id
int64 1
25.9k
| content
stringlengths 88
24.4k
| category
stringclasses 1
value | language
stringclasses 1
value |
|---|---|---|---|
25,401
|
Жыртқыш-олжа жүйесiнiң әр түрлi матетаматикалық модельдерiн талдауға көптеген жұмыстар арналған [1-4]. Көптеген модельдер автономды қарапайым дифференциалдық теңдеулер жүйесi түрiнде құрылған, олар Лотка-Вольтер классикалық моделiнiң түрленуi болып табылады [5-6]. Екi түрдiң өзара әрекеттiк үрдiсiн сипаттайтын бейсызықты функциялар көмегiмен авторлар қандай да бiр үрдiстердiң немесе олардың жеке қасиеттерiнiң әрекеттесу динамикасына әсерiн ескеруге тырысады (мысалға қанықтыру әсерi, жыртқыштар бақылауынан олжалардың құтылып кету әсерi және т.б.), сонымен қатар Вольтердiң «жұптық өзара әрекеттесу» қағидасынан өзгеше қағидалар негiзiнде түрлердiң өзара әрекеттесу динамикасы сипатталады [7]. Осы жұмыс белгiлi бiр мөлшерге жету кезiнде популяциясында пайда болатын бiрлесiп қорғану әсерiнiң әрекетi Лотка-Вольтер моделiн құруға және талдауға арналған. Мұндай жағдай табиғи ортада кеңiнен таралған және екi трофикалық деңгейлердiң әр түрлерiнiң әрекеттерiнде жүзеге асады. Лотка-Вольтер моделi шеңберiнде жыртқыштармен олжаны қолдану жылдамдығы (сәйкес, жыртқыштар санының өсу жылдамдығы) γ xz теңдеуiмен сипатталады, мұндағы x=x(t) – t уақыт кезiндегi олжа популяцияларының саны, z=z(t) – жыртқыштар саны, γ = const > 0 – кейбiр оң константа. Егер жыртқыштар саны тiркелген, ал олжалар саны бiркелкi өссе, онда мұндай әрекеттi сипаттау кезiнде мүмкiн емес жағдай туындайды – жыртқыш бiрлiк уақытында шексiз олжалар санын қолдана алады. Бұл қажет емес әсердi жоғалту және қанықтыру әсерiнiң әрекетiн ескеру модельдi талдау қажеттiгiне алып келдi, онда жыртқыш және олжа әрекетi келесiдей өрнекпен сипатталады
|
TEXT
|
kaz
|
25,402
|
мұндағы π = const > 0. Олжалардың жеткiлiктi үлкен мөлшерi кезiнде олардың тұтыну жылдамдығы жыртқыштардың тек санымен анықталады. Соңғы өрнек олжалар санының өсуiмен бiрлесiп қорғану әсерi жүзеге асатын жағдай үшiн түрленуi мүмкiн:
|
TEXT
|
kaz
|
25,403
|
Шынында, бұл жағдайда олжалар санының жеткiлiктi аз мәнi кезiнде олардың санының өсуi жыртқыштардың олжаларды қолдану жылдамдығының өсуiне әкеледi. Критикалық мәнге жету кезiнде 1/ √ π қолдану жылдамдығы максимумға жетедi, одан кейiн азая бастайды. Соңғы өрнек жыртқыш-олжа жүйесiндегi қанығу әсерiн талдау кезiнде алынатынын байқаймыз (жалпы параметрлiк модельдiң жеке жағдайы ретiнде). Осы түрлендiрудi ескере отыра Лотка-Вольтерр моделi мынандай түрге келедi:
|
TEXT
|
kaz
|
25,404
|
Мұндағы α – мальтузиандық параметр (олжалар популяциясындағы туу қарқындылығы мен жойылу қарқындылығы арасындағы айырмашылық; ары қарай, α > 0 деп болжаймыз, өйткенi керiсiнше жағдайда екi түрде мөлшердiң кез келген терiс емес бастапқы мәндерi кезiнде құлдырайды болады), α1 – жыртқыштар жойылуының қарқындылығы, β , β1 – популяциядағы өзiн-өзi реттеу коэффициентi, γ 0 , γ 0 1 – өзара әрекеттiк коэффициентi. (1) моделiнде барлық параметрлер терiс емес деп болжанады. Өзiн-өзi реттеудiң болмау кезiндегi жүйе динамикасы Алғашында қарапайым жағдайды қарастырайық, яғни популяцияларда өзiн-өзi реттеудiң болмағанында және β , β1 коэффициенттерi нөлге тең. (1) жүйесi бұл жағдайда келесiдей болады:
|
TEXT
|
kaz
|
25,405
|
a < 0,5 кезiнде фазалық кеңiстiкте екi тривиальдi емес стационарлық нүктелер бар: S1(u1, 1 + u 2 1 ) және S2(u2, 1 + u 2 2 ). Бұл жағдайда S2 нүктесi – ер-тоқым, ал S1 нүктесi – орнықты емес түйiн (кез келген параметрлерде), немесе фокус. Алдыңғы жағдайдағыдай, мұнда сонымен қатар олжалардың шексiз көбеюi кезiнде жыртқыштардың асимптотикалық құлдырау режимi байқалады: u(t) → ∞, v(t) → 0 .
|
TEXT
|
kaz
|
25,406
|
(3) моделiндегi Лотка-Вольтерр ( π = 0 кезiнде) модельде тепе-теңдiктiң (орталық) орнықты күйi орнықсызға айналатынын атап өту қажет. Берiлген жағдайда, бiрлесiп қорғану факторы жыртқыш-олжа жүйесi динамикасына тұрақсыздандыру әсерiн тигiзедi деген қорытынды жасауға болады. Oлжалар популяциясындағы өзiн-өзi реттегiштiгi бар модель (2) моделi олжалар популяциясына өзiн-өзi реттегiш механизмдерiнiң әрекетiн ескеру кезiнде келесi түрге ие болады:
|
TEXT
|
kaz
|
25,407
|
асимптотикадағы барлық траекториялар 0 ≤ u ≤ 1 b аралығына «тиiстi» және ешқандай траектория бұл аралықтан шықпайды. Осылайша, екi популяцияның саны шектеулi болады. Параметрлердiң кез келген мәнi кезiндегi координаталар басы ер-тоқым болып табылады. a > 0,5 кезiнде жазықтықтың соңғы бөлiгiнде басқа стационарлық нүктелер болмайды. Бұл жағдайда жыртқыштар мөлшердiң кез келген бастапқы мәнi кезiнде құлдырайды, ал олжалар мөлшерi бұл жағдайда нөлдiк емес деңгейде тұрақталады. a < 0,5 болғандағы кездi қарастырайық. Мұнда келесi жағдайлар туындайды: √
|
TEXT
|
kaz
|
25,408
|
Олжалар популяциясында бiрлесiп қорғану әсерi пайда болған кездегi жағдайы үшiн Лотка-Вольтер моделiнiң түрлену қатарын талдауы осы әсердiң әрекетi жыртқыштар санының азаюына және олжалардың көбеюiне әкелетiнiн көрсетедi. Сонымен қатар, параметрлердiң белгiлi бiр қатынасы кезiнде модельде динамикалық режимдердiң пайда болуы мүмкiн. Атап айтқанда, модельде тiркелген режимiнiң әр түрлi түрленуi пайда болады. Алайда фитофаг-энтомофаг жүйелерiн талдау кезiнде алынған түптiк режимдерге қарағанда, алынған түрленулерде олжалар санының өсуi жыртқыштар санының төмендеуiмен сүйемелденедi яғни бiрлесiп қорғану әсерiмен туындалған.
|
TEXT
|
kaz
|
25,409
|
Саяси коммуникацияның қоғамдағы маңызды бақылауының бірі – билік өкілдерінің өзіндік пікірі бар қоғам белсендісімен, азаматтық журналистика өкілімен, блогермен бірлесіп жұмыс істеуге деген қарқынының артуын атауға болады. Соңғы жылдары кез келген әлеуметтік даулы тақырыпты бұқараға жеткізуде, саяси пиар акцияларды ұтымды пайдалануда және ішкі туризмді ілгерілету саласындағы бірлескен жұмыс бойынша танымал блогерлерге ұсыныстар айтылатын болды [1]. Тәуелсіз блогерлердің саясаткерлермен және коммерциялық құрылымдармен өзара бірлесіп жұмыс істеуі интернет белсенділерінің жеке әлеуметтік жауапкершілігін корпорациялардың әлеуметтік жауапкершілік саясатымен тұтасуына бағытталған маңызды өзгеріс деп санауға болады. Азаматтардың әлеуметтік-саяси процестерге белсенді қатысуы қазіргі саяси жүйенің маңызды құрамдас бөлігі. Бұл әрекет қазіргі саяси процестің институционалды және ұйымдастырушылық компоненттерін қамтиды. Азаматтық қоғамның белсенді жұмыс істей бастауы билік пен қоғам арасындағы байланысты қамтамасыз ететін жаңа ұйымдастырушылық формалардың пайда болуына ықпал етеді. Кез келген қоғамда әлеуметтік маңызы бар мәселені азаматтардың белсенділігін пайдалана отырып жүзеге асыру тиімді жол болмақ. Біз осы орайда ең әуелі қазақстандықтардың әлеуметтік желідегі белсенділігін, оны тұтыну мәдениетін сараптап көрсек. Қазір қазақстандықтар бірнеше әлеуметтік желі аккаунттарын пайдаланады. Сонымен қатар олар әлеуемттік желіні бірден-бір ақпарат көзі ретінде санайды. Қазақстанда әлемдік әлеуметтік желі компанияларының жұмыс істей бастағанына 10-15 жылдай мезгіл болды. Осы уақыт аралығына адамдар әртүрлі әлеуметтік желі тораптарынан өздерінің жеке парақшаларын ашып, оның коммуникациялық мүмкіндігін сан түрлі қырынан игеріп отыр. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл парақшаларын өздерінің жеке қызығушылықтары немесе қандай да бір топтық мүдде мақсатында пайдалануы мүмкін. Біз әлеуеметтік желі қолданушылары арасында шағын сауалнама жүргізіп, олардың әлеуметтік желіні қандай мақсатта пайдаланатынын білген едік. Сауалнамаға барлығы 250-ден артық адам қатысты. Сауалнамаға қатысушылардың ең көп бөлігі яғни 45,8 пайызы – 19 бен 25 жас аралығындағы жастар. Демек жастарды әлеуметтік желінің ең көп тұтынушысы немесе азаматтық қоғамның негізгі мақсатты аудиториясы деп алып қарауға да болады. Сауалнамаға қатысушылардың 24,9 пайызы –12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер. Қазіргі жас буын жаңа технологияның негізгі тұтынушысы екендігін осы көрсеткіштерден бағамдай беруге мүмкіндік бар. Жаңа технология көмегімен қаншама идеология, таным, мәдени ағымдардың келіп жатқандығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Осылайша әлеуметтік желі арқылы жүргізген сауалнамаға қатысушылардың 70 пайызы 12-ден 25 жас арасындағы жастар болып шықты. Осы көрсеткіштің өзі көп мәселеден хабар береді. Сауалнамаға қатысушылардың не бары 8 пайыздайы – жасы 40-тан асқан азаматтар.
|
TEXT
|
kaz
|
25,410
|
Әлеуметтік желінің негізгі аудиториясы мен құраушысы жастар екендігі белгілі болғандықтан, оларға қатысты желіде қандай негізгі мәселе бар екендігіне зер салсақ. Уақытының көбін смартфондар мен гаджеттерге үңілумен өткізіп жатқан жастар арасында проблеманың жаңа түрлері пайда бола бастады. Оның бірі – кибербуллинг мәселесі. Яғни интернет арқылы, әсіресе, әлеуметтік желі арқылы балалар мен жасөспірімдерге қысым жасау. Мәселен рұқсатсыз түсірілген балалардың фото немесе видеосын интернетке жүктеу. Адамдардың жеке басына байланысты ақпараттарды жариялау. Кейбір ыңғайсыз әрекеттерін келеке ету және тағы басқа. Не болмаса жасөспірімдер қандай да бір ерсі қылық білдіретін фото-видео материалдарды интернетте жариялап, ел алдында масқара етемін деп бопсалау деректерінің бар екендігін естіп, көріп отырмыз. Бұл еш таңқалуға болмайтын қалыпты жағдай сияқты. Қазақстанда жастар мен мен жасөспірімдерге байланысты болған бірнеше қайғылы оқиғаға осы кибербуллинг мәселесі себепші болды деген болжамдар да айтылды. Мұндай шулы оқиғалардың ақпараттық алаңы негізінен әлеуметтік желі. Әлеуметтік желінің әсері жөніндегі әлемдік сарапшылардың да пікірі бір арнада емес. «Кейбіреулер цифрлық және әлеуметтік медиа бұқаралық ақпарат құралдарын демократияландырып, белсенділігін арттырады десе, ал екінші тарап медианың сапасын төмендетеді деп есептейді» [2]. Осы мысалдарды есепке ала отырып біздің елде қандай жұмыстар атқарылып жатқандығына зер салсақ. әлеуметтік желі жұмысын реттейтін заң Парламентте қаралып жатыр. Заңдағы ең негізгі мәселенің бірі интернет арқылы жасалатын кибербулингтен жасөспірімдерді қорғау делінген. Әлеуметтік желідегі кибербуллингті ретке келтіру мәселесі 2019 жылдан бері қарай Парламент мінберінде бірнеше рет көтерілді. БАҚ пен әлеуметтік желі бетінде де интернеттегі заңсыздық, адамның жеке басына тиісіп, құқына қол сұғуға байланысты қаншама рет айтылды, жазылды. Тіпті бірнеше рет адамдардың өз-өзіне қол жұмсауына осы кибербуллинг мәселесі себепші болды деген болжамдар айтылды. Демек әлеуметтік желінің адам құқын бұзбай заң аясында жұмыс істеуі үшін қандай да бір реттіліктің қажет екендігі айтпаса да түсінікті болды. Дәл қазіргі қаралып жатқан заң жобасы бойынша әлеуметтік желі тұтынушысына емес әлеуметтік желіге иелік ететін компанияларға шектеулер жасалмақ. Мәселен кез келген шетелдік әлеуметтік желі компаниясы өздерінің өкілдіктерін Қазақстанда ашуға міндетті. Сонымен қатар ол өкіл Қазақстан азаматы болуы шарт. Сосын әлеуметтік желіде қандай да бір азаматтың жеке басына, ар намысына тиетін жазбалар жарияланса немесе жеке тұлғаның басына қауіп төнетін материалдар пайда болса, компания өкілі мұндай жазбаны әлеуметтік желі бетінен өшіруге міндетті. Егер заңда көрсетілген мәселе уақытында орындалмаса, компанияға қомақты айыппұл салынады. Дәл осы қаралып жатқан заң жобасы жайлы әлеуметтік желі бетінде «үлкен шу» болды. Көптеген белсенділер бұл заң әлеуметтік желі қызметін шектеп, сөз бостандығына кедергі болады деп санайды. Тіпті кейбір азаматтар заң күшіне енген соң әлеуметтік желілер бұғатталады деген де болжамдар жасады. Бұл жөнінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі «Әлеуметтік желілерді бірден бұғаттайды деген ақпарат жалған. Егер НҚА сайтын ашып қараса, балаларды кибербуллингтен қорғау туралы заң Сенаттан өткеннен кейін қабылдануы мүмкін екенін көруге болады. өте ме, жоқ па белгісіз. Себебі қазір қызу талқылаулар жүріп жатыр. Біз тыңдаушы мемлекетте тұрамыз, сондықтан бірінші талқылауға саламыз. Заң қабылданған күннің өзінде әлеуметтік желі әкімшіліктері біз ұсынған талаптарды орындағысы келмесе ғана шектеу туралы мәселе туындайды» [3], – деді Үкімет отырысы аясында. Иә, біз неге министр сөзін келтіріп отырмыз, себебі соңғы кездері осы заң төңірегінде пікір қайшылығы күшейіп кетті. Ал министрдің сөзіне қарағанда бұл заң қабылданбас бұрын қоғам пікіріне құлақ асатындығы айтылған. Негізінен бұл талқыға түсіп жатқан заң балалар құқын қорғауға байланысты туындаған заң болатын. Қазақстанда ақпарат саласына байланысты заң болғанымен әлеуметтік желі жұмысын реттейтін нақты тетіктер қарастырылмаған. Соның ішінде қазіргі уақыттағы ерекше назар аударылып тұрған кибербулинг тақырыбы нақтыланбай қалған. Соңғы кездегі балалар құқына нұқсан келетін, интернетте тарайтын әртүрлі видео мен деректердің кейбірі жасөспірімдердің өміріне қысым келтіретіні жайлы жиі айтылып жүр. Осы жиында министр «Негізі, әлеуметтік желілер өкіл жіберсе олармен байланысу оңайырақ болатын еді. Балаларды қорлайтын контент анықталса бірден хабарласып шешетіндей. Лос-Анджелеске немесе Майамиге сұрау жіберіп, оны айлап, жылдап күтіп отырмайтындай» – деп толықтырған болатын өз сөзін. Негізінен бұл құжат « кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқығын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы деп аталады. Жоғарыда әлеуметтік желіге байланысты сауалнаманың негізгі қатысушылары жастар мен балалар екендігін ескерсек, қазіргі талқыланып жатқан заң жобасы бізге ерекше қажетті сияқты. Себебі әлеуметтік желі дәл қазіргі уақытта ақпаратты жылдам таратушы көздің бірі болғанымен ондағы ақпараттар мен деректердің барлығы сауатты әрі этикалық нормаларды толық сақтаған деп айтуға келмейді. Осы арада тағы да сол сауалнамаға қатысушылардың жауабынан мысалдар келтірсек. Сауалнамаға қатысушылар «Әлеуметтік желідегі сауаттылық пен этика мәселесіне көңіліңіз тола ма?» деген сауалға 50 пайызы «орташа» деген баға берген. Ал 37,5 пайызы әлеуметтік желідегі сауаттылық пен этика мәселесіне көңілі толмайтындығын жеткізген. Қалған 12 пайызы ғана мұндағы ақпараттың сауаттылығына шағымдары жоқ екендігін белгілеген. Демек бұл мысалдарға қарай отырып біздің елдегі әлеуметтік желі этикасы мен ондағы тәртіп, құқықтық сауаттылық мәселесі өзекті екендігін бағамдауға болады. Жалпы әлеуметтік желі ақпаратты жеткізудің ең тиімді әрі жылдам түрі болғанымен, бір өкініштісі мұндағы таралатын жаңалықтардың көбісі шындыққа жанаспайтын, нақтыланбаған ақпарат болуы әбден мүмкін. Себебі әлеуметтік желі мүшелері ресми анықталған ақпараттан тысқары ешқандай негізсіз жаңалықтарды да бөлісуіне ешкім кедергі емес. Оның дұрыс бұрысын анықтауға дәл қазіргі таңдағы әлеуметтік ортаның медиа сауаты жеткілікті деп айтуға әлі ерте. Біз жүргізген сауалнамада «Әлеуметтік желідегі ақпараттың растығына сенесіз бе?» деген сауалға жауап берушілердің 65,6 пайызы жартылай ғана сенетінін, ал 20,6 пайызы сенбейтіндігін белгілеген. Қалған 13 пайызы әлеуметтік желідегі ақпараттардың растығына сеніп отыр. Олар мұндай ақпараттардың әрі қарай таралуына да өзіндік үлес қоса бермек.
|
TEXT
|
kaz
|
25,411
|
Жаңа медиа зерттеушілері әлеуметтік желі аудиториясы мен белсенділерін әртүрлі топқа бөліп қарастырады. Жалпы аудитория дегеніміз – БАҚ-тың хабарламасын алатын барлық мүшелер жиынтығы. Ал әлеуметтік желі аудиториясы – бұл өзара қарым-қатынас жасау, ақпарат іздеу, ойын-сауық, өзін-өзі тану мақсатында әлеуметтік медианы пайдаланушылардың жиынтығы. Әлеуметтік желілер қазіргі адам өмірінің маңызды бөлігін иеленеді. Comcon мәліметтері бойынша, интернетті тұрақты пайдаланушылардың 95 пайызы әлеуметтік желіні қолданады. Қазақстандықтардың да әлеуметтік желідегі белсенділігі жоғары. Зерттеушілер әлеуметтік желі әлеміндегі адамдарды бірнеше топқа жіктейтін болса, солардың ең негізгісі – аудитория. Әлеуметтік желідегі «аудитория» өзіне қажетті ақпарат пен жан қалауын тапқан кезде «тұтынушы» ролінен бас тартуға асықпауы мүмкін. Бұлай қорытынды жасауымызға біз жүргізген шағын сауалнаманың нәтижесі жақсы мысал бола алады. Сауалнамадағы «Болашақта әлеуметтік желі ақылы болса пайдаланар ма едіңіз?» деген сауалға 54,2 пайызы «Бәрі бір пайдалана беремін» деп жауап берген. Демек біздің қоғамда әлеуметтік желіге ақы төлеп қосылуға да пейілді адамдардың көп екендігін осы көрсеткіштен байқай аласыз. Бұл әлеуметтік желілер ақпарат алмасу үшін қарапайым құралдардың шекарасынан өтіп, ұқсас мүдделерге сәйкес адамдардың қауымдастығына айналғанын көрсетеді. Жалпы әлеуметтік медиа ортасы адамды және оның қызметінің алуан түрлерін кәсіби зерттейтін барлық мамандар үшін үлкен қызығушылық тудырады. Виртуалды ортадағы адам қызметі әлеуметтанушыларды, психологтарды, маркетологтарды, саясаттанушыларды және басқа мамандар зерттеуінің негізі бола алады. Әлеуметтік желіде пайдаланушылар көбінесе өз бетінше шешім қабылдау үшін жеткілікті ақпаратқа ие емес, сондықтан олардың шешімдері басқа виртуалды орта агенттерінің бақылауындағы идеяларға негізделуі мүмкін. Байланыс арқылы ол белгілі бір идеялар мен көзқарастарға ортақтаса алады. Өзін басқалармен жақын қарым-қатынаста ұстай отырып, пайдаланушы жаңа нормаларды қабылдайды. Бір сөзбен айтқанда әлеуметтік желі аудиториясы – ортақ қызығушылығы мен мүддесі бар топтардың жиынтығы. Оларды өздеріне қажетті ақпарат легі мен ортақ көзқарас, ортақ пікір топтастырып отыр. Ондай ортаны қалыптастырушы әлеуметтік желідегі кез келген белсенді немесе блогер болуы мүмкін. Әрі бұл бір жағынан алып қарағанда біздің ортадағы азаматтық қоғамға деген ұмтылыс, әлеуметтк ортаның бір бөлшегі. Бұл ортаны қандай тақырып, қандай мәселе топтастырып отырғандығын зерттеп, одан қандай нәтиже шығаруға болатындығын айшықтау әлеуметтанушылардың жұмысы. Әлеуметтік желі бірден бір ақпарат көзі екендігі белгілі болды. Көптеген жастар мен жасөспірімдер көп уақытын әлеуметтік желіде өткізетіні де анықталды. Тіпті бұл саланы ақылы түрде тұтыну қажет болса да бас тартпайтындар бар екенін де сауалнамаға жауап берушілер айғақтады. Демек біз әлеуметтік медианың не жазып жатқандығын, ол алдағы уақытта қалай дамуы мүмкін екендігін болжап отыруға тиістіміз. Қазақстандықтарға ең танымал блогерлер мен әлеуметтік желі белсенділері кімдер, олар қандай тақырыптарда материалдар ұсынып, аудиториясын ұйытып отыр. Жалпы біздің әлеуметтік желі әлемі салалық немесе кәсіби бағытта өз жолын тапты ма? Бұл сұрақтардың жауабы әрқашанда маңызды. Жалпы блогерлік пен әлеуметтік желідегі белсенділік соңғы 5-10 жылдың көлемінде жақсы қарқын алғаны белгілі. Қазақстанда әлеуметтік желі мен блогерлікті тек қана азаматтық қоғам өкілдері дамытып отыр десек мұнымыз ұшқары пікір болады. Билік те қазір әлеуметтік желі арқылы аудиториямен кері байланыс орнатуға ерекше екпін берді. баспасөз қызметі жүргізіп отырған телеграмдағы «БОРТ№1» парақшасы мемлекет басшысының сәт сайынғы қызметін аудиторияға ұсынып отыр. Бұл парақшада Президенттің жұмыс барысынан фото, видео, ықшам әрі анық-қанық жазылған ақпараттық мәтіндер жарияланады. Сонымен қатар әртүрлі жиындар мен кездесулерде Президент сөйлеген сөздерінің ең ұтымды тұстарын да үзінді ретінде береді. президентінің ақпараттық қызметіне мобилограф маман да араласып жүр. 2022 жылғы Қасым- іссапары кезінде ақпараттық топ құрамында мобилограф болды. Сол жолғы мобилографтың түсірген фотолары мен видеолары аудиторияның ықыласына бөленді. «БОРТ№1» парақшасы Президенттің бір ғана әлеуметтік желідегі парақшасы. Мемлекет басшысының жұмысын аудиторияға тиянақты әрі егжей-тегжейлі жеткізіп отырған басқа да әлеуметтік желілерде парақшалары бар. Әлеуметтік желіде парақшасын әрлендіріп отырған Президент қана емес. Бұл үрдісті Үкімет басшысы, Парламент спикерлері, әкімдер, мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар да ұтымды пайдаланып отыр. 2019 жылы Президент болып сайланған соң Қасым- барлық шенеуніктер мен лауазымды тұлғаларға әлеуметтік желіде парақша ашып, халықпен кері байланысты жақсартуды тапсырған болатын. Содан бері бұл мәселе жақсы қарқын алып келеді. Әлеуметтік желі аудиториямен кері байланыс орнатудың ең тиімді түрі болғандықтан билік өкілдерінің бұл алаңда белсенділік танытуы азаматтық қоғам құрудың ұтымды үлгісі деп қарастыруға болады. Біз әлеуметтік желі контентін саралаған кезде мыңдаған, миллиондаған оқырманға өнім ұсынып отырған блогерлердің аудитория санына емес контент сапасына көбірек көңіл аудардық. Себебі желідегі контенттің әлеуметтік маңызынан бұрын медиа саласындағы маңызына басымдық беруге тура келді. Мақаламыздың өзі де әлеуметтік желінің медиа өнім ұсынудағы ролі мен аудитория игерудегі маңызына негізделген. Қазақ блогерлерінің болашағы туралы айтқанда осы сапа мәселесі туындайды. Бір ескеретіні, арнайы ізденіспен жұмыс істеп жатқан блогерлерден гөрі күнделікті іс-әрекеті, ішкен асы, киген киімін көрсете беретіндердің оқырманы көп болатыны және бар. Бұл жерде әрине, блогерлерге сын айтуға болады. Бірақ осындай контентке назар көп бөлетін оқырмандар да сыналу керек. Яғни сұраныс бар да ұсыныс бар. Тұтынушы көп нәрсені сараптағысы келмейді. Сондықтан қазақ блогерлерінің болашағы белгілі бір деңгейде оқырманға да байланысты. Бірақ блогер медианың ақпараттық-ағартушылық міндетін естен шығарып алса, ол құптарлық әрекет емес. Қазақстандағы әлеуметтік желі парақшалары мен блогерлер кеңістігін қарастырғанда тақырыптық, функциялық, мультимедиалық мүмкіндік жөнінен бірнеше топқа бөлуге болатындығын түсіндік. Аудитория ауқымы әртүрлі болғанына қарамастан блогерлік тақырыбы да тарамдалып, әр саланы қамту мүмкіндігі кеңейе түскен. Дәл қазіргі таңда күнделік түріндегі, мемуар үлгісіндегі, ақпараттық-танымдық, ойын-сауық, көңіл көтеру, өзін-өзі дамыту, психологиялық дәріс, бизнес, имидж қалыптастыру, ағартушылық тағы да басқа тақырыптар негізінде постлар жазылып жатыр. Көптеген адамдардың әлеуметтік парақшасы белгілі бір салаға бағытталмаған, әмбебап жазбалар. Ал мультимедиалық құралдар мүмкіндігін пайдаланып графикалық блогтар, фото-видео парақшалар және соңғы кездегі трендке ене бастаған подкаст түріндегі өнім ұсынушылар да кездеседі. Әлеуметтік желі аудиториясы мен оны ұсынушылар талғамы мен мүддесі алуан түрлі. Біз жоғарыда атап өткен сауалнамада «Әлеуметтік желіні қандай мақсатта пайдаланасыз?» деген сұрақ бар еді. Бұған жауап берушілердің 48,2 пайызы күнделікті қызығушылықтарын қанағаттандыру мақсатында енетінін айтқан. Ал 37,2 пайызы білім алу мақсатында әлеуметтік желіге кіретіндігін белгілеген. Одан кейінгі орындарда уақыт өткізу үшін немесе бизнесін жүргізу үшін әлеуметтік желіге уақыт бөлетіндігін айтқан. Бұл сауалнама жауабына қарай отырып-ақ біздің әлеуметтік желі тұтынушыларын алуан түрлі мүдде біріктіріп отырғандығын аңғаруға болады. Енді сапалы контент үшін жұмыс істеп жатқан блогтарға тоқталсақ. Мұндай блогтар бар және олар әжептәуір аудитория қалыптастырып, өзіндік даму жолына түскен. Мысалы телеграмда «Калькасыз қазақ тілі» [4] деп аталатын канал бар. Оның жүргізушісі – тіл маманы әрі аудармашы . Бұл каналда қазіргі таңдағы қазақ тіліндегі калька аударма мен қолданыстағы сөздердің қате айтылуы мен жазылуының дұрыс нұсқасы көрсетіледі. Не себебепті қате жазылып тұрғандығы талданып, түсіндіріледі. Көп жылдардан бері . Соның салдарынан тілдің өзіне тән сипаты мен заңдылықтары бұзылып, сөз бен сөйлем қазақша құрастырылғанымен оның ішкі мазмұны өзге тілдің заңдылығына сай құрылған. Мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін тіл маманының әлеуметтік желіден парақша ашып, ешкімнің нұсқауынсыз тұрақты жүргізіп келе жатқандығы нағыз ағартушыға тән қасиет деп бағамдауға болады. Әрі бұл каналға жазылушылар мен қызығушылық танытушылар өте көп. Себебі көптеген медиа мамандарының өзі калька аударманың шылауынан шыға алмай әуре сарсаңға түседі. Сондай жағдайда «Калькасыз қазақ тілі» медиа мамандар мен жалпы тұтынушыларға таптырмас тіл құралы болмақ. Халыққа танымал блогер ретінде мысал ретінде атап өтуге болады. қазіргі уақытта Instagram желісінде 27 мың оқырманы бар. Ол өз жарияланымдарында IT-технология және оның маңызы, тарих, дін сияқты мәселелерді сауатты әрі қызықты қозғайды. Сондай-ақ, басынан өткен қызықты оқиғаларды, күнделікті өмірдегі мәселелерін әңгімелеп, оқырмандарына жеткізеді. Тимур сонымен қатар YouTube желісіндегі өз арнасын белсенді түрде жүргізеді. Қазақстан журналистикасындағы экономика, заң, интернет-маркетолог әрі техникалық ғылым саласында жазатын журналистер жетіспейтіндігін ескерсек, сияқты маркетинг саласында жазатын блогерлердің халық үшін маңызы зор. Сол сияқты «», «Тармақтар», «Қазақграммар» блогтары мен , , , парақшаларын атауға болады. Осы сапалы, пайдалы парақшалар болашақ қазақ қоғамындағы рухани қозғалыстың негізі болуы да мүмкін екендігін жоққа шығара алмаймыз. Себебі осындай блогерлер өзінің сауатты идеясын, өмір сүру салтын, білімін насихаттап көп адамдарға әсер ете алды. Оқырманның тұлғалық болмысын қалыптастырып, сауаттылық деңгейін өсіреді. Осы тұрғыдан қарастыратын болсақ, қазақ блогерлерінің болашағына сенім білдіре аламыз. Жалпы алып қарағанда әлеуметтік желі ақпаратты бірінші болып таратуымен ерекшеленеді. «Біраз уақыт өткен соң газет пен телеарна редакциясындағы мониторларда пайда болатын ақпаратты әуесқойлар бірінші түсіреді, суреттейді және желіде жариялайды» [5]. Әлеуметтік желінің қарқынды дамуына бірден бір әсер етуші фактор ол жаңа технология. Смартфондар мен гаджеттердегі алуан түрлі функциялар ақпарат майданын қыздырып, ақпарат алмасудың жаңа сатысын айқындады. Сондықтан да әлеуметтік желі арналары мультимедиалық құралдардың игілігін барынша тиімді пайдаланып отырған сала. Цифрлық технология мүмкіндігі әлеуметтік желі мен азаматтық журналистика жұмысын жылдам қанат жаюына себепші болып отыр. Қазір әлеуметтік желіде фотографтар мен мобилографтар ең ауқымда аудиторияға ие. Олардың қаралымы мен таралымы мыңдап саналады. Әлеуметтік желідегі фотографтар: Олардың басты контенті – фотолары. Табиғат көріністерінен бастап, қарапайым адам өміріне дейінгі әрбір сәт фотографтар назарынан тыс қалмайды. Мәселен, инстаграмдағы jambay.kz, , , сияқты парақшаларды атауға болады. Сапалы әрі ерекше тәсілдермен түсірілген бейнелерде белгілі бір идея бар. Видео блогерлер сапалы контент жасаушылардың алдыңғы қатарында. Себебі, олардың видеоларын халық жоғары бағалап, саралауда. Әсіресе бұл блогты видео жасаушылар Instagram әлеуметтік желісінде дамытып отыр. Олардың видеолары жаңа технология көмегімен түрлендіріп жасалғаны көрініп тұр. Өзінің білімі мен тәжірибесін көрермендеріне ұсыну мақсатында түрлі курстарда ұйымдастыратын блогерлер де бар. мобилографияның негізін салушының бірі инстаграмдағы парақшасы ерекше сұрасқа ие. Сол сияқты музыкаға арналған парақшалар да көптеген жастардың сүйіктісі. Әр түрлі аспаптармен сүйемелдеп, каверлер жасайды. Осылайша олар жүз мыңнан астам қаралыммен өз блогтарын жүргізіп отыр. Олар кез келген әлеуметтік желілерде танымал. Instagram, Ютуб, Tik Tok секілді желілерде парақшалары бар. Музыкалық туындыларды жанды дауыста айтып қана қоймай, әр түрлі идеяларды қосады. Тіпті, миллиондаған қаралым жинап, танымал болып кеткен музыкант блогерлер көп. Жалпы әлеуметтік желі – өнер адамдары үшін жарнама мен пиардың нағыз таптырмас мінбері. Әлеуметтік желідегі ең көп қаралым жинайтын өнімдердің бірі – әзіл ретінде түсірілген видеолар. Мұндай өнімдер адамдарды ойландырып, шаршатпайтын болғандықтан аудитория талғамастан тез таралады. Әлеуметтік желі шығармашылық тұрғыдан жақсы ізденіс үстінде. Өнер мен мәдениетті, кейбір жаңа бағыттарды насихаттауда да таптырмас құрал. Қазіргі таңда әлеуметтік желідегі жақсы бір бағыт графикалық кескіндермен безендірілген парақшалар. Бәрімізге белгілі пост жазу кезінде мәтінімен қоса оның әртүрлі жолдармен безендірілуі де маңызды. Себебі бұл оқырманның оқуға деген ынтасын арттырып, қызығушылығын жоғарылатады. Әлеуметтік желі контенті 3 типтік ақпараттан тұратын болса, соның бір бөлігі анимация, сурет, фото, карикатура т.б. бағытымен сабақтас графикалық типі. Графикалық әдіспен блог жүргізу бүгінгі таңда жақсы қарқын алып келеді. Өз парақшаларын графикалық безендіру жолдарымен әрлендіріп отырған , , бастаған графика дизайнерлерін атауға болады. – карикатура мен шарж салудың шебері. Ол кісінің қоғамдағы өзекті мәселеге қатысты салған графикасы аудитория тарапынан үнемі жоғары сұранысқа ие. болса, әлеуметтік желідегі парақшасын ұлттың болмысына сай стилде безендіреді. Халықтың салт дәстүрі болсын, жаңа технология болсын барлығын ұлттық болмысқа сай өрнектеп, әрлейді. бұрынғы өткен ұлт зиялыларының фотоларын қазіргі заман талабына сай безендіреді. Мәселен өткен ғасыр басында өмір сүрген қайраткерлердің жұмыс кабинетін, тұтыну бұйымдарын, киімін барлығын да бүгінгі күн стиліне сай әрлейді. Мұның барлығы әлеуметтік желінің өзіндік ізденісі, жаңаша бағыт алуы деп түсінуге болады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,412
|
Біз бұл мақалада әлеуметтік желі мен азаматтық журналистика саласын саралағанда олардың ұсынып отырған өнімін медиа тұрғысынан бағалап, мән бергенімізді сөз басында атап өткенбіз. Дегенмен де осы орайда атап өтетін бір мәселе әлеуеметтік желінің әлеуметтік мәні мен салмағы ерекше екендігін естен шығаруға болмайды. Мәселен психология тақырыбындағы постлар ең жақсы қаралым жинайды. Ол постлар мен видеодәрістердің көрермендері мен пікір жазушыларының саны көп. Олардың көбісі өздерінің жеке басына байланысты сауалдарға жауап іздейді. Психологтар мен психотерапевтің негізгі аудиториясы – әйелдер қауымы. Біз жүргізген сауалнамада әлеуметтік желідегілердің 55,6 пайызы әйел адамдар екені анықталды. Мұндай дәрістер мен жазбалар көбінде бақытты болудың сыры, отбасы тұрақтылығы, тұрмысқа шығу, бала тәрбиесі, жетістікке тез жетудің амалы сияқты қазіргі қоғамның ең нәзік тақырыптарын қамтиды. әлеуметтік желі шығармашылығы жан-жақты ізденіс үстінде. Мұндағы аудитория талғамы да күн сайын өсіп, пісіп жетілу жолында. Әлеуметтік желідегі медианың алуан түрін саралай отырып біздің елде азаматтық журналистиканың жақсы бағытта дамып келе жатқандығын түсінуге болады. Әлеуметтік желі үні мен азаматтық журналистика ізденісі азаматтық қоғамның айнасы іспетті. Бұл үрдіс дәстүрлі журналистиканың да жаңаша бағытта жұмыс істей бастауына үлкен себепші фактор ретінде қарастыруымыз оңды болмақ.
|
TEXT
|
kaz
|
25,413
|
1928-жылдары қазақ жерінде кеңес өкіметі орнап, біршама нығаюға бет алғаннан кейін жаңа өкімет тұсында да ұлтына адал қызмет атқарған алаш қайраткерлерін қуғындау, екі сөздің бірінде күйелеу сынды жағымсыз құбылыстар үдей түсті. Осы жылдардағы «Еңбекші қазақ» газетіндегі мақалалардың көбі айтыс-тартысқа, дау-дамайға құрылды. Бұл туралы белгілі ғалым кеңестік көзқарас тұрғысынан жазылған ғылыми еңбегінде былай дейді: «20-жылдардағы «Еңбекші қазақты» ерекшелендіретін бір белгі – ол бұл тұста сын мен өзара сынның туын өте биікке көтерді. «Бетің бар, жүзің бар» демей, ашық айтудың, батыл сынаудың үлгісін көрсетті. Бұл тұста сілкіленбеген, сын естімеген қоғам қайраткері, өнер өкілі қалмады десе де болады. Газет бұл тұста жеке адамдар, нақты мәселелер жөнінде де пікір таласына, айтыс жүргізуге кең жол ашты. Сыналған, кіна тағылған ақын, жазушы, қоғам қайраткерлеріне уәж айтуға, өзін-өзі ақтауға немесе мойындауға мол мүмкіндік берді» [1, 27-б.]. Яғни, орынсыз қаралаған мақалаларға жауап беруге мүмкіндік бергенннің өзі әділдіктің бір көрінісіндей бағаланған.
|
TEXT
|
kaz
|
25,414
|
Тәуелсіздік жылдарында жазылған деректер былай дейді: «20-жылдардың соңына қарай республикадағы саяси жағдай шектен тыс ушығып, зорлық-зомбылыққа жол ашылды. 1927-29 жылдар аралығында қазақ зиялыларының арасында өзіндік пікірі бар азаматтардың барлығы да «ұлтшыл» деген айыппен қызметттен қуылды. Кемшілік, қателіктерді әшкерелеуде сынды, өзара сынды күшейту қолға алынды. Бүкілодақтық коммунистік партияның XV съезд шешіміне орай «Еңбекші қазаққа» 1928 жылдың 8 қаңтарында . қаласындағы коммунистердің жалпы жиналысында жасаған баяндамасы жарық көріп, «жікшілдер» деп атанған Троцкий мен Зиновьев артынан еріп жүргендер пролетариат табына қарсы шығушылар бұл шаруашылықтың өсуіне қиыншылық тудыруда деп келтірілді және жікшілдермен күресіп, олардың түп-тамырын құрту қажеттігін баса көрсетті» [2, 359-б.]. Тағы бір тарихи деректерде төмендегідей мәліметтер келтірілген: «20 ж. аяғында жағдайды ушықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцкишіл-зиновьевшіл оппозициямен және «оңшыл оппортунистермен» күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт-азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде көрініс тауып жатты. 1928 жылдың аяғында «буржуазияшыл ұлтшылдар» деп аталғандардың – бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Олардың ішінде , , , , және басқалар бар еді. Тынышпаев, , , , және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның (40 адамдай) басқа тобы 1930 жылы қыркүйек қазанда қамауға алынды. Олардың ішінен 15 адам Ресейдің орталық қаратопырақты облысына жер аударылды. Бұлардың барлығы 1937-1938 жж. жазаланды». 1937 жыл демекші, соңғы уақыттарда табылған, қанқұмар Голощекиннен кейін Қазақстан басшылығына келген тікелей жөнелтілген мына бір хаты қазақты ұлт ретінде жою саясатының айқын дәлелі. Оның мазмұны төмендегідей: «Антикеңестік элементтер бойынша бізге бірінші категория бойынша 8 мың, екінші категория бойынша 8 мың адам репрессиялау құқығы берілген болатын. Біз 10 желтоқсанға дейін бұл межені толық орындап қана қоймай, көрсетілген шектен 1600 адамды артық репрессиялаймыз. Кеңес жауларын түп-тамырымен толық жою үшін бірінші категория бойынша қосымша 600, екінші категория бойынша қосымша 1000 адамды репрессиялауға рұқсат беруіңізді сұраймыз». 1920-жылдардың екінші жартысындағы баспасөз бетіндегі жаппай қаралау мен қудалаудың көздегені осы болатын. Бұл жағдайда ең өкініштісі – қазақ оқығандарының екі тарапы да ұлт қамын күйттеу жолында жүріп, бірін-бірі қаралап, күйелегендігі. Коммунистік партия жолында жүргендердің олай етпеске шаралары да жоқ еді. Төмендегі тағы бір тарихи құжатта мынадай дерек келтірілген: «1920 жылдардың аяғы мен 1930-жылдардың басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыс шиеленісе түскен сайын Кеңеске қарсы зиянкес элементтер мен астыртын ұйымдарды іздеу кең өрістей берді. Шахталар мен кәсіпорындарда кездейсоқ авариялар болса, колхоздар мен совхоздарда мал өлсе, өрт және табиғи апаттар болса – бәрі де тап жауларының әрекеті деп түсіндіріліп, осыған сай халық жауларына және кеңеске қарсы деген бүлікші ұйымдар жөнінде қолдан жасалған қылмысты іс қозғалды». Осыдан-ақ «жау іздеу» науқанының түп-төрікіні қайда жатқандығын аңғаруға болады. Бұл іс жоспарлы түрде іске асырылып, үздік нәтижеге ұмтылуға негіз болды. «Жау іздеу» саясатының асқынғаны соншалық, қолына қалам ұстағандардың барлығының осыған дейінгі жазған-сызғандарынан өзгеше астар іздеу, кеңес өкіметінің саясатына қайшылықты көзқарас табу науқаншылыққа, жарысқа айналып кетті. Соның бір жарқын көрінісі – белгілі қаламгер «Сағанақ» атты кітабына авторға ескертпестен беташар жазып, мынадай сын таққан: «...бірақ Ілиястағы дұрыстыққа жатпайтын әдет – ол ел деген сөзді көп қолданады: «еліме», «елім үшін», «елімнің жайы» деп көбірек сөйлейді. Бұл ауру жалғыз Ілияста емес, осы күнгі жазушылардың біразында әдетке айналып барады. Тегінде ол әдет жақсы әдет емес, ел ішінде кімдер жоқ? Елге бай да, молда да, атқамінер де, би де, төре де, орташа да, саудагер де, кедей де, батырақ та кіреді. Мұндай «бұқарашылдық» қазақ еңбекшілеріне қызмет етем дегендерге ыңғайлы емес, дұрыс емес...». «Еңбекші қазақтың» 1928 жылғы № 1104 санында «Бетім анандай емес, мынандай» [3] атты жауап хаты жарияланған. Осыдан көретініміз – «ел» деген бір ауыз сөзді қолданғаны үшінақ «шолақ белсенділердің» көрсетуімен жау ретінде қуғындалып кету қаупі туған. «Ура» деген ұранды «Алаш» деп аударғанына қатты шүйлігіп, мақала жазады. Онда былай дейді: ««Әскерлік атаулары» деген кітап шықты. Кітаптың сыртына «бұл кітап білім комиссиясының қаулысымен алынды» деп «Ахаң» мен Нұрымұлының «мүбарак» қойған қолдары бар. «Ура»-ның «Алаш» болуы осы кітаптың ішінде. Ахаң «Алашты» жақсы көретін шығар ғой. Аузы дағдыланып кеткен сөзі-ақ шығар. Әйткенмен советский ақшаны алып отырып, советский кітаптың ішіне «Ураны» «Алаш» деп аударуға Ахаң үйреткен дағдысын қолданбай-ақ қою керек еді. Өйткені кітап «» емес, советский ғой. – Алаш орданың сенімді жасының біреуі. Ол жас жігіт, жас жігітте қызулық, албырттық болмай қоя ма, Ғаббастыкі жастығы, қызулығы болсын. Ал 60-қа тақалып, байсалды кісі болған Ахаң «ақсақалдыкі» не? Ахаңның «Алаш орданы» сүйетінін кім білмейді! Бірақ оны өзге жерде-ақ ретін тауып енгізіп, советский ақша беріп отырған советский кітапқа енгізбей-ақ қоюы керек еді. « ...Бір сөзде сонша байланатын не тұр?» дейтіндер болар. Бұл сөз біреу болса да, бірегей сөз. Жаман айтпай жақсы жоқ. Ертең соғыс бола қалып, Алаш орда «бас көтерсе» біз Алаш ордамен соғысқан шабуылға барғанда Ахаңша «Ураның» орнына «Алаш!» деп шабамыз-дағы. Алда, масқара-ай, ұят-ай. «Әскерлік атауларында» оңған «термин» шамалы. Соның ішінде оңбағанның оңбағаны былай тұрсын, төңкеріске қарсылық (контрреволюция) иісі аңқып тұрған – осы «Алаш». [4] Өз қағынан, тілінен жеріну пиғылында жазылған бұл мақалаға Ахаң аса сабырмен, өзіне тән бұлтартпас дәлел-деректермен, сәл кекесін аралас уытты тілмен тиісті жауабын береді: «Енді орыстың «Ура» ұранына келейік. Оны да Сәбитше тексерейік. Сәбитше тексеру үшін, Сәбитше болжалға салайық та сұрайық. «Ертең соғыс бола қалып, орыстың ақтары басын көтерсе, оларға қарсы орыс коммунистері, қызыл әскері шапқанда: «Ура» – орыс байлары, жанаралдары, патшалары, солдаттары тұтынған, қолданған ұран еді» деп «уралауды» ұялып айтпай ма екен? Немесе қазақтың байлары «Алаш» ұранын қолданған кезде орыс байлары «Ура» ұранын қолданбады ма екен? Ертең бас көтергенде орысқа қарсы «Уралап» шаппай ма екен? Болмаса ақтар «Уралап» шапқанда, қызыл әскер аққа қосылып кете ме екен? Орыс байлары, патшалары қолданған «Ураны» айтуға орыс коммунистері ұялғанда, қазақ байлары қолданған «Алашты» айтуға ұялатын мұнысы несі екен? Әлде «Ура» орыстың байлары, ақтары қолданбайтын, тек қана жарлылары, қызылдары қолданатын интернационалдық ұран болған ба екен? білмесе, біз білмедік. Сәбит не дейді? Коммунист партиясы не дейді? ...Ертең «Алаштап» шапсақ, Алаш орда болып кетеміз деген – түкке тұрмайтын дәлелсіз сөз. «Уралап» шапқаннан орыс қызыл әскері ақтар солдаты болып шықпайтын болса, «Алаштап» шапқан орданың адамы болмайды» [5]. Бұл мысалдардан алаш қайраткерлерінің басына небір алмағайып күндер туса да, соңғы демі біткенше ұлт қамын көздегенін байқаймыз. Қазіргі тәуелсіздік кезеңде де дәл осы «ура» ұранының қазақша баламасы әлі табылмағаны рас. Біздіңше, Ахаңдар ұсынған «Алаш» ұранын қолданатын кез енді келді. Алаш қайраткерлері көсемсөзі осындай өміршеңдігімен құнды. Олардың өткен ғасыр басында жазған мақалаларынан тәуелсіздігімізге тірек болар құнды ойлар мен пікірлер жетіп-артылады. Себебі олар өр рухты, санасы өзге тілмен уланбаған, туған халқы үшін жанын да құрбан етуге даяр арда азаматтар еді. Бұл бұл ма, коммунистік партияның «шолақ белсенділері» шімірікпестен ұлт кемеңгері, данышпан Абайдың өзіне ауыз салғанына куә болдық. деген автор Абай пәлсапасын зерттей келіп, төмендегідей ой түйеді: «Міне, жоғарыда сөйлегендерге қарап, біз Абайдың палсапасын әр нәрсені бір көксейтін, түрлі бағыттан құралған байшыл, құдайшыл пәлсапа деп айта аламыз. Бұл пәлсапа осы күнге шейін қазақтың қалың еңбекшілері мен зиялылардың арасында кең орын алып келді. Кітап, дәптерлерге жазылып, баяндамалар мысал ретінде сөйленіп келді. Бұған ешкім мұның қалай демеді, қарсы болған жоқ. Бұл мұнан 5-6 жыл бұрын болса, ол ұят, ол үлкен күнә болмас еді. Өйткені ол уақытта еңбекшілер үстемдігі жаңадан орнап, енді нығайып келе жатыр еді. Енді октябрь төңкерісі 11 жасқа шығып, Қазақстан халқының тұрмысында өзгеріс болып отырған кезде бұл үлкен ұят, үлкен күнә. партия ұйымының салт-сана майданындағы міндетінің бірі – абайшылдықты жою болу керек. Оның үшін партия, кеңес жұртшылығының мәдениет майданындағы күшінің бәрін жинап алып, Абайдың пәлсапасына, Абайдың жолын қуып жүргендерге қарсы күрес ашу, оны тездету керек» [6]. Ұлтымыздың маңдайына біткен кемеңгерін осылай қаралаудан кейін-ақ кеңес өкіметінің алған бағытын шамалауға болады. Қазақ арасындағы ұлтшылдықты жою үшін елді өткенінен бездіру, қадірлісін аяққа таптау сынды құралдардың бәрі қолданылды. Жалпы жұрт санасын кеңес идеологиясына табындыру үшін ештеңеден тайынбады. Бірақ мұндай күлкі тудыратын «сындардың» ұлылыққа титтей де болса көлеңкесін түсіре алмағанына тарих куә. Қазақтың қамын ойлай отырып, бір мезгілде «жауына» айналған ұлт тұлғаларының ұшан-теңіз еңбектері де осы газет бетінде сайрап жатыр. Мәселен, Қазақстанның астанасы қай . Сонымен қатар Түркістан республикасындағы қазақ жерлерін Қазақстанға қосып алу мәселесі күн тәртібінде тұрды. Билік басындағылар сол кездері қазақ көп қоныстанған Ташкент қаласын астана жасауды ұсынды. Оның себептерін түсіндіріп, дәлелдеу үшін көп жұмыстар жүргізіп, халық саны жөнінен нақты статистикалық деректерге жүгінді. Соның арқасында Қазақстанның оңтүстік облыстары Қазақстанға қосылып, территориялық аумағы мен халқының саны бірнеше есе ұлғайды. Бірақ, ежелден қазақтың атақонысы саналған Ташкент қаласын астана ете алмады. Ұлт қайраткерлерінің дәл осы жолдағы жанкешті еңбектері өздерін қаралауға негіз болған. Кеңес билігі қазақтың қайсар ұлы өз халқының жоғын жанын сала жоқтауын жақтырмаған. жазуынша, «Халық көсемі» бірде оған былай деп шүйілген: «Қожанұлы ылғиына қазақ елінің өзгешелігін тым көпіртіп, үлкейте айтады. Күншығыс ұлт республикалары мен кәсібі күшті аудандардың тағдыры, тілегі бір екенін ұмытады. Социалдық жұмыстарды ескермейді. Бар жұмысы ұлт тілегін үстем қылу, соған лайықтап қана істейді. Бұл пікірдегі жолдастар ұлт ішіндегі, ұлт республикасындағы істерге аз көңіл бөледі. Істің бұл жағын бұлар өз бетімен өше берсін деп біледі. Мұны үлкен жұмыс деп білмейді. Бұларша ең үлкен жұмыс – республиканың шегін кеңейту, «сыртқы» саясатпен шұғылдану, іргелес отырған республикалармен айтысып, таласу, көбірек жерін, елін өзіне қосып алу, сөйтіп өз еліндегі байшылдарға, ұлтшылдарға жақсы кісі болып көріну. Бұл пікірдің аяғы келіп мұндай коммунистерді социалшылдық тілектен, жолдан алыстатады. Мұндай коммунистер кәдімгі байшыл, ұлтшылдардың бірі болып шығады» [7]. Сұлтанбектің өр мінезділігі мен қайсарлығы туралы «Есею жылдары» атты еңбегінде былай дейді: «Ол өзге түгіл, Сталиннің өзімен жұлқыса кетуге тайынбайтын адам. Бір жиналыста қалжыңдап: «Қалың қалай, Шыңғысхан?» - десе, Қожанов оған: «Мен емес, өзің - Шыңғысхан» депті. Ол – сондай батыл сөйлейтін адам» [8, 125 б.]. Міне, Кеңес өкіметінің зәре-құтын алған, иделогиялық майдан ашу арқылы жоспарлы түрде санақ жүргізе отырып көздерін жойған ұлт ардақтыларының қабілет-қарымы, ұлтқа жанашырлығы осындай еді. Оларды туған халқына «жау» еткен де осы ұшан-теңіз еңбектері.
|
TEXT
|
kaz
|
25,415
|
«Еңбекші қазақ» газеті кеңестік кезеңдегі идеологиялық майданның құралы ретінде пайдаланылған. Алаш қайраткерлеріне қарсы қаралау, бір жақты сынап-мінеу, орынсыз жау ету тұрғысындағы мақалалар көптеп жарияланды. Өзара сын, полемикалық мақалаларға көптеп орын берілді. Алаш қайраткерлері Қазақстан территориясының аумағын ұлғайту жолында ұшантеңіз еңбек сіңірген. Қазақстанның астанасы қай .
|
TEXT
|
kaz
|
25,416
|
Өткен күннің бет-бейнесін айна-қатесіз көз алдыңа әкелетін ең объективті құрал – баспасөз екендігі дәлелдеуді қажет етпейді. Әркімнің тарихтағы орны мен атқарған қызметін саралауда осы баспасөз жарияланымдары нақты тұғыр болатыны рас. Жазықсыз қуғын-сүргін көріп, атылған ардақтыларымызды ақтап алар деректер де осы баспасөз беттерінде сайрап жатыр. Олар туралы осыған дейін бірлі-жарым ғылыми еңбектер жазылғаны болмаса, жалпы ұлтты тәрбиелеуде, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыруда идеологиялық тұғырға айналмай отырғаны өкінішті. Ұлт қайраткерлері туралы нақты деректерге сүйеніп кинофильмдер, әдеби-драмалық шығармалар жазылып, сахналанса олардың өміршең идеялары бүкіл халық жүргеніне жол тауып, тәуелсіздігімізді баянды ету жолында қызмет етері сөзсіз.
|
TEXT
|
kaz
|
25,417
|
«Диуани лұғат ат-түрік», яғни, түркі тілі сөздігін отандық және шетелдік көптеген ғалымдар аударып, зерттеулер жүргізген. Олардың қатарында неміс тіліне аударған (1928 ж.) неміс ғалымы Броккельмен, осман түріктерінің тіліне аударған (1939 ж.) түрік филологы , өзбек тіліне аударған (1960 ж.) ғалым және де кеңес ғалымдары , , , қазақ ғалымдары , сөздіктегі өлең-жырларды, мақал-мәтелдерді қазақ тіліне аударған.
|
TEXT
|
kaz
|
25,418
|
Еңбекте кездескен үш жүзге тарта мақал-мәтелдерден-ақ әрбір халықтың болмысы мен дүниетанымы оның тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүрінен, өмірлік ұстанымдарын байқаймыз. Мұндай ерекшеліктер халықтың рухани, мәдени құндылықтарының негізін сипаттайтын этностың тілінде жақсы сақталады, тілі арқылы оның рухани-мәдени және тұрмыстық өмірінен толық ақпарат алуға болады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,419
|
да тілдің құдыретін мына мақал-мәтелдермен жеткізеді: Erdem bašï til (мағынасы: Әдеп – қасиет (өнер) басы тіл (МҚ, І бөлім, 394-бет). Бұл жерде «жақсы сөз», «ізгі сөз» хақында айтылған); Tilin tergige tegir (мағынасы: Тілімен дастарханға жетер (МҚ, І бөлім, 488-бет). Бұл мақал «Кісінің өнері өзінің тілінен білінеді» деген мағынада); Savïn saγraqqa tegir (мағынасы: Сөз сағраққа жеткізер / шырын сөз ханның кесесінен сусын ішкізер (МҚ, І бөлім, 531-бет). : «Этностың дүниеге келуіне ұйытқы болған да – тіл, рухани-мәдени өмірінің өзегі де, өзін-өзі танып-білудің өлшемі де – сол тіл» [2] деп тілдің адамдар қауымдастығының этномәдени негізін құрайтынын көрсетеді. Адамзаттың ой-санасы толып, таным-түсінігі артқан сайын өзіне дейінгі материалдық және рухани мұраларды зерттеу қажеттілігі күн өткен сайын арта түседі. Бүгінде ғылымды да, әдебиет пен өнерді де, ойдың орамдылығы мен тілдің құнарлылығын да, материалдық және рухани қажеттіліктердің деңгейін де мәдениеттің аясына сыйғызады. Мәдениеттің мәнін былайша көрсетеді: «Мәдениет – адам өмірін реттеуші қоғамдық құбылыстың ерекше түрі; ұлттық тұлғаға, әсіресе оның ішкі рухани әлеміне деген айрықша назар; тұлғаның материалдық және рухани шығармашылық саласындағы амалтәсілдерінің жиынтығы; материалдық және рухани құндылықтарды бөлу мен пайдалану тәсілдері; адамзаттық прогреске ықпал ететін қоғамдық қарым-қатынастар саласындағы жетістіктер» [3] десе, «Мәдениет – тарихи жалғасым тауып, символға айналған мағыналар моделі, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан түсініктер жүйесі. Адамдар қарым-қатынасы сол жүйенің көмегімен жүзеге асады, соның негізінде адамның өмір жайлы білімі және өмірлік ұстанымдары бекиді, дамиды» [4] деп анықтама береді. Егер әлем, ғалам, дүние дегенді «адам және оның ортасының өзара байланысы» деп түсінетін болсақ, «дүние суреті – адам және орта туралы ақпараттардың өңделуінің нәтижесі. Ал дүниенің тілдік суреті дегеніміз – этностың әлем жайлы қордалаған білімінің, өмір сүрген ортасын игеру барысында сан ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық-мәдени тәжірибесінің тілінде көрініс табуы, бейнелеуі, шегенделіп бекуі» [5]. Тіл иесінің қоршаған ортаны игеруіне қатысты жинақтаған өмірлік тәжірибесі тілдік бірліктердің ішкі мазмұндық құрылымында этномәдени ақпараттар жүйесі түрінде сақталады. Осы тұрғыдан алғанда, тілдегі мақал-мәтелдердің жиынтығынан тұратын паремиологиялық қор – этномәдени ақпараттар жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналады. Өйткені паремиялардың, яғни мақал-мәтелдердің мазмұн мен мағыналық құрылымында, ішкі формасында ұлттың сан ғасырлық қоғамдық, тарихи, мәдени тәжірибесі бекітіледі. Сондықтан да әр паремияны дүние бейнесінің кесіндісі, дүние суретінің тілдік моделі деп санауға болады. Мысалы, Таz кеlікі börікšіdе (мағынасы: Таздың келері бөрікші / Таздың барар жері бөрікшінің дүкені (МҚ, І бөлім, 52-бет); Quš qanatïn er atïn (мағынасы: Құс қанатымен, ер атымен (МҚ, І бөлім, 63-бет); Tilkü öz inige ürse usuz bolur (мағынасы: Түлкі өз ініне үрсе, қотыр болар (МҚ, І бөлім, 84-бет). Бұл мақал өз елін, өз жерін жамандамауға шақырады); Öküz azaqï bolγïnša buzaγu bašï bolsa jig (мағынасы: Өгіздің аяғы болғанша, бұзаудың басы болса игі (МҚ, І бөлім, 84-бет). Бұл мақал басқаға жүгінді болғаннан, басбасына болған артық дегенді білдіреді); Erkeš eti em bolur, eškü eti jel bolur (мағынасы: Еркеш еті ем болар, ешкі еті жел болар (МҚ, І бөлім, 125-бет); Us üškürse ölür (мағынасы: Бүркіт адамға қарап ысқырса, шаңқылдаса, өлімнің алапаты деп санайды (МҚ, І бөлім, 270-бет); Quzda qar eksümes qojda jaγ eksümes (мағынасы: Құздан қар кетпес, қойдан май кетпес (МҚ, І бөлім, 384-бет); Ït šaqïrï atqa tegir, at šaqïrï ïtqa tegmes (мағынасы: Шегір көз ит атқа теңесер, шегір көз ат итке теңелмес (МҚ, І бөлім, 420-бет). Өйткені шегір көз аттың көзі жақсы көрмейді. Бұл мақал ондай атқа жақын бармауды меңзеп айтылған); Keriš jaγïrï oγulqa qalïr (мағынасы: (аттың) арқасының жауыры ұлға қалар (МҚ, І бөлім, 426-бет). Иық-омыртқа буындары түйіске тұс болғандықтан, ол жердің жауыры тез жазылмайды. Бұл мақал сондай жауырдан сақтану керектігін меңзейді; Böriniŋ ortaq quzγunnïŋ jïγaš bašïnda (мағынасы: Бөрінікі ортақ, құзғындікі ағаш басында (МҚ, І бөлім, 498-бет). Құзғын бөрінікіне ортақ, өзінікін ағаш басында отырып жейді; Supuzγanda ev bolmas, topurγanda av bolmas (мағынасы: Молада ) (МҚ, І бөлім, 575 бет) сияқты паремиялар қазақ даласында кездесетін аң мен құстардың түрін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар қазақ халқының аңшылық кәсібінен де хабардар етеді. Ал Qajnar ögüz kešiksiz bolmas (мағынасы: Ағынды өзен өткелсіз болмас) (МҚ, І бөлім, 449-бет) мақал-мәтелдерқазақ жерінің географиялық бет-бедерінің, ой-шұңқырының сипатын танытатын болса, Sabanda sandïrïš bolsa örtkünde irteš bolmas (мағынасы: Жер жыртқанда есеп-қисап болса, қырманда даушар болмас) (МҚ, І бөлім, 462-бет) сияқты паремияларының образдық негізіне жер жыртып, егін еккен диханшы өмірі алынып, семантикалық жағынан өмірлік қағидаттар мен ситуациялық мәселелер сипатталады. Boldašï buzaγu öküz ara belgülüg (мағынасы: Болар бұзау өгіз арасында-ақ белгілі) (МҚ, І бөлім, 587-бет); Evdeki buzaγu öküz bolmas (мағынасы: Үйдегі бұзау өгіз болмас) (МҚ, І бөлім, 505-бет); Toqum buzub qudruqta pišak sïma (мағынасы: Малды (сойып) бұзып болып, құйрыққа пышақ сындырып алма) (МҚ, І бөлім, 533-бет); Aγïlda oγlaq tuγsa arïqda otï üner (мағынасы: Қорада лақ туса , арықта шөп өнер) (МҚ, І бөлім, 94-бет); Таz кеlікі börікšіdе (мағынасы: Андыз (шөп) болса ат өлмес) (МҚ, І бөлім, 146-бет); Ingan iŋrasa botu bozlar (мағынасы: Інген аңыраса, бота боздар) (МҚ, І бөлім, 150-бет) мақал-мәтелдер адамға қарата қолданылғанымен, олардың түп негізінде қазақ халқының ата кәсібі – мал шаруашылығына байланысты жинақталған ғасырлық іс-тәжірибесі жатады. Quruγ jïγaš egilmes, qurmïš kiriš tügülmes (мағынасы: Қураған ағаш иілмес, қурылған кіріш (садақтың кіріші) түйілмес) (МҚ, І бөлім, 236-бет); Közegü uzun bolsa elik köjmes (мағынасы: Көсеу ұзын болса, қол күймес) (МҚ, І бөлім, 507-бет); Qoš qïlïš qïpqa sïγmas (мағынасы: Қос қылыш (бір) қынға сыймас) (МҚ, І бөлім, 415-бет) тәрізді мақал-мәтелдер еңбек құралдары атаулары сияқты тұрмыстық зат атауларының көмегімен жасалып, паремиологиялық дүние бейнесімен ұштастырады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,420
|
Орта ғасырда жазылған бұл шығармадағы мақал-мәтелдердің этномәдени сипаты қазақ тіліндегі мақал-мәтелдермен өте ұқсас келеді. Адам жаратылысы, тілдік бейнелер, мал шаруашылығы, тіршілік иелеріне қатысты өмірлік тәжірибелері, тұрмысқа қатысты бұйымдар мен мүліктер әлемі екі дәуір адамдарының таным-түсінігінің, ойлау қабілетінің ұқсастығын танытады. Тіліміздегі ұлттық сипатты тануда жазба ескерткіштер тіліндегі мақал-мәтелдерді этномәдени тұрғыдан зерттеу маңызды. Ұлттың басынан өткерген жағдайлар тарих арқылы таңбаланып, халық жадында мәңгі сақталады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,421
|
Әйелдер мәселесі – қоғамдағы әйелдердің жалпы жағдайына аса мән беру, барлық салада әйел мен ердің теңдігіне қол жеткізу, ұлттық және ұлтаралық мәселелерді шешу, саяси, әлеуметтік қайшылықтарды жеңу. Жалпы «гендер» ұғымы бүгінгі күні бәріміздің жиі еститін сөзімізге айналды. Осы тұста бұл ұғымның әйел мәселесіне тікелей байланысты екенін аңғарамыз. «Гендер» ұғымы өзімен бірге тепе-теңдікті үйлестіріп отыратын саясатты қамтиды. Гендер – бұл ерлер мен əйелдердің əлеуметтік мінез-құлқын, олардың өзара қарым-қатынасын анықтайтын мəдени сипаттамалардың өзіндік жинағы. Сонымен, гендер, тек əйелдер немесе ерлерге ғана емес, олардың арасын- дағы қарым-қатынасқа, бұл қатынастардың əлеуметтік құрылу əдісіне де, яғни, жыныстардың қоғамдағы өзара қарым-қатынасына жəне бұл қатынастардың қоғамдағы қатарға енуіне де жатады. Гендерлік теңдікке қол жеткізуде бұқаралық ақпарат құралдарына қоғам жағдайының ең сезімтал индикаторы ретінде ерекше рөл беріледі. Баспа және электронды БАҚ-тарды, сондай-ақ, әр уақытта жүргізілген жарнамалық материалдарды талдау парадоксалды тенденцияларды анықтады: бір жағынан патриархалдық құндылықтардың өсуі, екінші жағынан – барлық бұқаралық ақпарат құралдарында әйел бейнесін сексуализациялау және коммерцияландыру. Әйелдер мен гендерлік рөлдердің стереотиптік бейнесі, әсіресе, жарнамалық және коммерциялық ақпаратқа тән. Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық кеңістігінде қазақстандық әйелдің өмірі полярланған және неке, ана, сұлулық және сексуалдылық арасында жасалған. Зерттеулер нәтижесі «әйел» – әйел қылмысы, алкоголизм, жезөкшеліктің маргинализациясына БАҚ-тың қызығушылығы артып отырғанын анықтады. Ерлерге келетін болсақ, Қазақстанның медиа кеңістігі оларды мансапқа, ақша табуға бағыттайды [1].
|
TEXT
|
kaz
|
25,422
|
БАҚ ішінде Қазақ баспасөзі қай заманда болсын мемлекеттік идеологияны, саясатты жүргізу мен насихаттаудың бірден-бір құралы болып келеді. Ал сол кездері қазақ баспасөзі әйел тақырыбы, олардың көтерген мәселесі, гендерлік теңдік жайлы не жазды? Тарихқа көз жүгіртсек, Қазақстанда әйелдер қозғалысы тәуелсіздік жылдарында белсенді түрде қалыптасқанына куә боламыз. Қазіргі таңда елімізде әйелдер мәселесіне қатысты сұрақтарды шешетін 150 мемлекеттік емес ұйымдар бар. Олар әйелдердің құқығын қорғауға, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықпен күресуге, әйелдердің саяси және экономикалық жағынан өсуі сияқты мәселелерді шешу жолында қызмет етеді. Бұл мемлекеттік емес ұйымдар Қазақстанның гендерлік саясатының мәні мен ерекшелігіне белсенді әсер ету мақсатымен мемлекеттік құрылыстарымен ынтымақтастыққа және өзара әрекет жасауға мүмкіндік береді. Қазақстан гендер мәселесіне екімыңжылдық тоғысында қызығушылық таныта бастады. Философия және саясаттану институтында зерттеушілер тобы «Гендер теориясына кіріспе» деген кітапты жарыққа шығарды. қыздар педагогикалық институтында бірінші Әлеуметтік және гендерлік ғылыми зерттеу институты ашылып, онда гендерлік пәндер бойынша арнайы оқу жоспарлары бар курстар ашылды. Гендерлік мәселе бойынша қазіргі кезде қазақстандық , , , , , , сынды зерттеушілер еңбек етіп жүр. Бұл зерттеушілерді алғашқы феминистік қозғалыстың либералды, марксистік, радикалды бағытына қосу қиын. Еліміздегі жаңа қазақстандық философияның қалыптасуымен байланысты ерекше гендерлік тәсіл де қалыптасып жатты. Бұл философия марксистік философиядан бас тартып, руханилықтың артықшылығы мен қазақтың дәстүрлі мәдениетіне тән ақыл-парасат, ой мен ожданның бірлігіне сүйенді. Қазақ жерінде патшалы Ресейдің саясатын жүргізуге ақпараттық қолдау көрсетіп, насихат, идеология қызметтерін атқарған «Түркістан уәлаяты», «Дала уәлаяты» басылымдарында жарияланған әйелдер мәселесін көтерген тақырыптар да, әйел авторлар да жоқтың қасы. Сол себепті әйелдер тақырыбын көтерген ұлттық әйелдер баспасөзінің дамуын «Айқап», «Қазақ» газеттерімен байланыстыруға болады. Осы екі басылым беттерінде Алаш зиялылары әйелдердің сауаттылығы, әйел теңдігі мәселесін көтеріп шын күресті. Сонымен қатар, алғашқы әйел авторлардың мақалаларын жариялауға мүмкіндік берді. өзінің «Қазақ әйелдерінің публицистикалық мұрасы» аталатын кандидаттық диссертациясында *«ХХ ғасыр басындағы әйелдер мұңын әйелден артық ешкімнің айта алмайтыны белгілі болатын. Дәл осы қажеттілік әйел қаламгерлер тобының тууына басты себеп болды»* – деп, олардың қолына қалам алуына мәжбүр еткен екі түрлі себепті келтіріп өтеді. *«Біріншіден, баспасөз арқылы бұқараның қалың ортасына ой тастау, сол арқылы өнер-білімге, мәдениетке үндеу болса, екіншіден, жасқаншақ, етекбасты »,* – дейді [2]. Бәрімізге мәлім, 1920 жылы қалың малға, әмеңгерлікке, көп әйел алушылыққа тыйым салу жөнінде қабылдаған декреті жарияланған болатын. Осы орайда өзінің «Тарих және баспасөз» кітабында [3]: *«Декретте қазақ әйелдерінің еңсесін басқан, адамдық қасиетін қорлаған, тағы басқа да зиянды әдет-ғұрыптарды жою көзделді. Міне, осы декреттің мәнін әйелдерге түсіндіріп, олардың өздерінің бас бостандығы үшін күресуіне көмектесу, әйелдерді қоғам өміріне белсене араластыру үшін ел ішінде көшпелі қызыл отаулар, делегаттар жиналыстары ұйымдастырылды. Бұлардың жұмысын насихаттайтын, әйелдерге арналған баспасөз органын шығару қажеттігі туындады»,* – деп, сол уақытта қазақ әйелдерінің атынан сөйлейтін әйел қаламгерлердің қажеттілігінің туғанына тап өтті. Жалпы әйелдер баспасөзі өзінің табиғаты бойынша әртүрлі және өзіндік ерекшеліктері бар. Осы орайда «әйел» баспасөзінің келесі функцияларын ажыратады [4, 32 б.]: – әйелдердің қажеттіліктері мен мүдделерін, оның тұлғасы мен имиджін қалыптастыру және бейнелеу; – әйелдердің өзекті мәселелерін талқылау және таныстыру, оларды шешу жолдарын іздеу; – әйелге оның әйелі мен анасы ретіндегі әлеуметтік рөлін орындауға көмектесу; – балалар мен әйелдердің денсаулығын сақтауға көмектесу;
|
TEXT
|
kaz
|
25,423
|
– қоғамға қатысты жағымсыз және қайшылықты көріністерді жеңуге көмектесу; – әйелдердің қоғамдағы орнын нығайту, әлеуметтік өзгерістерге қатысуға шақыру; – эстетикалық талғамның дамуына ықпал ету; – жаңа өнімдер туралы ақпараттандыру (балалар мен әйелдерге арналған жарнамалық өнімдер). Бүгінде қазақ журналистикасындағы әйелдердердің алғашқы көші деп , мен айтамыз. Әрине, бұл шығармашылығымен ерекше көзге түскен үздіктер екені белгілі. Әйтсе де, қазақ баспасөзінде оларға дейін де әйел қаламгерлер болды, бірақ олар жайлы көп айтыла бермейді. Атап айтсақ, «Қазақ» газетіндегі әйел авторлардың қатарында , , , сынды әйел қаламгерлер болды. Аталған авторлар оқу-ағарту, медицина, әдебиет, мәдениет мәселелері жайлы жазды. Ал «Айқап» журналының беттерінде , , өлеңдері жарық көрді. Сонымен қатар, «Айқап» энциклопедиясынан есімін де кездестіруге болады. Бұл – «Қазақ», «Айқап» басылымдары әйел қаламгерлердің мақалаларын жариялап, оларға арналған басылымдардың пайда болуына алғышарт болғандығының көрінісі. Алаш зиялылары да сол кезде әйел теңдігі туралы тақырыптарды көтеріп, алғашқы әдеби туындылардың шығуына себепкер болды. Тіпті, Алашорда басылымдарынан да көптеген әйел авторлардың мақалаларын кездестіре аламыз. Мысалы, «Сарыарқа» журналында жарияланған мақалалары мен ақпараттық хабарламаларын атап көрсетуге болады. Әйел авторлар ең көп кездесетін келесі басылым – «Ақ жол» газеті. Басылымның беттерінен аттары бізге әлі күнге дейін беймәлім авторлармен қатар, , , кездестіре аламыз. Әйелдер баспасөзі мен публицистикасы- ның дамуына үлес қосқан көпшілік газеттерде әйелдер мәселесіне арналған айдарлар мен арнайы беттердің пайда болуы еді. Атап айтсақ, 1923 жылдары «Еңбекшіл қазақ», «Степная правда» газеттері мен «» журналында аптасына бір рет «Қазақ еңбекші әйелдерінің өмірі» деп аталатын арнайы әйелдер бөлімі ашылды. Бұл жайында деректер өте көп, тіпті, басылымдардың архивтерінен көз жеткізе аламыз. Мысалы, Сағида есімді қаламгер «Еңбекшіл қазақ» газетінде өзінің «Қазақ қыздары қайда?», «Дүрбілі айна» деген мақалаларын жариялап, осы басылымдағы әйелдер бөлімі туралы баяндайды. Қазіргі таңда алғашқы әйелдер баспасөзі деп «Теңдік» газеті айтылып келеді. Десе де, «» газетінің 1923 жылы 9-маусымдағы санында «Әйел бостандығы» мақаласынан мына құнды деректі байқадық: *«Ақтөбедегі губерниялық әйелдер бөлімінің атынан «Әйел бостандығы» атты газет шығарыла бастаған. 2-майда шыққан 1-номері басқармамызға келді, газет әр жұма сайын шығып тұрады. Өкінішке орай, одан кейін қазақ әйелдеріне арналған газеттер шықпады. «Әйел бостандығы» – әйелдер дүниесінде бірінші қадам еді. Мұны шығарып отырғандығы – қазақ әйелдерінің де ерлермен қатар тұрмысқа ұмтылайын дегендігі»*, [5] – дейді автор. Алғашқы басылымдардың бірі ретінде «Жетісу әйелі» журналы жайлы да деректер әртүрлі. «Қарлығаш қаламдастар» кітабында бұл журнал 1923 жылдың қаңтарында жарық көрді деп айтылады. Ал «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалығына сүйенсек, 1924 жылдың басында журналдың тек екі санығана жарық көргендігі жазылған. «Жетісу әйелі» журналының нақты шыққан уақыты «Тарих және баспасөз» кітабында: *«Қазақстан бойынша әйелдерге арналып шығарылған алғашқы басылым «Жетісу әйелі» журналының алғашқы саны 1923 жылдың 15-қаңтарында жарық көрді»,* [3] – делінген. Көріп отырғанымыздай, қазақ баспасөзінде, алдымен, әйел авторлар қалыптасып, содан соң газетте арнайы айдарлардың ашылуы біртіндеп әйелдерге арналған басылымдардың дүниеге келуіне ұласты. Ал қазақ баспасөзінде әйелдер басылымының өмірге келуі сол кездегі әйелдер мәселесін көтеруге зор мүмкіндік берді. Әйтсе де, ол уақытта әйелдер мәселесі үстірт жазылғандай, бала күтіміндегі ана, отбасыдағы әйел, жалпы әйелдердің сауаттылығы және қоғамға үлгі бола білген еңбегер әйелдер жайлы ғана қалам тербелген. Бұдан бүгінгі қоғамның ауыр дертіне айналған әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылық, кемсітушілік, гендерлік теңдік сынды жағдайлар болмады деп қорытынды жасай алмаймыз. Себебі аталған мәселелер қай кезеңде болмасын өз деңгейінде өзекті болды. идеологияның арқасында талай ауызға қақпақ табылып, ащы шындық тәтті өтіріктің кейпіне енген-ді. Ендігі алғашқы әйел басылымдарынан кейінгі әйел тақырыптарын қозғаған қазақ баспасөзіне тоқталайық. 1969 жылдың қараша айында шыққан «Мәдениет және тұрмыс» журналының санында «Әйелдер – қоғамның қуатты күші» атты мақаласы жарияланған. Автор өз мақаласында сол кезеңдегі әйелдердің рөлін ашып көрсеткен. Сонымен қатар, сол уақыттағы мемлекеттік саясаттың басты мақсаты демографияны жақсарту емес, өндірісті күшейту мақсатында тұрғындарды еңбекке барынша жұмылдыру болғаны анық көрініс табады. Сол себептен әйелдер үшін бала тәрбиесінің екінші орында болмауын, адамзаттың ұрпағын тәрбиелеу мен қоғам өмірінен, яғни қызметтен қол үзбей, ерлік жасап жүрген аналардан үлгі алуға шақырады. Осы орайда мақаланың түпнұсқасынан үзінді келтіріп өтуді жөн көрдік.
|
TEXT
|
kaz
|
25,424
|
Келесі «» газетінде 1969 жылдың 2-ақпандағы санында жарияланған «Зор күшті бағалай білейік» атты Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілінің мақаласын мысалға келтірмекпіз. Мақала газеттің «Қыз-келіншектер, техниканы меңгеріңдер!» айдарында жазылған. Автор республикада астық өндірісін барынша арттыру басты міндетке айналғандығын айтып, ауыл-аймақтағы қыз-келіншектерге механизаторлық мамандықты иегеру мәселесін көтерген. Сонымен қатар, материалда . Сөз соңында министрлік өкілі осы салада әйелдерді жұмылдыру ісін арттыруға шақырады. Ендеше, мақала үзіндісіне көз жүгіртіп көрейік: *«Еліміздің халық шаруашылығында әйелдер қандай зор роль атқарып отырғаны баршаға мәлім. Бізде халыққа білім беру, денсаулық сақтау, байланыс, сауда, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету салаларын айтпағанның өзінде, жеңіл және тамақ өнеркәсібі орындарында, тіпті, күрделі заводтар мен фабрикаларда көптеген әйелдер, жас қыз-келіншектер ерлермен қатар жемісті еңбек етіп келеді.*
|
TEXT
|
kaz
|
25,425
|
Жалпы алғанда, қазіргі қазақ баспасөзі өркендеп, өсуге ұмтылыс үстінде. Әйтсе де, қазақ баспасөзінің қоғамдағы атқарып отырған бүгінгі қызметіне көңілі толмайтын жандар жоқ емес. Қалыптасқан көпшіліктің пікірінше: қазақ баспасөзі қоғамымызда болып жатқан саяси және экономикалық жағдайларға талдау жасаудың орнына, кешегі салт-дәстүрді насихаттауға әуестеніп кеткен. Бүгінгінің өзекті тақырыптарынан алыстап, өткен тарихи тақырыптарға көбірек мән берілген ел мен жер тарихы туралы толассыз толғаныстар, ағыл-тегіл ақыл айтушыларға толы. Қазақ баспасөзінде сыртқы халықаралық мәселелер мен экономикалық қатынастарды талдау аз және материалдарда сыни талдау, ғылыми жаңалық, тіпті, жоқтың қасы. Осы орайда қазіргі қазақ баспасөзі әйелдер мәселесін көтеретін материалдарды оқырманға қаншалықты объективті және шынайы беріп жүр? Бүгінгі қоғамда әйел затына қатысты шешімін таппаған мәселелер өте көп. Өгей әкесінен үш жыл бойы зәбір көрген қыз, шаңырағының шайқалмауын тілеп күйеуінің таяғына көнген әйел, қартайған шағында келіннің қабағын баққан ана, біреудің минуттық ләззаты үшін тағдырдың қатал тауқыметін шеккен болашақсыз қыз – бәрі-бәрі қазіргі қазақ қоғамының ащы шындығы. Қарап отырсақ, бұл мәселелер бүгін не кеше ғана пайда болған жоқ, ол әрдайым болған. Тек әркім өз шындығын айтуға бүгін қорықпайтын болды. Осы сәтте шындықтың су бетіне қалқып шығуына, «Ұят болады!» дегеннің шекарасынан кесуге әлеуметтік желілер өз септігін тигізіп келеді. Содан болар, соңғы уақытта қазақ басылымдары әйел мәселелеріне ерекше ден қоя бастады. Ұлттық басылымдар да, жекеменшік басылымдар да әйел затының қоғамдағы рөлі, олардың ер адаммен теңдігі, жеке бас құқығын қорғау сынды тақырыптарда жазылған біршама мақалаларды оқырманға ұсынып жүр. Аталған тақырыптағы мақалаларды сараптай келе, көптеген авторларды гендерлік теңдік мәселесі қызықтыратыны байқалды. Гендерлік теңдік – бұл ерлер мен әйелдердің өздерінің әлеуметтік рөлдерін биологиялық жынысына қарамастан еркін, саналы таңдауы. Сонымен бірге, гендерлік теңдік ерлер мен әйелдердің тең құқықтар ғана емес, олардың құқықтары мен әлеуеттерін толық іске асыру үшін тең мүмкіндіктері болатын орта екенін ұмытпаған жөн.
|
TEXT
|
kaz
|
25,426
|
Ендігі баспасөз материалдарындағы гендерлік теңдік мәселесінің берілуіне келейік. Ұлттық қоғамдық-саяси «AQIQAT» журналының 2018 жылы 19-наурыздағы санында «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі, саясаттанушы , философия ғылымының докторы , философ, публицист және Нұр- мәдениеті университетінің докторанты қатысуымен «Гендерлік саясат және қазақ қоғамындағы әйел» аталатын сүбелі әңгіме жарияланған [9]. Әңгіме барысында қоғам қайраткерлері әйел мен ердің тең құқығы, әйел теңдігін сылтаулатып ұлттық тәрбиеге нұқсан келтіруді тоқтату, этногендерологияны дамыту, әйел затына деген исламдық көзқарас сынды өзекті мәселелерді сөз етеді. Келесі мақала республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің 2019 жылы 29-тамызда шыққан санында жарияланған. Мақала «Гендерлік теңдік – тұрақтылыққа тірек» деп аталады, авторы . Мақала негізінде 2019 жылдың 1-қаңтарындағы дерек бойынша елдегі мемлекеттік қызметшілердің 55,4%-ын әйелдер құрайды. Оның ішінде, басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі – 39,8%. Басшылық лауазымдағы әйелдердің көрсеткішіне жекелей қарағанда, өңір әкімдерінің орынбасарлары болып жүрген нәзік жандылар – 10,7% құраса, орталық мемлекеттік органдар комитеттерінің төрағалары мен департаменттерінің директорлары – 30,4%, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары – 14,2%, облыстық басқармалар басшылары – 17,6%, қалалар мен аудан әкімдерінің орынбасарлары 15,4%-ды құрайды екен [10]. Сонымен қатар, мақаладан өмірлік серігінен опық жеген нәзік жандылардың мысалын көптеп кездестіруге болады. Мәселен, Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті БҰҰ әйелдері, БҰҰ халықты қоныстандыру қоры, ДДСҰ-мен бірлесіп әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы зерттеу жұмысын жүргізген. қамтыған сауалнамаға 14340 азаматша қатысып, нәтижесінде 16% әйел өз жолдасынан қорлық көргенін мәлімдеген. Ең сорақысы, олардың ішінде басқа да адамдардан зорлық көрген оқиғалар да анықталған. Зерттеуімізге негіз болған келесі сұхбат, органы «Қазақ әдебитеті» газетінің 2019 жылы 13-қазанда жарияланған «Біз деградациядамыз» деп аталады. Жалпы сұхбат Өнертану саласы бойынша Түркиядан PhD қорғаған, елімізде және шетелдерде дәріс оқып, көптеген шәкірттер тәр¬биеле¬ген өнертанушы, медиа саласын зерттеуші әйелдердің бүгінгі қоғамдағы орны және өнер мен әдебиет салаларындағы бүгінгі мәселелер жайында жазылған [11]. «Теңдікте де, теңдік бар» деп аталатын бұл мақала Халықаралық саяси «Tu'rkistan» газетінің 2020 жылы 23-шілдеде шыққан санында жарияланған. Мақала барысында автор кеңестік кезеңдегі «Әйел теңдігі» идеясына ерекше тоқталып, гендерлік теңдік мәселесі Қазақстанда құқықтық тұрғыдан реттелгенін атап өтеді. Бұл тұрғыда Қазақстанның «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы», «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңдарының қабылдануы және Елбасының жанындағы «Отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның» жұмыс істеуі Қазақстан азаматтарын жынысқа байланысты кемсітуге жол берілмейтінінің айғағы екендігін көрсетеді [12].
|
TEXT
|
kaz
|
25,427
|
Әйелдің ерекше орны, әсіресе, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде байқалады. Бұл – қазақта байырдан бар идеология. Ендігі біздің парыз – осы саф құндылығымыздың жойылып кетуіне жол бермеу. Ал оны дәріптеудің теңдессіз күші – қазақ баспасөзі. Қазақ баспасөзі – қанатын кеңге жайған зор кеңістік, ұлы көш. Заман қалай өзгерсе де, маңызы өзгермеген, қазақ өзгерсе де, қадірі артпаған қазақ әйелдерінің мәселесі мен оның түйінін шешер шығармаларды қазақ баспасөзі қалыс қалмай жүрсе, нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ендеше, «халқым» деген қайырлы ұрпақ үні мен «ұлтым» деп соққан жүректің дүрсілі әр қазақтың құлағына жетсін!
|
TEXT
|
kaz
|
25,428
|
публицистикасы екі жанрда көрінеді. Соның ішінде бір тобы – қара сөзбен жазылған публицистикалық шығармалары. «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабының алғашқы тарауы қара сөз үлгісімен жазылған. Бұл тарауды еңбектің кіріспе бөліміне жатқызған [1]. Бірақ, біздің пікірімізше, бұл кіріспе бөлім емес, жеке бір тарау – себебі, бұл тарауда ауқымды мәселелер көтеріліп, өзіндік ой-тұжырымдар қорытындылаған. Тақырып аясы да «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі» деп аталуына да кіріспеден өзгеше. Осы бөлімде тарихтан, этнографиядан көп мәлімет беріледі. Мақала публицистикалық сарынмен, оның үстіне тарихи еңбек түрінде жазылған. Бұл екі сала бір-бірін толықтырып, суреттелетін құбылыстар мен оқиғалар мағыналық тұрғыдан үндесіп, тарихи-публицистикалық очерк түрінде келген. Бұл публицистикада сол күннің басты назар аударып отырған қоғамдық-саяси мәселелері көтерілген. Соған әлеуметтік тұрғыдан талдау жасалған. оқиғаны баяндау желісі өзгеше. Жай ғана хабарлай салмай, әрбір мәселені философиялық оймен, тарихи деректер тұрғысынан баяндайды. Шығарма шешендік тілмен жазылғандықтан, оқырман түсінігіне жеңіл. Еңбек «Күн батысы- Сырдария, күн шығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу (Семереченск өзені), солтүстігі – Еділ, Жайық. Сол төрт судың арасы заман қадымда атанған қыпшақ жұртының қонысы еді. тоқсан екі ру ел тарайды. «Қытай көп пе, қыпшақ көп пе» деген мақала болған себебі сол...», - деп басталады [1]. Осы сөздерді түсіну барысында әр адамның көз алдына қазақ елінің жағрафиялық картасы елестейді. келбеті – дала табиғаты суреттелген. Төрт өзенді жазғандағы айтпақ ойы- қазақ даласының оңтүстік- солтүстік, батыс-шығыс шекараларының мызғымай, ата-бабалардан ауысып, ежелден келе жатқандығы. Даланы иеленбек болған шет жұрттың басқыншыларға қарсылығы тарихи фактілермен дәлелдеп, этнография мен топонимикалық деректерді өз орнында қолдануы арқылы білдіреді. Жалпы шекара мәселесі, туындай қалған жағдайда Мәшһүр сияқты шежіреші – философтардың еңбегіне сүйенген жөн. Себебі, олардың шығармаларына бізге беймәлім жер- су аттары молынан ұшырасады. Әрі, тың деректер тарихи фактілермен дәлелденген. Ең көне жырлардың бірі – лиро-эпостық «-» жырындағы кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігін қазақ әдебиетінде тарихи тұрғыдан тұңғыш зерттеген деп айтуымызға болады. Автордың өзі бұған: «өлеңнің аяғында «Қара оба», «Сары оба» деген екі төбе – Қарабай, Сарыбай деген екі байдың қоныс қылған мекені екен. Бұл екеуі де қазақ байлары. жалғыз қызы Баянсұлудың туған жері – Баянауыл тауы. Бұл таудың атының Баянауыл қойылған себебі «Баянауылы» атанып кеткендікетен. Сол қыздың қарқарасы жоғалып, түсіп қалған жері «Қарқаралы-Қызылық» аталған. Домбырасы мен бет-моншағы түсіп қалған жері «Тоқырауын- Жәмшім» атанған. Сандығы түсіп қалған жер «Алтын сандық-Ақшатау» атанған. Аттарының шідері түсіп қалған жер «Жауырбоғы» атанған. Қайыр, бұл сапар қазағы жер аты – бәрі қазақтың ата-бабасының аттары» [1], - деп анықтама берген. Шығарма баяндау тәсілімен жазылған. Сөз болатын обьекті – Сарыарқа даласы, қазақ халқы. қыпшақ жерін суреттеуден бастап, қазақ халқының жоңғарлармен, қалмақтармен болған шайқастарда баяндаумен жалғасады. Одан әрі нақты оқиғаларға байланысты қазақ даласында сақталып қалған ескерткіштермен жер-су аттарының шығу тегі түсінікті тілмен жазылаған. Бұрынғы заманда болған оқиғаларға өзінше топшылау жасаған. Бұл шығармада әрбір жер-су аттарына байланысты фактілер жиналып, аңыз-әңгіме түрінде берілген. Оқиғалардың тізбегі баяндау түрінде берілсе де, шығарма мазмұны бұзылмай, ой шашырамай, оқырман тез қабылдайды. Қай оқиғаны баяндаса да Мәшһүрдің айтпақ болған негізгі идеясы - қазақ халқының жат жұрттық басқыншыларға деген азаттық күресі, халық патриотизмі. Қай публицистикалық мақаласын алсақ та осы идея алдымыздан шығады. Қалмақтармен, ноғайлармен, Бұқара, Хиуа хандықтарына қарсы азапты, ұзақ жылға созылған ұрыстарда да қазақтың ұлт ретінде сақталып қалуы – ата-баба жерін жау қолында қалдырмау ұраны. Бұл ұранмен талай батырлар жау қолында мерт болған. «Ата-бабамыз қалмақтан не үшін қырылды? Кейінгі үрім-бұтағыма жер-су алып беремін деп қырылды. Жалғыз менің ата-бабам емес, жер-суға таласып көп қазақ қырғын тапты. Сол себепті бұл Сарыарқа біздің қазаққа атасының құны болып, олжа болып еді. Біреу-біреуге соңынан қалмаса «атаңның құны бар ма еді» дейді ғой. Сондай-ақ, атаның құны болғаны үшін жер-судан айырылып, қаңғып, қоныссыз жүргеніме ішім күйіп өлсем де ойымнан кетер емес. Баянауыл тауын қалмақтан еріксіз алған Жасыбай мен Олжабай еді. Жасыбай өлді де, Олжабай қалды. Жасыбай асуының алдында Жалаңтөс деген баласына қыстатып, Олжабайдың өзі Аяз басқан деген асуға қарсы қыстап еді. Дүние деген, шіркін, көшпелі, екен. Қазақтың тұлпар мініп, ту ұстаған кейінгі үрім-бұтағына олжа салған ең алдында мұжықтың поселкесінің аты болды. Олжабай қаласы атанған қала, Ереймен тауы - Олжабайдың өлген жері. Содан бір сөз. Ата-бабасының қаны қойдың қанындай ағып, алып берген жерінен үрім-бұтақ бабалары көзінің жасын төге-төге қаңғып кете берді» [2]. Бұдан кейінгі сөз болар оқиға – ХIХ ғасырдың орта кезіндегі қазақ тәуелсіздігі үшін күрескен Наурызбай, Кенесарының орыс басқыншаларымен соғысы. Әр кезеңнің батырлары өз халқын аман сақтау үшін жан аяспас ұрыстарға бара білген. Шығарманың композициялық құрылымының бүтіндігі соншалық, әрбір сөйлемнің ара-жігі ажыратылмайды, барлығы түйінге келіп тіреледі. Оны бір төмендегі мысалдан айқын аңғартуымызға болады: « қазаққа: «қазақ бізге бағын, бізге қара», - деп ақ патшадан жарлық алып шықтым деп деген келді. Қазақ саған қармайды, маған қарайды деп ол екеуіне басқа қазақтың өз ішінен Кенесары, Наурызбай деген шықты. Олар: Бағынба қазақ орысқа, Бағынсаң қазақ орысқа. Осы бастан амандас, Осы замандағы қазақ жақсылары кеңесті де Кенесары, Наурызбайдың сөзін қостамады және қытай елшісімен сөйлеспеді. Жерімізге тимесең, солдат алмасаң, саған қараймыз деп, құдайшылығы бар деп, ақ патшаға өз ықтиярымен қарап, бағынады». қазақ халқының Ресей имперсиясына қарауын өз заманында болып өткен тарихи оқиғаларға байланысты жан-жақты суреттеген. Сол кезлегі екі жақты психология, екі топ арасындағы тартыс орыс ұлықтарының пайдасына шешілді. Олар бос жатқан жер деп емін-еркін пайдалана бастады. Бұл шығарма ХIХ ғасырдың қоғамдық-саяси жағдайын дұрыс түсіне біліп, талап көрсетуімен құнды. Ол бұл еңбектің отты екпіні мен жоғары эмоционалдығынан көрінеді. Бұл орайда: «Осы күнде байқап қарасақ. Қазақта ешкімнің есесі жоқ. Ол қалайша жоқ десек, қазақ жерін . Бастықтарының уазифасы (усадьба) деп ағашты, шабындық жерлерді ат қойып, учаске деп ала берді. Қазақ жерін өзі тастап кете алмай неше жыл бойы көгіне ақша төлеп, қысы-жазы малының көрегі үшін сатылып, кедей болды. Бүйтіп сатып жеп қалайша күн көреміз деп суырма жонға қыстап еді. Жан сақтап, күн көріп жүрген жерлерін мұжық келіп егініне лайықты етіп алды. Еркекте ақыл . Азғантай ақылдан айырылып қалып, жауыр амалына береке қашып, оның үстіне өлімшығын, землке деген қаптап, ел аралаған начальник, чиновниктердің жалдап мінген аттарының майын алмай қаңғып кетті. Бұхар, Ташкент барсаң, сарттың малайы қазақ. Малайлықта жалғыз-жарым болып кеткендер ауырса, суын беріп, кім басына жастық қойып, иман айтуға кім даяр тұрады? Өлсе кім жаназа шығарады? Осындай қиыншылықтан тірімізге иман, өлгенімізге жаназа жоқ болып, адам тәрбиесінен қалдық», -деп ашына жазды автор [3]. Бұл ойын одан әрі: «Бір жерде, бір қазақты бір мұжық атып тастаса, қазақ өлгенін қолына алып, көшіп-қонып ел аралап кетеді, ал сары орыс үйінде жаннан тыныш отыра береді. Бір қазақты бір казак-орыс пышақтап жарып тастаса, казак-орысқа сот жоқ көшеде ойнап-күліп жүре береді», - деп жалғастырады. Қазақ ұлтын қорлаудың шегіне жеткен түрі осы. Бұл шығарманың кульминациясы да осы жолдарға келіп тіреледі. Қазақты қонысынан аударғаны, ел билейтін азаматтарына билік бермеуі, малын тартып алуы былай тұрсын, енді патша отаршылары жергілікті халықты өлтіруге кірісті. Отаршылдықтың ең жабайы әдісі- халықты аяусыз қыру. Қазақтың басына да осы ауыр күн келді. Туғанын мұжық өлтірген соң қазақ амалсыздан басқа қоныс іздеуге мәжбүр болды. Қазақ жоғары әкімдерге арыздана алмайды. Себебі, оның құқығы жоқ. Қазақтың сөзін чиновник тыңдамайды, көзге ілмейді. Бұл – Ресей империясының жергілікті халық құқығын аяққа басқан, отаршылдық саясатының көріністерінің бірі. өзі көріп отырған қиянатты ашына жаза отырып, Ресей бұғауына бекер түстік деп күйінеді. Әділетпен, ел басқарған бұрынғы билер жолын аңсайды. Ол заманды «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болды», -деп аңсайды. орталық саясаттың қазақ ұлтының дәстүрлі ел билеу тәсіліне кесірін тигізгенін жазады. Орыс отаршылары халықты құлдыққа ұстау үшін, әдейі бұрынғы ел билеу дәстүрін жойып, ауылнайлық, болыстық билеу жүйесін кіргізді. Орыс чиновниктері надан, топас адамдарды ауылнай, болыс сайлап қояды. Елде қазақ ұрпағы аза бастады. Елде надан, жалқау, өсекші, жағымпаз адамдардың көбеюіне әкелді. Қазақ жұртының ғасыр басындағы азып-тозған халін көрсете білді. 1912 жылы «Айқап» журналының екі санында «Туысқан бауырларыма бір насихат» атты мақаласы жарық көрді [41]. Бұл мақалада қазақ елінің экономикалық хал-ахуалы, татар молдаларының қазақ ұлтына ықпалы жайында сөз болады. 1907-1912 жылдары айдауда болғаны белгілі. Сол жылдары Қазанда болып татар діни оқу жайын зерттеп, қазақ ауылындағы балалардың оқуына тигізген әсерін түсіне отырып, өз мақаласында осының мәнін ашып беруі мақсат етті. Мақала «Айқап» журналының 7-8 сандарында басылған. Көпеев деп қол қойылған. Мақалаға фельетон деп айдар тағылған. Бірақ, бұл фельетон ба, әлде басқа жанрдағы мақала ма? Бұл мақала фельетоннан гөрі проблемалық мақала жанрына сәйкес келеді. Бұл мақала бейнелі тіл болғанымен фелетонға тән басқа элементтер жетіспейді. және Қазан төңірегінен патша құлдығынан қашып, қазақ жерін паналаған татар молдалары, олардың жұртты алдап-арбап мал жинағандықтары жөнінде айтылады. «Сарыарқаның ен шөбінің байлығы мен шаруа күтіп, мал бағып, ғылым-білімнен, әртүрлі ғибратты өнерден сафир болып айтса да болмады. Көл орнында қалған жұрт еді. Солдаттан қашқан құмыра бөрікті, толағай басты ноғайлар келіп, «Бәдуаш», «Кесікбас», «Ақырзаман» деген кітаптарын оқытып, өзі құдайдың бұйрығынан, ақ патшаның қырғынынан қашып жүрген қулар Ресейдің жұртын жамандап, үкімет ерлерін жамандап, «патшаның бізге қызметшілігі осындай, Қаһарлы қаттылығы осындай деп құдайды ұзын құлақтан зорға естіп жүрген қазақты шөптің басынан үріккен қойдай, ақ жарықта көлеңкесінен қорыққан қояндай қылып, Ресейдің бас хакімдері қазаққа . Қала салсаң шапшаң сал дейді, шоқын дейді. Балаларыңды орысша оқытуға берсең, солдаттыққа алады деп, көнектен шошыған биедей қылып шошытып, ғұмыр бойы өзіменен жырлас, сулас, оттас, арыздас болып тұрған Ресей жұртыменен ынтымағын қосуға келтірмей қазақтың ақылсыз, надан қатындары дуана келеді деп өз баласын өзі қорқақ қылып үйреткендей, жаман қылып, көк милау қылып жіберді», - деп жазды [5]. Бұл жерде көзқарасының өзгергенін көреміз. Егер, бұрынғы шығармаларында ол Ресейдің тек отаршылдық саясатын ғана көріп, соған қарсы үн қатса, бұл жерде оқу-білім тарататын демократтық бағыттағы Ресейді көріп отыр. Көзқарасының өзгеруі сірә, Мәшһүрдің осы жылдары орыс демократтарымен көптеп араласуынан болса керек. Өзі діни білім алса да, татар молдаларының қазақ даласына таратаын жалған үлгі – насихатына қарсы шықты. татар молдаларының таратып жүрген білімдері қазақ топырағына лайықты емес, күні өткен ескі оқу үлгісі деп тұжырымдайды. Соған байланысты қазақ жерінде жаңа бағдарламамен оқытатын медреселер ашу керек. Әрі бұл медреселерге ұстаздарды қашып жүрген ноғай молдаларының арасынан емес, жаңа оқу негіздерімен оқытатын молдалар арасынан іздеу керек. орысша оқыту керектігін күн тәртібіне қойды. Себебі, заман өзгерді. Жаңа заманға жаңаша ойлайтын, жаңа ғылым-біліммен ойлайтын адамдар керек. Сондықтан да қазақ өз балаларын жаңаша үлгімен оқытатын мектепке беру керектігін айтады. бұл мақаласында қазақ жұртының арасында мұсылман дінінің толық негізінде таралмағанын айтады. Қазақ ораза ұстап, намаз оқымайды. Соған қарамастан өздерін-өздері мұсылмандық жолын ұстаймыз деп сендіретіндігін айтады. Бұл жерде мұсылман дінінің тәрбие, жақсы үлгі берер жақтарын көріп отыр. Дінжақсы үлгіні, адамгершілік пен әділеттілікті насихаттайды. Осы үлгі қазақ арасына таралу керек. Қазақ құдайға, мұсылман дініне онша сене бермейді. Дін көп таралмағандықтан да қазақ дінді оқыту жағдайын біле бермейді. Мұсылман дінін үйренуге ықыластанғанымен үйрететін ұстаздары аз. Ілгеріде айтылған шала сауатты татар молдаларды осыны пайдаланып, қазақты алдап-арбайды. Сол молдалар оқытқан шәкірттерін де шала сауатты етіп шығарады. Шет жұрттан қашып келіп паналағандар қазақты былай деп өтірік мақтайды: «Ноғайдан келді қазақтың өзін мақтады, өзгенің бәрін жаманға қойды. Сарттан келді, ол да осыны айтты. Сонан соң бұл қазақ ойлады: біз болған екенбіз, жетілген екенбіз. Дүние де бізде екен. Әулиелік те бізде екен. Дүниеде не жақсылық, бәрі бізде екен деп. Дәнеңені керек қылмайтын мұңсыз болды. Құдай өзі бізден аямаған дәнеңесі жоқ екен. Осы келіп жүргеннің бәрі судырап- судырап тұрған мол ғой, әулиелікке жеткен ойшылдар ғой. Құдай жаман болса, сонша жерден осындай жақсы жетілген кісілер неге келеді? Дүниеде төрт түлік малдан асқан құдай жаратқан жоқ екен, қазақтай асыл жұртты жасаған жоқ екен деп, Сарыарқадай жер қайда барсаң жоқ екен. Қыс болса халқының қазы-қартасындай тамақ қайда, жаз болса қымыздан артық шарап қайда деп шалқасынан түсіп жаттық та қалдық» [4]. Келімсектердің келген мақсаты біреу: қазақ жерінің кеңдігін пайдаланып, үкіметтен жасырыну, жергілікті халыққа қалайша сіңіп кету керек? Көзге түсіп қалмау үшін молдалардың атын жамылып, ұстаздық етуге тырысқан. Қазақтардың аңқаулығы сонша, айтылғандардың бәріне сеніп қалады. Қашқындарды қатты құрметтеп, олардан дәріс алады. Одан келімсектер екі түрлі пайда көреді. Әрі молдалық жұмыс үкімет құрығынан құтылуға көмектессе, әрі бала оқыттым деген сылтаумен қараңғы халықтан пайда түсіреді. Олардан дәріс алған шәкірттер сауатты білім ала алмаса да қараңғы қазақ оларды құрақ ұшып қарсы алып, құрмет тұтады. Молда сымақтар алдағанымен қоймай, елді теріс жолға үгіттейді. Олар орыс мектептерінің оқыту үлгісін жамандап, соған балаларды оқытпау керектігін айтып, бар жанын сала теріс жолға бастайды. осы бір теріс құбылысты көре біліп, жалған молдаларды қазақ арасынан қуу керектігін айтады. «Айқап» журналы арқылы оқырмандарға мұсылман дінін көркейту туралы ұран тастайды. Патша дінге бостандық берді. Енді осы мұсылман дінін қазақ арасына тарату арқылы елді дұрыс жолға бағыттайды. Адамдар арасындағы сыйластық қарым-қатынасты қалпына келтіріп, адамгершілік пен әділдікті насихаттау керектігін баса айтады. Мақала үгіт-насихат үлгісімен жазылған. «Дала уалаяты газетінің» 1890 жылғы 18 санында «Ғажайып бір құс заманымызда»(9) атты мақаласы жарық көрген. Бұл мақалада қазақ халқының аңшылық кәсібі туралы баяндалған. Аңшылық өнер құралы - бүркіт. Қазақтардың бүркітті қолда ұстауы, баптауы жайында қызықты мәліметтер келтірілген. Жәрмеңкелерде қазақ бүркіті көрушілерді алып тұлғасымен таңдандырады. Басқа мақалаларынан ерекшелігі- оқиға нақты фактіге құрылған. уезі, Ақкелін еліндегі бүркіті жайында бастай отырып, аңшылық өнердің қырларына бойлап кетеді. Аңшылық тек өнер емес, кәсіп, табыс көзі. Егер бүркіт алған аңдарды жәрмеңкеде өткізіп, көпестерге тұрақты сатып отырса, қазаққа біраз пайда түсетіндігін айтады. Алайда, «...оның бұл пайдасынан бөлек алған қызықтығы, мехнат иә машақатын таза біле тұрып, біздің қазақ халқы бүркітті пайда үшін салмайды, қызығына құмарланып, сол үшін машық қылып ұстайды» [5]. мақаласында бүркіт ұстау қазақтың ежелден келе жатқан аңшылық өнері, дәстүрлерінің бірі екендігін, оны жалғастыру қажеттігін айтады. Бұл мақала ата кәсіпті жойып алмай жалғастыру қажеттігіне үндейтіндігімен құнды. «Дала уалаяты газетінің» 1890 жылғы 14 санында жарияланған «Жақсы молда» [5] атты мақаласында қазақтың ел билеу тәсілі, молдалары жайында жазады. Халыққа үлгі көрсететін билеушілер қандай болу керек? «Егер билеп тұрған ұлық жақсы жолда болса, халық та соған еліктеп жақсылыққа тырысады. Егер ұлық жаман болса, халық һәм жамандыққа айнала береді. Халық басшысынан ғибрат алады», - дейді. мақалада айтпақ негізгі ойы - халықтың жақсы, жаман болуы елді басқарып тұрған ұлықтарға байланыстылығы. Бұл мақаладағы сол кездегі билеу жүйесін талдап көрсеткен пікірлер жоқ. Мақалада жалпылама деректер ғана берілген. Әдетте, мақалалаларында айтпақ болған құбылыстар мен оқиғаларға өзінің қатысы аңғарылатын және қорытынды тұжырым жасалатын. Ал, «Жақсы молда» атты мақалада не молдалар, не ұлықтар жайында толық мәліметтер жоқ. Мақаланың тақырыбы «Жақсы молда» деп қойылғанмен, оқыған кезде оның мазмұнына сәйкес еместігін аңғарасыз. Соған қарамастан «Дала уалаяты газетінде» жарық көрген материалдарында халықтың шешендік сөздері, фольклор үлгілерімен мол мәліметтер келтірілген. Газеттегі мақала, өлеңдері халық ауыз әдебиетін жинаумен шұғылданған кезеңіне сәйкес келеді.
|
TEXT
|
kaz
|
25,429
|
Хрущевтік «жылымық» жылдарында да Қазақстан шығармашылық Одақтарының «баспана» мәселесі шешімін таппады. өздерінің іс-шараларын бұрынғысынша қоғамдық негізде партия орындарының тауып берген мекемелерінде өткізумен болды. 60-жылдардың басында да шығармашылық одақтардың арнайы ғимараттары болған жоқ. алды болып есептелетін баспана мәселесі 60-жылдардың ортасында оң шешімін тапты. 60-жылдардың соңын ала баспаналы болды. Сәулетшілер, суретшілер, журналистер, кинемотографистер одақтарының материалдық жағдайы ауыр күйінде қалып қоя берді. Қазіргі уақытта , нағыз демократиялық- құқықтық мемлекет құруды, ұлттық мәдениетті өркендетуді және дүниежүзілік қоғамдастық пен интеграциялануды қолға алып жатқан тарихи тұста – көркем интеллигенциямен шығармашылық одақтардың орнын айқындаудың, олардың қоғамның рухани сауығуындағы рөлін бажайлаудың маңызы зор. Бұл шығармашылық одақтардың, тоталитаризм жылдары жүріп өткен соқпақты жылдарына объективті түрде ғылыми талдау жұмыстарын жүргізгенде ғана мүмкін. Шығармашылық одақтардың кеңестік «тар жол тайғақ кешу» кезеңін жаңаша ғылыми ой елегінен өткізу – әдебиет пен өнердегі күні өткен стереотиптерден, тұжырымдамалардан, нобайлардан тезірек арылуға да мүмкіндік береді.
|
TEXT
|
kaz
|
25,430
|
Зерттеулерге келсек, Қазақстанның көркем өнері мен интеллигенциясының шығармашылығын зерттеуге, әрбір көркем өнер салаларының өз өкілдері атсалысты. Өткен ғасырдың 50-60 жылдарында Қазақстан музыка мәдениетіне арналған байыпты зерттеулер дүниеге келді. Бұл орайда, зерттеулерін атап өткен жөн. Оның еңбектерінде өткендегі қазақ компазиторларының өмірі мен шығармашылығы қамтылды. ( // Замана бұлбұлдары. Алматы. 1963ж.). Осы жылдары Қазақстан сәулет, кино, бейнелеу өнерлеріне арналған , , , еңбектері пайда болды. ( прикладное искусство Казахстана. Алматы. 1958 г., Архитектура города Алматы. 1958г., Казахское кино искусство. Алматы 1958., , Женщины художницы Казахстана). Алайда бұл еңбектерде Одақтардың материалдық базасы зерттеу нысаны болған жоқ. Бұл дәстүр 60-70 жылдардағы зерттеулерде де сақталынып қалды. 80-90 жылдары Қазақстан музыкасының теориясы мен тарихына, музыка фольклорының тарихнамасына, қазақ балетіне, халықтық билерге қатысты пен , пен , , , ғылыми және көпшілікке арналған еңбектері жарық көрді. (., , Казахские народные танцы. Алматы. 1983г., , Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы. Алматы. 1986ж., Мой балет. Алматы 1988г., . Қағажу көрген қазақ музыкасы., «Қазақстан шығармашылық одақтары және оның Қазақстан халқының мәдениетін дамытудағы рөлі (1920-30жж)». Тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертацияның авторефераты. Алматы. 1994ж.). Дегенмен, мұндай мақалалар мен зерттеулерде қазақ көркем өнері туралы жаңа құнды пікірлердің болғандығына қарамастан, Қазақстан шығармашылық Одақтарының материалдық жағдайы тұрмақ, олардың қызметі арнайы қарастырылмайды.
|
TEXT
|
kaz
|
25,431
|
маты қалалық атқару комитенің уақытша «тауып берген» мекен-жайларын қанағат тұтты. Ал жағдайлары «тәуір» дегендері редакцияларда, оқу орындарында, баспаларда тағы басқа қоғамдық мекемелерде «тығылысып» орналасты. Соғыстан кейінгі жылдары жазушылар Одағаның баспанасы болды ма, кесіп айту – қиындықтарды тудырады. Бес- алты шағын бөлмелердің тұрған үйшікте 5 ұйым: екі журналдың редакциясы, әдеби қор, авторлық құқықты қорғау жөніндегі басқарма және жазушылар одағы өзінің бүкіл секцияларымен орналасты [1]. «Үйшіктің» ішіндегі жағдайды жазушы 1949 жылы 30 қарашада жазушылар Одағаның ІV пленумында сөйлеген сөздері арқылы елестетуге болады: «Редакцияда жағдай жоқ. Дәл біздің редакция отырған үйде ой қызметімен істейтін жазушы емес, көбіне қолы ғана қимылдайтын, сол етікшілер де етігін жөнді тіге алмас еді. Тарлығының үстіне ол . Ең ақыры, мезгілінде сыпырылдмайды, ол қызметті атқаратын адам жоқ. Кіріп барсаң, әркімдердің аяғымен кірген шалшықтан тайып жығыласың. Түрегелесің, отырайын десең орын жоқ. Редакцияда 5 адам бар, бесеу ара 4 орындық бар. Бесеуінің машинисткамен алтауының, келген авторларының бәрінің жабылатыны бір ғана телефон. Алтауының біреуіне сырттан телефон соғыла қалса алтауының ойы бірден бөлінеді. Сол алты адамның ойын бөлуге құдіреті жетіп тұрған кеселдің құны 50-ақ сом. Ал кейде 50 тиынның кеселі онан кем түспейді. Мысалы, бір жерге екі парақ қағаз жіберетін болып, оны түйреу керек болса, соны түйрейтін, әлгі бір 100 данасы 50 тиындық сымды іздеп, редакцияның қызметкерлері кейде одақты кезіп кетеді. (Әдебиет және өнер рекдакциясын айтып отыр .) Егер осы күйде отыра беретін болса ондағы адамдардың журналды жақсарта алмайтыны былай тұрсын, өздері мыяақы болып кетуі мүмкін. Өйткені мыяқы жағдайда отырып, он адамның жұмысын бес адамның істеуі мүмкін емес» [2]. 50-ші жылдары да баспана мәселесі күн тәртібінен түскен емес. 1954 жылы жазушылар Одағының ІІІ сьезінде «Жазушалыр ұйымының өзі отырған үйде де дұрыс жұмыс істеу қиын. Әдебиетіміз онша сорлы болмаса да бұл жерде Одақтық республикалардың ішінде ең сорлысы біз шығармыз» [133] деп атап көрсетеді. Бұл шығармашылық Одақтардың биресми алды болып саналған жазушылар Одағының жағдайы еді. «Баспана» жағдайы бұдан да аянышты болды. 1955 жылдың 15 қазанында шығармашылық кездесуде сөйлеген композитор сөздерінен композиторлар одағының «Баспана» жағдайын білуге болады - « композиторлары Одағының өмір сүре бастағанына 12 жыл болды, соған қарамастан ол шын мәнісінде жоқ. Жұмыс жүргізу үшін Одақтың ең қарапайым жағдайлары да жоқ. Одақтың мекенжайы жоқ. Ол еш жерде орналаспаған. Оның тұрғын жайы, ең қажет деген сипаты жоқ. Мен, өзім төрағасымын. Телефон тізімінде біздің Одақ белгіленбеген де. Оның телефоны да жоқ. Одақтың шаруалары бойынша, маған үйге және Ерзакович жолдасқа телефон шалынады. Біздің республиканың музыкалық өмірін басқаруға тиісті, Одағымыздың мұндай бейшаралық, қайыршылық тіршілігі сенімнің орнына, шексіз күлкі-мысқыл тудыруда және оның күштеріне деген сенбестік оның беделін түсіруде» [3]. мұндай апатты материалдық жағдайы өкінішке орай ұзақ жылдарға созылды. 1962-1968 жылдары аралығында композиторлар үйінің жоқтығынан шығармашылық Одақ барлық ұйымдастырушылық іс-шараларын бір орыннан екінші орынға көшіп жүріп өткізді. Қазақ ССР-і 1965 жылдың 12 қаңтарындағы №32 жарлығына сәйкес, Алматы қаласында Композиторлар үйін салуға рұқсат етілгенімен, ол сиырқұйымшақтанып созыла берді. Композиторлар үйі 1969 жылы ғана салынды. «баспаналық» сергелдеңі бұдан кем түскен жоқ. Одақтың 1949 жылғы берген есебінде басты кедергі ретінде нақ баспананың жоқтығы айрықша аталып көрсетілді - «Біздің жұмысымыздың үлкен тежеушісі жеке тұрғын жайымыздың жоқтығы болып отыр, сондықтан көрме ұйымдастыратын, үйірме сабақтарын және т.б. өткізетін орын жоқ» [4]. 1952 жылғы жұмысына берген есебінен бұл проблеманың өз орнынан жылжымағанын байқаймыз - «Жиналыс жасау үшін әрдайым «жай іздеуге» тура келеді. Сурет пен акварели үйірмесі «Казгосстройпроект» институтының өндірістік мекен жайында қызметкерлердің жұмыс столдарымен қабаттасып, қатты тығылысқан жағдайларда шұғылдануда» [5]. 1955 жылы 15-18 маусым күндері Қазақстан сәулетшілерінің ІІ съезі болып өтті. сәулетшілері өздерінің материалдық базаларының, әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларының ауырлығына тағы да назар аударды. Қазақтың тұңғыш кәсіпқой сәулетшілерінің бірі сөзі жағдайдың жақын арада оңалмайтынын байқатты - «Осы уақытқа дейін біздің Одақтың мекен жайы жоқ. Одақ мүшелерінің арасында ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізе қоятын бірде-бір штаттық қызметкер жоқ» [6] – болды. Қазақстан сәулетшілері баспаналы болу үшін Орталыққа және басқа мемлекеттік орындарға шағым өтініштер жазумен болды. Орталық, Бүкіл одақтық сәулетшілер ұйымы бұл мәселені жергілікті жерлерге ығыстырып отырды. Бүкіл одақтық сәулетшілер ұйымының барлық қолынан келгені, 1955 жылдың 16 маусымында КСРО Кеңес сәулетшілері мәжілісін өткізіп, төмендегідей қаулы қабылдады – « мен Кеңесінің төрағалары мен коммунистік партиялары Орталық комитеттің хатшыларына осы республикадағы Сәулетшілер ұйымдарының шығармашылық Одақтарының жұмысына қажетті жағдай жасау туралы нұсқау беруіне өтініш жасалсын». (Одақ басқармасына жұмыс жасау үшін мекен жай беру, тұрғын .б.) [7]. Алайда, мұндай «жоғарғы өтініштен» де нәтиже шыққан жоқ. 60-жылдардың өн бойында сәулетшілер Одағы үшін баспана мәселесі күн тәртібінен түспеді. Баспана мәселесі Қазақстан сәулетшілерінің 1962 жылы өткен ІV съезінде де көтерілді. Одақтың төрағасы «Республикалық сәулетшілер үйін салу туралы мәселе бірнеше рет көтерілді, алайда әлі күнге дейін оң шешімін тапқан жоқ» [8] деп атап көрсетсе, ол 60 жылдардың екінші жартысында да шешімін тапқан жоқ. 1966 жылы Сәулетшілердің VІ съезінде сөйлеген Одақ төрағасы айтуынша «Республика сәулетшілері Одағының жұмысы қажетті мекен жайдың жоқтығынан, белгілі бір дәрежеде тежеліп қалып отырды» [9]. басқармасы «журналистер үйін» салуды алғашқы құрылған күнінен бастап қолға алған еді. 1958 жылдан бастап, одақтың артынан комитеті мен Министрлер кеңесінен бірнеше рет хаттар жолданды. Соған қарамастан, 1961 жылға қарай барлық одақтас республикаларда, тіпті, Ресей федерациясының облыстық бөлімшелерінде «журналистер үйі» болып, Қазақстанда ғана ол болған жоқ [10]. 1961 жылдың 1 тамызында комитетінің хатшысы жазған хатында, Одақтың жауапты хатшысы былай деп хабарлайды: « Қазақстан журналистер одағы өздерінің істері жөнінде жиналу үшін әрқашан баспана іздеуге мәжбүр... Алматыда республикалық семинарлар, кеңестер мен конференциялар өте жиі өткізіледі. Алайда, осы іс-шараларды өткізу үшін өзінің жеке тұрғын жайы болмағандықтан Одақ өткізетін мекен-жайды үнемі әркімнен сұрауға мәжбүр. Одақтың секретариаты уақытша «» газеті редакциясының бір бұрышын алып отыр» [11]. 1961 жылы КОКП Орталық комитеті «Кеңес баспасөзіндегі жұмысшы және село тілшілерінің бұқаралық қозғалысына басшылықты жақсарту туралы» қаулысына сәйкес, жергілікті жерлерде қоғамдық бастамадағы тілшілердің қозғалысы қолға алынған болатын, бірақ чиновниктер оның материалдық жағын ескерген жоқ. Бұл қозғалыс материал- дық тұрғыдан көптеген қиындықтар тудырды. Редакциялардағы материалдық қиындықтар Қазақстан журналистерінің ІІ съезінде (1962) Көкшетау облыстық газетінің редакторы сөзінде әңгіме арқауы болды: «Біз штаттан тыс бөлімдер, кеңестер құрдық, бірақ оларға стол қоятын жер жоқ, олар редакцияда жұмыс істей алуы үшін анықтамалық әдебиеттер беру керек қой, бірақ бізде орын жоқ» [12]. Мұндай жағдай республиканың барлық редакцияларына тән болды. Соғыс жылдары Алматы қаласына Орталық біріктірілген киностудия (ЦОКС) эвакуацияланып 1941-1944 жылдары шамасының келгенінше жұмыс істеген еді. Соғыс аяқталған соң кетерінде олар сол уақыт өлшемімен алғанда өздерінің жақсы жабдықталған кино өндірісі базасын, негізгі цехтарын қалдырып кетті. Алайда режиссерлар мен сценарийстердің жоқтығынан кино шығару толығымен тоқтатылды. 1945-52 жылдары жеті жылдың ішінде бар болғаны үш картина жарық көрді—«Абай әндері», «Алтын мүйіз», «Жамбыл». Осындай тартысты жағдайда мамандардың тапшылығынан 50-жылдардың ортасында театр режиссері өзі үшін мүлде таңсық киностудияны басқаруға жіберілді. «Не было счастье, да несчастье помогло». Уақыт көрсеткендей бұл ұлттық кино үшін оның бағы болды. 1947 жылдан Қазақ мемлекеттік Академиялық драма театырының бас режиссері еді. Киноға келгенге дейінгі оның басты жетістігі «Абай жолы» романын сахналағаны үшін 1952 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын алғандығы еді. Айманов қазақ киносына келгенде онда студия үйі де болған жоқ-тын.
|
TEXT
|
kaz
|
25,432
|
1960 жылдардың І жартысында Қазақстан киностудиясы бар болғаны 1,5-1,8 га территорияда орналасты. Бұл жылдары жылына кем дегенде 10-15 фильмдер шығаратын қалыпты киностудиялар әдетте 15-20 га жерді алып орналасатын. Дербес кино үйін салып бере алмаған Қазақстан басшылары 1960 жылдың мамыр айынан бастап, Қазақстан жазушылар одағының мәжіліс залы негізінде кино үйін ашуға рұқсат берді. Ол негізінен гардеробтан, көрермендер залынан, қосалқы жайдан тұрды. Екі шығармашылық Одақ мүдделерінің осылайша киліктірілуі қолайсыздықтар тудырды, әсіресе, жазушылар Одағын қуантпады. 1948 жылы Қазақстан суретшілер Одағының үйі, қаланы жобалау-жоспарлау бойынша «бұзылуға» тиісті мекен жайда тұрды. 1954 жылы республика суретшілерінің ІІІ съезінде сөйлеген айтуынша: «Суретшілер үйін» салу созыла түсті. Үкіметтің белгілеген барлық мерзімдері өтіп кетті» [14]. 1950 жылдардың аяғында ғана суретшілер Одағы «баспаналы» болды. Атап айтқанда, салынған үйдің «сәулеттік» талаптарға сәйкес келмегені сондай суретшілер оның «шығармашылық және қоғамдық мұқтаждықтарды өтеуге жарамдылығына» күмән келтірді [15]. Дегенмен, 1960 жылдардың аяғына дейін суретшілер Одағы осы үйді місе тұтуға тура келді. Жарғылары бойынша, Одақтардың материалдық жағдайын қамтамасыз ететін ұйым - шығармашылық ұйымдардың жанындағы арнайы қорлар (фондылар) мен оның құрылымдары еді. Фондылардың қаржылары негізінен кіру жарнасынан, ай сайынғы мүшелік жарналардан, мемлекеттік органдардың бөлген қаржыларынан, шығармашылық Одаққа қатысты мекемелердің табыстарынан құралды. Орталықтағы қорлардың жергілікті жерлерде, Одақтас республикаларда филиалдары болып, Қазақстандағы шығармашылық Одақтардың материалдық базасын қамтамасыз ету – осы филиалдардың тікелей міндеті болды. Дәстүрлі кеңестік тәртіп бойынша, қаржы орталықтан бөлініп отырылғандықтан, республикалардағы, оның ішінде, Қазақстандағы қорлардың мүмкіндігі мардымсыз еді. Осы орайда, жазушылар Одағының ІІІ-съезінде (1954) жазушы «Қазақстан литфондасы жазушылардың жағдайын түзеу, пәтер, демалыс үйлерін салғызып беру мәселелерін шешіп беру түгіл, өзінің екі жарым адамына (берілген штатты айтып отыр. .) баспана таба алмай жүр» [16] деп атап көрсеткен еді. Оның себебі, орталықтың шығармашылық чиновниктері ең бірінші кезекте өздерін қаржымен қамтамасыз еткеннен кейін ғана, республикалардағы одақтардың қорларына ақша босатып отырды. Бұл тұрғыда бюрократикалық қоғамның атақты «қалдықты принципі»-классикалық формада жүзеге асырылды. Кейде мардымсыз қаржының өзі қысқартылып отырды.Сондықтан орталық қорлардан бөлінген қаржылардың материалдық-тұрмыстық мәселелерді шешудегі рөлі төмен болды. Қазақстан суретшісі Чаркомскийдің бейнелеп айтқанындай орталықтан бөлінген қаржы «төренің столынан қалған тиын-тебен мен қиқым ғана» еді. Бұл туралы ол 1947 жылдың 29 мамыр күні Суретшілер одағының жалпы жиналысында айтты: - « біздің аяғымыздан тік тұрып кетуімізге көмектесіп, содан соң бізден талап етпейді. Оның үстіне онсыз да көзге көрінбейтін қаржы есебімізді (смета) Мәскеу үнемі қиып тастап отырады» [17]. Шығармашылық интеллигенция өкілдерінің еңбегіне ақы төлеудегі әділетсіздіктер, шығармашылық туындыны мемлекетті бағалау саясатынан да айқын көрінді. Тоталитарлық қоғамның көп «ғажайыптарының» бірі – Кеңес мемлекетінің жақсы көркем туындылардың барлығына бірдей лайықты ақша төлей алмағандығында, қайта керісінше, көбіне ортаң қолды шығармаларға қаржының көп бөлінгендігінде болды. Бұл тоталитарлық қоғамның потологиялық кедейшілігімен түсіндірілсе керек. 1956 жылдың 23 сәуірінде бір топ Қазақстан жазушыларының КОКП жазған хатында былай делінді: «Қаржы органдары баспаға, өнеркәсіп-қаржылық жоспар белгілеген, ол бойынша 75 процент қанағаттанарлық, 20 проценті жақсы және тек 5 процент өте жақсы кітаптар шығаруға тиісті болып, осыған сәйкес қанағаттанарлық баға алғандарға төменгі ставкамен, жақсы баға алғандарға орта ставкамен, ал, өте үздік баға алғандарға жоғарғы ставкамен қаламақы және қаражат бөлінген. Бұл норманы аттап өтуге баспаның құқы жоқ» [18]. Көріп отырғанымыздай үздік шығармалардың 5-ақ пайызына ғана Кеңес мемлекеті жоғарғы ставкамен төлей алды да, қалғанына объективті түрде төменгі ставкамен төленді. жазушыларының материалдық- тұрмыстық мүдделеріне ауыр тиді. сөзімен айтқанда, «Қазақстанда авторлық құқық, қаламақы саясаты, қаламақы заңы бухалтерлердің қолына көшуге айналды. Қазақ үкіметінің заңы бойынша шығармаға сапасына қарай үш түрлі баға белгіленген. Қазір соның көбінесе ең төменгісі қолданылады. Бұл жақсы жазамын деп қиналмайақ-қой деген сөз. Ал заң жақсы жазғанға төле деп отыр. Жазушы қайсысын жақсы қолдануы керек» [19]. 1934 жылы 28 қарашадағы КСРО халық комиссарлары кеңесінің қаулысына сәйкес қабылданған музыкалық шығармаларға төлем тарифі бойынша барлық кеңес компазиторлары үш топқа: жоғары , бірінші, екінші категорияларға бөлінді. Композиторлардың белгілі бір категорияларға жатқызылуы немесе кіргізілуі жылына бір рет шақырылатын арнайы комиссиямен анықталып отырды. Композиторларды қай категорияларға кіргізу, шығармашылық чиновниктернің қолында болды. Республиканың баспа, редакцияларында қызмет атқарған штаттық әдеби қызметкерлердің жалақылары Одақтық баспалардағы немесе партиялық-мемлекеттік басылымдардағы қызметкерлердікінен кем болды. Мысалы, 1960 жылдардың бірінші жартысында Одақтық «Дон» журналы бас редакторының жалақысы 375 сом, бөлім редакторыныкі 225 сом болды. «Партийная жизнь Казахстана» журналы редакторының айлық жалақысы 250, бөлім меңгерушісінікі 180 сом еді. Ал шығармашылық Одақтардың органдары: «Жұлдыз», «Простор» журналдары редакторларының жалақысы 180, бөлім меңгерушісінікі 110 сом болды. Оның үстіне «Жұлдыз», «Простор» журналдарының редакциялық штаттарында редактордың орынбасары, ғылым мен техника бөлімінің меңгерушісі , суретші, фототілші, техникалық редактор, корректорлық орындар көрсетілмеді. Штаттық кесте өте шектеулі болды. Шығармашылық еңбекке ақы төлеудегі әділетсіздіктер барлық шығармашылық салаларына тән болды. Еңбекті бағалаудағы әділетсіздіктер мен шарттылықтар, шығармашылық белсенділікке кері әсерін тигізді. Материалдық-тұрмыстық жағдайын шығармашылық белсенділікпен жақсартуға тырысқандардың көпшілігінің үміті ақталмай жатты. Одақтардың өкілдері авторлық қаламақының тарифтерін өзгертуге талпынып партиялық-мемлекеттік орындарға қаншалықты өтініш-шағымдар жазғанымен, бұл мәселе орнынан баяу ілгеріледі. 1956-жылдың 23-сәуірінде Комитетінің ғылым мен мәдениет бөліміне жазған хатында композитор былай деп жазады - «...Музыкалық шығарма үшін берілетін авторлық қаламақының тарифтері қайта қаралуы керек, Орталықта тұратын компазиторларға қарағанда республикада жұмыс істейтін компазиторлар өздерінің шығармалары үшін едіуір төмен алатын (шамамен екі есе) болып белгіленген тариф шығармашылыққа кері әсерін тигізіп отыр» [20]. Қазақстан суретшілерінің еңбегін бағалауда да тоталитарлық жүйе көркемдік құндылық тұрғысынан емес, тұрпайы материалдық, саяси тұрғыдан қарады. Мысалы, тарихи тақырыптарға, ұрыс-шайқастар бейнеленген туындыларға немесе жанрлық сипаттағы картиналарға жоғарғы ставкамен төленді де, басқа жанрда салынған шығармаларға одан төмен бағамен төленді. Бұған, 1962 жылы республика суретшілерінің 6-шы съезінде сөйлеген суретші сөздері дәлел бола алады. «Осы бір маңызды істе елеулі кемшіліктер бар». Мысалы, станокты живописьтерді сатып алу және тапсырыс беруде эксперттік комиссия мынадай біртұтас баға ережелерін басшылыққа алады: тарихи, ұрыс-шайқастық немесе жанрлық сипаттағы картиналар 3000 сомға дейін , топтық портреттер 2000 сомға дейін, портреттер 1000 сомға дейін, пейзаж 700 сомға дейін, натюрморт 500 сомға дейін бағаланады. Бұл жерде басты нәрсе – өнер шығармаларын оның көркемдік сапасына сәйкес бағалау ескерілмей тұр»[21]. Ол ол ма скульптуралық туындыларды бағалаудың маңызды компоненттерін, оның көлемі, ұзын-қысқалығы құрады. Скульптуралық шығарма метрмен, тіпті, сантиметрмен өлшенді, соған орай ақша төленді. Журналистер, Сәулетшілер кинематографистер еңбегі де мейлінше мардымсыз бағаланды, шығармашылық интеллегенцияның айлық жалақылары да семьяларын материалдық жағынан қамтамасыз етуге жетпеді. Мысалы, журналистердің жалақысы инженер мен агроном жалақыларынан төмен болды. 1962 жылы өткен Қазақстан журналистерінің ІІ-съезінде Қызылордалық журналист «...журналистердің айлығын, ең болмаса, инженер мен агрономдар жалақысы көлеміне дейін белгілеуді» өтінді [22]. Шығармашылық интеллегенцияның көптеген өкілдері күн көру немесе отбасын асырау үшін «басқа жақтан» да қосымша жұмыстар іздеуге мәжбүр болды. Ондай жағдайда, шығармашылық Одақтардың чиновниктері тарапынан мұндай «табыскерлер» қолдау таппай, «кеңес жазушысы», «кеңес суретшісі», «кеңес композиторы» және т.б. «жоғарғы атақтардың» беделін түсіргені үшін сынға ұшырады.Тұрмыстың тауқыметінен осындай пендешіліктерді көп жасаған ақын талай рет әріптестерінің алдында қызаруына тура келді. Оның қияс тірліктерге баруын жазушы былай деп күстаналайды: « мемлекеттік қамсыздандыру мекемесі үшін, жинақ кассасы үшін де өлең жазуға бар, онан соң әртістер өнер көрсеткен жасыл баққа арнап өлең жазды. Біз оған, сен жазушы деген атаққа кір келтіресің деп айтып едік, ол жиналыста мұны мойындайды да, бірақ менімен оңашада: менің балаларым бар, қалтамда ақшам жоқ болса мен не істеймін, мен бала-шағамды асырауым керек қой дейді» [23]. Шығармашылық интеллигенция өкілдерінің басқа жақтан қосымша табыс табуға шығуының шын тұрмыстық себебін композитор Шаргородский былайша түсіндіреді - «бірде-бір Қазақстан композиторы өздерінің композиторлық еңбегінің нәтижесімен күнін көре алмайды. Сондықтан олар не болса сонымен айналысуға мәжбүр, егер қолынан келсе педагогикалық қызметпен айналысуда, өз бетінше жұмыс жасауда... олар да күнін көру керек қой» [24]. Кеңес жылдарында көркем интеллигенция өкілдерінің мұндай тұрмыстық тығырыққа тірелуі тоқтаусыз болып тұрды. Олардың мардымсыз қаламақыларының төленуі-төленбеуі де мемлекеттік құрылымдардағы чиновниктердің қолында еді. І съезінде (1948) композитор «Радио комитеттерге композиторлар баруын қойды, тіпті, радио комитетті ұмытып кетті. Бұл неліктен? Өйткені, оған барғың да келмейді. Қабылданған нәрсең үшін композиторларға ақша төленбейді, кейде істің насырға шапқаны сондай, ол ақшаңды сот тәртібімен өндіріп алуға дейін баруға тура келеді» [25] - деп шағымданды. Сонымен, шығармашылық өкілдері өздерінің төл еңбек ақысын алу үшін соттасуға дейін барып отырды.
|
TEXT
|
kaz
|
25,433
|
Жазба ескерткіштерін ғылыми зерттеу қоғамның рухани мәдениетінің тарихын, тілін терең танып, байыпты білуге жол ашады. Осы мәреден қарасақ, түркітану ғылымының өнімді бір саласы – түркі филологиясы дербес пән болып қалыптасты. Оның зерттеу объектісі – әр түрлі түркі жазба текстерінің ертеден бүгінге дейін жасалған нұсқаларындағы тілдік, графикалық ерекшеліктерін анықтап, мәдени, әдеби, және тарихи мәні мен мазмұнын көрсету екені бәрімізге аян. Қашанда халықтың рухани мәдениетін, оның тілі мен жазба ескерткіштерінсіз, сондай-ақ заманадан заманы көктей өткен ауыз әдебиетінсіз толық тану да, түсіну де мүмкін емес. Бұлардың бір-бірімен іштей қабысып, кірігіп жатқандығын да естен шығармағанымыз абзал [1, 7 б.]. Бірнеше ғасырға созылған араб графикасындағы жазба дәстүр ескі түркі жазба әдеби тілдерінің дамуына желі болып таралып, сол бір бастаудан нәр алған өзбек, ұйғыр, қарақалпақ, қазақ т.б. халықтарының қазіргі жазба әдеби тілдерінің мәуелеп өркендеуіне негіз салды [1, 8 б.]. Зерттеулерде дәлелденгендей, орта ғасырлық түркі мемлекеттерінің ең өркениеттісі және дамуы тұрғысынан ең алдыңғы қатарлысы Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салған қарлық ру-тайпаларының конфедерациясы болатын [5, 166 бет]. Қараханидтер мемлекеті Х-ХІІ ғасырларда Қашқар мен Испиджап (қазіргі Сайрам маңайы) аралығын билеп тұрған. Ең басты орталықтары Баласағұн (Жетісу, Ыстықкөл жағасында) және Қашқар () қалаларында болған. Кейінірек ол Мауреннаһр өлкесін қосып алып, мемлекет орталығын Бұхара қаласына көшірген. ХІІ ғасырдың аяғымен ХІІІ ғасырдың басында Қараханидтер мемлекеті наймандар мен монғолдар шапқыншылығына ұшырап, бара-бара шағатай ұлысына қарап кеткен [2, 17 б.]. Қараханидтер династиясының орталық өңірінде өмір сүрген түркітердің тілі ұйғырқарлуқ тайпаларының тілі негізінде дамыған да, оғыз тілдерінің азын-аулақ әсеріне ұшыраған. Оғыз-қыпшақ рулары мен тайпалары сөйлеген. төменгі ағысынан бастап арқылы мен Мысыр еліне дейінгі кең алқапты қамтыған [2, 8 б.]. Қараханидтер династиясының кезінде жазу-сызу өнері қатты дамыған, ел мәдениеті көтеріліп, әдеби туындылар көбейген,, ғылыми шығармалар жазыла бастаған. Сол кезде жарыққа шыққан әдеби, ғылыми және діни шығармалардың басты-бастылары деп мыналарды атап өтуге болады [2, 17 б.].
|
TEXT
|
kaz
|
25,434
|
Бұл жерде қарастырғымыз келген мәселе, тіліндегі Құран аудармасы, Манчестерде (Англия) кітапханасындағы Arabic MSS.25-38 тіркеу нөмерімен сақталған қолжазба Құран нұсқасы бар. Бұл аударма туралы алғашқылардың бірі болып жазбаларында қысқаша таныстырған, кейін сол ғалым, кітапханасы Арабша қолжазбалары каталогында қолжазба Құран нұсқасының сипаттамасын жасай отырып, тіліне де тоқталған және кішігірім сөз тізбегін құрастырған. Соңғы жылдарда Құранның көне аудармаларын зерттеп жүрген мен да Райландс нұсқасын да еңбектерінде көрсетеді, тіпті салыстыру мақсатында аудармадан кішігірім екі мысал келтірген. Сонымен қатар түркі тілі тарихының негізгі түпдеректерінен болған бұл Құран аудармасы бүгінге дейін түбегейлі зерттеу тақырыбына айналмаған. Құран алғаш рет Табари тәпсірімен бірге Самани әулетінің дәуірінде Мансұр бин Нұх (961-976) заманында Хорасандық және Мәуреннахрлық ғалымдардан құрылған комиисия тарапынан парсы тіліне аударылған. Құранның алғашқы Түркі тіліндегі аудармасы да ( тіліне) – көзқарасы бойынша – парсы тіліндегі аудармасымен бір мезгілде, тіпті сол комиссияның түркі тілдес мүшелері тарапынан жасалған. бұл датаны Х ғасырдың орталарында деп тұжырым жасаған. Тағы да Тоғанның көзқарасы бойынша алғашқы Түркі тіліне аударылған құран, қатар арасында, сөзбе-сөз аударма түрінде болып, Табари тәпсіріндегі сөзбесөз парсы тіліндегі аудармаға негізделген. аудармаларын басты екі топқа жинақтауға болады: 1. Қатардың астында жазылған сөзбе-сөз аудармалар. Түркі тіліндегі сөздер кішірек әріптермен арабша сөздердің астына жазылған. Түркі тіліндегі сөйлем құрылымына кейде ешқандай сәйкестік сақталмайды, арабша сөздер тікелей басқа тілмен беріліп отырады. Түркі тілді аудармашы бұл тәсілді парсы аудармашыдан үйрегендігі байқалады. Райланд нұсқасында бұны растайтын дәлелдер өте көп, 3-сүре, 153-аятта кездесетін мына екі мысал: ар. Ғайрал хаққы (орынсыз), (туралықтан басқа), тура емес түрде, т. Сәзадан адын (сәзадан басқа) яғни жараспайтын түрде; ар. Иннал әмра күлләһу (барлық іс), (іс оның тұтасы), барлық іс, т. Фәрман аның қамұғы (әмір оның барлығы), барлық әмір. 2. Тәпсірге ұқсас бөліктер және хикаялармен кеңейтілген аудармалар. Бүгін қолдағы көне шығыс түркі тіліндегі Құран аудармаларынан бірінші тобына жататындар мыналар: 1. Райландс нұсқасы. 1. және Ислам жәдігерлері музейінде 73 нөмірмен тіркелген нұсқа. 734/1333-34 жылы жазылған. бин әл-. Толық нұсқа, Қарахандық түркі тілінде. 2. Академиясы кітапханасында сақталған 2008 нөмірлі нұсқа. Толық емес, 2 сүре (кейбір бөліктері жоқ), 3-4, 5:1-117 және 6:71- 136, барлығы 270 парақ. Қарахандық түркі тілінде. Парсы тіліндегі аудармасы да қатар берілген. 3. кітапханасы Жамий бөліміндегі 2-ші (бұрынғы 951) нөмірлі нұсқа. Жазылған жылы Рабиул ахир 764/1-2.1363. толық нұсқа. түркі тілінде, оғыз диалектісі де көрініс тапқан. Екінші топты құрайтын шығыс түркі тіліндегі Құран аудармалары мыналар: 1. Санкт-Петербургтағы «» (бұрынғы «») кітап қорында код.332 (код Валидов 1914, №2475) нөмірімен тіркелген нұсқа. «Аноним тәпсір» деп танылған және ең көп зерттелген бұл Құран аудармасы және тәпсірінің қашан, қай жерде және кім тарапынан жазылғандығы білінбейді. Толық емес нұсқа. Сүрелері 1-17 және 23-47 толық болмауымен қатар қолымызда бар нұсқаларының өзінде кемдіктер бар. Бұл нұсқа, қатардың арасына сөзбе-сөз аударудан басқа тәпсірге ұқсас бөліктерді және ұзақ-ұзақ хикаяларды да қамтыған. Қатар астына жазылған аударманың тілі Қарахан түрікшесі болғанымен тәпсір және хикаялардың тілі Харезім түркшесі, қыпшақша, оғызша тіпті шағатайша ерекшеліктер де көрініс тапқан. Сонымен қатар шағатайша ерекшеліктердің болуы нұсқаның ХV ғасырдан да бұрын жазылғандығын көрсетеді. 2. ХVІ ғасырдың бірінше жартысында Шайбанилер дәуірінде пайда болған Құран аудармасы және тәпсірі. Екі қолжазба нұсқасы ғылымға белгілі: 1) Тоқапы сарайы музейі қорындағы Ахмет ІІІ, №16, 2 том, 308+308 парақ. Жазылған тарихы: 950/1543-44; 2) музейі, №6624/921, 1304 ж, жазылу тарихы: 20 рабиул әууал 951/11 хазиран 1544. Бұл қатар астына жазылған аудармаға жатпайды. Арабша мәтін бөлік-бөлік жазылған, одан кейін сөзбе-сөз аударма және ұзақ хикаялар жалғасады. Шағатай тілінде, бірақ сөзбе-сөз аудармаларда көне сөздер көп яғни шығыс түркі тіліндегі Құран аудармасынан әсерленген. Райланд нұсқасы, әр бетінде үш қатардан (арапша, парсыша және түркі тілінде) мәтін болғандығы үшін өте көлемді, 14 том (№25-38), 1145 парақты құрайды. Томдардың бөлінуі Құранның параларына қарап жасалғандығы үшін бұл нұсқа негізінде 30 том еді. Бірақ кейінірек паралардың жартысы яғни І-ІІІ, VІІ-VІІІ, XI-XII, XV, XVII-XIX, XXI, XXVII, XXIX және XXX санды паралары жоғалған. Оның үстіне қолдағы паралардан да тек 26 томдағы V пара толық, қалғандарында кемдіктері бар. Райландс нұсқасының бүгіндегі жағдайы төмендегі кестеде көрсетілген (аят нөмірлерінен алдыңғы (*) белгі аяттың бас жағын, кейінгі (*) болса аяттың соңында кемдік бар екендігін білдіреді):
|
TEXT
|
kaz
|
25,435
|
Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей 1-2, 6, 10-11, 17, 21-26, 30-32, 52-57 және 67-114 сүрелер жоғалған. Бүгінге жеткен сүрелерден тек 34, 38, 40, 43-45, 47-50 және 61-65 сүрелер толық, қалғандары әр түрлі көлемде кемдігі бар [3,254 б.]. Тамыры тереңде жатқан Түркі елі Қарахан мемлекеті тұсында заманында топ-топ болып Исламды қабылдаған. Бұл ауысым түркі тілі және әдебиеті үшін маңызды орынға ие болған. Одан алдын Ұйғыр қағандығының дін ауыстыруы да түркі тілі және әдебиетіне әсер етікен болатын, бұл кезең де одан кем түспеді. Түркілер ислам дінін шынайылықпен қабылдап, барынша діннің қағидаларын түсінуге әрекет жасаған. Бұл әрекеттердің ең маңыздысы Құранның түркі тіліне аударылуы болып табылады. Киені, қасиеттілікті сезіне білген түркілер Құранды түсініп, пайдаланулары үшін тілін білулері қажет болды. Жұрттың барлығы бірдей араб тілін үйренуі мүмкін болмағандықтан Құранды аудару жолдарын таңдаған. Бұл аудармалар әр қатардың астына сөзбе-сөз жазылу арқылы жасалған. Құран алғаш рет парсы тіліне аударылғаны белгілі (Ата, 2004:ІХ). Рауаяттарға қарағанда бұл аударма заманына дейін ұласуда. «Құранның тұтас күйінде парсы тіліне алғашқы аудармасы Саманилар дәуірінде (875-999), билеуші ибн Нұхтың (билеген уақыты 961-976) бұйрығымен Бұхарада жасалған әрі бұда Табаридің көлемді тәпсірі негізге алынған. Бұл аударма мәтіні қандайда бір ашықтамаға орын берілместен сөзбе-сөз жасалған аударма». (Ата, 2004:ІХ). Өкінішке қарай алғашқы түркі тіліндегі аудармасын кім жасағандығы және қашан жасалғандығы белгісіз. Кейбір ғалымдар алғашқы түркі тіліндегі аударманың да парсы тіліне аударылу кезеңіне сәйкестендіргенімен әлі нақтыланған емес. Ислам дәуіріндегі түркі әдебиетінің алғашқы жазбаша әсері Қарахан мемлекеті тұсында 1069 жылы Баласағуни тарапынан жазылған «Құтадғу білік» атты теңдессіз еңбегі [4,90 б.]. Қарахан мемлекеті тілінде деп тоқталынған (Райландс нұсқасы) Құранның түркі тіліндегі аудармасы, тарапынан «Түркі тіліндегі алғашқы Құран аудармасы, Қарахан түрікшесі» деген атаумен 2004 жылы Иайынлары: 854 нөмірімен білім әлеміне ұсынылған. бұл еңбегі кіріспе, мәтін, ескертпелер және кесте болып төрт бөлімнен тұрады. Ғалым кіріспеде еңбекке байланысты зерттеу жұмыстарынан Райландс нұсқасынан және Құран аудармаларынан сөз қозғаған. Аударма методын да атап көрсеткен Ата, бұл еңбектің түркі тілі тұрғысынан қарағанда маңыздылығына да тоқталған [4,91 б.]. Егер түркі тілі қалыптасуының мынадай тарихи кезеңдерін басшылыққа алсақ, онда Қараханид-ұйғыр тілі ескі түркілік тілге жатады: 1) көнетүркі тілі – V-Х ғғ; 2) ескітүркі тілі ХІ-ХІІІ; 3) ескіөзбек, ескіқазақ, ескіқырғыз, ескіұйғыр, ескітүркімен, ескіқарақалпақ тілдері – ХІV-ХІХ ғғ.; 4) жаңаөзбек (және басқа тілдері) – ХІХ ғ. екінші жартысынан басталған [6,81 б.]. Қорыта айтқанда, Қарахан мемлекеті тұсындағы алғашқы түркі тіліндегі Құран аудармасы түркі және қазақ тіл білімі мен түркітану саласы үшін үлкен маңыздылыққа ие түпдерек. Мұндай дереккөздер әр түрлі саяси т.б. көзқарастардың құрбаны болмай ғылымдағы өзіндік орнын алуға тиісті. Өкінішке қарай отанымызда мұндай шығармаларды тек діни шығарма ретінде қарай отырып, өздерін ғалым санайтындар табылады. Бұл атеистік кезеңнің қалдырған әсері болса керек. Құран аудармасы діни туынды болып табылатындығында сөз жоқ, бірақ объектінің жан-жақты зерттелуі керектігі басты мәселе. Құран аудармасының осы нұсқасына не басқа да нұсқаларына арнайы тоқталу өте маңызды, және оларды жүйелі зерттеу керекті. Құнды жазба ескерткіш ретінде бағаланып оның мәтінін анықтау, сақталу және жазылу тарихымен тілдік талдаулар кезек күттірмейтін іс. мемлекеті кезеңі Қазақ тарихына тікелей қатысы бар дәуір. Аталмыш шығарма қолымыздағы деректерге қарағанда отандық ғылымға таныстырылмаған. Шетелдік ғалымдар тарапынан аударма, сөз тізіміне байланысты біршама жұмыстар атқарылған. аудармасының Райландс нұсқасын мәтіндік тұрғыдан зерттеу көзделуде. Одан кейін әр түрлі сала ғалымдары тарапынан қолға алынатындығы күман келтірмейді. Құран аудармасындағы сөздерден үлкен сөздік жасау тіл білімі үшін үлкен жаңалық болатынына кәміл сенеміз. Жалпы қанша сөз қамтылғаны, Х ғасырдың өзінде араб парсы тілдеріне ене бастаған сөздер, түркі түбірлі сөздер т.б. құнды деректерге қол жеткіземіз деген зор үміт бар. Дін саласындағы мамандар және діндарлар үшін де құнды дүниелер бар екендігі айтпаса да белгілі. Деректерге қарағанда бұл Құран аудармасының сақталған бөлігінің өзі 14 томды құрайды, жоғалған бөлігі табылса отыз томды құрайды. Ғылымға жаны ашитын, тарихи құндылықтарды бағалайтын (өздеріне қатысты болмаса да) кез келген өркениетті қоғам үшін том емес, көнеден хабар беретін бір парақ не бір нәрседе жазылып қалған сөйлем яки сөздің өзі таптырмайтын құндылық саналып, тиісті бағасын алады, қажетті қамқорлыққа ие болады. Дамыған орта ғасыр тілінен хабар беретін бұл еңбек Қарахан түрікшесі, араб әліппесімен жазылған алғашқы шығармалардың бірі. Демек бұл шығарма Ұйғыр қағандығы одан әрі Түрік қағандығында қолданылған түркі тілінің заңды жалғасы. Яғни түркі тілінің тарихи даму сатыларын нақтылауға үлес қосатын нақты дерек көздерінің бірі. аудармасының Райландс нұсқасы Түркітану үшін орны ерекше жазба ескерткіш болып табылады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,436
|
Президентіміз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс»1 деді. 1 . Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру. – 12 сәуір. 2017 жыл. // – (12 апреля 2017,
|
TEXT
|
kaz
|
25,437
|
Демек, рухани жаңғыру қоғамдық сананы жаңғыртуды талап етеді. Осы орайда, заңды сұрақ туындайды, қоғамдық сананы жаңғыртуда қоғамның саяси мәдениетін жетілдіру мәселесін қозғау қаншалықты осы реформаның жүзеге асуына ықпал етеді. Саяси мәдениет қоғамдық сана әрекетінің көрінісі емес пе. Қоғамдық сана – қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория, әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі десек, белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығын саяси мәдениет дейміз. Осыдан қоғамдық сана мен саяси мәдениеттің байланысы шығады. Демек, қоғамдық сананы жаңғыртуда оның саяси мәдениетін жетілдіру маңызды. Тәуелсіздік алған жылдардан осы уақытқа дейінгі қоғамның екі жаңғыру жолымен қоғамның саяси мәдениеті модернизацияланып, дамып келді. Ал, үшінші жаңғыру үлкен міндеттердің орындалуын талап етуде. Азаматтардың осы уақыт аралығында қоғам өміріне қатысу белсенділіктері көрсеткіштері олардың әрекеттерінен қалай көрінеді деген орынды сұрақ туындайды. Қазақстандық қоғамның рухани жаңғыру кезеңдерін талдайтын болсақ, бірінші кезеңі 1991 жылдан 1997 жылдар аралығын қамтиды. Осы кезеңдегі атқарылған шаралар, саяси оқиғалар еліміздің азаматтарының қарапайым саяси көзқарастарын қалыптастырып, еліне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершіліктерін оятты. Алғашқы ерекше оқиға - сайлауы 1990 жылғы 24 сәуірдегі Қазақ КСР-нің () Конститутциясына «Қазақ КСР Президенттік лауазымы туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қабылданған өзгерістерге сәйкес өткізілгенін айтамыз. сайлауы 1991 жылы 1 желтоқсанда өткізілді. Ол сайлау өзінің сипаты жағынан баламасыз өткізілгендіктен сол уақыттағы саяси қалыптасқан жағдайға байланысты демократиялық өзгерістердің ең алғашқысы болды. Өйткені, «Желтоқсан», «Алаш», «Азат» саяси ұйымдарының бірігіп ұсынған кандидаттары қажетті жүз мың қолды жинай алмай өзін кандидат ретінде тіркеу мүмкіншілігіне ие бола алмады. Алғашқы жалпы халықтық сайлауда баламасыз негізде 88,23% халықтың жалпы қатысқан санынан 98,7% дауыс жинады [2]. Сөйтіп, 1989 жылдың шілдесінен республиканың бірінші хатшысы қызметін атқарып отырған тұңғыш Президент болып сайланды. Мемлекетіміздің тарихындағы тұңғыш Президент сайлауы басты айтулы оқиға болды. Халықтың белсенділігі, үміті өте зор болғаны олардың көңіл-күйлерінен сенімінен көрініп тұрды. Бұл жолғы сайлаудың маңызы халықтың жаппай қатысуымен маңызды болып табылады. Өйткені, ғасырлар бойы тәуелсіздігін армандап келген халық үшін бұл сайлаудың тарихи маңызы зор еді. Сондықтан, халықтың сайлауға қатысуы барлық кейінгі сайлаулардан қарағанда артық болды. Қазақ халқы осы сайлауды - тәуелсіздіктің символы, үлкен мейрам, зор қуаныш ретінде қарсы алды. Бұл қоғамды модернизациялаудың алғашқы қадамы болды. Келесі нақты қадам ретінде 1993 жылы қабылданған Қазақстан республикасының Конституциясын азаматтардың жүріс-тұрыс әрекетін, мемлекеттік биліктің құзіретін, халық пен билік қатынастарын реттейтін нормативтік басты құжат ретінде қарастырамыз. 1995 жылы 28 қыркүйекте « сайлау туралы» қабылданған заңы бойынша, сайлауға қатысу демократиялық елдердегі азаматтардың саяси өмірге қатысуының негізгі формасы болып табылады. еркін сайлаулар Конституцияда негізделгендіктен халықтың сайлауларға еркін қатысуына мүмкіншіліктер берсе, ал сайлау құқығы өз кезегінде азаматтардың сайлауларға өз еркімен және ашық қатысуына кепілдік береді. Ендігі кезекте мына мәселеге тоқталғанымыз жөн, сайлауға қатысушылардың саны ғана емес, сонымен бірге қандай принциптер негізінде ұйымдастырылғандығына мән беру, өйткені кеңестік одақ билік құрған уақытта азаматтар сайлауға түгелдей жұмылдырылатын еді. Тіпті 99-100% қатысатын болған. Ал, кеңестік дәуірмен салыстырғанда, әрине саяси режимнің әкімшіліктік-бұйрықтық жүйеден демократиялық жүйеге өзгеруі сайлау жүйесіндегі принциптерді де өзгертті. Сондықтан, Қазақстан халқы өз шешімдерін еркін жасауда заңның негізінде жүзеге асыра бастады. Бұл басты шаралар енді егемен мемлекет болып қалыптаса бастаған Қазақстанның қоғамдық санасын қалыптастырудың алғашқы қадамдары еді. Екінші кезең – 1997 жылмен 2012 жылдардың арасын қамтиды. Қоғамдық сананың келесі сатыға дамуының бір қозғаушы күші ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы[3]. Бұл стратегия қоғамдық дамудың маңызды мақсаттарын қойды. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетіліп, уақытынан бұрын орындалды: Ұлттық қауіпсіздік: Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт – ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысындағы сөзсіз басым бағыт сыртқы саяси қызметке, Қазақстанның өз көршілерімен және дүние жүзінің жетекші елдерімен өзара тиімді қатынастар қалыптастырды. Келесі басты қолға алынған мәселе ішкі саясат бірлік – қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі бола отырып, барша азаматтар үшін тең мүмкіндік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеуметтік мәселелерді шешудің қадамдары қарастырылды. Басты әлеуметтік мәселе болып табылатын қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі, азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экологиялық ортаны жақсарту рухани жаңғырудың осы кезеңінің басты сұрағы бола отырып, бүгінгі таңда да күн санап алда тұратын маңызды мәселелер. Әлеуметтік мәселелерді шешу бірқатар мемлекеттік деңгейдегі салалар экономикалық дамуды ұйымдастыру, құқықтық реттеу, ішкі, сыртқы қатынастарды жүзеге асыруды кәсіби деңгейде жүргізу халық өкілдері болуға лайық мемлекеттік қызметкерлердің осы заманғы қабілетті құрамын жасақтау мәселесі арқылы шешіледі. Демек, еліміздің ұзақ мерзімді жоспарын алға қойып, билік пен халықтың жұмыла отырып, міндеттерді атқару жауапкершілігін қойды. Бұл жауапкершілік азаматтардың санасын қоғамдық сипатқа жұмылдырып, саяси мәдениеттің дамуына ықпал етті. Екінші кезеңдегі өкілді билікті қалыптастырушы құрал сайлау институты елеулі өзгерістерге ұшырап, реформаланды. Қоғам талабына сәйкес Заңдарда толықтырылып, жетілдіріліп отырды. Азаматтардың саяси мәдениетінің көрінісі олардың саяси қатысуы, әсіресе, сайлауға қатысулары болып табылады. Сайлау туралы Заңның жетілдірілуінің келесі қадамы ретінде 1998 жылғы Конституциялық өзгерістерге сәйкес, 2004 жылғы 19 қыркүйектегі сайлауының аралас сайлау жүйесі негізінде 67 депутаттың мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша өзін-өзі ұсыну және қалған 10 депутаттың партиялық тізім негізінде пропорционалдық сайлау жүйесі негізінде өткізілуін атап өтуге болады. Еліміздегі сайлау заңнамаларының келесі реформалану кезеңдеріне келетін болсақ, 2007 жылғы 21 мамырдағы конституциялық өзгерістердің маңызы зор. Аталған өзгерістерге сәйкес палатасы толығымен пропорционалды сайлау жүйесіне көшірілді. 98 депутаты партиялық тізім негізінде, ал Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланады. Көппартиялық сайлау барысында 7 пайыздық кедергіні еңсерген партия ғана жеңіске жетіп парламенттен тиісті орынға ие бола алады. Бұл қадам азаматтардың пікір ортақтығына топтастыратын партиялық жүйенің қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік береді. Сондықтан, пікір алуандығы арқылы бәсекелестікті қалыптастырып, таңдау принципін күшейтеміз. Демек, халықтың азаматтық белсенділігінің көрінісі жоғарыда атап өткендей өкілді билікті қалыптастыруда сайлауға жаппай қатысу барысында анықталады. Мемлекеттегі билік құрылымдарының тұрақты қалыптасуы мен дамуына және азаматтардың белсенді қатысуларына өзгерістердің ықпалы зор. 1-сурет. ҚР Президент және сайлауларына халықтың қатысуы: салыстырмалы көрсеткіш. Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, Президент және сайлауларына халықтың қатысуы тұрақты жоғары. Демек, халқы өкілді билікті қалыптастыру процесіне немқұрайлы қарамайтынын байқаймыз. Қазақстанның модернизациялану қарқынының жылдамдығын 2030 стратегиясының уақытынан бұрын орындалуынан көруге болады. Екінші рухани жаңғырудың басты маңызды жобасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты».[4] Стратегияның басты мақсаты бәсекеге қабілетті дүниежүзінің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда еліміз көптеген шараларды жүзеге асыруда. Бәсекеге қабілетті ұлт болу үшін ең алдымен ұрпаққа өз мәдениетін сыйлап, дәстүрін бойына сіңірген әлемдік талаптарға сәйкес білім мен тәрбие бере алатын қоғам қалыптастырудың жаңа жобасы ұсынылды. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, модернизациялану кезеңдерінің даму барысын қарастыра отырып, үшінші кезең Президентіміздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылғандай, жаңғырудың қазіргі кезге сай қоғамның саяси мәдениетінің деңгейі жәй-күйін қарастырайық. Бұл кезеңнің басқа кезеңдерден ең басты айырмашылығы саяси қатысудың форматы қарым-қатынастан қарағанда интернет желілері арқылы қатысуға өзгерген. «» бағдарламасы да еліміздің әлемдік дамудан қалмай, жаңа технологияларды меңгеріп, бәсекеге қабілетті ұлт болып қалыптасуы мен дамуына жол ашады. Саяси сананы рухани жаңғырту арқылы еліміздің әрбір азаматының мемлекеті алдындағы жауапкершілік сезімін ояту арқылы мемлекттік билік шешімдеріне немқұрайлы қарамай, саяси қатысуды, яғни саяси мәдениетті жетілдіруге болады. Бұл пікір білдіру аймағы қазіргі таңда әлеуметтік желілер жаңа технологиялық брендке айналып отыр. Яғни, азаматтар өз пікірлерін әлеуметтік желілерде білдіре алады. Мысалы, әлеуметтік желілердің пайда болуы олардың тарихи әлеуметтік және технологиялық алғы шарттары әлеуметтік желілердің алпауыт күшке айналып бара жатқанын, ұйымдастырушы құрал ретінде бас көтерген желілердің басымдықтарын көрсете алуында. Фейсбук, твиттер, майл.ру, в контакте және өзге де танымалдылыққа ие әлеуметтік желілер бар. Интернеттің саяси сипаты күн өткен сайын артып барады. Мәселен, кез келген елдің президенті, депутаттары сайлау алдында әлеуметтік желілерде үгіт-насихаттарын жүргізеді. Немесе, әртүрлі саяси акциялар, яғни қолдау немесе қарсылық акциялары өтетін мерекелік іс-шара, митинг, қандай оқиға болмасын оны тегін жарнамалаудың алаңы осы желілер. Әлеуметтік желілердің әлемдегі саяси-қақтығыстардағы алатын орны күн санап артуда. Күнделікті өмірде қолданып жүрген mail.ru, twitter, facebook-тің әлеуметтік ықпалы зор. Яғни, қазақстандықтар «» бағдарламасы аясында саяси мәдениеттерін дамыту мүмкіндіктерін кеңейте алады. Сонымен бірге, еліміздің ақпарат кеңістігін дамытуға қатысты қазіргі таңда жиі қолданысқа түсіп келе жатқан шешім қабылдаудың ашық болуына тікелей әсер ете алатын механизм немесе технология – краудсорсингті айтуға болады[5]. Ол жиі әр түрлі заң жобаларын әрі басқа да мемлекеттік бастамаларды талқылауда бірінші кезекте қолданылады. Әдетте талқылаулар дауыс беру арқылы онлайн режимде, не нақтылы пікірлерді жинау жолдарымен жүзеге асырылады. Оның ерекшелігі-жобаға тек сарапшылар мен білікті мамандар ғана емес, елінің болашағына бей-жай қарай алмайтын барлық азаматтар интернет желілері арқылы жұмылдырыла алады. Оның билік шешімдеріне халықты жұмылдыру мақсаты ретінде:
|
TEXT
|
kaz
|
25,438
|
Демек, қазіргі ғаламдық техникалық-ақпаратты, жаңа идеяларды мемлекеттік басқару жүйесіне тиімді пайдалану арқылы азаматтардың пікірлерін жұмылдыруға болады. Жоғарыда аталған саяси мәдениетті жаңа технологиялармен жетілдірудің жолдары үшінші жаңғыртуды жүзеге асырудың бірден-бір мүмкіндігі болып отыр. алға қойған міндеттерін «» аясында жаһандық технологияларды меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан, жаңа технологиялар халықты ортақ мүддеге топтастыратын, мемлекеттік маңызы бар мәселелерді ортаға салып, талқылап, өз пікірлерін білдіре алу мүмкіндігі болып отыр. Crowd.kz 2050.kz порталы қызығушылық танытқан бастамашы адамдарды біріктіреді, әкімдік белгілеген тақырыптар бойынша өз идеяларын ұсынуға, түсініктеме беруге, талқылауға және ең жақсы таңдауға мүмкіндік беретін әлеуметтік-саяси арена. Рухани жаңғырудың үшінші кезеңіндегі басты назар ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, өз тарихымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүрімізді құрметтей отырып, жаһандық дамудан артта қалмау. Ескі керітартпа кейбір жағымсыз жақтарымызды түзетуге тырысымуымыз керек. Осы аталған құндылықтарды бойымызға сіңіретін, қоғамдық сананың жаңғыруына ықпал ететін бірден-бір мүмкіншілік гуманитарлық ғылым. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жұмыс жасауы рухани жаңғыру проесінде үлкен рөл атқарады. «Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет» [6]. -деп атап өткендей, гуманитарлық ғылымдарға үлкен мән беретін кез келді. Саяси білімді қалыптастыратын ғылым ретінде азаматтардың саяси сауаттылығын арттыру арқылы мәденитеін көтеру мүмкіншілігінде саясаттану ғылымының орны күн санап артуда. Оған мысал ретінде 2016-2017 оқу жылында «саясаттану» мамандығына орыс тілінде және қазақ тіліндегі білім алушыларды қосып есептегенде барлығы 20 грант бөлінген еді (оның 15 қазақ тілінде білім алушылар болса, 5 орыс тілінде білім алушыларға). Биылғы 2017- 2018 оқу жылы бұл көрсеткіш 2 есеге дейін ұлғайып, бөлінген грант саны 40-ты көрсетті (оның 30-ы қазақ тілінде, 10-ы орыс тілінде білім алушыларға). Демек, «Рухани жаңғыру бағдарламасы» аясында саясаттану мамандығына мемлекеттік гранттардың ақырындап өсіп келе жатқанын байқаймыз. Жоғары оқу қоғамдағы ірі салалардың бірі. Студенттер базалық білімдер жинағын алып қана қоймай, сонымен бірге өздерінің жеке көзқарастарын қалыптастырады. Қоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси және құқықтық құндылықтарын меңгереді. Бұл болашақ қоғамның субъектісіне толық тұлға болып қалыптасу үшін мүмкіндік береді. Ал сол жоғары оқуды гуманизациялау мемлекеттік бағдарламада негізгі жолға қойылған. Саяси білім алу негізінде студенттердің саяси мәдениетін қалыптастырып, олардың дүниетанымдық көзқарасына ықпал етіп, мемлекеттік саяси істерге белсенді қатысуына әсер етеді. Сондықтан, қоғамды рухани жаңғырту процесін жүзеге асыру үшін, ЖОО-да білім алушыларға мамандығына қарамастан, саясаттану пәнін оқытуды қайта қалпына келтірген жөн.
|
TEXT
|
kaz
|
25,439
|
Саясат ешқашан тұрақты болған жоқ, ол әр кез уақытпен өзгеріп отырады. Қоғамның, заманның өзгеруіне сай, адам баласының сол ортаға қалыптасып бейімделуінің өзі азаматтардың саяси мәдениетін көрсетеді. Сондықтан, қоғамның жеке адамның саяси мәдениетін қалыптастыруда саяси ғылымның рөлі орасан зор болғандықтан оны саяси жаңғырудың жүзеге асуына ықпал ететін мүмкіндік деп қарастыруымыз керек.
|
TEXT
|
kaz
|
25,440
|
Авторлар мақала жазу барысында гиперлокальды журналистика ұғымына түсінік берген. Жаңа медиа толқынында Hashtagify, HTML немесе CSS сияқты кодты білудің маңыздылығын айқын көрсеткен. Солардың негізінде дижитализацияның құралдарымен жұмыс істеуді бастап, журналистерге қолайлы қосымшаларды пайдалануды ұсынады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,441
|
Сандық журналистика он жыл бұрын болған дәстүрлі журналистикадан өте ерекшеленеді. Онлайн журналистика ретінде танымал сандық журналистика – редакциялық контент баспа немесе трансляция арқылы емес, интернет арқылы таратылатын журналистиканың қазіргі заманғы түрі. Нарыққа ену жолындағы кедергілердің төмендеуі, компьютерлік желілік технологиялардың дистрибуциясы мен сан алуандығына жұмсалатын шығындардың төмендеуі сандық журналистиканың кең таралуына алып келді. Ол бұрын дәстүрлі БАҚ-тарды, соның ішінде газеттерді, журналдарды, радио мен теледидарды бақылайтын ақпарат ағынын демократиялады. Кейбіреулер сандық журналистиканы дәстүрлі журналистикамен салыстыра отырып, алғашқысында үлкен шығармашылық белсенділік танытуға болатынын айтады. Сандық аспект журналистік қатынастағы орталық орынға ие бола алады және белгілі бір дәрежеде автордың, редактордың немесе баспагердің шығармашылық бақылауында болады. Сандық журналистиканың айқын анықтамасы жоқ болса да, ол интернетте орналастырылатын журналистік контенттің кез келген түрі ретінде кеңінен танылған. Бұл мәтіндік, аудио немесе бейне нысаны болуы мүмкін, өйткені ол мазмұнды басып шығаруға және таратуға болмайды, бұл дәстүрлі журналистика қарағанда әлдеқайда жылдам. Адамдар тәулігіне 24 сағат жаңалықтар мен оқиғаларға қол жеткізу үшін ғаламторды пайдалануда. Өйткені мазмұн бұрынғыдан қысқа: мақалалар қысқа, GIF-файлдар бірнеше секунд ішінде, ал BBC сияқты желілерде енді 15 секундтық үзінділер ұсынылады. Сандық журналист рулоны әлеуметтік желілер сияқты жерлерден алынған контентті құруға арналған. Қысқа мерзімде көптеген ақпаратты жеткізуге ерекше көңіл бөлінеді. Көптеген сандық гиперсілтемелер камерамен түсірілген және Facebook немесе YouTube-те орналастырылған бейнелерге немесе фотосуреттерге сілтеме жасайды. Журналистика факультетінің студенттері үшін осындай мазмұнды қалай іздеу керектігі туралы ақпарат беретін курстар пайдалы болуда. Бұл авторлық құқық және плагиат т.б. заңдық аспектілерді зерттеуге септігін тигізеді. Жалпы сандық журналистиканың тарихы телемәтін ретінде пайда болған. Ол сандық журналистиканың бірінші түрі ретінде 1970 жылы Ұлыбританияда ойлап табылды. Телемәтін-көрермендерге қандай тарихты оқып, оны дереу көргісі келетіндерін таңдауға мүмкіндік беретін жүйе. Телемәтін арқылы берілетін ақпарат бүгін сандық журналистикада байқалатын қысқа және жылдам, ұқсас ақпарат болып табылады. Ақпарат теледидар сигналының жақтаулары арасында берілді, ол VBI арқылы пайда болды. Американдық журналист, Томпсон 1971 жылғы АҚШ президентінің сайлау алдындағы науқаны туралы хабарлау үшін факсті пайдаланудан бастап, оның «Қорқыныш және сайлау алдындағы науқанға алаңдату» кітабында құжатталғандай, ерте сандық коммуникациялық технологияға сүйенді [1]. Телемәтіннің өнертабысынан кейін videotex өнертабысы болды, оның ішінде әлемдегі алғашқы жүйе болды. 1979 жылы «» газеті сияқты түрлі Британдық газеттер үшін мәліметті ғаламтор арқылы жеткізу басты кезекте тұрды. Дегенмен Videotex соңғы пайдаланушы сұранысын қанағаттандыру қабілетсіздігі салдарынан 1986 жылы жабылды [1]. Америкалық газет компаниялары жаңа технологияға назар аударып, өзінің жеке videotex жүйесін құрды, олардың ішінде ең ірі және өршіл Viewtron, 1981 жылы іске қосылған Knight-Ridder сервисі. - мен Gateway-да Keycom болды. Олардың барлығы 1986 жылға дейін жабылды. Содан кейін компьютерлік хабарландыру тақталары пайда болды. 1980 жылдардың соңында және 1990 жылдардың басында бірнеше шағын газеттер BBS бағдарламалық жасақтамасы мен телефон модемдерін пайдалана отырып, онлайн-жаңалықтар қызметін іске қосты. Олардың біріншісі 1989 жылы Albuquerque Tribune болды [2]. Компьютерлік ойындар әлемі 1992 жылдың қыркүйек айында Prodigy-те Origin жүйесінің Electronic Arts сатып алу туралы жаңалықтарға таласты. Интернет-жаңалықтар сайттары 1990 жылдары тарала бастады. Онлайн-жаңалықтар Нандо ретінде рөлінде News & Observer болды. институтының N&O тиесілі Нандо туралы веб-сайтында былай деп жазды: « шиеленістің алғашқы елеулі кәсіби жаңалықтар сайтына айналды» [3]. Ол 1990 жылдың басында «NandO Land» ретінде пайда болды. Сандық онлайн-журналистиканың айтарлықтай өсуі Netscape Navigator (1994) және Internet Explorer (1995) алғашқы коммерциялық веб-браузерлері пайда болған уақытта болды деп саналады. Журналистік контент мазмұнын өзгертпей түпнұсқа мәтіндік/бейне/аудио көздерден қайта бейіндегеніне қарамастан, оны құралдар панелі арқылы оның онлайн-формасына байланысты, тақырыптық топтастырылған контент және сілтемелерді басқаша пайдалануға болады. 24 сағаттық жаңалықтар циклы және пайдаланушы мен журналистің өзара іс-қимылының жаңа тәсілдері веб-тақта сандық форматқа арналған бірегей ерекшеліктердің арасында болды. Кейінірек AOL және Yahoo сияқты порталдар және олардың жаңалық агрегаторлары (жаңалықтар көздерінен сілтемелерді жинайтын және жіктейтін сайттар) Associated Press сияқты жаңалықтар агенттіктері өткен клиенттер жаңалықтарын жеткізушілерді пайдалана алатынынан тыс біріктіру үшін сандық мазмұнды ұсынды. Сонымен қатар, салон 1995 жылы құрылды. 2001 жылы журналы интернет салонын «журналистикаға арналған тәуелсіз алаң» деп атады [4]. 2008 жылы американдықтар алғаш рет өздерінің ұлттық және халықаралық жаңалықтарын газеттерден емес, интернеттен алатыны туралы хабарлады [5]. Pew зерттеу орталығының есебіне сәйкес 18-29 жас аралығындағы жастар жаңалықтарды негізінен интернет арқылы алады [6]. Жаңалықтар сайттарының аудиториясы жаңа жаңалықтар сайттарының іске қосылуына, дәстүрлі жаңалықтар ұйымдарының онлайн-жаңалықтарға арналған инвестицияларының жалғасуына және жалпы интернет-аудиторияның өсуіне байланысты дамып келеді. 2012 жылғы сарапта бойынша жастардың алпыс бес пайызы негізінен интернетте жаңалықтарға қол жеткізетінін білуге болады. Ал 2018 жылғы талдау бойынша халықтың 85 пайызы ғаламторды тікелей пайдаланатын болған [6]. Сандық журналистика басылымның өзі ұсынбайтын деңгейде сөйлесуге және талқылауға мүмкіндік береді. Адамдар мақалаларға түсініктеме беріп, мақалаларды талқылау үшін форумдар жасай алады. Ғаламторға дейін ешқашан кездеспеген оқырмандар арасындағы пікірталас мүмкін емес еді. Жаңалықтар мақаласын талқылау процесі - сандық журналистика үшін атқаратын жұмыстың басым бөлігі. Адамдар тарихты қосады және тақырыпты талқылағысы келетін басқа адамдармен сөйлеседі. Цифрлық журналистика адамдардың көру және оқу үшін көбірек мүмкіндіктер алуына мүмкіндік бере отырып , тауаша аудитория үшін мүмкіндіктер жасайды. Сандық журналистика тарихты айтудың жаңа тәсілдерін ашады; жаңа құралдың техникалық компоненттерінің көмегімен сандық журналистер аудио, бейне және сандық фотосурет сияқты түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын ұсына алады . Сандық журналистика қоғам жаңалықтарды қалай тұтынатыны туралы революция болып табылады. Интернеттегі көздер соңғы жаңалықтар туралы санаулы секунд ішінде тез, тиімді және дәл хабарлай алады. Іс-шара барысында журналистер ғаламторда ақпарат көздерін орналастыра алады. Мақала жариялануы мүмкін жылдамдық, әдетте баспа журналистикасында болмайтын есептердің дәлдігіне әсер етуі мүмкін. Сандық журналистика пайда болғанға дейін баспа процесі қателерді анықтауға және түзетуге мүмкіндік бере отырып, әлдеқайда көп уақыт алды. Жаңалықтар тұтынушылары веб-сауатты болуы және дереккөздердің шынайылығын бағалау үшін сыни ойлауды пайдалануы тиіс. Кез келген адам мақалаларды жаза алады және оларды Интернетте жариялай алады, журналистиканың анықтамасы өзгереді. Қарапайым адам үшін блогтар және беделді жаңалықтар веб-сайттарындағы жаңалықтарға пікіртерім сияқты құралдардың көмегімен жаңалықтар әлемінде әсер ету оңай болғандықтан, сандық журналистика аймағынан түсетін ақпараттың үлкен санын сұрастыру қиынға соғады. Жазушы мен тұтынушы арасындағы өзара іс-қимыл жаңа болып табылады және оны сандық журналистикаға жатқызуға болады. Интернетте жеке ойларды алудың көптеген жолдары бар. Алайда, бұл кейбір кемшіліктер бар, олардың негізгісі нақты ақпарат . Сандық журналистикада дәлдік қажеттілігі бар және олар дәлдікке жету жолын таппағанша, олар әлі де сынға ұшырайды. Бір маңызды дау осы жаңалықтар веб-сайттарына сенуге қатысты. Онлайн-жаңалықтар қауымдастығы өткізетін сандық журналистикаға деген сенімді зерттеуде Интернеттегі жұртшылықтың сенім рейтингі респонденттердің нақты сенім рейтингтерімен салыстырылады. Онлайн-БАҚ-тардың түрлі көздерін зерттей отырып, зерттеу тұтастай алғанда, көпшілік онлайн-БАҚ-та шын мәнінде қарағанда көбірек сенімділігін көрсетті. [3] Сандық журналистиканың әсері бүкіл әлемде айқын. Журналистиканың бұл түрі журналистерді реформалар мен дамуға итермелейді. Нанотехнологиялардан беймәлім тілшілер бұл күшті сезінді. Соңғы айларда бірнеше тілшілер ығыстырылды, ал жас журналистерді олардың төмен құны мен озық технологиялар жағдайында жұмыс істеу қабілетіне байланысты тартты.Негізгі жаңалықтар сайттары newsmedia онлайн өндірісінің ең көп таралған нысаны болып табылады. 2000 жылғы жағдай бойынша Батыс әлеміндегі журналистердің басым көпшілігі енді интернетті өзінің күнделікті жұмысында үнемі пайдаланады. Негізгі жаңалықтар сайттарына қосымша сандық журналистика индекстік және категориялық сайттар (сайттар түпнұсқалық контентсіз, бірақ қолданыстағы жаңалықтар сайттарына көптеген сілтемелері бар), meta- және пікірлер сайттары (media watchdogs сияқты newsmedia мәселелері туралы сайттар), сондай-ақ алмасу және талқылау сайттары (Slashdot сияқты адамдардың қосылуын жеңілдететін сайттар) кіреді [7]. Блогтар сондай-ақ жеке сайттардан бастап жүздеген мың адамға аудиторияға дейін жаңа ақпарат алуға қабілетті сандық журналистиканың тағы бір феномені болып табылады. 2008 жылға дейін сала интернетте жаңалықтарды жариялау дәстүрлі жаңалықтарды жинауға арналған шығындарды қаржыландыру үшін айтарлықтай табысты болады деп үміттенді. Алайда 2008 жылы интернет-жарнама баяулай бастады және соңғы үлгідегі бизнес-модельдерді әзірлеудегі ілгерілеу елеусіз болды [8]. Дегенмен, онлайн-журналистер ньюзрумдардың кеңеюі туралы хабарлама таратып, интернет табыс көзі болатынына сенді. Олар жарнама, бәлкім, онлайн-жаңалықтар өндірісін қолдайтын табыстың ең жақсы үлгісі болады деп санады. Бүгінде ол табыстың негізгі көзіне айналып отыр. 1999 жылы құрылған онлайн-жаңалықтар қауымдастығы жаңалықтарды жинаумен немесе өндірумен айналысатын 1700-ден астам мүшелері бар онлайн-журналистерді анықтайтын ірі ұйым болып табылады [9]. Интернет, сондай-ақ, әдетте Indy Media () сияқты журналистер емес адамдардың үлкен қатысуына әкелді. Блогерлер веб-журналдарда немесе блогтарда жазады. Дәстүрлі журналистер блогерлерді жедел журналист деп санамайды. Бұл ортамен салыстырғанда стандарттар мен кәсіби практикамен байланысты. Мысалы, краудсорсинг және краудфандингтік журналистика әуесқой журналистерді, сондай-ақ дәстүрлі баспасөз орнатылған шекаралармен шектелген өршіл кәсіпқойларды тартады. Алайда, журналистиканың бұл түрлерінің маңызы-олардың мазмұнның дәлдігі мен әділдігін қамтамасыз ететін журналистік практиканың кәсіби нормаларын елемейді. Бірақ 2005 жылғы жағдай бойынша, әдетте, көп көңіл бөледі және бұқаралық Журналистика үшін кейбір салдарға әкеп соғады, мысалы, президент Ұлттық гвардиясының кіші қызметі туралы телевизиялық мақаламен байланысты мәселелерді анықтау. Жақында сот шешімдері блогерлердің сол міндеттер қолданылатын басқа журналистер сияқты қорғалуға құқығы бар екенін анықтады. Electronic Frontier қоры журналист-блогерлердің құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарды. Канадада, : «Екінші алдын ала сұрақ-жаңа қорғау біздің алдымызда дәлел ретінде туындауы тиіс, қорғау жауапты журналистиканың тесті ретінде берілді, бұл лаконикалық стильдегі қорғаудың мәні болып табылады. Алайда, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық мүддені білдіретін мәселелер бойынша қарым-қатынастың жаңа тәсілдерімен тез толықтырылады, олардың көпшілігі онлайн, оларға журналистер қатыспайды. Бұл соңғы жаңалықтар мен ақпаратты таратушылар алып тастау үшін дәлелді себептер болмауы тиіс, белгіленген бұқаралық ақпарат құралдары сияқты заңдарға бағынады. жаңа қорғаныс «қоғамдық қызығушылық тудыратын материалдарды кез келген тасымалдаушыда жариялайтын кез келген адамға қолжетімді»: Джамиль, 54-тармақта» деп келісемін [4] Онлайн-журналистиканың басқа да маңызды құралдары интернет - форумдар , форумдар мен чаттар , әсіресе ресми БАҚ-тың интернет-нұсқасын ұсынатын сайттар болып табылады. Бүкіл әлемде интернетті кеңінен пайдалану Израиль-Палестина қақтығысы және бірінші және екінші шешен соғыстары сияқты көптеген қақтығыстарда екі тарап үшін Кездесу орнын құруға бірегей мүмкіндік жасады. Көбінесе бұл қақтығыстың жаңа, балама шешімдерін табуға бірегей мүмкіндік береді, бірақ жиі интернет қақтығыс тараптары шексіз «онлайн-шайқас»құруына байланысты шайқас алаңына айналады. Интернет-радио мен подкаст - бұл басқа өсіп келе жатқан тәуелсіз БАҚ. Гиперлокальды журналистика – бұл өте кішкентай қоғамдастықтағы журналистика. Гиперлокальды журналистика, сандық журналистиканың басқа да түрлері сияқты, оқырмандарға өте ыңғайлы және журналистиканың бұрынғы түрлеріне қарағанда көбірек ақпарат ұсынады. Сандық журналистика интернетте болғандықтан және негізінен пайдаланушы контенті бар сайттарда азаматтар жүзеге асыратындықтан, олардың арасындағы бәсекелестік өсіп келеді. Азаматтық журналистика кез-келген адамға кез-келген нәрсені жариялауға мүмкіндік береді. Мақалаларда «Пікірлер» бөлімі бар, оған адамдар онлайн қатысып, өз пікірін білдіре алады. Журналистер үшін бұл дәстүрлі журналистикамен байланысы жоқ кері байланыс алуға мүмкіндік береді, бірақ бұл контентті бақылау қиын екенін білдіреді. Журналистердің тарихты қалай зерттейтіндігі де өзгерді. Бұрын журналистер жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңсеге жиі қоңырау шалатын. Қазір олар әлеуметтік желілерді (краудсорсинг ретінде белгілі) пайдалана отырып көптеген зерттеулер жүргізеді. Өткен жылы ING жүргізген зерттеуде журналистердің 50% әлеуметтік желілерді негізгі ақпарат көзі ретінде пайдаланатыны анықталды. Сондай-ақ, журналист хештег (#) арқылы тарихты бақылай алады. Хештегтер журналистерге тарихты қадағалауға, бірнеше дереккөздерден ақпарат жинауға және жазып отырған тақырып қызықтырған аудиторияны табуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, журналисттерге арналған құралдар бар. Hashtagify сияқты сайттар журналистерге хэштегтердің танымалдығын көруге мүмкіндік береді және оларға кең аудиторияға хабарласу үшін ең релеванттық хэштегті пайдалануға мүмкіндік береді. 2015 жылдардан бастап мыңдаған журналистер жұмысынан айрылды, газет үшін табыс көзі едәуір азайды. Жаңа құралдар мен бәсекелестік жойылады деген пікір, керісінше өрши түсті. Жаңа медиа: Facebook, Twitter, Youtube және WhatsApp ақпарат құралының негізгі көзіне айналды. Нахрих: «Сандық дәуірдегі журналистің рөлі әрине өзгерді. Соңғы технологияның арқасында қазіргі уақытта көптеген ақпараттық ресурстар жаңарды. Ал миллиондаған ойыншылар: әлеуметтік медианы пайдаланатын барлық адамдар (тіпті жүздеген ескі электрондық пошта арқылы ақпарат бөлісетін адамдар және т. б.) өз рөлін өзгертті ме? Twitter немесе Facebook ақпаратты растауға тырысты: «Бұл кәсіби журналистер үшін өте қиын болуы мүмкін». Сандық журналистикада пікір алмасу соншалықты танымал болғандықтан, факт пен пікір арасындағы қайшылық тууы мүмкін. Журналистер түрлі платформаларда контенттің дәлдігі туралы ойланып, олардың көздерін мұқият тексеруі қажет. Жаңалықтарға сұраныс қатты болғандықтан, көптеген журналистер мақаланы тез шығару үшін фактілерді тексермей, асығыстықпен жариялап жібереді. Нәтижесінде жарияланып кеткен мақаланы түзетулер мен теріске шығару етек алып барады. Сондықтан журналистер үшін жарияланған жұмысты қадағалау, оның әлі де дәл екеніне көз жеткізу және егер олай болмаса, оны өзгерту маңызды. Ең дұрысы мақаланы жарыққа шығармай тұрып, тексеру. Журналист болғысы келген әрбір адам бос уақытында сандық журналистикамен айналысуы қажет. Блог жүргізуге және үнемі хабарлар жариялауға тиіс. Бейне, аудио және фотосуреттер салу арқылы хабарламаны көркемдеу қажет. Жұмысты дамыту үшін әлеуметтік желілерді пайдалану тиімді болуы мүмкін. айтуынша: «Визуалды журналистикалық жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру. Мәліметтер журналистикасының кең таралуы тегін немесе арзан құралдардың көбеюіне ықпал етті. Ол журналистерге кішігірім мекемелерде мәліметтерді визуализацияландыруға жәрдем береді. Мысалы, карта, шкала, сызбалар және кескіндер. news:rewired конференциясында, Media Wales компаниясының онлайн-конент бойынша төрағасының орынбасары (Paul Rowland) қатысушыларға: «Бұны жасау үшін сіздерге арнайы бюджеттің қажеті жоқ. Ол «үлкен адамдарға» ғана арналмаған» деді. Роуландтың айтуынша, аймақтық әлде жергілікті медиада жұмыс жасау:
|
TEXT
|
kaz
|
25,442
|
Ол халық арасында мәліметтер журналистикасы мен визуалдау әдістері не үшін қажет деген сұрақтардың туындауына алып келеді. Оқиғаны баяндаудың қарапайым формасы мәтінді «бөлшекке бөлу» дейді Роуланд. «Визуалды оқиғасыз сандық журналистика суретсіз шыққан газет секілді». Суреттер оқиғаның «сезімін» көрсетеді. Оқырманды мақалаға «кіргізеді». Сондай-ақ, оқиғаны визуализациялау оқырманды шақыру мен ұстап қалудың тиімді жолы. Егер аймақтық басылымдардың құралдары немесе арнайы мамандары болмаса, олар сандық журналистикадағы барлық тегін бағдарламаларды игерулері керек дейді Роуланд. Негізгі талап мақалаға қажетті әдісті таңдау. Роуланд кеңестеріне құлақ асып көріңіз. «Өзіңіздің ақылды екеніңізді көрсетуге тырыспаңыз. Керісінше, оқиғаны қаншалықты оңай беруге болатынын көрсетіңіз». Егер белгілі бір құрал сіздің мақалаңызға рең бермесе, әдісті ауыстырыңыз. Бірінші, мақала жазуға кіріспес бұрын, өзіңізге «Мен не айтпақшымын?» деген сұрақ қойыңыз. Одан бөлек, Роуланд:
|
TEXT
|
kaz
|
25,443
|
Жүзеге асыру үшін бірнеше құралдар қажет: Контекст: Ол уақытша шкала жасау үшін қажетті Timetoast және Dipity құралдарын ұсынады. Соңғы кездері Dipity сенімсіз болғандықтан, мен оны ұсынбаймын. Ал, Timetoast таптырмас құрал. Қазір көп журналистер Timeline.js қолданады. Сондай-ақ, ақпаратты картаға орнатуға, жолдар мен зоналарды, нүктелерді, әкімшілік аудандарды көрсету үшін Maps-ты ұсынады. Оқиға орнымен байланыс – қайтадан Maps-ты ұсынады. Одан бөлек, мультимедиа құралының уақытын, орнын көрсететін Meograph сервисі де бар. Салыстыру - Роуланд Thinglink сервисін ұсынады. Онда суреттерге сілтемені қосуға болады. Және сізге қажетті мәліметтерді әлеуметтік желілерден жинақтайтын Storify сервисін де қосуға болады. Ол тек «Фейсбук» пен «Твиттермен» шектелмейді, Flickr, Instagram және YouTube видеоларын да қамтиды. Иллюстрация – ол үшін стандартты сурет галереясын қолдануға кеңес береді. Егер сізде галерея болмаса, Yahoo –ға тиесілі Flickr фотохостингінің сервисін қолданыңыз. Визуализация – ол үшін және Many Eyes деп аталатын IBM сервисін ұсынады. Ол арқылы қарапайым визуализация жасай аласыз. Google Drive-тағы онлайн-кестелер де осыған жатады [9]. Көптеген журналистер өз жұмыстарын тікелей жаңалықтар сайттары мен платформаларында жариялағандықтан, компьютерлік кодтауды үйрену, зерттеуді меңгеру қажет. HTML немесе CSS сияқты кодты білу, жазу мен көрнекі әсерлерді тікелей веб-бетте өңдеуге мүмкіндік береді. Code Academy немесе Google университеттік консорциумы сияқты кейбір веб-сайттарда тегін кодтауды үйренуге болады. Жаһандану дәуірінде жоғары технологияларды терең меңгеріп, әмбебап журналист болуға дағдылану қажет-ақ.
|
TEXT
|
kaz
|
25,444
|
Ұлттық ділді зерттеу негізінен әлеуметтік психология, этнопсихология, мәдени антропология салаларына қатысты болғанымен, лингвистика ғылымының да зерттеу нысанына жатады. Лингвистердің бұл мәселені қарастыруының бірнеше себептері бар: 1) жүйелі-құрылымдық лингвистикалық парадигмамен салыстырғанда антропоөзектік парадигманың басымдылыққа ие болуы; 2) шетел тілін сол тілдің мәдениеті мен тілді тұтынушы ұлттың ойлау қабілетін есепке ала отырып меңгерудің маңыздылығы, онсыз тіл үйренудің жеткіліксіз екендігін ұғыну; 3) әлемнің тілдік бейнесін анықтау сияқты өзіндік себептер. пікірінше, пәнаралық байланыс арқылы зерттеуде этнолингвистика мен социолингвистика тілді мәдениетке қатысты, тілдің қызмет етуі мен дамуындағы тілдік этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың өзара әрекетіне қатысты зерттейді. Соңғы уақытта әлеуметтікгуманитарлық ғылымдардың дамуы базалық түсінік пен категорияның маңыздылығын көрсетіп отыр. Бұл базалық тірек түсініктер адами әлеуетті көрсетеді, адами әлеует руханиқоғамдық әрекетті белгілейді. Мысалы, «өмір» мен «өлім», «туған жер» мен «өзге ел», «қуаныш» пен «қайғы», «бейбітшілік» пен «соғыс» сияқты қарама-қарсы мәндес концептілер базалық мәдени түсінікті құрайды. Лингвомәденитанымдық бағыттағы зерттеулерде құндылықтар жүйесі туралы тілдік ақпараттардың әртүрлі халықтың дүниені қабылдау ерекшелігін көрсетеді деген пікірлер айтылады [1, 51]. Құндылықтар мен нормалар тілдік бірліктер семантикасында және мәдени-тілдік қауымдастық өкілдерінің қарым-қатынасында тікелей немесе жанама көрініс беретіндігі де отандық және шетел ғалымдарының да еңбектерінде жиі айтылады. Тілдік концептілер шеңберінде жекелеген тілдік мәдениеттердегі негізгі идеялар мен базалық құндылықтарды беретін және ұлттық діл ерекшелігін ашатын, танытатын концептіліер зерттеледі. Осы тұрғыдағы концептілер әр ғалымдар тарапынан түрліше атауларға ие: «тілдегі кілт сөздер», «мәдениеттегі негізгі концептілер», «мәдени доминанттар», т.б. концептінің өзегі құндылық екендігін, яғни концептінің мәдениетті зерттеуге қызмет ететіндігін, ал мәдениеттің өзегін құндылық принциптері құрайтындығын айтады [2, 12]. Қазақ тіл білімінде антропоөзектік бағыттың кең өріс алуына байланысты «концепт» ұғымына терең мән беріліп, көптеген ғалымдардың зерттеу нысанына айналды. Осы тұрғыдағы мәселелер отандық ғалымдар , , , Ж. Ислам, зерттеулерінде қарастырылған. Кез келген халықтың лингвомәдениетінің өзегін концептілер құрады деп айтуға болады. Бұл тұжырымдаманы зерттеулерінде «концепт» терминіне берілген анықтамасын негізге алып беріп отырмыз: «концепт – адам санасында қалыптасатын, сөйтіп, сол адамның этникалық ортасы болып табылатын ортаның барлық мүшелері үшін белгілі бір түсінік, ұғым болып орнығатын идеал мән. Вербалды құралдар арқылы жеткізілгенде концепт кодталған мәтін түзеді деп санауға болады, ол – нақты бір этникалық орта мүшелерінің стандартталған мінез-құлқы; белгілі бір құбылыс туралы пайымдап, қабылдауларының ортақ болуы» [3, 14]. Осы тұжырымдамада берілген «нақты бір этникалық орта мүшелерінің стандартталған мінез-құлқы» деген анықтама осы мақала аясында қарастырылып отырған «концепт» түсінігін толық ашып көрсетеді. Концепт ұғымы барлық халықтар тілінде бар десек, бірақ оның қабылдануы мен аталымында айырмашылықтар болуы мүмкін. Оны таныпбілу үшін сол тілде сөйлейтін халықтың дүниетанымын, тарихын, психологиясын, философиялық ой-танымын, басты құндылықтарын түсіне алуымыз керек. Неміс зерттеушілерінің еңбектерінде «концепт» термині қолданылмайды. Мақалада қарастырылып отырған Ordnung және Sicherheit тілдік бірліктері «Begriffe» (түсінік), «Werte» (құндылық), «Tugenden» (ізгілік) сөздері арқылы айқындалған [3], [4], [5], [6]. Мақсаты. Лингвомәденитанымдық бағыттағы зерттеулерде құндылықтар жүйесі туралы тілдік ақпараттардың әртүрлі халықтың дүниені қабылдау ерекшелігін көрсетеді деген пікірлер айтылады [1, 51]. Құндылықтар мен нормалар тілдік бірліктер семантикасында және мәдени-тілдік қауымдастық өкілдерінің қарым-қатынасында тікелей немесе жанама көрініс беретіндігі де отандық және шетел ғалымдарының да еңбектерінде жиі айтылады. Тілдік концептілер шеңберінде жекелеген тілдік, яғни неміс халқы мәдениеттердегі негізгі идеялар мен базалық құндылықтарды беретін және ұлттық діл ерекшелігін ашатын, танытатын концептілерді қарастыру болып табылады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,445
|
Неміс халқының базалық құндылығының өзегін «Ordnung» (тәртіп- порядок) ұғымы (концептісі) құрайды. Сондай-ақ «Gehorsam» (сөзге құлақ асу, тіл алғыштық- послушание), Pflicht (міндет, парыз - долг), Unterordnung (бағыну - подчинение), Disziplin (тәртіп -дисциплина) концептілері де дәстүрлі тәрбие өзегін құраған. Аталған қасиеттер бір тарихи кезеңде отбасы мен мектептерде тәрбие беру стандартына айналған және неміс қоғамы үшін негізгі құндылықтар болған [6, 33]. «Idee der Ordnung» (тәртіп идеясы – идея порядка) қауіпсіздік, сенімділік, болашақты болжай алу, нақты, нық ережелердің болуы деп бағаланған. «Ordnung» концептісі мен неміс халқының келесі базалық негізгі Sicherheit (сенімділік, қауіпсіздік) концептісінің арасында жіпсіз байланыс байқалады. Sicherheit – қа ұмтылу Ordnung, неміс халқына тән «неміс тәртібін» тудырған. Тәртіптің арқасында неміс халқы қоғамдағы, сондай-ақ жеке бас өмірін де реттеп отырғаны белгілі. Бірақ әр тарихи кезеңде құндылықтар да өзгеріске ұшырайтындығын білеміз. XVI ғасырда неміс халқы ішімдікке, шектен тыс ойын-сауыққа құмарлығымен танылған екен және өздеріне есеп бермеген. Реформация кезеңі басталғаннан бастап неміс менталитеті қатты өзгеріске түскен [4, 14]. «Ordnung» ұғымын қалыптастыру процесі неміс тілі мен мәдениеті дамуының XVI ғасырдан бастап XIX ғасыр кезеңдерін қамтыған. Неміс менталитетін зерттей отырып, зерттеуші осы концептінің қалыптасуына мына үш фактордың елеулі үлес қосқанын айтады: нормативті неміс тілінің қалыптасуы, реформациясы және философияның интенсивті дамуы [5]. Діни қызметкер «Ordnung» ұғымын үш түрлі позицияда қарастырған: бүкіл әлем тұрғысынан, қоғам тұрғысынан және жеке адам тұрғысынан. Автордың айтуынша, әлем біртұтас жүйе және идеалды тәртіпке келтірілген. жаратқан тәртібінде әр нәрсенің өз уақыты (Zeit), тағдыры (Bestimmung), орындалуы (Erfüllung) бар. Автор «Ordnung» - тың жекелеген адам үшін ауадай қажетті төрт саласын атап көрсетеді: өмір сүру салтында (образ жизни – Lebensart und Lebensweise), мамандығында, жұмысында (Beruf), малмүлік мәселесінде (имущество – Vermögen), адамның ішкі жан дүниесінде (innerer Zustand), автордың ойынша, осы аталғанның әрқайсысында Ordnung – нақты бір игіліктің алғышарты: денсаулық (Gesundheit), пайда (Nutzen), әл-ауқат (Wohlstand) және бақыт (Glück). Уағыз айтушы «Ordnung» сөзінің негізгі атрибуттары: мақсат қою (Ziel) мен жоспар (Plan) деп айқындайды: Den besten Zweck, den schönsten Plan, / treffe ich in deiner Schöpfung an; / die kleinsten Kreaturen / sind deiner Weisheit Spuren. «Vom Nutzen der Ordnung und Reinlichkeit im Haushalten» (Үй шаруасын жүргізудегі тәртіп пен тазалықтың пайдасы) атты кітабында (Nützlichkeit der Ordnung) тәртіпсіздіктен келетін зиянды (Schädlichkeit der Unordnung) қарсы қоя отырып, балаларды бала күннен тәртіпке үйретуге (Kinder frühzeitig zur Ordnung gewöhnen) уағыздаған. Автор экономикалық тұрғыдан «Ordnung» сөзінің негізгі ұғымына күн көріс қамын дер кезінде реттеп отыруға мүмкіндік беретін «ұзақ мерзімді жоспарлау» мен аса қажетті болып табылатын біртектес жұмысты (однообразную работу) орындаудағы «тұрақтылықты» жатқызады [5]. Тәртіптің орны туралы педагогтар да дидактикалық еңбектерінде жазған. Мысалы, балалар мен ата-аналарды тәрбиелеу туралы еңбегінде тәртіпке үйрету ілімін (Ordnungslehre) жасаған екен, ол бойынша адамдар қоршаған әлеммен үйлесім тауып өмір сүруге ұмтылуы тиіс (). Балаларды тәрбиелеу процессінде педагог тәртіптің үш орнын атап көрсеткен: Ordnung für die Dinge (заттарындағы тәртіп), Ordnung für die Geschäfte (істегі, жұмыстағы тәртіп), Ordnung für die ganze Denkungs- und Handlungsart (ой мен іс-әрекеттегі тәртіп). Ordnung ұғымын мына ұғымдармен теңестірген (Ordnung неміс тілінде женский род зат есімі): оны ана мен күтушіге теңейді , (Mutter und Pflegerin der meisten anderen Tugenden – ана мен күтуші көп игі істің иесі), қайырымдылық, жақсылық жасаушыға теңейді (Beglückerin des menschlichen Lebens – адам өміріне жақсылық жасаушы), көмекшіге теңейді (Beförderin jeder nützlichen Tätigkeiten – пайдалы істің талапшысы) [4]. Теолог, педагог және жазушы тәртіпке деген махаббаттың маңыздылығына мән берген (Ordnungsliebe), оған әдептілік үшін ғана емес (Anstand), сонымен бірге табысқа жету үшін ғана емес (Wohlstand), ең алдымен, адамгершілік тұрғыдан мән беру керектігін айтқан (Sittlichkeit) [4]. Осылайша, сол заманның көрнекті ойшылдарының қызметтерінің, олардың әртүрлі типте жазылған мәтіндерінде (уағыздарда, мораль туралы трактатттарында, бала тәрбиелеу туралы еңбектерінде, афоризмдер және т.с.с.) көрініс тапқан ойларының нәтижесінде Ordnung концептісі неміс концептосферының бөлінбейтін бірлігіне айналған. Неміс тарихшысы және неміс халқының менталитетін зерттеуші «Ordnung, Fleiß und Sparsamkeit. Texte und Dokumente zur Entstehung der bürgerlichen Tugenden» - атты еңбегінде XVғ. мен XIX ғ. бас кезіндегі танымал неміс авторларының түпнұссқа мәтіндерінде «Ordnung» ұғымының басқа да игіліктермен қарастырылғанын айтады: Fleiß (еңбекқорлық), Sparsamkeit (үнемшілдік), Disziplin (дисциплина) т.б. Автордың айтуынша, осы игіліктер неміс менталитетінде XVIII ғасырдың ортасына таман мықтап орныққан [4, 9]. XVIII ғ. соңында немістерді тәртіп пен тазалықты жақсы көретін, сүйетін, еңбекқор және үнемшіл, ұқыпты азаматтар ретінде сипаттаған (P. Münch). ХХ ғасырдың екінші жартысында жеке бас құндылықтарына ерекше мән беріле бастаған. Ғалымдардың айтуынша, 70-80 жж. Германияда жүргізілген сауалнамалар нәтижесі мына құндылықтардың басым екендігін көрсеткен: Gesundheit (денсаулық), Familie (отбасы), Sicherheit (қауіпсіздік, болашаққа сенім), ein hoher materieller Standard (жоғары материалдық жағдай), der befriedigende Beruf (жаныңа жақын мамандық), reichlich Freizeit (көп бос уақыт), persönliche Freiheit und Unabhängigkeit (жеке бас бостандығы мен тәуелсіздік) [6, 73]. Байқағанымыздай, Германия тарихының алдыңғы кезеңдерінде басымдылыққа ие болып келген дәстүрлі құндылықтар біршама өзгеріске түскен. Сондай-ақ, осы кезеңде, яғни ХХ ғасырдың екінші жартысында отбасы түсінігі түбегейлі өзгеріске түскен. ХХ ғасырдың бірінші жартысында дәстүрлі авторитарлыпатриархаттық сипатқа ие отбасы моделі дүрілдеп тұрған болса, екінші жартысында, неміс ғалымдарының айтуынша отбасы ұғымы жеке бас принциптеріне негізделіп, өзгеріске түскен. Отбасылық қарым-қатынас тең құқылы ерлі-зайыптылар ұғымына ойысқан. Бұл да неміс халқының құндылықтар құрылымының үлкен өзгеріске ұшырағанын көрсетеді. Сәйкесінше, бала тәрбиесінде де басымдылықтар өзгерген. Алдыңғы тарихи дәуірлермен салыстырғанда, балаларды тәрбиелеу мақсаты – балаларды өз бетімен, еркін ойлау, шешім қабылдау, өз күшіне сену, сыни ойлау сияқты дағдыларға үйретуге бейімделген. Көну, тіл алғыштық, өзінен жоғары тұрғандарға көзсіз бағыну сияқты осы кезге дейін неміс халқы ділінің құрамдас бөліктері болып келген қасиеттер ысырылып қалған. Баланы тәртіп пен тазалықты сүюге үйрету сияқты дәстүрлі болып табылатын құндылық бағыты бұрынғыдай басымдылыққа ие болмаса да, тәрбие үрдісінің өзегін құрайды. Білім алу мен нақты бір салада тиісті дағдыларды меңгерудегі негізгі концептілер Fleiß (еңбекқорлық), Disziplin (тәртіп) және Ordnung (ұқыптылық - порядок) қазір де басымдылыққа ие [6, 84-89]. Қазіргі заман неміс халқы Ordnung (ұқыптылық -порядок) сөзіне аса мән беретіндігімен және оны этикалық қажеттілік деп санайтындығымен сипатталады: Der Deutsche glaubt aus tiefsten Herzen an die Bedeutung und die ethische Notwendigkeit der Ordnung [5, 126]. Осыған қарап, қазіргі жастар таңдауындағы құндылықтар жүйесі бұрынғы барды сақтап қалу немесе мүлде жаңа құндылықтар идеясын тудыру емес екендігін көреміз. Керісінше, дәстүрлі және жаңа құндылықтар симбиозын жасап отыр. Ғалымдар, ХХ ғ. 90 жылдарында жүргізілген сауалнамалардан алынған нәтиже де соның көрсеткіші дегенді айтады. Осы сауалнамалар қорытындысы бойынша Zuverlässigkeit (сенімділік), Ordnung (тәртіп-порядок), Fleiß (еңбекқорлық), Perfektion (перфекционизм), Pünktlichkeit (ұқыптылық -пунктуальность) тәрізді құндылықтардың ең үлкен пайыздық көрсеткіш бергені айтылады [3, 30]. Және осы сауалнамалар нәтижесін XV-XIX ғғ. көлемінде неміс халқының құндылықтар жүйесінің қалыптасуын зерттеген неміс тарихшысы зерттеулерімен салыстырғанда, олардың арасындағы бірізділіктің сақталғаны байқалған. зерттеулерінде де негізгі осы қасиеттер аталып көрсетілген: Ordnung, Fleiß (еңбекқорлық), Disziplin, Sparsamkeit (үнемшілдік). Ғалымның ойынша, бұл қасиеттер неміс халқының ділінде XVIII ғасырдың орта кезеңінен бері бекіген [4, 9]. Ғалымдардың айтуынша, ХХI ғ. дәстүрлі неміс құндылықтары өз негізін сақтай отырып, тек жаңаша түрге еніп, жаңа атауларға ие болған. мәдени стандарттар теориясын (Kulturstandards) енгізді, оны нақты бір мәдениет өкілдерін түсінігіндегі өзін-өзі ұстаудың міндетті нормалары (нормы поведения) мен оның бағалануы деп түсіндіреді [7, 28]. Мәдени стандарт түсінігі нормалар түсінігімен сәйкес келеді: «Нормы – стереотипы мысли и действия, принимаемые в границах той или иной социокультурной общности, которые в своем историческом бытии неотрывны от существующих в данной культуре ценностей, ибо переводят представления о них в инструментальный план» [8, 523]. Неміс халқының мәдени стандартына: орындалатын тапсырмалардың нақты болуы, жұмыс құрылымы мен ережесінің маңыздылығы, ереженің орындалуы үшін ішкі бақылау, ұзақ мерзімге жоспарлау, жеке бас пен қоғамдық өмір арасындағы қатынастың аражігін ашып алу. Байқап қарасақ, осы аталған мәдени стандарттардың неміс халқының базалық мәдени концептілері Ordnung и Sicherheit арасындағы байланыс анық көрініс береді. Осы екі концептінің неміс халқы ділінің негізін құрайтыны жоғарыда айтылды, ғалымдар, жекелеген тарихи дәуірлерде олардың әрқилы өзектеліп, функцияларында да айырмашылық болғанын анықтаған.
|
TEXT
|
kaz
|
25,446
|
Қазіргі кезеңде де Германияда алынған сауалнамалар нәтижесі неміс халқының тәртіпті ерекше бағалайтынын көрсетеді және оны демократияның кепілі деп түсінеді [3]. Мақал- мәтелдерін қарастыру барысында да Ordnung ұғымына қатысты әртүрлі түсініктерді байқауға болады: а) Ordnung – ол әлемнің өмір сүруінің кепілі (Ordnung erhält die Welt); ә) Ordnung – (Ordnung hilft haushalten); б) Ordnung – байлыққа кенелудің қосымша көзі (Ordnung ist vergnügtes Einkommen, halbes Futter, halbes Sparen); в) Ordnung – көп тырысуды талап етеді, нәтижесінде үлкен табысқа жеткізеді (Ordnung, wenn man sie zu halten weiß, hat überall den höchsten Preis); г) Ordnung – әділетті мемлекеттің қызмет етуінің негізгі шартының бірі, кім тәртіп пен заң жасайды, сол бірінші болып соны ұстануы керек (Wer die Ordnung und Gesetz macht, soll der erste sein, der sie hält); д) шамадан тыс тәртіптің зияны да болуы мүмкін (Wer die Ordnungsliebe treibt zu weit, der stiehlt sich und anderen die Zeit); ж) Ordnung – адамшылықтың, жеңістің, табыстың алғышарты (Wo Ordnung herrscht, ist jeder Weg eine Poststraße). Неміс тіліндегі «Ordnung» ұғымына қатысты мақалмәтелдерден мынандай қасиеттер байқалады: әлеуметтік, экономикалық және саяси ережелер мен заңдардың тиімді, нәтижелі жүйесі; іс-әрекетті ұйымдастырудың тиімді жолы; тәртіпке келтіру үрдісі, ішкі жағдайды реттеу процесі. Неміс тілінде өте кең тараған тұрақты тіркестерден де осы концептінің маңыздылығын көреміз: in Ordnung sein, Alles in Ordnung; alles ist in bester (schönster) Ordnung; das ist nicht in Ordnung; mit j-m/etw. ist etwas nicht in Ordnung; wieder in Ordnung sein; ganz in Ordnung; schwer in Ordnung sein.
|
TEXT
|
kaz
|
25,447
|
Сондықтан да 1917 жылғы төңкеріске дейінгі жарық көрген газеттерде, – біз бұл жерде «Қазақ газеті», «Айқап» журналы сияқты ұлт мүддесін жақтаған басылымдарды емес, «ДУГ», «ТУГ» сияқты басылымдарды айтып отырмыз, – ұлттық рух, озық ой-сана элементтері сирек болса да жарияланғанын айтуға тиіспіз. Бірден басын ашып айтайық, отарлаушы үкімет баспасөзінде ат қойып, айдар тағылмаса да Абай тағылымы, Абай өнегесі, Абай рухы байқалып тұратынын атаған жөн. Шын мәнінде империялық биліктің аса қатты үрейленгені де осы рух асқақтығынан еді. Сондықтан да болса керек, патшалық Ресей де, оның орнын басқан большевиктік-коммунистік тоталитарлық тәртіп те осы ұлттық рухпен аянбай күресті. Оның жарқын дәлелі ретінде ұлы Абай 1904 жылы дүниеден озса да, патшалық билік кезінде де, кеңестік билік кезінде де бір ғана ұлы ақынның жетпістен астам ұрпақ, үрім-бұтағының қуғынға ұшырауын, сондай-ақ Абай үндеген азаттық идеясын күрес туы етіп көтерген Алашорда қайраткерлерінің трагедияға толы тағдырларын айтуға болады. патшалығының қас жауы болған да, орыстың ұлттық рухы болған да – орыстың озық ойлы азаматтары болатын. Сондықтан да : «Ұлы жазушы өз елінде қандай орында болу керек болса, бүкіл орыс жұртшылығының көз алдында, сондай ардақты орынға ие болған тұңғыш ақын Пушкин болды» деп жазуы айрықша ден қойғызатын болса [1, 70], осы тұжырымды қазақтың ұлы Абайына да қатыс- ты айтуға болады. Таза ұлттық ақын атауына ие болған Пушкинге қатысты мына пікір де Абай болмысына қатысты деуге толық негіз бар. «Әдебиеттің өте маңызды ұлттық мәні бар екендігін бірінші рет көре білген, кеңседе, патша сарайында отырып қызмет істеуден де артық деп санаған Пушкин ғана. Жазушының атағын жоғары көтерген, қол жеткісіз биікке шығарған да Пушкин [2, 79]. Пушкинше «ақын халықтың барлық сезімі мен ойын жарыққа шығарушы, ақын өмір күрестеріне толық түсініп, суреттеп беру үшін туады» деген - зов толғамына назар аударайық: «...Абайдың өзі тірісінде, оның айналасында жиналған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық фольклорын жырлаушылар, әнші ақындар, орыс мәдениетін білуге талпынған жай көзі ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштерінде жас жағынан Абайға тетелес – Көкбай, Мұқа, Бейсембай ақын сияқтыларынан бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия және інісі Кәкітай сияқты көп адамдар болады...» [3, 171]. «Бұлардың еңбектерін шолуда, алдын-ала есте тұратын бір жайды ескере кету керек. Ол – осы шәкірт ақындардың еңбек үлгілерінен және айқындап көріне түсетін, Абайдың өзінің ерекшелігі болады... Өзге ақындар «шәкірт» деп аталған соң, Абай, әрине, олардың басшысы – ұстаз ақын болмаққа керек. Әрбір әдебиеттік мектеп осындай аға мен іні ақындардың екі буынынан құралатын болса, ең алдымен, сол әдебиеттік мектепте басшы ақынның бағыты, өзгеше идеялары, өз халқының әдебиет тарихына кіргізген анық тарихтық, көркемдік жаңалықтары – қысқасын айтқанда, барлық қасиеттері, әралуан түрде бой көрсететін болады...» [3, 173]. Бір ескеретін мәселе мынада: осы «Абай шәкірттері туралы» атты зерттеу мақаласында ақынның баласы Тұрағұл, немере інісі Шәкәрім туралы бәлендей басын ашып, анық айта қоймаған. Бұлардың, әсіресе, Шәкәрімнің тоталитарлық тәртіптен көрген қиянаты, өлімі, ұзақ жылдар бойы «жау» атанып, есімінің тасада қалуы, сірә, ұлы жазушының да сақ болуына алғышарттар жасаған сияқты. Белгілі ғалым ақыл-кеңесі бойынша Абай төңірегіндегі ақындар шығармашылығын зерттеген болатын. Кезінде да қорғаған. Ал осы істі 1940 жылдан бастап қолға алған ол кісінің тоталитарлық жүйеден қандай зардап шеккені қазірде барша жұртшылыққа мәлім. «...Абайдың шығармаларын, ұлы ақынның қазақ әдебиеті тарихындағы орнын әңгіме еткенде, Абай тәлім-тәрбие беріп өсірген немесе оның тікелей әсері тиген шәкірттерін еске алмай болмайды» [3, 175] деп ескертуі – *біріншіден,* дәстүр сабақтастығы мен жалғастығына мән беруі деп білуіміз керек, себебі, тарихи-философиялық ұғымға жататын дәстүр, ең алдымен, жаңашылдық ретінде дүниеге келеді, ал ол дәстүрге айналуы үшін сабақтастық керек, әйтпесе әлгі жаңалық дәстүрге айнала алмай қалады; *екіншіден*, Абай ұлылығын дәйектеу үшін М. ғұмыр кешкен рухани шүйгіндікті насихаттауға тырысты дегеніміз абзал. Жалпы, Абай, оның өмірі, шығармашылық жолы, ұлылық феномені жайлы, сондай-ақ ұлы ақынды әлемдік деңгейдегі ойшыл өнер иесі деңгейіне көтерген «Абай жолы» тарихи роман-дәуірнамасы жайлы 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейінгі уақыттан бастап, осы кезеңге дейін жазылған қыруар еңбектерді шолғанда, ұлы тұлға туралы әр кезеңнің, әр буынның өзінше топшылап, өз таным деңгейіне орай құнды пікірлер айтқанын бірден байқауға болады. Және бұл ертелі-кеш жарық көрген ірілі-ұсақты еңбектер әдебиет теориясы тұрғысынан алғанда естелік, өмірбаян, монография, зерттеу, сондай-ақ ұлы ақынның шыққан ортасы, сол кезеңдегі қоғамдық-әлеуметтік, тарихи, саяси жағдаяттарға арналған дүниелер екенін бірден байқаймыз және бәрі де, тұтастай алғанда, Абайтану атты аса қуатты, рухани шүйгіні мол ілімнің туу, даму, қалыптасу кезеңдерін қамтығанына ден қоямыз. Жалпы, қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде Абай өлеңдері мерзімді баспасөз бетінде жарияланған болатын. Ал 1909 жылы ыждахатымен Санкт-Петербургте жарық көрген Абай шығармаларының жинағындағы жазған ақын өмірбаяны Әлихан еңбегімен қатар алғашқы ғұмырбаян еңбегіне жатады [6]. Ал басқа еңбектерін айтпағанның өзінде, Абай шығармашылығын өз еңбегіне «алтын діңгек» деп есептеген [7; 8], [9], « Абай және архив» еңбегінің [10], [11], [12], [13], [14; 15] т.б авторлардың қаламынан туған дүниелерді айтсақ та (бұл жерде тізім толық емес), көп нәрсеге көзіміз жетеді. Абай төңірегіндегі талантты ізбасарлардың бірі – 1875 жылы туып, 1934 жылы дүниеден озған. Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған тұңғыш бала. Мұхамедханұлы дайындаған «Абайдың ақын шәкірттері» атты кітапта ғалым Тұрағұлдың нақты туған жылын 1875 жыл деп дәлелдеген [4, 171]. Тұрағұл қуғын-сүргінді көп көрген. билігі және оның бірден-бір заңды мұрагеріне айналған кейінгі кеңестік билік Абайдың биік зияткерлік деңгейі, ақыл-ой, санасы, асқан беделі мен тәуелсіздік аңсаған идеясынан қорқып, ұлы ақынды да, оның ұрпақтары мен шәкірттерін де қаншалықты дәрежеде қуғын-сүргінге ұшыратқаны тарихи шындық. Ал терең үңілген адам өз ғұмырында Абай шәкірттері сияқты, ұлы ақын туралы алғаш үлкен еңбек сіңіргенін, 1909 жылы баспасынан ұлы ақын шығармаларының жарық көруіне бастамашы болғанын, ал, 1905 жылы «Семипалатинский листок» атты газетте ақын өмірбаянын жариялағанын аңғарар еді. Осы санаттағы еңбектер қатарына - Тұрағұлдың « туралы» атты естелік еңбегі жатады. Бұл еңбек «Әкем туралы» деген атпен еліміз тәуелсіздік алған жылдары жарияланды [5]. Тұрағұлдың « туралы» естелігі тілегі бойынша жазылып, ұлы жазушыға табыс етілген. Бұл жазбаны қазақ әдебиетіндегі естелік жанрының тұңғыш қарлығашы деуге толық негіз бар. «Менің әкемнің биографиясында, керекті сөздерді жинамақшы болған азаматқа, менің әкемнің жалпы әдепті мінезін, салтын көрсетуге замандасының бір жолыққандағы қалпын, түрін, киген киімін, отырған-тұрғанын, сөйлеген сөзін, қуанған не ашуланғанын жазбағын қажет екен. Менің әкемнің замандастарында қаламға үйір, көргенін-білгенін қағазға түсіре білері аз болған соң, амалсыз өзім жазбақты мойныма алдым. Әйтпесе, әкесінің әдеп-ғұрпын баласы жазбағы менің білуімше солақай секілді» [4, 202]. Осы жолдардан бірнеше жайтты аңғаруға болады, атап айтсақ: а) автордың өз еңбегін жазардағы асқан жауапкершілікті сезінуі; ә) ұлылықты өз мәнінде жеткізе алмаймын ба деп жүрексінуі. «...Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарханы аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді. Маған десе малай, малшы, қызметкер қатыннан да болса, бір тәуір мінезін, қылығын тауып жақсы көріп, ойнап, қалжыңдап отырар еді. Еш уақытта: іші сүймеген, сенбеген адаммен мәжілістес болып, ұзақ отыра алмаушы еді. Ондай адамдармен бас қоспақ уақыт еріксіз кез келсе, ол уақыттың өзі абақтыдан кем көрінбеуші еді. Сыпайылық, сыйлық, әдейі реттеніп, аяғын басқанын аңдып, аузынан шыққан сөзін санап отыратын адамға еш уақытта риза емес еді. Жарқын сөзбен, ашық көңілмен қалтқысыз келетін адамды аңсап сағынып, ондай адам келгенде, баласы иә туған бауыры келген кісідей қуанып қалушы еді» [4, 202-203]. Бұл үзіндіде Абайдың мінезі, портреті, ниет-пиғылы қысқа да нұсқа түрде берілген. Егер кез келген ақын шығармасындағы лирикалық қаһарман-ақынның, яғни автордың өзі десек, жоғарыдағы жолдардан және мына төмендегі «Біздің қазақтың уақытқа байлығының бір әдеті – бір жерге жұмысқа барса, барған жұмысын барған жерден айтпай, не қонып, не түстеніп, енді аттанарында ғана айтады. Менің әкем елдің бұл әдетіне қарсы еді. Алыс жерден келген сый адам болмаса, ел арасының адамынан келген жерден жұмысын сұрап, бітіріп, енді отыра бер деп өзі алаңсыз ойынына, иә кітабына кірісіп кетуші еді. Егер келген кісі, сұраған жерден жұмысын айтпай, елдің әдетіне салып тынығып қалса, оған ыза болып, енді ол айтарлық кезегім келді деп жұмысын айтпақшы болғанда, бағана сұрағанымда неге айтпадың деп ұрысып, кейде сөзін тыңдамай да қояды. Сұраған кезде жұмысын айтқан кісіге ырза болып қалады. Біздің елдің адамы бұл мінезіне үйренгендігінен нағып жүрсің деп сұраған жерден келген жұмысын айтатын болды» [4, 203-204] деген үзіндіден Абайдың қара сөздеріндегі толғамдарды бірден аңғаруға болады, яғни Абайдың адами мінезі оның таным көкжиегімен, көзқарасымен тығыз бірлікте екендігін бажайлайсың. «Осы қатарда мінез жайын айта келіп өтірік, батырсынған бояма мінезді сынау, адамдықты үгіттеу (Он төртінші сөзінде) көрінеді» [16, 329], - деп, - «Халық басындағы, қоғам ішіндегі ауыртпалық күйдің бәрін теріп көрсететін осыған тән сөздердің бір алуаны (Қырық екінші сөз) жұмыссыздыққа арналады. Енбексіз жатып ішу, қолы ұдайы бос болу жеке адамның басындағы және бар қауымдағы кеселдің үлкен себепшісі деген аса сыншыл, дұрыс ойлар айтылады» [16, 329]. Бұлар елімізде тәуелсіздік жылдары алғаш рет жарық көрген «Абай» энциклопедиясынан алынды. Егер тоталитарлық тәртіптің бұғауын көрмеген өркениетті ел болса, Абай сияқты әлемдік деңгейдегі ұлы тұлға туралы бұндай энциклопедияны баяғыда-ақ шығарған болар еді. Қандай адам болса да, ол, бәрінен бұрын, пенде. Демек, пендеге тән қасиеттер: жетістік те, кемістік те әр адамда болатыны хақ. Естелік жазған адам белгілі бір дәрежеде субъективизмнің ырқында болатыны анық. Сірә, оқырман тарапынан осындай күдік туатынын сезінгендей, автор төмендегідей ескертпелерін ұтымды келтірген. «Мен жоғарыда жазғанымда айтқаным: әкесінің мінезін баласы жазбақ қолайсыз деп, сондағы менің ойыма келгені баласының көңіліне әкесінің жақсы қылықтары ғана түсіп, жаман мінезі түспейтін сықылды. Мен қандайлық әділ көзбен қарап жазамын десем де: жасында қарулы еді, жанын күткіш, ертерек шау тартып еріншегірек тартты демесем, басқа мін таба алмадым, мұным әкемді мақтаймын дегенім емес, бар білгенім-сезгенім осы-ақ» [4, 210]. естелігіндегі ең бір назар аударарлық және сәтті шыққан жайттар, негізінен әкесінің ақындық болмысына, шығармашылық ғұмырбаянының жекелеген қырларына шама-шарқының келгенінше барынша үңілуге тырысқанынан байқалады. Егер өз бойында да қаламгерлік қасиеттер бар екенін ескерсек, Тұрағұлдың жоғарыдағы ойларынан кейін көпшілікке кеңінен танымал Долгополовқа қатысты пікірлерін келтіруі әкесін айрықша асқақтатумен қатар, Долгополовты мейлінше төмендету деген пиғылдан тумағандығын бірден айтуымыз керек. « менің әкеме айтқан сынын жазайын. бірінші ме, иә екінші ме, государственный қаласынан депутат болып сайланған адам. Докторлыққа экзамен беріп жатқан жерінде саяси айыбы анықталып, Семейге айдалып кеткен жерінде, менің әкеммен таныс болып – бір жаз 85 жылы жаздай біздің ауылда болған. Бір күні менің әкем сөйлесіп отырып, менің балаларымды сынашы депті. айтқаны: сенің балаларыңның адамға қарасы түзу, зерек, жақсы балалар. Бірақ сенің мына сән-салтанатыңды, дәулет-дәуреніңді көре отырып, жақсы бала болмайды (әкемнің жазды өлең қылғандағы ауылы, осы Долгополовтың ауылды жайлағандағы өзінің ауылы еді), ғылымға ет ауыртып қылмаса – қолға түспейді. Сенің балаларың оншалық етін ауыртып еңбек қып неғылсын, еңбексіз-ақ өзі хан, өзі би, сенің ауылыңның төбесі көрінбестей алысқа кетсе, сонда адам болады депті. Содан соң өзімді сынашы депті, сондағы Долгополовтың айтқан сыны: Сенің басың алтын адамсың, бірақ, үйренген әдет-салтың ұнамсыз, таңертең төсектен тұрасың, киімдеріңді біреу әкеліп береді, арқаңа шапаныңды жабады, есікті ашып тысқа шығарады, қайтып келген соң тағы да есікті ашып үйге енгізіп, алдыңа шылапшынды әкеліп, құман мен суды қолыңа құяды. Ас келсе шайыңды құйып береді. Етіңді жапырақтап береді, ұйықтамақ болсаң, төсегіңді салып, өзіңді біреу шешіндіріп, жатқызып, шақшаңды бір жағыңа, мұрын орамалыңды бір жағыңа тығып, үстіңе көрпеңді жауып салады. Өзің – өзің үшін не қыласың? Әр нешік ұйықтап көресің депті. аз ғана сөзі, менің әкемнің бірқатар әдетін, салтын көрсетер деп жаздым, бірақ бұл әкеме сырт берілген сын, оның оқу, жазу, ой қызметі – бәрінен де қиын ғой, Долгополов осы жағына көңіл бөлмеген сияқты» [4, 211]. Бұндай пікір өнерді киесі бар деп есептейтін, шығармашылықты азабы мол деп түсінетін адамға ғана тән деп білуіміз қажет. Жалпы, аталмыш еңбектің құндылығы, естелік авторының ұлы Абай өлеңдерінің қандай жағдайда дүниеге келгеніне, қандай себептермен туғанына өз түсінігі бойынша талдау жасағанынан байқалады дер едік. Автор әкесіне, қазақтың ұлы тұлғасына деген перзенттік махаббатын ағыл-тегіл сезіммен бергеннен гөрі, «мен ондай адамнын барша адами, ақындық, азаматтық, ойшылдық болмысын бере алмаймын» дегенді көкірегінде мықтап түйгені бірден аңғарылады. Сондықтан да болса керек, сабырлы да салмақты ойларын барынша қарапайым тілмен беруге тырысқан. Тұрағұл естелігінен осы уақытқа дейін өз шешімін таппаған бір мәселенің шындығына тап боламыз. мен Сара айтысы расымен-ақ болған ба, болмаған ба деген сауалға жауапты автор естелігінен табамыз. «Көкбай молланың: « айдаһармен алысыпты» деген өлеңі болған. Әріп деген сыбан, өлең жазғыш жігіт Зияда деген өлең жазған қызды мақтамақшы болып суреттегенде көзі гауһар, сүйегі асыл деп осы сықылды асыл тастарды түсіне қарамай сұлудың бетіне жапсыра берген. Сол үшеуіне ой салып, ақыл көрсетпекші болып жазған еді. Ол өлеңге Әріп кектеніп, Біржан мен Сара деген қыз айтысыпты деп, өлең жазып, біздің ақсақалды жамандайды, емес, Керей екенін білмейді» [4, 218]. Естелік авторы әкесі Абайдың «Не іздейсің көңілім, не іздейсің», «Жүрегім, ойбай, соқпа енді», «Ал, сенейін, сенейін», «Жүрегім, нені сезесің», «Сағат», «Алла деген сөз жеңіл, аллаға ауыз жол емес», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» т.б өлеңдерінің, «Ескендір» поэмасының қандай уақытта, қандай жағдайда туғанына дейін баяндауға тырысқан. Сол арқылы • Абай заманының тыныс-тіршілігінен мейлінше шынайы хабардар еткен; • сол тұстағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси, тарихи жағдаяттардың қыр-сырына үңіле отырып, адам-уақыт-сана ұштағанына тиісті дәрежеде талдау жасаған; • әдебиеттегі естелік жанрына зерттеу, талдау, салыстыру элементтерін молынан енгізіп, кешенді дүниенің жарыққа шығуының тарихи, қоғамдық қажеттілігін дәлелдей алған.
|
TEXT
|
kaz
|
25,448
|
Сонымен қатар инклюзивті білім берудің даму және қалыптасу тарихына тоқтала отырып, әр кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасалған. Жинақталған мәліметтер мен деректерді сұрыптау барысында статистикалық, анализ және синтез т.б әдістер қолданылған. Интеграцияның хронологиялық даму тенденциясына тоқталу арқылы бұл реформаның шет елде және біздің елімізде әртүрлі қарама-қайшылықтармен іске асырылғандығына, нopмaтивтік құжaттapмен дәлелденгендігіне, еліміздің жаңа бағытында пайда болған ықпалдастырудың мета жүйесі екендігіне талдау жасалған.
|
TEXT
|
kaz
|
25,449
|
Біздің еліміздің білім беру жүйесінде де бұл мәселе тұңғыш рет мемлекеттік деңгейде көтеріліп, ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту жан-жақты қарастырылған. Республикамыздың көптеген мектептерінде 2004 жылдан бастап зерттеулер жүргізілген болатын. Біздің елімізде тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда басқа мемлекеттердегідей, психологиялық күйзелістің әсерінен, жүйке ауруларының көбеюінен, әp түpлі әлеуметтік, экологиялық, экономикалық факторлардың ықпалынан пайда болған ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың саны жылдан жылға өсуде. Бүгінгі стaтиcтикaлық мәліметтердің нәтижесіне сүйене отырып, талдау жасайтын болсақ, психологиялық, физиологиялық, коррекциялық, ауытқушылықтары бар балалардың саны 175 мыңға жетеді. Бұл мәселені қaзіpгі әлеуметтік социумдағы жағдаймен салыстыратын болсақ, осы категориядағы балалар үлкен дағдарысты бастарынан өткізуде, себебі олардың құндылық бағдары мен қоғамның арасындағы қарама-қайшылық анық көрінеді. Сондықтан да бұл проблема бүгінгі таңда өзекті болып табылады. Инклюзивті білім берудің тарихи-педагогикалық негіздерін айқындау үшін pетpocпективтік-тapихи тaлдaудың қaжеттілігі туындaйды. Осы талдау нәтижесінде мынандай міндеттер шешімін тапты: инклюзивті білім берудің даму тенциясы айқындалып, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қолдау мәселесінің бағыттары мен әлемдік үлгілері ажыратылды. Осы міндеттерді шешу барысында инклюзивті білім берудің тарихипедагогикалық аспектісі негізге алынды. Aдaмзaттың көпжылдық дaму тapихынa бaғдapлaйтын бoлcaқ, қoғaмның өзгеpуіне opaй ерекше қамқорлықты қажет ететін бaлaлapғa деген көзқapac әpтүpлі бoлды. Бac тapту, жaқтыpмaудaн жaнaшыpлық пен шыдaмдылыққa дейін өзгеpіп oтыpғaн. Еpте зaмaндa денcaулық мүмкіндігі шектеулі aдaмдapғa қaтыcты көзқapacтapды ғaлым өзінің ғылыми еңбегінде біpнеше кезеңдеpге бөліп жүйелеген. Oлap:
|
TEXT
|
kaz
|
25,450
|
Филocoф Cенекaның тұжыpымдaмacындa: «Өміpге әлcіз және cиқымcыз келген бaлaлapды cуғa бaтыpaмыз, ұcқынcыздapды өлтіpеміз. Біз мұны aшу мен ызaдaн жacaмaймыз, caу нәpcеден жapaмcызды бөлектетуді жөн caнaйтын caнaның еpежелеpін бacшылыққa aлaмыз» - деген болатын [1]. Екінші кезең – ерекше қамқорлықты қажет ететін aдaмдapғa қaтыcты қapым-қaтынacтap эвoлюцияcы бacтaмacының көpcеткіші ретінде, қoғaм мұндaй aдaмдapды жoюдaн бac тapтa бacтaды, aлaйдa oлapғa қaтыcты жaқтыpмaйтын кейіпті caқтaды. Aтaлғaн екі кезеңде пaтшaлap және биліктің өзге де өкілдеpі ерекше қамқорлықты қажет ететін aдaмдapғa көңіл бөлді, қоғамдағы жағымсыз жағдайлар тұлғaғa қaтыcты қызығушылықпен емеc, мыcқыл мен aгpеccия кейпінде бoлды. Үшінші кезең – қoғaмдa діни бaғыттың пaйдa бoлуымен бaйлaныcты. Бұл кезеңде қoғaмнaн aлacтaтылғaн ерекше қамқорлықты қажет ететін aдaмдapғa мейіpімді қapaудың oзық үлгіcін біpінші бoлып шіpкеу қызметкеpлеpі көpcетті. Тaғдыpдың қaтaң cынaғынa түcкен жaндap үшін шіpкеулеpдің жaндapынaн бacпaнaлap aшылып, емхaнaлық көмек ұcыныла бacтaды. Төpтінші кезең – ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға *медицинaлық қызығушылықтың пайда болуымен байланысты.* Қоғамның ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға қарым-қатынасы көптеген факторларға: елдің даму құрылысына құрылысына, осы балаларға қатысты мемлекеттің саясатына, әлеуметтік қолдау бағытындағы заңнамалардың мазмұнына, ғылымның жағдайына, сондай-ақ нақты қоғамның мәденижәне діни ерекшеліктеріне тәуелді болады. Философиялық діни түсініктер мен идеяларды жүйелей отырып, адамның бойындағы ауытқушылықты күнәға бату, тәртіпке бағынбауға берілген жаза деп қарастырған. Діннің тұжырымдауы бойынша, ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдарға бастарына сайтан қонған деп санаса, қарапайым халық олардың бұл көзқарасына келіспей, бұндай адамдарға аяушылық танытып, көмектесуге тырысқан. Ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдарға жақсылық жасау, көмектесу гумандық іс-әрекет болып табылған, бұл адамгершіліктің кредосы ретінде сақталған. Қоғамның әр формациясының өзгеруіне байланысты ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдарға деген ізгі көзқарас дамып отырған. Қоғам мүшелерінің діни мәдениетсіздікпен күресуінің нәтижесінде қайта өркендеу дәуірінде ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдарға қатысты көзқарас өзгере бастайды. Адамға деген сүйіспеншілік сарындар пайда болады. Бұл жылдары діни сананың орнына адамды емдеу, денсаулығын нығайту сияқты медициналық бағыт қалыптаса бастайды. Осы бағытта жазылған әдістемелік құралға сүйене отырып, талдайтын болсақ, бұл қоғамдық формацияда дәрігерлердің рөлі өзгереді [2]. Осы кезеңде жарық көрген ғалымдардың ғылыми трактаттарында ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды қоғамдық жағдайға бейімдеудің алғашқы қадамдары жасала бастайды. Тарихқа назар аударатын болсақ, ежелгі Спартада ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардықоғамнан аластатып қана қоймай, одарды өмірден айыру үшін әртүрлі әрекеттер жасаған. өзінің еңбектерінде адам өмірінің азабы туралы айта келе, адам өмірінің мақсаты – азаптан құтылуға ұмтылу деген болатын. Ежелгі грек философы Платонның тұжырымдамасы бойынша, ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды әлеуметтендіру күрделі мәселе, қоғам тарапынан көптеген қарама-қайшылыққа толы процесс. Аристотель өз еңбектерінде ауытқушылықтардың пайда болу себебін түсіндіре келе, оны емдеу жолдарын ұсынады. Оның «алтын орта» деген еңбегінде денсаулықты сақтаудың негізгі талаптары айтылады. Адамдардың тұратын жері, неке қию уақыты, бала туудың тиімді жасы, балаларды тамақтандыру мен дамытуға байланысты ұсыныстар берді [2]. Дидро, Жан- қарапайым шаруаларға, мүгедектер мен ауру адамдарға әлеуметтік қолдау қажет екендігін баса айтқан болатын. Гуманист ағартушылардың идеяларында ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар мемлекеттің қамқорлығына зәру екендігі, әлеуметтік қолдау көрсету қажеттілігі назардан тыс қалмайды. Ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларғажаңа позитивті көзқарасты қалыптастырған француз дәрігерлері мен болатын. Осындай категориядағы балаларға жасаған тәжірибелерінің нәтижесінде педагогиканың бір саласы емдік педагогика пайда болды. Ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға деген әлеуметтік қатынас қоғамда біртіндеп өзгере бастады. Әлеуметтік қолдаумен қатар медициналық көмек дами түсті. Осы кезеңде Швецияда ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды қорғауға қатысты үлкен қозғалыс басталды. Денсаулықты қорғаумен айналысқан Дат қызметкері -Миккельсон және Нирье «нормалау» түсінігін ендірген болатын. Нормалау қағидасының тұжырымдамасында ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардыңоқуға, жұмыс істеуге, сондай-ақ өмірдің қалыптыға жақын жағдайына толық құқығы бар екендігі туралы баса айтылды. Ондағы ережелер осыған негіз болды[3]. Нормалау тұжырымдамасы медициналық үлгінің негізінде жасалған алғышарт болып саналды. Нормалау тұжырымдамасының негізгі ережелеріне келетін болсақ:
|
TEXT
|
kaz
|
25,451
|
Нормалау тұжырымдамасы бойынша бала міндетті түрде қоғамдық ережелерге сәйкес мәдениет нормасының ережелеріне сәйкес, оқуы және тәрбиеленуі қажет. Ұлыбританияда осындай категориядағы тұлғалардың одағы (UPIAS) құрылған болатын, ол ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды сегрегациялауға қарсы тұруға бағытталған. Осы одақтың мүшелері ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың құқығы туралы жаңа ойлар қалыптастырып, қоғамның санасын өзгертуге тырысты. Қоғамдағы қарамақайшылықтарды айтуға тырысты. Ерекше қамқорлықты қажет ететінадамдарға қолайлы өмір сүруіне мүмкіндік бермейтіндігін баса айтты. Осы тұжырымдама ары қарай әлеуметтік сұранысты қанағаттандыра отырып, өз дамуын жалғастырды. Американдық ғалым осыған ұқсас «Каскад» тұжырымдамасын ұсынады. Бұл тұжырымдамада ерекше қамқорлықты қажет ететінбаланы жалпы іс-шараға қатыстыра отырып, тәрбиелеу процесі ұсынылды (mainstream). Ол балаларға өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретіндігі туралы баса айтылды. АҚШ-да ерекше қамқорлықты қажет ететінбалаларды оқыту туралы заңқабылданған болатын. Бұл заңның негізінде интеграциялау үлгісін енгізу қажет екендігі көпшілікпен бірге талқыланды. Бұл заң мелекеттік мектептерде ерекше қамқорлықты қажет ететінбалалардың федералдық бюджет есебінен ақысыз білім алу құқығын қамтамасыз етті. Ерекше қамқорлықты қажет ететінбалаларды қалыпты балалармен кіpіктіpіп оқыту процесі Джoмтьене (Тaилaндтa) басталған болатын. Осы мәселеге байланысты дүниежүзінің мемлекет басшылары қатысқан Бүкіләлемдік кoнфеpенция өткізілді. Кoнфеpенциядa көтерілген негізгі міндеттердің бірі aдaмдapдың физиологиялық ерекшеліктеріне, психологиялық мүмкіндіктеріне, этникалық дамуынаназар аудармайықпалдастырудың жаңа технологиялары менәдістерін,әлемдік тәжіpибеге енгізудің тиімді жолдарын ұсыну болды. Интеграциялаудың компоненттерін терең зерттеген ғалымдардың бірі Яpcкaя-Cмиpнoвaның еңбектеpіне талдау жасайтын болсақ, жаңа реформаны қабылдап, оны жүзеге асыруға статистикалық мәлімет бойынша, ата-ананың 70% қарсы болды немесе мүлде түсінбеді. Себебі ата-аналар өздерінің бойларында қалыптасқан әлеуметтік барьермен, отбасылық стеоретиптермен күресе алмайды, сондықтан да олардың көзқарастарында ескі сарын байқалады. Интеграциялау реформасының жалғасуына басшылығымен шығарылған Caлaмaнкa деклapaциясы мен сол кезеңде үлкен мәртебеге ие болған хaлықapaлық құжaттapдың жарық көруі бұл мәселенің әрі қарай жандануына серпін бoлды. Осы конференциядан кейін бұл идея үкімет тapaпынaн қaбылдaнғaн нopмaтивтік құжaттapғa cәйкеc жaндaнa түcті. Саламанка декларациясына сәйкес,интеграциялаудың сегіз қағидасы бекітілді. Соған орай:
|
TEXT
|
kaz
|
25,452
|
Тарихи кезеңдерді түйіндейтін болсақ, әрбір кезеңнің өзінің белгілі бір үлгісібар. Мысалы: «Сырқат адам» үлгісін талдайтын болсақ, бұл үлгідеерекше қамқорлықты қажет ететінадамдар сырқат адам ретінде бейнеленеді. Бұл бағытта дәрігерлердің орны ерекше. Үкімет ерекше қамқорлықты қажет ететінбаланы сырқат адам деп кабылдағандықтан, оларға тек медициналық көмек беріледі де, оқытупроцесі санадан тысқары қалып отырады. Қоғам дами келе, бұл модель адамның мүмкіндіктерін шектейтін ауытқушылықтың пайда болу себептерін анықтауға және оны емдеуге мүмкіндік береді. Сөйтіп біртіндеп ғылыми зерттеу бағыты жандана түседі. Келесі модельдің бір түрі «Қоғамга қауіп төңдіретін» ерекше қамқорлықты қажет ететінадамдардың кейбір түрлеріне байланысты пайда болған. Қоғам өзін «қауіп-қатерден» сақтау үшін әлеуметтік ортадан алшақ орналаскан, катаң тәртіпке негізделген жабық мекемелер мен интернаттар аша бастайды. Бұндай қатаң жағдайда тұтас педагогикалық процесс жеткіліксіз деңгейде болады. Келесі модельдің түрі «Аяушылық білдіру» адамның жеке дамуына мүмкіндік бермейді. Модельдің ішкі мазмұныерекше қамқорлықты қажет ететінадамдардың іштей дамымай, психологиялық өлшем бойынша адам санасының бала жасында қалып қоюы. Өмір бойы балалық жаста калатын адамдарға тән құбылыс. Келесі «Дамыту» моделі ерекше қамқорлықты қажет ететінбалалардың дамуы мен қалыптасуы.Бұл модель бойынша қоғам ерекше қамқорлықты қажет ететінбалалардың толыққанды әлеуметтенуіне жауапты; қоғам мұндай балаларға әлеуметтенумен қамтамасыз етуге жауапты. Бұл модельдің бағытына сәйкес ерекше қамқорлықты қажет ететінбалалар қалыпты жағдайдағы балалар сияқты барлық кұқықтарға ие, атап айтсақ, өзінің тұрғылықты жерінде өмір сүруге, оқуға, өз еркімен достарды таңдауға. Ерекше қамқорлықты қажет ететін адамдарды сауықтыру мақсатында әртүрлі мециналық клиникалар ашылды. Ауытқушылықтың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, оның себебін анықтап, емдеу жолдарын ұсынған ғалымдардың бірі , , , . Психологиялық- педагогикалық тұрғыда зерттеулер жүргізген , , , А. Крепелин алғаш рет ғылыми зерттеу бағытына «олигофрения» деген ұғымды енгізген болатын. Осындай күрделі бағытта жаңалық ашу мәселесі дами түсті. Шетелде ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың қабілеттерін дамытуға арналған әртүрлі бағыттағы нормативті құжаттар пайда болды. Ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың атааналарына кеңес беру барысында бірқатар басылымдар жарық көрді. Олар отбасылық, әлеуметтік көмектерді ұйымдастыру мәселесін насихаттап, жеткізіп отырды. Ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған мемлекеттік, муниципалдық мектептер ашылып, мемлекет тарапынан бюджеттік қаржыландыруға ие болды. ЖОО мамандарды дайындау мақсатында министрлігінің ұжымы 1996 жылдан бастап оқу жоспарларына «Арнайы педагогика» және «Ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларпсихологиясының ерекшеліктері» атты оқу пәндерін енгізу туралы шешім қабылдады. 2001жылдан бастап, ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардыықпалдастырып оқыту мәселесі алға қойылып, оларды бірлесіп оқыту туралы Концепциясы қабылданған болатын. БҰҰ басшылығымен 2006 жылы ерекше қамқорлықты қажет ететін балалардың құқықтары туралы Конвенция қабылданған болатын. Бұған инклюзивті оқытуға бағытталған бірнеше талаптар енгізілді. Бұл құжаттарда мынандай қағидалар ескерілді. өзінің арнайы педагогика еңбегінде ерекше қамқорлықты қажет ететінбалаларға қойылатын бірнеше талаптардың жүйесін жасады: - оқуға деген сұраныстарын қанағаттандыру (widening participation); - мэйнстриминг (mainstreaming)– мүгедек оқушылардың құрдастарымен түрлі мейрамдар, сауық бағдарламалары кезінде араласуы; - ықпалдастық (integration) – ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды бейімделмеген, жалпы өзгермейтін жаңа реформаға сай келтіру; - инклюзия, яғни кірістіру (inclusion)барлық балалардың талаптары мен қажеттіліктеріне байланысты тұтас педагогикалық процесті қайта құру [5]. Дамыған елдердің тәжірибесіне назар аударсақ, интеграция ұғымы кірістіру ұғымымен, ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар ұғымы білім алуда айрықша қажеттіліктері бар оқушылар ұғымымен алмастырылғандығына көз жеткіземіз. Интеграциялау бағыты оқыту мазмұнының жаңару, әртүрлі коммуникативті құралдарды, жаңа иннавациялық технологияларды қолдану сияқты мәселелерді қанағаттандыруға бағытталған. 2008 жылдан бастап эксперимент ретінде жаңа реформа бірқатар оқу орындарының оқыту мазмұнына ене бастады. Оқу стандарттары мен бағдарламалары осыған сәйкес жасалып, оқу орындарына таратылды. Мәскеу тәжірибесіне сүйенетін болсақ, инклюзивті оқыту бағдарламасы бойынша 47 мектеп іске қосылған. Қорыта айтқанда заңнамалық негіз бойынша әлеуметтік қолдау тарапынан мемлекетте бірқатар кемшіліктер бар. Бүгінге дейін ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды ерте кезден анықтау жүйесі орынға қойылмаған, оларды ерте кезден түзету мекемелері жұмыс жасамайды. Бүгінгі күні қажеттіліктері айрықша балалардың тең жартысы арнайы сыныптарда білім алады. Ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар көмек алу үшін арнайы тіркеуде болуы қажет. Тіркеуге ата-ана ғана рұқсат ете алады және ол бір жылға ғана жүргізіледі, мерзімі өткен соң сол мекеменің басшысымен келісе отырып, арнайы көмекті ұзартуға немесе тоқтатуға болады. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, мемлекеттік арнайы мектептердің санын қысқартқан сайын осындай бағытта оқытатын мектептердің саны көбеюде.
|
TEXT
|
kaz
|
25,453
|
Зерттеу жұмысы жүргізілген ортағасырлық Қастек қаласы – Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қастек ауылынан 2,5 км солтүстікке қарай Жетіжол тау жотасының етегіндегі тауының төменді бөлігінде орналасқан. Географиялық координаты: . 43.082784; . 75.9855098 [1, 119 б.]. Алматы қаласына ең жақын орналасқан ортағасырлық (Алматы қаласынан 90 км қашықтықта). Қаланың географиялық орналасуы бойынша шаруашылық жүргізуге әрі саяси байланыстар жасауға өте қолайлы болған. Шаруашылықтың дамығандығын . Қаланың жоғарғы жағында орналасқан Қастек асуы арқылы Шу алқабына жетуге болады [2]. Қаланың орталық бөлігі жер бетінен биік, төртбұрышты формада орналасқан. Қаланың жалпы аумағы – 5 га. С-О – 210 м, Ш-Б – 150 м. Қала аумағы биіктігі 4 м бекініспен қоршалған. Қаланы төрт жағынан 14 ірі мұнара қоршап жатыр: солтүстік және оңтүстік жағында – 6, шығыс бөлігінде – 3, ал батыс бөлігінде – 5 мұнараның орна сақталған [3, 48 б.]. Мұнараның барлығы дерлік бұзылған, олар жер бетінде көрініп жатыр. Қаланың қазба жұмыстары жүргізілетін бөлігі биік, жер бетінен біршама анық көрініп жатыр. Бекініс қабырғасымен қоршалған бөлігінің қалыңдығы 15 м, биіктігі 4 м болып анық байқалады. Қалаға кіреберіс жерінде бірбіріне қарама-қарсы бағытта жол бойында төселген тастардың бір бағытта және реттілікпен орналасуына қарай кіру қақпасы (тас төселген) орналасқан деп болжанды. Қақпаның ұзындығы – 10 метр (2-суретті қараңыз). Орталық бөліктің ортасынан солтүстіктен оңтүстік бағытында өткен көшенің ізі, соған орай солтүстік жəне оңтүстік қабырға жалдарының ортасынан сай болып жатқан қақпа орындары байқалады. Солтүстігіндегі сайдың ені 6 м болса, оңтүстігіндегі жалдың ортасындағы жазық келген ені 20 м сайдың орта тұсында кішігірім дөң жатыр [4, 21 б.]. Қаланың орталық бөлігінің үш жағын (солтүстік, оңтүстік және батыс) ор қоршап жатса, шығысы өзен жағындағы құлама беткейге жалғасады. Солтүстік және оңтүстік жағындағы ор жазық бар. Оның ені 5-20 м, тереңдігі 0,5- 1 м болса, батысындағы ордың ені 10-20 м, тереңдігі 1-2 м. Қаланың егіндікке айналмаған бөлігінде қиранды құрылыстың білінер-білінбес қабырғалары сақталған [5, 90 б.]. Ортағасырлық қаланың аумағы – 30 га құрайды. Оның 5 га жері цитадель мен шахристанға тиесілі, ал 25 га жер жеке
|
TEXT
|
kaz
|
25,454
|
меншікке өтіп кеткен. 2020 жылға дейін жүргізілген қазба жұмыстарының көлемі – 8000 шаршы метр. Бұл он жыл бойы жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі. Жалпы, ортағасырлық Қастек қаласы Қазақстан аумағында соңғы жылдары үздіксіз түрде қазба жұмыстары жалғасып келе жатқан археологиялық ескерткіш. 600 жылдық тарихы бар бұл қалада орта ғасырда пен Қарлұқ қағанаттарының және Қарахан мемлекетінің негізгі тұрғындары мекендеген. Бұл қазба барысында VII ғасырдың екінші жартысы – X ғасырдың бірінші жартысына жататын екі түркілік қабат пен X екінші жартысы және XIII ғасырдың бірінші жартысына тән қарахан кезеңіне жататын үш құрылыс қабаты анықталды [6, 192-193 б.]. Қала атауына байланысты да көптеген деректер кездеседі. Олардың ішінде Қастек асуына қатысты мәліметтер жорығы суреттелген ХV ғасырдағы жазба деректерде кездеседі. 1375 жылы Темір әскері Қара-Қасман (Қастек) асуы арқылы Іле өңірінен Атбашыға өткені тарихтан мәлім [7, 81 б.]. 1390 жылы әскері Ертіске қашқан Камар ад-Диннің соңына түсіп, , одан Көктөбе тауы және Арджаты (Ұзын асу) тауы арқылы Алмалыққа (Алмату), Іле мен Қаратал өзендері арқылы Ертіске барғандығын топономист ғалым өз еңбегінде атап өткен [8, 78 б.]. Осындай жазба деректер мен археологиялық зерттеулердің мәліметтері Іле бойынан Шу өңіріне Қастек асуы арқылы өтетін бағыттың үлкен маңызға айналып, ұзақ уақыт тұрғанын білдіреді. Ол кезде осы күнгі Қордай асуынан асқан тас жол болмаған [9, 239 б.]. Ал қаланың тарихи атауына қатысты деректерде Арджату тау өткелі сәйкес келуі мүмкін. «Урунг» атауын түркі тілдерінен аударғанда «ұзын» дегенді білдіретін «Узунмен» салыстыруға болады. Ал «Ардж» атауы зерттеушілердің пікірінше, түркі өнеріне сәйкес келеді және «тау асуы», «тау» деп аударылады [10, 53 б.]. Содан кейін ортағасырлық «Урунг-Ардж» топонимін «ұзақ тау асуы» деп түсіну керек, бұл жазбаша дереккөздердің мәліметтеріне сәйкес келеді. Осылайша, «Қастек» атауы «Урунг-Ардж» қаласымен теңестірілді. Жалпы бұл ортағасырлық . Болашақта . Жинақталып, ғылыми негіз алған деректер ғылыми айналымға енгізіледі. Жер жаннаты деп есептелетін өлкені тереңірек зерттеген ғылыми
|
TEXT
|
kaz
|
25,455
|
зерттеулері бойынша -Балқаш бассейндерін қамтиды, оның теңіз деңгейінен орташа биіктігі 300-400 м, біршама төмен жері – Шу сағасы. Іле өзенінің оңтүстігінен басталады. Шу өзенінің оң жағасы мен Іле өзенінің төменгі ағысын жиектеген құм аралығының батыс жағы, жекелеген бөліктері Құлжабасы, Хантау, Қозыбасы деген атауларға ие Шу-Іле тауы деп аталады. Оларда көлікке ыңғайлы көптеген асулар бар. Қордай асуы арқылы Іле мен Шу өңірлерін жалғастырып жатқан жол өтеді. Тағы бір жол Қастек асуы арқылы Іле өңірін Ыстық көл қазаншұңқыры және Шу өңірімен жалғастырады [11, 60 б.]. Қазіргі таңда ортағасырлық Қастек қаласында қазба жұмыстары тоқтаған. Сол себепті де қаладан табылған қыш бұйымдардың толық сипаттамасын жасап ұсыну мүмкін емес. Десе де, табылған және зерттелген қыш бұйымдар коллекциясының фрагменттер саны көп болмаса да, олардың пішіні мен сақталуы жағынан ерекшеліктері бойынша қызықты мәліметтер береді. Мақалада жарияланып отырған мәліметтер осы кезге дейін жарыққа шықпаған зерттеу нәтижелеріне негізделген.
|
TEXT
|
kaz
|
25,456
|
қаласының қыш бұйымдарының технологиялық-қызметтік белгілеріне байланысты жіктеуде және жинақталған керамикаларды сипаттауда отандық археологтардың еңбектерін негізге ала отырып жасап шықтық. Олардың қатарында , , , , т.б. зерттеушілердің еңбектеріндегі қыш бұйымдардың түрлері, сипаттамасы мен қолдану аясына қатысты толық мәліметтер бере аламыз. қаласының керамикасына қатысты зерттеулердің тарихы 2011 жылдан басталады. Кешенді түрде жүргізіле бастаған қазба жұмыстарының барысында табылған қыш бұйымдарға қатысты мәліметтер осы жылы жарық көре бастады. Міне, осы уақыттан бастап қазбадан табылған құнды керамикалық бұйымдар ғылыми мақала түрінде еңбектерінде қарастырылды. 2011 жылы пен «Средневековое городище Кастек-1» мақаласы жарық көрді. Мақалада қаланың орналасуы, алғашқы археологиялық қазба жұмыстырының барысы мен қыш бұйымдарға сипаттамалар беріледі. Сонымен қатар, қыш бұйымдарды төмендегідей топтарға: асүйлік, асханалық, шаруашылықтұрмыстық деп бөліп қарастырып, оның жасалу технологиясына байланысты саны жағынан көп кездесетін, жасалуында құрамына саз балшыққа айтарлықтай мөлшерде құм, майда қиыршық тас қосылып сапалы жасалатын асүйлік ыдыстар, саз балшыққа аз мөлшерде құм қосып немесе қоспай жасалған асханалық ыдыстар, шаруашылық және тұрмыстық ыдыстар деп жекелеген топтарға жатқызып қарастыру, олардың қолданыс аясына қарай да жасалынуы мен пішіндері туралы көп мәліметтер береді [12, 83 б.]. 2013 жылы «Находка культового сосуда на городище Кастек в 2013 году» [13, 153-157 б.] атты мақаласы жарық көрді. Мақалада, қазба жұмыстары барысында табылған діни салт-жоралғыларды орындауда қолданылатын ыдыстың атқаратын қызметіне қатысты мәліметтер беріледі және ұқсастығы бойынша Көк-Мардан (VIII-IX ғғ.) [14, 208 б.] және Күйік-Кескен қала [15, 35 б.] ортағасырлық қалалардан табылған қыш бұйымдармен салыстырылады. 2017 жылы «Культовый сосуд карлуков-несторианцев из городища Кастек» [16, 153-157 б.] атты мақаласы жарық көрді. Мақалада, . Мақалада, табылған қыш ыдыста бейнеленген крест пен жыланның бейнесінің Жетісудың отырықшы тұрғындарының арасында несториандық сенімнің болғандығы және оның өңірдегі халықтардың мәдени дамуына белгілі бір ықпалының болғаны сипатталады. 2018 жылы «К вопросу о семиотике пространства средневекового городища Кастек: функциональный анализ артефактов» [17, 192 б.] атты мақаласы жарық көрді. Мақалада, қазба жұмыстары барысында табылған артефактілерде Жетісудағы ортағасырлық түркілердің қалалық мәдениетіне тән кейбір салттық және күнделікті тәжірибелер қайта жаңғыртылды. Артефактілерді қызметі бойынша талдау түркілердің қалалық мәдениетінің тұрмыстық объектісі және қасиетті өнер туындысы ретінде бірдей болатындығын дәлелдейді. Зерттеу жұмысында қарастырылатын зооморфты керамикаларға қатысты мәліметтер «Керамика с зооморфными и антропоморфными признаками с городища Кастек-1» мақаласына негізделген. Ғалым аталған мақаласында 2011- 2019 жж. жүргізілген зерттеулер барысында толықтырылған VIII-IX ғғ. және X-XI ғғ. тән ғұрыптық қыш бұйымдарға сипаттама бере келе, антропоморфты белгілі бар ернеуіне құлақ бейнеленген қыш бұйымды; жылан бейнесі бар құмыраны; рәсімдік мақсатта қолданылған құмыраны ерекше атап көрсетеді [18, 7 б.]. 2021 жылы А. Терноваямен бірге жарық көрген «Находка керамического сосуда с росписью на городище Кастек-1 в 2019 г.» атты ғылыми мақаласында ортағасырлық Қастек қаласынан археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған сыртында суреттері бар ерекше ыдыс туралы жазылған. 2019 жылы табылған қыш ыдыс қазбаның солтүстік-батыс бөлігіндегі №32 тұрғынжайдан анықталды. Ерекше сипаттағы мұндай ыдыс суқұйғыш немесе мургоб деп аталды және сауда жолдарының осы өңірден бірнеше тармағының өтуіне байланысты Жетісу жерінде VIII-IХ ғғ. пайда болды. Мақалада, ыдыстың сыртындағы суреттердің (жазу) безендірілуінің семантикасы анықталады [19, 9 б.]. Сонымен қатар, Іле өңіріндегі ортағасырлық қалалардың типологиясына қатысты . [20] пен Шелек [21] қалаларының керамикасына қатысты мақалалары зерттеу мақаласының теориялық бөлімінде қолданылды. Сонымен қатар, Жақсылық, Алматы, Талғар және Қаялық қалаларының қыш бұйымдарына жүргізілген зерттеулер барысында алынған мәліметтерден олардың негізгі шикізаты жергілікті жерден дайындалған және типологиясы бойынша ұқсас. Бұл орта ғасырда әрбір қалада өзіндік қыш шеберханасының болғандығын білдіреді. Зерттеу мақаласында соңғы жылдары археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған артефактілерге талдау жасалынды және жаңа табылымдар ғылыми айналымға енгізіледі.
|
TEXT
|
kaz
|
25,457
|
жолының дамуымен VII ғасырдың соңында Жетісу мен территориясында қалалардың пайда болу процесі белсенді түрде жүрді. Керуен жолының бойында стратегиялық маңызды нүктелерде орналасқан бұл қалалар қолөнер мен сауда орталықтарына айналды. Сонымен қатар, қалалар аумағында кәсіпшілік, егіншілік пен мал шаруашылығының үйлесімді даму процесі де қатар жүрді. Археологиялық деректерде сипатталғандай, Жетісу өңірінде урбанизациялық процестердің басталған кезеңі VII-X ғғ. сәйкес келсе, ХІ ғ. – ХІІІ ғ. басында қалалық мәдениеттің гүлденген кезеңі болды [22, 7 б.]. VIII ғасырда солтүстік-шығыс Жетісуда қалалардың қалыптасуы процесі бояу жүрді, аталған аумақта қалалар мен қоныстардың сандық мөлшері аз болды. ғасырдың басында аумағындағы мемлекеттердің гүлденуі, саяси-экономикалық жағынан көрші аумақтарға ықпалы барысында мен Жетісу аумағы Қарахан мемлекеттінің аумағына енді. Осылайша, бұл кезеңде бірнеше қалалар мен қоныстар гүлденіп, қалалар орталықтарға айналды. Аталған мәліметтер зерттеуші монографиясында көрініс тауып, сонымен қатар еңбекте орта ғасыр дәуіріндегі қалалық мәдениетке сипаттама бере келе, өңірдегі қалалардың жолы бойындағы халықаралық сауда мен ақша айналымының орталығы болған Жетісу аумағында орналасқан ортағасырлық қалаларға археологиялық тұрғыдан жүргізілген зерттеулер нәтижелерін келтіре келе, олардың шектес және алыс мәдени орталықтармен байланысын сипаттайды [23, 79 б.]. Халықаралық сауда мен қолөнердің дамуы қалалардың қарқынды дамуына септігін тигізді. VI-VIII ғғ. жолының тармақтары Қазақстан аумағын Қытай, , , Орта және байланыстырды. Зерттелген аймақ ежелден егіншілік мәдениетімен байланысты болған [22, 7 б.]. Солтүстік-шығыс Жетісу қалаларының тұрпаттамалық мəселесін дəлелдеп көрсетті: қала (); ауылдық қоныс; қала-баспана; керуен сарай (рабад) [14, 58 б.]. Дамудың осындай бір жолы Қастек . Мұндағы жерден күзгі-қысқы жайылымның орнында қолмен суландыру жүйесі арқылы суарған 3-тен 5 гаға дейінгі алаң аумағын алып жатқан əуелде бекініссіз қоныс қалыптасқандығы байқалады [24, 59 б.]. VІІ-ІХ ғғ. аралығында солтүстік арқылы өткен керуен жолы тармағы қарқынды дамыды. «Синьташу» жазбалары бойынша Қытайдан шыққан бұл жол асуы арқылы Ыстықкөлге өткен. Осы жерден жол бірнеше тармаққа (үш тармаққа) бөлінген. Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауымен солтүстік-шығысқа беттеген бір тармағы Кеген асуы арқылы Іле өзенінің жағалауына өтіп, солтүстікке қарай кетеді. Екінші, негізгі тармақ Ыстыққөлден батысқа қарай Суяб қаласы арқылы Шу өзенін жағалай отырып Навакент, Баласағұн, Аспара, Меркі, Құлан, Таразға соғып, Сайрам мен Отырар бағытына кеткен. Көп көңіл бөлінбей жүрген үшінші бағыт Ыстықкөлдің батыс шетіндегі қазіргі Тоқмақ қаласының маңында болған Суябтан солтүстік-шығысқа бұрылып, 60 шақырым келетін тау арасындағы жолмен Қастек шатқалынан шығып, Жетісу қалаларына (Алматы, Талхир, Қойлық, Лаван т.б.) өткен. Шамасы бұл сауда жолы жергілікті маңызға ие болғандықтан болар көп ескеріле бермейді. Дегенмен, осы тармақтың Түрік қағанаты иеліктерінің ішкі сауда-экономикалық қатынасында аса маңызды рөл атқарғандығы анық. Соңғы жылдарғы археологиялық зерттеулер осы айтқанымызды растайтын материалдар беруде [25, 93 б.]. Ортағасырлық қалалардан табылған қыш бұйымдарды зерттеу, . Сол себепті қалалардан табылған керамикаларды зерттеу археология ғылымының маңызды саласы ретінде дамып келеді. қаласына жүргізілген зерттеулер барысында алынған мәліметтер үлкен қызығушылық тудырады. Кешенді түрде жүргізілген қазба жұмыстарының басталғанына он жылға жуық уақыт болса да қаланың әлеуметтікэкономикалық өмірінен хабардар беретін көптеген тұрғын үйлер, қолөнер орталығы, қорғаныс және суландыру жүйесіне қатысты көптеген мәліметтер алынды. Оның баламалануы бойынша жазбаша деректерге негізделген өзіндік тұшымды пікірлер ұсынылды. Ұлттық педагогика университеті студенттерін археологиялық тәжірибеден өткізу мақсатында басталған қазба жұмыстары ескерткіштің маңыздылығына қарай тұрақты зерттеу нысанына айналды. қаласының қазба жұмыстарына келетін болсақ, бұл қалаға бұрын кешенді түрде қазба жұмыстары жүргізілмеген. 2010 жылы ортағасырлық , аздаған қазба жұмыстарын жүргізеді. Бұл кезде Абай Қазақ ұлттық университеті, «тарих» мамандығының студенттері археологиялық тағылымдамадан өтуге байланысты қазба жүргізілді. Қазба жұмыстары кезінде VIII-IX ғғ. жататын үйлердің орны анықталды. Қазба көлемі 5×5 м [25, 93 б.]. Далалық зерттеу жұмыстары орталық бөліктің оңтүстік-батыс бұрышының ішкі жағы мен мұнарасының сыртында жүргізілді. Орталық бөліктің оңтүстік-батыс бұрышынан көлемі 8х6 м қазба белгіленіп, ол шым қабатынан тазартылғаннан соң, оның шығысындағы 8х2,7 м бөлігі ғана төмен қарай 1,1-1,3 м-ге тереңдетілді [26, 268 б.]. Қалаға жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарын «Жетісу археологиялық экспедициясы» ашып, зерттеген [23, 40-41 б.]. Ал 2013, 2015-2020 жылдары археология институтымен бірге үлкен көлемде қазба жұмыстары жүргізілген болатын. 2011 жылдан бастап %-ы керамика болса, қалған пайызды сүйектен, темірден, шыныдан жасалған бұйымдар құрайды. Қаладан табылған ең алғашқы табылымдар туралы ғылыми мақала 2011 жылы жарияланды [12, 80-87 б.]. Онда алғаш рет . Оның үстіне, ортағасырлық . Сондықтан да ондаған жылдар зерттелу тарихы бар ортағасырлық Қастек қаласы туралы жарияланған еңбектердегі керамикаға қатысты тұстарын саралап қарастырып отырмыз. Зерттеп отырған аумақтағы ортағасырлық қоғамның экономика негіздерін, әлемнің басқа бөліктеріндегі тәрізді, халықтың көпшілік бөлігі айналысқан . Халықтың басым көпшілігі қаладан тысқары жерлерде тұрғанына қарамастан, қалалар осы экономикалық құрылымға байланысты басты рөлде болды. Қалалардың осы ерекше рөлге ие болуы, олардың қолөнер мен сауданың орталығына айналуына байланысты еді. Қала халқының көпшілігі қолөнер өндірісімен және тауар айналымымен шұғылданды. Қала өмірі өндірушілердің экономикалық әр алуандығына негізделген. Археологиялық және жазба деректердегі мәліметтерге қарайтын болсақ: қолөнерлік істің құрылымын қайта жаңғырту қалалардағы қолөнер өндірісінің бір түрінен бастап ондаған түрімен айналысуға дейін өскенін көруге болады. «Қала құрылысы» тобына жататын қолөнер өндірісінің маңызды саласы, басқа қалалардағы тәрізді: қыш ыдыс өндірісі, темірді өңдеу, әйнек өндірісі, т.б. болды [27, 49 б.]. Қаладан шыққан бай материалдық мәдениеттің жетістіктері ортағасырлық қаланың жолының бойында орналасып, қалалық мәдениеттің дамыған орталығы болған. Мұнда қалалар мен дала, егіншілік пен мал шаруашылығы бірыңғай саяси, шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік-мәдени кешенде дамыды [28]. Іле мен Шу өңірлеріндегі қалалық мәдениеттің қалыптасу үдерісі мен жағдайы мен ортағасырлық тарихы ортақ болғанымен, урбанизациялық сипаты жағынан осы ауқымды аймақтың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарынан ерекшеленеді. VIIІ ғасырда Іле өңірі егіншілік пен қалалық мәдениеттің гүлденген алқабына айналады. Сонымен қатар, ортағасырлық қалалардың құрылымы да тізбектеліп құрылу үдерісінің шынайы жағдайына байланысты бірыңғай болмады [27, 52 б.]. Керамика өндірісі ортағасырлық қоғамдағы экономикалық құрылымда маңызды орын алды. Қолөнерші-қыш жасаушылар ас үйге арналған ыдыстарды, ұнтақ және сұйық заттарды тасымалдауға және сақтауға арналған ыдыстарды, тандырды, дастарханды, май шамдарды, су құбырларын т.б. жасаумен айналысты. Тұрмыста қыш өнімдерінің таралу көрсеткіші жағынан теңдесі жоқ еді. Қыш өндірісінің өзіне тән мамандандырылған еңбек құралдарына, шикізатқа, технологиялық әдістерге, тәжірибеге негізделген білімге және кәсіби шеберлікке негізделген ерекше еңбекті ұйымдастыру түрі бар. Қыш өндірісімен және қолөнермен айналысудың басты шарты арнаулы шеберхананың болуы еді. Ортағасырлық қалаларға археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында қыш жасайтын шеберханалар бірнеше мәрте табылды. Зерттеу нәтижелері археолог ғылыми мақаласында ішінара жарияланды [29]. Мысалы, XIII ғасырдың екінші жартысы мен – ХIV ғасырдың екінші жартысында Отырарда қыш шеберханалары классикалық түрге ие болды. Отырардағы қыш шеберханалар аумағына жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде шеберханалардың тұрғын . Осындай шеберханалардың бірінің аумағы 157 м2 [29, 25 б.]. Керамика жасайтын шеберханалардың қызықты қалдықтары Талғар қалашығынан да табылды, олар бірнеше өндірістік құрылымдардан тұрады. Қазба орнының оңтүстік-батыс бұрыштық мұнарасының ішкі қамал қабырғаларының оңтүстік және батыс бөліктерінде қыш күйдіретін пеш табылып және тазартылды. Пештің астыңғы бөлігі бұзылған. Оның от жағатын камерасы сақталған. Тазарту барысында от жағатын камерадан саңылаулары бар ошақтың бөліктері, үйдіретін камераның аузын жабатын қақпақтың сынықтары алынды [27, 69 б.]. Қазба жұмыстары жүргізілетін бөліктің үстінен көп мөлшерде қыш бұйымдардың сынықтары табылды. Олар негізінен асханалық және шаруашылық мақсатта қолданылған ыдыстар: құмыра, табақ, кесе, құм (хум), құмша, тегене, қазан, қазан қақпақтары. Мұндай ыдыстармен ұқсастық Шу-Талас өңірлеріндегі ортағасырлық қалалардан да табылды. Сенигованың «» атты монографиясында жасалу техникасына қарай 3 топқа бөлінетін және Жетісу мен қалаларында кездесетін құмыралар, қазандар, сыртында жылан бейнеленген және жазуы бар құмыраларды жазады [30, 149 б.]. Қазба жұмыстары барысында қаланың осы бөлігі екі құрылыс қабаттан тұратындығы анықталды. Бірінші құрылыс қабатының тапталған табаны 0,6-0,8 м тереңдіктен шықты. Бірақ тұрғын . Қазбаның орта тұсынан шыққан шұңқырдың диаметрі 0,85 м, тереңдігі 1,1 м [5, 91 б.]. Қазба жұмыстары археология институтының бас ғылыми қызметкері, «Жетісу археологиялық экспедициясының» жетекшісі, археолог басшылығымен жүргізілген болатын. Осы уақытқа дейін жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған бай жəдігерлер мен алынған құнды мағлұматтар туралы 30-ға жуық ғылыми мақала жарық көрді. Қаланы археологиялық тұрғыдан зерттеу жұмыстары әлі де өз жалғасын табуда. Осы уақытқа дейін жүргізілген қазба жұмыстары цитадельде жүргізілді. Бұл қаланың негізгі шаруашылық жүргізу аумағы еді. Сол себепті қаладан қыш бұйымдардың көп әрі алуан түрлерінің табылуы оның маңызды шаруашылық жүргізу аумағының болғандығын білдіреді. 2019 жылы археология институтының ғалымдары мен тарих факультетінің студенттерімен (Абай Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – .) бірге қазба VII ғасырдың аяғы (шамамен 660 – шы жылдар) дейінгі төменгі мәдени қабатына жетті [31]. 2020 жылғы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде 64 үйдің орны анықталды (2-сурет қараңыз). Жалпы, ортағасырлық қалаларда үйлер салынуы сол үйдің тұрғынының әлеуметтік жағдайы мен оның байлығына байланысты болды. Соған қарай үйлердің орналасу жоспары да келесідей сипатта болды: салтанатты зал, жатын бөлме, азық-түлік қоймасы, қызметші мен күзет бөлмелері және тұрмыстық қажеттілікке арналған аула [5, 90 б.]. Табылған керамика бұйымдары мен олардың сыртқы безендірілуіне және басқа жәдігерлердің табылуына байланысты [16, 17 б.]. Қаладан табылған мұндай бұйымдардан VIII-IX ғғ. Жетісу өңірінің тұрғындары арасында киелі салт-жоралары мен діни түсініктерінің жоғары болғандығын көрсетеді. Табылған қыш бұйымдардың негізгі сипаттамасы туралы мәліметтер 2011 жылдан бері жарияланып келеді. Жарияланған ғылыми мақалаларда қаладан табылған және түрлі мақсатта (тұрмыста, діни жоралғыларда) қолданылуына қарай ыдыстарды жекелеген түрлері бойынша талдап жазылған. Жинақталған мәліметтерге сүйене отырып, барлық қыш бұйымдарды екі топқа бөлеміз. Бірінші топқа – VIII ғасырдың аяғы – Х ғасырдың басын қамтитын кезеңдегі бұйымдар жатқызылады. Оларға қазандар, құмыралар және хумдар жатқызылады. Бұл ыдыстарды жасауда жергілікті шикізат – табиғи қоспалы – дала шпаты, кварц, қоңыр әк пен слюдасы көп мөлшерлі қатты саз пайдаланылған [5, 100 б.]. Ал дайын өнімді күйдіру үшін ұсақ гранит тасы, қабыс, сабан қолданылған. Бұл кезеңде құмыра жасаудың қолмен жапсыру әдісі қолданылған. Қыш бұйымдардың екінші кезеңі Х-ХІІІ ғасырлардың басында шарықта жасалынған ыдыстар жатқызылады. Бұл кезеңде де тұрмыстың барлық түріне қажетті ыдыстар, сырты сырланған және хумдар да жасалынып, қолданысқа енгізілді. Қарахан кезеңіне тән мұндай қыш бұйымдар өзінің сыртқы ою-өрнегінің әсемдігімен, салмағы жеңіл әрі жұқа және сапалы болып дайындалуымен ерекшеленді. Бұл кезеңдегі қыш бұйымдар кешені жақсы зерттелген. Х-ХІІІ ғ. жататын Жетісу мен Іле алқабындағы ортағасырлық қалалық мәдениетті зерттеудің мықты маманы және керамика кешендерін зерттеуде тәжірибесі мол археолог аталған аумақтағы қыш бұйымдарды кешенді түрде зерттеді. Зерттеуші осы өңірдегі керамика өндірісіне қатысты еңбегінде Х ғ. басынан бастап ХІІІ ғ. екінші онжылдығында тұрақты пішімдегі қыш бұйымдар жасау ұзақ уақытқа созылды. Әсіресе, Талғар, Қаялық секілді ірі қалалардан табылған қыш бұйымдардың ішінде импорттық керамикалардың үлесі басым болды [32, 224 б.]. Ал зерттеуші . өңірінен табылған қыш бұйымдардың типологиясы мен сыртқы пішімдеріне ұқсас ыдыстардың Талас өңірінен табылғандығын жазады [30, 147 б.]. Зерттеуші аталған монографиясында Тараз қаласының қыш бұйымдарының ішінде тәрелкелер мен тостағандардың сыртында сирек кездесетін ою-өрнектерді қарастыра келе, «олардың сырты түссіз немесе жасыл глузурмен жабылған; кей жағдайларда қоңыр, қызғылт, жасыл түстермен сурет салынып, гравюрамен толықтырылады. Сәндік мотивтердің сюжеті бойынша үлгіні төрт топқа бөлуге болады: сызықтыгеометриялық, өсімдік, эпиграфиялық және зооморфты. Әр ою-өрнек ерекше жасалады, бірақ өрнектерді ажырату өте қиын, өйткені олардың көпшілігі әртүрлі комбинацияларда берілген» [30, 155-156 б.],-деп сипатталады. Ал археолог . өңіріндегі ортағасырлық қалалардағы керамика өндірісінің даму деңгейіне сипаттама бере келе, IX-X ғасырларда аталған өңірде керамика өндірісі жаңа даму сатысына өтті. Қолмен жапсырмаланып жасалатын ыдыстардың мөлшері айтарлықтай азайып, құмыралар, қазандар, стөлдер мен қақпақтар алдыңғы қатарға шыға бастады. Бұл уақыт аралығында қалаларының әсерімен глазурьленген ыдыстар пайда болып, тарала басталды. Өрнекті безендіру ретінде өсімдік бейнелерін, геометриялық фигураларды, стильді араб әріптерін, зооморфты және антроморфты бейнелер қолданылған. X-XII ғасырлардағы Отырар керамикасында штампталған керамика өндірісі байқалады. Бірақ жалпылай алғанда, керамиканың негізгі бөлігі шығырда дайындалды [33, 127 б.]. Табылған қыш бұйымдардың құрамына қатысты зерттеулерде саз балшыққа дала шпаты мен ұсақ тастар және органикалық заттар қосылған. Қыш бұйымдарды жасауға қажетті шикізат Шелек, Еңбекші және Қастек қаласынан табылған бұйымдарда ұқсастық бары байқалады. Шикізат қыш бұйымдардың ас үйлік және тұрмыстық-шаруашылық түрлеріне байланысты келесідей сипатта массалық үлесі бойынша қолданылған. **Асүйлік ыдыстарды дайындауда:** Балшық+Құм+Органикалық заттар Саз+Органика. Құмның саз балшықтағы үлесі 5-10 пайызды құрайды. Ал органикалық зат ретінде ұсақталған өсімдік тамырлары қолданылды.
|
TEXT
|
kaz
|
25,458
|
Құм мен ұсақ тастардың қосындысы 5-15 пайыз мөлшерінде болды. Органикалық зат ретінде ұнтақталған өсімдік бөліктері мен көң пайдаланылды [20, 81 б.]. Жалпы, ортағасырлық Шелек, Еңбекші, Қастек, Талғар т.б. Іле алқабындағы қалалардан табылған қыш бұйымдардың типологиясы мен жасау технологиясында көптеген ұқсастықтар бар. Іле алқабы мен Солтүстік-шығыс Жетісудағы қалалардың керамикасына одан әрі салыстырмалы талдау (техникалық-технологиялық және типологиялық зерттеу негізінде) жүргізу тұтастай алғанда осы өңірдің қыш қолөнерінің неғұрлым егжей-тегжейлі және нақтыланған даму тарихын қадағалауға болатын жаңа деректерді анықтауға мүмкіндік береді. Қала аумағынан табылған қыш бұйымдарды зерттеу және нәтижелерін жариялау бойынша ең алғашқы еңбектің қатарына ғылыми мақалаларын жатқызамыз. Олардың ішінде тұрмыста қолданылатын қыш бұйымдардан бөлек діни рәсімдерді орындау мақсатында қолданылған зооморфтық белгілері бар қыш ыдыстарға қатысты да зерттеулер бар. Х-ХІ ғғ. жататын мұндай ыдыстар 2013, 2019 жылдары жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Бұл ыдыстардың атқаратын қызметі бір болғанымен, сыртқы безендірілуі әр түрлі [18, 7 б.]. 2013 жылғы табылымның ерекшелігі оны тек құрбандық ыдысы ретінде ғана қолданған (3-сурет) [18, 10 б.]. 2019 жылы табылған ыдыс та діни рәсімдерді орындау кезінде қолданылған. Бүтін күйінде табылған бұл ыдыста тек салттық мақсатта ғана қолданылған [18, 10 б.] (4-сурет). Сыртқы безендірілуі өте жақсы сақталған. Сырты сызықты толқын тәрізді өрнекпен безендірілген. Қала аумағында Х-ХІ ғғ. жататын құрбандық орны анықталған және табылған құмыра сырты безендірілуі мен жасалу технологиясына байланысты ерекшеленді. Құмыра – мағыналық және қызметтік (функционалдық) жағынан мағыналық мәнге ие (4-суретті қараңыз). мұндай сипаттағы қыш бұйымдарды V ғасыр және X-XI ғасырда өмір сүрген халықтар арасында табынушылық мақсатта қолданылғанын жаза келе, автор мұндай заттардың табылуын «материалдық мәдениеттегі жаңа құбылыс» деп санайды [15, с. 35]. Біздің пайымдауымызша, зооморфты белгілері бар құмыралар тек жерлеу
|
TEXT
|
kaz
|
25,459
|
немесе діни жоралғыларды орындауда ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде де қолданылуы мүмкін деген тұжырымға келеміз. қаласында 2019 жылғы қазба жұмыстары барысында нысанның солтүстік-батыс бөлігіндегі №32 тұрғын үйден ІХ-Х ғғ. жататын оюланып, боялған ыдыс табылды. Сандық көрсеткіші – 1. Сыртқы формасы шар тәрізді, түбі тегіс (5-сурет). Ыдыстың сыртына сүт түстес ангоб жағылған, ал оның сыртынан қоңыр қызыл бояумен жазуы бар кескін салынған. Кескіннің астында бір-біріне параллель оюланған үш жолақ өтеді. Ыдыстың сурет салынған бөлігінің диаметрі – 10 см құрайды [19, 9 б.]. Сирек кездесетін қыш бұйымға жататын бұл ыдыстың сыртқы формасы мен безендірілуі ерекше. Сыртында жазуы бар керамиканың мерзімделуі Жетісу тұрғындарының арасында христиан дінінің дамуымен байланысты – VIII ғасырдың соңы және IX ғасырдың басына сәйкес келеді. Бұл ыдыстың ерекшелігі сыртқы өрнегінің безендірілуі: онда қоңыр түспен 3 крест тәрізді фигуралар, жылан бейнесі салынған. Жылан бейнесі бар ерекше мәнге ие болған мұндай ыдыстар Тараз қаласының маңынан да табылды. Табылған қыш бұйымның тұтқасында жылан бейнеленген. «Историкоархеологические очерки -Шаня и Памиро-Алая» еңбегінің авторы мұндай ыдыстардың Қазақстанның ортағасырлық қалаларында көптеп табылуы туралы: «... исламның енгізілуіне қарамастан, қолөнершінің бұйым жасау өнерінде сурет салу орта ғасырлардың өзінде де өзіндік маңыздылығын сақтап қалды [34, 162 б.],-деген сипаттама береді. Ал зерттеуші ыдыстың сыртына жыланды бейнелеу мотиві сиқырлы мағынаға ие болған [35, 110 б.] деген пікірді жазады. Жалпы, Жетісу мен аумағы түрлі мәдениеттер диалогының өзіндік байланыс көпірі болды. Жетісу – қалалық өркениеттің өзіндік жарқын үлгісі болған түрлі этностар, мәдени дәстүрлер мен діндердің шоғырланған аймағы болды. қаласының барлық бөлігінен күнделікті өмірге қажетті қыш бұйымдардың көптеген түрлерінің (құмыралар, қазан, тостақ (чаша), кеселер, көзе, көзелік, саптыаяқтар, табақтар т.б.) табылуын ескерсек, . Зерттелініп отырған жиынтықтағы заттарға салыстырмалы мерзімдеу жүргізудің нәтижесінде сәйкес, кейбір ыдыс түрлерінің қолданылу шегі едәуір кең, яғни ортағасырлық қалалар өмірінің ерте кезеңіне – VII-X ғғ., шарықта жасалған ыдыстар негізінен Х-ХІІІ ғғ. басында кең таралғандықтан, оның таралуы жапсырылып жасалған ыдыстардай болмады. Дегенмен шарықта дайындалған бұйымдар ортағасырлық кезеңдегі жергілікті өндірістің маңызды элементі болды. Жалпы, қазба жұмыстары кезінде табылған керамикалардың сандық мөлшері аз болғанымен, олардың типологиясы өте ерекше. Ең қызықты табылымдардың ішінде сырты сырланған және суреті бар құмыралар, діни рәсімдерді орындау кезінде христиандық ілімнің белгілері бар ыдыстардың (крест бейнесі) табылуы қаланың өмір сүрген кезеңінде үлкен мәдени, саяси-экономикалық маңызды орталық болғандығын аңғартады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,460
|
қаласында 2013, 2015- 2020 жылдары жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ең көп табылған әрі жинақталған негізгі материал – қыш бұйымдар болып табылады. Қазба нәтижесінде жинақталған бұйымдардың ішінде тұтас күйінде сақталған және сынған қалдықтары да кездеседі. Олардың ішінде 2018 жылы табылған қыш бұйымдардың жалпы саны – 1870 дана, оның ішінде бүтін күйінде сақталғаны – 42 дана; 2019 жылы табылған қыш бұйымдардың жалпы саны – 784 дана. Аталған бұйымдардың барлығы жинап алынды, олардың жалпы сипаттамасы жасалынды. Қыш бұйымдардың жекелеген түрлері зертханалық талдауға берілді және нәтижелері жарияланатын болады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,461
|
VІI-XIII ғғ. басындағы Қастек қаласының қыш бұйымдары туралы жарияланған ғылыми мақалалардағы керамикалар жиынтығы деректерін талдау, салыстырмалы мерзімдеу арқылы кешенді зерттеу жүргізудің нәтижесінде оның даму деңгейі жөнінде дәйекті ғылыми мәліметтер алынды. Сарапталған еңбектерге қарағанда шаруашылықтың осы саласы бойынша, яғни керамика өндірісінің дамуы мен барысы туралы кең көлемде тұжырым айтуға мүмкіндік аламыз. Жоғарыда қарастырылған авторлардың еңбектеріндегі Қастек қаласының қыш бұйымдарына қатысты жерлері ашылған нысандар бойынша сипатталады. Өмір сүру уақытына қарай жалпы кезеңдерге бөлініп немесе даму динамикасына қарай өзгерістер мен ерекшеліктері айтылады. Қастек қаласына археологиялық қазба жұмыстарының басталған кезінен бастап керамикалық табылымдар бойынша жарияланған еңбектерінде көңіл бөлген керамикасы және оның ерекшеліктері, олардың атауларын беру осы мақаланың негізгі мақсаты болып есептеледі. Қаладан табылған қыш бұйымдар туралы зерттеу жұмыстары 10 жылдан астам уақытты қамтыса да жарияланған, ғылыми айналымға енгізілген зерттеу мақалалары біршама санды құрады. Жалпы, . Ол арқылы біз .
|
TEXT
|
kaz
|
25,462
|
Ә дыбысының тарихы туралы қазақ тіл білімінде екі түрлі пікір бар: біреулері араб, парсымен жасалған қатынастардың нәтижесінде енген десе, екіншілері орта ғасырлардан ертеректе тілімізде болғаны туралы дәлеледер келтіреді. Сөздік қор жүйесінің ішкі даму заңдылықтарының жетілуіне және сыртқы елдермен арадағы түрлі тіларалық контактілерге байланысты сөздік қор құрамында өзгерістердің болатыны белгілі. [1, 41-54 с.], т.б. секілді ғалымдар кірме дыбыс деген қорытынды жасағанмен, бұл жөнінде үзілді-кесілді пікір білдірмейді. Мысалы, «Қазақ тілінің фактілеріне қарағанда, ә фонемасы түркі тілдерінің бірсыпырасында шығыс тілдерінің әсерімен қалыптасты дейтін пікір дұрыс болса керек. Бұл пікірдің дұрыстығына тағы бір себеп – бұл фонема қазақ тілінде тек сөздің басқы позициясында ғана айтылады», – дейді, алайда дәл осы ә-ге байланысты зерттеуінде тағы мынандай мағынадағы пікірі бар: қазақ тілінің төл дыбысы ретінде де (әкел, әкет, әпер; шәй, жәй), кірме сөздердің құрамында да (әр, әскер, әуел) қолданылатынын айтады. Фонемалық мәнге ие, яғни сөз мағынасына ықпал ете алады: Ал, ел, сал сөздері ә-мен айтылғанда әл, сәл болып өзгереді. Жасалу орны жағынан а мен е, ә аралығында жақындық бары айқын [2, 42-44 б.]. Аталған ғалымдардың осындай пікірлері кірме дыбыс ретінде қарауға жетелейді, алайда өзге зерттеулердегі пікірлерді де назарға алмасқа болмайды. Түркілердің төл дыбыстары құрамында ә дыбысының болғаны туралы ертеректегі орыс ғалымдары да өз болжамдарын ұсынады. Олардың қатарында , , , , , т.б. секілді ғалымдар бар. Түркі тілдеріндегі ә дыбысының тарихы туралы мақаласында осы пікірлерге сүйенеді және қосымша Күлтегін жазуындаға кейбір «bilgӓ», «ičrӓ» т.б. секілді біршама сөздерді мысалға келтіре отырып, тіліміздің тарихында бұл дыбыстың болғанын дәлелдейді, - деген пікір түйеді [3, 129-132 б.]. Ал кей зерттеулерде қазақ тілінің тарихында ертеден бар дыбыс деп қарайды. Солардың қатарында өз ойын білдірген ғалымдардың бірі – . Ол «Жүйесі бөлек тілдерден енген жіңішке дыбысталатын кірме сөздерді толықтай шығарып тастағанда, жалпытүркілік төл сөздердің жуан варианты (шау>шәу, ажа>әже, ажым>әжім, бары > бәрі...)» көне түркі жазба ескерткіштерінде, өзге түркі тілдерінде, жер-су атауларында, мақал-мәтелдерде, диалектілерде, тағы басқа дереккөздерде сақталғанын» айта келіп, «Әлди, әлди», «ән» сияқты сөздерде ұшырасатын ә дыбысын алғаш пайда болған жіңішке дауыстылардың қатарына жатқызады. Ғалымның пікірінше жіңішке дыбыстар әуелде сөйлеуді жеңілдету заңдылығының негізінде қалыптасқан [4, 21-22 б.]. Бұл қазіргі ғылымда айтылып жүрген орта ғасырлық кезеңнен әлдеқайда ерте болса керек. Ә дыбысына қатысты ғылыми пікірлерді жинақтай келгенде «Көне түркі жазбаларында ә дыбысы нақты таңбаланбағанмен, түркі жазба дәстүріне көп әсер еткен араб тілінде нақ ә фонемасы жоқ. Ә фонемасының орта ғасыр ескерткіштерінің тілінде жиі қолданылуы, оның түркілік төл дыбыс екенін, ежелгі түркі тіліндегі а дыбысының аллофоны бола жүріп, орта ғасырларда жеке фонема болып қалыптасқанын дәлелдейді», - дейтін тұжырым қисынға саяды [5, 76 б.]. Біздің пікірімізше тарихи тұрғыдан алғанда бұл дыбыстың «кірмелігіне» бір жақты қарауға болмайды. Келтірілген пікірлерді дұрыс көруіміздің төмендегідей себептері бар: Сөздердің жуан-жіңішке паралелдері бұрыннан бар, осыған байланысты жуан-жіңішке буын мен дыбыстың тарихы да орта ғасырлардан ерте дәуірлерді қамтиды. Дауысты дыбыстар ертеден жуан-жіңішке болып бөлінеді де, соның ішінде, ілгерде атап өткеніміздей, біршама а мен ә паралелдері күні бүгінге дейін сақталып келеді екен. Мысалы: ақ – әк (ақ балшық (Шымк., Алм., Жамб., ., Гур., Маңғ., Қарақ., Ау., Ир.), әктеу – ақтау (Шымк., Алм., Жамб., ., Гур., Маңғ.), әкіру – ақыру (, Арал) қалтақ қағу – кәлтек қағу (дірілдеу (МХР), қағар – кәгәр (кішкене ағаш кесіндісін таяқпен қағып ойнайтын ойын аты (МХР), қауақ – кәуәк (қуыс, үңгір (Қост., Жанг.; Ақм., Атб.)*, қалып – кәліп* (етіктің, бір нәрсенің қалыбы (Сем.: Абай, Шұб.; : Арал; Қост., Жанг.), кәтті – қатты (өте берік, қатты (Ақт., Ырғ.; Қост., Фед.; Гур., Маңғ.) т.б. [6]. Бұл мысалдарға қарағанда «Оңтүстік қазақтары тілінде ә дыбысы өте жиі кездеседі», – дейтін кей пікірлердегідей емес, қазақ даласының барша аймақтарынан көрінеді, тіпті шалғай жатқан Моңғолия қазақтарының тілінде де бұл дыбыс қолданылып келеді. Жергілікті аймақтарда сақталған сөздердің басында да, ортасында да, соңында да (кәмә бөрік, кәнуә, кәуә т.б.) қолданылады. «Орта ғасырларда араб, парсы тілдерінен енген сөздердің ықпалымен пайда болған» дейтін ә дыбысының сөздердің барлық позициясынан орын алып, кірме сөздерді айтпағанда, ұзақ ғасырлар бойы тілдік санада қалыптанған төл сөздердің дыбыстық құрамына ықпалының жүруі әрине ойландырады. Келесі ойландыратын сұрақ – Ъали, Ъабдрахман*, Ъабдулла, Ъабдрасул* т.б. секілді жуан айтылатын есімдер қазақ қолданысында жіңішкеріп, Әли, Әбдірахман*, Әбділдә, Әбдірәсіл* т.б. секілді тұлғаларға айналған. Тіліміздің тарихи тегінде сөздердің жауан-жіңішке айтылуы, яғни жуан-жіңішке дыбыстардың өзіндік жүйесі, заңдылығы болмаса, қазақ тілінде толық орнығып үлгермеген дыбыс қалай кірме сөздерді игеруге қол жеткізе алмақ? Кез-келген нәрсе жоқ жерден пайда болмайды. Тіл де сол сияқты, әсіресе дыбыстардың табиғаты бұл мәселеде өте кірпияз. Сырттан бөтен сөздер қорға жеңіл қабылданғанмен, өзіндік заңдылықтары қатаң сақталатын дыбыстық құрамның, ешқандай негізсіз, өз арасынан бөтен дыбыстарға орын бере салуы қиын. Діннің ықпалы болды дегенмен, кірме дыбыстардың тілдегі өзге дыбыстармен үйлесіп, ортақ «мәмілеге» келгенінше жуан сөзді жіңішкерту секілді күрделі мүмкіндікке ие бола қоюы да екіталай. Таратып айтар болсақ, сөздік қорға түрлі сөздердің еніп, қабылдануы жеңіл, ал қосымшалардың жағдайы басқашарақ. Қолданысымыздағы паз, хана, қор, кер т.б. секілді санаулы ғана түрлері болмаса, кірме жұрнақтардың саны аз ғана. Тілдің ең ұсақ бөлшегі болғанмен, жаңа элементті сырттан қабылдау мәселесінде дыбыс заңдылықтары өте қатаң. Оған сөздік қорымыздың даму тарихы мен жүйесіне зерделей қарап-ақ көз жеткізуге болады. Кірме сөздерді игеруде бұрыннан бар негіздер ғана осындай мүмкіндікке қол жеткізе алады. Бұл мысалдар дерегіне сүйенсек «араб-парсының ықпалымен пайда болған» дейтін пікірге қатысты ескерілуі тиіс жайт – осы тілдерден кірген сөздердің де құрамындағы ә-лердің барлығын соларға тән элемент деп қарау дұрыс емес. عтаңбасы арқылы жызылып жүрген «ъайн» дыбысымен келетін сөздер араб тілінде жуан айтылатыны белгілі. Тілімізге жіңішкеріп енген біршама сөздер осы таңба арқылы жазылады. Ә дыбысы бұл жерде жат дыбыстарды төл заңдылыққа бейімдеу қызметін атқарып тұр, ендеше бұл факт де оның төл элемент екенін дәлелдейді. Сонымен қатар, түркі текті әпер, әкел, бәрі т.б. айтпағанда, араб тілінен енген кітәп, күнә сөздерінің құрамындағы ә дыбыстарын араб тілінен келген деп айтуға болмайды, өйткені араб тілінде «китаб», «кунаһ» болып айтылатын сөздер құрамындағы а дыбысы қазақ тіліне тән ілгерінді ықпалдың әсерімен ә-ге айналған. Демек, тілде бар ә дыбысы араб-парсыдан енген сөздерді игеру кезінде сөздің басқы позициясына шыққан, сондықтан ә-ге берілген «кірме» статусы туралы әлі де ойланған дұрыс. Тағы бір дәлел – түркілермен туыстығы Алтай дәуірінен жалғасатын моңғол тілінде де ә дыбысының болуы. Тек жазуда а-мен таңбаланады да, айтылуда жіңішкереді (кирилл әліпбиіне көшкенде қабылданған емле ережесі осылай болса керек). Жазылуы: аальгүй (қылымсыған, ерке, тәрбиесіз т.б.) – айтылуы: әәлгүй; жазылуы*: авиа(н)* (дыбыс, шу, гуіл) – айтылуы: әвиә; байван(г) (тотияйын, кейбір ауыр металдың күкірт қышқылын түзуі) – айтылуы: бәйвәң; жазылуы: барим (тұтам) – айтылуы: бәрім*5* [7]. Моңғол тілі араб пен парсының ықпалына ұшырамаған, сондықтан ондағы ә дыбысының тарихи негізсіз кенеттен пайда болуы мүмкін емес. бурят тілінің тарихи фонетикасы бойынша жазған ғылыми еңбегінде, моңғол тектес тілдер құрамындағы а-ның жіңішкеру үдерісі жөніндегі зерттеулерден біраз мысалдар келтіреді. Соның ішінде бохан, баргузин говорларында (бох*. нӓрин,* барг*. нӓрин '*жұқа*',* бох*. хӓри,* бох*. хӓри 'үйге бар'*) бар екенін айтады. Салыстырмалы түрде алғанда бұндай үдеріс қалмақ тілінде де байқалады, сонымен қатар тек аталған тілдер ғана емес, дархат тіліне және диалектілеріне де ортақ екені анықталған. А дыбысының ә-ге қарай өзгеруі халха-моңғол мен буряттың көпшілік диалектілеріне қарағанда бурят тілінің бохан, баргузин говорларында, ішкі Моңғол диалектілерінде, дархат, қалмақ тілдерінде күштірек көрінеді. Қалмақ орфографиясында ӓ дыбысының арнайы таңбасы (ә) бар [8, 7-8 б.]. Моңғол тілімен ортақ тектен тарайтындықтан бұл факт ә-нің түркі тілінде де сонау алыс дәуірлерден барын растайды (фонемалық мәнге ие болмаса да а-ның аллофоны ретінде өмір сүруі мүмкін). Айтылым заңдылықтары бойынша жазып алынған «Қазақ тілінің аймақтық сөздігіндегі» мысалдарда да бұл дыбыстың тарихи тамыры туралы ақпараттардың жатқаны сөзсіз. Ә дыбысы түркі тілдерінің біразында бар. Соның ішінде оғыз тобына жататын әзірбайжандарда сөздің барлық позициясында айтылады. Мысал үшін тоқтала кетелік: (әт ‹ет›, гәһәрли ‹ренжулі›, дәвә ‹түйе›), сонымен қатар қосымшалардың құрамында да қолданылады: dinləmək ‹тыңдау›, бизләр bizlər ‹біздер›, сіздер ‹sizlər'. Арабша жуан айтылатын «қаһар» сөзінің жіңішкеріп «гәһәрли» тұлғасына өзгеруінде бір сыр бар секілді, <sup>5</sup> Моңғол тіліндегі сөздер «Үлкен моңғолша-орысша сөздіктен» алынды, айтылым ерекшеліктерін анықтаған түркітанушы екінші сөзбен айтқанда бұл кірме элементтерді игерудің түркілік талабы екені күмәнсіз. Ә дыбысы оғыз тобындағы түрікмен, гагауз, салар тілдерінде де бар. Сонымен қатар қыпшақ тобындағы қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қарашай-балқар, қырым татар тілдері, қарлұқ тобындағы ұйғыр, өзбек тілдерінде; ұйғыр-оғыз тобына жататын саха тілінде (созылыңқы), тува, тофалар тілінде де бар [9]. Ілгерідегі мысалдарды жинақтай келгенде қазақ дыбыстарының құрамындағы ә-нің тарихы ертеден басталады деген қорытындыға ат басын тірейміз. А дыбысының алафоны ретінде өмір сүріп келген дыбысты араб-парсы тілдерінің ықпалы фонемалық дәрежеге көтеруі мүмкін. Жергілікті аймақтардағы сөздерді таралуы мен дыбыстық құрамы бойынша талдағанда «сөздің басқы позициясында ғана» емес, соңғы жағында да айтылатынын көріп отырмыз, демек бұл мәселе әлі де зерттей түсуді талап етеді. Бұл орайда қазақ тілінің ә дыбысына қатысты фактілері толық тіркелуі және әрбір түркі тілі бойынша фонетикасының тарихындағы ә дыбысының орны анықтаулы тиіс. Қазақ тіліндегі ә дыбысының тарихына қатысты ілгерідегі мысалдармен қатар, мынандай мәселелерге тоқтала кетуге тура келеді. Араб-парсы тілдерінен енген сөздерді айтпағанда, ә дыбысының терең тамыры орыс тілінен енген кей сөздерді де игеруге қатысуынан көрінеді. Салыстырмалы түрде алғанда әсіресе соңғы жүз жылға жуық уақыт көлемінде түрлі жолдармен телінген орыс тілінің ф, х, ц, ч, ё, ю, я дыбыстары қазақ тілінде бір де бір сөз жасауға қатыса алған жоқ (ондай белгілер білінген де жоқ). Тек ою (ойу), қою (қойу), тою (тойу), жария (жарыйа), дария (дарыйа) т.б. сөздерді таңбалуда зорлықпен телінгені болмаса. Керісінше ауыз-екі тілде біршама дыбыстық игерулер жүзеге асты. Мысалы, кабинет, комитет, конфет, карамель т.б. деп жазғанымызбен кәбинет, кәмитет, кәмпит, кәрәмел т.б. деп айтамыз. Тарихи санадағы ә дыбысының орны жоғалған жоқ, тек соңғы жылдарда ғана жазу нормасындағы талаптардың әсері мен орыс тілінің ықпалына байланысты бірінші буыннан кейінгі орындардағы қолданысында әлсіреу байқалады. Соңғы бір айта кететін мысал – а-ның бойында кездесетін жіңішкеру құбылысына қатысты. Бәйгел, Бәйжігіт, Бәйімбет (Бейімбет), Бәймен т.б. секілді кісі есімдерінің құрамындағы жуан дыбыс өзінен кейінгі буынның ықпалымен ә тұлғасында дыбысталады. Түрік тілінде «бей», қазақ тілінде «бай», «би» кей есімдердің құрамында көріп отырғанымыздай «бей» тұлғалары да сақталған. Алайда «бей» жалпы есім ретінде нормаланбаған, тек кісі есімінің құрамында ғана кездеседі. Бұл терең тарихи тамырдан бастау ала отырып, бүгінгі тілімізде берік орнағанының көрінісі болса керек. Тіліміздегі көп сөздерің құрамында ә айтылатынына қарамай ортаңғы немесе соңғы буындарда а-ны жазамыз. Бұл көбіне кісі есімдеріне қатысты. Түрлі себептердің нәтижесінде қазіргі қолданыста ә дыбысының белсенділігі төмендеп бара жатқан сыңайлы. Ә қазіргі кезде қазақ тіліне ұлттық сипат беруші элементтердің қатарынан орын алады, сондықтан оның еркін қолданысына жол ашылуы тиіс. Туған тілдің төл табиғатын бейнелейтін дыбысқа қысым жасай беру аса көңілге қонатын іс емес, өйткені ол еркін болуы тиіс. Жазудың айтуға әсер ететінін ескере отырып, неғұрлым өзіне тиісті орнындағы қолданысына еркіндік берілсе, соғұрлым тілдің ұлттық бояуының қанығуына жол ашылар еді. Соңына жалғанатын қосымшаның жуан айтылуы ережеге қайшылық тудырады десек, оған байланысты «...ә әрпіне аяқталған немесе соңғы буынында ә әрпі жазылған сөздерге қосымша жуан жалғанады: күнәсыз (күнәсіз емес) ...», - дейтін арнайы принципіміз бар [10, 32 б.]. Жазу мәселесінде оған оң көзбен қарап, шынайы болмысы мен қызметіне байыпты назар салуымыз керек. Жазу нормасын белгілеуде кеткен кейбір кемшіліктер көзге ұрып тұрады. Тіліміздегі ә дыбысының айтылуындағы белсенділікті төмендеткен осы себеп пе? деп те ойлаймыз кейде. Мысалы, кітап деп жазғанымызбен, кітәп түрінде айтамыз, сол секілді күнәкәр, тәкәппәр сөздерінде де «ә» дыбысының құқығы аяқ асты етіліп, екінші, үшінші буындарда «а» жазылып жүр. Емле ережесі әсіресе кісі есімдерін таңбалауда өрескел бұзылады. Жәмила, Кәмила, Әлиа, Ләйла т.б. секілді көптеген есімдердің соңындағы «ә» айқын естіліп тұрса да, «а» жазамыз. Ал күнә, куә, сірә т.б. секілді сөздерде а-мен жазу сөз формасын бұзатын болғандықтан ә әрпін қолданамыз. Демек, көп жағдайда қашқақтағанымызбен араб-парсы тілдерінен енген кірме сөздердің басында да, соңында да жазып, айтылуына жақындатып отырмыз. Енді осыны сөз буындарының басынан аяғына дейін не бірыңғай жуан, не жіңішке болып келетін тарихи заңдылық жүйесімен сәйкестендіруіміз керек, яғни ә әрпінің жазылу орны да әр сөзде әртүрлі емес, бірыңғай ережесін тапса дейміз.
|
TEXT
|
kaz
|
25,463
|
Қазіргі кездері әлемде биоалуантүрлілікті сақтау мен табиғи қорларды ұтымды пайдалану мәселесі ғаламдық басымдықтардың бірі екені даусыз. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселесі мемлекеттің биологиялық қауіпсіздігімен тікелей байланысты және оның негізгі компоненті болып табылады. Табиғаттағы бір түрдің жойылуы - биологиялық алуантүрліліктің бір түрге кемуі ғана емес, сонымен қатар ғасырлар бойы қалыптасқан тепе-теңдік пен биологиялық үдерістердің бұзылуы деген сөз [1]. Осы орайда экожүйелердегі өсімдік полимерлерін ыдыратуда жетекші рөл атқарып, биогенді элементтердің және энергияның биосферадағы айналымын қамтамасыз етуде жетекші орынға ие қалпақшалы саңырауқұлақтардың алуантүрлілігін, таралу ерекшеліктерін зерттеу өзекті мәселелердің қатарында [2]. Бүгінге дейін Жайық өзені аңғары орман алқаптарының флорасы мен өсімдік жамылғысына ауқымды зерттеулер жүргізілгенмен, Жайық өзені мен оның ірілі-ұсақты салаларында орналасқан орман қауымдастықтарындағы макромицеттер әлі де толыққанды жүйелі зерттеу жұмыстарын қажет етеді. облысы флорасының зерттелуі ХХ ғасырдың басында басталып, КСРО ҒА Ботаника институты мен басқа да орталықтар және жергілікті ғылыми мекемелердің экспедициялық зерттеулері негізінде біршама мәліметтер жинақталған. Алайда облыс көлемінде қалпақшалы саңырауқұлақтардың зерттелуі туралы маңызды мәліметтер тіркелмеген, тек қана эпизодты түрдегі деректер көрініс табады. Осы жағдайлар аймақтағы қалпақшалы саңырауқұлақтардың түрлік құрамына арнайы зерттеулер жүргізіліп, жүйелік талдаулар жасауды қажет етеді. Экологиялық-трофикалық тұрғыда саңырауқұлақтар тек қана осмотрофтық жолмен қоректенетін гетеротрофты эукариоттық организмдер. Вегетативтік денесі субстрат ішінде дамып, оның бетінде споратүзгіш органдары шығып тұрады. Көптеген саңырауқұлақ түрлерінің (макромицеттер) споратүзгіш органдары ірі, көзге оңай шалынады [2].
|
TEXT
|
kaz
|
25,464
|
Қалпақшалы саңырауқұлақтардың басым көпшілігі орманды зонаға бейімделген, оңтүстік далалар мен жартылай шөлейтті аймақтарда жиі кездеспейді. (1987) бойынша Жайық өзенінің жайылмасында орманды (66,8 %) және далалық (26,6 %) түрлер басым, ал шөлейтті өсімдік (4,4 %) түрлерінің рөлі зор емес. Көптеген геоботаникалық жұмыстарда далалы және жартылай шөлейтті аймақтардың жоғары сатыдағы өсімдіктер флорасына ауқымды сипаттамалар берілгенмен саңырауқұлақтар биотасы туралы ақпарат өте аз. Бұл тұжырым облысы көлеміндегі Жайық өзенінің ортаңғы және төменгі ағысында орналасқан аудандарға тән. Осындай некен-саяқ жұмыстардың қатарында . саңырауқұлақтары жинағында [3] облысына қатысты келтірілген көктерек саңырауқұлағы, қайыңқұлақ және күзгі томарқұлақ жайлы мәліметтерді көрсетуге болады. Кейінірек, 1960 жылғы еңбегінде бірқатар қалпақшалы саңырауқұлақтардың жекелеген түрлерін тіркеп, облыстың оңтүстік-шығыс аудандарының далалық және жартылай шөлейттеріне тән саңырауқұлақтардың флорасы жайлы мәліметтерді толықтыра түсті [4]. Кәдімгі дала зонасы жағдайында кездесетін саңырауқұлақтардың ішінен тікенді жаңбырқұлақ (*Lycoperdon perlatum* Pers.) пен алып кальвацияны (*Calvatia gigantea* [Pers.] Lloyd.) атауға болады. Бұл түрлерді тек Алматы, Қостанай және Ақтөбе облыстарының аумағында табылғанын зерттеу жұмыстары көрсеткенімен [3], . облысында бұл түрлер сирек түрлердің қатарында емес екенін жазады. Біріншісі облыстың барлық дерлік далалы ауданына қалыпты түр болса, екінші түрді ауылы маңынан (Жаңақала ауданы) 1950 жылдың шілдесінде нағыз жартылай шөлейтті аймақтан тіркеген. Осы түрді кейін 1955 жылдың шілде айында Қырыққұдық қыстауынан оңтүстікке қарай бағытта табылғанын да жазады [4]. 1943 жылдың қыркүйегінде Орал қаласының маңындағы Аялдау тоғайындағы (Перевалочная роща) ескі теректердің арасынан табылған түрлік статусы анықталмаған жұмыршақ (сморчок) (*Morchella sp.)* облысы үшін сирек кездесетін макромицет болып табылады. тоғайы мен Жайық өзенінің бойындағы басқа да теректі және шегіршінді-теректі ормандарда күзгі томарқұлақты (*Armillaria mellea* [Fr.] Quel.) кездестіруге болады. Ғылыми қолжазбаларда сол жылдары маринадталған және тұздалған томарқұлақ пен қатар ақ саңырауқұлақтардың да Орал базарларында жиі сатылатындығы анық айтылады. Бұл түрлердің Жайық өзенінің жайылмалы су ормандарындағы қайыңды және теректі-шегіршінді еменді ормандарда кездеседі деп көрсетіледі [4]. Амангелді ауылы маңындағы қайыңды орман алқабы мен оңтүстік бөлігіндегі қайың қосындылы еменді ормандарда кәдімгі қайыңқұлақ (*Boletus scaber* Fr.) та кездеседі. Сондай-ақ, 1954 жылдың қыркүйегінде облыстың оңтүстігіне қарай Қарағаш шатқалында (Шыңғырлау ауданы) табылған саңырауқұлақ айрықша белгілерімен ерекшелік танытатынын да көрсетіп кеткен. Ол осы орманды құраушы негізгі түрлер қайың мен көктеректің етегінде кәдімгі груздь (*Lactarius controversus* [Fr.] Fr.) және сарғыш-қоңыр көктерек саңырауқұлағына (*Boletus versipellis* Fr.) да кезіккенін жазады. Бұл түрлер Жайық өзенінің жайылмалы су ормандарында кездеседі. Иванов, пен . орман желегінде груздьті тіркеп, Жәнібек станциясының маңындағы ескі аралас орманды желекте *Clitocybe aggregate* Gill. мен рядовканы (*Tricholoma irinum* [Fr.] Quel.) тапқанын да жазады [5]. Жайықтың ақтеректі және қаратеректі жайылмалы су ормандарында Кандоль жалған томарқұлағы (*Hypholoma candolleanum* [Fr.] Quel) мен ақ поплавокты (*Amanitopsis vaginata* var *alba* Fr.) кездестіруге болатындығын да Ботаникалық журналда жарияланған қысқаша хабардан көре аламыз. Алғашқысы шілде-тамыз аралығында жиі кездессе, екіншісі сиректеу кезігеді. Оралдың маңындағы Хан тоғайы мен өзге теректі және талды ормандарына күз мезгілінде (қыркүйек) қиқұлақтардың ішінен ақ қиқұлақ (*Coprinus comatus* [Fr.] Fr.) пен сұр қиқұлақты (*C.atramentarius* [Fr.] Fr.) байқай аламыз деп көрсеткен. Соңғысы жайылмадан тыс 1950 жылдың қыркүйегінде Дюринск далалы арнасының төменгі ағысындағы Белағаш көктеректі шатқалында табылған. Қысқы *Collybia velutipes* [Curt.] Quel. Жайық өзенінің бір саласы Шаған өзенінің бойындағы көктерек пен ақтеректі ормандарда да жиі кездеседі. Шағанның жайылмасында тамыздың соңы мен қыркүйекте кейде дөңгелек кәллақұлақ (*Calvatia caelata* [*Bull.*] *Morg*.) байқалса, кәдімгі қозықұйрық (*Psalliola campestris* [Fr.] Quel.) жаз мезгілінің екінші жартысында жиі табылатын қарапайым саңырауқұлақ болып табылады [4]. Зерттеу мәліметтерінде облыстың солтүстік аймақтарындағы талды екпелерде пен белгілеген жіңішке шошқақұлақты (*Paxillus involutus* [Fr]. Fr) өз далалық жұмыстарында кезіктірмеген [4, 5]. облысының микобиотасына тән тағы бір қарапайым түр деп нағыз ағашқұлақты (*Fomes fomentarius* [Fr.] Gill.) көрсетеді. Осы автор бұл макромицеттің Жайық өзенінің теректі және көктеректі жайылмасындағы Петрова ауылы маңындағы шағын орман мен қарағаш тоғайында қалыпты түр екенін көрсетсе, жалған ағашқұлақтың (*F.igniarius* [Fr.] Quel.) сирек, ал күкіртсары ағашқұлақтың (*Polyporus sulfureus* Fr.), шұбар ағашқұлақтың (*P.squamosus* Fr.) және күзгі ілмешектің (*Pleurotus salignus* [Fr.] Quel.) өте сирек кезігетінін өз жазбасында келтіреді. *Polyporus sulfureus* Fr. Хан тоғайында шегіршіннің діңінде табылса, *P.squamosus* Fr. терек пен шегіршінде тіркелген [4]. В. облысының көлеміндегі Жайық өзені аңғарының орманды алқабында қалпақшалы саңырауқұлақтардың 24 түрін тіркеп, бұл тізімнің басым көпшілігі далалы және жартылай шөлейтті зоналарда сиректік танытпайтындығын айқын көрсетеді. облысының микобиотасы туралы ақпарат жоғарыда көрсетілген ғылыми еңбектерден кейін әдебиет көздердерінде тек қана 1985 жылы авторлығымен жарияланған «Қазақстанның споралы өсімдіктер флорасы» атты Республика территориясында анықталған саңырауқұлақтардың 4,5 мыңнан аса түрлеріне жан-жақты сипаттамалар келтірілген 13 томдық 20 кітаптан тұратын кешенді басылымның 13-томының 2-кітабында көрсетілген [6]. Аталған ғылыми әдебиеттегі зерттеулерде облысындағы Бөрлі ауданы, Утвинка еменді орманында 1952 жылы сары сазқатпаны (сыроежка) (*Russula fellea* (Fr.) Fr., Epicr.), 1953 жылы осы орманда емен груздін (*Lactarius insulsus* (Fr.) Fr., Epicr.) тапқанын жазады. 1978 жылы . ауылы маңындағы далада Мозер лейкоагарикусын (*Leucoagaricus tnoseri* ()), 1981 жылы Жәнібек ауылындағы шегіршінді орман екпелерінде ұзынтамырлы лейкоагарикусты (*Leucoagaricus macrorhizus* Locq. ex Horak, Beitrag Kript. Fl. Schweiz.) тіркегенін жазады [7]. Бұл басылымда да мәліметтер өткен ғасырдың екінші жартысында жүргізілген зерттеулер мен жинақтар негізінде келтірілген, ал кейінгі жылдары елімізде жүргізілген зерттеулерде облысының микофлорасы тысқары қалған. облысы екі ірі Евразиалық-далалық және Сахара-Гобилік шөлейтті ботаникалық-географиялық зонада, голарктикалық патшалық, бореальдық және жерортатеңіздік екі патшалықтармақтың шекарасында орналасқан. Жайық өзенінің жайылмасы облысы шегінде үш табиғи зонадан: далалық, жартылай шөлейт және шөлейттен өтеді. Облыс республиканың шеткі солтүстік-батысында Жайық өзені бассейнінің ортаңғы ағысының төменгі бөлігі мен төменгі ағысының жоғарғы бөлігінде орналасқан [8]. Алайда бір Еуразиалық далалық зонада орналасқан Орталық және облыстары аумағында микобиоталық зерттеулер біздің облысқа қарағанда айтарлықтай қарқынды жүргізілгенін байқауға болады. И. және Көкшетау облыстарында өсетін қалпақшалы саңырауқұлақтардың 67 түріне сипаттама жасағаны белгілі [7]. облысының жерлерін зерттеу барысында агарика саңырауқұлақтарының 17 тұқымдасқа, 23 туысқа жататын 313 түрін анықтаған [7]. Салыстырмалы мақсатта қарастырсақ, . өңірінде афиллофора саңырауқұлақтарының микобиотасының түрлік құрамын алғаш рет арнайы зерттеп, олардың 34 туыс, 12 тұқымдасқа бірігетін 49 түрге сипаттама берген [9, 10]. 2009-2011 жылдары ҚР БҒМ іргелі (фундаментальды) зерттеулер бағдарламасы бойынша профессор жетекшілігімен және ҚР БҒМ Ботаника және фитоинтродукция институтының қызметкерлері біріккен қалпақшалы саңырауқұлақтарға арналған зерттеулер республиканың орталық, солтүстік-шығыс аймақтарында жүргізілді [11]. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде анықталған жеуге жарамды және улы макромицеттер жайлы мәліметтер бірқатар мақалаларда көрініс тапқан [12, 13, 14]. Соңғы жылдары осы аумақта өсетін агарика саңырауқұлақтарының жеуге жарамды және дәрілік түрлерінің тірі штаммдар коллекциясын құрып [15, 16], оларды филогенетикалық тұрғыда қарастыру жайлы жұмыстарды еңбектерінен де көруге болады [17, 18, 19, 20]. Федоренко 2019 жылы жарыққа шыққан мақаласында [22] тән базидиомицеттердің жаңа түрлері жайлы тізімінде 87 түрдің 53-і қарасты Ақмола облысында тіркелгенін жазды [21]. Жаңа жұмыстардың ішінен Қазақстанның орталық, солтүстік-шығыс бөлігіндегі негізгі орман ағаштарынан құралған эктомикоризді флора мен эктомикориза түзетін саңырауқұлақтар ретінде жиналған макромицеттерді көрсеткен жұмысын атауға болады [22].
|
TEXT
|
kaz
|
25,465
|
облысы көлеміндегі Жайық өзені аңғары орманды алқабы макромицеттерінің түрлік құрамын зерттеудің фрагментарлы болуы, аумақтың микобиотасы туралы ақпараттың жеткіліксіздігі, мұндағы экожүйелерді жан-жақты, әрі толық зерттеуге және жекелеген аймақтарда табиғатты қорғаудың кешенді тәсілін жасауға кедергі келтіріп қана қоймай, сонымен бірге макромицеттер географиясы мен олардың таралу заңдылықтарының жалпы мәселелерін анықтауды қиындатады. Сол себепті Жайық өзені аңғары орманды алқабының макромицеттер алуантүрлілігіне зерттеу жүргізу, түрлік құрамын анықтау, олар туралы ақпараттарды толықтыруға және сирек кездесетін және қорғауға мұқтаж түрлерін тіркеуге мүмкіндік береді. Сондықтан да мұндай зерттеулердің теориялық және қолданбалы маңызы зор екені сөзсіз. Саңырауқұлақ атаулары «Заманауи микология» [2] атты кітабында келтірілген сөздікке сәйкес берілді.
|
TEXT
|
kaz
|
25,466
|
1545 жылы ағылшындық жазушы «Теңсіздік құпиясы» (John Bale « of Inyquyte») кітабында «бірегейлік» ұғымы ұқсастық мағынасында қолданылса, 1737 жылы басқа британдық зерттеуші «Солтүстіктегі » ( «») еңбегінде «персоналды бірегейлік» ұғымы «бір адамның екіншісінен айырмашылығын қалыптастыратын белгілер мен сипаттамалардың жиынтығы ретінде көрініс тапты» [3].
|
TEXT
|
kaz
|
25,467
|
Сонымен қоса, бірегейлік Америкадағы салыстырмалы мәдениеттану институтының негізін қалаушы «ұлттық сипат», белгілі бір қоғамның ең негізгі қасиеттерінің жиынтығын қамтитын «модальді тұлға», «мәртебелі тұлға», «әлеуметтік мінез» ұғымдарының төңірегінде қарастырылған. Бірегейлікпен арнайы түрде психоәлеуметтік даму кезеңдері теориясы мен «бірегейлік дағдарысы» терминінің авторы айналысқан. Эриксон бірегейлікті «Балалық және қоғам», «», «Жастар және дағдарыс бірегейліктері» еңбектерінде көрініс тапқан [5]. Эриксон «бірегейлік» терминің алғаш рет естігенін және оны Менің сезіну (Мен сезімі), өмірдің әртүрлі кезеңдеріндегі өзін-өзі бейнелеудің жалғасы деп түсіндірді [3]. Эриксон бірегейліктің дамуын биологиялық, әлеуметтік және эго үрдістердің өзара байланысы негізінде дамитытынын және эго үрдісінің алғашқы екі үрдісті интеграциялаудағы жауапкершілігін айтқан. «Бірегейлік» құбылысын жеке категория ретінде қарастыру діни аспектілер екінші орынға шығып, жеке тұлғаны зерттеу негізгі нысан ретінде қарастырылған жаңа ғасыр философиясының дамуымен байланысты (XVII - XVIII ғғ.) дәл осы уақытта «бірегейлік» тұжырымдамасы жеке тұлға ретінде және индивид санасының өзгермейтіндігі негізінде анықталды. Конструктивизмнің бір бағыты саналатын әлеуметтік конструкционизмнің негізін қалаушылар мен өз тұжырымдамаларында бірегейлікті – субъективтік шындықтың негізігі элементі және қоғаммен диалектикалық қатынастан туындайтын құбылыс [7]. Бірегейлік ұғымының гуманитарлық ғылым салаларында кең таралуы оның *ерекше икемділікке* ие, әрі көптеген құбылыстардың мәнісін білдіре алатындығында. «ХХ ғасыр мәдениеттануы» энциклопедиялық кітабында бірегейлік –адамның жеке өзіндік ерекшелігін, әрі тұтастығын субъективті сезіммен сипаттайтын, Мен туралы психологиялық түсінік» [8] ретінде анықтама берілген. Аталған көріністер жынысы, жасы, тобы, мәдениеті, әлеуметтік мәртебесі, қоғамдағы рөлі, нормасы, яғни, адамды сәйкестендірудің нәтижесіндегі түрлі әлеуметтік категориялар арқылы құрылады. Индивидтің – әлеуметтік – мәдени үлгілер мен нормаларды, құндылықтарды меңгеруі және өзге адамдармен өзара байланысқа түсіп, әлеуметтік рөлдерді қабылдап меңгеру барысында өзін-өзі идентификациялауы өзгеріп отырады. айтқандай, индивид бірегейлігінің негізгі діңгегі жасөспірім шамасында қалыптасады. Бұл үрдісдерді хакім Абайдың қара сөздерімен айтсақ, «Адам баласын заман өсіреді, кімде кім жаман болса, оның замандастарының бәрі виноват» [9, 325]. 37 қара сөзінде адамның қоғамдағы рөлінің жамандыққа тән сипаты қалыптасса қоғам мүшелерін кінәлі деп пайымдаса жетінші қара сөзінде: «жас баланың анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады» деп, баланы тәрбиелеуде әке-шешенің жан мен тән құмарлығын алғашқы күннен бастап дұрыс ажыратып, қай жаққа басымдық беру керек деген жағы қарастырылса, 43 қара сөзінде пенделіктен толық адам дәрежесіне жету жолында хауаси салим сезім мүшелері арқылы сырттағы дүниелерді ішкі әлемге дұрыс қабылдау арқылы жүректің қуатын зорайтудың жолдары көрсетілген [9, 352-356]. қара сөздерінде персоналды бірегейліктің әрбір қыры мен сыры қамтылып саналы әлеуметтік бірегейлікті қалыптастырудың небір ұтқыр жолдарын көрсетілген. Батыс ғылымында бірегейлікті зерттеудің әлеуметтік дәстүрі символдық интеракционизм теориясымен байланысты. , Дж. Мид, өзіндік «Мен» (адам, индивид) бір жағынан өзін-өзі қалай бағалайды, ал, екінші жағынан, «Менге» басқа адамдардың қоятын талаптары және оны мойындауы (бағалауы) тұрғысынан қарастырған. Дж.Мидтің пайымдауында, бірегейлік интрапсихикалық «I» және әлеуметтік «Me» ортасындағы тұрақты диалогтың нәтижесі, жеке тұлға әлеуметтік әлемнің интерсубъективті ғаламын танытатын басқа адамдардың көмегімен қалыптасады. Дж. Мид, ең алдымен, әлеуметтік әлемнің органикалық байланысының негізінде адамның ішкі әлемінің сабақтастығын көрсетті [6, 43 б.]. Қазақ халқының хандық дәуірге дейінгі өкілі «Болмыс» деген трактатында адамның жаратылуына дейін пайда болған болмыстарды тану дұрыс танымды қалыптастыратынын айтса, «Құтты білік» шығармасында осыған ұқсас дүниелерді қарастырған. Қазақ философиясының ағартушылық кезеңінің кемеңгер ойшылы өз еңбектерінде адамның табиғат пен жануарлар әлемін танып, содан үйрену арқылы өзінің адами шынайы болмысын танудың жолдарын көрсеткен.
|
TEXT
|
kaz
|
25,468
|
Мультимәдениет саясаты азшылықтың диктатурасы, ол қоғамды біріктіруге емес оның бөлуге алып келеді [10, 28-29 б.]. Мультимәдениет саясаты демократия ұранымен адамдарды идентификациялайтын жалпы үрдістің негізігі бөлігі болып саналатын ұлттық және азаматтық бірегейліктерді ыдыратуды көздейді. 1971 жылы мультимәдениет принципі енгізілді, кейін 1973 жылы Австралияда, 1975 жылы Швецияда байқалды. 1980 жылдардың басында бұл принцип Батыс елдерінің көпшілігінің саяси тәжірибесіне және халықаралық ұйымдарға арналған ұстанымға айналды. Бірақ, отыз жылдық мультимәдениеттің АҚШ пен Батыстағы тәжірибесіне назар аударсақ, мәдени топтардың оқшаулануын күшейтіп, олардың арасында жасанды шекараның құрылуына алып келді. Тіпті, 1970-1980 жылдары мәдени толеранттылық пен өзара сенімнің үлгісіне айналған Нидерланды мемлекетінде, ұлттық-азаматтық ыдырау процестері көрініс алды. Біздің пайымдауымызша, жаһандану жағдайында мемлекеттің тәуелсіздігін тұтастығын сақтау жолында ұлттық кодты, яғни, құндылықтарды дұрыс жүйелеп бағдарлаумен қоса этнос, ұлт бірегейлік ұғымдарының мағынасына мән беру маңызды. Өйткені мультимәдениет бағыты негізгі біріктіруші ұлттық бірегейлікті ыдыратып, бірегейліктің көптүрлілігін тудырады. Сол себепті бірегейлікті бөлшектеуден сақтайтын ұлттық бірегейліктің негізгі құрылымдық мәнін тану қажет. Себебі ұлттық және этностық бірегейліктің төңірегінде ғалымдар арасында әртүрлі бір біріне сәйкес келмейтін пікірлер көп. Мысалы, дәстүрлі мәдени түсінікте ұлт дегеніміз этностан жалғасы болса, батыстық ұстанымда ұлт азаматтық саяси қолдан құрылған қауымдастық. Батыстық тұрғыда пайымдайтын болсақ, бізде ұлт деген ұғым жоқ болып шығады. Бұл дегеніміз, біріктіруші, шоғырландырушы, ұлттық құндылықтармен негізделген, өз адамдарын бауырына басатын қасиетті ұғымның жоқ деуімен бірдей. Қазіргі таңда этностық және ұлттық бірегейлік ұғымдарының негізігі мағыналық ұстанымдары «өзгеріп» олардың нақты онтологиялық ұстанымдары күмән тудыруда. Ұлт (nation) туралы ғалымдар арасында пікірлер әртүрлі, біреулері ұлтты әуел бастан бар десе, басқалары әлеуметтік құрылым деп пайымдайды. Жалпы, этнос пен ұлт түрлі әлеуметтік құрылымдар және бір уақытта өмір сүреді, ал тарихи тұрғыдан этнос бастапқы. Әлеуметтік әрекеттер терминін енгізген этносты бір тілде сөйлейтін ортақ шығу тегі мен дәстүрге негізделген адамдардың тобы деп анықтады. «Этносаяси сөздікте» [10, 343 б.], «этнос» терминіне қатысты отандық және әлемдік этнологияда бір жақты түсінік қалыптаспағанын байқауға болады. Ресейлік зерттеуші : «Қазіргі ғылыми ұстанымдағы ұлттың – этникалық топтардан айырмашылығы ол, аграрлы мәдениеттен индустриалды мәдениетке өтудің нәтижесі» [11, 118 б.] десе, ағылшын және француз тілдерінде «ұлт» ұғымы «мемлекет» ұғымының синонимі ретінде жиі қолданылады және адамдардың азаматтығымен байланыстырылады [12, 685 б.]. пайымдауынша: «ұлт – мәңгілік категория емес, ол Еуропаның даму тарихындағы ұзақ, әрі күрделі үрдісінің жемісі» [13, 122 б.]. ұлттар мен мемлекеттер этникалық қауымдастықтардан өсіп – өніп шыққан [14, 46 б.] десе, ал және көзқарастарында «мемлекет ұлттарды дүниеге әкеледі» [15,121–123 б.]. [16], [17], [18], [19] өз зерттеулерінде жаһандану жағдайындағы этникалық және ұлттық бірегейліктің көріністері туралы мәселелерді көтерді. Этностық, ұлттық және әлеуметтік бірегейліктердің мәні мен құрлымы реализм мен номинализм бағыттарының примордиалистік, конструктивистік және инструменталистік тәсілдердегі ғалымдардың теориялық еңбектерінің негізінде зерттеліп талданған. Реализм бағытының аясында примордиалистік көзқарас қалыптасты, өкілдері , , , ден Берге, , , және т. б., этникалықтың объективті деректерін бастапқы сипаттама ретінде қарастырды. Реалистердің, оның ішінде, примордиалистер, эссенциалистер бірегейлікті халықтың шығу тегіне, рухани дүниетанымына ортақ тіл, дін, діл, территория, тарих арқылы қалыптасатынына тоқталған. Примордиализм теориясының шеңберінде әлеуметтік-биологиялық және эволюциялық-тарихи бағыттар қалыптасты. Әлеуметтік-биологиялық бағыттың өкілдері этникалықты «туыстық таңдау мен байланыстың кеңейтілген түрі» ретінде түсіндіреді. Этностардың мәнін , , , «кеңейтілген отбасына» жинақтай отырып, этникалықты биологиялық тұрғыдан сипаттаған. Этнос туралы әлеуметтік-биологиялық бағытта «пассионарлық» тұжырымдамасын енгізген, оның мағынасы қазақ халқының «төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген мақалына сәйкес келеді. Биологиялық бағыттың өкілдері бірегейлікті органикалық және өзгермейтін үрдіс ретінде қарастырған. Мұндай пікірлерге жапон ұлтының біртектілігі туралы теорияны, қанға байланысты корей ұлтының түсінігін және қазақ халқының өзінің түп негізін тарқататын шежіресі жатады. Осы ретте : «Ерте күнде, отты күннен ғұн туған, Отты ғұннан от боп ойнап мен туғам» – өлең жолдарындағы ғұндардың, түркілердің, қазақтардың арасындағы туысқандық байланыстарға тоқталған өлеңін және Алаш ардақтысы қазақтың шежіресін зерттей келе ерекше баға берген, «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегінің орны ерекше. Примордиалистердің әлеуметтік – биологиялық бағыты ұлттық және этностық бірегейлікті өткеннің тілі мен дәстүрімен, биологиялық факторлар арқылы зерттесе, екінші бағыты нақты тарихи – мәдени жағдайлардың әсерімен тығыз байланысты деп пайымдайды [20, 104 б.]. Примордиализм теориясының эволюциялық – тарихи бағытының өкілі «этнос» территория, тіл, мәдениет, өзін-өзі тану, өзіндік атау және басқа да ерекшеленетін бірқатар сипатты белгілерге ие әлеуметтік, тарихи тұрғыдан пайда болған қауым ретінде анықтады. Жалпы, реалистік бағыттың аясындағы примордиализм ұстанымында «этнос» ұғымы тереңнен бастау алатын тарихи – мәдени түп негізге көңіл бөлсе, екінші номиналистік бағыттың аясындағы конструктивистік тәсілде субъективтілік көзқарас дамыды. 1990 жылдары конструктивизм ең көп таралған парадигмаға айналды. Конструктивизм «көпше» және «ағымдылық» бірегейліктері арқылы белгілі бір субъектілерге қажеттілік орын алған жағдайда бірегейліктерді құру мүмкіндіктеріне ие болу мәселесін көтерді [21, 188 б.]. Конструктивизмнің өкілдері ретінде өзіндік тұжырымдарымен ерекшеленген , , , , , , және ресейлік , атай аламыз. «Ұлт қиялдағы идеялардың жиынтығы» деп түсіндірсе, «бірегейлікті құрастыру» «дәстүрлерді ойлап табу» процесімен бірдей деп пайымдаған. Конструктивистердің пікірлерінше этностық - туа біткен емес, адамның динамикалық өзгеретін сипаты. Ал, ресейлік зерттеуші ұстанымында: «Адамдар белгілі бір этникалық топтың мүшелері ретінде әлеуметтік тәжірибе аясында қалыптасады. Сондықтан этникалық бірегейлік белгілі бір мәдени кешеннің көрінісі ретінде емес, қоғамдық ұйымның бір түрі ретінде қарастырылуы керек» деп пайымдап [22, 20–21 б.] этникалық бірегейлікті өзгермелі, қозғалмалы «дрейф» деп атайды. Келесі ресейлік зерттеуші анықтамасында: «Этнос – мәдени сипаттамалары бар тұрақсыз қауымдастық, ұқсас мәдени ерекшеліктер туралы пікірлерімен бөлісетін, ортақ шығу және ынтымақтастық мифіне ие адамдар қауымдастығы» [23, 25 б.]. Конструктивизмнің негізін қалаушылардың бірі «Этникалық құрылымды құруда саясат рөл ойнайды яғни, этникалық топ мүшелерін саяси көшбасшылар өздерінің ұжымдық іс-қимылына жұмылдыру мақсатын көздеп топтың мәдени идеологиясына мән бермейді» [2, 62 б.] деп санаса, Швейцария тарихшысы конструктивизмді элитаның этниканы манипуляциялау идеясы және осы «әрекеттерді» іске асырудың белгілі әдіс тәсілдері бар екеніне тоқталады...» [2, 63 б.]. 1970 жылдары АҚШ-та этникалық ерекшелікті түсіндіруде мен мақалаларында көрініс тапқан инструментализм әдісі пайда болды. Инструменталистік әдісінде этникалық топтың өміріндегі ең басты құндылығы – белгілі бір нақты мүдделерді қанағаттандыру және мақсатқа жету. Біздің пайымдауымызша, конструктивизм мен инструменталистік бағыттардың примордиализмнен айырмашылығы олардың этникалық бірегейліктің маңызды элементі саналатын мәдени факторға жеткіліксіз назар аударуы. Этностың немесе ұлттың «біріктіруші» діңгегі саналатын мәдениетке тиісті деңгейде көңіл бөлмеу ұлттың жойылуын тездеттіретін үрдіс. Этностық және ұлттық бірегейлікті жаһандану жағдайында «контр бірегейліктердің» конфигурацияларынан сақатудың жолы ұлттың тарихи мәдени құндылықтар екені ақиқат. Ұлттық бірегейлікті ыдыратуды көздейтін мықты технологиялардың негізінде қалыптасқан «контр бірегейліктердің» [24] конфигурациялары ұлттық құндылықты сақтайтын механизмдердің бір сәтке өз міндеттерін дұрыс атқармаған жағдайда күшейіп «біріктіруші» бірегейлікті құлдыратады. Контр бірегейліктер «сыртқы» өзге мәдени космополиттік, трансұлттық, консюрмистік, гедонистік формалар арқылы қалыптасады. Контр бірегейліктің ішіндегі қауіптісі космополиттік бірегейлік. Себебі космополиттік бірегейлік негізгі институционалды емес компоненттерге айналып («soft power») «жұмсақ күшті» қалыптастырып жаңа бір келбетте қолданылада. Космополитизмнің жаңа келбетін модернизация теориясын құрушы , , және басқаларының космополиттік бірегейлену әсерін жандандырған стратегияларын келтіруге болады. (CNN) сияқты қуатты БАҚ көздері «біріктіруші» бірегейленуге қарсы жолда ақпаратты басқарудың құралы ретінде пайдаланып, түрлі субъективті конфигурациялар мен оқиғалардың суреттерін ұсынады. «Контр бірегейліктер» гедонизм, консюрмизм, партикуляризм модификациялары арқылы «біріктіруші» бірегейлікке еніп кейін «Қызғылт сары» және басқа да түрлі төңкерістерге жол ашып, «трансұлттық корпорациялардың» қитұртқы әрекеттерінің салдарынан «біріктіруші» бірегейлікті непотизм мен сыбайлас жемқорлық арқылы одан әрі әлсіретіп, халықтың мемлекеттік билікке деген сенімінің төмендеуін жоғарлатады. Мемлекетке деген сенімін жоғалтқан адамдар жеке басының, отбасының, топтың мүдделері үшін ұлттық мүдделерді ескермейді, әскери борышын, салық төлеу міндеттерін орындаудан бас тартып жекеленеді. Ал, мұндай орталарда бұқаралық мәдениеттің оңай жолмен еніп, ойдағысын жүзеге асырып, қоғамның «деградациялануын» тездетеді. , бұқаралық мәдениетті АҚШ-тың геосаяси басымдықтарын қамтамасыз ететін төрт факторлардың бірі ретінде анықтайды.
|
TEXT
|
kaz
|
25,469
|
Американың мультимәдениет саясатына өтуі, ұлттық бірегейлікке қауіпті деп санап, әсіресе, «үш ғасыр бойы американдықтардың ұлттық бірегейлігінің діңгегі болған англо-протестанттық өркениет рөлінің төмендеуіне, испан тілінің АҚШ территориясында екінші тіл ретінде таралуы, нәсілдік, этникалық және жыныстық түсініктерге негізделген топтық бірегейліктердің бекітілуіне …» [25] алаңдаушылық білдірген. Әрине, «тіл болмыстың үйі» деп, айтқандай, әрбір халықтың құндылықтары, өзінің ұлттық ана тілінде жатыр. Одан кейінгі құндылығы – ар-иманға, өнегелі жақсы қасиеттерге шақыратын дінінде. Ұлттың тілі мен дінінен әсері ділде (менталитет) қалыптасып көрініс табады. Діл дегеніміз – ұлттың талай ғасырлар бойы қалыптасқан өмір сүруінің жолы немесе ұлттық коды. Жаһандану жағдайында азаматтарымызды бірегейліктің көптүрлігінен сақтап қалатын жолдар тарих, мәдениет және адам капиталы деп санаймыз. Ұлттық кодты (түп негізді) тану үшін міндетті түрде «тарихи тамырымызға» ораламыз, бұл диалектика заңдылығы. Тарих бойынша тапқан құнды жәдігерлеріміздің ерекшелігін крос-мәдени зерттеулер арқылы сипаттап, жүйелеп келер буынға лайықты түрде табыстау бүгінгі аға ұрпақтың келешек ұрпақ алдындағы парызы. Егер тарихи жадының жүйесі тиісті дұрыс деңгейде құрылмаса, келер буынның санасында ұлттық құндылықтар өшеді. Ұлттық құндылықтар өшсе, саналы бірегейлік қалыптаспайды. Қазақстандық әлеуметтік шынайылықта біздің ұлтқа байланысты «рухани жарақат» жайлы естен шығармауымыз қажет. Ұлттық бірегейлік, мәдени саланың өзгерістерге ұшырау уақытында көп ғасырлық тарихы мен мәдени құндылықтарының, яғни, тарихындағы маңызды сәттердің түпнегізінің, жоғалған, бұрмаланған кесек кесек үзінді түрінде жетуінен жарақат алады. Ұлттың бойындағы, мәдени құндылықтардың өзгеруі, ұлттында өзгеруін жылдамдатады. Әсіресе, ұлттық бірегейліктің бойындағы ауыр жарақат кеңестік жүйенің «кеңестік бірегейлікті» орнату барысында, ұлттың тарихи мәдени түпқазығы (коды) өзгерістерге ұшырады. жастардың әлеуметтенуіне қатысты жүргізген саясаты және ұрпақтар арасындағы дәстүрлі байланыстардың бұзылуы, ұлттық рухтың әлсіреуі, жеке тұлғаның және тобырдың мәдени деградациясына әсер етіп, мәдени құндылықтардың құнсыздануына алып келді. Нәтижесінде, ұлттық сана, ұлттық құндылықтарынан бас тарта бастады. Бұл жарақаттың орнын уақытымен емдеп, айықпаса, өмір сүруін кез келген ұлт тоқтатады. Сондықтан мемлекеттің тәуелсіздік алған шағынан бастап, түпнегізімізді тану барысындағы іс-шаралардың нәтижесінде, біраз құндылықтарымызбен қауыша бастадық. Яғни, мемлекеттің ұлттық кодты танудың басты себебі, қазақ ұлтың өзгелерден жоғары қою үшін емес, алған жарақатын емдеудегі әдісі деп білгеніміз жөн болады. Себебі ұлттық сана қалыптаспаса, бірегейліктің көптүрлілігі бұқаралық мәдениет негізгі орынға шығады. Бұқаралық үрдіске, тек ұлттық сана ғана қарсы тұрады. Ұлттық сана жер бетіндегі әрбір ұлттың жаһандану заманында өзгеге жұтылмауының, өз ерекшелігін сақтап қана қоймай, әлемдегі лайықты орнын айғақтайтын негізгі кепіл.
|
TEXT
|
kaz
|
25,470
|
Халықты тәрбиелеу үшін, «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларының негізінде мектеп қабырғасындағы оқушыларға арнайы бағдарлама әзірлегені жөн, бастауыш сыныптағы балаларға ұлттың салт-дәстүрін, ұлт тарихын бойларына әбден сіңіріп, содан кейін ғана басқа ғылым салаларына көшетін оқыту бағдарламасын енгізу қажет. Сол кезде біз хакім Абайдың аңсаған «бір болсада жүзге татитын» азаматтарын тәрбиелеп шығарамыз деп сенеміз.
|
TEXT
|
kaz
|
25,471
|
аяқталмай қалған «Алматылықтар» романының бірінші бөлімінен оқырмандар алғаш рет алматылықтардың екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі тыныс-тіршілігін тануға мүмкіндік алса, жазушы «Мейман» әңгімесінен ХХ ғасырдың 70-жылдарындағы Алматының образы көрінеді, ал жазушы «Айқараңғысы» романынан 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тұсындағы Алматының реалистік образын көре аламыз, жазушы «» романы ел астанасын оңтүстіктен солтүстік қалаға көшіру ісіне арналған. Мақалада осы шығармаларда құрылған көркемдік шындық пен сол уақыттағы тарихи шындық арасындағы байланыс ашылған, сюжеттік оқиғалар мен кейіпкерлер жүйесіне әдеби-теориялық талдаулар жасалған, қорытындыда қазақ әдебиетінде «астана мәдениеті», «астана тұрмысы» ұғымдарының қалыптасқандығы, сондай-ақ, «астана» концептісінің пайда болғандығы дәлелденген.
|
TEXT
|
kaz
|
25,472
|
Көркем туынды – қоғамның айнасы. Әрбір ақын-жазушы өзінің өскен ортасы, өмір сүрген дәуірінің жетістігіне шаттанса, кемшілігін күйіне сынайтыны белгілі. Ел өміріндегі маңызды оқиғалар, ел басына түскен трагедиялық жайлар ақындар қаламына ілінбей қалмайды десе де болады. Әр ақын өзі өмір сүрген кезеңінің келбетін жырлап, елеулі жайттарды суреттеп отырған. Мысалы, Абай өлеңдерінде заман көрінісі төмендегідей сипатталады: Орыс сияз қылдырса, Болыс елін қармайды... Ояз келсе қайтер ең, Айдаһардай ысқырып... Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға, Шелтірейтіп орысың, Шенді шекпен жапқанға... шығармаларында дәуір тынысы былай бейнеленеді: Ақын өлеңдерінде заман көрінісі, ащы шындық айқын берілген. Ел арасындағы болыстардың мансапқорлығы, халықты аяусыз шен үшін қанауы, ұлықтардың жебірлігі соның әсерінен халықтың жүдеу тұрмысы, шерлі болуы айтылады. Бүгінгі таңда қазақ жастар поэзиясынан да қоғам келбеті айқын көрініс тапқан. «Адамдар бар өрге ұмтылып, бақты алған» өлеңінде: Бет түзейтін бағыттары белгісіз... , [1, 21 б.] - деп күйінеді ақын. Қазіргі қоғамымыздағы әлеуметтік жаңдайы төмен топтардың бар екенін, олардың «өмір-күнге қақталған», «жапырақтай тапталған» деген метафора, теңеу арқылы тұрмысы ауыр халықты сипаттаған. Өмірден өз орнын таппағандарды құмға сіңіп кетіп жатқан бұлақтарға ұқсатады. Өмірді – өзенге, тағдырларды бұлаққа балау арқылы айтар ойының әсерін жоғарлатқан. Өмірдегі ащы шындық қазіргі поэзияда өткір тілмен сыналған. Ғаламдық урбанизациялық үдеріске байланысты қазақ халқының қалаға шоғырлануының нәтижесінде халық психологиясы, менталитеті, мінез-құлқы, әлемді танып-түйсінуі өзгеріске ұшырады. Осы себепті қазақ поэзиясында . Қазақ халқына тән қонақжайлылық, дархандық, кеңпейілділіктің азаюы, қаталдық, екіжүзділік, қайырымсыздықтың орын алуы поэзия тілінен орын алды. «Ерлер қайда көкпар тартып сайысқан?» өлеңінде қазіргі қоғамдағы әлеуметтік қиындықтарды сынай отырып, Қатты батып қабырғасы қайысқан...-деп қынжылады. - Азаматқа тән қасиет – ірілік, // Ал әйтпесе ел азады бүлініп. // Осы бетпен кете берсек не айтам, // Келсе бір күн бабаларым тіріліп?! [1, 9 б.] Қазіргі кезде ақын жазғандай, күйбің тіршіліктен аса алмай жүрген ер адамдардың көп екендігі ащы шындық. Көкпар тартып сайысатын ерлеріміздің мына нарық заманында өмір көкпарына тартылып кетіп жүргендері де баршылық. Бүгінгі таңдағы кесапаттың бірі ішкілікке салыну, оған да ақындар соқпай өте алмасы анық. Мысалы ақын Саяттың «Өмір» өлеңінде ішкілік мәселесі сөз болады: Қазір көбі сырласып жүр арақпен [1, 30 б.] Ақынның «Көп жандарың сырласады арақпен» өлеңі қазіргі қоғамдағы ішкілік мәселесі көтерілген: Қырандар да тез айналар қарғаға! [1, 16 б.] Жалпы ішкілік – кеңес дәуірінен қалған кеселдердің бірі. Ақын қоғамымызды бұндай дерттен тек имандылық қана құтқара алатындығын айтады. Енді бір қоғам кеселі ақынның «Арулар жүр» өлеңінде сыналады. Қазіргі намыссыз қазақ қыздарының жүріс-тұрысын сөз етеді, «Тоғжандарым кешегі жоқ жан болған қарашы...// «Шылым шегіп, қазір де масаң жүрген арулар – Ертең туар бейкүнә кемтарлардың анасы»,- деп қиналады. Қазақтың әйел-қыздарының осындай күйге ұшырағаны елдігімізге сын, болашағымызды күңгірт қылады. Олардың ертең қандай ұрпаққа ана болары белгісіз. Анығында көркем әдебиет қоршаған ортаның шыңдығын бейнелеп қана қоймайды. Ол адам табиғатын, қоғамның болмысын өзгертуге, жақсартуға ат салысады. Көркемдік сана айналадағы өзгерістерді де бағдарлап, бейнелеп отырмақ. Оның қайшылықтарын, шешімін таппаған түйіндерін, келешегін барлайтын да, халыққа түсіндіретін де көркем сана. Аталған қасиеттерді бойына сіңірген көркем ой туындылары ғана классикалық сапаға көтеріледі. «Бәрі де ашкөз» өлеңі тәуелсіздік алғаннан соңғы қоғам келбетін суреттейді: Бәрі де ашкөз ауру да, ажал да, Ашкөз тірлік, ашкөз ұрлық базарда... Қалбалақтап, таба алмаған сор емін – Қайда барсам аран ғана көремін. Көремін де Көңілімді көр етіп, Өлеңімді кебін етіп өлемін. Ашкөз кеңсе, ашкөз түрме Ашкөз заңгер Ашкөз діндар [2, 72 б.]. Ақын «ашкөз» метафоралық эпитетін қайталай отырып, қоғамдағы жемқорлық, парақорлықты әсерлейді. Сөйлем басында бір сөздің немесе сөз тіркесінің қайталанып келуі кездейсоқ құбылыс емес. Олар неше рет қайталанып келсе де, тиісті стилистикалық қызмет атқарады. Осындай қайталаудағы сөздердің әрқайсысының стилистикалық «жүгінің салмағы бірдей болып келе бермейді: әрқайсысының өзінің өзіндік ерекшеліктері танылып тұрады. Ақын түрмеге қылмыскерлердің көп түсіп жатқандығын да «ашкөз» эпитеті арқылы жеткізеді. Ақын «өлең» дерексіз ұғымын кебінге айналдырып, дерексіз ұғымды заттандыру тәсілін қолданады. «Кебін» сөзі Мағжанда поэтикалық құрал ретінде көп қолданылған білеміз. Лирикалық қаһарман күйзелісі, постмодернизм белгісі бар. Постмодернизм бағытында лирикалық кейіпкер қоғамнан түңіліп, сырт қалады. Өзін жалғыз сезінеді. Жастар поэзиясындағы әлеуметтік тақырыптардың бірі – баспана. Бұл тақырып қоғамдағы ең өзекті мәселе болып табылады. өлеңдері де қоғамды шынайы суреттейтін ойлы өлеңдерімен назар аудартады. «Досқа сыр» өлеңінде жоғарыдағы ақындар көтерген баспана мәселесі сөз болады: Лирикалық кейіпкер басындағы мұң – үйсіздігі, біреудің қабағына кіріптар боп . Мына өмірдің өткіншілігін «бес күндік елеспін» деген сөздермен берген. Қазақта «қамшының сабындай қысқа ғұмыр», «бес күндік жалған» деген тіркестер бұрыннан бар. Автор «жалған» сөзіне тіркесетін «бес күндік» деген сөзге «елеспін» деген сөзді тіркестірген. «Бес күнмен қоштасты» деген тіркес – «өмірден озды» деген мағынаны білдірген. «Теңгеге түтілген өңдер» – тіршілік қамытын мойнына іліп, зорығып жүрген адамдар. «Қаншама обал мен үміттер, үкімет үйінде жерленген» деген жолдар мына қысқа өмірлерінде бастарында баспанасы болмай, үкіметтің жалдамалы пәтерлерінде өмірден өтетін тағдырларды көрсетеді. Ақынның «Ашу» өлеңінде: «Таз үкімет» біз сияқты сорлылар Тамсансын деп сап қойған. Бәріміздің басымызда . Сол үйлерге қарай-қарай көз талды, Көз жасымыз кірпішінен тамшылап. Айтпақшы, оның иелері ит баққан, Е, тоқшылық, көсегеңіз көгерсін! Жалған дүние, саған жамбас сыймады, Иә, әрине, жоқшылыққа не дерсің. Өтінемін, «қал қалай» деп сұрама, Біздікі сол, жоқшылықтың әлегі. Маңдайыма шимайланған ит тірлік, Иттікінен сәл, әйтеуір әдемі. Біреулерге ойын болды-ау ғұмыр-күн Маңдайымның сор шылқыңан азабы-ай. О, Баспана, арман болдың сен бізге, Шіркін, ана зәулім үйдің ғажабы-ай [3, 50 б.]. «Сол үйлерге қарай-қарай көз талды, көз жасымыз кірпішінен тамшылап» деген жолдан образдылық, ақындық шеберлік, қиял байлығын көреміз. Поэзиядағы шарттылық үлгісі. Биік . «Маңдайыма шимайланған ит тірлік, иттікінен сәл, әйтеуір әдемі» деген жолдар да тұрмыс тауқіметін тартып жүрген адамдардың жанкештілігін аңғартады. «Таз үкімет» деген тіркес билік туралы жағымсыз ой тудырады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,473
|
«Дүниенің иіне илену», «Кеденсіз кеңірдектер» – жемқорлар, парақорлар, қоғам мүлкін жұтып жатқандар. Осы кеңірдектерден (көремдегіш құрал ретінде – синекдоха) кедейдің иісі мүңкуі – халыққа тиесілі дүниені жемқорлардың жеп қойғандығы. «Төсекжады ұл» – әрекет етпей, жалқауланып жата беретін жігіттер. Қазіргі кезде көпшіліктің жаппай дүние қызығына беріліп кеткендігін қынжылып айтады. «Кешіргей бізді, бабалар» өлеңінде қазіргі уақыттағы қазақ елінде кездесетін әлеуметтік проблемаларға тоқталады. Ақынның бұл өлеңін ХІХ ғасырдағы зар заман ақындарының жалғасы деуге болады. «Қазақ деп қызар қанымның, инеге бағынғанын-ай» - қазіргі кездегі қоғамдағы ауыр дерттің бірі нашақорлықты жай ғана айта салмайды, өкінішпен құсаланып айтады. «Қан» сөзі қазақта тура, ауыспалы мағынасында әр түрлі мәнге ие бола алады. «Қанына тарту», «қаны бұзылған», «қаны қарайған», «қаны басына шапшыды» деген секілді тіркестер бар. Бұл өлеңдегі «қан» сөзі екі мағынада да қолданылған. Қазақтың қаны және сананың мәңгүрттеніп, нашақорлыққа тәуелді болуы. Бір тармаққа көп ой сыйғызған. «Асаудан асып құламай, құсыққа құлағанымды-ай» – қазақ арасында маскүнемдікке салынудың жойылмай тұрғаны. «Ауырып өлмей ажалдан, арқанға асылғанымды-ай» – қазіргі кезде қоғамымызда өзіне қол жұмсаудың белең алып тұрғандығы айтылады. «Жұртым деп соғар жүректің, құлқын деп дүрсілдеуін-ай» – кейбір ел билеушілердің жемқорлық, парақорлығы, оларда отансүйгіштік сезімнің жоқтығы. «Көрініс» өлеңінде қоғамымыздағы отбасылық қарым-қатынастың да өзгергенін тілге тиек етеді. Ақын қазақ отбасындағы бұрынғы әке-шешеге құрмет, ибалы келін, мейірімді ұлдардың азайып бара жатқанына, жоғарыдағыдай қазақ діліне жат көріністердің белең алып бара жатқанына қынжылады. «Отан отбасынан басталады» деген қағиданы еске алатын болсақ, отбасындағы тәрбиеміз осындай болса, елдігімізге сын болмақ, ұлттық құндылықтарымыздың жоғала бастағанының айғағы. «Құса» өлеңінде де әлеуметтік мәселелер терең ой, бедерлі тілмен жеткізілген: Лирикалық кейіпкердің жан дүниесіндегі дерт, мұң бейнелі сөздермен өрілген. Ақын мына өмірді «тұл тірлік» деп атайды. «Қоңыр кештен қою-қою ой ұрттап» тармағында «ой» дерексіз ұғымын заттандырған. Кейіпкер қою шай орнына қою ой ұрттайды. Кейіпкердің қалың ойға берілгендігін «қою» деген сөзден аңғарамыз. Абай өлеңінде ойға батып, жабығуды «Сол қасқырша алақтап түк таппадым, көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?» деп суреттеген еді. «Қобыз мұң» дегендегі «қобыз» – метафоралық эпитет. Қобызбен көбіне мұңды күй тартылады. Ақынның «қобыз» сөзін алып отырғаны сондықтан. «Қобыз мұңның қыл ішегінің дір етуі» метафоралық тіркесімен адам жан дүниесіндегі сезім иірімдерін, жүрек тебіреністерін сипаттаған. «Күрсіністің күлбілтесі» метафоралық тіркесіндегі «күлбілте» – жасырын іс-әрекет. «Қарыны тоқ құмайлар» дегенде жемқорлық, парақорлықпен қарнын тойғызып жүрген құлқынқұмарларды көрсеткен. «Ожданымды отқа жағып ойсыздар» тармағында «ождан» дерексіз ұғымы отын секілді отқа жанғандай заттандырылып суреттелген. Қазіргі кезде ұят боп есептелетін нәрселердің ұят болмай қалғандығын меңзейді. «Обалдан ойыншық жасау» тармағында да «обал» дерексіз ұғымын ойыншық секілді заттық сипатқа енгізу арқылы айтайын деген ойын оқырман санасына қонымды жеткізген. «Күлдір-күлдір күңірендім» деген тіркестегі «күлдір-күлдір» сөзі жыраулық поэзияда «күлдір-күлдір кісінетіп, күреңді мінер күн қайда» деген түрде қолданылатын. «Күлдір» сөзі «күңірендім» сөзімен дыбыстық жағынан ұйқасып та тұр. «Күн тұтылып ішімде» – шарттылық. Кейіпкерің болащаққа деген сенімінің жоғалуы, жарқын ойдың болмауы, пессимзмге салынуы бейнеленген. «Талқан болған тағдырлар-ай, қайтейін,тіршіліктің тісінде» деген соңғы екі жол өлеңнің түйіні секілді жүк көтеріп тұр. «Тіршіліктің тісі» метафоралық тіркесі қазіргі нарықтық заманды дәл сипаттаған. «Адам ары бүгінде» өлеңінде де бүгінгі қоғамымыздағы әр түрлі әлеуметтік мәселелер тілге тиек болған: Адам ары бүгінде Пұл болыпты деседі, Өз елінде бұл қазақ құл болыпты деседі Қасірет, ә? Қасірет ! Іштен шыққан баласын, Сатып жатыр деседі. Данышпанын, данасын Атып жатыр деседі. Қасірет, ә? Қасірет ! Әкесінен қызында Бала бопты деседі. Он жасағы қыз бала Ана бопты деседі. Қасірет, ә? Қасірет ! Бір отбасы бір күнде, Жоқ болыпты деседі. Тағдырының нүктесі – Оқ болыпты деседі Қасірет, ә? Қасірет ! Е, Құдайым, біздерге, Иманыңді нәсіп ет [4, 20 б.]. Бұл өлеңде бұрын қазақта құлақ естіп, көз көрмеген оқиғалардың болып жатқаны тізбектеледі. Ақындардың шындықты айта білуі туралы былай дейді: «шындықты жырлау, әділін айту – поэзияның басты мұраты. Десек те шындықты айту ақындарға қай кездерде де оңайға түспеген. Көп ақын шындықты жырлағысы келгенмен түрлі әлеуметтік себептермен өйте алмайды. Шындықты айта білу ең алдымен, дарындылықты, содан кейін батылдықты, шеберлікті қажет етеді. Мұндай қасиеттер ілуде біреуде ғана кездесетіні тағы бар» [5, 534 б.]. қазіргі діл, дін, тіл, жердің, жетім баланың шетелге сатылуы, имансыздық, ұлтсыздану, рушылдық мәселесіне қабырғасын қайыстырады. Қазаққа жөн айтатын Абай мен Шәкәрімдер керек дейді. Қазақ елінің болашағына, келер ұрпақ аманатына алаңдайды. Абайы, Шәкәрімі болған елдің құлдырап кетуі неліктен деген сұрақ қояды. Қазақ елінің жиырмасыншы ғасырда тілінен, дінінен, ұлттық ділінен айрылып, қазақ деген аты ғана қалғаны рас. Тәуелсіздік алғанымызбен, жоғалтқан ұлттық құндылықтарымызды қалпына келтіргенімізбен, көп қазақтың санасы қазақы қалыпқа түскен жоқ, тілін ұмытқандар тілді үйренбеді, дінінен мақұрым қалғандар әлі діннен алшақтап жүр. Қазір қоғамымыз қазақ тілді, орыс тілді қазақ болып бөлініп кетті. Қазақпын дейтін қазақ бар, жаңа қазақ атанып жүргендер бар.
|
TEXT
|
kaz
|
25,474
|
Тілдің когнитивтік құрылымында концептілердің алатын орны ерекше. Себебі семантикалық және ассоциациялық өріс құруы концептілер жүйесі арқылы көрініс табады. Ал концепт пен мағына арақатынасы семантикалық талдау мен концептуалдық талдау арқылы айқындалады. Ұғым (мағына) белгілі бір тілде сөйлейтіндерге таныс болуы мүмкін, бірақ концепт белгілі бір мәдениетті ұстанатын ортаға ғана таныс бола алады. Өйткені «аялық білімнің» [1, 59 б.] болуын қажет етеді. «Ауыл» концептісі кез келген ұлттың дүниетанымында негізгі рөл атқаратыны белгілі. Себебі адам баласы үшін туылған, өсіп-өнген, ұрпақ жайған, атақоныс ақ мекенінен, ағайын-туыс, бауырларымен бірге тұрақтаған жерінен артық жер болмайды. Қазақ халқы үшін «ауыл» ұғымының қанша қадірлі, ыстық екенін поэтикалық туындылардан көруімізге болады. Осы ұғымды танытуда оның ядролық концептісін және оны толықтырып тұрушы, мазмұнын байытатын «толықтырушы» [1, 107 б.] концептілерді ақын-жырауларымыздың шығармашылығынан кездестіреміз. «Қазақ үшін дала халықтың бітім-болмысын, ұлттық рухты танытатындықтан, оның дүниетанымында, лексикасында даланы сипаттайтын, онымен ассоциацияланатын тілдік бірліктердің де мол болуы заңды. Ал сол даланың перзенті – ақын-жазушылардың көркем мәтіндерінде тілдік құралдар күрделі ойды ашатын тақырыпқа сай таңдалып, іріктеліп алынады. Олар негізгі ойды беретін бір немесе бірнеше сөздің лексика-семантикалық парадигматикасы, синтагматикасы арқылы мәтіндегі ойды жылжытып, оқиғаны сипаттап, дамытып отырады. Туындының тілдік қабатын ұйымдастырушы автор мұндай сөздермен өзінің субъективті көзқарасын да білдіріп отырады» [2, 11 б.],- дейді ғалым . «Ауыл» концептісінің қазақ поэзиясындағы берілу сипатына назар аударсақ, бұрынғы кеңес дәуіріндегі поэзияда ауылды аңсау, қаладан безіну секілді өлеңдер көп кездеспейтін. Ал қазіргі поэзияда аға буын ақындар да, кейінгі жастар поэзиясында да осындай сарын жиі кездеседі. Мысалы, «Ауылға барам» өлеңінде: Қажытты тірлік! Қолды бір сілтеп кетсем бе екен ауылға?
|
TEXT
|
kaz
|
25,475
|
Жолаушыдаймын қалған бір сұмдық дауылда. Тек күйбең тірлік, өлеңді ойлар шама жоқ, Бұл жақта жүріп барады өшіп дарын да... Бүлінген үйлер, Болса да ауыл «құрыған», Бөрі – жүрегім сол жақты аңсап ұлыған. Қаланың шулы тірлігін тастап талақ қып, Ауылға барам, сол жақта менің құбылам! [3, 35 б.]. Бұл өлеңдегі лирикалық кейіпкердің қиналысы «қажытты» деген сөзден байқалады. Қаладан безінуін «шулы тірлік», «күйбің тірлік» сөздері айқындайды. Қаланың «сұмдық дауыл» деп берілуі, қаланы «талақ қылу» т.б. қолданыстар жағымсыз реңде танытқандай. Жүректі бөріге ұқсатып, метафора тәсілімен шулы тірлік ортасында өзін жалғыз сезінетінін бейнелейді. «Талақ қылу» – діни ұғым бойынша әйелінен ажырасу, некені бұзу. Қазақ тұрмысына тән ұлттық өрнекті көреміз. Саят «Досым келді» өлеңінде : бұл – жаңалық, Менің жаным қалада жүр қамалып. Жаймашуақ күн сынды көктем келді, «Ауыл» концептісі қазіргі қазақ поэзиясында ойсурет типінде объективтенген. Жақсы көру, сағыну т.б. сезім стереотипті ассоциациялар негізінде пайда болған ойсурет, яғни ауыл-әже, жайлаудағы жусан, бұлақ, сағым, құшағын жайған ана, т.б. Досының ауылдан келуі, қыстан кейін келетін көктем шуағы. Ауыл, дос, көктем, балалық шақ – барлығы біріне-бірі жақын ұғымдар. «Менің жаным қалада жүр қамалып» деген жол лирикалық кейіпкердің . Лирикалық кейіпкердің шын, адал досының болғанының өзі – бақыт. Кейіпкер досы арқылы ауылының суретін көргендей, Алматыда ауылдың лебі ескендей, балалық шағымен қайта қауышқандай әсерде қалады. Бұрынғыдай кәукілдесіп, Бірге ауылға бармаймыз, Есімде деп өзімізді, Өзгені де алдаймыз Балық қуып жағалауда Жалаң аяқ жүгірген, Табаныңды құм күйдіріп, Төбемізден күн күлген Түтіндері түзу ұшқан, Айналайын ауылым, Жер бетінен сендей жұмақ, Мүмкін емес табуым. Көркем мәтіннен ауылды аңсау, сағыну, өзгерту сияқты ойлар берілгенін аңғарамыз. «Ел көшті» өлеңінде : Ел көшті бауырынан боз даланың, Жабырқаған жүректің қозғап әнін. Қызығы қызды ауылдың естілмейді, Қайнаған қайда кеткен қан базары? Ауылдан аударыла көшіпті елім, Қараша үйдің қаңырап есік - төрі.
|
TEXT
|
kaz
|
25,476
|
Қала көрген көңілім ала болды [4, 12 б.]. Бұл туындыда да ауылдан еріксіз көшкен жанның сезімі «көңілінің ала болуы» арқылы өрілген. Ауыл - әже бұлғайды ақ жаулығын, Бақ тілеп бауырынан қашқан ұлға. Қайырылып бір құлыным келер ме деп, Ауыл –әже аңдиды қара жолды. Қарайып қара жұртта тұлдыр басы, Тірліктің тас бауыры тоңдырғасын, Келеді көшіп әне ...көңілін қалдырмашы [4,12 б.]. «Ауыл» – концептісі бірнеше фрейммен танылған. Ауыл-әже, қала-келін, ауыл-көк майса, кең дала, ауыл-ана, ауыл-баласыз қалған ана т.б. ақынның танымдық моделінде бұл концепт және оның өзгеру динамикасы теңеу, эпитет, метафоралар арқылы берілген: Қарайып қара жұртта тұлдыр басы // Тірліктің тас бауыры тоңдырғасын. «ұят болды-ау» дегізген ауылдан қалаға көшу, енді ауылда қалған қарттардың ұрпағының артынан ауылды қимай, қалаға қоныс аударуы сипатталады. Ауыл халқына тән жайсаңдық, жомарттық, ашықтық, кеңдік және досына адалдық, ар-намысты жоғары қою, рухани әлемінің байлығы, адамзатқа мейіріммен қарау, ақ көңілділік, уәдеге берік болу, т.б. ұлттық қасиеттер кең далада еркін өскен әр қазаққа тән мінез екендігі позия тілінде көрініс тапқан. Мысалы, ақын «Ауыл» өлеңінде ауылдың қадір-қасиеті түгел сипатталады: Ел қадірін білмеген бар, білген бар,//Ауылды айтсам төгіледі тілден бал. Шет жүргенде алақандай ауылдың //Түтінін де сағынатын күндер бар. Ауыл десем көз алдыма жусан кеп, // Кең пейілді нар тұлғалар елестер. Сағынышпен ауырғанда елге кеп, // көк майсаға аунап тұрсам айығам. Туған , // Ауылдардан жылыстама, ырыс, құт. Бірен-саран тентектері болмаса // Ауыл деген – мамыражай тыныштық [3, 69 бет]! Лирикалық кейіпкер үшін ауылы оның жүрегінен үлкен орын алады. Ауыл –өмірінің маңызды бір бөлшегі. Ауылдың түтіні ол үшін барлық жұпар иістен қымбат. Ауылда кең пейілді нар тұлғалар бар, . Ауылдың өмір бойы ырыс-құттың, қазақылықтың ұйытқысы боп . Бірақ урбанизациялану үдерісі кезінде бұлар біртіндеп өзгере бастағандығын қаланы суреттеген мәтіндердін көреміз. Ауыл мен . Ауылға деген сағыныш, қаладағы тіршіліктен қажу, мейірімділікті аңсау т.б. арқылы беріледі. Қысса-дағы бағалары нарқыңның, Көздерінде белгісі бар жарқылдың // Жақсы-жайсаң бабалардың белгісі – Ауылда ғой сынықтары алтынның! Алла игі жақсыларды жақтаған, Айтып // Шіркін, қазақ аш отырып өздері, Қонағына бар дәмдісін сақтаған! Ауыл адамдары нарық қыспағына қарамай қазаққа тән асыл мінездерін сақтап қалған. Бұл ойды ақын «Көздерінде белгісі бар жарқылдың» деген бір ғана детальмен сәтті бере білген. Қала адамына қарағанда . Лирикалық кейіпкер дейміз бе, ақынның өзі дейміз бе, бәрібір үлкен қалада жүріп ауылын аңсауын қоя алмайды. Демек, ауылда туып-өскен адам үшін бұл сезім өмір бойы қалары түсінікті. «Менің далам» өлеңінде туған жер, дала, ауыл – барлығы бір мағынада, дала парадигмасы ретінде қарастырылады: Таусылмайтын бақ пен құты, ырысы, Менің далам – кеңістіктің туысы. Сыйғызатын сан ғасырлық тарихты, Менің далам – далалардың ұлысы! [3, 67 б.].
|
TEXT
|
kaz
|
25,477
|
Демек, әр халықтың даласының тарихы әр басқа, қазақ даласын тарих кітабы десе болғандай. Қазақ даласы мен бақ, құт, ырыс – бір ұғым. Қазақ елінің ұлттық менталитеті дала ұғымымен байланысты. Далаға бар, жусан алып иіске [3, 67 б.]. Жусан көптеген қазақ ақындарының өлеңдерінде ауыл, даламен бірге алынады. Жусан иісін қазақ ерекше қастерлейді. Қалалардың асфальтында өскендер [3, 67 б.]! Қалада өскендер даланың қадірін түсінбеуі мүмкін. Жастайынан . өлеңінде: Адамдары жайдары, жарқын көңіл, Ұнатасың кәрісін, баласын да. Жүгіріп қырға шықса ала таңда, Барлық . Көлбеңдейді ақ жаулық ? Қарсы алады күлімдеп жеңгелерім, Мінезімен оларға тең келер кім? Жүгіреді әжелер жас келінше. Қалада өмір сүру, ондағы күнделікті жанталас, уақыттың жетпеуі, жұмыс, шектелген аумақ, түрлі эмоциялар мен әсерлерді бақылау, жасыру, дәстүрлі мәдениеттің мегаполистегі тұрмыспен қабыспауы, көптеген жайттарға қатысты ұлттық көзқарастың жоғалуы қазіргі қоғамда өмір сүріп жатқан адамның мінез-құлқына әсер еткені анық. Кеңдік, жайсаңдық пен ашықтық, ақкөңілділік пен жомарттықтың жоғалып, бар нәрсені жоқ дейтін, басқа адамдарға аса бір сенімсіздікпен, қорқынышпен қарайтын, екі сөйлеушілік, көрсеқызарлық, қатыгездік, қайырымсыздық, өзімшілдік т.б. байқалуы да позияда аңғарылады. «Мұның бәрі бұрынғы қазақтың қанында, жанында бар қасиеттерден арылуға себеп болып отыр. Ұлттық дүниетанымдағы осындай өзгерістер нәтижесінде қазақ ақын-жазушыларының көркем мәтіндерінде даланы аңсау жиі көрініп, » [2]. Мысалы, ақын поэзиясында Моп-момақан түлегі едік даланың, Жанымызда жоқ еді еш нала-мұң // Қалаға кеп, тағалы аттай тарпаңдап, Үйіріңе сен осқыра қарадың! Моп-момақан түлегі едік даланың, Жанымызда жоқ еді еш нала-мұң // Қалаға кеп, қағаз қажап жүйкені, Үйіріме мен қабарып қарадым [5, 12 б.]. Ал ақын шумақтарында ауылға деген сағыныш беріліп қана қоймай, . Кейіпкер тек . «Ашу» өлеңінде тек қана ауылға деген жалаң сағыныш емес, қоғамдағы жағымсыз құбылыстар астасып берілген: Елге кетем! Ен далада қой бағам. Елсіз жерде емін-еркін ойланам. Ішкен асы ішімдіксіз тарамас, Тәбеті – сау, қарыны – тоқ , араны – аш. Маңдайымнан сүйіп менің Аспаным! [6, 34 б.]. Ақын әке орнына – тауды, ана орнына – аспанды алған. Баласын көкке көтеретін әке болса, маңдайдан сүйетін – ана». «Тәуелсіздік туралы мас ақынның монологы» өлеңінде : Астанамыз көрініп тұр аспаннан... [6, 36 б.]. Мұнда . Тоқсаныншы жылдары ауылдың халі мүшкіл болғаны рас, қазір біршама ілгеріледі деп айта аламыз. Бірақ ауылдағы жұмыссыздық мәселесінің әлі шешілмеген жерлері бар. Мұндағы «шоқпыт-шоқпыт шалбарлар» зейнетақысын жеткізе алмай жүрген . Бірақ – баласының адам болғаны, малдарының ұры-қарыдан аман болғаны маңызды. «Бұқпа өзені» өлеңінде қаладағы өзенді басқаша сипаттайды: Шулы шаһар астымен тынып ағып, Толқи алмай, ыңырсып, ыңыранып // көктемде көсілместен, Тас қаланың бауырына бұғып алып. //Толқынымен толқыны табыса алмай, Кемел жұрттың көшімен жарыса алмай // бұқпантай бір күй кешіп, Кеудесін құрт кеулеген кәрі шалдай // лайланып, жаны ышқынып, Тас қаланың табанын ағыс қылып // Бұл қаланың ойнамас балалары, Қағаз қайық суға сап, жарыстырып // тағдырға көніп, арып, Өкпесін өркениет тоңы қарып // Түсіне енеді әркез қабақтарда, Кепкен мұжық кемірер өлі балық // толқыны жарға ұрынбай, Зар кешіп запы болған зарлығымды-ай! Қалаға тап-таза боп енген бұл да // Менің дәл он бес жасар тағдырымдай [7, 75 б.]. Бұқпа өзенінің «толқи алмай, ыңырсып, ыңыранып», «жатыр Бұқпа көктемде көсілместен», «тас қаланың бауырына бұғып алып», «толқынымен толқыны табыса алмай», «жатыр Бұқпа лайланып, жаны ышқынып», «жатыр Бұқпа тағдырға көніп, арып», «өкпесін өркениет тоңы қарып» жолдары арқылы бейнеленген. Далада еркін көсіліп ағуға тиіс өзен қалаға келіп «өркениет тоңына өкпесін қарыған». Тас қалада көсіле алмай, толқындары бір-біріне қосыла алмай, лайланып, ышқынып, бұғып, тағдырға көніп ағып жатыр. поэзиясында . Мысалы, қала – қатыгез: Ырылдастым көк бетпен, қара бетпен,// Қатыгез боп кеткенсің, қала, неткен. Қала адамдарының бір-біріне суық, тасбауыр болатындығын, адамдарда жаттанудың белең алып бара жатқандығын айтқысы келген. «Саяжайды саялар тоңған елес» өлеңінде лирикалық кейіпкердің қалаға деген қарым-қатынасы сөз болады. Тар молада жатамын қалай ғана [8, 62 б.]. Қала мен мола бір-біріне қарама-қарсы өлім мен өмір мағынасында алынған. «Зор», «тар» эпитеттері антитеза болумен өмір мен өлімді сипаттайды. Лирикалық кейіпкер мінезін көреміз. Оның болмысы «зор қалаға» сыймауынан танылады. Басқаша айтсақ, қаладағы өмірден, мына қоғамнан орын таба алмау, рухани үйлесімсіздік дертін көреміз. Лирикалық кейіпкерден әйел адамның табиғатына тән мінезді көреміз. Қала адамдарының бір-біріне суық, тасбауыр болатындығын, адамдарда жаттанудың белең алып бара жатқандығын айтқысы келген. «Миды жаншып, ой салмақтап еңсеге» өлеңінде де лирикалық кейіпкердің қаладағы тіршілігі суреттеледі, сол арқылы ауылға деген сағынышы беріледі. Бұл өлеңдегі лирикалық кейіпкер қалаға күнкөріс үшін жіпсіз байланған. Сұр тас төселген сұр қаладағы өмір де сұп-сұр боп көрінеді. Қаладағы өмір кешке дейін жұмыста қамалып отыруға мәжбүр етеді. «Ауылға барып қайталық» өлеңінде даланың дархан төрі мен қаланың тар алаң тас көшесі салыстырылған. Сонымен, талданған көркем мәтіндерде : ауыл-ана, ауыл-қонақжайлылық, ауыл – кең дала, құла дүз, ауылтуған жер, ауыл-жайлау, жайлаудағы жусан, бұлақ, сағым т.б. Бұл лексикалық бірліктердің әрқайсысының ассоциативтік өрістеріне кіретін басқа да сөздер контекст арқылы өзектеніп, тұтас . «Ауыл» концептісіне «қала» концептісі қарама-қарсы қойылған. Қазақ көркем мәтіндерінде «қала» концептісінің когнитивтік моделі былайша көрініс тапқан: қала – астана; қала – суық; қала – қапас; қала – келін. Байқап отырғанымыздай, контраст концептілердің сыртқы құрылымы түрлі тілдік бірліктермен берілген, яғни олардың қатарында этнолексика (қоныс, жайлау, жерошақ, құлын-қала), дәстүрлі қолданыстар (Жaз жaйлay, күзгi күзeк, қысқы тeбiн, дулы нөпір, шулы аламан), троптар (Қала қалжың айтады, түрлі-түсті киімдердің көшкіні, қызыл көзін қылмыңдатып көшелер, Және адамдар өзіне-өзі тығылған, Және шамдар – жеңілтектеу құбылған, Сымтемірден қайыр сұрап ), трансформацияға түскен фразеологизмдер (сең соққан қала), соны метафоралар (қажып біткен қаланы, бетон табыт қала, тар қапас, тас қала, күмәнді қала), қарапайым лексика (даңғаза, жынды, сайқал, жәлеп, Дәтіңе дәретін сындырар ), жағымды-жағымсыз коннотациясы айқын сөздер кездеседі. Қорыта айтқанда, поэзия мәтіндерінде «дала/қала» контраст концептісі ұлттың ментальді дүниесін ақындардың жеке тұлғалық әлем түйсінуімен қабыстыруы нәтижесінде объективтеніп, олардың сезімдік-көркем танымын көрсетеді, концепті құрылымын кеңейтіп, байытады. : «Қазақ поэзиясында . Жоқтың қасы емес-ау, жоқ. Ол біз үшін ұлы тақырып, арналы өзек. Амал не, осындай ұлы тақырыпты көбіміз-ақ ұсақтатып барамыз. Қазір қаладан қарыс адым жерден басталатын немесе бірер сағатта-ақ салып ұрып жетіп баратын ауылды аңсап «еңірегенде етегі толатын» жылауық өлеңдердің, бара қалған жағдайда, ана төбесін бір жырлап, мына сайын бір жырлап, ақырында бар болғаны жергілікті ғана мәні бар географиялық атаулардың туристік анықтамалық кітапшасын еске түсіретін топтама жинақтардың, ел аузында айтылып жүрген асыл қазыналарымыз – аңыз-әңгімелерді ешқандай қорытусыз ұйқасқа көшіре салатын, дайындық жауапкершіліктен жұрдай тақпақ тарихшылдықтың шамадан тыс көбейіп бара жатқанын жасыра алмаймыз» [9, 274 б.]. Біз қарастырып отырған ақындар өлеңдеріндегі . Ауылда өскен адамның қалаға бауыр басып кете алмауы заңдылық.
|
TEXT
|
kaz
|
25,478
|
Қазіргі заманда ақпарат адамзатқа қажет әлемдегі негізгі қозғаушы күштердің біріне айналып отыр. Жер жаһандағы саяси-экономикалық, әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-рухани, спорттық-сауықтыру, танымал әншілер мен әртістердің, лауазымды тұлғалардың жұлдызды өмірі туралы жаңалықтар күнделікті сұранысқа ие. Ақпаратсыз әлемді көз алдыңызға елестете алмайсыз. Күні бойы кез-келген көзі ашық, көкірегі ояу азамат өз елінде және дүниежүзінде болып жатқан оқиғалар туралы жаңа ақпараттарды оқуға, көруге қызығушылық танытып отырады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,479
|
Бұл бір жағынан жан-жағыңда не болып жатқанынан хабардар етсе, екінші жағынан адамзаттың даму жолындағы жаңалықтарынан құр қалдырмайды, үшінші жағынан тұрмыстық, отбасылық қажеттіліктер үшін керек, төртіншіден, кәсіби мамандығың мен сүйікті ісіңе қажет тың ақпараттар алу үшін, бесіншіден еліңдегі тыныс-тіршілікті бағамдап отыру үшін қажет. Сондықтан келешегіне үмітпен қарайтын әр адам жаңалыққа үйір болады. Ғылыми мақалада жинақтау, саралау, пайымдау, талдау, талқылау және контент-анализ әдістері қолданылды. Ақпарат сөзінің түбі латынның informatio сөзінен шыққан. Мәлімет, түсіндіру, таныстыру деген мағынаны білдіреді. Қазақтың ақпарат сөзі, жаңалық сөзімен тең мағыналас. Сондықтан бірдей қолданыста. Ең алдымен әлемдік зерттеушілер пен жаңалыққа нені жатқызуға болады деген сауалға берген жауабын зерделеп көрсек. Олар мынадай анықтаманы алға тартады. «Жаңалық – бұл нақты бір мәселе мен оқиғаға немесе үдеріске байланысты заманауи көзқараспен жеткізілген ақпарат. Жаңалықтарда жеке адам мен жалпы қоғам үшін маңызды өзгерістер жан-жақты қамтылып отырады. Жаңалықтар аудиторияны қызықтырған тақырыппен қоса, редакциялардың ішкі және сыртқы шектеулерін ескеру арқылы дайындалады. Ол редакцияның күні бойы болып жатқан оқиғаларды іріктеу барысында ішкі ұжымдық талқылаулар арқылы қол жеткізетін келісімі мен тез бүлінбейтін өнім дайындау ойынының нәтижесі» [1,35 б].
|
TEXT
|
kaz
|
25,480
|
Бұл жаңалықтарға берілген анықтамада қазіргі замандағы ерекшеліктер ескеріліп отыр. Әсіресе, ішкі және сыртқы шектеулер туралы орынды айтылған. Мәселен, редакцияларға құрылтайшылардан бөлек, үкімет пен министрліктерден, әкімшіліктер мен биліктегі партиялардан да өздері өткізетін оқиғалар мен шараларға байланысты түрлі нұсқаулар мен шектеулер қойылып жататыны жасырын емес. Көбінесе баспасөз баянының шеңберінен шықпау талап етіледі. Бірақ қалай болғанда да мұндай шектеулерге қарамастан көрерменге тартымды ақпарат ұсыну журналистің шеберлігі мен редакцияның табандылығына байланысты екендігі сөзсіз. Сондықтан жаңалықтарды дайындайтын әр ұжым күнделікті өздері қамтитын маңызды оқиғаларды іріктеп, негізгі өнімді дайындау барысында шынымен де түрлі келісімдер мен арағаайындықтан тұратын ойындардың қатысушысы болады. Оны да зерттеушілер орынды ескерген. Осы зерттеушілер жаңалықта болуы және ескерілуі тиіс 12 факторды атап өтеді. «Олар ақпараттың қайталанып беріле алатындығы, ауқымдылығы, мағынасының анықтылығы, белгілі бір топқа бағытталуы, нәтижесінің әсер етуі, сенсациялығы, дамытып үзбей берілуі, салмақтылық пен көңіл көтеру теңгерімінің сақталуы, өркениетті елдердің деңгейімен салыстырылуы, саясат пен мәдениет жұлдыздары өмірінің қамтылуы, қоғамдық-саяси беделі бар жеке тұлғалар өмірінің назарда болуы, оқиғаның кері әсерінің болжануы сияқты факторларды ескерсе, журналист өз ақпараты арқылы аудиторияны тарта алады» [1,107б]. Сарапшылардың заманауи талаптарды осы тізімге кіргізуімен толығымен келісуге болады. Әсіресе, сенсацияға, жұлдыздар өміріне қатысты ақпараттарға кез-келген адам қызығушылық танытатын болды. Бұрындары төтенше және қылмысты оқиғалар, жұлдыздардың әрекеттері туралы ақпараттардан гөрі саяси, әлеуметтік, қоғамдық, рухани оқиғаларға бірінші кезекте мән берілсе, қазір адамды көп ойлантпайтын, жеңіл ақпараттарға сұраныс көбейді. Саяси жаңалықтардың көбінесе тек түрлі сайлаулар кезінде және үкіметтер ауысқан тұста рейтингі өседі. Басқа кезеңдерде бұл тақырыптар онша қызығушылық тудырмайды. Мысалға, еліміздің телеарналарындағы жаңалықтардың деңгейін саралай кетсек, оған нақты көзіміз жете түседі. Мемлекеттік телеарналарда («Хабар 24», «Хабар», «Қазақстан», «Астана») біріншіден, ресми жаңалықтар ақпараттық бағдарламалардың бас жағында беріледі. Екіншіден, бұл сюжеттердің хронометражы ұзақ болып келеді. Үшіншіден, сараптау-талдау емес, баяндау стилі басым. Төртіншіден, соңғы он жылдықта бұл арналарда түрлі өзекті мәселелерді көтеретін проблемалық сюжеттер көп көрсетілмейтін болды. Бесіншіден, сенсациялық және жұлдыздар өмірі туралы ақпараттар әлі де қамтылмайды. Алтыншыдан, осы арналар орналасқан телекоммуникациялық технологиясы озық «Қазмедиа орталығының» тікелей байланысқа шығатын ғажайып мүмкіндіктері төтенше оқиғалар орын алған кезде толыққанды пайдаланылмайды. (Алматыда орын алған лаңкестік оқиға, жер мәселесіне байланысты митингілер) Бұл мүмкіндіктер тек ресми оқиғалар болған кезде іске қосылады. Осыдан кейін өкінішке қарай олардың рейтингі де мүлдем көтерілген емес. Көрермендер іш пыстыратын жаңалықтарды көруге құлықты емес. Ал жекеменшік тәуелсіз телеарналар («КТК», «31», «Орт-Евразия») дүниежүзі телеарналары қолданатын сенсациялық ақпараттарды айқайлатып беруге машықтанып алды. Әр күннің ең шулы жаңалығын олар бағдарламаның басында жедел және сараптап беруге тырысады. Жеке арналардың жаңалықтар қызметі жұлдыздар өмірін жалаулатын беруді де тез меңгерді. Кейбірі тіпті арнайы айдармен беруді қолға алды. («31 арнада» «Жұлдыздар жарқырайды») Мұндай жаңалықтарға сұраныс еселеп өскен соң, жарнаманың уақыты да ұзарып сала берді. Дәл қазіргі заманда әлемдік сарапшылар жаңалықтардың мазмұнына көңіл көтеретін ойын-сауықтық элементтердің барлық түрлері кірігіп кеткенін назар аударатын тренд деп бағалайды. Әрине, бұл кең ауқымды аудиторияны тарту үшін жасалған әрекет. Тұтынушының сұранысы болған соң, жаңалықтар да жаңа өзгерістерді біртіндеп бастан өткере бастады. Бұрындары тек сарыжағал басылымдар таратып келген ақпараттар енді қазіргі заманауи жаңалықтардың қалыпты легіне айналды. Байқасаңыз барлық жаңа технологиялардың өзі көңіл көтеру үрдісіне бейімделіп жасалатын болды. Бұның себебін ММУ профессоры дәл тұжырымдаған екен. Оның айтуынша, «салмақты хабарлар эстрадалық материалдардың пішіні мен мазмұнын меңгеріп алды. Бұл құбылысты ол жанрлардың диффузияға ұшырауы» деп атайды. Ғалым оған телевизияның коммерциалануына орай рейтингті көтеру тікелей әсер еткенін дөп жазған [2]. Мұның өзі адамдар көп қолданатын телекоммуникациялық жүйелерді де жетілдірді. Осындай өзгерістерден жаңалықтар да қалыс қалмады. Американдық сарапшылар жаңалықтарды қатты және жұмсақ деп екіге бөліп қарайды. Қатты жаңалықтарға мемлекеттік мүдде тұрғысынан, қызметте отырған галстукты адамға қатысты берілетін жаңалықтар жатады. Көбінесе, елдің бірінші тұлғалары және үкіметі туралы, яғни ресми ақпараттар. Жұмсақ жаңалықтар сенсациялық және жұлдыздар өмірі туралы ойын-сауықтық ақпараттар. Зерттеушілердің мәліметінше, осы жұмсақ жаңалықтар 90 жылдары ақпараттық бағдарламаның 25 пайызын құраса, қазір 40 пайыздан асып кеткен. Осының өзінен-ақ көрерменнің талғамы қалай өзгергенін байқауға болады. Американдық зерттеуші : «Жұмсақ жаңалықтар ауқымының өсуіне түрлі рейтингтік және маркетингтік агенттіктерінің сенсациялық және жұлдыздар өмірі туралы ойын-сауық ақпараттары аудиторияны көп тартады және ұстай алады деген қорытындылары тікелей әсер етіп отыр» [3] - деген тұжырымды алға тартады. Бұл тұжырыммен келіспеуге болмайды. Өйткені жеңіл ақпараттарды көрермен де жеңіл қабылдайды. Әлемдік белгілі телеарналардың өзі бұл жаңалықтардың қаттыдан жұмсақ түріне көп бейімделуін мойындап, тұтынушының талғамы үшін жұмыс істеуге бірден көшіп кетті. Бұл үдеріске еліміздегі мемлекеттік телеарналар да назар аудармаса болмайды. Қазір олар бағдарламалар мен хабарларды ойын-сауықтық шоуға бейімдеді. Өкінішке қарай, осы арналардағы жаңалықтар қызметі ресмиліктің сірескен сеңін әлі бұза алмай келеді. Бірақ ерте ме, кеш пе бәрібір бұл сең бұзылатыны анық. Жаңалықтар әлемдегі түрлі қауіп-қатерлердің өршуіне орай, елдер арасындағы түйткілдердің көбеюіне байланысты және діни қақтығыстардың жиілеуіне қатысты қайтадан биліктің үгіт-насихат құралына ақпараттық соғыстың да итаршысына айналды. Дүниежүзі тарихында мұндай ақпараттық майдан қырғи-қабақ соғыс жылдары КСРО мен АҚШ арасында болғаны белгілі. КСРО тараған соң, бұл ақпараттық қақтығыс бұлты сейілген еді. Алайда 21 ғасырда бұл дүрбелең қайтадан бой көтеріп отыр. Оған телеарналардың жаңалықтары да тартылмай қалмады. Мәселен, дәл қазіргі Ресей мен Украина арасындағы Қырым үшін өршіген тартысқа май құюшы – ақпарат құралдары. Ресей арналарын көрсең, Украинада фашистер, бандеровшылар, ұлтшылдар билікті басып алған деп шулайды да жатады. Украина телеарналары Ресейдің империялық мүддесі қайта оянды, оккупация жасалды, лаңкестік топтар шабуылдады деп дабылдатты. Екі елдің тележаңалықтары өз мемлекеттерінің мүддесін қорғау мақсатында ақпараттық соғысқа кірісіп кетті. Онда жеңу үшін олар барлық бар ескі және заманауи тәсілдерді пайдаланып жатыр. Екі ел арасындағы бауырластық қатынастар, сауда-экономикалық байланыстар, кеңестік замандағы достық ахуал бір күннің ішінде жоққа шығарылды. Есесіне мұндай плюстерді, әп-сәтте минусқа айналдыратын қарқынды үздіксіз насихаттау жобасы қолға алынды. Оның жасанды түрде ұйымдастырылғаны мынадай: науқанның бір мезгілде басталуы, жаңалықтарда ғана емес ток-шоуларда да жаппай талқылануы, бір жақты мүдделес сарапшылардың іріктеліп алынуы, көршілес және басқа елдерден одақтастардың тартылуы, тақырыпқа арналған деректі және көркем фильмдердің көптеп түсірілуі, арнайы кітаптардың шығарылуы, тәрбие орталығы болып табылатын мектептерді де араластыру, адамдардың эмоциялы әрекеттерін пайдалану сияқты параметрлерден анық көрініп отырды. Бұл қажетті пікір мен көзқарасты бір жақты дәлелдеп көрсетуге барлық мүмкіндіктер пайдаланылды. Екі елде осындай үгіт-насихаттық науқанның арнайы тұжырымдамасы жасалғаны айқын көрінді. Әр жақ өзінің тұжырымын дәлелдеу үшін телеарналардағы жаңалықтарды негізгі қару ретінде жан-жақты қолданды. Бұл арада АҚШ сарапшысы «Үгіт-насихат кең ауқымды дәлелдеуден тұратындықтан, оны жасаушыға басымдық әкеледі» [4] деген тұжырымы орынды екендігіне көз жеткізе түсеміз. Бұған қоса ақпараттық соғыстар БАҚтың беделін түсіріп жібергенін нақты көріп отырмыз. Мысалға, бұрындары ресейлік телеарналар ТМД елдеріндегі әріптестері үшін үлгі көрсететін көшбасшы болғаны жасырын емес. арадағы ақпараттық соғыстан кейін олардың абырой-беделі мүлдем төмендеп, белгілі журналистері итаршы идеологтардың қатарына кіріп кетті. Американдық сарапшы «қоғамдық пікір БАҚ үшін жасалуы керек, негізді болу үшін қоғамдық пікірді БАҚ қалыптастырмау керек, белгілі бір орта қалыптастыруы қажет» [5] деген пікірінің де жаны бар. Өйткені кез-келген мәселе өзінің ортасында пісіп жетіліп барып, қоғам талқысына шығады. Журналистер сол мәселені БАҚ арқылы көрсетіп, таратады, ел назарын аударады. Бұрындары солай болып келген еді. Бірақ ақпараттық соғыс бұл журналистік қағиданың быт-шытын шығарды. БАҚ өзі түрлі тәсілдерді қолданып, оқиғаны өзі жасап, өзі мәселені туындатып, өзі соны тарататын болды. Қазір оған фейк жаңалықтар деген ат қойылып, айдар тағылды. Яғни болмаған оқиғаны болғандай етіп эфирге шығару белең алды. Бұл да ақпараттық соғыстың бір жемісі. Мұндай сюжеттер тек Қырым оқиғасы кезінде ғана емес, Ирактағы соғыс, Израил-Палестина кикілжіңі кезінде де дайындалғаны белгілі. Ресейдің бірінші арнасының Славянскідегі крестке шегеленген бала туралы сюжеті нақты дәлелденбей жалған болып шыққаны, Ирактағы мешіттер мен ауруханалардың атқылануы туралы кейбір материалдардың шындыққа сай болмай шыққаны фейк жаңалықтың бірекі көрінісі ғана. Мұндай сюжеттерді дайындауға не себеп болды деген сауалға жауап іздесек, осындай жан түршігерлік оқиғаларды көрсету де үгіт насихат технологиясының бір түрі екендігіне көзіміз жете түседі. .Лакофф «11 қыркүйектегі жан түршіктіретін оқиғаны ұмыту үшін «лаңкестікке қарсы күрес» сияқты одан да зор оқиға ойлап табылды» деп есептейді [6]. Ақпараттық соғыс телеарналардың беделіне кері әсер етпей жатқан жоқ. Көрермендер телевизорға телміруді қойып, мобильді телефондары арқылы интернеттегі әлеуметтік желілер тұтынушыларының санын еселеп өсіріп жатыр. Ұлыбританияның Ofcom радио, телевизия, байланыс кәсіпорындары басқармасының жүргізген зерттеулері бойынша, «интернет газет-журналдармен қоса, телевизия аудиториясын да жаулап алды» [7]. Мысалға, Италияда барлық ел тұрғындары жаңалықтарды интернеттен онлайн-режимде оқуға көшкен. Жапония тұрғындары да барлық жаңалықтарды интернеттен оқуды әдетке айналдырған. Германия мен Испанияда да осындай жағдай қалыптасқан. Өткен жылы ғана көршіміз Ресейде жарнамадан түсетін табыс көлемі жағынан телевизиядан интернет алға озып шыққан. коммуникациялық агенттіктері қауымдастығының келтірген деректері. Осыған орай сұхбат берген белгілі ресейлік тележурналист : «Меніңше, телевизия үгіт-насихат құралы емес, негізінен ақпарат тарататын функциясын сақтаса, аудитория интернеттен теледидарға қайта оралатын болады. Бұған қоса интернет адамдардың пікірін ашық білдіруіне де мүмкіндік беріп отыр. Оны да ескермесе болмайды», - дейді [8]. Бұл тұста танымал журналист телевизияның кемшін тұсы мен оны жөндеудің жолын дұрыс меңзеп тұрғаны анық. «Бұқаралық коммуникация құралдары ғасырлар иірімінде қарыштап дамыды. ХV ғасырда − кітап, ХVІ − газет, ХVІІ ғасырда журнал жарыққа шықты. ХХ ғасырда радио мен телевизияның жасалуы ақпарат саласында орасан зор толқыныс тудырса, ал, ХХІ ғасырда аталмыш коммуникация құралдарын бір арнаға тоғыстырған Интернет пайда болды» [9]. Күнде өзгеріп жатқан жаңа технологиялар заманында ақпарат тарату, телекоммуникация, байланыс салаларына енген жаңалықтар өте көп. Соның бірі – əлеуметтік желі. Интернет арқылы əлемнің кез-келген нүктесінен жедел ақпарат алуға, таратуға, тікелей пікір алмасуға жаңаша мүмкіндік пайда болды. Ең бастысы ешқандай шектеу жоқ. Сондықтан болар, əлеуметтік желіні қолданушылар саны еселеп өсіп отыр. Онымен біртіндеп қоғам жəне билік өкілдері де тікелей санасатын болды. Осыған орай əлеуметтік желі бұған дейін ақпарат таратудың негізгі көзі болған БАҚ-қа бəсекелес бола ала ма деген заңды сұрақ туындады. Әлемдік ғалым-сарапшылардың пікірінше, қазіргі жаһандық заманда журналистиканың ақпараттық функциясы негізгі маңыз атқаруда. Бұл тұжырыммен келіспеуге болмайды. Өйткені басты тұтынушы жер жаһан тұрғындары үшін дүниежүзінің әр түкпірінде болып жатқан саяси, экономикалық, қаржылық, әлеуметтік, қоғамдық, ғылыми, мәдени, жарнамалық, спорттық, қылмыстық, ауа-райы туралы ақпараттар күнделікті қажеттілікке айналды. Әлемнің кез-келген нүктесінде болған жақсылы-жаманды жаңалық орын алған сәтте-ақ планетамыздың негізгі орталықтарына лезде тарап үлгереді. Бұрындары газет-журнал, радио, телевизия, ақпарат агенттіктері арқылы жария болса, бүгінде ғаламтордың жедел ақпарат жеткізу мүмкіндіктері қосылды. Тоффлердің «Компьютерлік технологиялар мен ақпараттық жүйелер жаңа заманның символдары, олар зауыт-фабрикаларды әкелген индустриялдық қоғамды алмастыратын болады» [10] деген пікірі дәл болып шықты. Бұған дейін әлемнің бір елінде болған саяси, қоғамдық төтенше оқиғаны жасырып, кең таратпауға тосқауыл жасалатын. Бұл күндері ғаламтор мұндай тосқауыл әрекеттерінің быт-шытын шығарды. Болған оқиғаны ресми ақпарат құралдары жариялағанша, әлеуметтік желілер ақпаратты да таратып, түсірілімді де көрсетіп, керек десеңіз әртүрлі деңгейдегі сараптамасын да жасап тастайтын деңгейге жетті. Сондықтан ақпаратты жасырып қалу деген ұғым жойылып барады. Қазір БАҚнан гөрі ғаламтордағы әлеуметтік желілер ақпаратты тез тарататын болды. Бүгінде түрлі телекоммуникациялық, байланыстық мобильді жедел тарату құрал-жабдықтарының жетілуі мен қол жетімділігінің нәтижесінде болып жатқан оқиғаны нақты куәгер, яғни сол жерде тұрған кез-келген адам әп-сәтте жариялай алады. Белгілі зерттеуші атап өтуінше, «Ғаламтордағы әлеуметтік желілер әр азаматтың өз үкіметінің қаншалықты тиімді жұмыс істеп жатқанын белсенді және нәтижелі қадағалауына мүмкіндік беріп отыр» [11]. Халықаралық және еліміздің сарапшылары жүргізген әлеуметтік зерттеулер бойынша, бұрынғы көрермен мен оқырманның орынын ғаламтор тұтынушысы алмастыра бастады. Сол тұтынушы жаппай орын алған оқиға туралы ақпаратты БАҚ-тан емес, тез тарататын болған соң, ғаламтордағы әлеуметтік желіден көруге көшті. Бұл БАҚ үшін жаңа бәсекелестіктің дабылы қағылғанын көрсетеді. Браславецтің ойынша, тіпті «Қазір әлеуметтік желіні БАҚ-тың жаңа түріне қосамыз ба деген пікірталас қызу жүріп жатыр» [12]. Кейінгі жылдары жаңалықтар шығарылымының материалдары журналист-тілшілері қатысып, көзбен көріп келген оқиғалардан ғана емес, ақпарат және пиар агенттіктерінің ақпараттарынан толығатын болды. Кардиф университетінің зерттеушілері мынадай дерек келтіреді: «Мәселен, газеттердегі ақпараттық материалдардың бесеуінің біреуі дайын ақпараттардан дайындалады. Нақты тәжірибеде, журналистік материалдардың 60 пайызы дайын ақпараттардан жасалады, 12 пайызы ғана тәуелсіз түрде дайындалады» [13]. Ал негізінде нақты оқиға ортасында болып, ақпарат тарату журналистиканың басты параметрлерінің бірі болуы тиіс. Бірақ тіпті «американдық журналистика принциптерінің» демократиялық жүйедегі бес басты функциясында ол мәселе ерекше атап өтілмеген. Онда: Журналистика ақпарат береді, қорытынды жасайды, түсіндіреді және ұғындырады; Журналистика әлеуметтік ашықтықты қалыптастыруға көмектеседі; Журналистика ашықтыққа ықпал етеді, деп жазылған [14]. Бұның ішінде журналистің оқиға ортасында болуы нақты тұжырымдалмаған. Керісінше, әлеуметтік нақты жағдайды көрсету қанық жазылған. Қалай болғанда журналистің оқиға ортасында болып ақпарат таратуына басымдық берілуі басты критерийлердің бірі болып қалуы керек екендігі даусыз. Сонда ақпарат шынайы және дәлелді болады. Кейбір өркениетті елдерде жаңалықтарды жазу мен көрсетудің қажеттігі жоқ деген ғылыми тұжырымдар да пайда болды. Бұл әлеуметтік желілер арқылы ақпарат алмасу кең етек алғанын меңзеп жасалған қорытынды болар. «Guardian» газетінде зерттеуші жаңалықтың керегі жоқтығын былайша түсіндіреді:
|
TEXT
|
kaz
|
25,481
|
Осы зерттеуге қарсы пікір білдірушілер көп болды. Бұл ғылыми тұжырымның пайда болуының өзі жаңалықтардың сапасын әрдайым арттырып, жетілдіріп отыру керектігін көрсетіп тұр. Жаңалықтарға қатысты зерттеушілер сынап жүрген тағы бір мәселе бар. Мысалға, зерттеуші халықаралық жаңалықтарды беруде «ақпарат көп, көзқарас аз» [16] деп есептейді. Ол жаңалықтарда әр мәселеге байланысты сөз алатын сарапшылар пікірлерінде тепе-теңдік сақталмай жататындығын алға тартады. Мәселен, палестин-израил текетіресі туралы жетекші ақпарат құралдарындағы материалдарды зерттеп, саралай келе, палестиналықтарды қолдайтын сарапшылардан, израилдіктерді жақтайтын сарапшылар эфирге екі есе көп шыққанын анықтаған. Мұндай әділетсіздік Қырым, Сирия, Ирак мәселелерінде де кең етек алды. Ресейлік те, украиналық БАҚ-та пікір тепе-теңдігін сақтауға ұмтылған да жоқ. Бұл да жаңалықтар қызметтері ескеретін түйткілді мәселе. Кейде отандық телеарналар халықаралық жаңалықтарды әлемдік агенттіктердің ақпараттарын аудару арқылы таратады. Осы аудармалар кезінде өз еліңнің мүддесі және көрермендердің менталитеті де ескерілуі керек. Өкінішке қарай, ондай електің болмауын ислам лаңкестері, мұсылман лаңкестік тобы сияқты сөздерді жиі еститінімізден байқауға болады. Бүгінгі жаңалықтардың бұрынғылардан түпкілікті өзгергені белгілі. Заманауи зерттеуші Ален де Боттон «Жаңалықтар дінді алмастырды» [17] деген пікір білдіреді. Бұл тұжырыммен бір жағынан келісуге тура келеді. мен Библияны оқыса, қазірде ояна сала, адамдар елінде, қаласында, әлемде болып жатқан жаңалықтармен танысуға тырысады. Кітап ой түюге, пайым жасауға шақырса, жаңалықтарды есте сақтау мүмкін емес, тым жеңіл-желпі ақпар көп. Өйткені ондай ақпараттар ағымы тым ауқымды. Он күн бұрын қандай оқиға маңызды болғанын еске түсіру өте қиын. Осы зерттеуші поп-жұлдыз шорти киген фотосын көрушілердің саны айсбергтің кішірейіп бара жатқаны туралы түсірілген фотоны қараушылардың санынан әлденеше есе көп болғанын мысалға келтіре отырып, «журналистер маңызды да, өткір, өзекті мәселелерді көтеріп, әншіні жеңудің жолдарын қарастыруы керек» дейді [17]. Боттонның бұл тұжырымы әлем журналистері үшін өте өзекті. Бұл зерттеуші қазіргі ең өтімді жаңалықтарды былайша жіктейді: саяси, әлемдік, экономикалық, белгілі тұлғалар туралы ақпараттар, төтенше оқиғалар туралы жаңалықтар, тұтынушыларға қажет ақпараттар. Оның ойынша, жаңалықтар көтерілген мәселені салмақты түрде талдай алмайтын негізгі кемшін тұс пен түйткілді аша алмайтын деңгейге түсіп кетті. Мәселен, экономика тақырыбында, салықтың деңгейі мен инфляцияға қарсы күрес туралы айтылады да, нақты оларды реттейтін рыноктың ролі туралы ештеме қозғалмайды. Білім тақырыбын алсақ, сыныптағы оқушылардың саны, мұғалімдер жалақысы, білім сайыстарындағы жетістіктер туралы қамтылады да, пәндердің жүктемесі оқушыларға ауыр емес пе, мектеп балаларға эмоционалдық және психологиялық жағынан қандай қолдау көрсетіп жатыр деген сияқты оқушылардың ынтасын арттыруға бағытталған жайттарға мән берілмейді. Зерттеушінің пайымынша, осындай келеңсіздіктер жаңалықтардың беделін түсіріп жатыр. Бұған қоса ол «жаңалықтарда өзін-өзі жасаған адамдар, бизнесін көтерген іскерлер тағы басқа табысты адамдар мен кәсіпорындар туралы тым көп ақпар берілсе, көрерменнің қызығушылығы керісінше бәсеңдей түседі, онда қызғаныш пайда болады» деп ой түйеді [17].
|
TEXT
|
kaz
|
25,482
|
пікірінше, адамзат қазіргі кезде өзінен әлдеқайда шалғай жерлерде, әлемнің әр түкпірінде болып жатқан өз өмірінен тыс ақпараттарды тез қабылдайтын деңгейге жетті. Бұрындары мұндай қажеттілік жоқ еді, адамдар көбінесе өз еліндегі ақпараттарды кең білуге тырысатын. Мұндай мүмкіндік коммуникациялық жүйелер мен демократияның дамуымен және жаһандану арқасында қалыптасып отыр. Соның нәтижесінде өзімізге қажет емес ақпараттар да ағылуда. Бұл ақпараттар тез және оқиға шағын болғанына қарамастан зорайған түрінде жетеді. Осыны зерттеуші Боттон «Бізге жаңалықтар қызметі ақпараттарды қызықтырып, жеделдетіп және үзіп жеткізу арқылы толық аяқталмаған күйінде ұсынады. Әр жағын күтуге итермелеп, бейімдеп қояды. Осы процесс тоқтамай, созыла береді. Жаңалықтар бізге өзіміздің күш-қуатымызды, ішкі энергиямызды сезіндіретін, сенімді нығайтатын, кез-келген төтенше оқиға мен апатттарға төтеп бере алатын табиғи энергиямыздың қоры бар екендігін еске салмайтын болды. Бұл да адамзаттың әлсіз бола түсуіне әсер етіп жатыр» [17] дейді. Бұл тұжырымда да ойландыратын тұстар бар. Жаңалықтар тек шошытатын, үрей тудыратын ақпараттармен бірге, адамзаттың құндылықтарын дәріптейтін ақпараттарды беріп отыруды да ұмытпауы шарт. «Жаңалықтар адамдарды қорқыту, үрейлендіру арқылы аудитория жинауды оңтайлы тәсілге айналдырып алды. Тағы бірде олар ракты жазатын дәрі табылды деп, адамның үмітін оятады. Жаңалықтар қорқыныш пен үміт арқылы көрерменді өзіне жіпсіз байлау әдісін кең қолданатын болды» [17]. Бұл да бүгінгі жаңалықтардың барлығында бар заман ағымы тудырған, нарық туғызған әдіс-тәсілдер екендігі сөзсіз.
|
TEXT
|
kaz
|
25,483
|
Ашық білім беру тұжырымдамасының дамуы көлемді ашық онлайн күрстардың (МООС) пайда болуына жол ашты. Батыс елдері жаңа инновациялық әдістерді пайдаланып, көлемді ашық онлайн курстардың арнайы платформаларын құруға белсене қатысуда және көлемді ашық онлайн курстар арқылы жоғарғы білім беру жүйесіне түбегейлі реформа жасауға әрекеттенүде. Осы мәселеге терең үңіліп, мақала көлемді ашық онлайн курстарының жоғарғы білім беру жүйесіне қалай ықпал ететіні және оның жоғарғы білім беру саласына қандай мүмкіндіктер мен жаңашылдықтар алып келетіні туралы сараптама жасауды басты мақсаты санады. Осы мақсатқа сәйкес мақала көлемді ашық онлайн күрс тарихына шолу жасады, онын ерекшеліктерін талдады, әлемге ен әйгілі Udacity, Coursera, edX тәрізді көлемді ашық күрс платформаларына салыстырмалы сараптама жасады, соңында көлемді ашық онлайн курстардың Қазақстанның жоғарғы білім беру жүйесіне ықпалын талқылдады, оның еліміз үшін маңызы туралы мәселелер қарастырды. Түйін сөздер. Көлемді ашық онлайн күрстар, МООС, Udacity, Coursera, edX, жоғарғы білім беру жүйесі
|
TEXT
|
kaz
|
25,484
|
Кіріспе. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуы білім беру жүйесінің дамуына біршама ықпал жасағаны баршамызға аян, алайда ол классикалық оқыту әдістерімен ғана шектеліп, дәстүрлі жоғарғы білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер алып келе алмаған болатын. Мысалы, дәрістер оқытушылар мен білім алушылардың арасында бетпе бет түрінде өткізлді, тіпті Е-оқыту формасының өзі тек оқытушылардың дәрістерін бейнежазбаға түсіріп, интернетке жүктеумен шектелген. Ақпараттық технология қанша дамыса да, дәстүрлі жоғарғы білім беру саласының тиімді әдістемелік құралына айнала алмады. Ал ашық білім беру тұжырымдамасының қоғамдық қолдауға біртіндеп ие болуы дәстүрлі жоғарғы білім беру жүйесіне жаңа мүмкіндіктер алып келді. Осы тұжырымдамаға арқа сүйеген мамандар ақпараттық технологияны тиімді қолданып, 2012 жылы көлемді ашық онлайн курстарды (МООС) іске қосты. Білім берудің жаңа формасы ретінде, бұл курстар жоғарғы білім берудің бағалау жүйесіне, сабақ жүргізу нысанына, профессорлық-оқытушылар құрамының дамуына зор ықпал етіп, жоғарғы білім беру жүйесіне айтарлықтай ықпал етті. Оның жоғарғы білім беру саласына ықпалы, ақпараттық технологиялардың электрондық коммерция саласына, дәстүрлі индустрия саласына жасаған әсерінен кем емес деуге болады. Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Жоғарғы білім беру жүйесінің болашағы көлемді ашық онлай күрстарымен тығыз байланысты екенін ескере отырып, бұл мақала көлемді ашық онлайн курстарының жоғарғы білім беру жүйесіне қалай ықпал ететіні және оның жоғарғы білім беру саласына қандай мүмкіндіктер мен жаңашылдықтар алып келетіні туралы сараптама жасауды басты зерттеу мақсаты санайды. Осы мақсат төңірегінде мақала келесі міндеттерді қарастырады:
|
TEXT
|
kaz
|
25,485
|
● Көлемді ашық онлайн курстардың Қазақстанның жоғарғы білім беру жүйесіне ықпалын талқылау. Зерттеу теориясы мен әдістемесі. Көлемді ашық онлайн күрстардың пайда болуына тікелей ықпал жасаған ашық білім беру тұжырымдамасы болғандықтан, бұл мақала «ашық білім беру тұжырымдамасы» негізделіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ашық білім беру тұжырымдамасын ең алғаш 1999 жылы көтерген болатын. Бұл тұжырымдама кез келген адам, кез келген жерде, кез келген уақытта білім алу қағидасына негізделген. Бұл тұжырымдаманың жақтаушылары білім алушы оқулықтарға негізделген білім беруден гөрі нақты өмірге негізделген, тәжірибе арқылы білім игеруді қалайды деген пікірді ұстанады [1]. Дәстүрлі білім берумен салыстырғанда, ашық білім берудің келесідей ерекшеліктері бар: Оқытушы мен оқытуды емес, білім алушы мен өзіндік ізденісті басымдыққа қояды; ー Оқу үрдісінде оқыту мен оқу әдістерін бірге қолданады; -
|
TEXT
|
kaz
|
25,486
|
Білім алушының жасына, жысына, тұрғылықты жеріне, мамандығына шектеу қоймайды, базалық білім деңгейі бар оқуға ниетті кез келген адам білім алуға құқылы. Білім алушылардың оқу еркіндігі қамтамасыз етіледі. өз еркі бойынша сабақты таңдап, өзінің нақты жағдайына қарай кез келген үақытта кез келген жерде білім ала алады; Сабақ жүргізуде жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен оқу материалдар қолданылады[2]. Ашық білім берудің басты мәні – адамның білім алу құқығын қамтамасыз ету, оның ашықтығы тек білім алушыларға ғана қаратып айтылған жоқ, сонымен қатар білім ресурстарының және білім беру үрдісінің ашықтығын да меңзейді. Ашық білім беру бетпе-бет және қашықтықтан оқыту түрінде жүзеге асырылады. Бетпе-бет түрінде Англиядағы ашық университет, Атабаска университеті, университеті білім беріп келеді. Тәжірибе көрсеткендей, бетпе-бет түрінен гөрі, ашық білім беруді қашықтықтан оқылы іске асыру көбірек тиімді. Осыны ескеріп, бұл мақала қашықтықтан білім беру жүйесіне жататын көлемді ашық онлайн курстарын терең зерделеуді жөн санады. Мақала көлемді ашық онлайн күрстарын зерттеу барысында оның пайда болу мен тарихи дамуын анықтау мақсатында деректерді зерттеу әдісін қолданды; кейс-стади әдісімен көлемді ашық онлайн курстарының қазіргі таңда кең қолданыста жүрген платформаларын жеке-жеке зерттеді; осы платформалардың ерекшеліктерін анықтау мақсатында салыстырмалы зерттеу әдісін де қолданды; көлемді ашық онлайн курстарының Қазақстандық жоғарғы білім беру саласына ықпалын айқындау үшін сипаттау әдісін қолданып талқылаулар жүргізді. Көлемді ашық онлайын курстары (МООС) туралы түсінік және оның даму тарихы. Көлемді ашық онлайын күрстары ағылшын тілінде Courses (қысқаша МООС) деп аталады. Бұл терминді алғашы рет 2008 жылы қанадалық ғалым пен АҚШ ғалымы қолданған. Massive сөзі көлемді деген мағынаны білдіреді, яғни ашық онлайн курстарға қатысушылардың саны шектелмейді, бір күрсқа 10 мыңдаған тіпті одан да көп адам қатысу мүмкін; Ореп деген сөз ашық деген мағынада, яғни кез келген адам өзінің қызығушылығы мен қажеттілігі бойынша курсқа қатыса алады: Online деген сөз интернет желісін білідіреді, яғни уақыт пен кеңістік шектеуіне ұшырамайды, курс тәулік бойы ашық тұрады, білім алушы өзіне ыңғайлы уақытты таңдап кез келген жерде курсты оқи алады. Көлемді ашық онлайн курстарының пайда болуы пен университетінде ашқан «Коннективизм және коннективистік білім» (Connectivism and Connective Knowledge) атты онлайн курсымен тығыз байланысты. Олар үниверситет шеңберінен тыс жүрген білім алушыларды курсқа тартып, курстың қызмет көрсету шеңберін кеңейтуді мақсат етті. Алғашында аталмыш екі ғалым коннективизм теориясын талқылау мақсатында онлайн семинар ұйымдастырады, семинар барлыққа ашық деп жарияланып, озық ақпараттық технологиялар, мысалы, блог, google groups сияқтылар кеңінен қолданылды. Семинардың сәтті өткен соң, олар білім беру мазмұнын ғана емес, білім беру үрдісін де онлайн платформаға көшіру қажеттілігін сезінде. Осылайша 2008 жылы «Коннективизм және коннективистік білім» атты әлемдегі тұңғыш көлемді ашық онлайн курсы пайда болды [3]. өзінің «Е-Learning ұрпақтары» (Е-Learning Generations) атты мақаласында аталмыш тұңғыш көлемді ашық онлайн күрс коннективизм тұжырымымен жобаланғанын және дәстүрлі білім беру мекемелерінің талаптарына сай болу үшін білім алушыларға күрсттың басталу және аяқталу мерзімі, білім алушылардың оқу нәтижесін бағалау шарты нақты белгіленгенін айтады. Коннективизм теорясы бойынша, білім адамдар арасындағы өзара байланыстар негізінде туындайды, ал білім алу үрдісі осы байланыстарды дамыту мен кеңейту барысы саналады. Сол себепті ойынша дәстүрлі онлайн курстары тек білім мазмұнын ғана жария етіп, адамдар арасындағы байланыстарға мүлдем мән бермеген. Осыны ескеріп жоғарыда аталған екі ғалым курсты жасау барысында білім алушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтты, яғни әр аптада талқылау тақырыбы беріліп, дәрістердің орынына талқылаулар ұйымдастырылды. Білім алушы тақырыпқа сәйкес деп санаған материалдарды өз еркі бойынша іздеп, зерттеп, өз пікірін түйіндеді. Талқылау форумы ашылған кезде өзінің ойын айтып, басқа білім алушылармен бөлісіп отырды. Осылайша талқылау шеңбері кеңейіп, білім алушылар өзінің ой өрісін кеңейте түсті. Курс 14 апта жүргізілді, оған 2300 білім алушы тіркелін оқу курсын тәмамдады [4]. пен кейін, оның жақтаушылары мен ізбасарлары аталмыш күрстың негізінде басқа көлемді ашық онлайн курстарын іске қосады. Мысалы «Жеке оқу ортасы мен білім» ( & Knowledge), «Білім берудің болашағы 2010» (Education Futures 2010), «Білім беру технология мамандарының қоғамдастығы туралы ашық күрс» (Community of Expertise in Courese), «Білім берудің ашықтығы» (Openness in Education) атты көлемді ашық онлайн күрстары ашыққа жарияланды. Көлемді ашық онлайн курстарының ерекшелігі. Көлемді ашық онлайын курстарының өзіндік ерекшеліктері бар, оның келесі үш ерекшелігін ерекше атап өтуге болады. Біріншіден, курс құрлымы толыққанды қалыптасқан. Курс басталар бұрын платформада күрстың мақсаты мен мазмұны, талаптары мен сабаққа дайындалу әдістері, сондай-ақ сабақтың басталу үақыты мен аяқталу уақыты туралы ақпараттар көрсетілген қысқаша мәлімет жарияланады. Осы мәліметтерді қарап білім алушы өзіне қажетті күрсты таңдайды. Күрс дәрістері бейне жазба түрінде көрсетіледі, сабақ мазмұнына байланысты материалдар дәріс өтерден бұрын сайтқа алдынала жүктеледі. Әрбір аптада жаңа дәріс оқылып, жаңа оқу материалдары беріледі. Курстарды өту барысында тапсырмалар орындау, бақылау жұмыстарын тапсыру талап етіледі. Күрс аяқталған соң әрбір білім алушы емтихан тапсыруға міндетті. Емтихан нәтижесі толымды білім алушы күрсты тәмамдау туралы сертификат алады. Екіншіден, күрс білім алушылардың арасындағы интерактивтілікке ерекше маңызбен қарайды. Көлемді ашық онлайын күрстарында интерактивтілік оқытушы мен білім алушы арасындағы ғана емес, білім алушылардың өздері арасында да қарастырылған. Оқу барысында білім алушы кез келген уақытта, сабаққа байланысты кез келген мәселе бойынша платформаның талқылау форумында өз сұрағын қоя алады. Басқа білім алушылар да осы форумға кіріп өз пікірін білдіре алады. Осылайша әртүрлі көзқарастар пайда болып, білім алушылардың білімін жан-жақты тереңдетеді. Сонымен қатар, оқытушы форумда қызу талқыланған сұрақтарды жинақтап, өз жауабын онлайн түрде немесе бейне жазба арқылы түсіндіреді. Платформада тек окытушылар ғана емес. білім алушылар да сабаққа байланысты қызықты деген мәліметтерді платформаға жүктей алады. Үшіншіден, уақыт шектемесі қойылған. Көлемді ашық онлайын курстары аптаға бөлініп өткізіледі. Сабақтың ашылу уақыты мен жабылу уақыты нақты көрсетіледі. Білім алушы оқу талаптарына сай әр аптада дәрісті тыңдап, белгіленген уақыттан бұрын тапсырмаларды орындау керек. Егер белгіленген уақытта тапсырмаса, қорытынды бағасына кері әсер етеді. Курс аяқталған соң емтихан тапсырады. Тек уақытылы дәрістерді тыңдап, тапсырмаларды толық орындаған және емтиханды жақсы тапсырғандарға сертификат беріледі [5]. Көлемді ашық онлайын курс (МООС) платформалары. Көлемді ашық онлайын курстарының дамуына АҚШ-тың әйілі университеттері айтарлықтай үлес қосты. 2011 жылы Стэнфорд университеттінің профессоры, Google лабораториясының маманы мен робототехникалық мамандары , бірлесіп көлемді ашық онлайын курстарының алғашқы платформасын жасап, Udacity атты жеке білім беру ұйымын құрады. Ұйымның басты мақсаты – білім берудің еркіндігін қамтамасыз ету. Ұйым құрылыла салысымен, 200-ден астам елден 160 мыңнан астам адам курсқа тіркелді. Дәл сол жылы, Стэнфорд университетінің информатика профессорлары мен Coursera атты платформаны іске косады. Платформа ашылғалы екі үш ай болмай, күрстар саны100-ден астты. Қазіргі таңда аталмыш платформа 190 елмен ынтымақтастық орнатты. 2012 жылы мамыр айында Гавард университеті мен Массачусетс технологиялық университеті (МІТ) бірлесіп МІТх платформасын қайта реттеуге келтіріп, бүкіл әлемге ашық edX атты онлайын курстар платформасын іске қосады. Көлемді ашық онлайын күрстарының осындай қарқынды дамуыға ие болуының үш себебі бар: біріншіден, онлайн білім беру формасы бұдан бұрын қалыптасқан, оны реттеп бір жүйеге салу мүмкіндігі мол; екіншіден, қаржыландырушы компаниялар онлайн курс платформасын құруға белсенді қатысып, жеткілікті қаражат бөлді; үшіншіден, әлемнің көптеген аты әйгілі үниверситтер күрстарды дайындауға белсенді қатысты, тіпті 2013 жылы Еуропа елдерінің кейбір үниверситтері МООС сертификаттары мен оған сәйкес кредиттерді мойындай басты [6]. Жоғарыда айтылған Udacity, Coursera, edX көлемді ашық онлайын курстарының ең үлкен платформалары саналады. Бұл платформалар бір-бірімен ұқсайды, басты айырмашылығы курстардың ұйымдастырылу мен берілетін ресурстары әртүрлі. Udacity бастапқы кезде жеке мұғалімдерімен бірге жұмыс жасады, алайда күрстарды дайындау қарқыны баяу болу себепті үниверситеттермен ынтымақтаса бастады. Бұл бір жағынан күрстарды дайындау жылдамдылығы мен сапасын көтерді, бір жағынан күрсқа қатысушылардың санын арттырды. edX кұрылған сәтінен бастап университтермен ынтымақтастық қатынас орнатты. бірақ күрсттарды дайындау басқа платформамен салыстырғанда көп уақытты жұмсады, басты себебі аталмыш платформа дайындалған курстарға қатаң талап қойып, күрделі сараптама жүргізіп отырды. Тек іріктелініп алынған күрстарға ғана платформаға енгізілді. Ал Coursera келер болсақ, бұл платформаның басты ерекшелігі – сапалы күрстарды дайындау мақсатында жоғарғы оқу орын оқытушыларына арнайы мамандандырылған командаларды көмектесуге жіберіп отырды. Осы үш платформаның басты ерекшеліктері мен айырмашылығы 1-кестеден айқын көруге болады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,487
|
Көлемді ашық онлайн күрстардың (МООС) Қазақстанның жоғарғы білім беру саласына ықпалы. Аймақтық экономикалық дамудың біркелкі еместігі білім беру ресурстарының теңсіз бөлінуіне әкеп соғады. Көлемді ашық онлайн курс платформаларының қалыптасуы білім беру ресурстарының тиімді қолданылуына жол ашты, білім алушылардың құқықтары мен теңдігін қамтамасыз етті, сол себепті көлемді ашық онлайн күрстары баршаның көңілінен шығып, білім беру саласында үлкен маңыздылыққа ие болуда. Осындай білім беру саласына түбегейлі өзгерістер алып келген көлемді ашық онлайн қурстарының Қазақстанның жоғарғы білім беру саласына қалай әсер етеді? Осындай сұрақпен бұл мақала келесідей пікірді ұсынады. 1 ) Дәстүрлі білім берудегі бағалау жүйесін өзгертеді. Дәстүрлі білім беру жүйесі бойынша, жоғарғы оқу орындарында көбінесе бақылау, емтихан және күрстық жұмыстарды қорғау түрінде білім алушылардың білімін тексеріп, қорытындылайды. Көлемді ашық онлайн күрстарының дамуына байланысты, білім алушы енді интернет арқылы жоғары сападағы білім ресурстарына қол жеткізе алады, тіпті күрсты тәмамадаған соң тиісті кредиттерін де ала алады. Дәстүрлі жоғарғы білім беру жүйесі кредиттік бағалау жүйесін қолданатыны баршамызға мәлім, білім алушы талап етілген кредиттерді алған соң, дипломдық немесе диссертациялық жұмыстарын жазып қорғайды, барлық нәтиже толымды деп есептелгеннен кейін оған оқыған мамандығы бойынша академиялық дәреже берілдеді. Алайда бұндай бағалау жүйесінің өзіндіктері бар, мысалы, білім алушы шынайы білімге мән бермей баға алу үшін оқу мүмкін, баға қоюда субъективтік себептерге байланысты теңсіздік орын алу мүмкін, күрстық, дипломдық немесе диссертациялық жұмыстарын орындау барысында білім алушы жұмысты қысқа мерзім ішінде аяқтауды ғана көздеп, сапалығына мән бермеу мүмкін және т.б. Осыған байланысты білім алушыны қалай дұрыс бағалауға болады деген сұрақ туындайды, бұл мәселені қазіргі таңда көптеген жоғарғы білім беру саласындағы мамандар қызу талқылауда. Ал көлемді ашық онлайн курстар бұл мәселені шешуде оң ықпал ету мүмкін. Мысалы, Udacity, Coursera, edX сияқты көлемді ашық онлайн курстар платформаларында білім алушы оқып жатқан мамандығы талап еткен қандай да бір пәнді интернет арқылы таңдап, өзінің нақты жағдайы мен үақытына байланысты пәнді оқуына болады, пәнді толық меңгергеннен кейін тиісті кредиттерін ала алады. Қазақстанның жоғарғы оқу орындары да осындай әлемдік тенденциядан қалыспай, біртіндеп көлемді ашық онлайн курс платформаларында білім алушының оқып жинаған кредиттерін мойындайтын болады деп сенеміз, себебі осындай платформаларда Қазақстандық білім алушылар әлемдік деңгейдегі жоғарғы оқу орындарының әйгілі профессорларынан сапалы білімін алады. белгілеген талаптар бойынша тапсырма орындап емтихан тапсырады, бұл дәстүрлі білім беру жүесіне қарағанда әлде қайда тиімді, бір жағынан өзінің оқып жатқан жоғарғы оқу орынында тапшы ресрурстарға қол жеткізіп сапалы білім алады, бір жағынан халықаралық көзқарасы кеңейіп, әлемдік озық технологиялармен және зерттеу тенденцияларымен танысады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,488
|
Халыққа білім беруді жалпыластыру – қазіргі жоғарғы білім беру жүйесінің басты міндеті. Бұны батыс елдерінің тәжірибелерінен-ақ көруге болады. Алайда жоғарғы білім беру ресрустарының тапшылығы жоғарғы білім беруді жалпыластыруға кедергі келтіруде. Ал көлемді ашық онлайн курстардың дамуы бұл мәселені түбегейлі шешуге жол ашты. Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртер болсақ, 2001 жылы Массачусетс технологиялық үниверситеті (МІТ) білім беру ресурстарын ашық жариялау қозғалысын ұйымдастырып, ашық және ортақ пайдалануды мақсат ететін «Ашық курс программасын» (, OCW) іске қосады, программаға білім беру ресурстарын қайта өндеп енгізеді, осылайша білім беру ресурстарының пайдаланылуын барынша кеңейтеді. Массачусетс технологиялық үниверситетінің бұл тәжірибесі білім алушылардың санын біршама арттырды, тіпті университет шеңберінен тыс білім алушыларды да білім ресурстарымен қамтамасыз етті . Қытай да бұл сала бойыша елеулі нәтижелерге қол жеткізді. Шанхай транспорттық үниверситеті батыс өңірге қолдау көрсету мақсатында 2001 жылы онлайн қурстарын іске қосты, біртіндеп 2006 жылы онлайн күрс орталығын құрды. 2010 жылы Шанхай транспорттық университеті онлайн бейне жазба арқылы дәріс беру жобасына белсенді қатысып, 2013 жылы Наньян онлайн күрс мектебін құрды, бұл платформаға 42 үздік деп бағаланған курстар ұсынылды, дәл осы жылы Шанхай транспорттық университеті Coursera платформасымен ынтымақтастық келісімге қол қойып, бүкіл әлемге өзінің үздік күрстарын ұсына бастады. Шанхай транспорттық үниверситеті бірінші болып Coursera платформасына қосылғандықтан, ол Йель университеті және Массачусетс технологиялық университетімен (МІТ) қатар әлемдік деңгейдегі көлемді ашық онлайн күрстар дайындап, білім алушылардың санын барынша арттырды. жоғарғы оқу орындары да осындай сапалы көлемді ашық онлайн курстарға қол жеткізіп, біртіндеп өзіне тән платформаларды қалыптастыра алатынына сенеміз. Бұл, біріншіден, заман талабы; екіншіден, білім ресурстардың қолжетімділігі халыққа білім беруді жалпыластыруға оң ықпал етеді.
|
TEXT
|
kaz
|
25,489
|
Дәстүрлі білім беру жүйесінде оқытушы бетпе бет білім алушыға сабақ береді. Сол себепті кейбір жоғарғы оқу орындары қаржы тапшылығына байланысты шетелдік үздік оқытушыларды шақыра алмай қалады. Ал көлемді ашық онлайн күрстар бұндай мәселелерді түбегейлі шешеді. уиверситеттің шығынын азайтады. Мысалы, университет жалпы пәндерді оқытпай, білім алушыларды онлайн күрс платформаларында жарияланған жалпы пәндермен қамтамасыз етүне болады, есесіне университет мамандықтардың кәсіби дамуына көбірек қаржы мен уақыт бөлеуіне болады. қаласындағы кейбір университтер осындай әдісті қолданды. Білім алушыларды сапалы оқу ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында, университтер бірлесіп Шанхай ЖОО білім беру ресурстарын ортақ пайдалану орталығын құрды. Орталыққа мүше үниверситтер жалпы пәндерді оқытушылардың жүктемесінен алып тастады, білім алушы онлайн күрс платформаларына жазылып оқу жоспарында талап етілген жалпы пәндерді оқыды. Осы ретте айта кету керек, көлемді ашық онлайн курстарының бейнежазбалық ашық сабақтарымен салыстырғанда өзіндік айырмашылығы бар. Онлайн курстар білім беру үрдісін толық қамтамасыз етеді, білім алушыларға тапсырма беріп, талқылау ұйымдастырады, олардың оқу үлгерімін бағалайды, білім алушылар сұрақ қойып дәріс оқушыдан жауап ала алады, ең соңында емтихан тапсырып сертификат алады. Ал бейнежазбалық ашық сабақтар тек интернет сайттарында дәрістің бейне жазбасын жариялайды, білім алушы тек дәріс тыңдайды, оларға тапсырма мен емтихан талап етпейді, сертификатты да бермейді. Қазақстан көлемді ашық онлайн күрсына белсенділік танытса, бір жағынан жоғарғы оқу орын білім алушыларына қалаған пәнін оқуға есік ашып береді, бір жағынан білім ресрустарының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етіп, шығындарын азайтады. Сонымен қатар, білім саласын басқарушылар оқу сапасын үздіксіз қатаң бақылауға алуына, білім саласын басқару қызметінің жүйелігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
|
TEXT
|
kaz
|
25,490
|
Қазіргі уақытта көпшілік университеттің оқытушылары дәріс оқып, білім алушылардың миына құю әдісін қолданады. Ал көлемді ашық онлайн курстарының пайда болуы бұндай оқыту әдісін түбегейлі өзгертері анық, себебі ашық онлайн күрстарының оқыту әдісі білім берудің жаппы заңдылығына көбірек сәйкес келеді, ол оқытушының емес білім алушының қалауына құрмет етеді. Қазақстан да бұндай үрдістен тыс қалмау тиіс. Отандық үниверситеттеріміз көлемді ашық онлайн курстарын тиімді пайдалану арқылы төңкерілген оқыту (flipped classroom) және аралас оқыту (blended learning) сияқты инновациялық білім беру әдістерін дәстүрлі аудиториялық сабағына да қолдануына болады. Төңкерілген оқыту (flipped classroom) әдісі білім беру саласында енді ғана қолданып келе жатқан жаңа инновациялық білім беру әдісі саналады. Бұндай оқыту нсанында, білім алушылар үйде отырып-ақ сабақты онлайн дәрістер тыңдау, электронды кітаптарды оқу, подкаст тыңдау арқылы игере алады, аудиториялық сабақта оқытушы берген тапсырмаларды тақырып шеңберінде бірге талқылайды, осылайша білім алушы тақырыпқа байланысты білімді толықтай өзіне қабылдайды. Бұл оқыту әдісі білім алушылардың оқу белсенділігін арттырады, олардың білімін тереңдете түседі, сонымен қатар оқытушының әрбір білім алушымен жеке жұмыс жасауына кең мүмкіндік жаратып береді. Ал білім алушы өзінің білім қабылдау жағдайына байланысты өз еркі бойынша сабаққа дайындала алады [7]. Аралас окыту (blended learning) әдісі онлайн окыту әдістерін бірге қолдануды меңзейтіндіктен аралас оқыту әдісі деп аталды. Бұндай оқыту тиіділігі мен білім алушылардың оқу белсенділігін арттырып ғана қоймай, сонымен қатар білім берүдегі тепетеңдікті сақтауға жол ашып береді. Бұдан тыс, бірнеше үниверситет бірлесіп білім беру қауымдастығын құруып, қауымдастықтың шеңберінде үздік оқытушы өзінің жақсы білетін пәнін бейне жазба арқылы оқуына болады. Ал білім алушылар онлайн түрде дәрісті тыңдап, аудиториялық сабақта пән оқытушыларымен бірге талқылауына болады. Немесе университет білім алушыларды көлемді ашық онлайн күрстарына жазылуын талап етіп, керекті пәнді онлайн оқып шығуын қадағалауына болады, содан кейін онлайн емтихан немесе үниверситте ұйымдастырылған жеке емтихан олардың білім деңгейін тексеруіне болады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,491
|
Профессорлық-оқытушылар құрамы білім беру сапасының басты кепілі, жоғарғы оқу орнын дамытудың түп негізі саналады. Сондықтан әрбір университет өзінің профессорлық-оқытушылар құрамының сапалығын арттыруға барынша күш салады. көлемді ашық онлайн күрс платформаларымен ынтымақтастық орнататын болса, онда тек ең сапалы профессорлар мен оқытушыларды іріктеп алу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Алдында айтып кеткендей, көлемді ашық онлайн күрсына жүз мыңдаған білім алуышы жазылып бір мезгілде білім ала алады. Осыншама көп білім алушыларды қанағаттандыру үшін тәжірибелі әрі білімді профессорлар мен оқытушылар бірлесіп жұмыс жасауына тұра келеді. Көлемді ашық онлайн курсқа арнайы бір пәнді дайындау үшін, дәріс оқушы өзіне бірнеше оқытушылар мен көмекшілерді шақырып, өзінің арнайы жұмыс тобын құрады. Топ жетекшісі – дәріс оқушы, ол дәрісін бейне жазбаға түсіріп оқиды. Топта бірнеше көмекші оқытушылар курсқа қатысты қалған қажетті шарт-жағдайларды жасайды. Мысалы, біреуі бейне жазбаларды монтаждайды, біреуі дәрістің презенгацияларын дайындайды, енді біреулер талқылау форумы мен оқу ресурстарын басқарады, тағы біреулер берген тапсырмаларды қарап сұрақтарды іріктеп жауап береді, және т.б. Мұндай жұмыс тобы тек сапалы жұмыс пен жауапкершілікті талап етеді, сол себепті топ құрамындағы көмекші оқытушылар осы пәнді жеттік білу керек, онлайн білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін сараптай алу керек, сабақ үрдісін бақылауда ұстай білу керек, сабақ мазмұнына қарай барлық білім алушыларына ортақ оқыту тактикасын қолдана алу керек, форумдағы сұрақтардың көптігіне қарамастан толықтай жауап бере алу керек. Ал осындай курстарды дайындау барысында сапасыз оқытушылар мен профессорлар автоматты түрде іріктелініп шығып қалады. Бұл бір жағынан оқытушыларды мамандардырылған, әртараптандырылған, топпен жұмыс жасауға қабілетті шынайы маман болуына итермелейді [8].
|
TEXT
|
kaz
|
25,492
|
Үлкен деректер ұғымының пайда бола салысымен, білім беру саласындағы мамандар да үлкен деректерге сүйеніп зерттеу жұмыстарын ілгерлетуде. Осындай зерттеулердің бірі, оқу үрдісін басты мазмұн ететін оқу сараптамасы (Learning Analitics) барлық зерттеушілердің қызығушылықтарын тудырып отыр. Себебі көлемді ашық онлайн күрс платформаларында сан алуан білім алушылар бар, курсты оқу барысында білім алушылар платформада әртүрлі зерттеуге тұрарлық деректерді қалдырады. Осы деректерге заманауи технологияларымен сараптама жұмысын жүргізіп, білім алушылардың оқу әдеттері мен заңдылықтарын ашып көрсететін, оқу барысында туындайтын әртүрлі мәселелердің себепшілері туралы көп ақпараттар алуға болады. Осындай зерттеулерге сүйеніп, жоғарғы оқу орындары білім алушыларға пайдалы кеңес беруге болады, оқыту әдістер мен үрдістердің кемшіліктерін толықтап әрі қарай жетілдіруіне болады. Қазақстан көлемді ашық онлайн күрсын тиімді пайдаланатын болса, платформадағы деректерге таудау жасау арқылы оқыту әдісін жақсарта алады, білім алушылардың білім қабылдаудағы осал жерлерін байқап оған шара қолдана алады, білім алушылардың оқу нәтижесіне байланысты оларға лайықты ресурстарды ұсына алады. Осылайша білім сапасын арттырып, дәстүрлі білім беру жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізе алады. Қорытынды. Жоғарыда айтылғанды қортындылайтын болсақ, көлемді ашық онлайн күрстар жоғарғы білім беру саласына айтарлықтай өзгерістер алып келеді: дәрістер аудиториядан біртіндеп интернет желісіне ● алушылардың өзіндік оқу мен өзара талқылау орнына айналмақ; оқытушы мен білім алушының арасындағы қарым-қатынас интерактивті сипатқа көшеді, ● бір-бірімен тіпті жақындай түседі; . сабақ оқу үрдісі уақыт пен кеңістік шектемесіне ұшырамайтын болады, білім алушы өзінің қалған уақытында өз еркі бойынша дәрісті тыңдап тапсырмаларды орындайды. бұл білім алушылардың оқу белсенділігін арттыра түседі; тапсырмаларды орындауда туындаған сұрақтарды білім алушы бірлесіп шешу ● мүмкіндіктеріне ие бола алады, білім алушылардың ара қатынастары да жақындай бастайды; оқытушылардың топтық жұмыс жасау сапасын арттырады, курсты дайындау арқылы ● оқытушылар да білімдерін тереңдетіп, ұйымдастыру қабілеттерін жетілдіреді; жоғарғы оқу орындары шығынды азайтып, білім алушы мен оқытушылардың қажеттіліктерін ● толық қамтамасыз етуге күш сала алады; жоғарғы оқу орындарындағы бағалау жүйесі мен сабақ беру әдістерін түбегейлі өзгертіп, ● инновациялық басқаруға көшетін болады; елде білім беруді жалпыластыру үрдісін әрі қарай дамытып, халықтың білім деңгейін ● жоғарлатуға оң ықпал жасайды; жоғарғы оқу орындарының интернационализациялану үрдісін тездетеді, жоғарғы оқу ● орындар арасындағы халықаралық ынтымақтастықты күшейте түседі [9]. Қазақстанның жарқын болашағы үшін сапалы мамандар даярлауда заманауи әрі үлгілі көлемді ашық онлайн күрстарға көшу дұрыс қадам болады деп санаймыз, алайда, қазіргі таңдағы көлемді ашық онлайн күрстар батыс елдердің ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне байланысты жасалғандықтан бірден олардың тәжірибелерін елімізге көшіріп әкелу дұрыс деп қарамаймыз. Біз өзіміздің қалыптасқан мәдениетімізді толық ескеруміз керек, батыс елдердің озық технологиясы мен бағалы тәжірибелеріне негізделіп, Қазақстандық халыққа арналған көлемді ашық онлайн курстарды дайындауымыз керек. Көлемді ашық онлайн курстарға көшудің алғашқы қадамы ретінде бірден мұндай оқу түріне көшуден гөрі аралас оқыту түрін ұсынамыз, яғни онлайн дәріс тыңдап, аудиториялық сабақта оқытушылармен талқылауды ұйымдастыруға болады. Бұл бір жағынан көлемді ашық онлайн қурстарды білім алушы мен оқытушыға таныстырып, толықтай үйренуге мүмкіндік береді, екінші жағынан, бағалау жүйесін реттеуге, отандық білім беру жүйесіне реформа жасауына мүмкіндік береді.
|
TEXT
|
kaz
|
25,493
|
Сонымен қатар, Грамши ұсынған интеллектуалдар теориясы дейінгі саяси философияда үстем болған классикалық элитистік интеллектуал түсінігінен неліктен және қалай ерекшелінетіндігі, сондай-ақ органикалық және дәстүрлі интеллектуалдар айырымына себеп болған негізгі тұжырымдамалар қарастырылған.
|
TEXT
|
kaz
|
25,494
|
Грамшидің еңбектерінде қолданылатын «gli intellettuali» терминін қазақ тіліне екі түрлі аударуға болады: интеллигенция және интеллектуал. Итальянша түпнұсқасында қолданылған «gli intellettuali» терминнің шынайы мағынасының жоғалмауы үшін бұл мақалада интеллектуал деп аудару жөн көрілді. Себебі, 1950 жылдардың ортасында Кеңес одағында Грамшидің еңбектеріндегі «gli intellettuali» термині орыс тіліне интеллигенция деп аударылып бастаған болатын. Дегенмен, эпистемологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ интеллигенция сөзі түпнұсқада алға тартылған терминнің негізгі мағынасын ашып бере алмайды. Яғни, «интеллигенция» ұғымы адамдардың белгілі бір жүріс-тұрыстары мен мінез-құлықтарын, белгілі бір өмір сүру формаларын және т.б. білдірмейді, керісінше белгілі бір интеллектуалдар жиынтығының нақты әлеуметтік мазмұнын, кешенді этикалық және моральдық мән-мағынасын сипаттайды [2, 36 б.]. Сондықтан, интеллигенция терминін пайдалану негізінен әдіснамалық қателік болып табылады Идеологиялық гегемония және интеллектуалдар. Грамши үшін интеллектуалдың анықтаушы ерекшелігі оның қоғамдағы ұстанымына байланысты. Осыны негізге алатын болсақ, басқарушы топ пен оған қарсы топтың ойлары мен идеяларының дамуында белсенді рөл атқаратын интеллектуалдар тобы бар [3, 10 б.]. Грамшидің пайымдауынша, қоғамның жалпы жағдайы мен құрылымы интеллектуалдарға тікелей әсер етеді және осы өзара әрекеттесу нәтижесінде әлемді интерпретациялау миссиясына ие болған интеллектуалдар белгілі бір қорытындыларға қол жеткізеді. Тек қана өздерінің ойлары арқылы ғана емес, ұйымдасуы және қоғамдық өмірде алған орындарына байланысты интеллектуалдарды айқындаған Грамши интеллектуалдардың негізгі мінденттері ұйымдастыру, бағыт бағдар беру, басқару және оқыту болып табылатынын алға тартады. Осылайша, белгілі бір әлеуметтік топтардың пайдасына идеологиялық гегемонияның басты элементтері болып табылатын консенсус (consencus) пен мәжбүрлеуді (domination) ұйымдастыратын интеллектуалдар әлеуметтік тәртіпті өзгертетін күшке қол жеткізеді [4, 10 б.]. Интеллектуалдар органикалық тұрғыдан тәуелді әлеуметтік топтың ішінен бастау алып қалыптасады. Экономикалық өндірісте орын алатын әрбір әлеуметтік топ тек қана экономикалық алаңда емес, қоғамдық және саяси алаңда да белсенді қызмет атқаратын өзінің интеллектуалдар тобын қалыптастырады. Басқа сөзбен айтқанда, кел-келген қоғамдық-саяси топ экономикалық, саяси және идеологиялық үстемдікке қол жеткізу үшін және осыны сақтап қалу үшін өздерінің органикалық интеллектуалдары арқылы жаңа моральдық құндылықтарды қалыптастыруы қажет. Бұл интеллектуалдар қоғамда белгілі бір пікірді қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар өздері өкілдік ететін қоғамдық топтың мүдделерін қорғайтын гегемониялық жобаларды да дамыта отырып, қоғамдық күштерді белгілі бір мақсатта ұйымдастырады. Бұл контекстте интеллектуалдар тарихи блоктың ортақ сана мен идентификациясын қалыптастыратын пікірлердің және гегемония үшін қажетті консенсустың қамтамасыз етілуі үшін маңызды рөл ойнайды [5, 61 б.]. Грамши интеллектуалдарды басқарушы топтың қоғамдағы гегемониясын және саяси басқарудың төменгі деңгейдегі функцияларын жүзеге асыратын уәкілдер ретінде қарастырады. Осылайша, интеллектуалдар консенсустың қалыптасуында да өте ықпалды болып табылады. Сонымен қатар, басқарушы топқа актив немесе пассив келісім бермегендерге бағытталған мәжбүрлеу технологияларын да жүзеге асырады [6, 224 б.]. Грамши интеллектуалдарды басқарушы топтардың саяси практикалық және теориялық әрекеттерін айқындайтын және осылайша гегемонияның идеологиялық алғышарттарын қалыптастыратын легитимдеуші мамандар ретінде сипаттайды. Сонымен қатар, интеллектуалдар қоғамдық тәртіпке практикалық және технологиялық тұрғыдан өте маңызды үлес қосады. Мысалы, қоғамдық тәртіпте орын алған жағдайларды теорияға айналдырады, саясат қалыптастырады және оның жүзеге асырылуында айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Грамшидің интеллектуал теориясында алға тартқан басқа мәселесі, философиялық ойы бар адамдар және философияға сілтеме бергендердің барлығы интеллектуал болып табылады, дегенмен бұл адамдардың барлығы қоғамда интеллектуалдың функциясын жүзеге асырмайды. Грамшидің пайымдауынша, әр адамның іc-әрекеті, минимум деңгейде болса да, техникалық қабілетті, яғни шығармашылық интеллектуалдық функцияны қажет етеді. Сондықтан, Грамши бұл функцияны, яғни әр адамның өткені мен бүгіні арасындағы синтезді праксис философиясымен түсіндіреді. Праксис адамға қарама-қайшылықтардан құтылудың дұрыс жолын көрсетеді. Грамшидің айтуынша, адамдар айналасын идеологиялық тұрғыдан өте ықпалды қоғамдық жүйелер мен құрылымдар қоршап тұр. Алайда, адамдардың бұдан құтылуы тек қана басқа адамдармен біріге ынтымақтасуы арқылы, яғни материалдық өмірді үнемі қыспаққа алып отыратын құрылымдарды халықтың пайдасына өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Адам тек қана жалғыз субъект ретінде жүйелік әрі құрылымдық шектеулерді бұзып асып түсе алмайды, бірақ субъект ретінде жұдырықтай жұмылған қоғамның ғана материалды өмірді өз пайдасына өзгерту мүмкіндігі бар. Интеллектуалдар да праксис барысында өзінің қоғамдық тәжірибесі нәтижесінде өзгеріске ұшыраған дүние танымдарын халықпен бөлісе алады. Негізінде, интеллектуалдар мен халық арасындағы байланыс өзара қарым-қатынас сипатына ие. Праксис процесі барысында, халық пен интеллектуалдар арасындағы қарым-қатынастарда үзілістердің пайда болуы, жинақталу мен тереңдеудің орын алуы бір мезетте және бірге жүзеге асады. Сондықтан, Грамшидің теориясында халық маңызды рөлге ие және халықтың ортақ сезім арқылы да идеологиялық гегемония қалыптастырылуы әбден мүмкін [1, 152 б.]. Бұл тұрғыдан қарағанда, Грамшидің теориясындағы интеллектуал түсінігі дейін классикалық философия тарихында үстем болған элитистік көзқарастан әлдеқайда ерекшеленеді. Грамшидің «интеллектуалдар» теориясы және оның терминологиялық негіздері. Грамшидің теориясында тұжырымдамалық негізді қалыптастырып отырған бірқатар терминдердің ішінде «интеллектуалдар» теориясы көптеген ғалымдар арасында қызығушылық тудырып отыр. Грамшидің бірегей ғылыми ұстанымы негізінде Итальян интеллектуалдары туралы анализ жасаумен басталады және кейіннен универсалды критикаға айналады. Грамшидің интеллектуалдарды қолға алып анализ жасауының негізгі себебі, сол кезеңде интеллектуалдардың билікте болған үстемдік етуші топтың, нақтырақ айтқанда фашисттік биліктің саяси қыспағында қалуы және мемлекеттік биліктің тарихи және экономикалық алаңдардағы ықпалының кеңеюі болды. Бұл кезеңде, мемлекеттің реттеуші функцияларының артуымен қатар, қоғамдағы жаңа экономикалық және саяси қақтығыстар жаңа мамандарға деген сұраныстың туындауына себеп болды. Осылайша, жаңа интеллектуалдар мен жаңа интеллектуалдық алаңдар пайда болған. Бұл жағдайда, Грамши интеллектуалдырдың автономдылығын ауыр сынға алады. Бұл сын негізінен «еркін және тәуелсіз интеллигенция» деген ұстанымға бағытталған болатын [7, 7 б.]. Грамшидің бұндай ұстанымы абсолютті тәуелсіз интеллектуал түсінігінен қоғамда белгілі бір функцияны жүзеге асыратын маман интеллектуал түсінігіне қарай ілгері жылжуға мүмкіндік берді [8, 117 б.]. Белгілі интеллектуал түсінігінің анықтамасынан бас тартып, аталмыш түсінікті айтарлықтай кең мағынада қарастыруға ұмтылған Грамшидің пайымдауынша, «барлық адамдар интеллектуал, себебі әр адамның ойлау қабілеті бар» дей отыра айтарлықтай жаңа ұстанымды алға тартады [8, 9 б.]. Грамши, өзі өмір сүрген кезеңде айтарлықтай радикалды болған тұжырымдамаларды алға тарта отырып, интеллектуалды қоғамнан әлдеқайда жоғары әрі автономды орналасқан бейне ретінде қарастыратын түсінікті жермен жексен етіп, жаңа категорияны қалыптастырады. еңбек процесінде атқарылған қызметтердің әр қайсысын құнды деп санаған. Басқа сөзбен айтқанда, ақылмен істейтін еңбек және қара күшпен жүзеге асырылатын еңбек арасындағы айырмашылық еңбектің интеллектуалды және интеллектуалды емес деп бөліп қарастыруға негіз болып табылады. Бұл айырмашылық арқылы интеллекуал адамдар интеллекуал емес адамдарға қарағанда айтарлықтай жоғары статусқа орналасып, барлық күш-жігерлерін жұмсай отыра «элитистік» құрылымның қалыптасуында аянбай еңбек етеді. Алайда, Грамшидің үзіндісінен түсінгеніміздей, адамның кез-келген іс-әрекеті интеллектуалды процесті қажет ететіндігін назарға алатын болсақ, қара күшпен жұмыс істейтін адаммен ақылмен жұмыс істейтін адамды бір-бірінен бөліп қарастыру мүлдем мүмкін емес [8, 9 б.]. Дегенмен,«барлық адам интеллектуал, бірақ әр адам қоғамда интеллектуалдың атқаратын функциясын жүзеге асырмайды» деп айтқанда Грамши интеллектуалдың атқаратын функцияларына акцент беруде. Интеллектуал функционалды болуы қажет және тарихи блоктың ішкі ұйымдасуынан бастап, базистен саяси-идеологиялық қондырмаға (орыс. – надстройка, ағыл. – superstructure) дейін созылып жатқан құрылымдардың әр деңгейде белгілі бір функцияларды жүзеге асыруы қажет [8, 98 б.]. Бұл жағдайда, интеллектуал тарихи блоктың әр деңгейінде идеология, білім беру, медиа және экономикалық қатынастарда, ал қондырмада болса бюрократия және мемлекеттік басқаруда атқаратын функциясына қарай позицияларға ие болады. Сондықтан да, Грамши тек қана ақылмен жұмыс істейтіндерді ғана емес, ұйымдасқан және қоғамдық өмірдің барлық қабатында орын алатын адамдарды қамтитын интеллектуал түсінігін алға тартады. Жалпы айтқанда, интеллектуалдың қоғамдағы негізгі функцияны ұйымдастыру, басқару, бағыт-бағдар беру, білім беру деп айқындалады. Осылайша, қоғамдық топтардың пайдасына консенсус мен мәжбүрлеуді ұйымдастыратын интеллектуалдар қоғамдық жүйені өзгерту мүмкіндіктерін уыстарында ұстайды [4, 374 б.]. Грамшидің интерпретациясы барысында кез-келген қара жұмыстың түрі және қарапайым механикалық іс-әрекеттің өзі техникалық шеберлікті және белгілі бір дәрежеде шығармашылық ойлауды қажет ететіндігі айқындалады. Сондықтан, дәл осы тұста жаңа айырымды қарастыру қажеттілігі туындап отыр. Бұл айырым қоғамда белгілі бір функцияны жүзеге асыратын интеллектуал мен қара күш арқылы жұмыс істейтін жұмысшылар арасында орын алып отыр. Қарастырылып отырған айырым негізінде интеллектуалдың зияткерлік қабілетіне емес, қоғамда атқаратын функциясына қарай жасалуда. Бұл тұрғыдан қарапайым жұмысшыны немесе қара күшпен жұмыс істейтін адамды зияткерлік тұрғыдан ақылмен жұмыс істейтін адамнан ерекшелендіретін нәрсе білектің күшімен атқаратын жұмысы емес, белгілі-бір шарттар және қоғамдық қатынастар шеңберінде істеген жұмыстың сапасы мен біліктілігінде болып табылады. Осылайша, кеңейтілген интеллектуал түсінігінің нәтижесінде қара жұмыс істейтін адамдар мен ақылды іске қосып жұмыс істейтін интеллектуал адамдар арасында мәжбүрлі айырым пайда болған. Дәстүрлі интеллектуалдар және органикалық интеллектуадар классификациясы. Грамшидің интеллектуалдар теориясында негізгі элемент болып табылатын интеллектуалдардың классификациясы мәселесіне жақыннан қарау қажеттілігі туындап отыр. Бірінші, кез-келген алдынғы қатардағы топтың немесе таптың жаңа қоғамдық тәртіпті қалыптастыру үшін мәжбүрлі түрде қажет болып табылатын органикалық интеллектуалдар мәселесі. Екіншісі болса, өткен кезеңдерден қалып қойған тарихи, қоғамдық шарттар және дәстүр арқылы қалыптасқан дәстүрлі интеллектуалдар мәселесі [8, 5 б.]. Дәстүрлі интеллектуалдар, өндіріс формалары және өзгеріс процесстерінің нақты көріністері контексінде, алдыңғы тарихи блоктардың ішінен шыққан және ең күрделі, фундаменталды өзгерістерге қарамастан ешбір үзіліске ұшырамаған тарихи сабақтастықты алға тартатын интеллектуалдар қауымдастығы болып табылады. Мысалы, Орта ғасыр Еуропадағы дін адамдары, философтар және ғалымдар. Аталмыш сегменттегі адамдар ұзақ уақыт бойы діни идеология, мектеп, білім беру, әділеттілік, әлеуметтік көмек көрсету сияқты қоғамдық қызметтерді қолдарының уыстарында ұстаған [10, 742 б.]. Грамшидің теориясындағы дәстүрлі интеллектуал түсінігі дейін кеңінен қолданылған классикалық элитистік интеллектуал түсінігіне өте жақын болып табылады. Сондай-ақ, дәстүрлі интеллектуалдар мемлекетпен немесе үстемдік етуші топпен тікелей байланысы болмайды. Ал органикалық интеллектуалдар өндіріс формасындағы өзгерістерге тәуелді болып, топтың жеке қажеттіліктеріне жауап беру мақсатында пайда болған интеллектуалдар тобы. Бұл интеллектуалдардың белгілі бір алаңда мамандануы да негізінен топтың қажеттіліктеріне қарай қалыптасады [8, 6 б.]. Органикалық интеллектуал ескі дәстүрлі интеллектуалдардан әлдеқайда алыстау және оған қарсы белгілі бір қашықтық орната отырып қалыптасады. Жаңа тарихи және әлеуметтік шарттар жаңа саяси, идеологиялық және құқықтық қондырманың қалыптасуына негіз болып табылады және бұл аталмыш мәселемен жақыннан сабақтаса отырып жаңа интеллектуал типінің пайда болуына негіз болып отыр [8, 6 б.]. Бұл шарттарда дәстүрлі деп танылған тарихи блокқа альтернатив ретінде жаңа тарихи блоктың негізгі тобы ретінде органикалық интеллектуалдар пайда болады. Органикалық интеллектуалдар шаруалар, жұмысшылар және қарапайым халықтың арасынан іріктеліп шығып, қарапайым адамдардан тым жоғары иерархияда орын алғаннан гөрі халықтың арасында болғандықтан үнемі халықа жақын болады. Бұл топ органикалық деп сипатталады, себебі қарапайым халықпен идеологиялық ынтымақтастық және практикалық іс-әрекеттерде одақтас болады. Бұл тұрғыдан органикалық интеллектуалдар кәсіпкерлер мен қоғамдық-экономикалық деңгейде ұйымдастырушылармен бірге өркендеп дамиды. Осылайша, қолдау көрсеткен қоғамдық топтың гегемониясын күшейтіп, ықпал ету өрісін кеңейтеді [11, 588 б.]. Қорытындының орнына. Интеллектуалдар теориясының праксис философиясымен байланысы. Грек тілінен бастау алатын праксис термині әрекет ету немесе жасап шығару сияқты іс-әрекеттерді сипаттайды. Праксис терминін ағылшын тіліне аудару барысында көбіне практика термині қолданылады [12, IX б.].Праксис іс-әрекетті, белсенділікті, сонымен қатар адамның өз әлемін қалыптастыратын және өзін басқа болмыстардан ерекшелендіретін әрекетті сипаттайды. Праксис терминінің тарихы Ежелгі грек философиясынан, нақтылап айтатын болсақ, Платон мен Аристотельден бастау алады [13, 245 б.]. Праксис философиясы негізінен теория мен практиканың бірлігіне үлкен мән беру мақсатында пайда болған. Грамши праксис терминін философиялық әрі социологиялық тұрғыдан қарастырған. Критикалық ойлау арқылы Грамши жаңа интеллектуал типологиясын ұсынған. Маркстың «осыған дейін философтар бұл дүниені әртүрлі формада интерпретациялады, негізінде қажет болған нәрсе оны өзгерту еді» деген пікірін негізге алған Грамши үшін философияның және философтың, яғни интеллектуалдың негізгі міндеті жасалған ғылыми жаңалықтарды қайта қайталап беру емес еді. Бұл философияның тек дүниені түсініп, интерпретациялауға жарамды екендігін, ал философия өз бетімен болған жағдайда дүниені өзгертуге қауқарсыз екендігін көрсетіп отыр. Тек саясат дүниені өзгерте алады. Сондықтан, саясатпен бірікпейінше философияның ешбір мағынасы жоқ. Осы тұста философты интеллектуал деп қарастыратын болсақ, философты немесе интеллектуалды адами тұрғыдан физикалық болмыс ретінде шектеп қарастырғаннан гөрі, қоғамдық және мәдени ортамен үнемі өзара байласныста болатын актив тұлға ретінде қарастырған жөн [1, 148 б.]. Дәл осы мәселені негізге ала отырып, интеллектуалдар теориясын праксис философиясымен тығыз байланыстыратын жағдай туындап отыр. Грамшидің интеллектуалдарға жүктеген нақты міндеттердің қандай екендігі «Түрме дәптерлері» атты шығармасында айқындалған. Қоғамда орын алған кез-келген биліктің тіреуіші идеологиялық гегемония болып табылады. Шынайы гегемонияны қалыптастыру үшін орталық пен перефирияда тұратын қарапайым халық арасында консенсуске негізделген бір одақтасу саясаты жүзеге асырылуы қажет. Кез-келген негативті идеологияға бағытталған қарсы күресті мәдени-идеологиялық өлшемдермен жасақталған гегемониямен қамтамасыз ету қажет [1, 443 б.]. Интеллектуалдың аталмыш функцияларды тиімді жүзеге асыруы үшін міндетті түрде саяси партия болуы қажет. Грамшидің теориясында партия дәстүрлі және органикалық интеллектуалдарды бір жерде түйістіретін саяси алаң ретінде сипатталады. Саяси партия органикалық интеллектуалдарды қалыптастыратын және ұйымдастыратын жер. Осылайша, саяси партия қатарында тиісті функцияларын орындайтын адамдар саны көбейеді және әлдеқайда көп адамның саяси қатысуын қамтамасыз етеді. Грамшидің пайымдауынша, нәтижесінде шешім қабылдау өкілеттілігі тек қана «маманданған» интеллектуал элитаның монополиясынан шығады [4, 503 б.]. Интеллектуалдар мен халық арасында өзара байланыс құрылмайынша араларындағы қарым-қатынас бюрократиялық, дөрекі қатынасқа айналады және интеллектуалдардың абсолютті және тәуелсіз «каста» ретінде қалыптасып қалуына негіз болады. Ал егерде, өзара байналыс орныққан жағдайда интеллектуалдар халықтың өкілі ретінде саяси сахнада орын алады. Нәтижесінде, жаңа қоғамдық күш ретінде қалыптасқан жаңа тарихи блок қалыптасады. Интеллектуалды сипаттау барысында Грамши әр адам философ, бірақ бұны түсінгендерді, яғни ойлары мен практикаларын біріктіргендерді және нәтижесінде өздерінің шынайы болмыстарын қайта жаңғыртқандарды шынайы еркіндіктері мен бостандықтарына қол жеткізгендер деп сипаттайды [13, 192 б.]. Осылайша, интеллектуалдылықты санамен бірге оны ұғыну, белсенді болу сияқты ерекшеліктерді алға тарту арқылы адамның шынайы болмысына қатысты ойлар да қарастырылып отыр. Ойы мен практикасын біріктірген және осы арқылы шынайы болмысын қайта жаңғыртқан адам қоғам ішінде жоқ болып кетпейді, керісінше бұл адам өзін және өмір сүретін қоғамын жаңадан жаңғыртуға атсалысады. Универсалды ойлау формасы арқылы Грамши интеллектуал мен адамның адамгершілігі (саяси философия сөздігінде – virtù) арасында байланыс құрады. Мысалы, Грамшидің пайымдауынша ақиқатты айту тек интеллектуалдың ғана міндеті емес немесе тек мәдениетті адамның ғана моральдық міндеті емес. Дұрысы, ақиқатты айту және оны жақтау, қорғау сонымен қатар саяси міндет болып табылады [1, 172 б.].
|
TEXT
|
kaz
|
25,495
|
Мифтік танымға тікелей қатысы бар фольклор кейіпкерлерінің көпшілігіне тән ерекшелік – олардың адамзат нәсілінен өзге саналы тіршілік илерінің қолдауына ие болатындығы немесе солармен қалайда бір байланысқа түсетіндігі. Бұл әлем халықтары фольклорында тұрақты кездесетін мотив. Қазақ фольклорынан нәсілі адамзат емес ғажайып жандармен кездесетін, тағдырлары тоғысатын кейіпкерлер қатарына Төстікті («»), Кендебайды («Керқұла атты Кендебай»), Аңшыбайды («Аңшыбай батыр»), Мамай батырды («Мамай батырдың арманы») мысалға алуға болады. Бұл аталғандар пері қыздарының қырсығына тап болады немесе олармен некелесіп, мақсат-мұраттары орындалатын тірлікке қол жеткізеді. Ал, «Қорқыт ата кітабындағы» (Дрезден нұсқасы) сегізінші жырда пері қызымен оның ықтиярынсыз қосылған қойшы оқиғасы бар. Сол пері қызынан туған Төбекөз адамдарға қасірет әкеледі. Пері қызы мен адамзат нәсілінің арасындағы байланыс жайлы аңыз күні кеше, ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың өнерпазы, ұлт мәдениеті тарихында ерекше орын алатын Ақан сері Қорамсаұлына (1843 – 1913) қатысты айтылады. Небір тамаша әндерді өмірге әкелген Ақан сері елден жырақ кетіп, Қоскөлдің жағасында қос тігіп жатқан кезінде пері қызымен кездескен екен делінеді ол аңызда. адамзат баласынан өзге нәсілді кейіпкерлер қатысатын демонологиялық әңгімелерді *«перілік хикаялар»* деп атаған екен. *«Перілік хикаялар бақсы, албасты, қара, пері, жын, әруақ, жалмауыз кемпір, жезтырнақ және басқаларға қатысты болып келетінін»*, аталған миф кейіпкерлерінің болмысы, адам баласына тигізетін пайдасы мен зияны, олардан сақтану жолдары айтылатынын атап көрсетеді [1, 25-26]. халық прозасының мұндай кейіпкерлер қатысатын түрін *хикая* деп атап-түстейді. Ғалымның тұжырымы бойынша: *«Қазақ халқының әртүрлі мифтік (мифологиялық) мақылұқтар мен құбыжықтар туралы түсінігін барынша айқын бейнелейтін жанр хикая болып табылады»* [2, 101]. Хикая кейіпкерлерінің мифтік танымнан туындағаны анық. Мифтік кейіпкерлер мен сюжеттер осы хикаяларға барынша еркін енген. Алайда, біз *пері, эльф, нимфа, фея, сида* сияқты тіршілік иелері мен адам баласы арасындағы қызықты да ғажайып оқиғаға құрылған мифтік баяндарды толығымен хикаяларға жатқызбаймыз. Бұл баяндар өзіндік ерекшелігімен тұтастай бір жүйе түзетін, мифтік танымға негізделген құрылымымен дара тұрады. Олардың құрылымында ең әуелі мифтік сипат басым. Содан кейін хикаяларға да, әпсаналарға да тән белгілер бар. Мифтік дүниетанымнан туындаған түрлі тіршілік иелерінің ішінде адамзат нәсілімен барынша ұқсас, олармен тағдырын байланыстырып, тіпті некеге тұратындары бар. Көп жағдайда адам баласына ізгі ниетте болатын мұндай кейіпкерлер санатына *пері, эльф, нимфа, фея, сида, кейннар* т.б. мифтік тіршілік иелерін жатқызуға болады. Мұндай мифтік тіршілік иелері кейіннен ертегілердің тұрақты кейіпкерлеріне айналды.
|
TEXT
|
kaz
|
25,496
|
Миф баянына сүйенсек, эльфтер королевасының жүрегін өнерімен жаулап алған – әрі мифтік әрі тарихи қаһарман. ХІІІ ғасырда өмір сүрген тегі шотланд ол «», «Томас-Рифмач» деген атпен аңызға айналған кельт фолькорының кейіпкері. Ақын, әнші, көріпкел, лютняда шебер ойнайтын Томас туралы ХІІІ ғасыр хонологиясында «Эркельдуннан шыққан Томас», сондай-ақ өмір сүрген жылдары 1120-1290 ж. шамасы деп көрсетіледі. Бұл анықтама оның шынайы өмірде болғаны туралы пікірді қуаттай түседі. эльфтер еліне сапары көптеген фольклорлық және әдеби шығармаларға арқау болды [4]. туралы фольклор туындысының бірегейі – **«Томас-Рифмач»** атты баллада. Халық фольклоры санатындағы бұл баллада Томастың өз өнерімен эльфтер патшайымының жүрегін қалай жаулап алғаны оқиғасын арқау еткен. Эльфтер елінің королевасы Томасты өз еліне алып кетеді. Қойылған шарттарды орындап, еліне қайтуға мүмкіндік алған шақта королева сүйікті Томасына көріпкелдік қасиет дарытады. Осы көріпкелдік оның «» атануына себеп болады. Өйткені, Томас айтқан болжамның бірде бірі қате болмайды. миф кейіпкері ретінде атауға себеп болатын да осы эльфтер елінде болуы, эльф королоевасының оған ғашық болғандығы, сол елде жеті жыл тұрып келгені. Балладаға арқау болған бұл сюжет ХҮ ғасырдағы «» («Thomas of Ersseldoune») атты ағылшын рыцарлық романынан кездеседі. Тарихи романның негізін салушы шотланд фольклорын жинап, 1802 жылы «Песни шотландской границы» атты екі томдық жинақ шығарады. Үшінші томын 1803 жылы жариялайды. Ол осы жинаққа енген Томас туралы балладаның қолжазбасын аңызға айналған өлеңшінің туған жері саналатын Эрселдунға жақын жерде тұратын бір әйелден алғанын айтады. Американдық фольклортанушы ғалым, Гарвард университетінің алғашқы профессоры (1825 – 1896) ағылшын және үш жүз бес шотланд балладасын және олардың америкалық нұсқасын жинап, 1182-1898 жылдар аралығында «Ағылшын және шотланд халық балладалары» («Английские и шотландские народные баллады») атты он томдық жинақ шығарған. Бұл он томдық «Чайлд балладалары» деген атпен мәлім болды. Осы жинаққа «» балладасының бес нұсқасы кіргізілген. Томас туралы тағы бір шығарма – (1865 – 1936) « соңғы жыры» атты балладаcы. Томастың эльфтер елінде болғандығы туралы бұл туындыда негізгі сюжетке қосымша айтылады. Шотланд королі Томасқа өлең өнері үшін рыцарлық атақ және жер сыйламақшы болады. өзінің Ғажайып патшалықта болғанын, одан алған сыйына жер бетіндегі еш байлық тең келмейтінін айтады. Және сол жерде тұрып үш ән айтып, корольдің жан-жүрегін ерекше әсерге бөлейді. Бірінші әнін айтқанда король өзінің күнәларын еске алып, барынша өкініп жылайды. Екінші әнін айтып, корольдің жүрегінде жауынгерлік рухты асқақтатады. Ал, үшінші әнін айтқанда корольдің есіне алғашқы махаббаты түсіп, ерекше сезімге бөленеді. Америка жазушысы (1955) «» атты повесіне осы бір аңызға айналған тұлғаны бас қаһарман етіп алады. 1990 жылы жарық көрген бұл повестке 1991 жылы «Мифопоэтикалық сыйлық» берілген. Повестің негізгі сюжеті – Томастың эльфтер еліне барып, королеваның сүйіктісі әрі барды болғандығы. Жазушы бұл фольклорлық сюжетке қосымша сюжеттік желілерді үстеп, фантазия жанрындағы тамаша туындыны дүниеге әкелген. дүниеге келген орыстың фантаст-жазушысы (1968) өзінің «Соңғы сақшы» романында санаттағы мейірімді көріпкел, Шотланд сақшыларының басшысы ретінде көрсетеді. «» деген бүркеншік есім иеленген қос украин жазушы – пен фантазия жанрындағы романдар циклына есімімен кірген кейіпкерге бейнесінің ерекше ықпалы бар екенін әдебиет зерттеушілері атап айтады. Бізге, қазақ тіліне аударылып, «Әлем халықтары ертегілері» жинағына енген «» ертегісі белгілі [5, 349-355]. Томастың ажалды пенделер бара алмайтын эльфтер елінде жеті жыл болуы өнерпаз жанның ерекше тағдырын бейнелейтін мотивтерді еске салады. Әр халықтың таным-түсінігінде бедерленіп, түйсігінде «өмір сүретін» ғажайып мекеннің бірі осы эльфтер елі. Эльфония сипаты түркі жұртының «Жерұйық», «Өтүкен», «Үш қиян», «Сарыарқа», «Жиделі-Байсын» сияқты қоныстарымен ұқсас келетініне біз бұдан бұрын назар аударғанбыз [6, 37-38]. Тылсым кеңістіктегі тіршілік иелерімен байланыс мифтік санаға тән «жұмақ дәуіріне» оралуды аңсауды, ерекше қалыптағы тұрмысты, ырысы төгілмеген, құты қашпаған ерекше «ортаны» тұспалдауымен маңызды. атап көрсеткендей, бір назар аударатын жайт – адамзат нәсілінен өзге тылсым тіршілік иелерімен кездесетін адамның қолында бір музыка аспабы болатындығы және олармен елсізде: орман ішінде, су жағасында, тау ішінде кездесетіндігі. Томастың лютнясынан төгілген ерекше әуен эльф королоевасының сезімін оятса, болгар мифінің кейіпкері – Таң сұлуын қарапайым бақташы сыбызғы әуеніне арбап, қолына түсіреді. Ертегі фабуласы: *Тау бөктеріндегі тоғай ішіндегі алаңқайда сыбызғының сырлы сазына таң сұлуларын билеткен жігіт қарт бақташыдан оларды қолға түсірудің амалын сұрайды. Үш сұлудың кенжесінің ерекше сұлулығы есінен тандырған жігіт қарттың ақылы бойынша, басындағы гүлтәжін тартып алып, оны өзіне жар болуға көндіреді. Алайда, күндердің бір күнінде гүлтәжі мен көйлегін қолына түсірген Таң сұлуы өзінің Тылсымды мекеніне ұшып кетеді. мекенді іздеп, сапарға шығады. атаулының әміршісі атанған ақсақалды қарияның көмегімен Тылсымды мекенге бүркітке мініп, ұшып келеді. Сөйтіп, оны еліне алып қайтады. Болгарлар осы екі ғашықтың – бақташы жігіт пен ғажайып Таң сұлуының некесінен тарайды екен* [7, 396-503]*.* Пері тектес тіршілік иесі ретінде Таң сұлуы адамзатпен некеге тұрған көп перизаттардың бірі ғана. Мұндай мотивтердің қатарында ЖаҺан сұлуы (Әлем сұлуы) деп аталатын кейіпкерлермен кездесіп, некелесу оқиғасы да бар. Албан халық ертегісінде Хрусталь тауына тап болып, одан әлі үш жүз ешкісі бар соқыр шалға кездесетін жас бала пері қызын сыбызғы әуенімен арбап қолына түсіріп, одан шалдың көзін қайтарып алады. Шалдың ашуға болмайтын он екінші бөлмесін ашып, сол жерден Жаһан сұлуларын көреді де, кенжесін қолға түсіреді. Шалдың батасын алып, онымен некеге тұрады [8, 373-380]. Адам кейпінде адамзат еліне келетін мифтік тіршілік иелері тек сұлу қыз емес, патшазада жігіт болуы да мүмкін. Оған мысал – Германияда шамамен ХІІ–ХІІІ ғасырлардан айтылатын аққулар әміршісі Лоэнгрин туралы ертегі. Эльфтер еліне баратын есімі тарихи тұлғамен байланыстырылса, Лоэнгринге қатысты олай деп айта алмаймыз. Кейбір нұсқалар бойынша, аққулар патшасы туралы миф бірге туған жеті ағайындының аққуға айналып кету оқиғасынан бастау алады. Алман жұртының нұсқасында аққу патшасының есімі – Лоэнгринг, Нидерландияның тарихи аймағы – Брабант герцогтігі нұсқасында *Элиас* делінеді. Аққулар әміршісі туралы ертеректегі «*Элиокс*», одан кейінгі ғасырларға тән «Беартиса» поэмаларында суреттеледі. Бұл екі туындыға жалпылама «Аққулар әміршісінің дүниеге келуі» деген ат берілген. Аққулар әміршісі туралы айтылатын оқиға фабуласы:
|
TEXT
|
kaz
|
25,497
|
Аққулар патшасы туралы жоғарыда аталған екі поэманы орыс әдебиеттанушысы (1929-2009) «Француз қаһармандық эпосы. Поэтика және стилистика мәселелері» атты еңбегінде қарастырған [9, 260-261, 300,334,346]. Лоэнгрин мифі туралы 1890-1907 жылдар аралығында 82, қосымша 4 томы жарық көрген Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздігінің 82-томында айтылады. Бұл энциклопедиялық сөздік Петербургте шыққаны, кейіннен бірнеше мәрте қайта жарияланып, жұртшылыққа ұсынылғаны белгілі [10]. Миф оқиғасы бойынша, Лоэнгрин адамзат еліне, оның ішінде Брабант жеріне қайтыс болған қарт герцогтің қызы Эльзаны қорғау үшін келеді. өзенінің жағасындағы Анвер қамалында тұрады. Брабант герцогтігіндегі батырлардың ішіндегі ең жаужүрегі Тельрамунд еді. Кәрі герцогтің тірі күнінде Эльзны жар етпекші болған батырлар көп еді. Тельрамунд та солардың бірі болатын. Алайда, Эльза менмен, дөрекі Тельрамундты мүлде ұнатпайды. Әкесі дүниеден өткен соң да үміткер күйеу жігіттер Эльзаға ұсыныстарын тағы жасайды. марқұм болған қарт герцогтың көзі тірісінде Эльзаны өзіне бермек болып уәде еткенін, екеуінің ортасында жасырын келісім болғанын айтады және сөзінің ақиқаттығына қылышымен ант етеді. Эльза болса, ондай келісімнің болмағанын, әкесі ешкімге уәде бермегенін, тек қызының өзі сүйген жанмен бірге болуын қалағанын айтады. Бұл әңгімені рыцарлар мен барондар дерлік естиді. Кімге сенерлерін білмейді. Өйткені, қылыш – қасиетті, онымен ант беру жалған болмау керек. Эльза да жалған айтпайды. Ақыры бұлар король келіп, мына мәселені шешуді сұрайды. Сонда король әділ төрелік ағашы атанған кәрі еменнің түбіндегі алаңқайда кездесуді белгілеп, бұл таласты шайқас шешетінін айтады. өз намысын қорғап, қылышымен шықпақ, ал, Эльза үшін біреу шығуы керек. Эльза өзіне көңіл білдірген барондар мен рыцарлардан көмек сұрағанымен олардың бәрі Тельрамундқа қарсы шығудан бас тартады. Түні бойы Жаратушыдан көмек сұрап жалбарынып, көз жасын төккен Эльза таң ата Шельда өзенінің жағасына келеді. Кенет ол аққу жегілген қайықты көреді. Қайық ішінде тұрған сауытпен құрсанған рыцарь оған күле қарап, қол бұлғап амандасады. Қайық тоқтайды да, жас батыр жағаға шығады. Эльзаға оның намысын қорғау үшін жекпе-жекке шығуға дайын екенін айтады. Белгісіз батыр шайқаста Тельрамундты жеңеді. Тамағына қылыш тақалғанда, Тельрамунд өзінің өтірік айтқанын, жалған ант бергенін мойындайды. герцогтіктен аластауды бұйырады, Эльзаға белгісіз батырға тұрмысқа шығуы керектігін айтады да, батырдан есімін сұрайды. Сонда батыр өзінің белгілі тектен шыққанын, атын айта алмайтынын баян етіп, Аққулар әміршісі деп атауын өтінеді. мен белгісіз батыр некелеседі. Белгісіз батыр Эльзадан өз атын сұрамау туралы ант алады. Күндердің күнінде олар ұлды болады. Эльзаны құттықтауға келген ақсүйек әйелдердің ішінде Тельрамундтың әйелі Урсула да бар еді. күйеуінің аты, тегі кім екенін қалайда білуге, сөйтіп антын бұзуға итермелейді. Элбза батырдан есімін, тегін сұрайды. Батыр айтпайды. Эльза болса күйеуінің өзінен қандай сырды жасырып жүргенін білгісі келеді. Қайталап сұрай берген соң Аққулар әміршісі: «*Жақсы, мен атымды айтамын, сосын екеуіміз екі айрыламыз. Өйткені сен антты бұздың, сөзіңде тұрмадың*», – дейді. Эльза жылап-еңіреп, аяғына жығылып, айтпай-ақ қоюын өтінгенімен, бәрі кеш еді. Ертеңінде таң ата олар Шельда өзенінің жағасына келеді. Бұл жерге жергілікті тұрғындар, барлық рыцарлар мен барондар, тіпті король де келген екен. Өзенде аққу жегілген қайық күтіп тұр. Батыр қайыққа мініп, жиналған жұртшылыққа өзінің аты Лоэнгрин, қасиетті Грааль рыцарларының бірі – Парцифальдің ұлы екенін, үнемі жазықсыз жәбірленушілерге көмекке келетіндерін, адамзат нәсілінен қызды ұнатып қалса, өзінің аты мен тегін сұрамау шартымен адамдар арасында қалуға болатынын, егер, бұл шарт бұзылса, туыстарына оралып, қайтадан Грааль рыцарына айналатынын айтады. Ол ұлын құшақтап, бауырына басып, оған өз атын беруді және қалқаны мен қылышын қалдыратынын ескертеді. Бұл қарулар баласын қанды шайқастардан аман алып шығады дейді. Қанатын қаққан аққу қайыққа мінген батырды алып, көзден ғайып болады. Жағада тұрған Эльза қайғыдан құлап түседі [11]. Аққу жайлы мотивтердің көбі мистикалық, ғажайыптық сипатымен ерекшеленеді. жаңғырта жырлаған *«Салтан патша, оның асқан батыр ұлы Гвидон және аққу ханшайым туралы ертегісінде»* бас қаһарманға көмектесетін аққу кейпіндегі сұлу қыз бар. даңқының артуына, салтанатты патшалық құруына көмегін тигізеді, соңында өзі оған жар болады. Тағы бір мысал: «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде батыр пенделер еліне аққу болып ұшып келген пері қыздарының біреуінің кебісін алып қалады, кейіннен пері патшасы осы кенже қызын Кендебайға береді [12, 39-40; 44]. Ал, «Аңшыбай батыр» атты көне эпоста елсізде жүрген батырға аққу кейпінде келген пері қыздары онымен некелеседі [13, 11]. Бұл баяндар аққудың әлем халықтары мәдени-танымдық жадында тылсым сырға толы киелі құс ретінде сақталып, ерекше орын алатынын көрсетеді.
|
TEXT
|
kaz
|
25,498
|
Аққулар әміршісі Лоэнгрин жайлы сөзге қайта оралсақ, белгілі неміс композиторы, дирижер әрі өнер теоретигі (1813-1883) аққулар әміршісі туралы сюжетті арқау еткен, үш актіден тұратын «Лоэнгрин» либереттосын және операсын дүниеге әкелді. Либеретто 1845 жылы жазылып, музыкасы 1846-48 жылдары туғаны бізге әлем мәдениеті тарихынан белгілі. Лоэнгриннің әкесі тостағы (кейіннен, христиандық дәуірде бұл мотив байланыстырылады) туралы миф баянынан таныс есім. Ол – Артур корольдің рыцарларының бірі. король туралы мифтік сюжеттер циклында молшылықтың, ырыстың, мәңгіліктің символы болған Өмір тостағын (қасиетті ыдысты) іздеу туралы желі маңызды орын алады. Өмір тостағы – алтын ғасырдың оралуына кепілдік беретін атрибут. Пенде баласын өз әміршісі еткен аққулар әлемі мифтік «үш әлемнің» байланысына нұсқайтын символ. Адамдар арасынан зәбір көрген жанның аққулар арасына барып тұрақтауы зұлымдық пен ізгілік шайқасының бір «ізі», ізгіліктің өлмейтіндігінің ишарасы. Өткеннің және келер шақтың королі саналатын Артур мифіне туралы желілер де қатысты. Томас сапар шегетін феялар мен эльфтер елі ретінде аталатын Аваллон аралында Артур мәңгілікке тұрақтаған делінеді. Эльфтермен бірге аталатын феялар, тылсым сырлы нимфалар және қасиетті сидалар – адам баласынан өзге нәсілді, алайда, адамзат әлемімен тығыз байланысты миф кейіпкерлері. Феялар – кельт және герман мифологиясында ғажайып қабілетке ие, тылсым сырлы тіршілік иелері. Аваллон аралына иелік ететін Моргана бастаған феялар (үр қыздары) туралы миф барынша кеңінен тараған. Олардың ерекше қасиеттерінің бірі – емшілік. Феялар ауыр жараланған адамдарды емдеп жазады, кейде оларға ерекше қасиет дарытады. Нимфалар – грек мифологиясында табиғаттың күші мен құбылыстарын бейнелейтін қыз кейпіндегі тіршілік иелері. Нимфа – грек тілінен аударғанда қыз, қалыңдық деген ұғымды білдіреді. Олар орманды, үңгірлерді, бұлақ басын мекендейді. Сидалар – ғажайып елдің тұрғындары, кейбір нұсқаларда бұлардың шығу тегі Туата де Даннан құдаймен байланыстырылады. Сұлулығы көргендерді есінен тандыратын сидалар адамзат нәсілі мен өзге нәсілді тіршілік иелерінің байланысы туралы мотивтерде ерекше айтылады. Сидалар туралы кельт мифтері әлем халықтарфы фольклорына кеңінен таралған. Олар көп жағдайда адам баласының бір мақсатқа қол жеткізуіне, кедергілерді жеңіп, қиыншылықтарды еңсеруіне жәрдем етеді. Адамзат әлемі мен перілер дүниесін байланыстырушы ұнамды кейіпкерлер мифтік санадан поэтикалық ойлау кеңістігіне көшіп, адамзаттық мұраттардың орындалуын «көркемдік тұрғыда» бейнелеп келеді.
|
TEXT
|
kaz
|
25,499
|
1996 жылы Шанхайда өткен бес мемлекет - Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан мемлекет басшыларының кездесуінде Шекара ауданында әскери саладағы сенімді нығайту туралы келісімге қол қойылып, осы келісімнің негізінде «Шанхай бестігі» ретінде белгілі саяси бірлестік пайда болған болатын. Бірлестіктің басты мақсаты аталған мемлекеттердің шекарасы бойындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету болды. Осы саладағы табысты ынтымақтастық «бестік» елдеріне трансшекаралық ынтымақтастық шеңберінен шығуға мүмкіндік берді. 2000 жылы «Шанхай бестігі» «Шанхай форумы» болып өзгертілді, саммитке бақылаушы ретінде қатысты. 2001 жылы Өзбекстан «бестікке» қосылғаннан кейін, осы мемлекеттердің басшылары 2001 жылдың 15 маусымында Шанхай ынтымақтастық ұйымын (ары қарай – ШЫҰ) құру туралы Декларацияға [1] қол қойды. Ал 2002 жылы 7 маусымда ұйымның Хартиясы [2] қабылданды. Қазіргі таңда ұйымға 8 мемлекет мүше, олар: Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Үндістан. 2021-жылдың 16-17 қыркүйек күндері Душанбеде (Тәжікстан) өткен ШЫҰ Саммитінде бұған дейін бақылаушы-мемлекет мәртебесінде болған ұйымға 9-мүше ретінде қабылдау процедурасы басталды [3]. Иран ұйымға мүшелікке өтсе, 3 мемлекет, яғни Ауғанстан, Беларусь пен Моңғолия ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекет мәртебесіне ие боп қалады. Сонымен бірге, ШЫҰ сұқбат бойынша әріптесі саналатын мемлекеттер бар, олар: Әзербайжан, Армения, Камбоджа, Непал, Түркия және Шри-Ланка. Душанбе саммитінде бұл мемлекеттердің қатары көбейіп, Египет, Катар және қосылды [3]. «ШЫҰ жанындағы сұқбат бойынша әріптестің мәртебесі туралы» ережеге [4] сәйкес, сұқбат бойынша әріптес мәртебесі ШЫҰ мақсаттары мен қағидаттарын бөлісетін және ұйыммен тең өзара тиімді әріптестік қатынастарын орнатқысы келетін мемлекетке немесе ұйымға беріледі. ШЫҰ-на Пәкістан мен Үндістан және Иранның мүше болуы, ұйыммен ынтымақтастық (бақылаушы немесе әріптес ретінде) орнатқысы келетін мемлекеттер санының артуы ұйымның географиялық аясы кеңейіп қана қоймай, халықаралық аренада атқарар рөлі өзгеріп келе жатқанын көрсетеді. Дегенмен, халықаралық ұйымға тән көптеген белгілері болғанына қарамастан, ШЫҰның құқықтық мәртебесіне қатысты ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер бар екенін көреміз. Ұйымның құқықтық мәртебесі мен қызметі туралы сөз қозғағанда кейбір ғалымдар оны халықаралық үкіметаралық ұйым ретінде қарастырса, енді біреулері халықаралық немесе аймақтық интеграциялық бірлестік ретінде қарастырады.
|
TEXT
|
kaz
|
25,500
|
Өзінің құрылтай құжаты болып саналатын актісі Хартияда құқықтық мәртебесі нақты анықталмауы және сол арқылы зерттеушілер арасында әр түрлі пікір туғызуы ұйымның дамуы мен болашағына, қызметінің бағыттарына әсер етері сөзсіз. Өйткені, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктердің өзара ұқсас тұстары көп болғанымен, құқықтық мәртебесі мен қызметі жағынан екі түрлі субъектілер. ынтымақтастық ұйымының құқықтық мәртебесі туралы әртүрлі ғылыми пікірлерді саралау, өзіндік қорытындыға келе отырып, аталған ұйымның халықаралық ұйым екенін дәлелдеу мақаланың мақсаты болады.
|
TEXT
|
kaz
|
Subsets and Splits
Kazakh Alphabetic Frequency Analysis
Calculates the frequency and percentage of each Cyrillic letter in the dataset, revealing patterns in text composition.