселелерге үкім аят, хадис және ижмәғ негізінде беріліп отыр. Оның дәлелі «Құран истихсаны», «хадис истихсаны» және «ижмәғ истихсаны» деп айтуды дұрыс емес деп есептейді [9, 16 б.]. Осы жерде «Құран истихсаны», «хадис истихсаны» және «ижмәғ истихсаны» деп арнайы бөліп айтудың өзіндік мәні бар екендігін де айта кеткен жөн. Адамзат қоғамындағы туындаған қажеттіліктер мен зәрушіліктің шешімі ретінде дінде тыйым салынған мәселелердің кейбіріне жағдайға байланысты әуелі мен Оның елшісі (с.ғ.с.) өзі рұқсат етсе, кейін бұл үрдіс сахабалар мен Ислам ғұламаларының ижтиһад жолымен іске асып отырған. Сондай-ақ, діннің бұл кеңшілігін мұсылман үмметінің буквалистік көзқарасқа салынып, адам қажеттілігін ескермей қоймауы үшін бастаған көптеген ғалымдар « » (истихсан) терминін дәлелдік дәйектердің қатарына кіргізе отырып, ислам дінінің универсалдығын көрсетті десек болады. Енді осы истихсан түрлерінің әрбіріне бірер мысал беріп өтелік. الا ِسْتِحْسَ ان
TEXT
kaz
25,586
Алланың өздеріңе үйреткені бойынша аң аулауға баулыған жануарларыңның өздеріңе ұстап әкелгендерін жеңдер. Оларды аңға салғандарыңда, «бисмиллә» деп Алланың атын атаңдар» деп айт» («Мәйда» сүресі, 4-аят) -делініп бекітіледі. Яғни, аңшы аңға қақпан, тұзағын құрғанда, қыранын және итін жібергенде немесе мылтығын оқтап атарында « әкбар» сөзін айту шартын міндеттей отырып, кейін ауланған аңын бауыздап үлгірмей, барғанында өліп қалса да (« әкбар» деп бауыздау ырымын жасап) етін жей беруге рұқсат етіледі. Дінде ауланған аң, құсты шариғатқа сай бауыздап жеу шарт болғанда, адамдарға қиындық тудырар еді. Екінші аятта өмірдегі кейбір жағдайларды шариғаттың жалпы қағидасынан бөліп қарстыра отырып, жеңілдіктер ұсынылып отыр. истихсанына жатады.
TEXT
kaz
25,587
Қоғамдық мәселелерге қатысты «сәлам» саудасын айтуға болады. Сәлем саудасы – бір саудагер адам егіншіге егін салуы үшін жылдың басында ақшасын беріп қойып, егіндік жиылған кезінде ақшасының мөлшерінде егіндік дақылынан алуға келіседі. Салынбаған, әлі піспеген дақылға саудаласып, ақшасын өткізу шариғаттағы сауданың негізгі «тауардың болуы» қағидасына қайшы. Алайда егінші диқандардың көбінің қолында дер кезінде ақшаның болмауы, саудагерлерден алдын ала егін салуы үшін ақша алу қажеттілігін тудырып отыр. Сол себепті Пайғамбар (с.ғ.с.): «Кімде-кім бір дақылға (жеміс және т.б.) алдын ала ақша құйса, белгілі мөлшер (түрі, килограмы) мен нақты уақытқа келіссін» [10] деп рұқсат еткен. Бүгінгі таңда сауданың бұл түрі ауылды жердегі ұсақ өнеркәсіптен бастау алып, халықаралық ірі сауда жобаларымен де іске асып жатқаны белгілі. Қоғамда өз кәсібіне инвестор іздеп жүргендер мен табыс алу үшін инвестиция құятындар да аз емес. Бұл хадисте саудадағы «тауардың болуы жалпы қағидасын бұзып, адамдардың қажеттілігіне сай белгілі шарттар аясында (бүгінгі сауда заңдары негізінде) сауданың осы түріне истихсан жолымен рұқсат етілген.
TEXT
kaz
25,588
бұл жайында: «Истиснағ саудасы қиясқа қайшы болса да, истихсан жасау арқылы рұқсат беріледі» - деген. Яғни, қиясқа қайшы дегенде саудадағы сұраныс пен ұсыныстың бір мезгілде сәйкес келмейтінін меңзеген еді. Ал истихсан бойынша рұқсат етіледі дегенде жалпы қағидадан бас тартып, ғұламалардың ижмағына сүйенгені [8, 200-201 б.].
TEXT
kaz
25,589
Қазақ даласындағы осы бір дәстүрдің үкімі истихсан негізінде берілгенін төменде көре аламыз. Тілашар немесе діни білімге ақы төлеу мәселесі туралы Ханафи мәзһабының алғашқы ғалымдары Құран немесе діни білім үйреткен кісінің ақы алуы дұрыс еместігін айтқанымен, көпшілік қауым Құран және діни ілімді мұғалімдер арқылы ғана үйрене алады. Таңнан кешке дейін әр күнін Құран немесе діни білім берумен өткізетін мұғалімдерге жалақы төленбесе, олар басқа тіршілік қамымен болып кетері анық. Мұғалімдердің азаюы қара халықтың Құран немесе діни білімнен сауатсыз қалуына себеп болады деген пікірді ұстанған Ханафи мәзһабының Мәрғинани, Ғәйни, Сарахси және сынды ғалымдары истихсан (бір істі ұнамды білу) негізінде Құран немесе діни білімге ақы алудың дұрыстығын айтады. Сонымен қоса, және діни білім үйрету барысында ақы алудың дұрыстығын айтқан фақиһ ғалымдар мұғалімдерге берілетін ақының үзілмеуі, адам баласының дүние және ақырет біліміне қатысты мәліметтерден бейхабар қалмауының бірден-бір жолы. Ал мұқтаждығы болмаған, басқалай кіріс көзі болған адамның жасаған дін қызметі үшін ақы талап етуі, истихсан негізіне сәйкес болмағандықтан дұрыс емес дейді [11, 340 бет.]. Ескерту: ғылым-білімнің адам өміріндегі орны ерекше екендігін ескере отырып, кейбір ғалымдар истихсанның бұл түрін «Зәрушілік истихсанына» жатқызған. Ант ішу мәселесі. Қазақта бір маңызды істерде сөзін дәлелдеу үшін «Құран ұстаймын» деген ант ету әдет-ғұрпы кездеседі. «Ант ішу» уәде ету болып табылады. «Уәде - құдай сөзі» (мәтел). Құдай атынан берілетін уәде жәй айтыла салатын құрғақ сөз емес, ол адалдық пен адамдықтың айғағы болған сөз. Халқымыздың бұл әдет-ғұрыпы тұнып тұрған шариғат, әрі үкімі де истихсан негізінде берілгенін айта кеткен жөн. Сондай-ақ, біз әуелі Алла тағаланың есім, сипаттарынан басқамен ант етудің дұрыс еместігін білуіміз керек. «Әл-Ғиная» еңбегінде: « тағаладан басқа Пайғамбар, Құран, Кағба сияқты сөздермен ант етсе, ант еткен болмайды» [12, 160 б.]десе, *«Фәтхул қадир»* еңбегінің авторы : «Алланың кәләм сипаты болған Құранмен ант ету адамдар арасында әдет-ғұрып негізінде қалыптасты. Қазіргі күніміз де Құранмен ант ету әдет-ғұрыпқа айналды. кітабымен ант ету, ант болып есептеледі. Егер антын бұзса, кәффарат уәжіп болады деген [13, 64 бет.]. Кәффарат жәйлі Құранда: «Оның төлемі: Үй-іштеріңе жегізетін орта есеппен он міскінді тамақтандыру не оларды киіндіру немесе бір құл азат ету. Мұны таппаған біреу, үш күн ораза ұстау. (Бұзған) анттарыңның жазасы осы» (Мәйда сүресі, 89-аят) - деген. ант сөзі қайталану себепті кәффарат жазасы да арта түсетіндігін айтады [14, 531 бет.].
TEXT
kaz
25,590
Ғұламалар, Құрандағы: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге итермелемеңдер» («Бақара» сүресі, 195-аят) деген аятқа сүйене отырып, зәрушілік жағдайда шариғаттың кеңшілігін пайдаланбай, Алланың өзіне аманат еткен өміріне зиян келтіріп, өлім құшса күнәкар болады,- дейді. Сонымен қатар, ғұламалардың зәрушілік дәрежесін мынандай шарттар негізінде өлшегенін де ұмытпау керек.
TEXT
kaz
25,591
Зәрушілік истихсанының мысалы: Ханафи фықһ кітаптарында, бір хайуан құдыққа түсіп өліп, сасып кеткен жағдайда суы қалай тазартылады? деген мәселе сөз етіледі. Қиясқа салсақ, әуелі құдықтың суын толығымен тартып шығару керек. Бұл мүмкін емес, себебі түбінен су шыға береді. Ал суы толығымен тартылып шығарылды дегеннің өзінде құдықтың қабырғалары, шелектері және т.б. заттар нәжіс судың тиюімен нәжіс болады, ол таза суды қайта нәжіс қылады. Міне, осындай жағдайда истихсан тәсілімен құдықтың суы толығымен тартылды деген мөлшерде құдықтың суы шығарылады, әрі тазарады [3, 26 б.]. Сонымен қатар, көпшілікке сақтану қиын болған (ғұмумулбәлуа) істерде, яғни, құдыққа мал тезектерінің түсуімен судың нәжіс саналмауы, мысықтың су ішкен ыдысының таза саналуы және т.б. көптеген мәселелер истихсан тәсілі бойынша қарастырылған [12, 88-94 бет.].
TEXT
kaz
25,592
Қияс пен истихсан екеуінде де бір үкімді салыстыра іздеуге дәнекер « » (себеп) деген сипаты бар. Бұл сипат кейде ашық علة білінгенімен, кейде жасырын болып ғылым адамдарының іздеулері арқылы білінеді. Осы екі түрдің біріне қияс, екіншісіне истихсан делінеді. Истихсан – настың жалпы қағидасынан шығып, айрықша үкімнің атауы екендігін көрдік. Қорыта айтар болсақ, Истихан – жеке бір дәлел емес, ол нас (Құран, сүннет), ижмәғ, қияс, әдет-ғұрып және маслаха сынды жалпы қағиданы жекешелеген, айрықша берілген үкімнің дәлелдік атауы. Адамзат қоғамында тепе-теңдік сақталып, алаңсыз ғұмыр кешуі үшін *«Дін», «Жан», «Ақыл», «Нәсіл»* және *«Малдүние»*-ден тұратын бес нәрсенің қорғалуы міндеттеледі. Дін – ақылға жол сілтейді, ақыл – адам өмірінің, ұрпағының және дүниемүлкінің қорғалу тетіктерін қалыптастырады. Дінде бұл бес нәрсе *«Мақасидуш-шариғаға»* (шариғаттың басты мақсатына) жатады. Сондай-ақ, діндегі әмірлер мен тыйымдар, ғибадаттар, сауаптар мен күнәлар және т.б. осы бес негіздің жалғасын табуын және қорғалуын ретке келтіретін иләһи заңдылықтар болып табылады. Дінде бұл бес негіздің қорғалуын жалпылама зәрушілік (дарурат), қажеттілік «хажият» және баяшаттылық «тахсинат» деп үш категорияда қарастырады. Бұлардың біріншісінен кейін екіншісі, екіншісінен соң үшіншісі көрініс табады. Діннің мұраты да адам баласының жоғары деңгейдегі бақытты ғұмыр кешуін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, халықтың игілігі көзделе отырып, өмір сүру салтына лайықты Қазақ хандарының заңдық жүйелерін «Жеті жарғы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және қазақ халқының некелесу ісіндегі «Жеті ата» мәселесін де осы истихсан тәсілімен байланысты деуге болады.
TEXT
kaz
25,593
Аймақ экономикасы мен әлеуметтік ахуалының жағдайын аудандық газеттерден көретініміз, әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері, өмір сүру салты, жергілікті жерге ғана тән дүниетанымдық стереотиптер мен құндылықтар бұл мақалада толық қамтылған. Өңірлердегі баспасөз қоғамдық өмірі, дамуы, саяси-экономикалық, қоғамдық-әлеуметтік капиталдың құрылуы, өзара іс-қимыл жасайтыны әлеуметтік топтармен, мекемелермен арадағы тұрақты байланыс желісі жайында да сөз болады. Билік пен халық арасындағы саяси диалогты ұйымдастыруда бұқаралық ақпарат құралдарына толықтай және аймақтық баспасөзге жекелеген түрде үлкен жауапкершіліктер жүктелген. Бұл мақалада БАҚ-тың трансформациясы, аймақтық БАҚ саяси коммуникацияның күшті, әрі ықпалды арнасы болып .
TEXT
kaz
25,594
Қазақстанның аймақтарындағы облыстық басылымдарда есімдері елімізге танымал журналист-жазушылар , , , , , , , , т.б. қызмет атқарған. Облыстардағы телерадио тарихының да тамыры тереңнен бастау алады. Қазірде аймақтардың өзінде жүзге жуық басылымдар жарық көреді. Аймақтық журналистика тарихын зерттеген [1], [2], [3] жекелеген өңірлік газеттердің ерекшеліктеріне баса көңіл бөлген. Аталмыш еңбектер баспасөз тарихына қосылған сүбелі үлес екендігі даусыз.
TEXT
kaz
25,595
Аймақтарда бірнеше телеарна, бірнеше радио жұмыс істейді. Бұлардың әрқайсысының қалыптасу, даму тарихы аймақтың рухани-мәдени өмірімен біте қайнасып жатыр. Сөйте тұра осы уақытқа дейін облыстық газеттердің мерейтойларына байланысты шыққан шағын тарихы туралы материалдар болмаса, бұл облыстар журналистикасының толыққанды тарихы әлі жасалмай келеді. Бұл мәселе жайында: «Аймақтық баспасөз саяси күрестің құралы ретінде : ол халықтың және зиялы қауымның ақпараттың әсері мен өзара ықпалдастықтың жаңа әдістерін іске асырады. Үкімет пен халықтың арасында саяси диалогтың жүруіне бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде, аймақтық БАҚ жауапты» [5, 8 б.]. Электронды ақпарат құралдарының дәуірі жүріп тұрған кезеңде облыстық телеарналар тарихы мен тәжірибелерінің жинақталмауын ескерсек, бұл тақырыптың маңызы арта түспек. Бұл туралы орыс ғалымы : «-БАҚ-тың және жалпы ғаламтордың дамуына байланысты БАҚ аймақтық ақпараттық сұранысты қанағаттандыруға тырысуда. Ақпараттық-коммуникативті кеңістікке аймақтық жүйелік БАҚ деген жаңа ұғым енді» [6, 56 б.], - дейді. Оған қоса аймақтардағы аудандық газеттер тарихы мен тәжірибесі әлі күнге зерттеу нысанына айналмаған. Аймақ экономикасы мен әлеуметтік ахуалының айнасы – аудандық газеттер. Сонау отызыншы жылдардан бастау алатын аудан газеттерінің редакциясында сөз өнеріне бейімі бар талай таланттар қанаттанып, еңбек жолдарын аталмыш басылымдардан бастаған. Журналистің шеберлігін шыңдауда алғашқы баспалдақ саналатын аудандық газеттердің бүгінгі беделін арттыру үшін жаңа технология жетістіктерін кеңінен пайдалану қолға алынып жатыр. Бұл туралы: «Әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері бар: дәстүрлері, өмір сүру салты, сонымен қатар, жергілікті жерге ғана тән тәрбиелік, дүниетанымдық стереотиптер мен құндылықтар. Аймақтағы әлеуметтік-мәдени кеңістік әкімшілік-мемлекеттік аймақтық бөлінуге сай құрылады» [7, 29 б.]. Қазіргі таңда өңірлерден шығатын барлық басылымдар офсеттік баспа түрінде, түрлі-түсті суреттермен безендіріледі. Осылардың барлығы аймақтық журналистиканың тарихын зерделеу қажеттілігін көрсетіп отыр. Аймақтық баспасөз - аймақтың қоғамдық өмірі мен оның дамуына әсер ететін, экономикалық, саяси, қоғамдық-әлеуметтік капиталдың құрылуы мен жинақталуына әсер ететін, өзара іс-қимыл жасайтын әлеуметтік топтармен, мекемелермен арадағы тұрақты байланыс желісі. Қазақстанның әлеуметтану ғылымында бұқаралық ақпарат құралдарының аймақтық қызметіне деген қызығушылық жақында ғана пайда болды. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты қоғамдық сананың белсенді өзгеруіне әкелді. Жаңаша бағыттағы массмедиа қоғамның саяси өміріне және нақты саяси оқиғаларға әсер етудің беделді және қуатты құралы ретінде таныла бастады. Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының заманауи қоғамдағы рөлі зор және саясаткерлер мен оқырмандар үшін саяси ақпарат көзі ретінде әрекет етеді, сонымен бірге бүгінгі күні елемеуге болмайтын саяси қарым-қатынастардың субъектісі болып табылатынын көрсетеді. Әсіресе, бұл аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты. Аймақтық қоғамның саяси өміріндегі бұқаралық ақпарат құралдарына арналған пилоттық сауалнама нәтижесіндегі зерттеулер (50 респондент, 2017 жыл қазан-қараша) аймақтардағы БАҚ саяси, әлеуметтік-мәдени және құқықтық сипаттағы себептерге байланысты елеулі өзгерістерге ұшырады деп айтуға мүмкіндік береді. Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары саяси тұрғыдан қарағанда, өкінішке орай, саясат саласында әлі де ықпалды емес. Сонда да, бұқаралық ақпарат құралдары өзінің негізгі функцияларын орындауды жалғастыруда: ақпараттандыру және қоғамдық пікірді қалыптастыру саласында ғана белсенділік танытып отыр. Сонымен бірге, бұқаралық ақпарат құралдары бүгінгі таңда сайлаушыларға әсер ету құралы немесе саяси және қаржылық топтардың мүдделерін білдіру құралы ғана емес, сондай-ақ белгілі бір аймақтың тұрғындарының мүддесіне сай ақпараттандыру арнасы ретінде де қарастырылуда. Оның қызметіндегі елеулі кемшіліктерге қарамастан (саясаттандыру, экономикалық тәуелділік) халыққа жүргізілген әлеуметтік деректерге сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарын өкілетті деп санайды және басқа әлеуметтік және саяси институттарға қарағанда көбірек сенеді. Бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы мен рөлін күшейту, сондай-ақ олардың аймақтағы саяси өмірде олардың аймақтардағы саяси өмірде олардың қызметінің тиімділігі, біздің ойымызша,екі негізгі бағытта жүргізіледі: коммуникативті БАҚ-тың аудиторияға бағытталған әсері ретінде (аудиторияны хабардар ету, оны нақты әрекеттерге ынталандыру, оқиғалардың мәнін түсіндіру) және экономикалық бағытта, яғни, медиа ұйымдардың иелері мен құрылтайшылардың пайда табуы. Бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалдылығы мен тиімділігінің коммуникациялық бағыты, біріншіден, белгілі бір саяси оқиғаларға назар аударғанда, саяси қайраткерлер, саяси дау-дамай және т.б. арқылы аудиторияның саяси оқиғаларға, саяси процестерге назарын аударту. Атап айтқанда, саяси көшбасшыларға берген аудиторияның бағасы БАҚ-тағы материалдардың негізінде және ықпалының нәтижесінде қалыптасады. Бүгінгі таңда аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары өз қызметін төмендегі компоненттер мен өздерінің қабілеттерін пайдалану арқылы өзгертеді: жаңалықтар мен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын өңдеудің белгілі бір схемасы, ақпаратты тарату арнасы ретінде аудиторияға оңай қолжетімділік, саяси өмірдегі маңызды оқиғаларды таңдап, түсіндіру тәсілдері де бар. Мұның бәрі аймақтың саяси өміріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық-саяси рөлінің маңыздылығына баса назар аудартады. Зерттеулерге сәйкес, аймақтық БАҚ-тың трансформациясы қазіргі уақытта өте өзгермелі түрде: бір жағынан, аймақтық БАҚ саяси коммуникацияның күшті, әрі ықпалды арнасы болып . Аймақтың саяси және коммуникациялық кеңістігінде БАҚ-тың, қоғамдық-саяси рөлі үш негізгі қағидаға байланысты болуы мүмкін:
TEXT
kaz
25,596
Сарапшылардың пікірінше, бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелері яғни құрылтайшыларына пайда әкелмейінше, оны дамытып және қолдау көрсетпейінше БАҚ кәсіпорын ретінде қабылданбайды. Бұқаралық ақпарат құралдарыны саяси қарым-қатынаста аспаптық рөл атқарады. Бұл көзқарас саяси күштер мен шешімдердің пайдасына шешілетін БАҚ-тың және оның иесінің, құрылтайшысының сипаттамасымен расталады. Аймақтың саяси өміріндегі бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін жетілдіру үшін өңірлік БАҚ-тың жұмыс істеуінің әртүрлі аспектілеріне қатысты сарапшы топтардың бірлескен әрекеттері болуы қажет. Тек осы жағдайда ғана аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты жергілікті және ұлттық деңгейде тиімді мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға болады. Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдары аймақтың саяси өміріндегі өте ықпалды күш болып табылады, сондай-ақ, көптеген жаңа ақпараттық және коммуникациялық өзара қарым-қатынастар дамып келе жатқан қоршаған ортаның маңызды құрамдас бөлігі болып . Әлеуметтік коммуникациясының ұйымдастырушылық функциясын аймақтық БАҚ атқарады. Медиамәтіндер әлеуметтік байланыстың сапалық сипаттамасына әсер ететін бірыңғай семантикалық кеңістік құруы керек. Дегенмен, бұқаралық ақпарат құралдары шындықты дұрыс көрсете отырып, шындықтың ақпараттық моделін қалыптастыру мәселесімен бетпе-бет келеді. Аймақтың тұрғындарын әлеуметтік маңызды деректерімен жергілікті және жаһандық маңызы бар оқиғалар, маңызды саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестер туралы қажетті ақпарат береді. Сонымен қатар, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары әлеуметтік шиеленістің өсуіне, қоғамдық кеңістіктің «этнизациясына» әсер ететін әртүрлі әлеуметтік топтар мен мекемелерге қатысты дұшпандық сезімдерін қалыптастыруға әсер етуі мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдары бұқаралық аудиторияға әсер етудің негізгі ресурсы мен тиімді құралы болып табылады. Ақпараттық капиталға ие болу үшін күрес әсіресе сайлау науқаны кезінде шиеленіседі. Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өткізілген контент-сараптамасы бойынша сайлау науқаны кезінде қарсыласына әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады (ақпараттың толық еместігі, жартылай шындық, өтірік айту). Аймақтағы әлеуметтік шиеленістің екінші тақырыбы ұлтаралық, конфессиялық қақтығыстар болуы мүмкін. Контентті-талдау нәтижиелері көрсеткендей, медиа-мәтіндерде дұрыс емес тақырыптар мен хабарландырулар болуы мүмкін, ал журналистер хабарламаларда жаргон сөздерді қолдануы да мүмкін. Бұқаралық ақпарат құралдардағы мәтіндерде «өшпенділікпен сөйлеуді» пайдалану, әрине, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты теріс көзқарасын туғызады. «Өшпенділікпен сөйлеу» этникалық және конфессиялық топтар немесе олардың өкілдері туралы кез келген қате мәлімдеме беруі мүмкін. Мысалы, газет беттерінде «грузин-шешен қарақшылары», «ауған террористері», «кавказ ұлтының өкілдері», «араб-азия ұлтшылдары», «циган бақыты», «шетелдіктер еліміздің жартысын жаулап алды» деген сынды тіркестер сирек кездеседі. Бұл тіркестер пішіні жағынан ғана емес, мағынасы жағынан да дұрыс емес, ол әртүрлі топ өкілдерінің арасында наразылық тудырып қана қоймай, қоғамдағы этносаралық татулықтың нығайуына кері әсер етеді. Медиа саласының үш негізгі нормативті нысаны бар: бұқаралық ақпарат құралдарындағы меншік және басқару саласындағы мемлекеттік монополия, басқарушылары автономияны пайдаланып және атқарушы немесе заң шығарушы билікке тікелей бағынбаған кезде қоғамдық бақылау жүйесі, мемлекеттік реттеумен бірге жүретін жеке меншіктік нысан. Тек қана нарықтық тетіктерді қолдайтындар жеке бұқаралық ақпарат құралдардың демократиялық құндылықтарға бағдарланған ақпараттық құрылымды дамыту үшін аса маңызды. Бұқаралық ақпарат құралдарының нарықтағы реттеушілік қызметіне қарсыластары өз уәждерін келтіреді. Бұқаралық ақпараттық процестердің заманауи саласы ақпаратты таңдау бостандығын шектей алатын концентрация мен монополияға қарсы үрдістерімен сипатталады. Сондықтан, мемлекеттік медиа саясаттың негізгі мақсаты қоғам өкілдерінің көпшілік көзқарастары, идеялары мен ұстанымдарын сипаттайтын бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен қолжетімділігін қамтамасыз ететін жағдайларды жасау болып табылады. Ақпараттық ресурсқа ие болудың маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше: *«Билік шындықты айқындау және саналы шешімдерді жетілдіру үшін қоғамда қолданылатын жаңа мәдени кодтарды құруға қабілетті адамдарға тиесілі. Кодтар мен конвенцияларға негізделген қоғамда номинацияның күші, әлемді құрудың күші үшін үнемі күрес жүріп жатыр. Мемлекет әлеуметтік саланың актері ретінде осы билікті иеленуге ұмтылады»* [8,90-б]. Аймақтық биліктің лауазымды тұлғалары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерінің жүргізген сараптамалық сауалнамасының нәтижелері аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының басты мәселесі олардың билік институттарына қаржылық және ұйымдастырушылық тәуелділігі болып табылатынын көрсетеді. Біздің сауалнамаға қатысқан қазақстандық журналистердің көпшілігі аймақтық БАҚ-тарды халыққа билік институттарының әсер ету құралы ретінде бағалайды (28,6%). Аймақ шенеуніктері мен журналистері аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін анықтауда респонденттердің негізгі мақсаты ретінде билік институттарының қызметіне (лауазымды тұлғалардың 38,1%-ы және журналистердің 42,9%-ы), сондай-ақ халықтың мүддесін және нақты өкілдікті қорғауды емес, облыс тұрғындарының әлеуметтік проблемаларын емес билік ұсынған ақпараттарды таратады екен. Бұл аймақтық БАҚ-тың билікке тәуелді екенін көрсетеді. Бұқаралық коммуникацияларды цензура ретінде мемлекеттік реттеудің осындай шаралары бар екендігі туралы респонденттер арасында пікірі бөлінісі туындады. Респонденттердің 71,4 алдын-ала цензура бар екендігін мойындайды. Респонденттердің көпшілігі «зорлық-зомбылық», «жыныстық қатынастар», «жарнама» сияқты тақырыптар цензураны талап етеді деп санайды. Респонденттердің жартысынан көбі жұмыс барысында цензураға тап болғандарын мойындайды. Ал респонденттердің 57,1 %-ы цензураны «қажет емес» деп санайды екен. Журналистердің кәсіби ұйымдарының тиімді жұмысында (50%), бұқаралық ақпарат құралдарының (33,3%) немесе ақпараттық даулар бойынша аралық сотты (16,7%) реттейтін арнаулы қоғамдық құрылымдарды құрудың тиімділігі көрініс табуы мүмкін. Осылайша, сауалнама нәтижелері бойынша мынадай қорытындылар жасауға болады. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік саясат, ұлттық идеология насихатталуы тиіс. Алайда, қатты әкімшілік бақылауда болған бұқаралық ақпарат құралдарының тиімді жұмыс істеуі де қиынға соғады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы бәсекелестік болуы шарт. Ол үшін өңірлік деңгейлерде қоғамдық кеңестерді құрып, міндетті ақпараттық дауларды қарауға, абырой, ар-намыс пен іскерлік беделін қорғау, бұқаралық ақпарат құралдарында қатігездік пен зорлық-зомбылыққа насихаттауға қарсы күресті күшейту керек сияқты. Қазақстандағы аймақтық БАҚ-тың қызметі мен дамуының сараптамасы, БАҚ-тың аймақтық жүйелерінің өзгешелігі өте өзекті мәселе болып табылады. әрбір жекелеген аймақтарында нарықтық жағдай айтарлықтай деңгейде аймақтағы мемлекеттік, экономикалық элиталардың шешімдеріне байланысты қалыптасып, рухани мәдениетті дәл осы БАҚ-тың көмегімен қалыптасты деуге болады. Билік пен халық арасындағы саяси диалогты ұйымдастыруда бұқаралық ақпарат құралдарына толықтай және аймақтық баспасөзге жекелеген түрде үлкен жауапкершіліктер жүктелген.
TEXT
kaz
25,597
ХІХ ғасырдың аяғына таман Қазақстанда ауқымды түрде қызмет атқарған саланың бірі – кітапхана болды. Кітапхана ісі көптеген сирек кездесетін ескі қолжазбалар мен көне кітаптарды жинастырып, көптеген ғылыми мекемелермен және мерзімді басылымдармен құнды материалдармен алмасып, ауқымды қызметтер атқарды. Сөйтіп, бірте-бірте өлкеде ғылыми кітапханалар өз қызметін бастап, ал қоғам мүшелері туған өлке тарихын зерттеуге мүмкіндік алды. Нәтижесінде ХІХ ғасырда өлкемізде құрылған мемлекеттің мекеме мен ғылыми ұйымдар және түрлі қоғам жанынан құрылған мұрағаттар мен мұражайларда кітапханалар жұмыс істей бастап, басылып шыққан жаңа кітаптармен толығып отырды. Тарихи мәліметтерге келтірсек, (1800-1876) ХІХ ғасырда кітапхана саласының дамуына зор үлес қосып, Ресейдің ірі губернияларында 31 көпшілік кітапхана мен 7 уездік кітапхананың пайда болуына оның есімі тарихта қалған. Оған дәлел кітапхана саласын зерттеумен айналысқан тарихшы В. қырғыздары (қазақтары - .) шекаралық басқармасының жанында бай кітапханалардың болғанын жазып кеткен. Григорьев болса сол уақыттағы кітапхана ісінің ұйымдастырылуын жоғары бағалаған [1]. (1816-1881) істер министрлігінде қызмет атқарған, Ресейлік ғалымдар ішінен академиялық бағытта Қазақстанды ғылыми тұрғыда зерттеп, еңбек еткен шығыстанушы. бұйрығымен 1852 жылдың 10 қаңтарынан 1863 жылдың қаңтарына дейінгі Орынбор генерал-губернаторлығында қызмет атқарады. Ордасына қызмет бабымен келіп, Орданың әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, өткен тарихын жазу туралы қосымша тапсырма алып, кейін қазақ қоғамына байланысты маңызды еңбектерін жазып қалдырған. Шығыстанушы ғалым қазақ тарихы мен мәдениетін зерттеуде алдымен Қазақстан мен туралы мол деректі 1853 жылы орын алған қоқандықтардың Ақмешіт бекінісіне жорығына қатысқан кезеңді жинайды. жорықта жорық кеңсесін басқарған. тапсырмасы бойынша ғалым үш тарихи жазбаны әзірлеп, Орал 18 *  ХАБАРШЫСЫ. Тарихи ғылымдар. Философия. Дінтану сериясы 1 (130)/2020* және Орынбор орыс-казактары туралы тарихи мағлұматтарды жинақтайды. Сөйтіп, қазақ өркениетіне байланысты көптеген жаңалықтар ашады. Мысалы, шығыстанушы . туралы жазған мақалаларында қазақ даласының тарихы, экономикасы, мәдениеті және этнографиясы туралы мәселелер көтерген [1]. 1857 жылы профессор қазақ даласын аралап, Қарақұм шөлейті, Ембі, Тобыл, Ой бойларында болып, кейіннен « Хиуаға дейінгі сапарының нәтижелеріне ескертпе», «Хиуа хандығының суреттемесі жэне Сарайшық бекінісінен хандыққа дейінгі жол», «Бұхар мақтасы, оны Сырдарияға өсірудің мүмкіндіктері», «Орынбор қырғыздары (қазақтары - Ұ.A):олардың адалдығы және сауда ісіне икемділігі», «Қырғыз тілі дыбыстарының орыс әріптерімен берілуі», «Троицкідегі қазақ балаларына арналған мектеп», «Үстірт арқылы өтетін темір жол туралы», «Жайық өзеніндегі параход жүргізу ісі», «Жайық өзенінен Сырдарияға дейін кеден шебін созу туралы», «Амудария өзенінің көне ағысы туралы» бірнеше ғылыми мақалаларын жазған. Оның қазақтарға адамгершілік сезімінің жоғарлылығы сонша, қазақ тілінде жазған хатында: «Өзім де қазақтың қалпағын киетін болдым, мұрт қойдым, мұнымның өзі мұрттан гөрі сақалға көбірек ұқсайды, шекпен киіп отырамын. Мұның бәрі маған тамаша ұнайды... Қымыз ашыту өнерін де үйреніп алдым»,-депті. Сонымен қатар, ол қазақтардың егін шаруашылығымен айналысуына қолдау білдірген [1]. Оның әкімшілік саласындағы қызметі ғылыми жұмыспен айналысуға көптеген кері әсерін тигізген. ғылыми әдебиеттердің жетіспеуі салдарынан оған Санкт-Петербургтегі жеке кітапханасын көшіріп әкелуге мәжбүр болады. ғылымға деген қызығушылығы сонша, ол Орынбор генерал-губернаторымен келісімге келіп, 1853 жылы Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан қалаларынан кітап алдырту үшін күміс ақшамен 1000 руб. қаражат бөлгізген. университетінен әкелінген қазақ және елдері тарихы туралы мол кітап қорлары жинақталған. Бұл кітапхана қоры . әкімшілігінде қызмет атқарған кезінде жүзеге асса, ал ол қызметінен кеткен соң, бұл кітапхана тоналып, талан-таражға түскен. жасақтаған бұл бай кітапхана қорын ағартушы педагогы де пайдаланған. Оған дәлел : « түске дейінгі уақытты қалдырған кітаптарын оқумен өткізетін, кітаптан тек қазақтар келгенде ғана бас көтеретін, себебі, ол қазақтарға тілмаштық қызмет көрсетті. кеңесі бойынша ЫАлтынсарин кітап оқыған кезде өзіне таныс емес орыс сөздерін арнайы дәптерге жазып отырды, сосын бұл дәптерді көрсететін, ол әр сөздің тұсына оның мазмұнын қысқа және дәл жазып беретін» деп жазған екен [1]. қазақтың ағартушы ғалымдары танысып, , сынды ғалымдармен дос та болып кеткен. Белгілі ғалым болса, жеке мұрағатынан Шоқан туралы біраз мәлімет табуға болады десе, американдық тарихшы « халықтары» монографиясында: «Григорьев жазған кезең барысында, яғни, 1870 жылы татарлардың ықпалы аз болды. 1850, 1860 және 1870 жылдарда , , арқылы көрініс тапқан қазақтың зиялылық гүлденуі орыстық бағытта болды. Тек келесі кезеңде ғана татарлар ықпалы сезілді», — деп баға берген. « татарлар» деп тұрғаны түркі халықтары жөнінде болуы керек, XX ғасыр бас кезеңінде тәуелсіздікке ұмтылған қазақ елі түркі халықтарымен біріге әрекет еткені бәрімізге аян [1]. XIX ғасырдың II жартысында аймағында кітапхана ісімен айналысқандар қатарына , , , , жатқызуға болады. қазақтар туралы библиографиялық зерттеу жұмысын жүргізіп, кейін оның 1900 жылы Қазан қаласынан жарық көрген «Указатель книг, журнальных и газетных статьей и заметок о киргизах» деп аталатын еңбегі көптеген ғалымдардың оң бағасына ие болған [1]. 1878 жылдың 5 мамырында құрылған Қазан университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамы 1889 жылы Мұрағаттық комиссия мүшелері шешімімен өзінің ғылыми еңбектерімен хат алмасуды ұйғарған. Комиссия кітапханашысы мәлімдеуінше, XVII-XIX ғасырлар аралығындағы кітаптары мен баспасөз материалдары мен көне кітаптар мен ескі қолжазбаларды жинақталған. Мұрағаттық комиссия кітапханасы қорында 1895 жылы 6700 атаулы кітап, 10000-ға дейін том болған. 141 бет. Сонымен қатар пен сияқты комиссия мүшелері өздерінің көне кітаптарын кітапханаға қалдырып отырса, жеке адамдар сыйлаған көне кітаптар саны 98 атаумен 100 томға жеткен [1]. XIX ғасыр аяғы мен XX ғасырдың басында Шығыс кітаптарын бастырып шығаруда ағайынды Каримовтардың үлесі өте зор болды. Кітап басу ісі алғашқы болып 1900 жылы 1 наурызда Қазан қаласында өз қызметін бастаса, ал 1900 жылдың 28 қарашасында Орынборда жүзеге асты. Нәтижесінде 1901-1904 жылдары 79 кітап басылып, олардың жалпы тиражы 172 мың данаға дейін жеткен. Ал 1917 жылға дейін ағайынды Каримовтар баспаханасында 2000 түрлі атаумен түркі тілдес халықтардың кітаптары басылып шыққан. XX ғасырдың бас кезінде баспахана ісін дамытуда біріге қызмет атқарған. Айта кетсек, «Қазақ кітаптарының тарихынан» атты көрген қазақ кітаптары туралы зерттеуіне өз үлестерін қосқан. Хусаинов болса, Орынбор, Қазан, Ташкент, Омскі, Уфа, Санкт-Петербург, Верный, Астрахан қалаларынан өздерінің жеке баспаханаларын ашқан. 1901 жылы тұратын кішісі Мухамед- болса, «Қырғыз хрестоматпясы» (1879 жыл), Нүрымұлының «». Өлеңдер жинағын, (1907 жыл), «Қыргыз » («Букварь для киргизских аульных школ») (1908 жыл), «Қырық мысал» ( «Сорок басен») (1912 жыл), орыс тілінен аударған «Адамның чумасы туралы» ( «О чуме») жэне «Обадан қалай сақтану» («О предохраненении от холеры») (1911 жыл) және т.б. жеке баспаханасынан шығарып көмектескен. Ғылыми мұрағаттық комиссия ісіне , , , , , , , , сияқты түркі тілдес халықтар өкілдері жұмыс істеуі барысында 1912 жылы 576 түрлі атаумен, барлығы 6332 том кітап жинақталса, 1914 жылы бір жылдық есеп бойынша 924 атаумен жаңадан кітап түсіп, барлығы 1179 томға жеткен. Сонымен қатар 1914 жылы 7 мамырында оздырылған Комиссия мәжілісінде « облыстарының жүйеленген заңдар жинағы» мен «Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарың басқарудың жоғарыдан бекітілген Уақытша ережесі» атты екі кітабын сыйға тартса, 1914 жылы 26 тамызында өзінің әкесі « және Орынбор өлкесі» атты еңбектің 30 данасын табыс еткен. Мұның барлығы елдегі кітапханаларды тізімдеп, жинақтауға және олардың жүйелі жұмыс жасап отыруын қажет етті. Бұл ауқымды шараларды реттеуге Халық ағарту министрі қызметін атқарған граф . жылына 3000 руб. бөлініп тұратындығына уәде берген [1]. 1905 жылдан бастап Ғ. жергілікті «Фикр» жаңа мұсылмандық газетінің баспаханасына қызметке орналасып, бастапқыда айлық жалақысы 5, ал кейін 10 рубльге дейін өсті. Баспаханадағы қызметі оны әдебиет ұшқынын оятып, газет ісіне жақындатып, оған әрі оқуын жалғастыруға мүмкіндік туғызды. Тоқаевтың 1905 жылдан бастап жарық көре бастаған шығармаларының ең алғашқысы «Мужик юкусы» (Ер ұйқысы) деп аталды. Таңдалған тақырып кездейсоқ болған жоқ. Алғашқы шығармашылық кешінде алдымен ер адамның ұйқысына арналған шығарма кіші бауырының қайғысына арналған. үшін өзге өңірлерге қарағанда Орал қаласы өмірдің кездейсоқ сатысы іспеттес болып көрінді. Себебі оны қашанда мәдениеті бай Қазан қаласына тартып тұрды. Сөйтіп, 1907 жылы кездейсоқ мұра ретінде қабылдаған 100 рубльге Ғ. қаласына келіп, өмірінің соңына дейін осы аймақта бар күш жігерін поэзия мен публицистикаға арнады [1]. -Кауфман татар даласындағы миссионерлік бағытқа жақсы көзқарас танытпады. 1896 жылы татар даласындағы жүзеге асып шараларға ислам даласын насихаттаушылар және экономикалық тұрғыда қанаушылар деген бағасын берсе, ал : «татарлар миссионерлік бағыт пен саудада бәсекелес танытып, сауда мешіт мүдделерін ғана жақтап, ал көшпенділерді азиаттық ауылшаруашылық мәдениеттің тәжірбиесімен таныстырды»,-деген пікірді ұстанды [1]. Сонымен қатар, автор: «Қазалы қаласындағы татар мектептері болса орыстардың қабылдаған еуропалық оқыту әдістерімен бәсекелес болды. Бұл бәсекелестік біртіндеп күшейіп, орыстардың назарын өздеріне аудара бастады. Белгілі бір шаруашылық түрі мен саудамен айналысып, өзіндік мәдениетін қалыптастырды. Татарлармен бәсекелес болған сарттар: «. Бірақ мұндай өмір сүру салты татарларға қатысты емес. қаласындағы мектептерінде білім беру үрдісі жаңа дыбыстық әдістер бойынша жүргізді. Татарларды еуропалық әдістермен мұсылмандарды таныстыруда ресейлік бәсекелестер болды. Ферғана облысының 1908 жылғы деректеріне сүйенсек, содан 10-12 жыл бұрын мұғалімдердің басым көпшілігі Ресей губернияларынан келген. Түркістандағы татар мектептерінің пайда болуы осы онжылдыққа сәйкес келіп, алайда орыс мектептерінің саны жағынан өсуі байқалып, олардың саны 1896 жылы 28-ге, 1906 жылы 83-ке, 1911 жылы 89-ға жетті [1]. Бірақ та 1910 жылы Ташкентте ашылған 162 оқушы білім алған 8 орыс мектебіне қарағанда, ірі қалалық орталықтарында құрылған татар мектептері айтарлықтай үлкен табыстарға жетті. татар мектебінің даму тарихы Ферғана облысының статистикалық деректерімен қайшы келіп, көрсетілген мәліметтер күмән туғызады. Статистикалық деректерге сүйенсек, 1908 жылы Ферғана облысында 1306 білім алушыдан тұратын 30 мектеп (оның ішінде Қоқан қаласында 607 білім алушыдан тұратын 12 мектеп), 1910 жылы 12 мектеп болса, оның ішінде Қоқан қаласында 8 мектепте 530 адам сауатын ашты. Жаңадан ашылған татар мектептері жергілікті тұрғындарға әсер етпей қоймады. Мысалы, 1910 жылғы деректеріне сүйенсек, 1900 жылы Түркістан қаласындағы 30 татар мектебінде оқытудың жаңа әдісі дұрыс жүргізілсе, тек екі мектебі біртіндеп жаңа әдіске . 1903 жылы жаңа әдісті татар мектептерімен қатар 6-7 жылдық қырғыз мектептері де қолдана бастады. Әрине татар мектептері ауылдық өңірлерде емес, ірі татар орталықтарында құрылды, осы орталықтарда татар мектебінің жұмысы орыс тілінен гөрі әлдеқайда сәтті жүрген. 1910 жылы Ташкентте 162 оқушысы бар 8 орыс мектеп және 530 оқушыдан тұратын 8 жаңа мектепте негізінен татарлардан келген мигранттар шоғырланған. Түркістандағы татар мектебінің тарихына тоқталсақ, өз кезінде даму тарихы әлі жетілмеген, 1903 жылы құрылған осы мектептерде қырғыз мұғалімдері қызмет атқарған [2]. Осылайша, 1892 жылы орыс бастауыш сыныптарының мұғалімдерінің жетіспеуіне байланысты бірнеше жылдан соң татар мектептерінің ықпалы өсе бастады [2]. Оның үстіне, Поволжьедегі татарлардан бөлек, сарт әдебиетіне 1888 жылы Самарқандқа темір жол ашылғаннан кейін, 1898 жылы Ташкент қаласына дейін жалғасқан Түркістанда басқа кавказдықтармен бірге көп мөлшерде пайда болған Кавказдан келген татарлар (әзірбайжандар) да әсер етті. темір жол ашылғаннан кейін Кавказ бен Персиядан келген эмигранттар Сырдария облысының солтүстік бөлігіне кірді [2]. , сонымен қатар, қаталдық пен қарапайымдылықты, анықтықты бейнелейтін әртүрлі түйреугіштердің сынықтарынан орысша шрифтердің жаңа суреттерін жасады. Тіпті, университеттің, Уақытша үкіметтің, Антонов, Вараксин сияқты Қазанның ірі баспаханалары да сызбаларына сәйкес жаңа орыс қаріптерін алуға мәжбүр болды [4]. кейін татар кітаптарын ескі тәсілмен басып шығаруды жалғастыру мүмкін болмады. Бұл жетістіктерді есепке алмағандар татар кітаптарын басқаларға басып шығаруға жол беруі керек еді. Солардың бірі 60-жылдардан бастап татар кітаптарын шығарған Чиркованың мұрагерлерінің баспаханасы. XIX ғасырда осыдан үлкен пайда түсіріп, жаңалықтары өзгерткісі келмеген , татар кітаптарын басып шығаруды тоқтатуға мәжбүр болды. басқа баспаханаларына да қатысты болды. кейінгі кейбір баспаханалар жаңа татар қаріптерін алуға және татар кітаптарының полиграфиялық дизайн деңгейін көтеруге мәжбүр болды. баспаханасынан татар қаріптерінің әр түрлі жаңа қаңқалары сатып алынды, әсіресе, 1910 жылдан бастап Қазан, Орынбор, Уфа, Астраханьдағы барлық татар баспаханалары. Бұл қаріптер Кавказ, Семей, Ташкент баспаханаларынан, тіпті Циньянь қаласынан да келіп түсті [5]. ХХ ғасырдың басында татар халқының баспасөзге деген сұранысының өсуіне байланысты Қазанның басқа да аймақтарында татар баспаханалары пайда болды. Мұндай мекемелер, әсіресе, татарлар басым көпшілігі құрайтын Петербург, Астрахань және өзге аймақтарында пайда болды. Санкт-Бораганскийдің және Каримидің баспаханаларынан басқа мекемелер бірінші орыс революциясының арқасында пайда болды. Бұл мекемелердің қызметі татарлардың кітап ісінің алға басуына айтарлықтай үлесін қосты. Айта кетсек, олардың ішіндегі басылымдар саны мен жарияланған жұмыстардың құндылығы жағынан Орынбор баспаханасы бірінші орынды иеленді. Араб хаттары негізінде жазылған татар қаріптері өте ерте - ХІХ ғасырдың 30-жылдарының басында пайда болды. генерал-губернаторының әскери баспаханасында аймақ басшылығына арналған түрлі бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығару үшін құрылды. Бұл қаріптер кітаптар басып шығару үшін пайдаланылмады [3]. Бреслин баспаханасы Орынбордағы бастауыш мектептеріне арналған шығыс баспа тарихында елеулі із қалдырмады. ХІХ ғасырдың аяғында мұнда 20-ға жуық татар, қазақ, башқұрт тілдерінде басылымдар шығып, олардың орыс қаріпінде басылып шығуына тапсырыстар берілді. Ал ХІХ ғасырдың аяғында мұнда кітаптарды араб графикасында шығару жандана бастады [6]. 1899 жылы «Хатыннар вазыйфысы» («Әйелдердің міндеттері») атты аудармасы, «Заман» атты күнтізбесі, «Рэхбар имла» («Емле ережелері») және тағы да басқа шығармалар жарияланды. 1900 жылы Орынборда татар баспаханасының ашылуына байланысты Бреслиндегі баспахана ісі өз жұмысын тоқтатты. 1915 жылға дейін жұмыс жасаған Бреслин баспаханасы кейінгі жылдары әртүрлі іс-қағаздары мен бланкілерді және затбелгілерін және т.б. басып шығарғанмен, Орынбордағы орыс тарихына қатысты шығармаларды жариялауда қосқан үлесі аз болды. Ал ХХ ғасырдың басында православиелік шығармалар шығыс тілінде басылды [3]. ХХ ғасырдың басында татар кітаптарының сапасын анықтау мақсатында Баспа істері жөніндегі Санкт-Петербург комитеті ресми түрде татар кітаптарына деген цензураны тоқтатты, бірақ 1906 жылдың басынан жеке баспаханалар жариялаған кітаптарын ереже бойынша комитетке жіберуді жалғастырды. Осылайша 1906 жылдың алғашқы 2-3 айында ішінара «тізілімдерде» тіркелген кітаптар ғана басылып шықты [1]. 1905 жылғы революциядан кейін Қазан уақытша баспасөз комитеті құрылған уақыттан бастап, алдымен, Қазан қаласындағы татар кітаптарына, кейін Еділ, Орал, жарияланған барлық тілдегі басылымдарға цензура жүргізді. Комитет өз қызметін 1907 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Баспасөзде жарияланған барлық кітаптарға ескерту мақсатында Қазанның баспасөз істері жөніндегі уақытша комитеттің кітабын» ұсынды [6]. Татар тіліндегі кітаптар башқұрт, қазақ, ұйғыр, өзбек, түрікмен, әзірбайжан, құмық, қарақалпақ және т.б. түркі тілдес халықтарына қол жетімді болды. Татар оқырманы үшін жарық көрген кітаптар осы түркі тілдес халықтар арасына таралып, оларға рухани азық болды.
TEXT
kaz
25,598
Бұл мақалада қазiргi таңдағы экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдары талқыланған. Соңғы жылдары ISO өнiмдерiнiң сапасын қамтамасыз ету және басқару, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауiпсiздiгi мен адам денсаулығын сақтау, табиғи ресурстар мен энергияны ұтымды пайдалану, ақпараттық технологияларды ақпараттық қамтамасыз ету, басқарма, сауда, өндiрiстегi құжаттарды жетiлдiру бойынша тиiмдi жұмыс көлемi айтарлықтай өстi. ISO 14000 халықаралық стандарттар әлемдiк экономика мен жаһандық және экологиялық проблемаларды шешудiң маңызды құралы болып табылады. Бұл мәселелердi шешудiң ең тиiмдi жолы- 14000 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес экологиялық менеджменттi дамыту және енгiзу. Өнеркәсiптiк кәсiпорындарда экологиялық менеджмент жүйелерiн құру қоршаған ортаны жақсартудың маңызды қадамы болып табылады. Оның негiзгi мақсаты ұйымдардың қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып, экологиялық көрсеткiштерiн жақсартуға көмектесу болып табылады. Түйiн сөздер: стандарттау, қоршаған орта, экологикалық нормалау, минералды ресурстар, экологикалық қауiпсiздiк.
TEXT
kaz
25,599
Кiрiспе. Нарықтық қатынастар халықаралық сауда-саттықты кеңейту, экологиялық қауiпсiздiк проблемалары және ресурстардың барлық түрлерiнiң жинақталуы, сөзсiз стандарттау, сертификаттау және өнiмдер мен қызметтердiң сапасын жоғарылату, өндiрiс пен тұтыну тиiмдiлiгiн арттыруға алып келдi. Соңғы жылдары ISO өнiмдерiнiң сапасын қамтамасыз ету және басқару, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауiпсiздiгi мен денсаулығын сақтау, табиғи ресурстар мен энергияны ұтымды пайдалану, ақпараттық технологияларды ақпараттық қамтамасыз ету, басқарма, сауда, өндiрiстегi құжаттарды жетiлдiру бойынша тиiмдi жұмыс көлемi айтарлықтай өстi. Тарихы. ISO Кеңесi 1993 жылы «Қоршаған ортаны қорғау және басқару» жаңа ISO / TК 207 комитетiнiң құрылуын бекiттi. Ол қоршаған ортаға қатысты сапа менеджментi мен аудит саласында ISO / TК 176-мен тығыз ынтымақтастықта болады. TК 267-не 29 белсендi мүше, 8 бақылаушы және 8 халықаралық ұйым кiрдi [1, 194-196 б]. Талдау. Қазiргi уақытта қоршаған ортаны басқару жүйесi ISO 14000 стандарттары бойынша былай реттеледi: қолдануға қатысты жүйелiк элементтер мен қондырғылардың құрамы, сипаттамасы; басқару принциптерi, қамтамасыз ету жүйелерi мен құралдары; аудиттiң жалпы принциптерi мен процедуралары, қоршаған ортаны басқару жүйелерiнiң аудитi және қоршаған ортаны қорғау аудиторларына қойылатын талаптар. ISO 14000 халықаралық стандарттар әлемдiк экономика мен жаһандық және экологиялық проблемаларды шешудiң маңызды құралы болып табылады. Бұл мәселелердi шешудiң ең тиiмдi жолы - 14000 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес экологиялық менеджменттi дамыту және енгiзу. Өнеркәсiптiк кәсiпорындарда экологиялық менеджмент жүйелерiн құру қоршаған ортаны жақсартудың маңызды қадамы болып табылады. Оның негiзгi мақсаты ұйымдардың қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып, экологиялық көрсеткiштерiн жақсартуға көмектесу болып табылады. Әлемдегi ұйымдар, сондай-ақ басқа да мүдделi тараптар қоршаған ортаны қорғау қажеттiлiгiн барынша түсiнедi. Экологиялық мәселелермен айналысатын ұйымдарды белсендi басқару үшiн ISO 14000 экологиялық менеджмент стандарттарын дайындады, оның негiзгi екi стандарты: «ISO 14001:2004 экологиялық менеджмент жүйесi». «ISO 14004:2004 қоршаған ортаны басқару жүйесi» және «Пайдалануға қойылатын талаптар». Техникалық қызмет көрсету принциптерi, жүйелерi мен әдiстерi туралы жалпы нұсқаулар. ISO ТК-207 техникалық комитетi ISO 14000 сериясын әзiрлеу үшiн жауапты болып табылады және 1996 жылдан бастап, осы және өзге де салаларда стандарттар әзiрлеу, экологиялық таңбалау, өмiрлiк циклдi бағалау, парниктiк газдар менеджментi және тиiстi iс-шаралар, сондай-ақ өнiм өндiрiсi процесiндегi бiрқатар қызметтер атқарады. ISO 14001 экологиялық менеджмент жүйелерi халықаралық ең танымал база болып табылады. ISO 14001 негiзiндегi СЭМ қызметiнiң негiзгi мақсаты қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету және әлеуметтiкэкономикалық қажеттiлiктермен теңгерiмдiлiктiң ластануын болдырмау болып табылады. ISO 14001 кез келген ұйымның түрiне (мемлекеттiк, жеке, өнiмдi), (шағын, орта немесе iрi) енгiзiлiп iске асырылуы мүмкiн. ЭМЖ ISO 14001 негiзделе отырып қоршаған ортаға кәсiпкерлiк қызметтiң әсер ететiн аспектiлерiнiң анықтауға көмектесу, осы әсерлердi азайту мақсатында және басқа да операциялық басқару элементтерiн iске асыру үшiн бағдарламаларды дамытуға, мақсаттар мен мiндеттердi орнату, экологиялық саясаттың сақталуын қамтамасыз ету үшiн құрылған. ISO 14001 ең төменгi экологиялық көрсеткiштердi белгiлемейдi. Стандарт қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатқа енгiзiлген экологиялық көрсеткiштердiң мақсаттарына жетудi талап етедi. Сондай-ақ қолданыстағы экологиялық заңдарға сәйкес экологиялық көрсеткiштердi үздiксiз жақсарту бойынша мiндеттемелердi көрсетудi талап етедi. ЭМЖ ISO 14001 стандарттары мен ЭМЖ ISO 9001 стандарттары бiр-бiрiмен үйлесiмдi болғандықтан оларды бiрiктiруге болады. 1 – сурет. ЭМЖ ISO 14001 стандарттарының қызметi Ұйымның қоршаған ортаны қорғау көрсеткiштерi тұтынушылар және мүдделi тараптардың - қарапайым азаматтардың, реттеушiлердiң, қызметкерлердiң, сақтандыру компанияларының және акционерлердiң кең ауқымды жеткiзушiлерiн қамтиды. Әрбiр қатысушы қоршаған ортаның сапасына қызығушылық танытады. Осылайша, ISO 14001: 2004 негiзiнде экологиялық менеджмент жүйесiнiң сақталуын растау дұрыс бизнестiк шешiм болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, ISO 14001 - ұйымның барлық түрлерiне және мөлшерiне қолданылатын және әр түрлi географиялық, мәдени және әлеуметтiк жағдайларды есепке алатын экологиялық менеджмент жүйесiнiң жалпы талаптары жиынтығы болып табылады. Жүйе өндiрiсте де, қызмет көрсету секторында да пайда тигiзедi, себебi барлық кәсiпкерлiк қызмет түрлерi қоршаған ортаға әсер етедi. ISO 14001-нiң iске асырылуы индустриалды секторда кең таралғанына қарамастан, стандарт қызмет көрсету секторына электр және энергия көздерi, сумен жабдықтау агенттiктерi, қалдықтарды жинау және жою бойынша агенттiктер, тұрмыстық жанармай мен газбен жабдықтау агенттiктерi, жанармай, бензин, дизельдiк және газды тарататын жанармай құятын станциялар қызмет көрсету саласына бiрдей қолданылады. ISO 14001 бойынша ЭМЖ енгiзу осындай тұлғаларға экологиялық аспектiлерiн бақылауға және қоршаған ортаға әсердi барынша азайтуға мүмкiндiк бередi. Мәселен, тасымалдау қызметтерi тиiмдi, жақсы реттелген қозғалтқыштармен аз бензиндi қолдануы мүмкiн. Сонымен қатар ISO 14001 ЭМЖ тиiмдi пайдаланушылар қатарына коммуналдық және қонақ үйлер, құрылыс мекемелерi мен жалпы кеңсе қызметтерi болып табылады. Кеңсе қызметi үлкен қалдық көзiн тудырады, компьютерлiк мониторлар, принтерлер, картридждер, телефон, камералар және (е қалдықтары деп аталады) басқа электрондық құрылғылар қалдықтары қауiпсiз жойылуы керек. ISO 14001-нi енгiзу кеңселерде электронды қалдықтарды кәдеге жарату және кәдеге жарату жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға септiгiн тигiзе алар едi. ISO 14001 ЭМЖ қолдану экологиялық нормативтiк талаптарға сәйкестiктi растаудың өте жақсы тәсiлi болып табылады. Дегенмен, кез келген мемлекетте осы стандартты қолдану экологиялық реттеушi органмен жүргiзiлетiн басқа да тексеру, аудит жүргiзiлмейдi деген сөз емес. ISO 14001 сертификатының ерiктi болғанына қарамастан, көптеген шетелдiк сатып алушылар үнемi экологиялық талаптарға сәйкестiгiн растайтын жеткiзушiлермен сауда жасауды қалайды. Кейбiр сатып алушылар өз жеткiзушiлерiне ISO 14001 сертификатын алуды талап етедi. Бұдан басқа, тұрақты даму қарқынын ұлғайту тұжырымдамасымен көптеген iрi бөлшек сауда желiлерi мен автомобиль өндiрушiлерi жеткiзу тiзбегiн көгалдандыру бағытында қозғалады; олар өз жеткiзушiлерiне қоршаған ортаға зиян келтiретiн технологияларды қолдануға және ISO 14001 бойынша EMS құруды ұсынуда. ISO 14001-нiң негiзгi мiндетi қоршаған ортаны қорғауды және ластанудан қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. ISO 14001 стандартын қоршаған ортаны басқару жүйесiне енгiзу компанияны қоршаған ортаға зиян келтiретiн зиянды әсерге қарсы күрестен осындай әсерлердi болдырмауға немесе азайтуға ынталандырады. Қоршаған ортаның тазалығына және табиғатты қорғауға елеулi әсер ететiн өнеркәсiптiк өндiрiстiң әртүрлi әсерiн, жерлерiн қайта өңдеу мен өсiрудi, көптеген мемлекеттiк стандарттарымен реттелетiн ауызсу және техникалық судың тазалығын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралары қарастырылған [2, Б. 14-18.]. Халықаралық стандарттар ерiктi болып табылады. Бiрақ, ХС стандарттау мәселелерiн шешуде ең жақсы әлемдiк тәжiрибенi жинақтап, елдер мен өңiрлер арасындағы сауда-өнеркәсiптiк қатынастарды дамытуға айтарлықтай әсер етiп, оларды қолдану қажет, әсiресе қазiргi уақытта қоршаған ортаны қорғау мәселесi маңызды болып табылады. Әлеуметтiк даму үрдiсiнде объективтi түрде адам қоршаған ортаға әсер ете алмайды. Осылайша, минералды ресурстарды өндiру мүмкiн емес, суды өзi өндiре алмайды және экономикалық және техникалық себептерге байланысты ластаушы заттарды қоршаған ортаға тастауға қатаң тыйым салынады. Сонымен қатар, мұндай әсердiң ғылыми негiзделген шектеулерi табиғаттың сандық және сапалық қасиеттерiн және сипаттамаларын сақтауда ұзақ мерзiмдi қоғамдық мүдделерге негiзделген. Осы мақсатқа жету үшiн экологиялық нормалау мен стандарттау көмекке келедi. Қоршаған ортаны нормалау және стандарттау түрлi жолдармен, қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық шаралары ретiнде заңды мекеме ретiнде және қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару функциялары ретiнде қарастырылуы және талдануы мүмкiн [3, Б.9-12]. қоршаған ортаны қорғау тәжiрибесiнде, әлемнiң басқа елдерi сияқты нормалау мен стандарттау қоршаған ортаны қорғаудың негiзгi шаралары және құралдарының бiрi ретiнде ұзақ уақыт пайдаланылып келедi. Экологиялық заңнамамен реттелетiн мұндай шара заңды болып табылады. Бұл бiр жағынан, қоршаған ортаны нормалау мен стандарттау мiндеттi түрде уәкiлеттi мемлекеттiк органдар тарапынан жүзеге асырылуы тиiс деген сөз. Екiншi жағынан, бұл шараның заңды сипаты экологиялық нормалау және стандарттаудың барлық табиғат пайдаланушыларына бiрдей таралуы керек. Сонымен экологиялық нормалау мен стандарттарды әзiрлеу және қабылдау - уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың экологиялық қызметiнiң бағыттарының бiрi. Басқаша айтқанда, нормалау мен стандарттау қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану мемлекеттiк басқару функцияларының бiрi болып табылады [4, Б.4-5]. Қазiргi таңда елiмiзде 28 миллиард тоннадан астам қалдықтар жиналды, оның 103 миллион тоннасы тұрмыстық қалдықтар. Жыл сайын шамамен 1 млн. тонна өнеркәсiптiк және 5-6 млн. тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылады. 2016 жылы өнеркәсiптiк қалдықтарды өңдеу үлесi 26,8%, тұрмыстық қалдықтар үшiн - 2,6% құрады. Өткен жылдың 9 айы iшiнде өнеркәсiптiк қалдықтардың 29,1% қайта өңделдi, ал 8,1% қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) сұрыпталды және өңделдi. 2030 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесiн 40% -ға дейiн арттыру жоспарланып отыр. Полигондарға келетiн болсақ, экологиялық талаптарға сәйкес келетiн үлестi 95% -ға жеткiзу жоспарлануда. Сонымен бiрге бүгiнгi таңда полигондардың тек 15% ғана тиiстi құжаттарға ие [5, Б. 9-12]. Стандартты пайдалану өндiрiстi дамыту, адамдардың өзара түсiнiстiгi, өндiрiстегi және күнделiктi өмiрде ұжымдық және жеке қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың маңызды әлеуметтiк мәселелерiн шешудiң тиiмдi әдiсi болып табылады [6, Б.43-44]. Қорытынды.Бiздiң заманымыздың маңызды мәселелерiнiң бiрi - минералдар мен әлемдiк мұхиттың ресурстарын ұтымды пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, ғарышты зерттеу, радио, теледидар және көлiк коммуникациялары. Осы проблемаларды шешудiң ұйымдастырушылықтехникалық негiзi барған сайын стандарттау керек болып отыр. Бұл ғылым мен техниканың соңғы жетiстiктерiн жинақтайтын стандарттау, ең озық және оңтайлы шешiмдердi табуға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар стандарттау iргелi және қолданбалы ғылымдарды биологиялық тұрғыда терең түсiндiредi, бұл ғылыми және техникалық жетiстiктердi тәжiрибелiк қызметке енгiзуге, сол арқылы адамға және бүкiл адамзатқа қызмет етедi.
TEXT
kaz
25,600
Мектеп оқушысы соның ең бірінші сатысынан бастауыш сыныпта өтеді. Бұл кезеңде бала тілдің лексикасы мен грамматикасын меңгеріп, ойын қарапайым түрде еркін жеткізе алады. Ал екінші тезаурстық деңгейде жеке адамның өзі үшін де, әлеуметтік-топтық әрі ұлттық ауқымда маңызы бар ұғымдар мен құндылықтар орны анықталып, оның санасында әлемнің тілдік бейнесі көрініс табады. Бұл кезең, негізінен, адамның жасөспірім шағында тұтастай қалыптасып, одан кейін өмір бойы дамып, өзгеріске ұшырап отыруы мүмкін. Ал үшінші уәждік деңгей қарым-қатынас саласын, коммуникативтік жағдаяттарды, коммуникативтік қажеттіліктер мен тұлғаның коммуникативтік мінез-құлқын қамтиды. Бұл деңгейде тілдің синонимдері мен синтаксистік мүмкіндіктерін жетік меңгеру жүзеге асады. Тезаурустық деңгей мен уәждік деңгейде тілдік тұлғаның негізгі ерекшелігі анықталады.
TEXT
kaz